Мырзаханұлы Н. Алты хат – зерделі парасат/ Н. Мырзаханұлы// Орталық Қазақстан. 2005. 25 тамыз



жүктеу 74.85 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі74.85 Kb.
: download -> DBases -> E A Buketov -> Files
Files -> Қирабаев, С. Қабыкенім менің [Текст] / С. Қирабаев // Орталық Қазақстан. 2009. 17 наурыз
Files -> Куандыкова Д.Қ. Е. А. Букетов прозасындағы бейне жасау шеберлігі/Д.Қ. Қуандықова //Қазақст. Респ. Ұлттық Ғылым акад хабарлары, Тіл, Әдебиет сер.=Известия нан рк сер филолог. – 2006. №5. – 16-19 б
Files -> Әнуар тарақОВ, филология ғылымдарының докторы
Files -> Зейтінова М
Files -> Уәлихан Ш. А. Ы. Қайран, менің асыл ағаларым-ай!/Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан//Егемен Қазақстан. 2004. 25 тамыз (№217-220)
Files -> Сәулебектегі, А. Біз білетін Бөкетовтің біз білмейтін қырлары / А. Сәуле-бектегі // Жас Алаш. 2005. 19 наурыз (№32-33)
Files -> Акылбаев Ж. С
Files -> Құлақ түрді тым ауыр сұрақ кірді
Files -> Асанұлы Қ. Е. А. Букетов публицистикасындағы ой мен тіл үйлесімі / Қ. Асанұлы // Ақиқат. – 2002.– №1. – 91-94 б
Files -> Жойқынбектегі, Қ. Айнымас серік / Қ. Жойқынбектегі // Орталық Қазақстан. 2014. 5 шілде
Мырзаханұлы Н.

Алты хат – зерделі парасат/ Н. Мырзаханұлы// Орталық Қазақстан.-2005.- 25 тамыз.
Биікте едің

Ала алмас қанат тыным,

Мерт болдың-ау таптырмай тағат шыңын,

Бүгін қайта көтерді есіміңді

Сезіп заман өзінің ағаттығын. К.Салықов
Мен алғаш рет Ебіней Арыстанұлы Бөкетов әлемімен 1976 жылдың ақпан айында таныстым. Оған себеп - ағаның сол жылы Алматыда «Жазушы» баспасынан Жарық көрген «Ат қомында туған адам» атты еңбегі. Кітапты бір сәтте (бір түнде) тәмамдап, бұрын соңды сараланбаған сезімімді тапқандай болып, қайта-қайта оқыдым. Бұл мен аспирантураны тәмамдап, кандидаттық диссертация қорғап, мұғалімдік ізге түскен кезім болатын. Көңіл тоқ, болашақ бұлдырлау сәт болатын. Өрекпіген кеуденің болымсыз қуанышы мен желігі «жынын алған бақсыдай» басылып, осыған дейін ашқан «жаңалықтарымның» әуегейлікке жақын, ал өз ойымнан еліктеушілік пен әсіреліктің нышандарының басым екендігін аңғардым. Осы түйсік мені Ебіней Арыстанұлының өмір жолын білуге - ғылымға, ұстаздыққа келу арналарын саралауға жетеледі. Мен оның Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Шалкиіз ауданының Бағанаты ауылында дүниеге келгендігін, жастайынан өмір мектептерінің ауыр да зиялы баспалдақтарынан өткенін, ата-ана, ауыл-аймақ, замандастарының бойындағы адамгершілік, еңбекқорлық, намысқойлық, адалдық, азаматтық қасиеттерді бойына терең сіңіре білгендігін аңғардым. Оның 1978 жылы «Простор» журналының №8 және 9 нөмерлерінде жарияланған «Время светлой судьбы» еңбегінде жоғарыда аталған бастаулардың адами құпиясы баяндалғанын зерделедім. Ебіней Арыстанұлы менің санам мен болмысымда тәлім-тәрбие мен ғылымды ұштастырған абызға айналды. Мұндай жаратылыстағы адамдарды Абай атамыз хакім деп бағалайды. Иә, Ебіней Арыстанұлы өз ұлтына, барша адамзатқа тек ғылыми және әдеби мұраларымен ғана емес, парасат мунарасы, хакім дәрежесінде танылған тұлға.

Кейде адам тағдырының талайы кездейсоқ оқиғалардан да бастау алады. Өмір өткелдері ертегіге бергісіз қисынды сәттерді жолықтырады адам баласына. Осындай шуақты күндерді мен 1978 жылдың жаз айында Қарқаралы төңірегіндегі Қарағанды мемлекеттік университетінің «Тасбұлақ» демалыс үйінің ауласында кезіктірдім. Оған себеп осында аталмыш университеттің ректоры аз уақытқа демалысқа келіпті деген ақпар еді. Бір көру арманым болған тұлғаға сәті түссе сәлем беріп, көрсем-ау деген ниетпен демалыс үйіне келсем, ЕбінейАрыстанұлы қасында 2-3 студент, орта жасқа келген мұғалімімен серуен құрып келе жатыр екен. Бұрын көрмесем де, бейнесінен жазбай танып, екі қолымды ұсына сәлем бердім. Танымадық-ау, батыр, кімсің, қайдансың? - деген сұраулардан соң: «Жақсы, жақсы, биология ғылымы Қазақстанда кенже ғылымдарға жатады, ұлттық ғылыми мектептер аз, талаптан, докторлық жұмысқа және түбегейлі жұмысқа ниет қой» деген тілеулестік айтты. «Ей, сен өзің мен сияқты үйдей екенсің. Ал әдебиетке, өнерге қалайсың?» -деген сауал қойды. Мен өнер мен әдебиетті жақсы көретінімді, бірақ облыстық газетке басылған бірді-екілі мақаладан басқа жазбамның жоқ екенін айттым. Аға маған: «Ғылым мен өнер егіз, Абай елінде жүріп, Абайды жатқа білмеу білімділікке жатпайды», -деді. Дәмге шақырды. Мен болымсыз сылтау айтып, кетуге рұқсат сұрадым. Сол кездегі ауыл баласының төменшектігіне осы уақытқа дейін қатты өкінемін. Не шара? Алайда, Ебіней Арыстанұлының ғылыми һәм әдеби өрісімен сырттай танысу, оның өзімен сәт қағым уақыт кездесу менің жадымда өшпестей із қалдырды, үлкен ізденістерге бастады және һәм жебеушідей болғаны хақ. Ұстаз. Көбінекей бұл ұғым тікелей дәріс берген адамдарға байланысты айтылады. Әлбетте, оның ауқымының кең екендігі ақиқат. Бұған әлемге белгілі бірінші ұстаз атанған Аристотель, екінші ұстаз атанған бабамыз Әл-Фараби есімдері куә. Меніңше, Ебіней Арыстанұлының саналы өмірі де болашақ ұрпаққа «болмасаң да ұқсап бақ» қағидасын ту етуді үйретуден жалықпаған тәлімгер мектебі. Бұл ойымызды Ағаның өз сөзі дәлелдейді. Ол:«...Шәкіртсіз ұстаз тұл дегендей, еккен жемістерімнің бір дәмі болса да халыққа тиімді өнім берсе, мен өзімді бақытты адам деп санаған болар едім», - дейді. Тағы да: «...40-45-тен асқан соң адамның алғырлығы азаяды екен. Алғырлығы жастардың қолында қалады екен. Жаңалықты бойына тарта білу деген ол жастыққа байланысты екен. Қырық пен елудің маңайына келгенде адам бойындағы дарынын беріп, өзінің тәжірибесін жұртқа таратып отырса, ол да бір үлкен ғанибет сияқты», - деп тұжырымдайды. Бұдан артық мәрттік лен тәлімгерлік парасатты, болашақ үшін қамқорлықты пайымдау ілу де бір тұлғаның қолынан ғана келетін қасиет болса керек. Ебіней Арыстанұлының бойындағы осы қасиеттер жалаң ойдың ғана емес, оның бүкіл болмыс-тіршілігінің шынайы тәжірибесі екендігін мойындау шарт. Мұны біз Ағаның 1996 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Алты хат» повесінен анық аңғарамыз. Бұл еңбектен ғалым өмірінің шыншылдық келбеті ғана емес, бұл оның замандастарына, болашақ ұрпақтарға қалдырған өсиеті, зерлі парасаты іспетті ағынан жарылу.

Адам деген асқаралы ұғымның екі бастамадан - биологиялық және әлеуметтік - тұратындығы ақиқат. Адам табиғатындағы биологиялық нышандардың барлық тіршілік иелеріне ортақ екендігі мойындалса, ал оның адамилық, әлеуметтік келбеті күнделікті қажырлы еңбек пен салиқалы тәрбиені қажет ететіндігі белгілі. Бұл тұрғыдан алғанда, адамгершілік баспалдақтары - тарихи категория. Ол өткен мен бүгінгіні, бүгінгіні мен болашақты ұштастыра баптауды қажет етеді. Осыны терең түсінген Ебіней Арыстанұлы ғылымда, өнер мен әдебиетте ұлттық сананы биіктетудің, оған қоғамның барша мүшелерінің ұлес қосуының қажет екендігін ескертеді. Бұл қағида заманымыздағы ізденістеріміздің көпшілігінің бүкіл халықтық, бүкіл ұлттық сипат алғанда ғана келелі болатындығының кепілі. Кез-келген әрекет, мақсат өмір тіршілігін жақсартуға, халқына тікелей игілік әкелуге міндетті деп ой түйеді ғалым. Біз бұдан заңғар тұлғаның сонау тоқсаныншы жылдарда қазір өзіміз басшылыққа алып, мемлекеттік саясат деңгейіне көтеріп жүрген инновациялық-инвестициялық даму, кластерлік технологиялар аталып жүрген істердің бастамасы екендігі таң қалдырады. Ғалымның көргендік тереңінің тарихи, әрі жаңашылдығына тәнті етеді.



Повестегі тағы бір оқшау ой терең, әлбетте көп сараланбаған «Кім болам?»философиясы. Ебіней Арыстанұлы: «Менің оқуыма әкемнің көзқарасы қызық еді. Біздің тұқымда менен бұрын бірде-бір хат танитын адам болмаған. Ал әкем қолына өмірі кітап ұстап кермесе де, мақал-мәтелдерді, қиссаларды, ақындардың өлеңін көп білетін. Мысалы, оқу мен білімнің керектігін, оқыған адамның алды жарық екендігін дәлелдеу үшін талай ғұламалар мен білгіштердің сөздерін іркілмей айтып беретін», - дейді. Біз бұған ғалымның танымдық жолдың өзіңді, ата-ана, ауылыңды, ұлтыңды танудан басталатынын аңғартатынын байқаймыз. Тіпті оның қалжың-әжуа қылып айтқан «Менің маймылдан бергі атам әуелі питекантроп болған екен. Одан кейін менен санағанда он алтыншы буында Дәулетей деген мықты батыр бар. Осы Дәулетейдің ерлігінің, тапқырлығының, қайратымың арқасында, мен дүниеге келіп отырмын» деп сайқымазақтануының түпкі төркінінде текті болу үшін бабалар қанының қызуы мен ықыласына бөленудің мәнінің ерекше екендігіне назар аударудан болса керек. Мен кіммін, бұл фәниге не үшін келдім, не істер атқаруым керек, қалайша адам деген асқаралы ұғымның үрдісімен шығам деген толғаныс барша жас адамдарды мазалауы шарт екендігін көлденең тартады. Мәселе кім болуда емес, еліне - жұртына, қала берді әлемдік өркениетке не беремін, не қосамын, дүние кірпішінің қай кетігіне қалай қаланамын философиясына мұғзар болуды ескертеді. Кім, кім болғанда да Үлкен Кім болуда ана шуағының құрсақтан кәмелетке дейінгі демеуінің ерекше екендігін аса зор ілтипатпен және өте нәзік баян етеді. Ол атылмыш повесте анасының әрі қарай оқығанын дұрыс деген ойын баяндай келе, «Маған осы сөздерді айтып отырған бұрынғы жеңге тұтып жүрген Ұмсын емес, кәдімгі анам екенін ұқтым. Мені тоғыз ай бойы құрсағында сақтап, ақ сүтімен емізіп, асырап күткенін маған бір де бір айтып көрген жоқты, бірақ бұл жолы осының бәрін төтелеп айтпаса да, сөзінің нақышымен, пайдалылығымен сөздірді» деп еске алады. Кітаптың әке еліміне байланысты беттерінде «Менің анам күйкі, отбасында бажылдақ Ұмсын жеңгей емес екенін, қиыншылық болса абдырамай, босамай, дегбірсізденбей қарсы алатын ер әйел екенін осыдан білдім» десе, сәл төменгі жолдарда «Анамның қалжың сөзге бір басып қалмасы бар екенін жақсы білетінмін... Анамның ойындағысын ұйқастырып өлең етіп айта білетін шеберлігі барлығын, әкем қайтыс болып, қаралы күндер туғанда бір-ақ білдім. Айғай-ұйғайға салмай, ақырын ұйқаспен сөйлеп, осылай отыруының өзі қасиеті мен ұайымы терең жатқаннан екенін кейін сездім» деп ағынан жарылады. Ал «Асыл аға» атты естелігінде Қамзабай аға «екеуі қатар отырып алып, жан дүниесін ақтара сырласып, әзілдесіп отыратын, қалжыңдауға олар шебер болатын. Шешеймен, мен бұрынырақ айтқандай, ол тең дәрежеде сөйлесе алатын, бірақ өзара қарым-қатынаста оның өзіне ғана белгілі бір шекарадан аттап өткен емес» деп еске алады. Ебіней Арыстанұлы туралы жазылған көптеген лебіздер мен пікірлерді оқығанда ана шуағының ағамыздың төл пәлсафасы мен шынайы талантының бастамасы болған-дығына көзіміз жететінін байқай-мыз. Алып анадан деген ғажай-ып ой түйінініңтағы да бір айқын-далғанын аңғарамыз.

Ебіней Арстанулы қаншалық-ты ултжанды болса, сонцшлықты ұлтаралық сүйіспеншіліктің лөз-затына бөленген адам. Бұған дәлел ретінде ғалымның бұры-нғы Совет Одағының құрамын-дағы барлығына дерлік Респуб-ликалардың ғылым, енер мөн әдебиет алыптарымен араласып, сол арқылы букіл адамзатқа ор-тақ проблемаларды шешугө ат салысқандығын айтуға болады. Ең ғажабы ұлтының тел ғылы- і мын, төл әдебиеті мен өнерінің парасаттылық деңгейін биікте-тудегі ерлікке бергісіз еңбектері кез-келген көзі ашық оқырманды тәнтіетеді.



Бұл қасиеттер ғалымның шынайы болмысының қалыпты формуласына айналған және оны баршамызға үлгі етіп ұсынады. Ебіней Арыстанұлының ұлтаралық тәрбие төңірегіндегі ойлары жалаң уағыз емес, адами істермен астасып жатады жәк соны дәріптеуде Олжас Сүлейменов айтқандай, «тауларды төмендетіп, ойларды аласартпайтындай» нәзіктікпен ұсынады. Ойымызды айшықтау үшін повестен үзінді келтірейік. «Бір күні ауыл ақсақалы орыс жігітіне: -Уай, Мекайла, сен неге қазақ емессің? Сен сондай жақсы жігітсің. Сірә, орыс болмауың керек депті. Сонда қазақ тіліне судай Мекайла оған: - Ақсақал, сіз ақылды адам емессіз бе? Орыстың өз баласын өзінен аяғаныңыз не? Орыстың бар жақсы адамдары қазақ болып кетсе, орыста ылғи жаман адам қалады да, халықтар өзара қырқыса бастайды ғой. Сөйтіп, тынышсыз заман тумай ма? Одан да менің сол орыс күйімде қалғаным, сіздің сол қазақ күйінде қалғаныңыз дұрыс емес пе? - депті». Бұл жолдар ұлтаралық тәрбие туралы түсінікті парасаттаудың, ел-елді елдестірудің классикалық үлгісі екендігі ақиқат.

Кітаптың өн бойы адалдықтың айнасы және Евней Арыстанұлы адалдықты адам өмірінде кездесетін барлық қарым-қатынастың бастамасы ретінде қарастырады. Ар тазалығын барлық әрекеттің шыңы деген ой түйеді. Мұны біз ғалымның ағайын-туыстарына, дос-жарандарына, ғылыми һәм әдеби проблемаларға көзқарастарынан анық байқаймыз. Ғалымның жазбаша мұраларын саралағанда, оның болмысында «аямас қастыққа орай, айықпас өштіктің» (Абай) ізін де көрмейміз. Демек, алып тұлға өмір «сапасына» байыппен, парасаттылықпен, биіктікпен ұятты Ар тұғырынан қарай білген. Бұл Абай сөзімен айтсақ, тек қана Толық адамдардың қолынаң ғана келетін құдіреттілік. Адалдық«туралы пікірін түйіндей келе ғалым: «Ізін сүйгеннің қолын сүю шарт емес» деп қорытады. Бұл әрине, даралықтардың, дарабоздардың философиясы. Демек, Ебіней Арыстанұлының бізге қалдырған ғылыми, әдеби һәм адами ойлары болашақ ұрпаққа сарқылмас қазына, адастырмайтын бағдаршам екендігін өмір дәлелдеген ақиқат. Иллаим, оралымды ойға, торалымды зерделер жолыққай!



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет