Мырзамуратова аида аскербековна



жүктеу 395.45 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі395.45 Kb.
: Docs
Docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
Docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
Docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады
ӘОЖ 001.891.57:338.432:004(574.54) Қолжазба құқығында

МЫРЗАМУРАТОВА АИДА АСКЕРБЕКОВНА


Жаңа ақпараттық технологиялар негізінде ауылшаруашылығы өндірісі тиімділігін арттыруды модельдеу

(Қызылорда облысының күріш шаруашылықтары мысалында)

6М070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша

техника және технология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2011

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған.

Ғылыми жетекші:

экономика ғылымдарының кандидаты Жалбырова Ж.Т.




Ресми оппонент:

ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы

Таутенов И.А.

Қорғау 2011 жылы желтоқсанда сағатта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді.

Мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 66 (5 оқу ғимараты, Политехникалық институт, № дәрісхана).

Диссертациялық жұмыспен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, К.Байсейітова атындағы көше, 100.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік кешендерді заманауи талапқа сай жетілдіру, оның өндірістік тиімділігін арттыру негізінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік және экономикалық ахуалын арттыру, дамыту мәселесі еліміздің аграрлық саясатының маңызды мәселесі болып саналады.

Ел Президенті экономикалық саясаттың басым бағыттарымен қатар, аграрлық кешеннің де алдына жаңа міндеттер қойып, «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауында дағдарыстан кейінгі дамуды қамтамасыз етудің бірінші бағыты – агроөнеркәсіп кешені мен ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту екеніне, ел халқының материалды және әлеуметтік қамсыздандырылу негіздерінің бірі – тиімділігі жоғары агроөндірістік кешен екеніне баса назар аударды. Осыған орай ауылшаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуына негіз болатын жобалардың жүзеге асырылатындығын атап өтті.

Бәсекеге қабілетті АӨК қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментінің халықаралық жүйесіне сәйкес болуы үшін ауылшаруашылығы кәсіпорындары түрлері мен олардың шаруашылық жүргізу формалары және ұйымдастырушылық-құқықтық формалардың сан алуандығын ескере отырып АӨК тиімді басқарудың, өндіріс тиімділігін арттырудың жаңаша жолдары мен тәсілдерін қарастыру қажет. Еліміздің дағдарыс кезіндегі және одан кейінгі уақыттағы АӨК ахуалын зерделеп, өндіріс тиімділігін арттыру, өнім көлемін көбейту, сапаны арттыру және оның заман талабына сай бәселестік қабілетін жақсарту бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Қазақстан экономикасы аграрлық секторында күріш шаруашылығы маңызды орынға ие. Негізгі өндірісі күріш дақылы болатын Қызылорда облысы үшін күріш өндірісі тиімділігін арттыру, сапалы өнім өндіру, тиімді өткізу аймақтың күріш шаруашылықтары мен кәсіпорындарының негізгі мәселесі.

Ауылшаруашылығы, оның ішінде күріш шаруашылығы тиімділігін арттыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, экономикалық-математикалық модельдеуді пайдалану мәселесіне көптеген ғалымдар өз еңбектерін арнаған, атап көрсетсек, Сапарбаев А.Д., Рахметова Р.Ө., Крылатых Э.Н., Онищенко А.М., Кузубов Н.В., Тунеев М.М., Малик Г.С., Әбуов К.К., Гатаулин А.М., Мамыров Н.К., Леутский Л.И., Адамова А.И., Атаниязов Ж., Ковальский В.С., Беляева Г.В., Забелин В., Жалбырова Ж. Т., Лугачев М. И., Гаврилкова Н. Ю., Пелевин И. Ю., Булохов В. және т.б. ғалымдар өз үлестерін қосты.

Қазіргі таңда АӨК секторында әртүрлі шаруашылық қызметі түрлерінің дамуы, мемлекет тарапынан жаңа реформалардың жүзеге асырылуы мен қолдаудың артуы, өндіріс тиімділігін арттыруда кәсіпорынды басқарудың тәсілдері мен әдістерін жетілдіру, ауылшаруашылығы өнімін өндірушілер мен өңдеу кәсіпорындарының ресурстарды рационалды түрде игере отырып, өзара қарым-қатынасын тиімді жолға қою мәселелерін шешуде экономикалық-математикалық модельдерді тиімді қолдану өз күшін жоя қойған жоқ. Қазіргі жағдайда ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру құрылымын оптималдау мәселесінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың маңызы арта түседі. Бүгінгі күні ақпараттық технологияларды қолданудың басым үлесі өндірісті басқару, құжат айналымы мәселелерін шешуге тиесілі. АӨК сияқты күрделі, көптеген табиғи факторларға тәуелді болатын жүйені басқаруда, оның дамып, өркендеуін болжап-бағдарлауда ақпараттық жүйелердің берер көмегі зор.

Ақпараттық технологиялар нарығы туралы басылымдық мәліметтерді талдау еліміздегі ақпараттық технологиялардың көп жағдайда өндірістік кәсіпорындарға арналғанын байқатады. Осы тұрғыда, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың ақпараттық технологияларды өз деңгейінде пайдалануы төменгі деңгейде болып отыр. Осыған орай, аймақтың агрокешенін басқаруда, өнімділікті болжауда, ресурстық қамтамасыз ету мәселелерін шешуде, ішкі және сыртқы азық-түлік нарығындағы ахуалды зерделеп, өнім өткізу арналарымен байланысуда жаңа сипаттағы техникалық жағынан көп мүмкіндікті ақпараттық технологияларды тиімді қолдану агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің табысты өрлеуіне және оларға қарасты ауылдық аумақтардың да әлеуметтік, экономикалық дамуына жол ашады.

Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Аймақтың ауылшаруашылығы өндірісі тиімділігін арттыру модельдерін жаңа ақпараттық технологиялар негізінде талдап, оларды агроөнеркәсіп кешенін басқару мен дамытудың негізгі бағыттарын айқындау және күріш шаруашылығы өндірісі тиімділігін жетілдірудің жолдарын қарастыруды мақсат ететін модель құруда қолдану.

Зерттеу мақсатына сай алға төмендегідей міндеттер қойылды:



  • ауылшаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың теориялық негіздерін зерделеу, күріш шаруашылығы өндірісі тиімділігін арттыру мәселесін шешу жолдарына зерттеу және талдау жасау;

  • аймақтың күріш шаруашылықтары өнімділіктерін болжау, өндіріс көлемін ұлғайту және шаруашылық ресурстарын тиімді үйлестірудің экономикалық-математикалық модельдерін негіздеу;

  • ауылшаруашылығы өндірісін тиімді басқару, оптималды шешімдерді қабылдау және жұмыс нәтижесін бағалауда жаңа ақпараттық технологиялардың орны мен ролін зерттеу және олардың күріш шаруашылығы өндірісін арттыруда тиімді қолданылуын негіздеу;

  • аймақтың күріш шаруашылықтары өндірісі тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын математикалық модельдер негізінде жүзеге асыру.

Зерттеу нысаны. Зерттеу нысаны ретінде Қызылорда облыстық күріш шаруашылығы кешендері, шаруа қожалықтары мен шаруашылықтар алынды. Жұмысты орындау барысында ақпараттық база ретінде ауылшаруашылығы, өндірісі тиімділігін арттыру мәселелерін қарастырған ғалымдар еңбектері, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының жылдық есептері мен статистикалық жинақ мәліметтері, баспасөз және ауқымды желі материалдары пайдаланылды.

Зерттеу пәні. Ауылшаруашылығы кәсіпорындарының экономикалық даму барысын зерттеу, күріш өндірісі тиімділігін арттыру мақсатында ауылшаруашылығы кәсіпорнын басқару, өндірісті болжау мен жоспарлаудағы экономикалық-математикалық модельдеудің ролін айқындау.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері. Жалпы зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі ретінде заңнамалық актілер, ҚР Президентінің Жарлықтары мен Жолдаулары, ҚР Үкіметінің қаулылары, АӨК тиімділігін арттыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, экономикалық-математикалық модельдеуді пайдалану мәселелерін зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері қолданылды.

Зерттеу жұмысының нормативтік-ақпараттық базасы. Ақпараттың негізгі көздері: ҚР статистика бойынша агенттігінің, Қызылорда облыстық статистика басқармасының, Ауылшаруашылығы департаментінің мәліметтері, нормативтік-анықтама материалдары, ауылшаруашылық кәсіпорындарының жылдық есептері.

Зерттеу тәсілдері. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу және міндетті орындауда абстракты-логикалық, статистикалық-экономикалық салыстырмалы талдаулар, болжам жасау әдістері және экономикалық-математикалық модельдеу әдістері қолданылды.

Магистрлік зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жаңа ақпараттық технологиялар негізінде ауылшаруашылығы өндірісін басқарудың жаңа тәсілдерін негіздеу және құру, ауылшаруашылығы өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында күріш шаруашылығын дамыту жолдарын ұсынуға негізделген.

Зерттеу барысында диссертацияның ғылыми жаңалығын анықтайтын және қорғауға ұсынылған төмендегідей негізгі нәтижелер алынды:



  • аймақтың ауылшаруашылығын басқаруда қолданылатын ақпараттық технологияларға талдау жасалып, бағаланды;

  • ауылшаруашылығы дақылдары өнімділігін болжаудың адаптивті моделі ұсынылды;

  • ауылшаруашылығы кәсіпорнын оптималды басқару моделі құрылды (ЖШС «Шаған-Жер» кәсіпорны негізінде);

  • ақпараттық технология әдістерін негіздеу арқылы басқару шешімдерін жетілдіру және күріш өндірудің негізгі бағыттары бойынша ұсыныс жасалды.

Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар.

  1. Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторындағы нарықтық, реформалық өзгерістер өндіріс тиімділігіне әсер етуші факторлардың да өзгеріске еніп, жаңаша сипат алуына, осыған орай ақпарат ағымының да ұлғаюына әкеледі. Прогрессивті даму үстіндегі ақпараттық технологиялар ауылшаруашылығы кешенін тиімді басқару, яғни өндіріс тиімділігін арттыру мүмкіндігін береді.

  2. Ауылшаруашылығы өндірісі тиімділігін арттыру жолдары өзара тәуелділіктегі, кейбірін ақшалай-қаражаттық сипатта бейнелеу мүмкін болмайтын әртүрлі сандық және сапалық түрде анықталатын элементтердің қарым-қатынасы негізінде айқындалады. Табиғаты әртүрлі параметрлер жиынтығын қолданатын ауылшаруашылығы кәсіпорнын зерттеу мен оптималдау анықталмағандық жағдай мен көпкритерийлікті ескеруді қажет ететін күрделі мәселе. Осыған орай, ауылшаруашылығы өндірісі үдерістерін зерттеуде көптеген альтернативті варианттарды қарастыру, шешім қабылдау мен болжам жасауды жетілдіру мүмкіндігін беретін модельдеу негізгі құрал болып табылады.

3. Бүгінгі күннің негізгі талабы бәсекелестік қабілет, сапа мен сұраныс үйлесімділігі, өндіріс көлемі мен өткізу көрсеткіштерін максималды деңгейде ұстай отырып, өндірісті оңтайлы ұйымдастыру болғандықтан күріш шаруашылығы кәсіпорындарында шығынсыз, өзін-өзі жан-жақты қамтамасыз ету үшін жеткілікті түрде негізделген өндіріс көлемі мен өткізу арналарын іздеу қажеттігі туындайды. Осыған орай елдің ауылшаруашылығы өнімдеріне қажеттілігі мен сұранысын, аймақ спецификасын ескеретін ауылшаруашылығы өндірісін орналастырудың экономикалық моделін құру, ұзақ мерзімді болжам жасау мәселелері өзекті болып отыр.

Осы мәселелерді шешу жолдарын қарастыру барысында ресурстар потенциалын рационалды пайдалана отырып, аймақтағы табиғи және экономикалық-өндірістік факторлар мен еңбек бөлінуін анықтайтын шектеулер түрінде бейнеленген ауылшаруашылығы кәсіпорнының нақты жағдайдағы қызмет көрсетуінде болжам жасалған өндіріс көлеміне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ауылшаруашылығының аймақтық-салалық құрылымын негіздеу мақсат етіледі.



Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңызы. Магистрлік зерттеу жұмысының нәтижелерін күріш шаруашылықтарының өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын қарастыруда, шаруашылық ресурстарын тиімді орналастыру варианттарын таңдауда қолдануға болады. Әзірленген модель күріш шаруашылығының стратегиялық жоспарын құру және басқару шешімдерін қабылдау барысында егіншілік кәсіпорындарының тиімді жұмыс жасауына мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациясы). Зерттеу нәтижелері күріш шаруашылығымен айналысатын «Шаған-Жер» ЖШС көрсеткіштері негізінде Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы басқармасында және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу үдерісінде қолданылды.

Жұмыстың негізгі бағыттары бойынша әр түрлі аймақтық, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндама жасалды және Білім және Ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау Комитеті ұсынған басылымда жарияланды. «Ақмешіт хабаршысы» журналы. Қызылорда, 2011.-0,5б.т.; «Ғарыш және адам» Ғарышты игеру дәуірінің 50 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Қызылорда-Киев, «Болашақ» университеті, 2011, 205-207б.-0,13б.т.; Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Хабаршысы. Қызылорда, 2011, №1/31/,55-58б.–0,22б.т.; Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Білім мен ғылымның инновациялық дамуы: бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың проблемалары мен болашағы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Қызылорда, 2011-0,25б.т. Барлығы 4 мақала, жалпы көлемі 1,1 б.т.



Магистрлік жұмыстың құрылымы мен көлемі.

Магистрлік жұмыс 97 бетте мазмұндалған, кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.



НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Әлемдік қаржы дағдарысы қазіргі күні көп жағдайды өзгертіп, біраз мәселенің басын ашып берді. Бүгінгі күні кез келген мәселеде орындалатын іс-қимылға басты талап – тиімділік қойылады. Ал тиімділік шаруашылықты ең ың­ғай­лы тәсіл­дер­мен оңтайлы іске асыруды талап етеді. Бүгін тиімділік пен үнемділік алға қойылып отырғанда инновациялық әдістер бірінші орынға шығуда. Нәтижесінде ғылыми негіз­де­меге сүйене отырып өндіріс тех­нологиясы алға жылжып, шы­ғын­дар азаяды.

АӨК тиімділігін арттыру мәселесінде оны оптималды басқару процесі маңызды орын алады. Ауылшаруашылығы өндірісін басқарудың оптималдылығы әрқашан да экономикалық жүйенің алға қойған міндеттері тұрғысынан қарастырылады. Оптималдылық критерийі экономикалық процестердің экономикалық-математикалық модельдерін құрумен тікелей байланысты. АӨК-ң оптималды құрылымын есептеу оның мақсатын қатаң негіздеу мен сипаттауды қажет етеді. Ауылшаруашылығы өндірісі құрылымы, оның тиімділігі мен практикалық маңыздылығы осы мақсаттың негізделу деңгейіне байланысты болады.

Күріш шаруашылығындағы өндіріс тиімділігінің көрсеткіштерінің әсері өзінің экономикалық мазмұнымен анықталады. Жалпы өнім максимумы шаруашылықты экономикалық талдауда маңызды көрсеткіштердің бірі болғанымен оны оптималдылық критерийі ретінде алу тиімді емес. Бұл критерийді қолдану өндіріске жіберілетін шығындар мен ақтық нәтижелер қатынасын есепке алмайтын болғандықтан өндіріс тиімділігі екінші орынға ысырылады. Сондай-ақ жалпы өнім максимумына баса назар аударатын болса, нәтижесінде әртүрлі қосымша және аралық өнімдер шығарылады да олар негізгі ақырғы өнімге кері әсерін тигізеді. Бұл критерийдің тиімді жағы – ол еңбек шығымдылығын арттыруға, жер бөліктерін тиімді пайдалануға мүмкіндік беруі. Минимумға ұмтылатын критерийлерді күріш шаруашылығы құрылымын оптималдау есебінде пайдалану тиімділікке әкелмейді.

Табыс максимумы критерийі өндіріс дамуының стимулын, оған жіберілетін шығынды кемітуді, өндіріс көлемін арттыруды, жұмысшы мен ұжым талабын, қоғам қажеттігін де ескереді. Осы критерий бойынша шаруашылықтың оптималды құрылымын анықтау нақты өнімнің өзіндік құнын білуді, табыс көлемінің максимумын табуды, ал олар шаруашылықтың рентабельділігінің максималды деңгейін анықтауды қажет етеді.

Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру қажеттілігі факторларға және қоғамның бүгінгі экономикалық даму ерекшеліктеріне тікелей байланысты.АӨК өндірісі тиімділігін арттыру мәселесін зерттеумен шұғылданған ғалымдар еңбектерін талдай отырып, АӨК тиімділігін арттырудың негізгі факторларын Сурет 1-де бейнеленген сұлба арқылы көрсетуге болады.

Әрбір шаруашылықтың алдына қойған міндеттерін табысты шешуі өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруы арқылы ғана мүмкін болады.

Күріш өндірісінің экономикалық тиімділігі интенсивті факторларға көп байланысты. Олар: а) еңбек құралдарын өндіру саласындағы өнімділік пен дән сапасы; ә) негізгі қорларды өндіру саласындағы ғылыми-техникалық өңдеулер, өндірістің озық технологияларын пайдалану, жинау, сақтау, дәнді дайындау және өңдеу; б) күріш өндірісіндегі қоғамдық ұйымдастыру нысандары мен шикізат ай-

Сурет 1- Ауыл шаруашылығы өндірісі тиімділігін арттырудың негізгі факторлары


мақтарын оптималдаудың географиялық ара қашықтықтары; в) күрішті өткізу саласында сақтау мен тасымалдауды ұйымдастыру. Интенсивтендіру факторларын кешенді пайдалану өндірілетін өнім бірлігі құнының заңды түсуіне алып келеді, яғни өндіріс тиімділігінің өсуін қамтамасыз ететіндіктен бұл факторлар көрсеткіштер жиынына әсер етеді және күрішті өндіру және өткізу бойынша кәсіпорын өндірісінің экономикалық тиімділігін сипаттайды. Күріш саласын дамытуда күріш кластерін ұйымдастыру да өте маңызды. Ол үшін кластерлік инновациялық инфрақұрылымды дамыту қажет.

Қызылорда облысы халқының басты табыс көзі болып отырған күріш шаруашылығын дамыту мақсатында егіншілік мәдениетін көтеріп, жаңа инновациялық технологияларды дайындап, өндіріске енгізу және күріш шаруашылығы саласындағы әлемдік жетістіктерді трансферттеу арқылы еңбек өнімділігін ұдайы арттырып отыру қажет.

Аймақтық АӨК өндірістік жүйесінің тиімді жұмыс атқаруы сапалы құрылған басқарудың ақпараттық қамсыздандырылу жүйесіне де байланысты. Қазіргі таңда елімізде барлық салаларға ендірілген жаңа ақпараттық технологияларға техникалық қолдау жасайтын компьютерлер саны мен байланыс құралдарының прогрессивті артуы байқалғанымен, оларды өндіріске ендіру тұрғысынан Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы басқа елдермен салыстырғанда едеуір артта. Жаңа ақпараттық технологияларды АӨК экономикалық үдерістерін басқаруда қолдану бұл күрделі жүйенің өзіндік ерекшелігіне қарай бағытталауы тиіс.

Ауылшаруашылығы саласында ауқымды желіні қолдану ауылшаруашылығы кәсіпорындарына министрлік және жергілікті басқару ұйымдарымен ақпарат алмасу, есеп беру; ауылшаруашылығы заңнамалары мен нормативтік актілерінің өзгерістерімен дер кезінде танысу; еліміздегі ғана емес шет елдердегі де өнім өткізу арналарымен байланысып, келісім-шарт жасау; агрохимиялық өнімдер, агротехникалық машиналары өндіріс орындарымен серіктестік орнату, интернет-сауда жүргізу сияқты тиімді мүмкіндіктер береді.

Ауылшаруашылығы саласында шешім қабылдауды қолдау жүйелері, мәліметтер базасы, болжам жасау, кеңес берудің эксперттік сараптау жүйелері тиімді қолданыста. Шешім қабылдауды қолдау жүйелері АӨК басшыларының аймақ ерекшелігіне, қалыптасқан ахуалға байланысты өндіріс тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін дұрыс шешім қабылдауына ықпал етеді. Болжау жүйелері өнім өнімділігін болжауда, өсімдік шаруашылығында маңызды орын алатын ауа-райы факторын ескеріп, метеорологиялық мәлімет алуға, соған байланысты әрекет етуге, агроөндірістің перспективалық дамуын бағдарлауға көмек беретін ақпарат алуда қолданылады.

Эксперттік сараптау жүйелері ретроспективті талдау нәтижелеріне сүйеніп, перспективті болжам жасау және күрделі ситуациялық жағдайда ахуалды дұрыс бағдарлап, саралауға, нәтижесінде дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін кеңесші ролін тиімді атқара алады.

Экономикалық-математикалық модельдер негізінен әрбір аграрлық құрылымның жұмысын тиянақты түрде ұйымдастыруға, өндіріс көлемін арттыруға, өнім сапасын сұранысқа сай болжамдауға, келешекте атқаратын істің бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні әлі де ақпаратты өңдеу, сақтау, тарату және сипаттау мәселелеріне механикалық тұрғыда қарау басымдылық танытып, ал оны тиімді қолданылуына жеткілікті назар аударылмауда. АӨК саласына арналып мамандандырылған отандық компьютерлік программалар арасында өнімділікке болжам жасау, қайсыбір факторлар әсеріне орай өндіріс тиімділігінің артуын не кемуін айқындау, шаруашылық өндірісін тиімді орналастыру мүмкіндігін беретін программалық өнімдер жоқ деуге болады. Аймақтық күріш шаруашылықтарында дербес компьютерлер негізінен ақпарат жинақтау, алмасу, есеп беру (MS Word, MS Excel), еңбек ақыны есептеу (1С: Бухгалтерия, С: Предприятие) мақсаттарында ғана қолданыста.

Қазіргі таңда бірөлшемді уақыт қатарын зерттеу мен болжаудың неғұрлым дамыған бағыттарының бірі болып адаптивті әдістер қарастырылады. Адаптивті әдістердің маңызды жетістігі – алдыңғы қадамда жасалған болжам нәтижелерін ескеру мүмкіндігі бар өзін-өзі түзетуші модельдерді құру. Модель үздіксіз жаңа мәліметтер алып отыруы және ағымдағы жағдайға сәйкестенуі, бейімделуі себепті белгілі бір мезеттегі даму тенденциясын сипаттай алады.

Ауылшаруашылығы құрылымының оптималды жоспарын құруда шаруашылықтың соңғы 3-5 жылдық мәліметтері пайдаланылса, агроөнімдері (дәнді дақылдар өнімділігі, мал басының артуы т.с.с) өнімділігін перспективалық болжауда шамамен 10 жыл көлеміндегі мәліметтер қолданылады. АӨК өнімділігін нақты болжау үшін топырақ құнарлылығы, тыңайтқыш мөлшері, мелиорациялық шарттар, дақыл мен мал тұқымының сапасы сияқты әртүрлі факторларды ескеру керек.

Сурет 2-де болжаудың адаптивті моделін құрудың жалпы сұлбасы бейнеленген.

Сурет 2 белгілеулері: – уақыт қатарының нақты деңгейлері; – t мезетінде алға  уақыт бірлігіне (қадамға) жасалған болжау; –(t+1) нүктесіндегі болжам қатесі, ол нақты мән мен болжау мәнінің айырмасы болады.



Сурет 2 - Болжаудың адаптивті моделін құру сұлбасы
Адаптивті модель негізінде Қызылорда облысы бойынша орташа күріш өнімділігі көрсеткіштері бойынша (2002-2010ж) қысқа мерзімді болжау жасалды. a адаптация параметрінің екі түрлі мәні (0,1;0,5) бойынша есептеу жүргізілді. Есептеу нәтижесінде 2011 жылға облыс бойынша орташа күріш өнімділігі көрсеткішіне болжам жасалды. a=1,0 жағдайында экспоненциалды орташа 36,5; a=0,5 жағдайында 44,8-ге тең болды.

Жұмысты орындау барысында Қызылорда облысының күріш шаруашылықтарының соңғы 12 жылдағы өнімділіктер көрсеткіштері (1999-2010ж) негізінде жүргізген есептеулер нәтижесінде келесі сызықтық тренд теңдеуін алдық: у = 0,58х+31,39. Осы тренд көмегімен облыстық күріш шаруашылықтарының алдағы жылда қол жеткізетін өнімділіктеріне болжам жасалды. Яғни 1га күріш егістігінен 0,58ц күріш өндіріліп, күріш өнімділігінің болжамды көрсеткішін 31,39г/ц мәнінен бастап есептеу керек, сонда 2012 жылға болжамды орташа күріш өнімділігін ≈38 ц/га деп есептеуге болады.

Қызылорда облысы елімізді күріш өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған негізгі ірі экономикалық аудан болып саналады. 1992-1999 жылдардағы елімізде күріш егістіктерінің және күріштің жалпы өнімінің екі есеге азайып, 2000 жылдан бастап қайтадан арта түскенін байқауға болады (Сурет 3,4).

Сурет 3- ҚР және Қызылорда облысы бойынша күріш егісі көлемінің көрсеткіштері



Сурет 4- ҚР және Қызылорда облысы бойынша күріштің жалпы өнімі көрсеткіштері
2006-08 жылдар аралығындағы күріш өндірісінің орта есеппен 75 пайызы республиканың ауылшаруашылығы кәсіпорындарында өндірілген. Орташа есеппен алғанда 37,6 ц/га шаруашылық-фермерлік қожалықтарда күріш өнімі алынды. Жалпы өнім 2006 жылы 238,0 мың тн., 2007 жылы 247,9 мың тн., 2008 жылы 208,6 мың тн., 2009 жылы 257,5 мың тн., 2010 жылы 316,2 мың тн.құрады.

Күріш шаруашылығында жерді тыңайтқыштармен қоректендіру негізінде жер ресурстарын тиімді пайдалану резервін бекіту маңызды факторлардың бірі болып саналады.Арал теңізінің экологиялық зардаптары әсері мен агротехника шарттарының дұрыс сақталынбауы нәтижесінде аймақта жер құнарлылығы төмендеуі себепті күріш өндірісінің тиімділігін арттыру мәселесінің бір ұшы тыңайтқыштарды ендірудің оптималды деңгейін анықтауға тіреледі. Жұмыс барысында тыңайтқыштардың тиімді деңгейін анықтау үшін ресурстар бойынша шектік ұсталынымды оның құнының шектік мәнімен салыстыру әдісі қолданылды.

Қызылорда облысы күріш шаруашылықтарының өнімділік деңгейіне әсер ететін тыңайтқыштарды пайдалану көрсеткіштеріне орай «өнімділік–тыңайтқыш» функциясы анықталып, сипаттамасы жасалды. Функция параметрлерін анықтауда келесі модель пайдаланылды:

мұндағы у–өнімділік,ц/га;х–тыңайтқыш көлемі т/га; а01–функция параметрлері.

Есептеу нәтижесінде тыңайтқышқа байланысты өнімділікті анықтау функциясы y=6.11x-54.56 мен а0=-54.56; а1=6.11 корреляцияның эмпирикалық коэффициенті мәндері алынды. а1 параметрі тыңайтқыш мөлшерін 1тн өсіру күріш өнімділігінің 6,11 ц-ге артатындығын көрсетеді. a0 = -54.56 коэффициенті х=0 таңдалған мәндерге жуық орналасқан жағдайда у-тің формалды түрде болжамын көрсетеді. Бұл фактор мен нәтижелік көрсеткіш арасындағы байланыс дәрежесі көптік корреляция коэффициенті R=0,6716 табылды, R2=0,45104 детерминация коэффициентінің пайыздық шамасы көрсеткішке әсерін анықтайды, яғни х-тің 45.1 % өзгерістері y-тің өзгеруіне әкеледі.

Облыстың бірнеше күріш шаруашылықтарының белгілі көрсеткіштеріне байланысты (күріш өнімділігі у;1га егістікке бөлінген тыңайтқышқа жіберілген шығын х1;тұқымдық дәнге бөлінген қаржы х2;егіс көлемі х3) күріш өнімділігіне факторлардың әсер деңгейі анықталды. Үш факторлы регрессиялық талдаудың сызықтық теңдеуі келесі түрде алынды: У=48,01+0,0208х1-0,0318х2-0,0363х3

Корреляция коэффициентінің мәні R=0.9734 модельді құруда пайдаланылған факторлар арасындағы байланыстың тығыздығын көрсетеді және Фишердің дисперсиялық қатынасының мәні F=6.0253 құрылған модельдің дәйектілігі көрсеткіші бола алады.

Жұмыста осы берілген көрсеткіштерге қосымша тыңайтқыш мөлшері мен су ресурстары бойынша мәліметтерді кірістіріп төрт факторлы талдау жүргізілді. Ең кіші квадраттар әдісінің стандартты процедураларын қолдану нәтижесінде ковариациялық модель коэффициентері алынды. Оның регрессиялық теңдеуі: У=49,375-42,204х1+0,205х2+26,219х3-0,0002х4

мұндағы х1–тыңайтқыш пен тұқымға бөлінген қаржы(теңге/га); х2–күріш егістігі көлемі(га); х3–тыңайтқыш мөлшері(тн); х4–егістіктерді суару көлемі(м3 /га).

Осы айнымалылар мәндерінің өзгеруі күріш өнімділігінің (49,4) де өзгерісіне әкеледі. Есептеулер нәтижесінде көптік корреляция коэффициенті 1-ге тең болды. Ғ> Ғсын болған жағдайда статистика тұрғысынан корреляция коэффициенті маңызды деп саналады.

Жалпы регрессиялық талдаулар нәтижесі жоғары деңгейлі дәлдікті көрсетпейді, олар болжамды жуық бағалаулар негізінде жүргізеді. Осыған орай ауылшаруашылығы дақылы өнімін арттыруды мақсат ететін талдауларда қажетті шаралар жан-жақты ойластырылып, жүргізілуі тиіс. Шаруашылық құрылымы салаларын оптималдаудың экономикалық-математикалық модельдерін құрудағы маңызды міндеттердің бірі – ғылыми негізделген ауыспалы егістікті ескере отырып, ауылшаруашылығы дақылдарын өсірудің агротехникалық жағдайларын модельдеу. Шаруашылықтың нормативтік шығындарға сәйкес келетін ресурстары көлемі негізінде мемлекет пен басқа да тұтынушылардың тапсырыс-сұраныстарын қанағаттандыратын, табиғи-экономикалық ерекшеліктерді тиімді түрде ескеріп, шаруашылықтың жер, еңбек, техника, және басқа да құралдарын мейлінше рационалды пайдалану және жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуіне мүмкіндік беретін салалардың үйлесімді құрылымын анықтау қажеттігі туындайды. Осыған орай жұмыста облыстық күріш шаруашылығы салалары құрылымын оптималды үйлестірудің экономикалық-математикалық моделі құрылды.

Есеп қойылымына сәйкес экономикалық-математикалық модельді сипаттау үшін келесі белгілеулер жүйесін қолдандық:



і

– өндірістік ресурстар түрлері индексі;

j

– ауылшаруашылығы өнімі түрі индексі;

r

шаруашылық индексі;

Хjr

– r-ші шаруашылықтағы j-ші түрлі өнімді өндіру көлемі;

Хr

– r-ші шаруашылықтағы өндірістік шығындар қосындысы;

Х

– күріш егуші шаруашылықтар бойынша барлық өндірістік шығындар көлемі;

Х

– күріш егуші шаруашылықтар бойынша су ресурстары шығындарының жалпы көлемі;

aijr

– r-ші шаруашылықтағы j-ші өнім бірлігіне шығындалатын i-ші ресурс нормасы;

ijr

– r-ші шаруашылықтағы i-ші ресурс шығынында алынатын j-ші түрлі жем-шөп түрінің шығымы;

βijr, βijr

– r-ші шаруашылықтағы i-ші ресурстағы j-ші өнімдердің пропорционалдық коэффициенттері;

qijr

– r-ші шаруашылықтағы i-ші түрлі айнымалыдан j-ші түрлі өнімнің минималды шығымы;

Аir

– r-ші шаруашылықтағы і-ші түрлі ресурс көлемі;

Dir

– r-ші шаруашылықтағы табиғи жайылымдардан алынатын i-ші түрлі жем-шөп көлемі;

Вjr

– r-ші шаруашылықтағы j-ші түрлі ауылшаруашылық дақылдарымен ауыспалы егістің қамтамасыз етілу шегі;

Qir

–r-ші шаруашылықтағы і-ші түрлі өнім көлемінің кепілдендірілу көлемі;

R

– күріш шаруашылықтары жиыны;

J1

– ауылшаруашылығы дақылдарының жиыны;

J2

– мал бастарының жиыны;

І1

– ауылшаруашылығы егістіктерін пайдалануға байланысты шектеулер жиыны;

І2

– еңбек ресурстарының жиыны;

І3

– өндірістік ресурстар жиыны;

І4

– түрлі жем-шөп жиыны

І5

–ауылшаруашылығы дақылдарының агротехникалық шарттарына байланысты шектеулері жиыны;

І6

– ауылшаруашылығы дақылдарының шектеулер жиыны;

І7

– шаруашылық аралық кәсіпорындар шектеулерінің жиыны;

І8

–күріш шаруашылығындағы нақты өнім көлемін орындау бойынша шектеулер жиыны;

І9

– су ресурстары бойынша шектеулер жиыны

І10

– минералды тыңайтқыштар бойынша шектеулер жиыны

Мjr

– r-ші шаруашылықтан j-ші түрлі ауылшаруашылық өніміне (өсімдік және мал шаруашылығы) минималды сұраныс көлемі;

Мjr

– r-ші шаруашылықтан j-ші түрлі ауылшаруашылық өніміне максималды сұраныс көлемі;

Сjr

–оптималдылық критерийі бағалауы, r-ші шаруашылықтағы j-ші түрлі ауылшаруашылық өнімінен (өсімдік шаруашылығында 1 гектардан алынатын, ал мал шаруашылығында бір бас малдан алынатын) табыс (пайда).

Енгізілген белгілеулер жүйесі негізінде су ресурстарының шектеулі көлемін пайдалануда ауылшаруашылығы өндірісі құрылымын оптималдаудың экономикалық-математикалық моделі келесі түрде өрнектеледі:


(3 )

мақсатты функция максимумге ұмтылғандағы мәнін табу керек.

Кесте 1- Шектеулер мен шарттар.



Шектеулер

1

r-ші шаруашылықта і-ші түрлі ауыл шаруашылық жерлерін пайдалану

, іІ1 , rR

2

Өндірістік шығындар қажеттілігі

іІ3 , rR

3

Еңбек ресурстарына қажеттілікті анықтау

, іІ2 , rR

4

Мал азығын өндіру және пайдалану шектеуі

, іІ4 , rR

5

Күріш егістігінің алғы дақылдармен қамтамасыз етілуі

, іІ5 , rR

6

Нақты ауыл шаруашылық дақылдарын егіс көлемімен қамтамасыз ету

, іІ6 , rR

7

Күріш шаруашылығы мен мал шаруашылығы арасындағы байланысты қамтамасыз ету

, іІ7 , rR

8

Шаруашылық бойынша тауар өнімі өндірісінің минималды көлемін қамтамасыз ету

1) , іІ8 , rR

2)


9

Су ресурстары бойынша шектеу

, іІ9 , rR

10

Минералды тыңайтқыштарды анықтау

, іІ10 , rR

11

Өндірістік шығындар қосындысы



12

Қосымша шектеулер

; ; xj 0; xj Mj

13

Айнымалылардың теріс емес болу шарттары

x jr 0; x 0; xr 0; x 0;

ЖШС "Шаған-Жер" кәсіпорны иелігінде 11432 га жер, оның ішінде 7850 ауылшаруашылық жерлері, оның 5280 гектары егістік. Кәсіпорында еңбекке жарамды 364 жұмысшы бар. Шаруашылықтың негізгі саласы күріш егу, қосалқы сала ретінде ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығымен шұғылданады. Өсімдік шаруашылығының тауарлық құрылымда алатын үлесі 67%, ал күріштің үлесті салмағы 61% құрайды. Мал шаруашылығының тауар өнімінің құрылымындағы үлесті салмағы 21%. Басқа салалар үлесіне, яғни көкөніс, бақша, картоп өнімдеріне тауар өнімі құнының 12% тиесілі. Күріш егу аймақтарындағы ауыл шаруашылығы өндірісі құрылымын оптималдаудың экономикалық-математикалық моделін жүзеге асыруда енгізілген кіріс мәліметтері Кесте 2-де көрсетілген.


Кесте 2. Шаруашылық бойынша кіріс ақпараты



Ауылшаруашылық

дақылдары



Өнімділік,

ц/га


1га кететін еңбек шығыны, адам/күн

1 га кететін материалды- ақшалай шығын, теңге

1.

2.

3.



4.

5.

6.



7.

8.

9.



10.
11.

12.


13.
14.

15.


16.

17.


Күріш

Бидай


Картоп

Көкөніс


Бақша дақылдары

Дәндік жүгері

Сүрлемдік жүгері

1 кезеңдегі жасыл қорек

2 кезеңдегі жасыл қорек

Өткен жылғы жоңышқа

Шөптік

Сенаждық


Сүрлемдік

Жасыл қоректік

Осы жылғы жоңышқа

шөптік


тұқымдық

Ірі қара мал(ІҚМ)

Бордақылаудағы ІҚМ


38,2

17

130



140

154


30

120
120


120

26

70



56

70
9

1

-

-



13,4

8,5


10,4

10,4


38

12,3


12,3
12,3
12,3

8,1


8,1

8,1


8,1
4,7

8,1


10,8

0,9


152,5

31

238



238

328,5


16

16
16


16

13

13



13

13
13

52,5

98

65



«Шаған-Жер» кәсіпорны мәлiметтерi мысалында жүргiзiлген есептеулер 2 вариант бойынша шешiлдi. Варианттар бойынша салалардың алынған үйлесiмi 2010 жылдың орташа нақты жағдайы мен өндiрiс тиiмдiлiгiн қамтамасыз етедi (Кесте 3).


Кесте 3-Варианттар бойынша өндiрiс тиiмдiлiгiнiң негiзгi көрсеткiштерi

Көрсеткiштер

1 вариант

2 вариант

2010 жылда

Тауарлық өнiм өндiрiсi, ц

күрiш


бидай

ет

сүт



100 га егiстiкке есептегенде өндiрiс, ц

күрiш


бидай

ет


сүт

100 га егiстiкке есептегенде маржиналды табыс, мың теңге.

Жалпы өнiм

100 га егiстiкке, мың теңге

1 адам. сағ., теңге

133525


14112

6415


49753
2592

274


125

966
4857

250135

6090


378

178031


14112

3589


27820
3432

273


70

537
4780

246183

9405


618

182588


11324

232


1202
3623

220


42

38
1200

136228

5203


280

Алынған шешiм нәтижелерiнiң талдамы суармалы жерлердiң тиiмдiлiгiн арттыру қорының бар екенiн көрсетедi. Есептiң шешiлу нәтижесi – дақылдардың егiс көлемi Кесте 4-те келтiрiлген.


Кесте 4- Есептеулер және 2010 жылдың нақты мәлiметтерi бойынша егiс көлемiнiң құрылымы

Ауылшаруа-

шылық


1 вариант

2 вариант

2010 жылда

дақылдары

га

%

га

%

га

%

Күрiш

1980

37,5

3150

59,7

3200

60,6

Бидай

780

14,7

620

11,7

712

13,6

Барлық дәндi дақыл

2760

52,3

3770

71,4

3912

74,1

жүгерi: дәнге

0

-

122

2,2

28

0,5

сүрлемге

352

6,7

174

3,3

-

-

жасыл

қорекке


-

73


-

1,4


-

54


-

1,02

-

-


Барлық жүгерi

320

6,0

340

6,4

28

5

Өткен жылғы жоңышқа:



















шөпке

240

4,5

50

0,95

550

10,4

пiшенге

30

0,6

40

0,75







сүрлемге

180

3,4

90

1,7







жасыл

қорекке


600

-


11,4

-


364

-


6,9

250

4,7

Осы жылғы жоңышқа



















шөпке

500

9,5

492

9,3

-

-

тұқымға

150

2,8

64

1,2

200

3,8

Барлық жоңышқа егiсi

1700

32,2

1100

20,8

1000

18,9

Барлық жемшөп егiсi

2445

46,3

1440

27,2

1028

19,5

Картоп

30

0,6

30

0,6

-

-

Көкөнiс

25

0,5

25

0,5

-

-

Бақша

15

0,3

15

0,3

-

-

Барлық егiстiк

5280

100

5280

100

4940

93,5

Барлық егiстiк алқабы

5280

100

5280

100

5280

100

Есептiң нәтижесi бойынша егiс көлемi құрылымын 2010 жылдың мәлiметiмен салыстыра келе, шаруашылықта ауыспалы егiс жүйесiнiң сақталмағанын байқаймыз. 2010 жылы шаруашылықта 1800 га егiлiп, оның тек 1050 ғана шөпке жиналды.

Күрiш өндiрiсi варианттар бойынша 2010 жылмен салыстырғанда қысқарып, ал бидай және ет, сүт өндiру мал басы мен оның өнiмдiлiгiнiң артуымен едәуiр ұлғаяды. Мал өнiмдiлiгiнiң төмендiгi жемазық пен оның құнарлылығының кемдiгiнен оны сатып алатын тауар биржаларының жоқтығынан да болып отыр.

Есептелген екi варианттан мал өнiмдерiне сұранымның артуына байланысты – бiрiншi вариантты, ал күрiшке сұранымның артуынан – екiншi вариантты қабылдау дұрыс болады.

Қорыта келе, осы экономикалық көрсеткiштер арқылы оптималды құрылымды өндiрiске енгiзудiң тиiмдiлiгi мен орындылығын көремiз. Модельді күріш егіншілігімен айналысатын кәсіпорындар, жеке шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары төңірегінде қолдануға болады деп есептеуге толық негіз бар.
ҚОРЫТЫНДЫ
Магистрік жұмыстың зерттеу нәтижелері келесі тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:

Ауылшаруашылығы экономикалық үдерістерінің өзгерісіне сәйкес шаруашылықтың табысты дамуына қажетті талдаулар мен есептеулер жүргізу және соның нәтижесінде тиімді шешім қабылдауды ақпараттық технологиялар көмегімен ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Аймақтың ауылшаруашылығы кәсіпорны деңгейінде қолданыста жүрген ақпараттық технологиялар қазіргі жағдайындағы шаруашылықтың стратегиялық тиімді жоспарлануына бағытталған модельдерді жеткілікті түрде бейнелемейді.

Зерттеу жұмысын орындау барысында құрылған күріш шаруашылығы өндірісі тиімділігін арттыру моделі қазіргі таңда қолданыстағы компьютерлерден көп қажеттілікті талап етпейді және осыған орай кез келген шаруашылықтағы дербес компьютер мүмкіндіктерін пайдалана отырып, тиімді қолданыла алады.

Ауылшаруашылығы өндірісі тиімділігін арттыру мәселесінде математикалық әдістер мен есептеу техникасының мүмкіндіктерін тиімді қолдану мәселесі маңызды орынға ие. Аймақтың күріш шаруашылығы өндірісінің соңғы жылдардағы ахуалын зерттеп, талдау жасау барысында ауылшаруашылығы өндірісі тиімділігін арттыруды дәстүрлі жолдармен ұйымдастыру ауылшаруашылығы кәсіпорнының әртүрлі салалары үйлесімін оптималдау есебін шешуде тиімді еместігін байқатты.

Зерттеу жұмысы барысында Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты «Шаған-Жер», күріш шаруашылығы көрсеткіштерін пайдалана отырып, жаңа ақпараттық технологиялар көмегімен шаруашылық құрылымдарын жоспарлауды жүргізу өндіріс тиімділігін арттыратынын көрсетті. Ауылшаруашылық өндірісі кәсіпорнының оптималды құрылымын анықтау моделін агроөнеркәсіп саласы шаруашылықтарында қолдануға болады. Ұсынылып отырған модель қазіргі таңда кең қолданыстағы компьютерлік операциялық жүйелермен үйлесімді, және ауылшаруашылығы мамандарынан шаруашылық өндірісі тиімділігін аттыруда маңызды орын алатын оптималдылық есептерін шешу мен талдау тұрғысынан терең білімді талап етпейді.

Арал теңізінің экологиялық зардаптары әсері мен агротехника шарттарының дұрыс сақталынбауы нәтижесінде аймақта жер құнарлылығы төмендеуі себепті күріш өндірісінің тиімділігін арттыру мәселесінің бір ұшы тыңайтқыштарды ендірудің оптималды деңгейін анықтауға тіреледі. Осыған орай жұмыста Қызылорда облысы күріш шаруашылықтарының өнімділік деңгейіне әсер ететін тыңайтқыштарды пайдалану көрсеткіштеріне орай бір, үш және төрт факторлы талдаулар жасалды.



Жұмыстың негізгі нәтижелері:

  1. Қызылорда облысының күріш өндірісінің даму деңгейі мен қарқынына талдау жасалып, күріш шаруашылықтары құрылымдарының негізгі көрсеткіштері негізінде шаруашылықтардың табыстылық деңгейлері сарапталды және талдау жүргізілді.

  2. Ауылшаруашылығы кәсіпорны өндірісі тиімділігін арттыру мақсатында қолданыста жүрген экономикалық-математикалық модельдеу әдістеріне шолу мен талдау жасалды.

  3. Ауылшаруашылығы өндірісін тиімді басқару, оптималды шешімдерді қабылдау және жұмыс нәтижесін бағалауда жаңа ақпараттық технологиялардың орны мен маңыздылығы зерттелді.

  4. Күріш шаруашылықтары өнімдерін болжаудың адаптивті моделі құрылды.

  5. Зерттеу нысаны негізінде күріш шаруашылығының жоғары деңгейдегі экономикалық тиімділікке қол жеткізуіне мүмкіндік беретін ауылшаруашылығы кәсіпорны салаларының үйлесімді құрылымын анықтау есебі шешілді.

  6. Зерттеу жұмысы барысында құрылған күрiш шаруашылықтарының өндiрiс құрылымын оптималдау есебiнiң экономикалық-математикалық моделi өз тиімділігін көрсетті.



Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі

  1. Экономикалық зерттеулерде болжаудың адаптивті әдістерін қолдану// «Ақмешіт хабаршысы» журналы. Қызылорда, 2011(бірлескен авторлықпен)

  2. Экономикалық шешімдерді қабылдау процесінің ақпараттық технологиясы//«Ғарыш және адам» Ғарышты игеру дәуірінің 50 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Қызылорда-Киев, «Болашақ» университеті, 2011, 205-207б.(бірлескен авторлықпен)

  3. Ауылшаруашылығының басқару шешімдерін қалыптастыру мен модельдеу// Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Хабаршысы. Қызылорда, 2011, №1/31/, 55-58б.(бірлескен авторлықпен)

  4. Ауылшарушылығы мамандарын оқыту үдерісінде ақпараттық технологияны пайдалана отырып математикалық модельдерді қолдану жолдары// Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Білім мен ғылымның инновациялық дамуы: бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың проблемалары мен болашағы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Қызылорда, 2011-(бірлескен авторлықпен)


РЕЗЮМЕ
МЫРЗАМУРАТОВА АИДА АСКЕРБЕКОВНА
Моделирование повышения эффективности сельскохозяйственного производства на основе новых информационных технологий

(на примере рисоводческих хозяйств Кызылординской области)
6М070300 – Информационные системы
Предмет и объект исследования. Предметом исследования является экономическое развитие сельскохозяйственных предприятий, определение роли экономико-математического моделирования в управлении, прогнозировании и планировании деятельности предприятия в целях повышения эффективности производства. Объект исследования – рисоводческие хозяйства различных форм хозяйствования Кызылординской области.

Цель и задачи диссертационной работы. Цель работы – исследовать теоретико-методологические и практические основы моделирования, позволяющие определить основных направлений развития и повысить эффективность сельскохозяйственного производства. А также применение моделей в оптимизации структур отраслей рисоводческих хозяйств.

Научная новизна исследования. В процессе проведенного исследования получены следующие результаты, определяющие научную новизну работы:

  • Проведен анализ и определены роль и место применения информационных технологий в региональных сельскохозяйственных предприятиях;

  • Разработана адаптивная модель прогнозирования урожайности сельскохозяйственных культур;

  • Разработана модель оптимального управления, позволяющая повысить эффективность сельскохозяйственного производства;

  • Предложены пути совершенствования управления, принятия решений на основе новых информационных технологий в АПК.

Научно-практическая значимость работы. Результаты работы могут быть применимы в рисоводческих хозяйствах для повышения эффективности производства и оптимального планирования соотношения отраслей.

Теоретические и практические разработки могут применяться в учебном процессе подготовки кадров сельскохозяйственных специальностей и как дополнительный материал при изучении различных экономических дисциплин.



Апробация результатов исследования. Основные положения и результаты работы изложены на международных, республиканских и региональных научно-практических конференциях, опубликованы в изданиях, рекомендованных Комитетом по надзору и аттестации в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан.

SUMMARY
MURZAMYRATOVA AIDA ASKERBEKOVNA
Modeling of increase of efficiency of agricultural manufacture on the basis of new information technologies

( On an example rice of economy of Kyzylorda area)
6М070300 - Information systems
Subject and object of research. A subject of research is the economic development of the agricultural enterprises, definition of a role of economic-mathematical modeling in management, forecasting and planning of activity of the enterprise with the purposes of increase of a production efficiency. Object of research - rice of economy of the various forms of managing of Kyzylorda area.

The purpose and tasks dissertation. The purpose of work - to investigate theoretical, methodological and practical bases of modeling allowing to determine of the basic directions of development and to increase efficiency of agricultural manufacture. And also application of models in optimization of structures of branches rice of economy.

Scientific novelty of research. During the carried out research the following results determining scientific novelty of job are received:

  • the analysis is carried out and are determined a role and place of application of information technologies in the regional agricultural enterprises;

  • the adaptive model of forecasting of productivity of agricultural cultures is developed;

  • the model of optimum control allowing to increase efficiency of agricultural manufacture is developed;

  • the ways of perfection of management, acceptance of the decisions are offered on the basis of new information technologies in agricultural manufacture.

The scientific-practical importance of job. The results of job can be applicable in rice economy for increase of a production efficiency and optimum planning of a ratio of branches.

The theoretical and practical development can be applied in educational process of training of personnel of agricultural specialty and as an additional material at study of various economic disciplines.



Approbation of results of research. The basic rules and results of job are stated at the international, republican and regional scientific - practical conferences, are published in the editions recommended Committee on supervision and certification in sphere of education and a science of Ministry of education and a science of Republic of Kazakhstan.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет