Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу



жүктеу 162.22 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі162.22 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 95d7dec52b48ff704625707b0039e62d -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
$FILE -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы №195-1 Заңы
$FILE -> Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының №11 нормативтік қаулысы
$FILE -> Аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату жөнінде заңдардың кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы «Аралық соттар туралы»
$FILE -> Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының №9 нормативтік қаулысы
Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына

шолу

Республикасы Жоғарғы Сотының 18.06.2004 жылғы № 10 Нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен қоса)" № 6 Нормативтік қаулысында берілген.

Ар-намыс - тұлғаның рухани және әлеуметтік сапасының деңгейі, қоғамның беретін бағасы.

Абырой - тұлғаның өз рухани байлығын, рухани санасын, қоғамдағы маңыздылығын, орнын іштей бағалауы.

Іскерлік бедел - тұлғаның іскерлік (өндірістік, мамандылық) беделіне қоғам пікірі бойынша тұрақты берілген баға.

Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі - Конституция) 17-бабының 1-тармағына сәйкес адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды. Конституцияның 18-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абырой-атағын қорғауына құқығы бар.

Әркiм өзiнiң жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығын сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тiкелей белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi.

Конституцияның 20-бабына сәйкес, сөз бен шығармашылық еркiндiгiне кепiлдiк берiледi.

АК-нің 141-бабының 2-тармағы мүлiктiк емес өзiндiк құқықтардың қорғалуын азаматтық iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiп бойынша соттың жүзеге асыруын көздейді. Ал АК-нің 144, 145 және 146-баптары жеке бастың құпиясын сақтау құқығына, өз бейнесіне құқығына, тұрғын үйге қол сұғылмау құқығына арналған.

Сондықтан Конституциямен көзделген әркімнің ар-намысы мен абыройын қорғау құқығының сот тәртібімен қорғалуы сөз бен бұқаралық ақпарат еркіндігінен осы құқықтарды асыра пайдалануды шектейді.

Осы норманың мәні 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңда (бұдан әрі "БАҚ туралы" Заң) тиянақты түсіндірілген.

АК-нің 143-бабының 4-тармағы бұқаралық ақпарат құралдарында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы азаматтың немесе заңды тұлғаның талабы, егер бұқаралық ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған ретте, сотта қаралатынын қарастырады, сот талапкердің мәліметтерді теріске шығару туралы өтінішпен редакцияға жүгінгені туралы уәждерін тексеруі қажет, бірақ редакция белгіленген мерзімдерде оның арызын қарамаған, сондықтан ол сотқа жүгінген.

"БАҚ туралы" Заңның 19-бабында БАҚ-та таратылған нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығарудың тәртібі толық реттелген. АК-нің 143-бабының 2-тармағына сәйкес, ар-намысқа, қадiр-қасиетке немесе iскерлiк беделге қол сұғылған барлық жағдайларда тұлғаға сот қорғауы ұсынылады.

"БАҚ туралы" Заңның 19-бабының 3-тармағына сәйкес, азаматтың немесе заңды тұлғаның бұқаралық ақпарат құралында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы талабы, егер бұқаралық ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған жағдайда, сотта қаралады.

Осылайша, Уруновтың және "Фирма Рауза" ЖШС директоры Суртубаеваның "Сақшы - На страже" газетінің редакциясына ар-намысын, қадiр-қасиетін және iскерлiк беделін қорғау және 5 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы, олардың редакцияға теріске шығаруды жариялау туралы кінә қойылмаған деген негіздемелер бойынша Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының 2004 жылғы 20 мамырдағы ұйғарымымен қараусыз қалдырылған.

Сонымен қатар, соттардың көпшілігі заңның осы талабы міндетті емес деп, Конституциядағы әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар деген нормаға сілтеме жасап, тиісінше азамат ар-намысына, қадiр-қасиетіне немесе iскерлiк беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді, ал заңды тұлға - iскерлiк беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығаруды сот арқылы талап етуге құқылы деп есептейді. Біздің ойымызша осы көзқарас дұрыс емес, себебі бұл жағдайда заңмен көзделген мәліметтерді теріске шығару тәртібі бұзылады, сонымен қатар Конституция мен тиісті заңдардың қағидалары арасында ешбір түсінбеушіліктер жоқ деп есептейміз.

Сот практикасын қорыту соттардың осы санаттағы істерді негізінен дұрыс шешетінін көрсетті. Сонымен қатар сот практикасының біркелкілігі және оның заңға сәйкестігі туралы айтуға әлі ертерек. Бұл жағдайға қатысты төмендегі мысалды келтіруге болады. Красавскаяның Есенге ар-намысын, қадiр-қасиетін және iскерлiк беделін қорғау және 25000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өндіру туралы талабы бойынша, Есеннің "Колутон" СС басшысы Сәттібаевқа, Красавскаяға ар-намысын, қадiр-қасиетін және iскерлiк беделін қорғау және 50000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өндіру туралы қарсы талабы туралы іс бойынша Ақмола облысының Астрахан аудандық сотының 2004 жылғы 22 маусымдағы шешімімен Красавскаяның Есенге қойған талабы қанағаттандырылып, Красав-скаяның атына айтылған балағаттаулар мен айыптаулар шындыққа сәйкес келмейді деп танылған және Есенге Астрахан ауданының Ковыленко селосында көпшілік алдында кешірім сұрау және 25000 теңге моральдық зиян төлеу міндеті жүктеліп, өз еркімен төлеу үшін 15 күн берілген.

Есеннің Красавскаяға қойған ар-намысын, қадiр-қасиетін және iскерлiк беделін қорғау және 50000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өндіру, ҚР ҚК-нің 130-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту, сондай-ақ Сәттібаевті Есеннің отбасына тиісті 26 га жерді 6 жыл бойы пайдаланғаны үшін 500.000 теңге дивиденд төлету туралы қарсы талабы дәлелденбенгендіктен қанағаттандырусыз қалдырылған. Соттың осы шешімі соттардың бұл санаттағы істерді қарауы кезінде процессуалдық және материалдық құқық нормаларын ұдайы сақтамайтынын көрсетті.



Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы “Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы” № 6 нормативтік қаулысының 2-тармағы төмендегіні көздейді: АК-нің 141, 143-баптарымен, АІЖК-нің 24 және 152-баптарымен көзделген тәртіпте және негіздер бойынша қозғалған азаматтық істерді қарағанда соттар мынадай жағдайларды толық анықтауы керек: 1) талап бойынша бекерге шығару туралы көрсетілген мәліметтер таратылған ба, 2) олар ұйымның атағына, азаматтың ар-намысына және абыройына кір келтіре ме, 3) мәліметтер шындыққа жата ма. Осы нормаға сәйкес азаматтың ар-намысын, қадiр-қасиетін және iскерлiк беделін қорғау үшін арнайы тәртіп қарастырылған: таратылған нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығару және жоғарыда аталған үш шарт сақталған жағдайда осы тәсіл пайдаланылады. Сонымен қатар мәліметтер шындыққа ұласып, бірақ олар қорлау түрінде болып, талапкердің атына кір келтіретін түрде айтылып не мәліметтердің шындыққа ұласатынын тексеру мүмкін болмағандықтан, олар бағалау сипатына ие деген пікір жауапкердің субъективті пікірі болып табылады. Осы мәселелерді заң деңгейінде шешу қажет деп ойлаймыз.

Егер де басқа ақпарат көздерінен алынған ақпарат таратылса, сол ақпарат көзі жауапкер ретінде тартылады, мұндай жағдайда таратылған мәліметтердің шындыққа жататындығын аталған жауапкер дәлелдеуге міндетті.

"Конденсат" іскерлік беделін қорғау туралы ААҚ "Журналистская инициатива" ЖШС-ға талап қойып сотқа жүгінген. Меншік иесі аталған ЖШС болып табылатын "Уральская неделя" газетінің, "Экология" айдарында "Невидимая угроза" мақаласын жариялағаны талаптың негізіне алынған. Осы мақалада жарияланған акционерлік қоғамның өндірістік қызметіне кір келтіретін мәліметтерден қоғамдық пікірдегі іскерлік беделінің шектелуіне әкеп соққан.

Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының 2004 жылғы 23 наурыздағы шешімімен талап қанағаттандырылған.

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2004 жылғы 13 мамырдағы қаулысымен және осы соттың қадағалау алқасының 2004 жылғы 7 қазандағы қаулысымен соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Сонымен қатар, даулы мақалада жергілікті басылымдарда, атап айтқанда "Біздің жаңалық" газетінде Төтенше жағдайлар қызметінің жоғарыда айтылған қоныс аударуды қатты иіске байланысты жүзеге асыруға мәжбүр болғаны ғана көрсетілген. "...Сол күні жел солтүстік-батыстан, "Конденсат" ААҚ-ның мұнай базасы орналасқан жақтан соқты".

Сот бұл газеттің пікірі, алайда бұл қорытынды мұқият тексеруді талап етеді, себебі газетте мамандар мен мұнай базасы әкімшілігі тараптарынан айтылған әртүрлі пікірлер келтірілген деген тұжырымға келген. Осыған байланысты мақала авторы қандай да болмасын мәліметтерді өз атынан баяндағанын немесе қандай да болмасын пікірдің рас екенін мақұлдағанын сот жан-жақты анықтауы тиіс еді. Себебі "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңның 26-бабының 3-тармағына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралында шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқаны үшін: егер олар өкілді органдар депутаттарының, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды тұлғалардың және азаматтардың ресми сөйлеген сөздерінің сөзбе-сөз қайталанып берілуі болса, бас редактор (редактор), сондай-ақ журналист жауапты болмайды.



Жауапкер таратқан мәліметтердің шындыққа сәйкес келетінін, ал талапкер өзінің атына кір келтіретін мәліметтерді тарату фактісін ғана дәлелдейді.

АК-ның 141-бабы 3-тармағының және 143-бабының 1-тармағының осы қағидаларын кейбір соттар жартылай орындайды, яғни олар талапкер мәліметтерді тарату фактісін ғана дәлелдеуі тиіс дегенді басшылыққа алып, талапкер мәліметтерді тарату фактісін ғана емес, атап айтқанда өзінің атына кір келтіретін мәліметтерді дәлелдеуі тиіс екенін назардан тыс қалдырады.

Мысал ретінде, мынаны атап өткен жөн: мемлекеттік органдардың қызметіне өзінің міндеттері мен өкілеттіктерін орындау туралы бұқаралық ақпарат құралдарында сын айтылуы мүмкін, себебі олардың қызметі жариялы болып табылады. Сондықтан мемлекеттік органдар БАҚ-та жарияланған не айтылған мәліметтер өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайды деп есептесе, олар сол БАҚ-та жауап беріп, суреттелген жағдайға өзгеше баға беруі мүмкін. Бұл мәселені заң деңгейінде шешкен жөн. Қазіргі кезде сыни жарияланымдарға қатысты жағдайды күрделендірмей, түсінбеушілікті шешуге осындай көзқарас қалыптастыруы мүмкін.

Егерде таратылған мәліметтер нұқсан келтірмейтін болса, ондай те-ріске шығару туралы талап қанағаттандырылмайды.

Мысалы, талапкерлер Юрьев, Предеха, Таниев, Даржұман, Осадчий, Кабурнеев және Қожанов, Дворецкийге ар-намысын, қадір-қасиетін, іскерлік беделін қорғау туралы талап қойып сотқа жүгінген. 2004 жылғы 26 тамыздағы № 34 (547) "Наш край" облыстық газетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Дворецкийдің сайлауалды бағдарламасы басылған болатын, осы мақалада талапкерлердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтер таратылғанын талапкерлер өздерінің талаптарының негізіне алған. Дворецкийдің "Бұрынғы аупартком хатшыларының мафиясын - ауылды күйреткені үшін жауапқа. Ауылдағы номенклатуралық шегірткелердің жүгенсіздігі жойылсын" деген сөздерін талапкерлер өздерінің атына айтылған деп бағалаған, себебі бұрын олар аупартком хатшылары қызметтерін атқарғанда ауылды дамыту жұмысына басшылық жасаған, өздерінің пікірінше осы жұмысты толық орындап, қоғамның тиісті құрметіне бөленіп еңбегімізді сіңірдік деп есептейді. Сайлауалды бағдарламаны жариялаудан өздеріне жан азабы мен күйзеліс, моральдық зиян келтірілді, осыған байланысты жауапкердің көпшілік алдында кешірім сұрауын және әрқайсысына 3 миллион теңге моральдық зиян өндіруді талап етеді.

Павлодар қалалық сотының 2004 жылғы 19 қарашадағы шешімімен талапкерлердің талабы ішінара қанағаттандырылып, Дворецкийдің "Бұрынғы аупартком хатшыларының мафиясын - ауылды күйреткені үшін жауапқа. Ауылдағы номен-клатуралық шегірткелердің жүгенсіздігі жойылсын..." деген сөздері шындыққа сәйкес келмейді, талапкерлердің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіреді деп танылған. Дворецкийге кешірім сұрап, сол бұқаралық ақпарат құралына теріске шығаруды жариялау міндеті жүктелген және талапкер Исаевты қоспағанда, әр талапкердің пайдасына 250 000 теңгеден өндірілген.

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2005 жыл-ғы 22 ақпандағы қаулысымен соттың шешімі өзгертілді, өндірілген моральдық зиянның соммасы 100 000 теңгеге дейін түсіріліп, қалған бөлігінде өзгеріссіз қалдырылды.

Даулы сөздердің 2004 жылғы № 27 Павлодар облыстық "Наш край" газетінде "Три "за" - "Защита! Зарплата! Закон!" айдарымен, яғни депутаттыққа кандидат Дворецкийдың сайлауалды бағдарламасында жарияланғаны сотпен анықталған, осы орайда сөздер Дворецкийдың бұрынғы аупартком хатшыларының қызметіне сын көзбен қарап айтылған сөздер болып, шындыққа жатпайтыны, таратылған мәліметтер қатарына жатқызуға болатыны не болмайтыны туралы мәселе шешімін таппаған. Өйткені заңның мағынасына сәйкес (АК-нің 143-бабы), сын көзбен айтылған сөздердің шындыққа сәйкес келеді не келмейді деп, оның нысанасы бойынша оларды тексеру мүмкін емес, тиісінше сот сол сөздер шындыққа сәйкес келеді деген тұжырымды ертерек жасаған.

Дауланып отырған жауапкердің сөздері талапкерлердің ар-намысын, қадір-қасие-ті мен іскерлік беделіне қалай нұқсан келтіретінін соттың негіздемегені, соттың істі талқылау барысында жіберген кемшілігі болып табылады. Осы сөздердің теріс-сын сипатқа ие екені рас, бірақ осы пікірлер мен нақты талапкерлердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірудің арасындағы себепті байланыс іс материалдарымен дәлелденбеген.



Талап арыздағы пікірді іс бойынша тараптың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату деп тануға болмайды, себебі бұл ұйымға, лауазымды тұлғаға берілген арыз, немесе бірнеше тұлғаға не болмаса бір тұлғаға берілген хабардың өзге сипаты болып табылмайды. Мұндай қарсылықтар АІЖК-нің 15-бабына сәйкес, тараптың мәлімделген талабы бойынша өз пікірін және айқындамасын таңдау құқығы болып табылады.

Егер даудың тууына себеп болған мәліметтерді басқа істі қарау барысында оған қатысқан тараптар, сондай-ақ іске қатысқан тұлғаларға қатысты куәлар хабарланып, сол іс бойынша дәлелдемелер болып табылып, шешім шығару кезінде сот оларға баға берсе, олар АК-нің 143-бабымен көзделген тәртіппен дауланбайды, себебі АІЖК-нің нормаларымен осы дәлелдемелерді зерделеу мен баға берудің арнайы тәртібі белгіленген. Мұндай талап негізі бойынша осы мәліметтерге, бұған дейін қаралған істер бойынша дәлелдемелер соттың қайта баға беруін талап ету болып табылады.

Егер мұндай мәліметтерді жоғарыда аталған тұлғалар сот процесіне қатысушы болып табылмайтын басқа тұлғаларға қатысты таратса, осы мәліметтерді шындыққа сәйкес келмейді және атына кір келтіреді деп санайтын тұлғалар өздерінің құқықтарын АК-нің 143-бабымен көзделген тәртіппен қорғай алады.

Кешірім сұрау ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді сот арқылы қорғау тәсілі ретінде заңда көзделмеген, бірақ тәжірибеде әрбір іс бойынша орын алған.

Мысалы, талапкер Ұлықпан жауапкер Ерболат Қазтайдан 300 000 теңге моральдық зиян өндіру туралы сотқа талап берген. 2001 жылдың 18 қаңтарында жау-апкер талапкердің келісімінсіз оны алып қашып, 6 ай бойы өзінің үйінде күшпен ұстаған. Жауапкердің кінәсімен оның адал атына нұқсан келтірілген, себебі алып қашқанына 6 ай өткеннен кейін жауапкер оны жариялы түрде үйіне қайтарған. Жауапкердің әрекеттерінен талапкер жан және тән азабына, түңіліп, ұялып, қажып, жайсыздыққа душар болып, моральдық зиян келтірілген.

Жауапкер талапты мойындамай, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы қарсы талап қойып, талапты мойындамайтыны және қазақтың дәстүрі бойынша жауапкердің келісімімен оны үйіне алып келгені, келесі күні оның туысқандары келіп некеге келісімін бергені туралы жауап берген. Жауапкер қарсы талабында оны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өзінің мақалаларын жоққа шығарып, өзінен кешірім сұрап, төлеген мемлекеттік бажды қайтаруға міндеттеуді сұраған.

Айыртау аудандық соты қарсы талапты қанағаттандырып, жауапкер Ұлықпанға "Бұқпа" газеті арқылы өзінің Ерболат Қазтайға қатысты мақалаларын теріске шығарып кешірім сұрау міндеті жүктелген.

Ешбір адам өзінің пікірі мен көзқарастарын айтуға не олардан бас тартуға мәжбүрленбейтінін ескеріп, осы санаттағы істер бойынша соттар жауапкерлерді талапкерлерден қандай да болмасын нысанда кешірім сұрауға міндеттеуге құқығы жоқ. Осы жерде кейбір соттардың осы санаттағы істер бойынша көпшілік алдында кешірім келтіру міндетін жүктеу қолданыстағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Сот тәжiрибесiнде жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделiн қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану туралы" нормативтік қаулысының 12-тармағының талаптарына сәйкес келеді деген пікір қалыптасқан. Мұндай түсіндірме дұрыс емес, себебі Қаулының аталған тармағында нұқсан келтiру мәлiметтерiнiң шындыққа жатпайтынын жариялы түрде хабарлауды қамтамасыз ету (шешiмдi еңбек ұжымы жиналысында хабарлау, шешiм шығару туралы ақпарат құралдары, радио, теледидардан т.с.с. хабарлау) туралы айтылған.

Зерделенген істердің арасында тараптардың бітімгершілік келісім жасасуы да кездесті, оның мақсаты ретінде бір-бірінен кешірім сұрау көзделген.

Осы орайда тараптардың екіжақты келісімі бойынша жауапкердің шындыққа сәйкес келмейтін және талапкердің атына нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуына байланысты кешірім сұрауы туралы бітімгершілік келісім өзге тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынына және заңға қайшы келмейтініне, бұған тыйым салынбауына байланысты, сот жасалған бітімгершілік келісімді бекітуге құқылы.

Талаптарды қанағаттандыруда шешiмнiң қорытынды бөлiмiнде нақты қандай кiр келтiретiн мәлiметтер шындыққа сәйкес келмейтiнiн және қандай тәсiлмен олар терiске шығарылуына жататыны мiндеттi түрде көрсетiлуi керек.

Мысалы, Мақтаарал аудандық № 2 соттың 2004 жылғы 22 қазандағы шешімімен № 2-599 (мемлекеттік тілде қаралған) іс бойынша Нұржановтың және Беркімбаевтарға ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау және моральдық зиянды өндіру туралы талабы ішінара қанағаттандырылып, жауапкерлерге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атына жазған шағымдарды теріске шығарып, "Оңтүстік Қазақстан" облыстық газеті арқылы кешірім сұрап, 100 000 теңге мөлшерінде (талап 3 млн. теңгеге қойылған) моральдық зиянды өтеу міндеті жүктелген. Шешім апелляциялық сатының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысымен өзгертіліп, шешімнің қарар бөлігінен облыстық газетке жариялау міндеті алынып тасталған, бірақ осы істің сотта қаралғаны туралы жариялау қажет деген, алайда нақты қандай басылымда жариялау керек екені көрсетілмеген, бұл Жоғарғы Соттың 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулысының 12-тармағына қайшы келеді.



Моральдық зиянның мөлшерін есептеу әдістемесі, шығындармен салыстыру.

Бұл жерде соттар ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді бұзудан туындаған мүліктік және мүліктік емес зиян, зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер нормасы бойынша өтелетінін назардан шығармағаны жөн. Осы нормаларға сәйкес мүліктік зиянды (шығындарды) мәліметтерді таратуға кінәлі болғандығына, ал моральдық зиян үшін өтемақы кінәнің болуы не болмауына қарамастан өтеледі.

Моральдық өтемақының мөлшерін сот өз бетімен анықтайды, осы орайда әділдік пен парасаттылық талаптарын сақтау қажет. Осы мәселе Нормативтік қаулының 13-тармағында көрсетілген: билік шығарылғанда рухани зиянның (мүлікке жатпайтын) мөлшері кір келтіретін мәлімдеменің мағынасына қарай (қылмыс жасады деуі, әкімшілік-құқықты, азаматтық құқықты бұзуды, адамгершілікке жатпайтын қылық жасады, т.б.), оның қаншама жарияланғанына, жауапкердің кінәсінің түріне, оның тұрмыс жайына және басқа да еске алуға жататын жағдайға байланысты ақшалай есептеледі. Осы мәселе бойынша да сот практикасы бір қалыпты қалыптаспағанын атап өткен жөн, себебі заңда моральдық зиянды өтеу мен оның мөлшері туралы нақты талаптар жоқ. Біздің ойымызша, сот моральдық зиян өтем-ақысының мөлшерін анықтағанда жарияланымның сипаты мен мазмұнын, сондай-ақ шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді тарату деңгейін ескеруі тиіс. Осы орайда өндірілетін моральдық зиянның мөлшері келтірілген зиянға сәйкес және ақпарат құралының бостандығын шектемеуі тиіс (жауапкер ретінде БАҚ қатысатын істер бойынша).

Таратылған мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіндігін соттар қалай анықтайды, қандай ерекшеліктері бар.

Қолданыстағы заңдарда шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтердің қатарына нені жатқызу керек екені анықталмаған. Сонымен қатар, дауланып отырған мәліметтер қатарына, іс жүзінде болмаған, шындыққа сәйкес келмейтін жағдайларды немесе оқиғаларды жатқызуға болады деген пікірмен келісуге болады.

Шындыққа сәйкес келетінін тексеруге болатын жағдайлар мен шындыққа сәйкес келетінін не келмейтінін тексеру мүмкін емес АК-нің 143-бабына сәйкес сот ар-қылы қорғаудың нысанасы болып табылмайтын, жауапкердің жеке басының пікірі мен көзқарасы болып табылатын бағалау тұрғысындағы ой пікірін, пікірін, сенімін, соттар ажырата білуі тиіс. Егер жеке бастың пікірі қорлау, яғни жауапкердің ар-намысын, қадiр-қасиетiн және іскерлік беделін кемсiту түрінде айтылса, жауапкер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 130-бабына (қорлау) сәйкес қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.

Біздің ойымызша, бұл мәселені азаматтық тәртіппен, қолданыстағы ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау (АК-нің 143-бабы) және моральдық зиянды өтеу (АК-нің 951-бабының 3-тармағы) туралы нормаларға тиісті өзгерістер енгізу арқылы шешкен жөн. АК-нің 143-бабын мынадай мазмұндағы тармақпен толықтыруға болар еді: "Өзіне қатысты қорлау түріндегі, шындыққа сәйкес келетін, бірақ ар-намысын, қадір-қасиетін немесе іскерлік беделін кемсітетін мәліметтер таратылса, азамат немесе заңды тұлға моральдық зиян мен шығындарды өтеуді талап етуге құқылы".

Ал АК-нің 951-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына мынадай толықтыру енгізілсе: моральдық зиян шындыққа сәйкес келетін, бірақ ар-намысты, қадір қасиетті және іскерлік беделді кемсітетін мәліметтерді таратумен келтірілген жағдайда өтеледі.

Жеке немесе заңды тұлғалардың мемлекеттік не өзге органдарға берген өтініштерінің (шағымдарының) уәждері расталмаған жағдайда, қандай жағдайларда сотқа ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы жүгінуге болады.

Апелляциялық алқаның 2004 жылғы 22 сәуірдегі қаулысымен Сыздықовтың Дауылбаевқа, Өмірбаевқа және басқаларға қойған талабы бойынша Астана қаласының Алматы аудандық сотының 2004 жылғы 27 ақпандағы шешімінің күші жойылып, талапты қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылданды.

Іс материалдарына сәйкес, талап мынаған негізделген: 1997 жылы жауапкерлердің талапкер жала жапты деген арызы бойынша оған қатысты қылмыстық іс қозғалған. Кейіннен өзінің әрекеттерінде қылмыстың құрамы болмағандықтан ол ақталған, осыған байланысты жауапкерлер өзіне келтірілген моральдық зиянды өтеу-ге тиіс деп санайды.

Сонымен қатар апелляциялық сатының соты, талапкер сот талқылауы барысында жауапкерлердің өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратып, моральдық зиян келтіргенін дәлелдей алмағанын айтқан. Атап айтқанда, талапкер, өзін жауапқа тартқанда, жауапкерлердің алдын ала тергеу органдарына қалай ықпал еткені мен олардың кінәлі әрекеттерін дәлелдей алмаған.

Келтірілген мысал бойынша екінші сатыдағы соттың ұстанымы дұрыс, бірақ осы санаттағы істерді соттар ұдайы дұрыс шешпей келеді.

Осы орайда соттар мынаны назардан шығармағаны жөн: егер азамат әр түрлі мемлекеттік органдарға қандай да болмасын мәліметтер келтіріп, арыз берсе, бірақ бұл мәліметтер оларды тексеру барысында расталмаса, осы мән-жай сол тұлғаны АК-нің 143-бабымен көзделген азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартуға негіз болмайды, себебі бұл шындыққа сәйкес келмейтін нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату емес, бұл жағдайда тұлға өзінің органдарға жүгіну жөніндегі конституциялық құқығын іске асырған, ал осы органдар заң талаптарына сәйкес түскен ақпаратты тексеруге міндетті. Мұндай талаптар мына жағдайда, егер істі қарау барысында сот осы органдарға жүгінуге негіз болмай, өзінің азаматтық міндетін орындаумен немесе құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғаумен емес, тек басқа тұлғаға зиян келтірумен байланысты екенін, яғни құқықты асыра пайдаланғаны анықталса ғана қанағаттандырылуы мүмкін.



Ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау туралы және материалдық игіліктерді (тұрғын үйге, жеке өмірге қол сұғылмаушылық және т.б.) қорғау туралы істерді қарау кезінде соттардың моральдық зиянды өндірудегі көзқарастары қандай.

Қорыту, материалдық емес игіліктерді (144-146-баптар) бұзудан туындайтын моралдық зиянды өтеу туралы істер аз екенін көрсетті, сондықтан қатар соттардың моральдық зиянды өтеу негіздері кінәнің болуымен байланысты екенін назардан шығармағандары жөн, егер зиян ар-намысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделге нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату арқылы келтірілсе, оны таратушының кінәсіне қарамастан өндіріледі, ал басқа жағдайда зиян келтірушінің кінәсін дәлелдеу керек.

Соттар ар-намыс, қадір-қасиет пен іскерлік беделді қорғау (АК-нің 141-143-баптары) туралы істерді, өзге материалдық игіліктерді қорғау (АК-нің 144-146-баптарымен көзделген) туралы істерден ажырата білуі тиіс, өйткені Конституциямен және заңдармен арнайы қорғалатын азаматқа қатысты шындыққа сәйкес келетін мәліметтер тарату, талапкердің ар-намысы, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтірмей, моральдық зиян келтіруі мүмкін.

Біздің ойымызша өз бейнесіне құқықпен байланысты мәселелер жеке зерделеуді талап етеді, себебі АК-нің 145-бабының талаптарына сәйкес өте көп даулар туындауы мүмкін. Бірақ осы мәселелерді шешу заңды дұрыс түсінбеуден емес, заң тұрғысындағы мәселелермен байланысты болғандықтан соттар адалдық, парасаттылық пен әдiлеттiлiк нормаларын басшылыққа алады.


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

азаматтық істер жөніндегі алқасы



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет