Мүмін әйелдерге қатысты үкімдерге ескертулер


Ас – суфра және Әл – Кудраға байланысты үкімдер



бет2/8
Дата28.04.2016
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Ас – суфра және Әл – Кудраға байланысты үкімдер

Ас-суфра: сарғыштау келген, ірің сияқты нәрсе. Әл-Кудра қою кір судың түсі сияқты нәрсе. Егер әйелге өзінің әдеттегі етеккір келетін уақытында Әл-Кудра немесе Әс-Суфра келсе, оны етеккір деп есептейді, және олар жоғарыда айтылған етеккірдің үкімін алады. Ал – егер олар әеттегі етеккір келмейтін уақытта келсе, оларды етеккір деп есептемейді де, әйел өзін тазамын деп санайды. Өйткені Умму Атия (оған Аллаһ разы болсын): "Етеккірден тазарғаннан кейін суфра және кудрыны ешнәрсе емес деп есептейтін едік"[37]-деген. Имам Бухарйи бұны:"Тазарғаннан кейін" - деген сөзді айтпастан риуает етті. Хадис иелерінде бұл "Рофғ" [38]үкімін алады. Өйткені бұл пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) осыны мойындауы деп есептеледі. Бұның түсінігі – қудра мен суфра тазарудан бұрын етеккір болады және соның үкімін алады.



Пайдалы мәселе:

Сұрақ: Әйел өзінің етеккірінің біткенін қалай біледі?

Жауап: Оны қанның тоқтауымен біледі. Бұл екі белгімен болады:

Біріншісі: Етеккір қанына еріп гипстың суына ұқсайтын ақ судың келуі. Ол кейде ақтан басқа түс болып та келуі мүмкін, оның түсі әйелдердің жағдайларының әр – түрлі болуымен өзгеруі мүмкін.

Екіншісі: Құрғақтық. Ол бір шүперек не мақтаны мүшесінің ішіне кіргізіп, кейін оны құрғақ күйінде, қан не кудра немесе суфраның еш қайсысы жағылмаған күйінде шығаруы.

4 – Әйелдің етеккірі біткеннен кейін істейтін нәрселері.

Етеккір біткенннен кейін әйелге ғусл алуы керек. Ол суды бүкіл денесіне тазалану ниетімен құюы арқылы болады. Өйткені пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) етеккір болған әйелге : "Егер етеккірің келсе намазды қой, ал егер кетсе жуын да намаз оқы"[39] – деді:



Етеккірден ғусл алудың сипаты:

Намаз сияқты нәрселерге дәрет алуды не дәретсіздікті кетіруді ниет қылуы, кейін: "Бисмиллә" деуі, кейін барлық денесіне су құю, шаштарыңның түбіне су жеткізіп тигізуі, егер шашы өрілген болса оны шешудің қажеті жоқ, тек оны сулайды болды. Егер сидр[40], не басқа нәрселермен жуса жақсы. Жуынып біткеннен соң мақтаға миск немесе басқа жақсы иісті нәрсе жағып етеккір келген жерге салып қоюы мустахаб болады. Өйткені пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын) Асмаға (оған Аллаһ разы болсын) соны бұйырған.



Маңызды ескерту:

Егер етеккір не нифас көрген әйел күн батудан бұран тазарса, оған сол күннің зухрмен аср намазын оқуы керек. Егер олардың біреуі таң атудан бұрын тазарса, оған сол түннің мағриб пен иша намаздарын оқуы керек. Өйткені үзірлі жағдайда екінші намаздың уақыты – бірінші намаздың уақыты болады.

Шейхуль ислам ибн Таймия өзінің фатауасында (22/434) былай деді: "Осы үшін (Мәлик, Шафиғи және Ахмад сияқты) жалпы ғұламалар – егер етеккір көрген әйел күннің ақырында тазарса, зухр мен асрды қосып оқиды. Егер түннің ақырында тазарса мағриб пен ишаның барлығын оқиды. Бұл Абду Рахман ибн Ауф, Абу Һурайра және Ибн Аббастан жетті. Өйткені үзірлі жағдайда уақыт екі намаз арасында серіктес болады. Сондықтан әйел егер күннің ақырында тазарса, зухрдың уақыты әлі қалған болады да оны асрдан бұрын оқиды. Ал егер түннің ақырында тазарса мағрибтің үзірлі жағдайдағы уақыты қалған болады да, оны ишадан бұрын оқиды". Сөз соңы.

Ал егер намаз уақыты кіргеннен кейін намаз оқудан бұрын етеккір көрсе немесе нифас болып қалса, басымды сөз бойынша: оған намаздың әуелгі уақытына жетіп, оны оқудан бұрын етеккір не нифас болып қалған намаздың қазасын өтемейді.

Шейхуль ислам ибн Таймия фатауалар жинағанда (23/335) бұл мәселе жайында былай дейді: "Абу Ханифа мен Мәлік мазхабының анық дәлелдерінде: "Ол әйелге ешнәрсе міндеттелмейді, өйткені қазаны өтеу жаңа бұйрық себепті уәжіп болады. Ал бұл жерде оған қазаны өтеуге міндеттейтін ешқандай бұйрық жоқ. Және бұл әйел намазды рұқсат бойынша кешіктірді, сондықтан ол немқұрайлыларға жатпайды. Ал намаздан ұйықтап қалған немесе ұмытқан адам болса, ол да егер немқұрайлы болмаса да оның істейтіні (яғни ұйқыдан тұрып оқыған намазы) қаза өтеу емес. Кірісінше бұл ұйқыдан оянған және ұмытып есіне түсірген адам үшін намаз уақыты болып есептеледі". Сөз соңы.

Екінші: Истихада (ауыру қаны)

1 – Истихада үкімдері:

Истихада – ол қан құйылу жолдарымен "Азил" деген тамырдан шығатын белгілі уақытыты жоқ кездердегі қанның ағуы. Истихада көрген әйелдің жағдайы ол қанның етеккір қанына ұқсас болған себепті күрделілеу.

Егер бұл қан жалғасты түрде немесе уақыттың көбінде келсе, оның етеккір деп есептегендігінен де, истихада деп есептегендігінен де ораза мен намазды тастамайды. Өйткені истихада көрген әйелдің үкімі таза әйелдер үкімі саналады. Осыған сәйкес истихада көрген әйел үшін үш жағдай бар:

Біріншісі: Ол әйелдің истихада келуінен бұрын белгілі етеккір келу әдеті болуы. Истихада келуінен бұрын бес не сегіз күн айдың ортасында немесе басында етеккір көруіндей өзінің әдеттегі уақытын білуі. Бұл әйел өзінің әдеттегі қанның келуіне сәйкес намаз бен оразаны қояды, және бұл әдетін етеккір деп есептейді. Кейін әдеттегі уақыты бітсе, жуынады да намазын оқиды және қалған қанды истихада деп есептейді. Өйткені пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) Умму Хабибаға (оған Аллаһ разы болсын): "Етеккірің тосатын мөлшердей кідір де, кейін жуынып намаз оқы" - деді.[41] Және Фатима бинт Хубейшқа: "Бұл тек қана тамырдан келген қан, ол етеккір емес, егер етеккірің келсе намазды қой"-деді.[42]

Екіншісі: Ол әйелдің белгілі уақытта етеккір келетін әдетінің болмауы. Бірақ, келген қаны ерекше белгілі, кейбірі қара түсті, қою, жағымсыз иісті болып, етеккір қанының сипатындай болады. Ал басқасы оған ұқсамайды, ол түсі қызыл, қою емес және иісі жоқ болады. Бұл жағдайда етеккірге ұқсаған қанды етеккір деп есптейді де, намаз бен оразаны қояды. Одан басқасын истихада деп есептейді де, етеккірге ұқсаған қанның тоқтауымен жуынып, намаз бен оразаны жалғастырады да, өзін таза деп есептейді. Өйткені пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) Аду Хубейштің қызы Фатимаға: " Егер етеккір болса, ол қара түсті, белгілі болады, онда намаздан тыйыл, егер қан одан басқа болса, дәрет ал да,[43]намазыңды оқи бер"[44]- деді.

Бұл жерде истихада көрген әйел қанның түріне қарап, оны етеккір мен басқа қандардан ажыратады.

Үшіншісі: Егер ол әйелдің белгілі уақытта етеккірі келетін әдеті болмаса, әрі етеккір қанын басқа қандардан ажырататын сипаты да болмаса, ол әйел қан келген кезде әр ай сайын әйелдерге ең көп келетін 6-7 күн бойы өзін етеккір деп есептейді. Өйткені әдеттегі әйелдердің етеккір болулары 6-7 күн. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) Жахштың қызы Химнаға:" Бұл тек шайтанның жүгіруі, сондықтан алты не жеті күнді етеккір деп есептейсің, кейін жуынасың. Егер тазарсаң жиырма үш не жиырма төрт күн намаз оқы, ораза тұт. Расында бұлай істеу дұрыс болады, сол сияқты әйелдер қашан етеккір болса сен де солар сияқты өзіңді етеккір деп есепте"-деді.[45]



Жоғарыдағы айтылғаннан шыққан қорытынды:

- Өз әдетін білетін әйел истихада келген кезде әдетіне қарайды.

- Ажырата алатын әйел ажыратуымен анықтайды.

- Бұл екеуі де болмаған әйел қан келген кезде 6-7 күн бойы етеккір болады.

Міне өстіп истихада жайындағы пайғамбарымыздан (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) келген үш сүннет арасы біріктіріледі.

Шеихуль Ислам Ибн Таимия былай деді:"Қанның истихада екенін анықтайтын белгілер алтау делінген: ол не әдет болуы мүмкін, өйткені ол белгілердің ең қуаттысы өйткені негіз — етеккір орны, одан басқасы емес. Не ажырату болуы мүмкін, өйткені қара қан және жаман иісті ірің қызыл қаннан гөрі етеккір болуға жақынырақ. Не әйелдердің етеккір әдетінің көбіне қарап есептеу. Өйткені ереже бойынша жеке нәрсе көптік пен жалпы нәрсеге ергеседі. Міне осы үш нәрсеге сүннет пен зерттеу дәлел етеді" – деді. Кейін қалған осы жайындағы айтылған белгілерді айтты да, соңында:"Ең дұрыс сөз: сүннетте келген белгілерді есепке алып, басқасын тастау"-деді. Сөз соңы.



2 - Дәретті адам үкімімнде болған жағдайдағы истиғада көрген әйелдің істейтін нәрселері:

А - Жоғарыда баяндағанға қарап есептелінген етеккірдің біткен кезінде әйелге ғұсл алуы уәжіп болады.

Б – Әр намаз кезінде шыққан нәрсені кетіру үшін мүшесін жуады және оған іштен шыққан нәрсені қайтару үшін мақта сияқты бір нәрсені қояды да оны түсіп қалмау үшін бір нәрсемен бекітіп қояды. Кейін әр намаз уақыты кірген кезде дәрет алады. Өйткені пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) истихада болған әйелге: " Хайз күндері намазды қояды, кейін жуынады да әр намаз кезінде дәрет алады"[46]-деді. Тағы бір хадисте пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):"Орынды мақтамен біте"-деді. Сол сияқты кәзіргі кездегі маталарды[47] да қолдануға болады.

Үшіншісі: Нифас.

А – Нифастың анықтамасы және созылатын уақыты:

Нифас: әйел бала босанғанда және одан кейін келетін қан.

Ол — әйел жүкті кезінде жатырда тұрып қалатын қанның қалдықтары. Әйел босанған кезде ол қан аз-аздап шығып отырады және әйелдің босануынан бұрынғы толғақпен бірге келетін қан да нифасқа жатады. Бұл қанды фиқһ ғұламалары босанудан екі-үш күн бұрын келеді деп шектеген. Бірақ көбінше оның басы босанумен бірге болады. Босану кезеңі нәрестенің жаратылысы анықтал-ғаннан саналады. Нәрестенің жаратылысы анықталатын мерзімнің ең азы 81 күн, ең көбі 3 ай. Сондықтан егер әйелден осы кезеңнен бұрын бір нәрсе түсіп, қан пайда болса, оған ешқандай көңіл бөлмейді, әрі сол үшін намаз бен оразасын тастамайды. Өйткені бұл құйылған жаман қан, оның үкімі истихада үкімі болады.

Нифастың ең көп келетін уақыты көбінше 40 күнге созылады. Ол жоғарыда айтылғандай босанудан 2-3 күн бұрын басталуы мүмкін. Өйткені Умму Сәләмә хадисте: "Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) кезінде нифас болған әйелдер 40 күнге дейін келген қанды нифас деп есептейтін еді"[48]-деді. Міне осыған Тирмизий және тағы басқалары айтқанындай білім иелері келіскен.

Әйелдің 40 күннен бұрын қаны тоқтап тазарса, ғұсыл алып намаз оқи береді. Өйткені нифастың аз мерзімі шектелмеген.

Егер 40 күн болып, оның қаны тоқтамаса және 40 күннен кейінгі уақытқа (мысалы:41-42-43 күндерінде) етеккір келетін әдеті тура келіп қалса, ол етеккір болады. Егер сол уақытта етеккір келетін әдеті болмаса, бірақ қан келуі тоқтамаса, ол истихада болып есептелінеді де, ол үшін 40 күннен кейін ғибадатты тастамайды.

Егер 40 күннен асса, және әрі қарай жалғаспаса, әрі әдетіне тура келмесе, бұл мәселеде ғұламалар әр-түрлі сөздер айтқан.

Б – Нифасқа байланысты үкімдер:

Нифас үкімдері төмендегі етеккір үкімдері сияқты:

Етеккір сияқты нифас болған әйелмен де жыныстық мүшесі арқылы жақындасуға харам етіледі. Бірақ одан басқа жерлерімен құшырлануына болады.

Нифас әйелге етеккірге сияқты намаз оқуға, ораза ұстауға және Қағбаны тауаф етуге харам етіледі.

Етеккірге харам етілгендей нифасқа да Құранды ұстау және оны оқу харам етіледі. Тек егер ұмытып қалуынан қауіптенсе, құранды ұстамастан оқуына болады.

Нифасқа етеккірге сияқты нифас кезінде тастаған оразасының қазасын өтеу уәжіп болады.

Нифас көрген әйелге етеккірге уәжіп болғанындай нифасының біткен кезінде ғұсыл алуы уәжіп болады.

Жоғарыда айтылған үкімдердің дәлелдері:

1) Умму Сәләмә (оған Аллаһ разы болсын): «Пайғамбарымыз-дың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) заманында нифас болған әйелдер 40 күн отыратын еді»[49]-деді. Әл-Мажд ибн Таймия «Әл-Мунтақо» атты кітапта (1/184): «Хадистің мағынасы: «Нифас әйелдер 40 күнге дейін отыруға бұйырылатын еді, өйткені хабар өтірік болмауы үшін барлық уақыттағы әйелдердің хайз немесе нифас келетін әдеттерін бірдей қылу мумкін емес» - деді». Сөз соңы.

2) Умму Сәләмә (оған Аллаһ разы болсын) былай деді: «Пайғамбарымыздың әйелдерінің біреуі нифас кезінде 40 күн отыратын еді, пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) оған нифас кезінде тастаған намаздың қазасын өтеуге бұйырмайтын еді».[50]

Пайдалы мәселе:

Егер нифас көрген әйелдің қаны 40-күннен бұрын тоқтаса, ол ғұсыл алып намазын оқиды және оразасын ұстай береді. Кейін оған қайта қан келсе, дұрысырағы — оны нифас деп есептейді де, намаз бен оразасын тоқтатады. Сол қаны тоқтап, тазара қалған кездегі тұтқан оразасы дұрыс болады, оны өтеудің қажеті жоқ. Бұл жайында кеңірек білгісі кеген адам шейх Мухаммед ибн Ибрахимнің фатауалар жинағын оқысын (2/102), және шейх ибн Баздың фатауаларын (1/44), ибн Қаймнің «Задуль Мустақниғ» атты кітапқа жазған түсініктемесін (1/405) оқысын. Сондай-ақ Мухаммад ибн Салих Усайминнің «Әйелдердің табиғи қандары» атты кітапшасын (55-56 бет) және Әс-Сағдия фатуаларын (137 бет) оқысын.



Маңызды мәселе:

Шейх Абдурахман ибн Сағди (оны Аллаһ рақым етсін) былай дейді: «Жоғарыда айтылғаннан белгілі болғаны: Нифас — босану себепті келген қан,истихада қаны — ауру және тағы басқа нәрселер себепті келген қан. Ал етеккір — ол негізгі қан. Аллаһ білушірек!»[51]



Дәрілер ішу

Егер әйелдің денсаулығына зиян болмаса, оған етеккірді тоқтататын дәрілер ішуіне болады. Дәрі ішіп, етеккірді тоқтатса, басқа таза әйелдер сияқты намаз оқып, ораза тұтуына және Қағбаны тауаф етуіне болады.



Аборт үкімі

Әй мұсылман қарындасым! Шындығында сен Аллаһ жатырыңда жаратқан нәрестеге жауаптысың. Сондықтан оны жасырма. Аллаһ Құранда:

«Егер, Аллаһқа және ақірет күніне сенсе, оларға Аллаһ жатырларында жаратқан (нәрестені) жасыру адал болмайды» - деді[52].

Жатырыңдағы перзентті түсіруге және одан құтылуға қандай жолмен болса да тырыспа. Өйткені Аллаһ Тағала саған егер екі қабат кезіңде қиналатын болсаң көптеген жеңілдіктер берді. Егер екі қабат кезіңде ораза ұстау қиын болса, не жүктігіңе зиян тигізсе, аузыңды ашуды рұқсат етті. Қазіргі кездегі кең таралған аборт операциялары харам нәрсе. Егер жатырыңдағы сәбиге жан үрленіп қойса, кейін ол аборт себепті өлетін болса — бұл Аллаһ харам еткен кінәсәз біреуді өлтіру болып табылады. Бұл қылық қылмыстық жаупкершілікке әкеліп соғады, ал ол жауапкершілік — дия төлеу[53]. Және кейбір имамдардың айтуынша кәфәрәт төлеу, ол — бір мүмін құлды азат ету, егер оған шамасы келмесе екі ай қатарынан ораза тұту. Кейбір ғұламалар бұл қылықты — жаңа туылған сәбиді тірідей топырақ астына көму деп атаған. Шейх Мухаммад ибн Ибрахим фатауалар жинағында (11/151): «Жатырдағы сәбидің өлгені анықталмайынша, оны түсіруге әрекеттенуге болмайды, егер анықталса, болады» - деді. Сөз соңы.

Жоғары ғұламалар бірлестігі (140-сан, 20/06/1408х) төмендегі нәрселерге мынандай қаулы шығарды:

«Қандай кезеңде болса да жүктікті түсіруге болмайды, тек шарғи дәлел болса және өте қиын, тар жағдайларда ғана болады.

Егер жатырдағы нәресте жетілудің бастапқы кезеңінде болса (яғни 40 күн) оны бала тәрбиесінің қиыншылығынан қорыққандықтан, не оның өмір сүруін, не оқуын қамтамасыз ете алмаудан немесе олардың болашағынан қорыққандығынан түсіру немесе ата-ананың бар балаларымен шектелгендігінен нәрестені түсіру — тыйым салынады.

Жүктік түйір қан немесе ет болса, оны сенімді дәрігерлік комитеті әйелдің жүкті болуы қатерлі, оны өлімге алып барады деген қаулы қабылдағанға дейін және сол қатерлерді кетіру үшін барлық жолдарды толық қабылдағанға дейін оны түсіруге болмайды.

Сәбидің жетілуінің үшінші кезеңінен кейін[54] және оған 4 ай толғаннан кейін арнайы сенімді дәрігерлер жиыны оның шешесінің қарнында қалуы — шешесінің өліміне себеп болады деген қаулы шығарғанға дейін оны түсіруге болмайды. Бұл нәрсе оның өмірін сақтап қалуға барлық жолдарды пайдаланғаннан кейін болады. Сәбидің түсіруіне қадам бастырған тек бұл шарттар: екі түрлі зиянның үлкенін кетіру және екі пайдалы нәрсенің үлкенірегін істеу.

Ғұламалар мәжілісі жоғарыдағы нәрселерге қаулы шығарғанда Аллаһқа тақуалық және осы істе берік болуды өсиет етеді. Аллаһ тауфиқ иесі, пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның жанұясына және сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын!». Сөз соңы.

Шейх Мухаммад ибн Усаймин «Әйелдердің табиғи қандары» атты кітапшасында былай дейді: «Егер сәбиді түсіруден болған мақсат — оны құрту болса және осы нәрсе оған жан үрленгеннен кейін болса, оның харам екендігінде еш күмән жоқ. Өйткені бұл жазықсыз жанды өлтіруге жатады, ал оны өлтіру Құран, сүннет және ғұламалар келісімі бойынша харам етілген.

Имам ибн Жаузий «Әйелдер үкімі» атты кітаптың 108-109 беттерінде былай деді: «Некенің мақсаты перзент талап ету болса, алайда әр судан бала бола бермейді, егер ол пайда болса, мақсатқа жетіледі. Кейін оны әдейілеп түсіру некенің даналығына қайшы келеді. Егер оны түсіру жүктіктің алғашқы, оған жан үрленбеген кезеңде болса, ол үлкен күнә болады. Өйткені жатырдағы нәресте кәміл, әрі толық болайын деп тұр. Егер жан үрленгеннен кейін оны әдейілеп түсірсе, бұның күнәсі алғашқыдан да үлкенірек болады. Сондықтан егер жан үрленгеннен кейін оны әдейілеп түсірсе, ол бір мүмін адамды өлтіргендей болады. Аллаһ Тағала Құранда:

«Тірідей көмілген (әрбір) қыздың қандай күнасы үшін өлтірілгендігі сұралғанда»[55] - деді». Сөз соңы.

Сондықтан, әй мұсылманның қыздары, Аллаһтан қорқыңдар! Бұл қылмысты қылыққа қандай да бір мақсат үшін болса да қадам баспаңдар! Содай-ақ ақыл-ойға не дінге сүйенбейтін өтірік еліктеулер мен адастырушылардың шақыруларына алданбаңдар!

4-бөлім

Киімдер мен хижжабқа байланысты үкімдер

Бірінші: Мұсылман әйелдің киімінің шариғатқа сай сипаты.

1) Мұсылман әйелдің киімі денесін толық жабатын кең және ұзын болуы қажет. Әсіресе бөтен ерлердің алдында, ал туыс махрамдарының алдында әдет бойынша тек жүзін, алақанын және аяғын тобықтан төмен қарай ашса оқасы жоқ.

2) Әйелдің киімі оның денесін жауып тұруы керек, яғни денесінің түсін көрсететін жұқа болмауы шарт.

3) Дене тұлғасын білдіретін тар, жабысып тұрмау керек.

Имам Муслимнің «Сахих» атты кітабында келген хадисте пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Мен екі түрлі тозақтың адамдарын көрмеймін, (яғни олар пайғамбарымыздың саллаллаһу алейһи уә сәлләм өмір сүрген уақытында болған жоқ) олардың біреулері: қолдарына сиырдың құйрығына ұқсаған қамшы ұстаған қауым, онымен олар адамдарды ұрады. Екіншісі:киінген жалаңаш әйелдер, олар еркектердің назарларын өздеріне тартады және оларға өздерінің зейнеттерін көрсету арқылы олардың жүректерін пасықтыққа бұрмалайды, (яғни еркектерді өздерімен пасықтық істеуге шақырады) олардың бастары түйенің теңселген өркеші сияқты. (Яғни бастарын орамалмен немесе басқа нәрсемен орап, оны түйенің өркеші сияқты қылып қояды) Олар жаннатқа кірмейіді және оның иісін де сезбейді, расында жаннаттың иісі пәленше пәленше қашықтықтан білінеді» - деді.

Шейхуль Ислам Ибн Таймия (оған Аллаһтың рақымдылығы болсын) фатуалар жинағында (22/146) пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Киінген жалаңаш әйелдер» деген сөзін былай деп тәпсірледі: «Денелерін жаппайтын киім киюлері, ол киінген әйел, бірақ ақиқатында ол жалаңаш. Оған мысал: дене мүшесін көрсетіп тұратын жұқа киім кию немесе саны және білектері сияқты тұлғасын көрсетіп тұратын тар киім кию.



Әйелдің киімі денесін жауып тұрады, ол қалың және кең болғандықтан оның тұлғасын және дене мүшелерін көрсетпейді». Сөз соңы.

4)Еркектердің киіміне ұқсамау.

Себебі Пайғамбар (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) әйелдердің еркекке ұқсаушыларын және еркектердің әйелге ұқсаушыларын лағынеттеді. Әйелдің киінуде еркекке ұқсауы — әйелдің әр елдің ғұрпына сәйкес еркекке арналған киімнің түрін киюі.

Шейхуль Ислам Ибн Таймия (оған Аллаһтың рақымдылығы болсын) фатуалар жинағында (22/148, 149,155) былай деді: «Ерлермен әйелдер киімінің айырмасы, әр біріне шариғат бұйырған көрініске (сипатқа) сәйкес келумен болады. Әйел денесін ашпастан және көрсетпестен толық жауып жүруге және жасырынуға бұйырылған. Сондықтан оларға дауыс көтеріп азан немесе тәлбия айту, сафа – маруаға көтерілу, ихрам[56] кезінде еркектер сияқты жалаңаштану шариғатталмаған. Ал еркектер ихрам кезінде басын ашып, әдеттегі киімдерді кимеуге бұйырылған. Денеге өлшеп тігілген көйлек, шалбар немесе мәсі сияқты киімдерді киуі мүмкін емес...». Кейін айтты: «Ал әйелге барлық киімді кию рұқсат, өйткені әйел жабылып жүруге бұйырылған. Сондықтан оған киімін шешу шариғатталмаған. Бірақ ниқаб және қолғап киюге болмайды. Себебі олар денеге мөлшерленіп жасалған әрі оның оған қажеті де жоқ...»-деді. Және әйел еркектерден жүзін ниқаптан басқа нәрсемен жабатынын айтты. Кейін сөзінің ақырында: «Егер ер мен әйелдің киімдерінің арасында еркекті әйелден ажырататын айырмашылық міндетті түрде болу керектігі анықталса және әйелдердің киімдерінде жабылу мен жасырыну мақсатына жеткізетін нәрсе болса, онда осы баптың негізі білінеді. Және егер бір киімді көбінесе еркектер киетін болса, әйелдердің одан қайтарылатыны белгілі болады»-деді. Кейін: «Егер киімде жабылу аз болса және еркектерге ұқсау болса, онда одан екі жақтан қайтарылады. Аллаһ білушірек!»-деп сөзін аяқтады.

5) Киіміндегі зейнеттерін көрсетіп жүретін әйелдерге ұқса- мауы үшін көшеге шыққанда назарға түсетін әшекейлері болмау керек.

Екінші: Хижжабтың мағынасы, дәлелі және пайдалары:

Хижжабтың мағнасы:Әйелдің бөтен еркектен денесін жабуы. Алла Тағала Құранда былай дейді: «(Әй, Мұхаммед!) Мүмін әйелдерге: «Үстеріндегі киімдерінен басқа жерлерін бөгделерге көрсетпесін және көкіректерін орамалдарымен жапсын!-де. Зейнеттерін көрсетпесін, тек ерлеріне не ұлдарына не ерлерінің ұлдарына не өздерінің аға-інілеріне, не олардың ұлдарына немесе әпке-сіңілдерінің балаларына немесе өздері сияқты әйелдерге, немесе қол астындағы күңдеріне немесе әйелдерден қажетсіз болған қызметкер құлдарына, немесе әйелдердің абыройларынан хабарсыз жас балаларға ғана көрсетулері мүмкін»-де».;[57]

«Егер (пайғамбардың әйелдерінен) бір нәрсе сұрасаңдар, хижабтың артынан тұрып сұраңдар!».[58]

Аяттағы «хижаб» сөзінен мақсат — әйелді жабатын қабырға немесе есік немесе киімді білдіреді. Аяттың сөздері пайғамбар әйелдеріне бағытталғанымен, үкімі жалпы мұсылман әйелдерді қамтиды. Өйткені Аллаһ Тағала хижаптың мақсатын: «Бұл сендердің де олардың да жүректері үшін тазарақ»[59]-деп білдірді. Міне осы жалпы себеп болып табылады. Демек себеп жалпы болса, үкім де жалпы болады.

Тағы да Аллаһ Тағала: «Ей, пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге: «Үстеріне жилбабтарын орансын»-де»[60]-деді.

Шейхуль Ислам Ибн Таймия (оған Аллаһтың рақымдылығы болсын) фатуалар жинағында (22/110,111): «Жилбаб: ол жамылғы. Ибн Масғуд (оған Аллаһ разы болсын) және басқалары оны: «Рида» деп атаған. Жалпы халық оны «Изар» деп атайды. Ол басты және дененің барлығын жауып тұратын үлкен жамылғы. Абу Убайда[61] және басқалары оны: «Әйел оны басынан төмен түсіріп киеді, сонда оның көздерінен басқа ешбір жері көрінбей қалады»-деп сипаттаған. Ниқаб та осының бір түріне жатады»- деді. Сөз соңы.

Әйелдің бөтен еркектен жүзін жабуы уәжіп екеніне сүннеттен дәлел — Айша анамыздың хадисі: Айша (оған Аллаһ разы болсын!) айтады: «Біз Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) қасында ихрамда болған кезімізде түйеге мінгендер қасымыздан өтетін еді. Олар біздің қасымызға келгенде әйелдер жилбабын басынан бетіне түсіретін еді, қашан еркектер қасымыздан өтіп кетсе, бетімізді қайта ашатын едік»-дейді.[62]

Әйелдің жүзін жабуы уәжіп болатынына Құран және сүннетте дәлелдер өте көп. Мен саған, әй мұсылман қарындасым, осы тақырыпта жазылған Шейхуль Ислам Ибн Тәймияның «Әйелдің хижабы және намаздағы киімі» атты кітапшасын оқуыңды насихат етемін. Сондай-ақ Шейх Ибн Баздың «Әйелдің ашылу және хижаб үкімі» атты кітапшасын және Шейх Хамуд Ибн Абдулла Туейжридің «Жалаңаштанумен фитналанғандарға қарсы жылтыраған өткір қылыш» атты кітапшасын оқуыңды және Шейх Мухаммад Ибн Солих Усайминнің «Хижаб» кітапшасын оқуыңды насихат етемін. Аталған кітапшалар бұл тақырыпқа байланысты жеткілікті мәліметтерді қамтыған.

Ей мұсылман қарындас! Расында жүзді ашуды мубах деген ғұламалардың сөздері әлсіз бола тұра олар бетті ашуды фитнадан аман болумен шектеген. Әсіресе ерлер мен әйелдерде діні азайып, ұят кеміп фитнаға үгіттеушілер көбейіп, әйелдер беттеріне фитнаға шақыруға себеп болатын әр-түрлі зейнеттің түрлерін көбейткен кезде фитнадан құтылу мүмкін емес. Сондықтан мұсылман қарындас, бұның барлығынан сақ бол да Аллаһтың рұқсатымен фитнадан сақтайтын хижабты мықтап ұстан!

Мұсылмандардың белгілі ғалымдарының ешбірі бұрын да бүгін де сол фитналанған әйелдердің оған тап болғандарын мубах деген емес.

Кейбір әйелдер хижжаб кигенде екіжүзділік амал істейді. Егер хижаб киетін қоғамда болса оны киеді, ал хижаб кимейтін қоғамға бара қалса, солар секілді ашылып жүреді. Енді бірі көпшілік орындарда киініп, сауда – саттық орнына немесе аурухана, киім тігетін орындарға кірсе жүздерін, білектерін күйеуінің немесе туысының алдында тұрғандай аша береді. Осылай істеушілер Аллаһтан қорықсын!

Ей мұсылман әйелі! Хижаб сені пасық адамның ауру жүрегінен және ит адамдардан пайда болған улы назарынан сақтайды. Сондай – ақ хижаб сені дәмеленушілердің жолын кеседі. Сондықтан хижабты берік ұстан! Хижабқа қарсы күресетін, оның дәрежесін аяқасты қылатын құтырған теріс ұғымды пайымдайтын пікірлерге көңіл бөлме! Олар Алла Тағала: «Нәпсі-шаһуаттарына берілгендер сендердің тура жолдан мүлдем ауытқуларыңды қалайды»[63]-дегеніндей саған тек жамандық қалайды!



Каталог: files -> book -> kaz -> fikh
fikh -> Умра мен қажылық жасаушыларға арналған жаднама Дайындаған Дамир Хайруддин Қазақ тіліне орыс тілінен аударған «Абу Ханифа мирасы»
fikh -> Жүкті және емізулі әйелдердің оразасы туралы Әйелдер жүктілік немесе бала емізу себебімен ұстамай қалған оразаны өтеу керек пе?
fikh -> Әл-Мухаррам айындағы және Ашура күніндегі ораза турасында
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> И’тикаф (Мешітте оңашалану) «И’тикаф» сөзінің анықтамасы
fikh -> Қажылық парызға айналатын шарттар
fikh -> Халәл тағаммен тамақтану қажеттігі туралы және жануар бауыздаумен байланысты ережелер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет