Мүмін әйелдерге қатысты үкімдерге ескертулер


Үзірлер: 1) Етеккір және нифас



бет4/8
Дата28.04.2016
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Үзірлер:

1) Етеккір және нифас:

Етеккір немесе нифас жағдайдағы әйелге ораза тұту тыйым салынады, бірақ оған басқа күндері оның қазасын өтеуі керек. Айша анамыздан (оған Аллаһ разы болсын) бір әйел: «Не үшін етеккір болған әйел оразаның қазасын өтейді де намаздың қазасың өтемейді?» - деп сұрады. Сонда ол: «Оразаның қазасын өтеуге бұйырылатын едік те, намаздың қазасың өтеуге бұйырылмайтын едік» - дейді.

Осы жерде Айша анамыз (оған Аллаһ разы болсын) ол әйелге бұл ақыл жүгіртпестен, аят пен хадиске ергесетін істерге жататындығын баяндады.

Бұның хикметі: Шейхуль Ислам ибн Таймия фатуалар жинағында (25/251) былай деді: «Етеккір себебті шығатын қан әйелдің бойынан қанды кетіреді. Әйелге бойынан қаны шықпайтын уақыттарда ораза тұтуына болады. Сондықтан оның осы жағдайда тұтқан оразасы түзу болады. Өйткені осы уақытта оның денесінің қорегі болған әрі оны қуаттап тұратын қаны шықпайды. Ал етекір кезде ораза тұту — оған қуат беріп тұратын қанының шығуына әкеліп соғады. Сондай-ақ оның денесін әлсіретеді және оразасының тура болуына кедергі болады. Сол үшін әйел адам етеккір болмаған уақыттарда ораза тұтуға бұйырылды». Сөз соңы.

2) Жүктілік пен бала емізу:

Ораза себепті жүкті болған әйелге немесе емшектегі баласына немесе ол екеуіне бірдей зиян келетін болса, ол жүктілік немесе бала емізген жағдайында ораза тұтпайды. Егер ол зиян тек балаға тиетін болса, әйел тұтпаған оразасының қазасын өтейді де, әр күнге бір міскінді тамақтандырады. Ал егер зиян әйелдің өзіне ғана тиетін болса, оған тек тұтпаған оразаның қазасын өтеу жеткілікті. Өйткені жүкті және емшектегі баласы бар әйел Аллаһ Тағаланың: «Ораза ұстауға қиналатындар бір міскін азығы мөлшерінде тағамды төлеп берулері қажет»[102] - деген сөзіне жатады.

Хафиз ибн Кәсир өзінің тәпсірінде (1/379) былай деді: «Егер жүкті немесе бала емізуші әйелдер өздеріне немесе балаларына зиян тиюінен қорықса, бұл аяттың мағынасына кіретіндерге жатады». Сөз соңы.

Шейхуль Ислам ибн Таймия: «Егер жүкті әйел құрсағындағы нәрестесі үшін қорқатын болса, ол оразада аузын ашады да, әр күннің қазасын өтейді және әр күн үшін бір ротль[103] нанмен міскінді тамақтандырады» – деді. Сөз соңы. Фатуалар жинағы: (25/318)

Ескертулер:

1 – Истихаза қанын көрген әйел.

Ол жоғарыда айтылғандай оған етеккірге жатпайтын қан келген әйел. Оған ораза тұту парыз және оған истихаза қаны себепті ауызын ашуға болмайды.

Шейхуль Ислам ибн Таймия (оны Аллаһ рақым етсін!) етеккір көрген әйелдің оразада аузын ашуы жайлы айтқан кезінде былай деді: «Етеккір көрген әйел истихаза қанын көруші әйел сияқты емемс. Өйткені истихаза қаны кез келген уақытта келеді, ондай болса ол әйел үшін ораза тұтатын белгілі уақыты болмай қалады. Сол үшін одан сақтану мүмкін емес. Ол құсу және жарақат себепті қанның шығуы, ұйқыда жүніп болу сияқты және тағы басқа одан сақтануға болатындай оның белгілі уақыты жоқ нәрселерге жатады. Сондықтан истихазада қанының белгісіз уақыттарда келуі етеккір қаны сияқты оразадан тыятын нәрсе қылынбады». Сөз соңы. Фатуалар жинағы (25/251).

2 – Етеккір, жүкті және бала емізуші әйелдер егер рамазанда ораза тұтпаса, оларға ораза тұтпаған күндерінің қазасын сол рамазан мен келесі рамазан айының аралығында оның қазасын өтеулері уәжіп болады. Сондай-ақ оларға оны тезірек өтеп бітіруге тырысулары абзал болады.

Егер алдағы рамазанға тек қана олардың өткен рамазанда ауыздарын ашқан күндердің мөлшелеріндей ғана уақыт қалса, оларға алдағы рамазан келіп, олардың мойындарында өткен рамазанның оразалары қалып қоймауы үшін, оны тұтып бітірулері уәжіп болады. Егер жаңа рамазан айы келіп, олардың мойындарында өткен рамазанның қалған оразасы үзіріз өтелмей қалса, оларға оның қазасын өтеу және әр күн үшін бір міскінді тамақтандырулары уәжіп болады. Ал егер ол қалған оразаларды белгілі үзір себепті өтемеген болса, тек қазасын өтейді, міскінді тамақтандырмайды.

Сол сияқты кімде науқас, немесе сапар үшін ауызын ашу себепті қазасы болса, оның үкімі — жоғарыда баяндағанымызға сәйкес етеккір себепті аузын ашқан әйелдің үкімі сияқты.

3 - Егер әйелдің күйеуі қасында болса, әйелге тек күйеуінің рұқсатымен нәпіл ораза тұтуына болады. Өйткені Имам Бухарий, Муслим және басқалары Абу Һурайрадан (оған Аллаһ разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (саллаһу алейһй уа сәлләм): «Әйелге күйеуі қасында болып тұрып оның рұқсатынсыз ораза тұтуына болмайды» - деді. Имам Ахмад пен Абу Даудтың кейбір риуаяттарында: «Тек рамазаннан басқасын» - делінген.

Егер оған күйеуі нәпіл ораза тұтуға рұқсат берсе, немесе күйеуі қасында болмаса, немесе оның күйеуі мүлдем болмаса, оған нәпіл ораза тұту мұстахаб болады. Әсіресе онда ораза тұту мұстахаб күндерінде; екінші және бесінші күндері сияқты[104], немесе әр айдағы үш күн, немесе Шауаль айының алты күні, Зуль-Хижжаның он күні, Арафа күні, немесе Ашура күніне бір күн бұрын, немесе бір күн кейін қосып тұту сияқты. Бірақ оған өткен рамазанның қазасын өтеместен нәпіл ораза тұтуы жақсы емес. Аллаһ білушірек!

4 – Егер етеккір көрген әйел рамазан күндерінің бірінде тазарып қалса, ол сол күні кешке дейін рамазан күндерін кұрметтеп, ішіп-жеуден тыйылады және оны етеккір себепті аузын ашқан күндермен бірге қазасын өтейді.[105]

8-бөлім

Қажылық пен ұмрадағы әйелге байланысты үкімдер

Аллаһтың үйі Әл-Харамға әр жылы қажылық қылу — Ислам үмметіне парыз-кифая[106]. Ал қажылықтың міндет болуының шарттары толық болған әр мұсылман үшін өмірінде бір рет қажылық қылу — оған парыз болады. Ал қажылық парызын өтегеннен кейін, қалғаны нәпіл болады.

Қажылық Ислам тіректерінің бірі, әрі ол мұсылман әйелдері үшін Аллаһ жолында болған күрестен бір несібе. Өйткені Айша анамыздан (оған Аллаһ разы болсын!) жеткен хадисте ол пайғамбарымыздан (саллалаһу алейһи уә сәлләм): « Иә Аллаһтың елшісі, әйелдер үшін жихад бар ма?» - деп сұрады. Сонда пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм):«Иә, олар үшін онда соғысы жоқ жихад бар, ол — қажылық пен ұмра»[107] - деп жауап берді.

Имам Бухарий риуаят еткен хадисте Айша анамыз (оған Аллаһ разы болсын!) : «Иә, Аллаһтың елшісі, жихадты ең жақсы амал деп білеміз, жихад қылмаймыз ба?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) : «Бірақ ең жақсы болған жихад — қабыл болған қажылық» -дейді.



Қажылықтағы әйелдерге арналған үкімдер

1-Махрам:

Қажылықтың еркек пен әйелге байланысты жалпылай шарттары бар, олар: Ислам, ақыл, бостандық, балағат және қаражат жағынан құдіретті болу. Әйел қажылықта онымен бірге сапар қылатын махрамның болуымен ерекшеленеді. Махрамға өз ері немесе нәсәб себепті мәңгі харам етілген адамдар[108], олар:әкесі, баласы, ағасы немесе мубах себептермен харам етілгендер, олар: сүт-ағасы не шешесінің күйеуі, күйеуінің баласы сияқты адамдар.

Бұған дәлел Ибн Аббастың (оған және әкесіне Аллаһ разы болсын!) риуаят еткен хадисі: ол пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһй уә сәлләм) хұтбада: «Еркек әйелмен оңаша қалмасын, тек онымен махрамы болса ғана, және әйел тек махраммен бірге ғана сапар қылсын»,-дегенін естіді. Сонда бір адам тұрып: «Иә Аллаһтың елшісі, менің әйелім қажылыққа шығып кетті, ал мен пәленше, пәленше ғазуаттарға жазылып қойдым»-деді. Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) : «Бар да, әйеліңмен бірге қажылық қыл»-деді[109]. Ибн Омардан (оған және әкесіне Аллаһ разы болсын!) риуаят етілген хадисте ол кісі пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уә сәлләм) былай дегенін айтты: «Әйел үш күндік жерге тек онымен махрамы болған күйде ғана сапар қылсын».[110]

Әйел адамды қажылыққа не басқа жаққа махрамсыз сапар қылудан қайтаратын хадистер өте көп. Өйткені әйел адам әлсіз болғандықтан сапарда оны тек еркектер шеше алатын қиыншылықтарға тап болады. Және де әйел адам пасықтардың дәметкен нәрселері. Сондықтан міндетті түрде әйелдің қасында оны солардың зиянынан қорғайтын махрамы болуы қажет.

Қажылықта әйелдің қасында махрам болған адамға үш нәрсе шарт етіледі: ақыл ойы түзу, балағатқа жеткен және ол адамның мұсылман болуы. Өйткені кәпірге әйелді тапсыруға болмайды, оған сенім жоқ. Егер әйел махрам таба алмаса, өзінің орнына біреуді жіберуі керек.

2 - Егер қажылық нәпіл болса, күйеуінен қажылыққа баруға рұқсат алуы шарт етіледі. Өйткені әйелдің қажылыққа кетуі – күйеуінің оған болған ақысының кетуі.

«Муғний» аты кітапта:( 3/240): «Ал нәпіл қажылық болса, күйеуіне әйелін оған барудан қайтаруына болады. Ибн Мунзир былай дейді: «Мен олардан жаттап жүрген барлық білім иелері: «Күйеуінің әйелін нәпіл қажылыққа шығудан қайтаруына болады»-дегенге келісті. Өйткені күйеуінің ақысы – уәжіп, сондықтан әйелге оны уәжіп емес нәрсе себепті кетіруіне болмайды, иесінің өз құлымен сияқты»-деді. Сөз соңы.

3 - Әйел қажылық пен ұмраны еркектің атынан істеуіне болады. Шейхуль Ислам ибн Таймия фатауалар жинағанда (13/26) былай деді: «Әйелге ғұламалардың келісімі бойынша басқа әйелдің атынан қажылық қылуына болады, ол өзінің қызы не басқа біреу болса да. Сол сияқты төрт имам және жалпы ғұламалар да әйелге еркектің атынан қажылық қылуына болады дейді. Пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бір Хосғама руының әйелі: «Иә Аллаһтың елшісі, Аллаһтың пендесіне болған қажылық парызы әкеме кәрі шал болғанда жетті» - деді. Сонда пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) еркектің ихрамы әйелдің ихрамынан толық болса да, оған әкесінің атынан қажылық қылуын бұйырды». Сөз соңы.

4 - Әйел егер қажылыққа бара жатқан жолында етеккір не нифас болып қалса, жолында кете береді. Егер бұл нәрселер оның ихрамға кірер кезінде болса, ол басқа таза әйелдер сияқты ихрамға кіре береді, өйткені ихрам үшін дәрет шарт емес.

«Муғний» атты кітапта (3/293 – 294) былай деді: «Бұның жалпыламасы: Ихрамға кірер кездегі ғұсл еркектерге сияқты әйелдерге де шариғатталған. Өйткені ол— ғибадат. Және ол әр етеккір мен нифас көрген әйелдер үшін әлде қайда қуаттырақ болады. Өйткені олар жайлы арнайы хабар келген. Жәбир (оған Аллаһ разы болсын) былай деді: «Зуль – Хулейфаға келгенімізде Умейстің қызы Асма Абу Бакрдың ұлы Мұхаммедті туды. Кейін пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Не істеймін?» - деп сұратып жіберді. Сонда ол: «Жуын да, бір матамен қанды тоқтат та, ихрамға кір» - деді.[111] Ибн Аббастан (оған Аллаһ разы болсын) риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Етеккір және нифас әйелдер ихрамға кіретін уақытына келсе, олар ихрамға кіріп, қажылық ғибадаттардың барлығын істейді, бірақ Қағбаны тауаф етпейді»[112] - деді.

Сондай – ақ пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) Айша анамызға (оған Аллаһ разы болсын) ол етеккір болған кезінде ихрамға кірерде ғұсыл алуға бұйырды». Сөз соңы.

Етеккір мен нифас көрген әйелдердің ихрамға кіру үшін ғұсыл алуларынан болған хикмет – ол тазалық және оның әзерін кетіру үшін жағымсыз иісті жоғалту және нәжәсті жеңілдету. Егер олар ихрамда болған кезде оларға етеккір не нифас қаны келсе, олардың ихрамдарына әсер етпейді де, олар ихрамдағы тыйым салынатын нәрселерден сақтанады, етеккір немесе нифастан тазарып, жауынғанға дейін қағбаны тауаф етпейді.

Егер арафа күні болса және бұлар әлі тазармаса және ұмрамен қажылыққа мұтаматтиғ болып ихрамға кірсе, олар қажылыққа деп ихрамданады да оны (қажылықты) умраға кіргізеді, сөйтіп олар қиранға айналады.

Бұған дәлел: Айша анамыз умраға ихрамданған болады да етеккір көреді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) кірсе, ол жылап отырады. Сонда пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) оған:

Сені не жылатты, бәлкім нифас болған шығарсың?

Иә.

Бұл Аллаһтың Адам қыздарына жазған нәрсесі, қажының істейтінін барлығын істе, бірақ қағбаны тауаф етпе.

Имам Бухарий мен Муслим риуаят еткен Жәбирдің (оған Аллаһ разы болсын) хадисінде: «Кейін пайғамбар (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) Айша анамызға кіреді де, оны жылап отырғанын көріп, оған:

Саған не болды?

Етеккір болдым, адамдар ихрамнан шықты, мен шықпадым, әрі үйді де тауаф етпедім, ал адамдар қазір қажылыққа кетіп жатыр.

Бұл – ақиқатында оны Аллаһ Адам қыздарына жазған нәрсесі, жуып да, кейін ниет ет.

Сонда Айша анамыз (оған Аллаһ разы болсын) соны істеді және барлық жерлерде болды. Және тазарған кезінде Қағба мен Сафа-Маруаны тауаф етті. Кейін пайғамбар (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) оған: «Қажылығыңды да ұмраңды да барлығын бітірдің» - деді».

Ибн Қайм «Әт–Тәһзибу Әс-сунан» атты кітапта (2/303) айтты: «Айша анамыз бірінші ұмраға ихрамданғандығы жайындағы, кейін етеккір көргеннен кейін пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) оған қажылыққа ихрамдануды бұйырып, сонымен ол қоринға[113] айналғандығы жайлы сахих хадистер анық. Сол үшін пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) оған: «Қағба мен Сафа-Маруа арасындағы тауафың қажыңа да умраңа да жетерлі» - деді». Сөз соңы.

5 - Әйел ихрамға кірердегі істейтін нәрселері:

Әйел ихрамға кірерде еркек жуынғанындай жуынады және оны алуға қажетті болған шаш пен тырнақты алады және жағымсыз иістерді кетіріп тазаланады. Өйткені ихрамға кіргеннен кейін оларды алуға болмайды, сол үшін егер қажет болса, оларды ихрамнан бұрын алады. Ал қажет болмаса, керек емес. Сол сияқты әйел денесіне иісі қатты білінбейтін әтірлер жағуына да болады[114]. Өйткені Айша анамыз: «Аллаһтың елшісімен бірге шығатын едік және маңдайымызға миск жағып алатын едік, сонда біреуміз терлесек ол оның бетіне ағатын және соны пайғамбар (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) көретін де, бізді одан қайтармайтын еді»-деді.[115]

Имам Шауканий «Найлуль-Аутар» атты кітапта (5/12) осы жайлы былай деді: «Пайғамбардың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) үндемеуі – оның рұқсат екендігіне дәлел болады, өйткені ол қате нәрсеге үндемей қоймайды». Сөз соңы.

6 - Әйел егер ихрамнан бұрын ниқап пен буркуғты киіп жүрген болса, ихрам кезінде оларды шешеді. Ниқаб пен бурқуғ деп бетті жабатын нәрселерді айтады, онда әйел одан қарайтын көздің тұсында екі тесіктері болады.

Олардың шешетін себебі — пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Ихрамдағы әйел ниқаб кимейді»-деген[116]. Бурқуғ ниқабтан көре мықтырақ болады.

Егер ихрамнан бұрын қолдарына қолғап киген болса, оларды да шешеді.

Ихрам кезінде әйел өзіне махрам емес, бөтен еркектерді көрген кездерінде бетін ниқаб пен бурқуғтан басқа бір шыт немесе көйлекпен жабады. Сол-сияқты бөтен адамдардан қолдарын да қолғаптан басқа; көйлек жеңімен жабады. Өйткені бет пен қол ауратқа жатады, оларды ихрам кезінде де, басқа кезде де еркектерден жауып жүру қажет.

Шейхуль Ислам Ибн Тәймия айтады: «Әйел болса, ол әурат. Сол үшін оған өзін жабатын киім киюге және қолшатырмен[117] көлеңкеленуіне рұқсат етіледі. Бірақ пайғамбар (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) оны ниқаб, не қолғап киюден қайтарды. Егер де әйел бетін оған тимейтін нәрсемен жапса, ғұламалардың келісімі бойынша ол рұқсат, егер ол бетіне тиіп тұратын болса да, дұрысы: ол рұқсат етіледі. Сондықтан әйелге бетін жабатын шүберегі бетіне тимеуі үшін арасына шыбық не қолы сиқяты еш нәрсе қоюы керек емес. Өйткені пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) оның қолы мен бетін бірдей қылды, екеуі де еркектің денесі сияқты, басы сияқты емес. Және пайғамбардың әйелдері (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) шүберектері бетіне тиіп тұруына қарамастан беттерін жауып жүретін еді. Білім иелерінің бірде-бірі пайғамбардың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Әйелдін ихрамы бетінде» - деген хадис бар деген жоқ. Бәлкім бұл кейбір ғұламалардың сөзі». Сөз соңы.

Ибн Қоим «Тәһзибус-Суннән» кітабында (2/350): «Пайғамбардан (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) ихрам кезінде әйелдің бетін ашуы уәжіп екендігі жайында бірде-бір әмір келмеді. Тек ниқаптан қайтарды» - деді.

Кейін айтты: «Асма (оған Аллаһ разы болсын) ихрамда болған уақытында бетін жабқандығы риуаят етілді. Және Айша анамыз (оған Аллаһ разы болсын): «Біз пайғамбармен (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бірге ихрамда болғанымызда жолаушылар біздің алдымыздан өтетін еді, егер олар бізбен қатарласып қалса әйелдер жилбәбін басынан бетіне түсіретін. Егер өтіп кетсе оны ашатынбыз»[118] - деді». Сөз соңы.

Әй ихрамдағы мұсылман әйел, расында саған бетіңмен қолыңды олар үшін арнайы тігілген нәрсемен жабуға болмайды. Бірақ, жүзінді және қолыңды махрам емес (бөтен) еркектерден орамал және көйлек сияқты нәрсемен жабу уәжіп. Бірақ бетіңді жабатын шүберегің бетіңе тимеуі үшін оны шыбықпен не басқасымен болса да көтеруге ешқандай негіз жоқ.



7 - Әйелге ихрамды кезінде әйел киімнің қалағанын киуіне болады, бірақ ол сәнді және ер адамнын киіміне ұқсамауы керек. Сондай-ақ дене мүшелерді бейнелеп тұратындай тар немесе оны көрсетіп тұратын жұқа болмауы керек. Және аяғы не қолы ашылып қалатын қысқа болмасын. Бәлкім қалыңдау, кең әрі ұзын болсын.

Ибн Мунзир айтты: «Білім иелері ихрамдағы әйелге көйлектер және көйлекшелер және шалбар[119] және орамалдар және аяқ киімдер киюге болатындығына келіскен» - деді. Сөз соңы. (Муғний 3/328).

Оған киімнің арнайы түрін; жасыл сияқты арнайы бір түсті киім кию міндет емес, бірақта әйелдерге арналған қызыл не жасыл не қара түстерден қалағанын киеді және егер қаласа оны ауыстыруына болады.

8 - Әйелге ихрамға кіргеннен кейін өзі еститіндей дәрежеде тәльбия[120] айтуы сүннет.

Ибн Абдуь Бар: «Ғұламалар әйел адамға дауысын көтермеуі сүннет екеніне келісті. Оған өзі еститіндей болса болды. Әйел дауысын көтеруі себепті фитна қаупі болғандықтан, оған даусын көтеруі мәкруһ болады. Сол үшін әйелге азан және қомат айту сүннет емес. Сол сияқты оған намазда тұрғанда егер имам қателесіп оны ескертпекші болса, таспих айтпай, қолымен шапалақтау сүннет болады»-деді. Сөз соңы. (Муғний 2/330,331)

9 - Әйелге тауаф қылған кезінде толық жабылуы және дауысын көтермеуі әрі көздерін төмен түсіруі уәжіп болады. Сондай-ақ еректермен қыстырылысып тауаф қылуларына болмайды. Әсіресе қара тас немесе Иемен бұрышы жанында болғанда.

Әйелдің адамдармен сығылыспастан қағбадан ұзағырақ тауаф етуі — сығылысып Қағбаның түбінде тауаф қылуынан артық. Өйткені онда фитна болғандықтан адамдармен сығылысу харам болады. Ал қағбаға жақын жүру және қара тасты сүю болса, олар егер жеңіл болса сүннет болады. Сүннеті орындаймын деп хармды істеуге болмайды. Тіпті бұл жағдайда әйелге бұл сүннет емес. Өйткені бұл жағдайда әйелге қара тастың қатарына келгенде оған ишарат етуі сүннет болады.

Имам Науауий «Мажмуғ» кітабында (8/37): «Ғалымдарымыз: «Әйелдерге сағылысып өздеріне және өзгелерге зиян тигізетіндіктен оларға қара тасты сүю және оны ұстаулары жақсы емес. Тек тауаф орны бос кезде, түн немесе басқа уақытта оны сүюлеріне болады»-деді». Сөз соңы.

Муғниде (3/331): «Әйелге түнде тауаф қылуы мустахаб болады. Өйткені түн оған жасырынырақ және сығылысуы да азырақ. Сондықтан Қағбаға жақын келіп қара тасты ұстауына мүмкіншілік болады» – деді. Сөз соңы.



10 - Муғниде (3/394): «Әйелдердің тауафы және сағиы барлығы жәй жүрумен болады-деді.

Ибн Мунзир: «Білім иелері әйелдерге Қағбаның айналасында және Сафа-Маруаның арасында рамл[121] қылып жүрулеріне және еркектер сияқты оң иықтарын ашып жүрулеріне болмайды. Өйткені бұлардағы мақсат күш-жігерлікті көрсету. Ал бұл әйелдер ақысында мақсат етілмейді. Өйткені әйелдердегі мақсат жасырыну. Ал рамл және иықты ашу — олардың ашылып қалуларына әкеліп соғады» – деді. Сөз соңы.



11 - Етеккір болған әйелдің хаж амалдарынан қылатын және тазарғанға дейін қылмайтын істері:

Етеккір әйел ихрамнан бастап Арафада тұру және Муздалифада түнеу және жамаратқа тас ату сияқты хаж амалдарының барлығын орындайды және тазарғанға дейін Қағбаны тауаф етпейді. Өйткені Пайғмбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) Айша анамызға (оған Аллаһ разы болсын) хайз көрген кезінде былай деді: «Қажылар істейтін амалдарды істе бірақ тазарғанға дейін Қағбаны тауаф етпе»[122]. Муслимнің риуаятында: «Қажылар өтейтін амалдардың барлығын өте, бірақ жуынғанға дейін Қағбаны тауаф етпе»-деген.

Имам Шаукани «Найлуль Аутар» кітабында (5/49): «Хадисте хайз әйелдің қаны тоқтап тазарғанға дейін тауаф қылуынан қайтарылғаны анық. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бұл қайтаруы — ол істің дұрыс емес екеніне дәлел, сондықтан хайз әйелдің тауаф етуі дұрыс болмайды. Бұл жалпы ғұламалардың сөзі»-деді. Сөз соңы.

Етеккір әйел Сафа-Маруа арасында сағи қылмайды. Өйткені сағиды қажының тауафынан бұрын істеу дұрыс болмайды өйткені пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) тауафтан бұрын сағи қылмаған.

Имам Науауий «Мажмуғ» кітабында (8/82) былай деді:«Егер тауафтан бұрын сағи қылса, оның сағиы біздің айтуымызша дұрыс болмайды. Жалпы ғұламалар да осылай дейді. Жоғарыда Мауардий ғұламалардың осыған келіскендігін айтқанын атап өттік. Және бұл имам Малик, Абу Ханифа және имам Ахмадтың мазғабы.

Ибн Мунзир Атоның және кейбір хадис ғалымдарының сағидың тауафтан бұрын істеуге болатындығын айтты және біздің ғалымдарымыз осыны Атодан және Даудтан жеткізді.

Біздің дәлеліміз: Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) тауафтан кейін сағи қылған және пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): « Менен хажы амалдарын үйреніп алыңдар»- деген. Ал сахаби ибн Шариктің (оған Аллаһ разы болсын) хадисіне келетін болсақ, ол кісі айтты: «Аллаһтың елшісімен (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бірге хажылыққа шықтым, сонда адамдар оған келетін еді, олардың бірі: «Иә Аллаһтың елшісі, тауаф қылуымнан алдын сағи қылып қойсам, немесе бір нәрсені кешіктіріп қойсам, не бір нәрсені алдын істеп қойсам­­ не болады?» - деп сұрайтын еді. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Ештеңе етпейді, тек қана кім бір мұсылманның абыройын зұлымдық қылып кеміткен болса, міне сол жамандыққа тап болған болады»-деді.

Бұл хадисті Абу Дауд сахих иснадпен риуаят еткен. Бұл хадис Хаттаби және одан өзгелер сілтеген нәрсені көрсетіп тұр, ол: «Тауаф қылудан алдын сағи қылдым» - деген сөзі, яғни тауаф-қудумнан кейін тауаф-ифададан бұрын сағи қылдым дегені». Сөз сөңы.

Ұзтазымыз шейх Мухаммед Амин Шинқитий (оны Аллаһ рахым етсін) өзінің «Адуауль-Баян» атты тәпсірінде (5/252): «Біл, көптеген ғұламалар сағидың тауафтан кейін ғана дұрыс болатындығын айтады, ал егерде тауафтан бұрын сағи қылса, дұрыс болмайды деген. Бұл ғұламалардың, олардың ішінде төрт имамның да сөзі. Мауардий және одан өзгелер ғұламалардың осыған келіскендігін айтты»-деді. Кейін жоғарыда айтылған Науауийдің сөзін және оның Ибн Шариктің хадисіне берген жауабын келтірді. Сосын былай деді: ««Тауафтан алдын»-деген сөзі, рүкн болған тауаф-ифададан бұрын тауаф қылдым дегенді білдіреді. Бұл оның рүкн болмаған тауаф-қудумнан кейін сағи қылғандығына қарсы келмейді»-деді. Сөз соңы.

Муғниде (5/240): «Сағи тауафқа еріп келеді, оның тауафтан бұрын болуы дұрыс емес. Ал егер тауафтан алдын сағи қылса дұрыс болмайды. Осыны имам Малик және Шафиғий және басқа ғалымдар айтты. Имам Ато (оны Аллаһ рақым етсін): «Рұқсат етіледі»-деді. Имам Ахмад: «Егер ұмытып кетсе рұқсат, ал егер біле тұра істесе рұқсат етілмейді» – деді. Өйткені Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) естен шығару немесе білместікпен кешіктіру, немесе алдын қылу жайында сұралған кезде: «Ештеңе етпейді»-деді. Біріншіден: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) тауафтан кейін сағи қылған және «Менен қажылық амалдарыңды үйреніп алыңдар» - деген»-деді. Сөз соңы.

Жоғарыда айтылғаннан белгілі болғаны: сағидың тауафтан алдын дұрыс болады деп айтатындардың дәлел ретінде осы хадисті дәлел ретінде келтіруі дұрыс емес. Хадис оған дәлел болмайды. Өйткені ол екі істің біріне жатады:

1 - Ол не тауаф-ифададан алдын сағи қылған кісі жайында, өйткені ол сағиді тауаф-қудум үшін қылған болады да, оның бұл сағиы тауафтан кейін орындалған болады.[123]

2 - Немесе ол әдейі істемей, ұмытып немесе білмей істеген адам жайлы болуы мүмкін.

Бұл мәселеде көп тоқталған себебім: бүгінгі күнде жалпы сағиды тауафтан алдын орындауға болады деп фәтуа берушілер көп байқалды.


Каталог: files -> book -> kaz -> fikh
fikh -> Умра мен қажылық жасаушыларға арналған жаднама Дайындаған Дамир Хайруддин Қазақ тіліне орыс тілінен аударған «Абу Ханифа мирасы»
fikh -> Жүкті және емізулі әйелдердің оразасы туралы Әйелдер жүктілік немесе бала емізу себебімен ұстамай қалған оразаны өтеу керек пе?
fikh -> Әл-Мухаррам айындағы және Ашура күніндегі ораза турасында
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> И’тикаф (Мешітте оңашалану) «И’тикаф» сөзінің анықтамасы
fikh -> Қажылық парызға айналатын шарттар
fikh -> Халәл тағаммен тамақтану қажеттігі туралы және жануар бауыздаумен байланысты ережелер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет