Мүмін әйелдерге қатысты үкімдерге ескертулер



бет5/8
Дата28.04.2016
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Ескерту:

Егерде әйел адам тауаф аяқталғаннан кейін етеккір көретін болса, ол бұндай жағдайда сағи қыла береді. Өйткені сағиға дәрет шарт емес.

Муғниде (5/246): «Білім иелерінің көпшілігі Сафа мен Маруаның арасында сағи ету үшін дәрет шарт емес деп біледі. Осыны айтқандардан: Ато, Малик, Шафиғий, Абу Саур, және Ханафи ғұламалары»-деді. Кейін: «Абу Дауд имам Ахмадтың : «Егер әйел адам Кағбаны тауаф қылса, сосын етеккірі келетін болса, сафа-маруаны сағи қылады да кетеді»- дегенін естідім»- деді. Әл-Асрам Айша анамыздан және Умму Саламадан (оларға Аллаһ разы болсын): «Егер әйел адам Қағбаны тауаф қылып және екі ракағат намаз оқыса сосын етеккір көретін болса, сафа-маруаның арасын сағи қылсын»- дегенін риуаят етті»-деді. Сөз соңы.

12 - Әйелдерге сығылысудан қорыққандықтан айдың көзден ғайып болғанынан кейін әлсіздермен бірге Муздалифадан кете берулеріне және Минаға жеткен кезде жамаратуль-Ақабаға тас атуларына болады.

Әл-Муаффақ Муғниде (5/286) : «Әйелдермен әлсіздердің Муздалифадан басқалардан алдын кетулеріне ештеңе етпейді. Абдурахман ибн Ауф және Айша (оларға Аллаһ разы болсын) өздерінің әлсіз туысқандарын алдын ала Муздалифадан қайтаратын еді. Осыны Ато, Сәурий, Шафиғий, және Абу Сәур және басқа ғалымдар айтты. Бұған қарсы келген біреуді білмейміз. Өйткені бұл — олар үшін мейірімділік және оларды сығылысу ауыртпалығынан сақтау әрі Пайғамбарға (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) ілесу»-деді. Сөз соңы.

Имам Шауканий «Найлуль Аутар» атты кітапта (5/70) : «Дәлелдерден белгілі болғаны: Муздалифадан түннің ортасынан кетуге рұқсат етілмегендерге тас ату уақыты — күн шыққанан кейін. Ал рұқсат етілгендерге; әйелдер және әлсіздер сияқтыларға тас ату — күн шығудан бұрын рұқсат етіледі» - деді. Сөз соңы.

Имам Науауий «Мажмуғ» кітабында (8/125): «Шафиғий және басқа ғалымдар: «Әйелдерді және басқа әлсіз адамдарды түннің жарымынан кейін күн шығудан алдын, адамдар сығылыспай тұрып Жамаратқа тас ату үшін Минаға қайтару — сүннет» - деді. Кейін осыған дәлел болатын хадистерді айтты.



13 - Әйел қажылықта және ұмрада шашын саусақ ұшындай қысқартады. Оған шашын қырып тастауға болмайды.

Муғниде (5/310): «Әйелге шашын қыру емес, қысқарту шариғат етілген. Бұнда келіспеушілік жоқ. Ибн Мунзир: «Білім иелері осыған келіскен, өйткені әйелдер үшін шашын қыру — қорлауға жатады»-деді. Ибн Аббас (оған Аллаһ разы болсын): Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):«Әйелдерге шашын қыру емес қысқарту керек»[124] – дегенін риуаят етті. Имам Тирмизий Алидің (оған Аллаһ разы болсын): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) әйелдерді шаштарын қырудан қайтарды» - дегенін риуаят етті. Имам Ахмад былай дейтін еді: «Әйел шашының әр өрімінен саусақтың ұшындай қысқартады». Бұл Ибн Омардың, Шафиғийдің және Исхақ пен Абу Сәурдің сөзі. Абу Дауд: «Ахмадтың әйел басының барлық жерінен қысқартуынан сұралғанын естідім, сонда ол кісі: «Иә, шашын басының алдыңғы жағына жинайды да оның ұшынан саусақтың ұшындай алады»-деді». Сөз соңы.

Имам Науауий «Мажмуғ» кітабында (8/150,154): «Ғұламалар әйелдің шашын қыруға бұйырылмайтындығына, керісінше оның міндеті шашын қысқарту екендігіне келісті. Өйткені ол әйелдерге бидағат және онда қорлау бар»-деді.

14 – Етеккір көрген әйел егерде жамаратуль-Ақабада тас атса және шаш қысқартса, ол ихрамнан шығады да оған ихрам себепті тыйым салынған нәрселердің барлығы рұқсат етіледі, тек қана күйеуі оған жақындасуына болмайды. Сондықтан оған тауаф-ифаданы істеп біткенше күйеуне өзімен жакындасуға мүнкіншілік бермеуі керек. Егер осы уақыт аралығында (тауаф ифаданы істегенге дейін) күйеуі әйеліне қосылып қойса, оған фидия төлеу керек болады. Ол фидия Меккеде бір қой сойып, оны Мекке міскіндеріне тарату[125]. Өйткені бұл қосылу бірінші ихрамнан шыққаннан кейін болды.

15 - Егерде әйел тауаф-ифададан кейін етеккір көрсе, ол қалаған уақытта сапар қыла береді де оған тауаф-уадағты істеу жүктелмейді. Өйткені Айша анамыз (оған Аллаһ разы болсын): «Хуяйдің қызы София тауаф-ифада істегеннен кейін еттеккір көрді. Мен соны Пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) айттым, сонда ол: «Ол бізді ұстап қалады ма?» - деді. Мен: Әй Аллаһтың елшісі, ол тауаф-ифаданы қылып, содан кейін еттеккір көрді дедім. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Ондай болса, кете берсін»[126] - деп айтты»-деді. Имам Бухарий мен Муслим ибн Аббастан: «Адамдар олардың қажылықтағы ең ақырғы амалдары тауаф-уадағ болуына бұйырылды. Тек қана ол еттекір көрген әйелдерден жеңілдетілді» - дегенін риуаят етті. Имам Ахмад Ибн Аббастан пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):«Етеккір көрген әйелге егер ол тауаф-ифаданы істеген болса, тауаф-уадағды істемей-ақ кете берулеріне рұқсат еткенін» риуаят етті.

Имам Науауий «Мажмуғ» кітабында (8/281) былай деді: «Ибн Мунзир: Осыны жалпы білім иелері айтты, олардан: Малик, Әузағий, Саурий, Ахмад, Исхақ, Абу Саур, Абу Ханифа және басқалар»-деді. Сөз соңы.

Муғниде (3/461):«Бұл осы елдердегі жалпы фиқһ ғұламалары-ның сөзі»-деді. Және «Нифас көрген әйелдердің үкімдері — етеккір көрген әйелдердің үкімдерімен бірдей. Өйткені нифас жағдайдағы оған уәжіп болатын және уәжіп болмайтын үкімдері – етеккір жағдайдағы әйелдің үкімі сияқты» – деді. Сөз соңы.

16 - Әйел адамға намаз оқу үшін әрі дұға қылу үшін Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) мешітіне баруы мустахаб болады. Бірақ оған Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) қабірін зиярат етуге болмайды. Өйткені әйел адам қабірлерді зиярат етуден қайтарылған.

Сауд Арабия мемлекетінің муфтиі шейх Мухаммад Ибн Ибрахим Әлі-Шейх өзінің фатуалар жинағында (3/239): «Бұл мәселеде дұрысы: оларды Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) қабірін зиярат етуден қайтару. Бұның екі себебі бар:

Біріншіден: жалпылай әйелдерді қабірлерді зиярат етуден қайтаратын дәлелдердің келгендігі. Егер тыйым салу жалпы келген болса, ешкімге дәлелсіз оны арнайы етуіне болмайды. Кейін бұл жерде тыйым етілудің себептері бар....».[127] Сөз соңы.

Шейх Абдулазиз ибн Баз (оны Аллаһ рақым етсін) өзінің қажылық туралы жазған кітабында пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) мешітін зиярат етушілерге оның қабірін зиярат ету жайында айтқан кезде былай деді: «Бұл зиярат тек еркектерге шариғат етілген. Ал әйелдер үшін қабірлердің еш бірін зиярат етулеріне болмайды. Өйткені пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) қабірлерді зиярат етуші әйелдерді және оның үстіне мешіттер құрып, шырақтар жағушыларды лағнеттеді.

Ал пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) мешітінде намаз оқуды, онда дұға қылуды мақсат етіп Мединеге бару, тағы сол сияқты шариғат етілген істерді істеу үшін өзге мешіттерге бару[128] — баршаға шариғат етілген». Сөз соңы.

9-бөлім.

Үйлену және ажырасу үкімдері

Аллаһ Тағала Құранда: «Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да оның белгілерінен. Сөз жоқ осыларда ойланған елге белгілер бар»[129];

«Араларыңдағы бойдақтарды сондай-ақ қолдарыңдағы құл, күндердің дұрыстарын үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса да, Аллаһ өз кеңшілігімен оларды байытады. Аллаһ аса кеңшілік иесі, толық білуші»[130] – деді.

Ибн Кәсир (оны Аллаһ рақым етсін) : «Бұл үйленуге бұйрық. Ғұламалардың бір тобы: «Үйлену — шамасы келген әрбір адамға уәжіб»-деген. Олар пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уә сәлләм): «Ей жастар кімде – кімнің мүмкіндігі болса үйленсін. Сол арқылы көздеріңмен жыныс мушелеріңді харамнан сақтайсыңдар! Ал кімнің шамасы жетпесе, ораза ұстасын. Себебі, ораза нәпсі қалауын тізгіндейді»[131] - деген айқын сөзімен дәлел келтірді»-деді.

Кейін: ««Егер олар кедей болса, Аллаһ оларды өз кеңшілігімен байытады» - деген аятты дәлелге ала отыра: «Үйлену — байюдың себебі»- деді.

Және Абу Бакр Сыддық (оған Аллаһ разы болсын): «Аллаһтың неке қылуға бұйырғанынана бойұсыныңдар, сонда ол сендерді «байытамын» деген уәдесін жүзеге асырады. Аллаһ Тағала былай деді: «Егер олар кедей болса, Аллаһ оларды өз кеңшілігімен байытады»» -дегенін айтты.

Ибн Жәрир Ибн Масғудттың (оған Аллаһ разы болсын) былай дегенін риуаят етті: «Байлықты некелесуден іздеңдер, өйткені Аллаһ Тағала: «Егер олар кедей болса, Аллаһ оларды өз кеңшілігімен байытады»-деді». Имам Бағауий да Омардан (оған Аллаһ разы болсын) тура осындай сөз келтірді»-деді.[132] Сөз соңы.

Шейхуль Ислам Ибн Таймия фатуалар жинағында (32/90): «Аллаһ Тағала мүміндерге үйленуді, ажырасуды және сол ажырасқан әйел басқаға некелесіп, одан қайта ажырасса, оған қайта үйленуіне рұқсат етті. Христиандар олардың бір-бірлеріне некелесуді тыйым салады, ал кімге үйленуді рұқсат етсе, оған ажырасуға рұқсат етпейді.



Яхудилер ажырасуды рұқсат етеді. Егер ажырасқан әйел басқаға некелесіп, одан ажырасса, оған қайта үйленуге рұқсат етпейді. Христиандарда ажырасуға болмайды, яхудилерде ажырасқан әйел басқаға некесіп, одан ажырасса, оған қайта қосылуына болмайды. Аллаһ Тағала мүміндерге мұны да оны да рұқсат етті»-деді. Сөз соңы.

Ибн Қойм (оған Аллаһтың рақымдылығы болсын) «Һади Ән-Нәбауи»[133] атты кітапта (3/149) үйлену мақсаттарының бірі болған, жыныстық қарым-қатынастың пайдаларын баян етіп былай деді: «Негізінде жыныстық қатынас үш нәрсе үшін зандастырылған. Осылар оның негізгі мақсаттары болып табылады:



1. Текті сақтау және осы әлемге келетін адамның тағдырланған санағының толық болуы.

2. Бойда жиналып қалған денеге зиян беретін ұрықты шығару.

3. Шаһуатты қанағаттандыру, ләзәттану әрі нығметке бөлену». Сөз соңы.

Үйленуде көптеген пайдалар бар, олардың ең маңыздысы:

1-Зинадан сақтану және харамға қараудан тыйылу.

2-Ұрпақ пайда қылу және текті сақтау.

3-Ерлі зайыптылардың арасында тыныштықтың орын алып рухани тұрақтылықтың болуы.

4-Мұсылман жамағатының іргетасын құрайтын ізгі жанұя құруға ерлі зайыптылардың бір-біріне жәрдемдесуі.

5-Ердің әйелді өз кепілдігіне және қорғауына алуы.

6-Әйелдің үй шаруашылығын орындауы, яғни, осы өмірдегі әйелдің өзіне лайықты міндетін өтеуі.

Әйелдің әрі қоғамның дұшпандарының: «Әйел үйден тыс істерде ермен тең» -дегендеріндей емес. Олар осы сөздерімен әйелді үйінен шығарып оны өзіне лайықты міндетінен ажыратып, оған өзгенің ісін тапсырды да, өзгеге оның ісін жүктеп қойды. Нәтижеде жанұя жұйесі бұзылды, ерлі зайыптылар арасында түсінбеушілік орын алды. Осы нәрсе көбінше олардың ажырасуына немесе сәтсіздікке ұшырап, зардап шегулеріне себеп болды.

Ұстазымыз шейх Мухаммад Әмин Шынқытий «Адуауль-Баян» атты тәпсірінде (3/422): «Аллаһ Тағала мені де сені де өзінің разы болатын әрі жақсы көретін істеріне бастасын! Бір нәрсені біліп ал: Бұл барша орындармен үкімдерде әйелді ермен теңестіру пікірі — қате, бұзық, күпірлік пікір. Ол ақыл мен түйсікке, көктен түскен уахиге әрі жаратушының шариғатына қайшы. Мұнда тек Аллаһ көр еткен адамдардан баска ешкімге жасырын қалмайтын адамзат қоғамы үшін зияндар мен нұқсандар бар. Өйткені Аллаһ Тағала әйелді адамзат қоғамының құрылуына серіктес болуы үшін әйелдің өзінің арнайы сипатына сәйкес жарамды қылды. Бұл нәрселерге тек қана әйел жарамды, оған әйелден басқа ешкім жарамды емес. Олар: жүкті болу, босану, емізу, бала тәрбиелеу, үй шаруалары және ас әзірлеу, қамыр илеу, үй сыпыру және өзге де тұрмыс істерін орындау сияқты. Бұл қоғам үшін атқарылатын қызметтерді әйел бөтен көзден тыс үйінің ішінде, инабаттылық пен қамқорлықта, абырой-беделін және адамгершілігін сақтаған күйде орындайды. Әйелдің атқаратын осы қызметтері ердің істеген кәсібінен еш кем түспейді. Демек кәпірлермен соларға ерген ақымақ надандардың ойынша: әйелдер еркек сияқты үйден тысқары қызметтерді істеуге ақысы бар деулері бекер. Өйткені куә болып жургеніміздей, әйелдің жүкті немесе кеудеде баласы болуы және нифас қанын көруі кезінде, онда кез келген қиыншылығы болған қандай да бір істі өтеуге шамасы келмейді. Егер әйел күйеуімен бірге үйден тысқарыға шығып кететін болса, жас балаларға қарау, еміздік жасындағыны емізу, ері жұмысынан келсе сусын-тағамын әзірлеу сияқты үй қызыметтерінің барлығы азып-тозып заяа кетеді. Ал егер әйелдің орнын басатын адам жалдайтын болса, ол адам өзінің қоғамдағы орнынан қалай бағанағы әйел өз орнынан қашып, одан босаған болса, ол да солай босайды. Сөйтіп нәтижеде іс кері кетеді. Әйелдің тысқа шығуында және салғырттығанда адамгершілік пен дінді жоғалту бар» - деді. Сөз соңы.

Әй, мұсылман қарындас, Аллаһтан қорық! Пайдақорлардың сені діннен ұзақтатуды көздеген үгіт насихаттарына алданып қалма! Осыған алданып қалып жатқан әйелдердің уақиғасы — олардың бұзғындық пен сәтсіздікке ұшырап жатқандығына куәлік етеді және бұған тәжірбие айқын дәлел. Талапқа сай, жас болып тұрған шағыңда тұрмыс құруға асық. Тұрмыс кұруды оқуды немесе қызметті жалғастыру үшін кешіктірме. Өйткені сәтті тұрмыс құру — өзіңнің тыныштығың әрі бақытың. Ол барлық оқудың да, қызметтің де орнын басады, ал оқу немесе қызмет қандай жетістікке жетсе де тұрмыс құрудың орнын баса алмайды. Үй шаруашылығы мен бала тәрбиесін атқар, міне осы — өмірдегі негізгі жемісті ісің және оны алмастыратын нәрсе іздеме, өйткені оған еш нәрсе тең келмейді. Ізгі адаммен тұрмыс құруды қолыңнан жіберіп алма. Өйткені пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм): «Егер сендерге дінімен мінез-құлқына көңілдерің толатын адам қыздарыңның қолын сұрап келсе, қыздарыңды оған тұрмысқа беріңдер, ал олай қылмасаңдар, жер бетінде бүлік пен бұзақшылық болады»[134] - деді.



Әйелді тұрмысқа бергенде оның ойымен санасу

Тұрмысқа берілетін әйел үш жағдайдан шықпайды: не кішкентай қыз болуы, немесе ұяты кетпеген, ер көрмеген балағат жастағы қыз болу. Немесе жесір әйел болу. Осының әрбіріне арнайы үкімдер бар.

1- Кішкентай қызға келсек, әкесіне қыздың рұқсатынсыз оны тұрмысқа беруіне болатындығына еш тартыс жоқ. Өйткені кішкіентай қыздан рұқсат сұралмайды және Әбу Бәкр Сыдық «Қызы Айшаны (оған Аллаһ разы болсын) Пайғамбарға (саллалаһу алейһи уә сәлләм) тұрмысқа бергенде ол алты жаста еді, пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) оған қосылғанда, ол тоғыз жаста еді».[135]

Имам Шаукәний «Найлуль Аутар» атты кітапта (6/128,129): «Бұл хадисте әкенің қызын балағатқа толмай тұрып күйеуге беруіне болатындығына дәлел бар және жас қызды үлкен адамға күйеуге беруге болатындығына дәлел бар. Имам Бухарий (өзінің «Сахих» атты кітабында) бұған арнап жеке бап тағайындап жазды және онда Айшаның хадисін келтірді. Имам Ибн Хажар «Фатхуль-Барий» атты кітапта ғалымдардың осыған келіскендігін атап өтті» - деді. Сөз соңы.

Мұғнида (6/487) былай деді: «Ибн Мунзир: «Біз олардан жаттап жүрген ғалымдарымыздың барлығы: әкенің жас қызын егер оны теңіне тұрмысқа беретін болса, некелестіруге болатындығына келіскендігін айтты» -деді». Сөз соңы.

Әбу Бәкрдің Айшаны (оларға Аллаһ разы болсын) алты жасар қыз бола тұра Пайғамбарымызға (саллалаһу алейһи уә сәлләм) тұрмысқа беруінде, жас қызды ересек адамға некелестіруді қайтаратындарға және осыны оңбағандық, жағымсыздық деп есептейтіндерге қарсы қатты тойтарыс бар. Осыны олар тек надан білімсіздіктерінен немесе бұның артынан белгілі мақсат тұтқандарынан айтады.

2 - Ұяты кетпеген, ер көрмеген балағат жастағы қызға келсек, ол тек өзінің рұқсатымен ғана тұрмысқа беріледі. Оның рұқсаты — үндемеуі. Өйткені пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм): «Ұяты кетпеген, ер көрмеген қыз, одан рұқсат алынбайынша ұзатылмайды» - деді. Сонда сахабалар: «Әй, Аллаһтың елшісі, оның рұқсат етуі қалай болады?» - дегенде, Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм): «Оның үндемеуі»[136] - деді. Сондықтан міндетті түрде қыздың рұқсаты болуы керек.

Ғұламалардың сөздерінің ең дұрысына сәйкес, егер қызды ұзатушы әкесі болса да, міндетті түрде қыздың рұқсаты керек.

Ибн Қойм «Һәдий»[137] атты кітапта (5/96): «Бұл — алдыңғы өткен ғалымдардың және Абу Ханифа мазхабының, кейбір риуаяттардағы Ахмматтың да сөзі. Бұл — біз онымен Аллаһқа бой ұсынатын сөз, одан өзге деп иланбаймыз. Бұл Пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уә сәлләм) үкімдері және бұйрықтары мен тыйымдарына сәйкес сөз»-деді. Сөз соңы.

3 - Ал жесір әйелге келсек, ол тек өзінің рұқсатымен тұрмысқа беріледі. Оның рұқсаты — ер көрмеген қызға қарағанда сөйлеуімен болады, өйткені қыздың рұқсаты — үндемеуі.

Муғнида (6/493): «Жесір әйел разылығын тілмен айтып хабарлауында ғұламалардың арасында еш келіспеушілікті білмейміз. Өйткені, тіл жүректегі нәрсені жеткізуші. Рұқсат беретін барлық жағдайда, оның тілімен айтуы есепке алынады» - деді. Сөз соңы.

Шейхуль Ислам Ибн Таймия фатауалар жинағында (32/39, 40): «Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) бұйырғандай, әйел адамды оның рұқсатынсыз ешкімге ұзатуға болмайды, егер некеге отыруды ұнатпаса, оны мәжбүрлеуге болмайды. Тек кішкентай қызды ғана әкесі одан рұқсат сұрамай тұрмысқа бере алады. Ал балағат жастағы жесір әйелді алсақ, мұсылмандардың келісімі бойынша әйелдің рұқсатынсыз; әкесінің немесе өзгенің де оны тұрмысқа беруіне болмайды. Сол сияқты балағат жастағы қызды мұсылмандардың келісімі бойынша, әке мен атадан басқаларына қыздың рұқсатынсыз оны тұрмысқа беруілеріне болмайды. Ал әке мен ата қызды ұзататын болса, оларға қыздың келісімін алу керек болады.



Ғұламалар қызды күйеуге беруде оның келісімін алу — ол уәжіп пе, немесе мұстахаб па? - деп тартысқан. Дұрысы — ол уәжіп. Ал қызды тұрмысқа беріп жатқан қамқоршысына Аллаһқа тақуалық қылып, оны кімге тұрмысқа беріп жатқандығына, әрі қыздың болашақ күйеуі қызға тең келе ме, келмей ме? – осының барлығына қарауы керек. Өйткені ол қызды тек қыздың игілігі үшін тұрмысқа береді, өзінің игілігі үшін бермейді»-деді. Сөз соңы.

Әйелді тұрмысқа беруде қамқоршының шарт етілуі және осының даналығы.

Әйелге өзіне лайықты күйеу таңдаудың құқығын беріп қою дегені, онда туыстарымен жанұясына зиян тисе де қалағанына ерге тиюге толық тізгінді беріп қою деген емес. Бәлкім әйел өзінің таңдауын бақылап әрі оған турасын көрсететін, әрі неке қиюына бас көз болатын уәлиге байланысты. Сондықтан әйел өз-өзінің некесін қиюына болмайды. Егер қиса ол некесі дұрыс болмайды. Өйткені сунанда Айша анамыздан (оған Аллаһ разы болсын) келген хадисте пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) : «Қандай да бір әйел өзінің уәлиінің рұқсатынсыз өзінің некесін қиятын болса, оның некесі дұрыс емес, оның некесі дұрыс емес, оның некесі дұрыс емес»[138]-деген. Тағы да төрт сунанда: «Неке тек уәлимен қиылады»-деген хадис келген. Міне бұл екі хадис және оның мағыналары неке тек уәлимен болса ғана дұрыс болатынына дәлел етеді. Өйткені қайтарудағы негіз — оның дұрыстығын қайтару болып табылады.

Имам Тимизи айтады: «Білім иелері осыған сәйкес амал етуде, олардан: Ұмар, Али, Ибн Аббас, Абу Һурайра (оларға Аллаһ разы болсын) және тағы басқалары. Сондай-ақ табиғиндердің ғұламаларынан да: "Неке тек уәлимен қиылады"-дегендері риуаят етілген. Бұл Имам Шафиғий, Ахмад және Исхақтың сөздері». (Муғний:6/449)

Некені жариялау үшін әйелдердің дуф[139] ұру үкімі

Әйелдерге некені білдіру және жариялау үшін дуф ұрулары мустахаб етіледі. Және бұл жеке әйелдердің арасында болады. Оған музыка және басқа да музыкалық аспаттарды, сондай-ақ қоздырушы, желіктірушу дауыстарды қосуға болмайды.

Бұл жағдайға байланысты әйелдердің еркектер естімейтіндей етіп тақпақ айтуларына болады. Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм): «Харам мен халалдың арасын ажырататын нәрсе — некеде тамбур ұру және тақпақтар айту»[140]-деген. Имам Шауканий Найлуль-Аутар кітабінда (6/200) айтады: «Бұл хадисте әйелдерге некеде тамбур ұрып, мысалы: "Біз сендерге келдік, біз сендерге келдік» - деген сияқты аздаған сөздерден тұратын тақпақтар айтуларына рұқсат екеніне дәлел бар. Бірақ ол жамандықты үйрететін және әйелдің әдемілігі мен арсыздығын сипаттайтын, сондай-ақ оның арақ ішкіштігін сипаттайтын музыкамен бірге болмайды. Өйткені бұл нәрселер басқасында харам етілгендей некеде де харам етіледі. Сол сияқты басқа да музыкалық аспаптар харам етіледі». Сөз соңы.

Әй мұсылман қыздар! Үйленуге байланысты киімдер мен әшекейлер сатып алуда ысырап етпеңдер! Өйткені бұл Аллаһ оны қайтарған және оны істегендерді жақсы көрмейтіндігін хабарлаған іске жатады. Аллаһ Тағала айтады: «Ысырап қылмаңдар, расында Аллаһ ысырапшыларды жақсы көрмейді»-деді[141]. Сондықтан заттар алғанда біреудің алдында мақтанбастан қаражатты орынды жұмсау керек.

Әйелдің күйеуіне бойұсынудың уәжіптігі және оған қарсы келуінің харамдығы.

Әй мұсылман әйел, саған өз күйеуіңе жақсылықта бойұсынуың уәжіп болады. Абу Һурайрадан (оған Аллаһ разы болсын) келген хадисте пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм): «Егер әйел бес уақыт намазын оқыса, рамазан айының оразсын тұтса, абыройын сақтаса және күйеуіне бағынса, жәннәттің қай есігінен қаласа кіреді»[142]-деді.

Абу Һурайрадан (оған Аллаһ разы болсын) келген тағы бір хадисте пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм): "Әйелге өзінің күйеуі қасында болса, оның рұқсатынсыз ораза тұтуына болмайды және күйеуінің үйіне біреуді тек оның рұқсатымен ғана кіргізеді"[143]-деген.

Тағы бір хадисте пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) айтады: "Егер күйеуі әйелін төсекке шақырғанда келмесе, сөйтіп ол әйеліне ашуланған күйінде түнесе, ол әйелді таңға дейін періштелер лағнеттейді"[144]-дейді.

Бухарий мен Муслимнің риуаятында пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) айтады: "Менің жаным оның қолында болған Аллаһпен ант етемін! Қандай да бір еркек өз әйелін төсекке шақырғанда одан бас тартса, аспандағы (Аллаһ) күйеуі оған разы болғанға дейін ол әйелге ашулануда болады".

Күйеуінің әйеліне болған ақыларына — әйелдің үйге жауаптылығы және үйден тек ерінің рұқсатымен шығуы жатады. Аллаһтың елшісі (саллалаһу алейһи уә сәлләм) айтады:"Әйел өз күйеуінің үйіне қараушы және қарамағына жауапты"[145]-дейді.

Ерінің жұбайына деген ақысына — әйелдің үй шаруасын атқаруы және күйеуін үйге қызметші әйел жалдауға қажетті қылмауы. Өйткені қызметші әйел еріне қиындық туғызады, әрі сол себепті ері өзін және балаларын қатерге тіккен болады.

Шейхуль Ислам Ибн Тәймия айтады: «Аяттағы: «Ғибадатшыл, бойұсынушы және ерлері жоқта Аллаһтың сақтауымен ерлерінің мал-мүліктерін және өз абыройларын сақтаушы әйелдер — жақсы әйелдер»-дегені: Әйелдің өз еріне толық қызмет етуін, онымен бірге сапарда болу, оған бағыну және басқасында пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уә сәлләм) сүннеті көрсеткеніндей толық бойұсынуын талап етеді»- деді. Сөз соңы.

Ибн Қойм "Һади" атты кітабында (5/188,189): «Әйелдің қызмет етуін уәжіп дегендер расында Аллаһ оларға сөз жөнелткен сахабаларда осы нәрсе белгілі болғандығымен дәлел келтіреді. Ал енді әйелдің рахатта, мол күтімде болып, еркектің оған қызмет етуі, үй сыпыруы, бидай тартып нан илеуі, кір жуып, төсек салып үй қызметін атқаруы болса, ол қайтарылған іске жатады. Аллаһ Тағала айтады: «Әйелдердің ерлеріне құқықтары болғандай, ерлердің де оларға құқықтары бар».[146] Тағы бір аятта: «Еркектер әйелдері үстінен бастық»[147]-дейді. Егер әйел еркекке қызмет етпесе, керісінше еркек әйелге қызмет ететін болса, онда әйелі еркекке бастық болған болады»-деді.

Кейін айтты: «Аллаһ Тағала еркекке әйеліне нафақа етуді, оны киім-кешек және үймен қамтамасыз етуді —әйелін пайдалану, оның күйеуіне қызмет етуінің орнына парыз етті. Кейін, арадағы жалпы қарым-қатынастар әдет-ғұрыпқа байланысты. Ал әдетте әйел еркекке қызмет етеді және үйдің ішкі жұмыстарын атқарады»-деді. Тағы айтты: «Шарапатты мен қарапайым әйелдің, бай мен кедей әйелдің арасын ажыратуға болмайды. Бұл әлемдегі ең шарапатты болған әйел (пайғамбарымыздың саллалаһу алейһй уә сәлләм қызы Фатима) өзінің күйеуіне қызмет ететін еді. Бірде ол Аллаһтың елшісіне (саллалаһу алейһй уә сәлләм) келіп жұмыстың қиындығын айтып арызданғанда, сонда пайғамбарымыз (саллалаһу алейһй уә сәлләм) оның шағымын қабылдамады»-деді. Сөз соны.



Каталог: files -> book -> kaz -> fikh
fikh -> Умра мен қажылық жасаушыларға арналған жаднама Дайындаған Дамир Хайруддин Қазақ тіліне орыс тілінен аударған «Абу Ханифа мирасы»
fikh -> Жүкті және емізулі әйелдердің оразасы туралы Әйелдер жүктілік немесе бала емізу себебімен ұстамай қалған оразаны өтеу керек пе?
fikh -> Әл-Мухаррам айындағы және Ашура күніндегі ораза турасында
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> И’тикаф (Мешітте оңашалану) «И’тикаф» сөзінің анықтамасы
fikh -> Қажылық парызға айналатын шарттар
fikh -> Халәл тағаммен тамақтану қажеттігі туралы және жануар бауыздаумен байланысты ережелер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет