Мүмін әйелдерге қатысты үкімдерге ескертулер


Егер әйел өзінің күйеуінің оған қызықпағанын көрсе, бірақ әйелдің өзі онымен бірге қалуды қаласа не істейді?



бет6/8
Дата28.04.2016
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Егер әйел өзінің күйеуінің оған қызықпағанын көрсе, бірақ әйелдің өзі онымен бірге қалуды қаласа не істейді?

Жауап: Аллаһ Тағала айтады: «Егер бір әйел ері жағынан көңілсіздік немесе бет-бұрып кету пайда болуынан қорықса, ол екеуі өзара бір келісімге келулері зиян емес. Келісім (ажырасып кетуден) жақсырақ».[148]

Ибн Кәсир айтады: «Егер әйел ерінің оған көңілсіздік білдіруінен немесе одан бет бұрып кетуінен қорықса, оған әйелдің еріне болған ақыларының барлығын, не кейбір ақыларын; нафақа, киім, түнеу сияқты не одан да басқаларын түсіруіне болады. Еріне де әйелінен осы шарттарды қабылдауына рұқсат етіледі. Әйелге оларды еріне беруінде және еріне оны қабылдауында еш күнә жоқ. Міне сол үшін Аллаһ Тағала : «Ол екеуі өзара бір келісімге келулері зиян емес. Келісім (ажырасып кетуден) жақсырақ»-деді.

Кейін Саудату бинт Замғаның оқиғасын айтты. Ол әйел қартайып қалғанда пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) онымен ажырасуға ниет етеді. Сол кезде ол пайғамбармен (саллалаһу алейһи уә сәлләм) оны өзінде қалтыруға және өз күнін Айшаға беруге келісім шартқа отырады. Сөйтіп пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) оны қабылдайды да, ол әйелді өзінде қалтырады. [149]



Егер әйел күйеуіне жақпаса, әрі әйел онымен қалуды қаламаса не істейді?

Жауап: Аллаһ Тағала айтады: «Егер ерлі-зайыптылардың Аллаһтың заңдарын орындай алмауларынан қорықсаңдар, онда әйелдің (ерінен ажырасуы үшін) оған бодау ретінде төлем бергенінде олар үшін күнә жоқ».[150]

Инб Кәсир тәпсірінде айтады (1/483): «Егер ерлі-зайыптылар өзара келісе алмай, аралары бұзылса және әйелі еркектің ақысын ақтамаса, оны ашуландырса, әрі әйел ол еркекпен тұрмысты жалғастыруға шамасы келмесе, онда әйелге күйеуі оған (мәһір ретінде) берген нәрсесін оған қайтару арқылы өзін босатып алуына болады. Әйелге ол төлемді беруінде, сондай-ақ күйеуіне оны қабылдауында ешқандай айып жоқ»-деді. Сөз соңы.

Міне осы «Хулғ»-деп аталады.



Егер зайыбы ерінен ешқандай үзірсіз ажырасуды талап етсе, онда оған қандай қауіп бар?

Жауап: Сәубаннан (оған Аллаһ разы болсын) жеткен хадисте пайғамбарымыз (саллалаһу алейһй уә сәлләм): «Қайсы бір әйел өз ерінен ешбір себепсіз ажырасуды сұраса, онда ол әйелге жәннәттың иісі харам болады»[151]-деді.

Бұның себебі: Өйткені талақ — Аллаһқа ең жақпайтың халал нәрсе болып табылады. Сондықтан оған тек қажет болған жағдайда ғана қадам басуға болады. Ал қажетсіз болса, одан әркімге белгілі көптеген зардаптардың туындайтындығынан ол мәкруһ болады. Ал әйелдің талақты талап етуіне апаратын қажеті — ол күйеуінің өзіне міндет болған әйелінің ақысын өтеуден тартынуы. Және әйелдің сол себепті онымен қалудан зиян шегуі. Аллаһ Тағала айтады: «Әйелді игілікпен сақтау немесе жақсылықпен ажырасу керек»[152]-дейді. Басқа аятта айтады: «Әйелдеріне жақындамауға ант ішкендерге төрт ай мерзімінде күтулері керек. Егер осы уақыт ішінде әйелдеріне қайтса, ол рұқсат етіледі. Өйткені Аллаһ өте жарылқаушы, рақымды. Егер талақ етуді ниет еткен болса, расында Аллаһ өте естуші, білуші»[153]-деді.

Некенің аяқталғанында[154] әйелге уәжіп болған нәрселері.

Ерлі-зайыптылардың бір-бірінен ажыраулары екі түрлі болады:

1.Өмірдегі ажырасу[155].

2.Өлім себепті ажырасу.

Екі жағдайда да әйелге «идда» уәжіп болады. Идда деп шариғатта белгіленген күту мерзімін айтады. Ондағы хикмет: идда неке толық болғаннан кейін оның біткендігін білдіретін шегі болып табылады,[156] сондай-ақ ол әйелдің жатырының тазаруы. Өйткені егер жатырдың тазаруынан бұрын әйел басқа біреуге тұрмысқа шықса, онда әйелдің жатырында алдыңғы ажырасқан ерінің ұрығы мен жаңадан тұрмыс құрған ерінің ұрықтары араласу себепті болашақ нәрестенің кімнен екендігіне күмән туады, әрі сол себепті ұрпақ жоғалады.

Сондай-ақ иддандан болған хикметтерден: алдыңғы некені құрметтеу әрі ажырасқан ерінің ақысын құрметтеу. Сонымен қатар әйелдің ерімен ажырасқандығына әсерленгендігін білдіруі идданың хикметі болып табылады.

Идда төрт түрлі болады:

Біріншісі:Екі қабат әйелдің иддасы.

Оның иддасы толық босанумен болады. Егер ол ажырасу талақ байн[157] немесе рожғи[158] болса да, немесе тірі кезде ажырасу не ері қайтыс болу себепті ажырасса да. Аллаһ Тағала Құранда айтады: «Жүкті әйелдердің иддалары — босанулары»[159].

Екінші түрі: Етеккір көретін әйелдің иддасы.

Оның идда мерзімі үш рет еттеккір көруі. Аллаһ Тағала айтады: «Талақ етілген әйелдер үш етеккір мүддетін күтеді».[160]

Үшінші түрі: Етеккір көрмейтін әйелдер, олар екіге бөлінеді.

1.Жасы кіші етеккір көрмейтін қыз.

2.Етеккір көру жасынан асып кеткен үлкен әйел.

Бұл екеуінің иддаларын Аллаһ Құранда былай баяндаған: «Әйелдердің арасындағы (қартайып қалғандығы себепті) етеккір көруден үміт үзгендері, егер сендер (олардың иддалары қанша ұзаруы туралы) күмәндансаңдар, онда (біліңдер) олардың иддалары үш ай және әлі етеккір көрмеген әйелдердің иддалары да үш ай».[161]

Төртінші түрі: Ері қайтыс болған әйел.

Аллаһ өзінің кітабында олардың иддаларын былай деп баян етті: «Сендерден қайтыс болғандар әйелдерін қалтырған болса, ол әйелдер төрт ай он күн өздері идда күтеді».[162] Идданың бұл түрі ері оған қосылған және қосылмаған, кіші және үлкен әйелдердің барлығына қатысты. Тек жүкті әйелге ғана қатысты емес. Өйткені: «Жүкті әйелдердің иддалары босанулары»[163] Сөз соңы. (Һәди Ән-Нәбәуий/ Ибн Қойм 5/594-595)



Идда мерзіміндегі әйелдерге қатысты тыйым салынған істер.

1- Оларға құда түсу үкімі:

А) Рожғи талақ иддасы кезіндегі әйел:

Оған ашық айтып құда түсуге де, ашық айтпастан құда түсу ниетін ымдап білдіруге де болмайды. Өйткені ол әйел өз ерінің әйелі үкімінде. Сондықтан оған ешкімнің құда түсуіне болмайды.

Б) Рожғи талақ емес идда кезіндегі әйел:

Оған ашық айтып құда түсу харам етіледі, бірақ оған үйлену ниеті бар екенін ашық айтпастан ымдап білдіруге болады. Өйткені Аллаһ Тағала айтады: «Ерлері өліп идда сақтап жүрген әйелдерге құда түсуді ымдап білдірулеріңде еш күнә жоқ».[164]

Оған үйленуді ашық айту, мысалы: «Саған үйленгім келеді»-деу сияқты. Идда кезіндегі әйелге былай айтуға болмайтын себебі, өйткені әйел оған күйеуге шығуға асыққандығынан иддасы бітпей тұрып оны бітті деп хабарлау қаупі болғандығынан. Ал енді турасын айтпастан оған үйлену ниеті бар екенін жәй ымдап білдіру, бұл оған анық үйленемін деген сөз емес, сондықтан бұнда ондай қауіп жоқ.

Сондай-ақ аяттың мағынасы да бұның рұқсат екенін білдіреді. Үйлену ниетін анық айпастан ымдап білдірудің мысалы, егер: «Сен сияқты әйелге үйленуді қалаймын, не қызығамын»-деп айтса. Талақ рожғи емес иддасындағы әйелге бұл сияқты ымдауға және ол да оған ымдаумен жауап беруіне болады. Бірақ анық айтқанға жауап беруіне болмайды. Ал рожғи талақ иддасындағы әйелге өзіне құда түскендердің ешқайсысына жауап беруіне болмайды. Анық айтып та, ымдап та жауап беруіне болмайды.

2- Басқа ерден ажырап идда күткен әйелге неке қию харам етіледі.

Өйткені Аллаһ Тағала айтады: «Бұйырылған идда мерзімі біткенге дейін (идда күткен әйелдерге) неке қиюды ниет етпеңдер».[165]

Ибн Кәсир өзінің тәпсірінде: «Яғни олармен иддалары біткенге дейін некеге отырмаңдар. Расында ғұламалар идда кезіндегі неке қию дұрыс емес екендігіне келіскен»- деді.(1/509)

Пайдалы мәселелер.

Күйеуге тйген әйелді егер ері оған қосылудан бұрын талақ етсе, ол әйел идда күтпейді. Өйткені Аллаһ Тағала айтады: «Ей иман келтіргендер, егер мүмін әйелдерді некелеріңе алсаңдар, кейін оларға қосылудан бұрын оларды талақ етсеңдер, онда сендер үшін олардың мойнында саналатын идда жоқ».[166] Ибн Кәсір өзінің тәпсірінде: «Бұл ғұламалардың оған келіскен істері, егер әйел оған ері қосылудан бұрын оны талақ етсе, ол әйел идда күтпейді, егер қаласа бірден басқа ерге күйеуге тиеді»-деді. (5/479)

Мәһірі аталған әйелді ері оған қосылудан бұрын талақ етсе, ол әйел аталған мәһрдің жартысын алады. Ал егер мәһірі аталмаған әйелді ері қосылуынан бұрын талақ етсе, ол әйел мәһір алмайды. Оған тек шамаға қарай киім-кешек не басқа тағы сол сияқты заттарды сыйлайды.[167]

Егер әйел ері оған қосылғаннан кейін талақ етілсе, оған мәһірі беріледі. Аллаһ Тағала айтады: «Егер әйелдеріңді оларға жақындаспастан немесе мәһір белгілемей тұрып талақ етсеңдер сендер үшін күнә жоқ. Ондай жағдайда оларды жағдай барларың молынан, жоқтарың әлдеріңе қарай өздеріңдегі игіліктерден пайдаландырыңдар! Бұл үкім игілік істеушілерге міндет етіледі. Егер мәһрді белгілеп қойып, жақындасудан бұрын оларды талақ етсеңдер, оларға белгіленген мәһрдің жартысын берулерің керек»[168]-дейді.

Яғни еркектерге әйелдеріне қосылмай тұрып және мәһрді атаудан бұрын оларды талақ етулерінде еш күнә жоқ. Бұл әйелдің көңіліне ауыр тигенімен, әйелге әдет-ғұрыпқа сай әрбір еркек өз шамасына қарай оған әр түрлі заттар сыйлауы оның орнын басады. Бұны айтқаннан кейін Аллаһ Тағала мәһірі аталған әйелдерді айтып, оларға ажырасқанда мәһірдің жартысы берілетінін баяндады.

Ибн Кәсір өзінің тәпсірінде айтады: «Бұндай жағдайда мәһірді жартыға бөлу— ғұламалардың арасындағы келісілген, ол жайында ешқандай қарама-қайшылығы жоқ іс болып табылады». Сөз соңы. (1/512)



3-Ері қайтыс болған әйелге идда кезінде бес түрлі нәрсе харам етіледі.

1- Иіс судың барлық түрін қолдану.

Оны денесіне не киіміне жағуына болмайды. Сондай-ақ иіс судан басқа да кез келген әтірлендіретін заттарды қолданбайды. Өйткені пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) сахих хадисте: «Ері қайтыс боған әйелге әтір жағуына болмайды»[169]-деген.

2- Денесін зейнеттеу.

Ол әйелге зейнеттелудің барлық түрі: көздеріне сүрме жағу, теріге пайдаланатын хынаның түрлері сияқты зейнеттелудің түрлері харам етіледі. Тек егер емделу үшін көздеріне сүрме жағуға мұқтаж болса, оны зейнет үшін емес емделу үшін жағуына болады. Оны түнде жағып күндіз сүртіп тастайды. Сондай-ақ көздерін сүрмеден басқа зейнетке жатпайтын заттармен емдеуіне болады.

3- Зейнет үшін арналып тігілген көйлектерді киіп әшекейленуі харам етіледі.

Сондықтан зейнетке жатпайтын қарапайым көйлектерді киеді. Және әдетте киетін киім киеді де арнайы бір түсті таңдамайды.[170]

4- Әшкейлі тастардан, не алтын, күміс сияқты пайдалы

қазбалардан жасалған зеб-зейнеттер, тіпті жүзік болса да тағуына болмайды.

5- Әйелге онда тұратын және ері онда қайтыс болған үйден басқа үйде түнеуі харам етіледі.

Ол үйден әйелге тек шарғи үзірмен ғана басқа жерге ауысуына болады. Ол әйелге ауырған науқастың көңілін сұрау үшін, немесе достары мен туыстарын зиярат ету үшін де үйінен шығуына болмайды. Оған күндіз өзіне керекті қажет заттары үшін шығуына болады. Осы айтылған бес нәрседен басқа Аллаһтың халал еткен істерінен қайтарылмайды.

Ибн Қойм: «Ері қайтыс болып идда күткен әйел тырнақ алудан, қолтықтың және басқа да оны қыруы мустахаб болған жерлерді қырудан, сидрмен жуынудан және онымен шашын тараудан қайтарылмайды»-деді. Сөз соңы. (Һәди Ән-Нәбауй 5/507)

Шейхуль Ислам Ибн Тәймия «Фатауалар жинағында»: «Ол әйелге көкөніс, ет сияқты Аллаһ мубах еткен балық нәрселерді жеуіне, сондай-ақ барлық рұқсат етілген сусындарды ішуіне болады»-деді. Кейін: «Оған әйелдер істейтін көйлек тігу, оны әшекейлеу және жіп иіру сияқты жұмыстарды істеу харам етілмейді. Сондай-ақ оған идда кезінен тыс уақытта мубах етілген істер рұқсат етіледі. Мысалы: егер бір еркекке сөз қатуға мұқтаж болса, оранған күйінде оған қажетін айтуға болады, сондай-ақ бұдан басқа да істер.

Міне осы айтқаным ол ерлері қайтыс болғандағы сахаби әйелдердің істеген пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уә сәлләм) сүннеті»-деді. Сөз соңы (34/27-28)

Ал енді адамдардың: «Ол бетін айға көрсетпей жабады, үйдің төбесіне шықпайды, еркектерге сөйлемейді, бетін өзіне махрам болатын туыстарына көрсетпейді»-деген және тағы басқа да сөздеріне ешқандай дәлел жоқ. Аллаһ білушірек!



10 - бөлім

Әйелдің құрметі мен абыройын сақтайтын үкімдер

1-Әйел еркек адам сияқты көзін төмен түсіруге және абыройын сақтауға бұйырылған.

Аллаһ Құранда: (Мұхаммед саллалаһу алейһи уә сәлләм) «Мүміндерге айт: Көздерін (бөгде әйелдерге қараудан) тоссын және абыройларын (харамнан) сақтасын! Міне, осы — олар үшін ең таза (жол). Әлбетте, Аллаһ олар істеп жатқан істерден хабардар. Момын әйелдерге де айт: көздерін (бөгде ерлерге тігуден) тоссын және абыройларын (харамнан) сақтасын!» .[171]

Ұстазымыз Мұхаммад Әмин Шинқитий өзінің «Адуауль-Баян» атты тәпсірінде (6/186,187) осы аят жайында былай деді: «Аллаһ Тағала осы аятта мүмін ерлер мен әйелдерге көздерін арамнан тыюды әрі жыныс мүшелерін сақтауды бұйырды. Жыныс мүшелерін сақтауға: оны зинадан, гомосексуализмнан және трибадизмнан, адамдарға оны көрсетуден, оларды ашылып қалуынан сақтау жатады»-деді. Кейін былай деп жалғастырды: «Осы аятта Аллаһ Тағала өзінің әміріне мойынсынған ерлер мен әйелдерді, егер олар осымен қатар Ахзап сүресінде айтылған ерекшеліктерді қоса орындаған болса, оларды кешіруді және оларға өте үлкен сауапты уәде еткедігін айтты. Аллаһ Тағала былай дейді: «Сөз жоқ, мұсылман ерлер және мұсылман әйелдер, мүмін ерлер және мүмін әйелдер, бой ұсынушы ерлер және бой ұсынушы әйелдер, шыншыл ерлер және шыншыл әйелдер, сабырлы ерлер және сабырлы әйелдер, ықыласты ерлер және ықыласты әйелдер, садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдер, ораза ұстаушы ерлер және ораза ұстаушы әйелдер, ұятты жерлерін қорғаушы ерлер және әйелдер, Аллаһты көп зікір етуші ерлер және әйелдер, Аллаһ Тағала бұлар үшін жарылқау және ірі сыйлық әзірледі».[172] Сөз соңы.

Трибадизм деген сөзінен мақсат, трибадизм: ол әйелдің әйелмен аймаласып қатынасуы. Бұл өте үлкен қылмыс болып табылады, бұны істеген екі әйел де өте қатаң жазаға лайықты.

Муғниде (8/198): «Екі әйел бір – бірімен аймаласса, екеуі де лағнеттелген және зинақор болып саналады. Өйткені Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) былай деді: «Егер әйел әйелмен қатынасса, ол екеуі де зинашы». Ол екеуін де қатаң жазалау уәжіп болады, өйткені ол оған шарғи хад жоқ зина»[173] - деді. Сөз соңы.[174]

Мұсылман әйел, әсіресе бойжеткендер бұл жаман, жеркенішті істен сақ болуы керек.

Ал көзді харамнан тыю турасында Имам Ибн Қайим «Әл-Жауаб Әл-Кафий» кітабында (129,130) былай деді: «Назар салу сәттері шаһуатты қоздырушы әрі оның елшісі болып табылады. Көзді сақтау — жыныс мүшелерін сақтаудың негізі. Ал кімде-кім назарын еркіне жіберсе, ол өз нәпсісін құрдымға тастаған болады. Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм): «Ей Али, бір қарағаныңа екінші рет назар салма, кенеттен көріп қалған назарда сен үшін күна жоқ» – деді. Бұдан мақсат: арнайы мақсатсыз, кенеттен көріп қалу.

Имам Ахмад Муснадында Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) :«Көз жүгірту – Ібліс шайтанның жебелерінің уланған бір жебесі» - деді. Және назар салу – Адам баласы оған тап болатын барлық зина оқиғасының негізі. Өйткені назар салу адам көңілінде ой туғызады, кейін көңілдегі ой пікірді туғызады, сосын пікір шаһуат тудырады, кейін шаһуат қалауды тудырады, содан кейін қалауы күшейеді де, ол нақты шешімге айналады. Нәтижесінде егер одан тосатын қайтарушы болмаса, міндетті түрде іс жүзеге асады[175]. Сондықтан мынандай сөз бар: «Көзді тыюға сабыр қылу, одан кейінгі болатын қиындыққа сабыр қылудан жеңілірек»[176]. Сөз соңы.

Сондықтан, әй мұсылман әпке-қарындастар, сіздерге ерлерге қараудан көздерді тыю уәжіп болады. Сондай-ақ, кейбір журналдар мен телевизорларда, немесе видиоларда көрінетін фитналы суреттерге қараудан тыйылу уәжіп болады. Сонда ғана ақырларыңыз жақсы болып, жаман нәтижеден аман қаласыздар.

От кішкентай ұшқындардан құралады дегендей, қанша-қанша харамға назар салулар адамға өкініш әкелген.



2 - Абыройды зинадан сақтау себебтерінің бірі — музыка және музыкалық аспаптарды тыңдаудан ұзақ болу.

Имам Ибн Қайм өзінің «Иғосату Әл-лаһафан» атты кітабында (1/242, 248, 264, 265): «Шайтанның білімі мен ақылы және діні аз адамдарға құрған қастығының бірі және надандардың жүректерін аулаған айлаларының бірі — харам музыкалық аспаптармен болған өлеңдер, шапалақ және ысқыруларды тыңдау. Олар адамдардың жүректерін Құран тыңдаудан тосады, оларды пасықтыққа және күнәға батырады, өйткені музыка — ол шайтанның құраны және адамды Рахманнан тосатын қалың перде.



Музыка зиқорлыққа және гомосексуализмге құмарландырады және сол себебі жаман ойлы пасық адамдар өздерінің ұнатқан әйелдеріне өте оңай қолдарын жеткізеді...»- деді. Кейін: «Ал оны әйел немесе әйелдер сияқты көңілдері бос, және әйелдерге ұқсаған жас балалардан тыңдау – өте үлкен харам нәрселерден және дінді өте қатты бұзатын істерге жатады» - деді. Кейін: «Әрбір өзінің жанұясын қызғанатын, оларды харамнан қорғайтын адам, оларды осы музыкаларды тыңдаудан алшақтататынына еш кумән жоқ. Сол сияқты оларды жүрекке күмән кіргізетін себебтерден де ұзақ ұстайды»-деді.

Тағы былай деді: «Адамдар арасындағы белгілі нәрсе, егер еркекке әйелдің көңілін өзіне аудару қиындаса, ол оған музыканы тыңдатуға тырысады, сол кезде әйел жұмсарады. Өйткені әйелдің көңілі әдемі дауыстарға тез босайды. Ал егер дауыс музыкамен бірге болса, оның көңілінің босауы екі есе болады: дауыс жағынан, және мағынасы жағынан. Ал егерде осыған тағы тамбур,[177] жастық шақ және елжіреп таханнуспен[178] билеу қосылса, әйел музыка себебті еқі қабат болатын болса, дәл осы музыкадан болады. Аллаһпен ант етемін! Қаншама әйелдер осы музыкалар себебті жезөкшеге айналған?!». Сөз соңы.

Ей, мұсылманның қыздары, Аллаһтаң қорқыңдар да мінез-құлықты бұзатын қатерлі аурудан сақтаныңдар! Ол ауру — мұсылмандардың арасында әр түрлі жолдармен тарап кеткен өлеңдерді тыңдау. Өлеңдердің таралуы соншалықты, көптеген надан қыздар ол өлеңдердің түп нүсқаларын талап етеді және оны өздерінің арасында бір-біріне сыйға тартады.

3-Абыройды зинадан сақтау себептерінің бірі — әйелді пасық, әзілқой адамдардан қорғайтын махрамы болмаса, оған сапарға шығуына тыйым салу.

Әйелді махрамсыз сапар шегуден тыю жайында көптеген сахих хадистер келген. Олардың бірі: Ибн Омар (оған Аллаһ разы болсын) риуят еткен хадисте Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм): «Әйел кісіге өзінің махрамысыз үш күндік сапаға шығуына болмайды»[179] - деді. Абу Сағид Әл-Худриден (оған Аллаһ разы болсын) келген хадисте: «Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) әйелді екі күн, немесе екі түн күйеусіз немесе махрамсыз сапар шегуінен қайтарды»[180] - деді. Абу Һурайрадан (оған Аллаһ разы болсын) келген хадисте Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм): «Аллаһқа және ақірет күніне иман келтірген әйелге өзінің махрамысыз бір тәуліктік қашықтыққа сапар шегуі рұқсат етілмейді»[181] - деді.

Бұл хадистердегі үш күндік, екі күндік, және бір тәуліктік мөлшерден болған мақсат — жаяу және сол уақыттағы көлік түрлерімен аталған уақыттағы кесіп өтілетін қашықтық. Хадистердегі сапардың мөлшері «үш күн», «екі күн», «бір тәулік», «не одан да аз» - деп әр-түрлі болғандығына ғұламалар былай деп жауап берді: «Хадистен болған мақсат — оның сыртқы түсінігі емес, керісінше бұған сапар деп аталатын нәрсенің барлығы кіреді. Сондықтан әйел солардың барлығынан қайтарылған».

Имам Науауий Сахих Муслимнің шархында (9/103) былай деді : «Белгілі болғаны, әйел күйеусіз және махрамсыз сапар деп аталатын нәрсенің барлығынан қайтарылған, мейлі, ол үш күн не екі не бір күн немесе одан да аз қашықтық болсын. Өйткені ибн Аббастан (оған Аллаһ разы болсын) : «Әйел кісі тек қана махраммен сапар шегеді»- деген жалпы риуаят келді, ол жоғарыда айтылған Муслимнің ақырғы риуаяты. Бұл хадис сапар деп аталатын нәрсенің барлығын өзі ішіне алады. Аллаһ білушірек!» Сөз соңы.

Ал әйелге парыз қажылыққа әйелдер жамағатымен бірге сапар шегуіне рұқсат бергендер болса, олардың сөздері сүннетке қайшы келеді. Имам Хаттаби «Мағалиму Сунан» атты кітапта (2/276,277) былай деді: «Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) әйелді махрамсыз сапар шегуден тыйды. Ал оған Пайгамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) қойған шартты орындаусыз қажылыққа сапар шегуіне рұқсат ету — сүннетке қарама-қайшы. Егер оның махрамсыз шығуы күнә болатын болса, оған қажылықты парыз қылуға болмайды. Бұл — күнаға алып баратын итағат болып табылады». Сөз соңы.

Мен былай деймін: Олар әйелге бүтіндей махрамсыз сапар шегуін рұқсат етпеді, тек қана парыз қажылығына ғана сапар шегуін рұқсат етті.

Имам Науауий «Мажмуғ» кітабында (8/249): «Әйелге нәпіл қажылыққа, сауда және зиярат сияқты сапарларға махрамсыз шығуына болмайды» - деді. Сөз соңы.

Ал қазіргі кезде әйелдің барлық сапарына махрамсыз сапар шегуіне жеңіл қарайтындарға сөздері алынатын ғұламалардың еш бірі келіспейді. Сол жеңіл қарайтындар: «Әйелдің махрамы оны самолётке мінгізіп жібереді де, оны әйелдің қалаған еліне жеткенінде, оны басқа махрамы күтіп алады. Өйткені олардың ойларынша самолётте ер-әйел жолаушылардың көп болғандығынан ол сенімді болады» – дейді.

Біз оларға былай дейміз: «Жоқ, олай емес. Өйткені самолёт басқасынан көре қатерлірек, себебі онда жолаушылар бір-бірімен араласады, кейде әйел еркектің қасына отырып қалады, немесе кейде самолёт басқа жаққа бет алуға мәжбүр болады да, оны күтіп алатын ешкімі болмай, ол қатерлерге тап болады. Сонда ол өзі білмейтін әрі махрамы болмаған елде не істемек?[182]

4 – Абыройды зинадан сақтайтын себебтердің бірі — әйелді оған махрам емес бөтен ер кісімен оңаша қалудан тыю.

Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) :«Кімде-кім Аллаһқа және ақырет күніне иман келтірсе, махрамы болмаған әйел кісімен оңаша қалмасын, өйткені олардың үшіншісі шайтан болады» - деді. Амр Ибн Рабиғадан (оған Аллаһ разы болсын) келген хадисте Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм): «Ер кісі өзіне халал болмайтын әйел кісімен жеке қалмасын, өйткені олардын үшіншісі шайтан, тек әйелдің махрамы болса ғана рұқсат»- деді.

Әл-Мәжд (оны Аллаһ рақым етсін) «Мунтақо» деген кітапта: «Бұл екі хадисті имам Ахмад риуаят еткен»-деді. Оның мағынасы жоғарыда Ибн Аббастың Бухарий мен Муслим риуаят еткен хадисінде айтылып өтті[183].

Имам Шауканий «Найлуль Аутар» атты кітапта (6/120): «Ибн Хажар «Фатхуь Бари» атты кітапта айтқанындай, бөтен әйелмен жеке қалудың харамдығына ғалымдар бір ауыздан келіскен. Хадистегі бөтен әйелмен оңаша қалудың харам болған себебі — шайтан олардың үшіншісі болғандығынан және шайтанның сол жерде болуы — ол екеуін күнәға жолықтырады. Ал егер әйел кісінің махрамы болса, онымен жеке қалу рұқсат етіледі. Өйткені әйелдің махрамының болуы, ол екеуін күнәға түсуден тосады» - деді. Сөз соңы.



Кейбір әйелдер және оларға жауапты адамдар әйелдердің бөтен ермен жеке қалуының бірнеше түріне немқұрайлы қарайды, солардың бірінен:

1 – Әйелдің күйеунің туыстарымен оңаша қалуы және оның алдында бетін ашып жүруі.

Әйелдің күйеунің туыстарымен оңаша қалуы басқадан көре өте қатерлі болып табылады. Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм): «Сендер әйелдерге кіруден сақ болыңдар!» - деді. Ансарлардың біреуі: «Иә Аллаһтың елшісі! Егер қайындары болса ше?» - деді. Сонда Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) «Қайын — өлім»[184] - деді.

Бұл хадисте айтылған «қайындары» (әл-хаму) сөзінің мағынасы — ол күйеунің бауыры делінген. Ол ол әйелмен жеке қалуды жақтырмағандай болды.

Хафиз Ибн Хажар «Фатхуль Барий» атты кітапта (9/331) былай деді: «Имам Науауий: «Араб тілі ғұламалары «қайын» (әл-хаму) сөзі әйелдің күйеуінің әкесі, әкесінің ағайындары, өзінің ағайындары, ағайындарының балалары және әкесінің ағайындарының балалары сияқты туыстары екеніне келіскен. Ал хадистегі мақсат қылынғаны ол күйеуінің әкесі мен күйеуінің басқа әйелдерінен болған балаларынан басқа туыстары. Өйткені олар (яғни күйеуінің әкесі мен балалары) әйелге махрам болады және олармен жеке қалуына рұқсат етіледі, сондай-ақ олар өлім деп сипатталмайды.



Інісі өз жеңгесімен оңаша қалуы әдетке айналып, адамдар оған жеңілдік білдіргендіктен, ол өлімге ұқсатылды және бұл оған тыйым салуға басқасынан көре әуелірек деді» - деді. Сөз соңы.

Имам Шауканий «Найлуль Аутар» атты кітапта (6/122) былай деді: «Қайын — өлім дегені, яғни өлім басқасынан көре қорқыныштырақ болғанындай, қайынның жеңгесімен оңаша қалуынан қорқу да басқасынан көре көбірек болады». Сөз соңы.

Ей, мұсылманның қыздары, Аллаһтан қорқыңдар! Егер адамдар бұл іске немқұрайлы қараса да, сендер оған немқұрайлы қарамаңдар! Өйткені амалдар адамдар әдетімен емес, шариғат үкімімен таразыланады.


Каталог: files -> book -> kaz -> fikh
fikh -> Умра мен қажылық жасаушыларға арналған жаднама Дайындаған Дамир Хайруддин Қазақ тіліне орыс тілінен аударған «Абу Ханифа мирасы»
fikh -> Жүкті және емізулі әйелдердің оразасы туралы Әйелдер жүктілік немесе бала емізу себебімен ұстамай қалған оразаны өтеу керек пе?
fikh -> Әл-Мухаррам айындағы және Ашура күніндегі ораза турасында
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> И’тикаф (Мешітте оңашалану) «И’тикаф» сөзінің анықтамасы
fikh -> Қажылық парызға айналатын шарттар
fikh -> Халәл тағаммен тамақтану қажеттігі туралы және жануар бауыздаумен байланысты ережелер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет