Мүмін әйелдерге қатысты үкімдерге ескертулер


– Кейбір әйелдер және оларға жауапты адамдар ол харам болса да, әйелдің жалғыз өзі махрамсыз машинаға оның жүргізушісімен бірге мінуіне немқұрайлы карайды



бет7/8
Дата28.04.2016
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

2 – Кейбір әйелдер және оларға жауапты адамдар ол харам болса да, әйелдің жалғыз өзі махрамсыз машинаға оның жүргізушісімен бірге мінуіне немқұрайлы карайды.

Сауд араб мемлекетінің муфтиі Мухаммад ибн Ибрахим Әлі-Шейх (Аллаһ оны рақым етсін) фатаулар жинағанда (10/52): «Қазіргі күнде бөтен әйелдің қасында жүретін махрамысыз машинаның жүргізушісімен жекеленіп машинаға мінуі – айқын тыйым салынған іс екендігінде еш кумән қалмады. Бұл істе оған немқұрайлы қарауға болмайтын бірнеше жамандықтар бар. Мейлі ол әйел ұятты, мадениетті немесе ұятсыз, ерлермен сөйлекіш әйел болса да, онда айырмашылық жоқ.

Махрамдарының[185] осы ісіне разы болған еркек — діні әлсіз, еркектік намысы кем, әйеліне деген қызғанышы аз адам болып саналады. Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) : «Ер кісі бөтен әйелмен ешқашан оңаша қалмасын, ондай болса олардың үшіншісі шайтан болады» – деді.

Әйелдің бөтен еркекпен жекешеленіп көлікке мінуі — олардың үйде не басқа жерде оңаша қалуынан көре жаманырақ. Өйткені көлікке міну — еркекке ол әйелді (оған әйел разы болса да, болмаса да) өзінің қалаған жеріне, не қаланың сыртына алып кетуіне мүмкіндік береді. Міне осының жамандығы жәй ғана жеке қалудың жамандығынан көре әлдеқайда көбірек болады» - деді. Сөз сөңы.

Әйелдің қасында жүретін махрамы ересек кісі болу керек, жас баланың болуы жетпейді. Кейбір әйелдердің: «Егер қасыма жас баланы ертіп алсам, оңашада болмаймын» - деген ойлары қателік.

Имам Науауий (9/109): «Ал егер ердің бөтен әйелмен үшінші адамсыз оңаша қалуы болса, ол ғұламалардың келісімі бойынша харам іс. Сол сияқты олардың қасында одан кішкентайлығы үшін ұялмайтын жас бала болса, сол себебті харам болған оңашалану жойылмайды» - деді.

3 – Кейбір әйелдер және оларға жауыпты адамдар: «Әйел емделуге мұқтаж» деген сылтаумен оның (жалғыз өзі) дәрігерге кіруіне жеңіл қарайды. Бұл өте қатты қайтарылған қатерлі іс. Бұны мақұлдауға және оған үндемеуге болмайды.

Шейх Мухаммад Ибн Ибраһим (оны Аллаһ рақым етсін) фатуалар жинағында (10/13) былай деді: «Қандай жағдайда болмасын, ердің бөтен әйелмен оңаша қалуы шариғатта харам қылынған. Егер де ол оны емдейтін дәрігер болса да, оған бөтен әйелмен оңаша қалуына болмайды. Өйткені пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм): «Ер кісі бөтен әйелмен ешқашан оңаша қалмасын, ондай болса олардың үшіншісі шайтан болады» - деді.



Әйелдің дәрігерге кіруі үшін, міндетті түрде онымен бірге бір адам болуы керек. Ол адам әйелдің күйеуі немесе оның махрамдарынан болған бір еркек болса да рұқсат етіледі. Егер әйелдің махрамдарынан ер адам келе алмаса, жоқ дегенде оның туыстарынан бір әйел болуы керек. Егер жоғарыда айтылғандардың еш бірі табылмаса, және ауыру қатерлі болып, оны емдеуді кешіктіруге мүмкіндік болмаса, тыйым салынған оңашаланудан сақтану мақсатында кем дегенде медбике сияқты біреудің болуы керек». Сөз соңы.

Сол сияқты дәрігердің бөтен әйелмен, егер ол оның серіктесі немесе медбикесі болса да, онымен жеке қалуына болмайды. Сондай-ақ мұғалім, ол соқыр немесе басқа болса да, оқушы қызбен оңаша қалуына, стюардессаның да бөтен ермен оңаша қалуына болмайды.

Міне осы істе көптеген адамдар қазіргі кездегі жасанды, жалған мәдениет әрі кәпірлерге соқыр ергесу атымен және шариғат үкімдеріне көңіл бөлмегендіктері себепті жеңілдік білдіреді. Өте үстем әрі ұлы Аллаһтан басқа ешкімде күш қуат жоқ!

Адамға өзінін үйінде қызмет ететін қызметші әйелмен оңаша қалуы, сол сияқты үй иесі болған әйелдің де үйіндегі қызметші ермен оңаша қалуына болмайды. Қызметшілердің проблемасы қазіргі заманда әйелдердің оқу және үйден тысқары жұмыстармен шұғылданып қалулары себепті көптеген адамдардың онымен бәлеленген қатерлі проблемасы. Осы нәрсе мүмін ерлер мен әйелдерді одан өте сақ болуларын және одан ықтият болу амалдарын қолдануды міндет етеді. Сол сияқты оларға жаман әдеттерден ұзақ болулары уәжіп болады.



Толықтастыру:

Әйелге өзіне махрам емес еркектермен қол алыса амандасуына болмайды. Сауд Арабия елінің білім және фатуа, дағуат және өсиет бөлімінің бастығы шейх Абдул Азиз ибн Баз (оны Аллаһ рақым етсін) өзінің фатауасында былай деді: «Әйелге өзіне махрам емес еркектермен ешқашан қол алысып амандасуына болмайды, қол алысатын адам егер жас қыз немесе кәрі апа болса да, не жас жігіт не кәрі шал болса да. Өйткені бұнда олардың әрқайсысы үшін фитна қатерлігі бар.



Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) хадисінде: «Мен әйелдермен қол алыспаймын» - деді. Айша анамыз (оған Аллаһ разы болсын): «Аллаһтың елшісінің қолы ешқашан әйелдің қолына тиген емес, олар Пайғамбарымызға (саллалаһу алейһи уә сәлләм) тек сөзбен байғат беретін еді» - деді.

Жалпы дәлелдер үшін және фитнаға алып келетін жолдарды тосу үшін, әйелдің бөтен еркектермен қолына бір нәрсе киіп немесе кимей қол алысып амандасуында еш айырма жоқ». Сөз соңы.

Шейх Мухаммад Әмин Шинкитий өзінің «Адуауль Баян» атты тәпсірінде (6/602, 603) былай деді: «Біліп қой, расында еркекке өзіне бөтен әйелмен қол беріп амандасуына болмайды. Сол сияқты оның денесінің бір нәрсесі де бөтен әйелдің денесіне тиюіне болмайды. Бұған төмендегі нәрселер дәлел болады:

1) Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) «Мен әйелдермен қол алыспаймын» - деді. Аллаһ Құранда: «Расында сендер үшін Аллаһтың елшісінде көркем үлгі - өнеге бар»[186] - деді. Бұл аят бізден Пайғамбарымызға (саллалаһу алейһи уә сәлләм) ергендіктен әйелдермен қол алыспауымызды талап етеді. Төбеде айтылған хадисті Хаж сүресінде еркек адамға ихрам кезінде және одан басқа уақытта жібектен тігілген киімді киюге болмайтындығы жайындағы сөзімізде анықтап айтып өттік. Сондай-ақ оны осы Ахзаб сүресіндегі хижаб аятында да айтып өттік.

Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) байғат кезінде әйелдермен қол алыспауы – еркектің бөтен әйелмен қол алысуына болмайтындығына анық дәлел болады. Сол сияқты еркектің денесінің еш бір жері бөтен әйелдің денесінің еш бір жеріне тиюіне болмайды. Өйткені дененің денеге тиюінің ең жеңіл түрі – қол алысу. Егер Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) талап етіліп тұрған кезде (байғат кезінде) әйелдермен қол алыспаса, бұл оның рұқсат емес екендігіне дәлел болады. Ал Пайғамбарымызға (саллалаһу алейһи уә сәлләм) қайшы келу ешкімге рұқсат етілмеген. Өйткені үммет үшін сөзімен, ісімен және келісуімен істі шариғаттайтын — ол Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм).

2) Бұл, жоғарыда әйел түгелдей аурат екендігін және оған жабылып жүруі уәжіп екендігін, сондай-ақ оның фитнаға жолығуынан қорыққандығы үшін көздерін төмен түсіріп жүруіне бұйырылғандығын айтып өттік. Ал дененің денеғе тиюі – табиғи сезімнің қозуына және әйелге көзбен қараудан көре күштірек әсер ететінінде еш күмән жоқ. Бұның дұрыстығын әр әділ сыншы біледі.

3) Әйелдің бөтен еркекпен қол алып амандасуы – әйелдің ол еркекпен ләзаттануға апаратын жолы болып табылады. Өйткені қазіргі заманда адамдардың тақуалығы аз әрі аманат жоғалған, сондай-ақ адамдар қауіптен қорқықпайды. Кейбір күйеулер өзінің әйелінің сіңілдерімен ерінін ерініне тигізіп сүйісетіні жайлы және олар бұл сүйісуді «сәлем» деп атайтыны жайлы көп рет естідік. Олар: «Әйелдің сіңіліне сәлем бер» десе, яғни оны сүй дегені.

Онда еш күмәні жоқ ақиқат — бұл фитналармен қауіптерден және олардың себептерінің барлығынан ұзақ болу. Бұлардың ең жаманы — еркектің бөтен әйелдің денесінің бір жеріне қолын тигізуі. Харамға апаратын жолдардың барлығын тосу — уәжіп болады...». Сөз соңы.

Кітап соңы.

Ей мүмін ерлер мен мүмін әйелдер! Аллаһтың сіздерге жолдаған өсиетін естеріңе түсіремін:

«(Мұхаммед саллалаһу алейһи уә сәлләм), Момындарға айтыңыз, көздерін (бөгде әйелдерге қараудан) тоссын және абыройларын (харамнан) сақтасын! Міне осы — олар үшін ең таза (жол). Әлбетте Аллаһ олар істеп жатқан істерден хабардар. Момын әйелдерге де айтыңыз: көздерін (бөгде ерлерге тігуден) тоссын және абыройларын (харамнан) сақтасын! Және де көрініп тұрғаннан басқа зайнеттерін (яғни, үстеріндегі киімдерінен басқа зеб-зейнеттерін бөгделерге) көрсетпесін және көкіректерін орамалдарымен тоссын! Олар зейнеттерін көрсетпесін, тек ерлеріне, немесе әкелеріне, немесе ерлерінің әкелеріне, немесе ұлдарына, немесе ерлерінің ұлдарына, немесе өздерінің аға-інілеріне, немесе аға-інілерінің ұлдарына, немесе әпке-сіңілдерінің ұлдарына, немесе өздері сияқты әйелдерге, немесе қол астындағы күндеріне, немесе (әйелдерден) қажетсіз болған (яғни, өте қартайып қалған, немесе ақылсыз) еркек қызметкер құлдарға, немесе әйелдердің абыройларынан хабарсыз балаларға ғана (зеб-зейнеттерін көрсетулері мүмкін) және жасырған зейнеттері білінуі үшін аяқтарын (жерге) ұрмасын! Барлықтарың Аллаһқа тәубе етіңдер, ей мүміндер! Әрине (сонда) құтыларсыңдар»[187].

Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән, пайғамбарымыз Мухаммедке, оның жан ұясына әрі сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын!



Мазмұны

Бірінші бөлім...............................................................................................................1

Жалпы үкімдер.............................................................................................................1

1-Әйел адамның Ислам келуінен бұрынғы жағдайы................................................1

2-Әйелдің Исламдағы дәрежесі..................................................................................2

3-Ислам жаулары және олардың бүгінгі күндегі көмекшілері

әйелдің құн-қасиеттерін жоғалтуды әрі оны ақысынан

айыруды қалаулары......................................................................................................3

4-Біз егер келесі шарттар орындалса әйелдің үйінен

тыс жерде жұмыс істеуін қайтармаймыз...................................................................4

Екінші бөлім................................................................................................................6

Әйелдің тұла бойын әдемілеуге байланысты үкімдер.............................................6

1-Әйелден оның өзіне қатысты және өзіне лайықты

болған туа біткен қасиеттерді істеу талап етіледі....................................................6

2-Әйелден оның шашы мен қасына байланысты талап етілетін

нәрселер және бояну үкімі..........................................................................................6



Үшінші бөлім............................................................................................................ 13

Етеккір, ауыру және нифас қанына арналған үкімдер............................................13

Бірінші: Етеккір..........................................................................................................13

1-Етеккірдің анықтамасы.......................................................................................... 13

2 -Етеккір келетін жас............................................................................................... 13

3-Етеккір үкімдері......................................................................................................13

Ас – суфра және Әл – Кудраға байланысты үкімдер..............................................16

Пайдалы мәселе..........................................................................................................16

4-Әйелдің етеккірі біткеннен кейін істейтін нәрселері..........................................16

Етеккірден ғусл алудың сипаты................................................................................17

Маңызды ескерту.......................................................................................................17

Екінші: Истихада (ауыру қаны)................................................................................18

1-Истихада үкімдері...................................................................................................18

2-Дәретті адам үкімімнде болған жағдайдағы истиғада көрген әйелдің

істейтін нәрселері.......................................................................................................20

Үшіншісі: Нифас........................................................................................................21

А – Нифастың анықтамасы және созылатын уақыты.............................................21

Б – Нифасқа байланысты үкімдер.............................................................................21

Жоғарыда айтылған үкімдердің дәлелдері..............................................................22

Пайдалы мәселе..........................................................................................................22

Маңызды мәселе.........................................................................................................23

Дәрілер ішу.................................................................................................................23

Аборт үкімі..................................................................................................................23

Төртінші бөлім..........................................................................................................26

Киімдер мен хижжабқа байланысты үкімдер.........................................................26

Мұсылман әйелдің киімінің шариғатқа сай сипаты..............................................26

Хижжабтың мағынасы, дәлелі және пайдалары....................................................28



Бесінші бөлім.......................................................................................................... 31

Мұсылман әйелдің намазына байланысты үкімдер.............................................31

Намазда әйелдің өзіне арналған, еркектерден бөлек жеке үкімдері бар............31

1-Әйел азан және иқомат айтпайды.......................................................................31

2-Намазда әйелдің барлық жері әурат....................................................................31

3-Әйел рукуғ және сәжде қылғанда

шынтақтарын денесінен ажыратпайды....................................................................32

4-Әйелдердің бірі имам болып

жамағатпен намаз оқулары........................................................................................33

5-Әйелдерге еркектермен бірге намаз оқулары үшін

үйлерінен шығуларына болады................................................................................33

Егер мешітке намазға шығатын болса, төмендегі әдептерге мән беруі керек:

1-Көйлекпен және хижабпен денесін толық жабуы.............................................33

2-Иіс су қолданбай шығуы......................................................................................34

3-Зейнеттелген киім және асыл тастар тағынбау..................................................34

4-Егер әйел кісі жалғыз болса, ер кісілердің

артына жеке сапқа тұрады.......................................................................................35

5-Егер имам намазда жаңылып ұмытса, әйел кіс шапалақ

қағып ескерту береді.................................................................................................35

6-Егер имам намаздан кейін сәлем берсе әйел кісілер

мешіттен шығуға асығады........................................................................................36

7- Әйелдердің айт намазына шығуы.......................................................................36

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) әйелдерді

айтта шығуға бұйырғанында бірнеше себептер болуы мүмкін............................37



Алтыншы бөлім.......................................................................................................39

Жаназа бабындағы әйелге қатысты үкімдер...........................................................39

1-Өлген әйелді әйелдер жуулары керек..................................................................39

2-Әйел адамның бес ақ матаға кебінделуі абзал....................................................39

3-Өлген әйелдің шашына байланысты істер..........................................................40

4-Әйелдердің жаназаға еру үкімі..............................................................................40

5-Әйелдерге қабірлерді зиярат етудің харамдығы..................................................40

6-Мәйітті жоқтаудың харамдығы.............................................................................41



Жетінші бөлім...........................................................................................................43

Ораза бабындағы әйелге қатысты үкімдер..............................................................43

Рамазанда ораза тұту кімге парыз?.........................................................................43

Үзірлер:

1-Етеккір және нифас................................................................................................44

2-Жүктілік пен бала емізу.......................................................................................45

Ескертулер:

1-Истихаза қанын көрген әйел................................................................................ 45

2-Етеккір, жүкті және бала емізуші әйелдер..........................................................46

3-Егер әйелдің күйеуі қасында болса, әйелге тек

күйеуінің рұқсатымен нәпіл ораза тұтуына болады...............................................46

4-Егер етеккір көрген әйел

рамазан күндерінің бірінде тазарып қалса..............................................................47

Сегізінші бөлім.........................................................................................................48

Қажылық пен ұмрадағы әйелге байланысты үкімдер.............................................48

Қажылықтағы әйелдерге арналған үкімдер.............................................................48

1-Махрам.....................................................................................................................48

2-Егер қажылық нәпіл болса.....................................................................................49

3-Әйел қажылық пен ұмраны еркектің атынан істеуіне болады...........................49

4-Әйел егер қажылыққа бара жатқан жолында етеккір не нифас болып қалса,

жолында кете береді...................................................................................................50

5-Әйел ихрамға кірердегі істейтін нәрселері...........................................................52

6-Әйел егер ихрамнан бұрын ниқап пен буркуғты киіп жүрген болса,

ихрам кезінде оларды шешеді...................................................................................52

7-Әйелге ихрамды кезінде әйел киімнің қалағанын киуіне болады.....................54

8-Әйелге ихрамға кіргеннен кейін өзі

еститіндей дәрежеде тәльбия айтуы сүннет............................................................54

9-Әйелге тауаф қылған кезінде толық жабылуы және дауысын көтермеуі

әрі көздерін төмен түсіруі уәжіп болады................................................................54

10-Әйелдердің тауафы және сағиы

барлығы жәй жүрумен болады..................................................................................55

11-Етеккір болған әйелдің хаж амалдарына қылатын және тазарғанға дейін қылмайтын істері.....................................................................................................55 Ескерту........................................................................................................................58

12-Әйелдерге сығылысудан қорыққандықтан айдың көзден ғайып болғанынан

кейін әлсіздермен бірге Муздалифадан кете берулеріне және Минаға жеткен кезде жамаратуль-Ақабаға тас атуларына болады..................................................58

13-Әйел қажылықта және ұмрада шашын саусақ ұшындай қысқартады............59

14-Етеккір көрген әйел егерде жамаратуль-Ақабада

тас атса және шаш қысқартса...................................................................................60

15-Егерде әйел тауаф-ифададан кейін етеккір көрсе..............................................60

16-Әйел адамға намаз оқу үшін әрі дұға қылу үшін

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм)

мешітіне баруы мустахаб болады.............................................................................61



Тоғызыншы бөлім....................................................................................................62

Үйлену және ажырасу үкімдері................................................................................62

Үйленуде көптеген пайдалар бар, олардың ең маңыздысы...................................63

Әйелді тұрмысқа бергенде оның ойымен санасу....................................................65

Әйелді тұрмысқа беруде қамқоршының шарт

етілуі және осының даналығы...................................................................................67

Некені жариялау үшін әйелдердің дуф ұру үкімі....................................................68

Әйелдің күйеуіне бойұсынудың уәжіптігі және

оған қарсы келуінің харамдығы................................................................................69

Егер әйел өзінің күйеуінің оған қызықпағанын көрсе,

бірақ әйелдің өзі онымен бірге қалуды қаласа не істейді?.....................................70

Егер әйел күйеуіне жақпаса, әрі әйел

онымен қалуды қаламаса не істейді?.......................................................................71

Егер зайыбы ерінен ешқандай үзірсіз ажырасуды талап етсе,

онда оған қандай қауіп бар?......................................................................................72

Некенің аяқталғанында әйелге уәжіп болған нәрселері.........................................72

1-Екі қабат әйелдің иддасы.......................................................................................73

Талақ байн және талақ рожғи...................................................................................73

2-Етеккір көретін әйелдің иддасы............................................................................74

3-Етеккір көрмейтін әйелдер....................................................................................74

4-Ері қайтыс болған әйел..........................................................................................75

Идда мерзіміндегі әйелдерге қатысты тыйым салынған істер:

1-Оларға құда түсу үкімі:

Рожғи талақ иддасы кезіндегі әйел..........................................................................75

Рожғи талақ емес идда кезіндегі әйел......................................................................75

2- Басқа ерден ажырап идда күткен әйелге неке қию харам етіледі.....................76

Пайдалы мәселелер:............,,,,,,,,,,,,,,,.......................................................................76

3-Ері қайтыс болған әйелге идда кезінде бес түрлі нәрсе харам етіледі:

1-Иіс судың барлық түрін қолдану...........................................................................77

2-Денесін зейнеттеу...................................................................................................78

3-Зейнет үшін арналып тігілген көйлектерді киіп

әшекейленуі харам етіледі.......................................................................................78

4-Әшкейлі тастардан, не алтын, күміс сияқты пайдалы

қазбалардан жасалған зеб-зейнеттер, тіпті

жүзік болса да тағуына болмайды..........................................................................78

5-Әйелге онда тұратын және ері онда қайтыс болған

үйден басқа үйде түнеуі харам етіледі...................................................................78


Каталог: files -> book -> kaz -> fikh
fikh -> Умра мен қажылық жасаушыларға арналған жаднама Дайындаған Дамир Хайруддин Қазақ тіліне орыс тілінен аударған «Абу Ханифа мирасы»
fikh -> Жүкті және емізулі әйелдердің оразасы туралы Әйелдер жүктілік немесе бала емізу себебімен ұстамай қалған оразаны өтеу керек пе?
fikh -> Әл-Мухаррам айындағы және Ашура күніндегі ораза турасында
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> И’тикаф (Мешітте оңашалану) «И’тикаф» сөзінің анықтамасы
fikh -> Қажылық парызға айналатын шарттар
fikh -> Халәл тағаммен тамақтану қажеттігі туралы және жануар бауыздаумен байланысты ережелер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет