Қмму 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы



жүктеу 132.68 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі132.68 Kb.
: FARM -> 1%20kurs
1%20kurs -> Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
FARM -> Методические указания для самостоятельной работы студентов под руководством преподавателя
1%20kurs -> Казақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы
FARM -> Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқауы
1%20kurs -> Қмму ф 4/3-05/03 2007 ж. 14 маусымдағы №6 нх
1%20kurs -> Қмму 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы
1%20kurs -> Қмму 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы
ҚММУ 4/3-04/02

ҚММУ БЕ 4/02

2007 ж. 14 маусымдағы

ҚазММА жанындағы

ОӘК №6 НХ

Қарағанды мемлекеттік медицина университет

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы
Дәріс

Тақырыбы: «Вегетативті мүшелер: тамыр, өркен.

Жапырақ құрылысының морфологиясы және анатомиясы.».



Мамандығы: 051103 «Фармация»

Курс: 1

Уақыты: 50 мин.

Қарағанды 2014

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

02.09.2014 ж №1 хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Құлтанов Б.Ж.



Дәрістің құрылымы

Тақырыбы: «Вегетативті мүшелер: тамыр, өркен.

Жапырақ құрылысының морфологиясы және анатомиясы.»


Мақсаты:. Өсімдктің вегетативті мүшелер жүйесін анықтап және олардың құрлысымен қызметін, өркеннің құрылысын, жүйесін оқып білу талдау.
Дәріс жоспары:

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ВЕГЕТАТИВТІК ОРГАНДАРЫ.

1.Тамыр.

2.Тамырдың морфологиялық құрылысы.

3.Тамырдың анатомиялық құрылысы.

4.Өркен өсімдіктің негізгі вегетативті мүшесі.

5.Өркеннің тамырдан ацырмашылығы.

6.Бүршік өркеннің бастамасы.

7.Өркеннің бұтақтануы.

8.Өркен түрлері және өсімдік тіршілігінің ұзақтығы.

Дәріс тезистері

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ВЕГЕТАТИВТІК ОРГАНДАРЫ.

Негізгі вегетативтік органдардың бастамасы дәннің ұрығында болады. Қолайлы жағдай туысымен алдымен тамыр өседі, ол спермодерманы жарып шығып, топыраққа енеді. Нәтижесінде жас өскін топыраққа бекиді де, одан онда еріген минеральды тұздарды бойына сіңіреді. Тамырдың ізінше өркен өсе бастайды. Алғашында ол иілген болып келеді және өзінің бұрылыстарымен топырақты екі жаққа ығыстырып отырады, содан соң барып біртіндеп түзуленіп жердің бетіне тұқым жарнақтары мен бүршікті көтеріп шығады. Тұқым жарнақтары жасыл түске боялып және біраз уақыттар бойы жапырақтың қызметін атқарады. Бүршік жоғары қарай тік өсуін жалғастыра отырып, сабақты және алғашқы жапырақты береді. Алғашқы жапырақтың формасы толық қалыптасқан өсімдіқтің жапырағынан басқаша болады (жас жапырақтар). Тамыр мен тұқым жарнағының шекарачын тамырдын мойны деп атайды.

Тамырдың мойнымен тұқым жарнақтардың арасындағы сабақтың бөлігін гипокотиль (тұқым жарнаға асты аяқша) деп атайды. Ал тұқым жарнақтары мен алғашқы нағыз жапырақтың арасын эпикотиль (тұқым жарнағы үсті аяқша) деп аталады.

Кейбір өсімдіктердің (мысалы емен ағашының) сабағы өскен кезде иілмейді, ал топырақты қалың қабыршақтармен қапталған бүршіктің өзі ығыстырып отырады. Барлық өсімдіктердің бірдей тұқым жарнақтары жердің бетінде көтеріліп шықпайды. Кейде гипокатильдің қысқа болатындығы сонша түлерімен жердің астында қалып отырады (ас бұршағының, емен ағашының).

Астық тұқымдастарында негізгі тамырдан басқа, сабақтың базальды жағынан бірден қосылқы тамырлары пайда болады. Өне бастаған кезде жалғыз тұқым жарнағы тұқымның ішінде қалады да, эндоспермдегі қоректік заттарды бойына сініреді. Топырақты ұрықтық жапырақпен (колеоптиле) қоршалған бүршік жарып шығады. Алғашқы нағыз жапырақ колеоптиленің жарықшағы арқылы сыртқа шығады.

Тамыр.

Тамыр өсімдіктің өстік, көп симметриялы жер асты органы. Ол ұзақ уақыттар бойы ұзындыққа шексіз отырады. Тамырдың ұшын оймақшасы қорғап тұрады. Тамыр еш уақытта жапырақ түзбейді. Оның бұтақтануы, бүршектенуі ішкі жағынан басталады.

Тамыр әртүрлі қызметтер атқарады:


  1. Суды, және онда еріген минеральды тұздарды кейде органикалық заттарды да топырақтан өз бойына сіңіріп, сабаққа жеткізіп отырады

  2. Өсімдікті жерге бекітіп тұрады.

  3. Кейбір органикалық заттарды синтездейді.

  4. Өсімдіқтің топырақтағы микроорганизмдермен (саңырауқұлақтармен, бактериялармен) байланысын қамтамасыз етеді.

  5. Артық қор заттарының жиналатын орны болып табылады.

  6. Өсімдіктің вегетативтік жолмен көбеюін қамтамасыз етеді.

Тамырдың морфологиялық құрылысы.

Тамырдың алуан түрлілігі. Шығу тегіне қарай тамырды үшке бөледі: кіндық, қосалқы, жанама тамырлар.

Кіндік тамыр, тек ұрықтың тамыршасынан пайда болады.

Қосалқы тамыр сабақтан, жапырақтан немесе олардың өзгерген түрлерінен кетеді.

Кіндік тамыр мен қосалқы тамырлардан жанама тамырлар кетеді. Соңғыларынан жанама тамырлардың екінші және одан кейінгі қатарлары тарамдалып кетіп отырады.

Формасы жағынан тамырлар алуан түрлі болады: жіп тәрізді, бау тәрізді, конус тәрізді, ұршық тәріздә, шалқан (репа) тәрізді, түйнектәрізді және т.б. Субстратқа қарай тамырларды топырақты, судағы, аудағы және гаусторилер (паразит өсімдіктердің емшекшелері) деп бөледі.



Тамырдың анатомиялық құрылысы.

Кіндік, жанама және қосалқы тамырлардың анатомиялық құрылысы біршама ұқсас болады.

Тамырдың зоналары. Тамырдың ұзына бойында құрылысы әртүрлі болып келетің және әртүрлі қызметтер атқаратын бірнеше зоналарға бөлуге болады:


  1. клеткалардың бөліну зонасы.

  2. созылу зонасы

  3. сору зонасы (тамыр түтіктерінің зонасы)

  4. өткізу зонасы (бұтақтану)

Клетканың бөліну және созылу зонасы тамырдың ен ұшында орналасады.

Бұл сырты жылтыр, ұшында тамыр оймақшасы бар кішілеу аймақ. Тамыр оймақшасы қабықшалары жұқа клеткалардан тұрады. Ол өсу конусын топырақтың түйіршіктерімен зақымданудан сақтайды. Тамыр оймақшасының сыртындағы клеткалары түлеп түсіп отырады, ол тамырдың алға қарай жылжуын женілдетеді. Оймақшаның астында клетканың бөліну зонасы орналасады, ол алғашқы меристеманың клеткаларынан тұрады.

Одан жоғарылау тамырдың созылу зонасы орналасады. Бұл жерде жасушалар бөлінуін біртіндеп тоқтатады да ұзындыққа созылады, нәтижесінде олардың көлемдері ұлғаяды. Кейді бұл екі зонасы біріктіріп өсу зонасы деп атайды. Сору зонасы созылу зонасынан жоғары орналасады. Бұл жерде тамырдын үстінде көптеген бүгірлер пайда болады, олар келешегінде созылып, тамырдың түктеріне айналады. Әрбір тамырдың түгі жекелеген сыртқыторшаның ұзып өсіндісі болып табылады. Түктің қабықшалары жұқа целлюлозадан тұрады, ядро әдетте оның ұшында орналасады.

Тамырдың алғашқы құрылысы. Тамырдың ұлпалары сору зонасында дифференцияланады. Шығу тегі жағынан бұл алғашқы ұлпалар, өйткені олар өсу зонасының алғашқы еріс темасынан пайда болады. Сондықтан сору зонасындағы тамырдың анатомиялық құрылысы алғашқы болып саналады. Осы кезенде тамыр орталық цилиндрге және алғышқы қабыққа бөлінеді, оның сыртын тамыр түктері бар бір қатар клеткалар – эпиблема жауып тұрады.

Тамырдың соңғы құрылысы. Қосжарнақты және жаланаш тұқымды өсімдіктердің тамырының орталық цилиндірінде кездерден бастап камбий түзіледі. Оның белсенділігінің нәтижесінде тамыр екінші рет өзгеріске ұшырап жуандайды. Камбий флоэмамен ксилеманың арасында паренхималық клеткалардан пайда болады. Ол тамырдың ортасына (өзегіне) қарай соңғы ксилеманың элементтерін беретін клеткаларды бөліп шығарады. Алғашқы ксилеманың түтіктерінің перициклмен шектесетін жерлеріндегі участоктерде, перициклдің клеткалары да камбийге айналады. Бірақ ол тек паренхималық клеткаларды ғана береді, олардан радиальды сәулелер пайда болады. Алғашқы кездерде камбийдің қабаттары иректеу формалы болып келеді, содан соң біртіндеп дөнгелектеніп, орталықтан шетке қарай ыгыстылады. Соңғы ксилема мен соңғы флоэма тамырдың кіндігінен шетіне қарай ыгыстырылады. Перициклдің клеткаларынан тоздық камбий түзіледі. Ол сыртқа қарай төз қабатын түзеді. Соған байланысты алғышқы қабық орталық цилиндрден біртіндеп бөлектенеді де өледі, содан соң түсіп қалып отырады. Тек тоз қабатымен қапталған орталық цилиндр ғана қалады.

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жапырақтар және бүршіктер орналасқан сабағы өркен деп аталады. Өркен сабақтан және онда орналасқан жапырақтардан тұрады. Сабақ пен жапырақ төбе меристемасы бір мезгілде пайда болады, тұтас бір мүше өркенді түзеді. Бүршік – жаңа өркеннің бастамасы, бүршіктен өркеннің бұтақтануы мен өсуі, яғни өркендер жүйесінің қалыптасуы жүзеге асады.

Оның атқаратын қызметі – фотосинтез (жапырақтар арқылы). Өркеннің тамырдан басты айырмасы – жапырақтың болуы.

Бүршік (gemma) – жоғары сатыдағы өсімдіктердегі өркеннің бастамасы. Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай Бүршіктің вегетативтік және генеративтік түрлері бар. Вегетативтік (өсімді) Бүршік тек ұзарған өркенде орналасады, одан сабақ пен жапырақ өсіп шығады. Генеративтік (көбеймелік) Бүршік, (басқаша айтқанда гүл Бүршік), сәл ірілеу және тек қысқарған өркенде ғана орналасады, оны ұзынынан қақ жарып қарағанда бастама сабақтың жан-жағына бекіген гүлшанақтары (ашылмаған гүлдер) көрінеді. Олар гүлдеп, жеміс береді. Сондай-ақ бір ғана гүл өсіп шығатын гүл бүрі (бутон) болады. Бүршіктің сыртындағы қат-қабат қалың, тығыз қабыршақтар өсімдік сабағының ұшар басындағы өсу нүктесін бүркеп тұрады. Ең сыртқы қабыршақтары қоңырқай түсті, одан шайыр тәріздес жабысқақ зат бөлінеді. Олар Бүршікті ыстық-суықтан, желден, зиянкестер мен зақымданудан қорғайды. Бүршіктер көктемде өсімдікте жиналған қоректік заттармен қоректеніп толысады да, сыртындағы қалың қабыршақтары түсіп, Бүршік ашылады (жарылады). Қабыршақтың үзіліп түскен жерінде сақина тәрізді із қалады, сол арқылы өркеннің бір жылда қаншалықты өскенін біледі. Сабақ ұшындағылары төбе Бүршікі (одан өсімдік бойлай өседі), сабақ бойына орналасқандары бүйір Бүршікі деп аталады. Көптеген тұқымымен көбейетін өсімдіктерде бүйір Бүршікі жапырақ қолтығына орналасады, оны жанама Бүршік (одан жан-жағына бұтақтар өсіп таралады) деп атайды. Қоңыржай аймақта өсетін ағаштар мен бұталарда күзге қарай, өсімдік өркендерінің өсуі тоқталып, Бүршіктер уақытша тыныштық күйге көшеді. Бұны қыстаушы Бүршіктер, ал әрі өркен, әрі гүл шығаратын Бүршіктерді аралас Бүршіктер деп те атайды. Бүршіктердің бәрі бірдей өсіп, өркенге немесе гүлге айнала бермейді. Олардың ұзақ уақыт бойы өспей, Б. күйінде қалатын бұйыққан (ұйқыдағы) Бүршік түрі де болады. Олар бірнеше жылға дейін өсу қабілетін жоймайды (мысалы, қарағайда – 5, доланада – 25, еменде – 100 жыл, т.б.). Өсімдік өркені сынып зақымданғанда, ағашты кескенде немесе үсікке шалдыққанда ғана бұйыққан Б-тер оянып, өсе бастайды. Өсімдіктердің вегетативті көбеюі кезінде Бүршіктің атқаратын рөлі зор.
Өсімдік жапырағы.

Өсімдік жапырағы белгілі бір заңдылықпен орналасады: 1)кезектесіп орналасу — сабақтың әр буынында дара жапырақ кезек-кезек шығады. Мысалы, жапырақ бір-бірін көлеңкелемеу үшін бір жапырақ сабақтан оңтүстікке қарай, екіншісі солтүстікке, үшіншісі шығысқа, төртіншісі батысқа қарай кезектесе орналасады. Сондықтан жапырақ тақталары қанша үлкен болғанымен, жарықтың түсуіне кедергі болмайды (астық тұқымдасы, емен, т.б.); 2) қарама-қарсы орналасу — сабақтың әр буынынан екі жапырақ бір-біріне қарама-қарсы өсіп шығады да, үстіңгі жапырақтар төменгілерін көлеңкелемейді (үйеңкі, қалампыр, жалбыз, сирень, т.б.); 3) топтанып орналасу — сабақтың бір буынында үш не одан да көп жапырақтың болуы (сары ағаш, қарғакөз, т.б.).

Жапырақ алдымен ұшынан өседі, 30 — 40 күннен кейін өсуі тоқталады, тек қырыққұлақ пен вельвичияның Жапырақтары қурап қалғанша өсе береді. Жапырақтың тіршілік ету ұзақтығы бірнеше айдан 15 жылға дейін созылады. Мысалы, кәдімгі қарағайда 2 — 3 жыл, Кавказ самырсынында 9 — 13 жыл, шыршада 5 жыл, т.б. Ал ашық тұқымдылардың жапырақтары бірден түспей кезектесіп түсетіндіктен мәңгі жасыл болып көрінеді.

Жапырақтың түсуі.

Жапырақтың түсуі — өсімдіктің эволюциялық дамуында әр түрлі қолайсыз жағдайға бейімделуі, яғни күзде күн суытып топырақ құрғаған кезде тамырдан өсімдікке келетін ылғалдың азаймауынан және қыста қалың қар жауғанда өсімдік бұтағының сынып кетпеуінен сақтайды. Күзде күн суытып, топырақ құрғаған кезде Жапырақтағы фотосинтез процесі бірте-бірте әлсірейді. Жапырақ пен сабақ арасындағы зат алмасу тоқтайды. Жапрақ сабағы түбіндегі клеткалар ыдырап, ажырау қабаты пайда болады. Бұл кезде Жапырақ сабаққа әрең ілініп, өзінің салмағынан, жел, жауын әсерінен үзіліп түседі. Көптеген өсімдіктердің (салат, капуста, пияз, аскөк, қымыздық, т.б.) Жапырақтары тағам, ал кейбір өсімдіктердің Жапырақты — мал азығы ретінде пайдаланылады. Жапырақтан эфир майы алынады, медицинада пайдаланылады.[2]

Жапырақ бүргесі.

Жапырақ бүргесі (Psyllіnea) — тең қанаттылар отрядына жататын зиянкес жәндік. Жер бетінде кең тараған, 1300-дей түрі белгілі. Қазақстанның, негізінен, оңтүстігінде кездеседі. Ондағы жеміс ағаштарының зиянкестеріне алма Жапрақ бүргесі (Psylla malі) және алмұрт Жапрақ бүргесі (Psylla pyrіcola) жатады. Бұлардың дене тұрқы 1,5 — 4 мм-дей (Австралияда кездесетін түрінің ұзындығы 6 мм). Басы жалпақ, көздері үлкен, күрделі болады. Қос жұп қанаттары түссіз. Аяқтары қысқа, артқы жұп аяқтары секіруге бейім. Жылына 1 — 5 ұрпақ береді, топтанып тіршілік етеді. Жұмыртқаларын ағаш бұтағының көзге көрінбейтін жеріне салады да, сол жерде қыстап шығады. Көктемде олардан шыққан дернәсілдері (жылтыр, жалпақ) мен нимфалары (жыныстық жағынан толық жетілмеген аналықтары) жеміс ағаштарының жапырағы, сағағы, гүлтұғыры, бұтағына жабысып алып, өсімдіктің шырынын сорады. Дернәсілдері қоректенгенде, өздерінен бөлінетін тәтті, жабысқақ сұйық затпен өсімдіктің вегетативтік мүшелерін зақымдап, өсуіне кедергі жасайды. Өспеген жеміс ағаштары солып, қурап қалады. Сондай-ақ, Жапрақ бүргесі — вирус таратушы жәндіктер. Күрес шаралалары: ағаштар бүршік жарғанда фосфорлы органиктік инсектицидтер шашу қажет.



Жапырақ жемірі.

Жапырақ жемірі, жапырақ жегісі (Chrysomelіdae) — қатты қанаттылар отрядына жататын қоңыздардың бір тұқымдасы. Жер шарында кең тараған, 40 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 1000-ға жуық түрі бар. өзынша келген денесінің тұрқы 10 мм-дей. Қоңыздардың барлығы дерлік ашық түсті болады. Бұлардың сопақша дернәсілдерінің үстін безді бүртіктер жапқан. Жапырақ жемірлері өсімдіктердің жапырағымен қоректеніп, жұмыртқаларын жапырақ бетіне салады. Ал кейбір түрлері — топырақ арасында немесе өсімдік ұлпасының ішінде тіршілік етеді. Жапырақ жемір — орман, бақ, көкөніс ш-тарының зиянкестері. Мыалы, айқышгүлдер бүргесі — көкөністің, колорадо қоңызы — картоптың, астық сүлікшесі — бидайдың зиянкесі. Кейбір түрлері арамшөптерді жоюда биологиялық күрес шараларын жүргізу үшін қолданылады.



Жапырақ


Жапырақ (лат. folіum, гр. phyllon) — жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу, буландыру, қор жинау, көбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі. Ол негізгі өркеннің жанама бұтақтарының қысқаруынан пайда болады.

Жапырақтың мөлшері әр түрлі болады. Мысалы, шөптесін өсімдіктерде 3 — 10 см-дей, банан жапырағының ұзындығы 1 — 5 м, ені 40 — 50 см, цейлон пальмасы жапырағының ұзындығы 10 — 20 м, ені 12 м-ге дейін. Жапырақтың сыртқы құрылысы — Жапырақ тақтасынан (алақанынан) және сағақтан тұрады. Жапрақтың кеңейген жері — тақтасы, ал сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі — сағағы деп аталады. Сағақсыз жапырақтар да болады.

Сабақ буынынан тармақталған сағақты бір жапырақ өсіп шықса — жәй Жапырақ деп аталады, олардың пішіндері әр түрлі болады, мысалы, қарағайдың, шыршаның Жапырақты — қылқан, ине, астық тұқымдастарында — таспа; көк теректе — дөңгелек тәрізді. Бір сағаққа бірнеше жапырақ орналасса — күрделі Жапырақ деп аталады. Бұлар да әр түрлі болады: үшқұлақты күрделі Жапырақ (беде, соя); саусақ салалы күрделі Жапырақ (атбас талшын, қарасора, қазтабан, т.б.); қауырсын тәрізді күрделі Жапырақ, ал бұл жұп қауырсынды (асбұршақ, ноғатық, т.б.), тақ қауырсынды (қызыл мия, итмұрын, шетен, грек жаңғағы, т.б.) болып бөлінеді. Жапырақ тақтасының анатомдық құрылымы — оның қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Жапырақ тақтасын екі жағынан да жұқа қабықшамен қапталған эпидермис жауып жатады. Эпидермистің астында борпылдақ ұлпа — мезофилл болады. Сонымен қатар бұл ұлпаның клеткаларында фотосинтезге және өсімдіктің тыныс алуына қатысатын хлоренхима бар.[1]



Жапырақ құрылысы


Жапыраққа беріктілік, серпімділік қасиет беретін, оның “қаңқасын” құрайтын талшықтар жапырақ жүйкесін құрайды. Жапырақ жүйкесінің құрамында әр түрлі клеткалардан құралған негізгі өткізгіш ұлпа — ксилема; өсімдікте органиктер заттарды таситын және өсімдіктің арнайы мүшелерінде (жер асты тамырында, өсу нүктесінде, жемісі мен дәнінде, т.б.) қор жинауға қатысатын түтікті-талшықты күрделі ұлпа — флоэма болады. Жапырақ сағағынан тақтасына қарай жалғасып жатқан өткізгіш шоқтар — орталық жүйке деп аталады, ал одан жан-жаққа таралған жанама жүйкелердің орналасуына қарай жүйкелену бірнеше типке бөлінеді: қауырсын тәрізді торлы жүйкелену — орталық жүйкенің жан-жағын жанамалап жатуы (тал, терек, алма, алмұрт, шие, т.б.); саусақ салалы жүйкелену — негізгі орталық жүйке бір жерден басталып, жапырақ жиегіне дейін саусақ тәрізді салаланып таралуы (үйеңкі, бегония, т.б.); параллель (қатарласа) жүйкелену — талшықтар жапырақтың ұшына қарай қатарласа созылуы (барлық астық тұқымдастары), доғалы жүйкелену — талшықтар екі жаққа тең бөлініп, жапырақтың орта жеріне жақындаған сайын доға сияқты иіледі де, ұшына жеткенде бір-бірімен қайта қосылады (інжугүл, жолжелкен

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі

1. Әметов Ә. Ботаника. –Алматы -2003 ж.-511 б.

2. Яковлев Г.П., Челомбитько В.А., «Ботаника», //Санкт-Петербург, 3003-647с

3. Жуковский. «Ботаника».-М.,; «Колос»-1982г,586с.

4. В.Т. Хржановский «Курс общей ботаники», т.2,М.,ВШ,1982

5. В.Т.Хржановский, С.Ф. Пономаренко «Практикум по общей ботанике»,М.,ВШ,1979.



Қосымша:

1.Рейвн П., Эверт Р., Айкхорн С. «Современная ботаника»,М., Мир,1990.

2. Бавтуто Г.А., Еремин В.М. Практикум по анатомии и морфологии растений //Минск: ООО «Новое знание», 2002-464 с.

3. Бавтуто Г.А., Еремин В.М., Жигар М.П. Атлас по анатомии растений //Минск. Ураджай, 2001 -306 с.

4. Болотина А. Словарь лекарственных растений (латинский, английский, немецкий, русский) //М.,Руссо, 2004-384 с.

5. Дербуш С.Н. Основные черты строения и жизнедеятельности растительных клеток //Учебное пособие. –Караганды, 2005. – 61 с.

6. Еленевский А.Г., Соловьева М.П., Тихомиров В.И. Ботаника. Систематика высших, или наземных растений //М.: Асаdema, 2001. – 429 с.

7. Рахимов К.Д. Русско-казахско-латинский словарь растений, используемых в медицине и биологии //Алматы, 2003. – 172 с.



8. Сергиевская Е. Систематика высших растений /парктический курс. –Санкт-Петербург, 2002.-447 с.


Бақылау сұрақтары:

  1. Тамыр жүйесінің қандай түрлері белгілі.

  2. Қандай тамыр түрлерін білесіңдер.

  3. Тамырдың анатомиялық құрылысы қандай.

  4. Тамырдың түрлік өзгеруі.

  5. Өркеннің бұтақтану әдістері.

  6. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік өркенінің айырмашылығы.

  7. Өркенде ұлпалардың орналасуы.

  8. Өркен түрлері.




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет