Қмму ф 4/3-04/03 2007 ж. 14 маусымдағы №6 нх



жүктеу 477.12 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі477.12 Kb.
: Stomatologiya -> 3%20kurs
Stomatologiya -> Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх
Stomatologiya -> 2007 ж. 14 маусымдағы №6 нх
Stomatologiya -> Дәріс Тақырып: Сана және өзіндік сана. Пән: ор 1213 психология негіздері мамандық: 5В130200 «Стоматология» мамандығы үшін Курс: 1 Семестр: 1 Қарағанды 2014ж. Кафедра мәжілісінде қарастырылып және бекітілді 2014
Stomatologiya -> Қмму ф 4/3-05/03 2007 ж. 14 маусымдағы №6 нх
Stomatologiya -> 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх
ҚММУ Ф 4/3-04/03

2007 ж. 14 маусымдағы №6 НХ.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


«Патологиялық физиология» кафедрасы


ДӘРІС

Тақырыбы: «Патофизиология пәні, мақсаттыры, әдістері.»
«Патологиялық физиология» пәні
«5В130200 Стоматология» мамандығы
ІІI Курс
Уақыты (ұзақтығы): 1 сағат

Қарағанды 2014ж

Кафедра отырысында

бекітілген
« » ________ 2014ж №____хаттамасы

Кафедра меңгерушісі _____________ Жаутикова С.Б.



  • Тақырыбы: Патофизиология пәні, мақсаттары, әдістері.

  • Мақсаты: студенттерді патологиялық физиологияның негізгі әдістерімен және талаптарымен таныстыру, оның клиникамен тығыз байланысын және аурулардың алдын алу және емдеу үшін патофизиологиялық ұғындыру.

  • Дәріс жоспары:

  1. Патологиялық физиология бастапқы ғылым және оқу пәні ретінде.

  2. Патологиялық физиология пәні, мақсаты, талаптары; медициналық жоғарғы оқу жүйесінде оның орны; патофизиология қазіргі клиникалық медицинаның теориялық негізі ретінде.

  3. Патологиялық физиологияның объектілері мен әдістері. Денсаулық сақтау профилактикалық бағытының дамуы үшін патофизиологиялық зерттеулердің мәні, аурулардың емдеуі мен диагностикасының жаңа әдістері мен заттарын құру және жетілдіру.

  4. Басқа ғылымдармен патологиялық физиологияның байланысы. Молекулалық биологияның, генетиканың, биофизиканың, биохимияның, электрониканың, математиканың, кибернетиканың, экология және басқа ғылымдардың жаңа жетістіктерінің қазіргі патофизиологияның дамуындағы рөлі.

  5. Тәжірибелік терапия емнің жаңа әдістерінің өңделуінің және сырқат зерттеуіндегі қажет әдіс ретінде.

  6. Клиникалық патофизиология туралы түсінік, оның талаптары мен перспективалары.

  7. Адамға зерттеу мүмкіншілігі мен шектеулері, олардың диентологиялық аспектілері.

  8. Патофизиология тарихынан қысқаша мағлұматтар, оның дамуының негізгі кезеңдері.

  9. Патофизиологияның негізін қалаушылар: И.М.Сеченов, В.В.Пашутин, И.И.Мечников, В.В.Подвысоцкий, А.А.Богомолец, И.Г.Савченко, Л.А.Тарасевич, Д.К.Заболотный және т.б. Қазақстанда патофизиологияның дамуы: Н.Э.Глеклер, Х.С.Насыбуллина, Я.А.Лазарис, Т.А.Назарова, Х.Е.Маманова, В.Г.Корпачев.

  10. Патофизиологияның оқу курсының құрылысы; жалпы патологиялық физиология (жалпы нозология, типтік патологиялық процесстер); жеке патологиялық физиология (мүшелердің және жүйелердің патофизиологиясы).




  • Ситуациялық есеп

«И.П. Павлов былай деп жазған, - Клиника өзінің мың жыл жеңіл қамтып алды, патологиялық жағдайдың морфологиясын толық берді. Бірақ патологиялық анатомия, микроскопиялық және кейінгі кездің клиникалық зерттеулерін жинады, және әр уақыт ауру процесін ішкі толықтылығына қатысты, материалдарды дөрекі түрде жинады, бірақ толық анализ ауру процесі механизмін толық білу басынан аяғына дейін тек қана эксперимент қолынан шыға алады. Бір ғана патологиялық анатомия бұл үшін тек дөрекі тәсіл, ол сынақсыз бір клиника көріністің күрделілігін шешуде өте әлсіз»



  1. Осы айтылған сөзді талқылай отырып қандай нәтиже шығаруға болады?

  2. Патологиялық физиологияның басты мақсаттары мен міндеттері қандай?

  3. Патологиялық физиологияның оқу объектісі мен басты тәсіл болып не табылады?




    • Дәріс тезистері:

Патологиялық физиология бастапқы ғылым және оқу пәні ретінде.

Патологиялық физиология бастапқы ғылым ретінде медицина оқу жүйесінде ерекше орын алады. Теориялық және клиникалық пәндер қиылысында орналасып және интегративті медико-биологиялық ғылым бола отырып, ол дәрігерлік ойлау қабілетін дамытады. Патологиялық физиологияның негізгі мақсаты-студенттерді "науқас төсегінде дүниетануды қолдану" білуді үйрету (С.П.Боткин).

Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілік әрекетін оқытатын ғылым. Медициналық оқу бағдарламасы мынадай үлгімен құрастырылған, бастапқыда қалыпты ағзаның қызметі мен құрылысын қарастыратын пәндер оқытылады (қалыпты анатомия, гистология, биохимия, қалыпты физиология), сосын ауру ағзаның қызметі мен құрылысы туралы мағлұматтарды студентке беру үшін құралатын талаптары бар пәндер оқытылады. Осымен оны тікелей клиникаға әкеледі. Бұндай талапты патологиялық анатомия мен патологиялық физиология орындайды.

Патологиялық физиология аурудың шығу тегінің, дамуының, ақыр соңының негізгі заңдылықтарын оқытады. Қазіргі уақытта сырқаттың мыңдаған түрлі нозологиялық формалары қарастырылған. Практикалық дәрігер бір сырқатты басқа сырқаттан ажыратуға, дұрыс диагноз қоюға және рационалды ем тағайындауға тырысады. Патофизиология жекеден тыс жүреді, көптеген аурулар тобын сипаттайтын жалпыны табуға тырысады. Патологиялық физиологияның соңғы мақсатыауру дамитын заңдарды ашу болып табылады. Осымен байланысты патологиялық физиология философиямен тығыз байланысқа кіреді, өйткені, ауру заңдарын ашу материалистік диалектика заңдарының негізінде қаланады.

Патологиялық физиология пәні, мақсаты, талаптары; медициналық жоғарғы оқу жүйесінде оның орны; патофизиология қазіргі клиникалық медицинаның теориялық негізі ретінде.

Патологиялық физиология — гректің pathos (ауру, дерт, кесел), physicis — (функция, қызмет), logos — (ілім, ұғым) деген сөздерінен құралған, дерттану физиологиясы деген ұғымды білдіреді. Сонда патологиялық физиология ауру организмнің физиологиясы деген ұғым. Қалыпты физиология сау организмнің тіршілік заңдылықтарын зерттейтін болса, патологиялық физиология ауру организмнің тіршілік заңдылықтарын тексереді. Атап айтқанда, патологиялық физиология жасушалардың, ағзалардың, жүйелердің және организмнің қалыптан тыс өзгерулерінің ең жалпы заңдылықтарын анықтайды. Сонымен патологиялық физиология дегеніміз дерттік үрдістердің пайда болу себептері, даму жолдары мен салдарлары туралы ілім. Бұл көрсетілген патологиялық физиологияның негізгі мақсаты болса, оның алдында тұрған міндеттері болып, төмендегілер саналады:

1. Аурудың пайда болу себептік байланыстарын (этиологиясын, гректің aitia — себеп, logos — ғылым деген сөздерінен тұрады) зертеу;

2. Аурудың даму және сауығу жолдарының негізгі заңдылықтарын (патогенез, гректің pathos— ауру, дерт, кесел және genesis — даму деген сөздерінен құралған) анықтау;

3. Эксперименттік емдеу тәсілдерін жетілдіру;

4. Клиникалық дүние тануды қалыптастыру;

5. Патологиялық заңдылықтардың жалпы теориясын қалыптастыру.

Патологиялық физиология жалпы биологиялық ғылымдармен тікелей байланысты және олардың, әсіресе қалыпты физиология мен биохимия пәндерінің, негіздеріне сүйенеді. Олардын айырмашылығы жоғарыда көрсетілген патофизиологияның мақсаттары мен міндеттерінде. Сонымен бірге патофизиологиялық патанатомия пәнімен тығыз байланысты. Бұл екі пән жалпы биологиялық және клиникалық пәндердің арасында тұрады. Бірақ патанатомия зерттеу үшін өліктен алынған материалдарды пайдаланады. Қазіргі жағдайда ауруды тексеру үшін патанатомия биопсия (bios —өмір, тіршілік, opsis— қарау) жиірек қолданылады. Осы әдістерді қолдана отырып, патанатомия ағзаның немесе тіннің құбылыс өзгерістерін, кеселдің белгілі бір даму сатысында ғана зерттей алады. Бұл әдістермен патанатомдар аурудың өзгерістерін даму сатыларында тексере алмайды. Ал, патофизиология болса, ол бүлінген жасушаның, тіннің, ағзаның, жүйенің және тұтас организмнің қызметтердің дерттің пайда болғанынан бастап, ең соңына дейін бақылай алады және зертеу әдістерінде патоморфологиялық тәсілдердің кеселдің кез-келген сатысында қолдана алады.

Егер патологиялық анатомия науқастың ағзалары мен тіндеріндегі жергілікті құрылымдық өзгерістерді зерттесе, онда патофизиология тұтас организмді, оның реттеуші жүйелерімен біріктіріп зерттейді. Науқас организмнің сыртқы орта ықпалдарына бейімделу мүмкіншіліктерін, ондағы қорғаныстық-компенсациялық жағдайларды зерттеу патофизиология пәніне ғана тән өте ыңғайлы мүмкіншілік.

Патофизиология пәні клиникалық пәндердің негізі болғандықтан соңғыларды жақсы ұғу үшін оны білу мамандығына қарамай, дәрігерлердің барлығына өте қажет. Клиникалық пәндерде жекелеген аурулардың пайда болу себептерін, даму механизмдерін және салдарларын белгілі науқас адамдарда тексереді. Бұл кезде сырқат адамның жасына, жынысына, әлеуметтік орналасқан ортасына ж.б. жағдайларға қарай аурудың пайда болу себептері, даму жолдары әр түрлі арақатынастарда болу мүмкін. Сондықтан да «дертті емдемей, науқас адамды емдеу қажет» деген қағида қалыптасқан. Ал, патофизиология ауру себептерінің, даму жолдарының жалпы заңдылықтарын тексереді. Аурудың пайда болу себептеріне, организмнің қоздырғышға жауап қайтару қабілетіне және сыртқы (әлеуметтік) ортаның жағдайына байланысты организмде жасушалардың, ағзалардың жѕне реттеуші жүйелердің қызметтері өзгерулерінің әртүрлі байланыстары пайда болады.

Осы үрдістердің даму сатыларында, кибернетика тілімен айтқанда, ауру организмнің жаңа «бағдарламасы» құрылады. Бұл «бағдарламада» кейбір љзгерістер әртүрлі кестелерде бірдей болуы мүмкін. Клиникада аурулардың жеке тұлғаларындағы дара кљріністерін зерттеп, емдейді. Мысалы, терінің қабынуын — нефрологтар, т.с.с. тексеріп емдейді. Ал, қабыну процестерінің орналасқан жеріне қарамай барлығының даму негізінде белгілі бір жалпы заңдылықтар жатады. Осы жалпы заңдылықтарды патофизиология зерттейді. Сол сияқты ісіктерде орналасқан жеріне қарай әртүрлі клиникалық кљріністермен сипатталады жѕне олар онкологтармен зерттелсе, бұл ісіктердің дамуындағы жалпы заңдылықтарды патофизиология тексереді.

Патофизиология қалыпты физиологяи сияқты эксперименттік әдісті қолданады. Лабораториялық жануарларда адам ауруларының үлгісін (моделін) алады. Аурудың үлгісі деп лабораториялық жануарларда адам ауруларының кейбір белгілеріне сәйкес аурулардың түрлерінің кљшірмесін алуды айтады.

Қазіргі жағдайда адамның кљп ауруларының үлгілерін эксперименттік жануарларда алуға болады. Мысалы, травмалық шок, қантты диабет, атеросклероз, жоғары қан қысымы ауруы, миокард инфаркты, љкпе, бүйрек қабынуы ж. б. Сонымен қатар, есте сақтайтын бір жай, ол адамның организмі жүйе ретінде тіпті ең жоғары ұйымдастырылған жануарлардың (адам қалыптас маймылдардың) организмінен әлде қайда жоғарыда, күрделі екенін ұмытпау керек. Сондықтан адам ауруларының үлгісін жануарларда толық кљлемінде алу мүмкін емес. Сонда да аурудың патогенезіндегі кейбір маңызды түйіндерін, кейбір симптомдар мен синдромдардың үлгісін алудың толық мүмкіндігі бар. Мысалы, гипертониялық аурудың үлгісін алғанда адамда кездесетін ауруды толық қайталау мүмкін емес. Сондықтан тек сол ауруға тән симптомдықан қысымының жоғарлауын (гипертензия) ғана эксперименттік жануарларда алуға болады.

Ал, адамның кейбір ауруларын жануарларда қайталауға мүлде болмайды. Ол жан-дүниелік (психикалық) аурулар, ісіктің кейбір түрлері (асқазанның обыр ісігі (рак), зат алмасуының аурулары (подагра), аллергиялық аурулар (бронхиалық демікпе), жыныстық қатынас аурулары (мерез, соз) (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) ЖИТС ж. б.

Патологиялық физиология-адам және жануардың ауру ағзасының тіршілік әрекеті, яғни ауру ағзаның физиологиясы туралы ғылым. Патологиялық физиология ауыруға, ауруалды, ауруға және сауығуға тұрақтылықтың механизмі мен табиғатын көрсететін ғылым.

Патологиялық физиологияның зерттейтін заты ауру кезінде клеткалардың, мүшелердің және толық ағзалардың функциялар бұзылыстарының жалпы заңдылықтарын оқыту болып табылады.

Болашақ дәрігерді дайындаудағы патологиялық физиологияның мақсаты-патологиялық процесстерді тану, жалпы көптеген аурулар немесе олардың топтары үшін; аурудың негізі мен олардың даму заңдары туралы бастапқы мағлұматтар алу, соңында клиникалық дамуы мен құрылуы. Бұл талап патофизиологияны клиникалық ғылымдармен, екеуінің мақсаты бір болғандықтан, тығыз байланстырады. Дегенмен жақындағы талаптар, әдістер мен объектілері олардың әртүрлі.

Патологиялық физиология-тәжірибелік медицинаның негізгі пәні, сондықтан патофизиологиялық зерттеулерде тәжірибелік әдіс маңызды рөл атқарады, ол әртүрлі аурулардың этиологиясын, патогенезін, саногенезін түсінуге, сонымен қатар терапияның ғылыми негізделген әдістерін өңдеуге клиницистерге көмектеседі (тәжірибелік терапия).

Патологиялық физиология аурудың негізімен, себебімен, шарттарымен, олардың пайда болу механизмімен, дамуымен және соңымен диалектик материализм және нақты мәліметтер клиникада және тәжірибеде алынғандар принципінің негізінде шұғылдана отырып, анықтамаларды құрайды және ауру, нозология, этиология, патогенез және т.б. негізгі медициналық көріністерін ашады. Бұл түрлі мамандықтағы дәрігердің дүниеге көзқарасының құрылуына үлкен мағына береді. Практикалық медицина үшін ең қажеттісі практикалық дәрігерді патофизиология қаруландыратын үлкен фактылық тәжірибелік материал болып табылады. Ауру патогенезінің көптеген сұрақтарын шешу және патогенетикалық терапияны негіздеу патофизиологтардың зерттеулері арқасында мүмкін болды. Сонымен, көмірсу алмасу бұзылысының патогенезін ашу панкреаттық диабетті модельдеумен байланысты екені белгілі (И.Меринг және О.Минковский, 1889). Ал, тағамдық-витаминдердің қосымша факторларын анықтау жануарларға жасалған тәжірибелер қорытындысында болды. (Н.И.Лунин, 1800). Клиникада қолданатын тірілудің тиімді әдістері жануарларда терминалды жағдайлар мәселелерінің тәжірибелік өңделуінің қорытындысы болып табылады (Ф.А.Андреев, В.А.Неговский және т.б., 1943).

Патологиялық физиологияның объектілері мен әдістері. Днесаулық сақтау профилактикалық бағытының дамуы үшін патофизиологиялық зерттеулердің мәні, аурулардың емдеуі мен диагностикасының жаңа әдістері мен заттарын құру және жетілдіру.

Ауру-патологиялық физиологияның оқыту объектісі, әдісі-патофизиологиялық тәжірибе болып табылады. Тәжірибемен көптеген ғылымдар қолданады (қалыпты физиология, фармакология және т.б.).

Патологиялық физиология тәжірибесінің мәні жануарда ауруды тудыру, оны зерттеу және алынған мәліметтерді клиникаға жеткізу болып табылады.

Тәжірибенің мағынасы патологиялық процесстің дамуын басынан аяғына дейін бақылауға мүмкіншілік беретіндігінде тұр. Практикалық дәрігер мұндай мүмкіншілікке ешқашан ие емес, себебі, науқас адам оған сырқат көрінгенде ғана келеді.

Тәжірибе клиникада қолданбайтын әсерлерді жануар ағзасына жасауға мүмкіндік береді (жарақат, ісіктер трансплантациясы, сәулелендіру). Тек жануарларға, аурулары бар жаңа емдік заттарды тәжірибе жүзінде қолдануға болады.

Аурудың тәжірибелік моделі әрқашан қарапайым, адамның сырқатына қарағанда. Бұл саналы қарапайымдылық экспериментаторға ауруды негізгі элементтерге талдауға мүмкіндік береді. Әрі қарай оны адамға реконстрлеу үшін. Сонымен сырқат моделі ешқашан адамның сырқатына тең болмайтынын есте сақтау керек.

Барлық эксперименттер жедел және созылмалыға бөлінеді. Олардың әрқайсысын қолдану зерттеушінің қоятын мақсаты болып жазылады. Қан жоғалтудың зардабын зерттеу үшін жедел тәжірибе қажет. Ісіктің пайда болуын созылмалы экспериментте зерттеуге болады.

Басқа тәжірибелер сияқты патофизиологиялық тәжірибе төрт кезеңнен тұрады.


  1. Экспериментатор жауап алғысы келетін сұраққа дайындық. әр тәжірибенің гипотезасы болуы қажет. Зерттеуді үмітте жүргізуге болмайды, бірдеңе қызық шығады деп. "Егер баста ой болмаса, фактыны көре алмайсың" (И.П.Павлов).

2. Қойылған талапқа сәйкес келетін жеке әдістемені таңдау және сәйкес бақылауды қамтамасыз ету. Бақылау негізгіге параллель қойылатын бос тәжірибе болуы мүмкін. Мысалы, бір жануарға гистамин енгізеді, екіншісіне натрий хлордың изотоникалық ерітіндісін. Егер сөз адамға жасайтын тәжірибе жайлы болса, онда психотерапевтік әсерді ескере отырып, біреуіне дәрілік зат, екіншісіне индефферентті зат енгізеді, оны зерттелетін адам біліп қана қоймай, онымен бірге күтіп жүрген персонал да білмейді. Дәрілік затты клиникалық сынау кезіндегі бақылау түрінде енгізілген индефферентті зат плацебо деп аталады (лат. Placere-ұнау). Тәжірибені өткізу кезінде экспериментатор жігерінен тыс қорытындыда айқындалатын барлық субъективті факторлар шектелу керек.

3. Экспериментті жоспарлар. Тәжірибе қойылған сұраққа жауап береді, егер де ол дұрыс жоспарланған болса. Ең алдымен тірі объект нақты ғылымдармен ісі бар объектілерден ажыратылады екенін ескеру қажет. Ағза мүшелерден тұрады, мүшелер-клеткадан, клетка субклеткалық құрылымдардан (ядро, митохондрия, рибосома), олар болса молекулалық жүйенің ансамбльінен тұрады. Әр осындай жүйе жеке қызмет ететін бірлік, төменгі реттің жүйесінен тұрып, жоғарғы реттің жүйесінің құрамына кіреді. Осылай ағзада реттеудің және бағыныштың күрделі динамикалық қатынасы орналасады.

Мұндай күрделі жүйе оған стандартты тітіркендіргіштің әсері кезінде де тұрақты жауап бермеуі мүмкін. Онымен қатар, мұндай биологиялық жүйе "ашық" және тәжірибе қорытындысында көрінетін орталық кездейсоқ әсерлерінен ешқалай шектеле алмайды. Сонымен қатар бірдей жануарлар тектік белгілерімен және индивидуальді дамуымен ажыратылады екенін ескеруіміз қажет. Сондықтан, экспериментатор жиі жауап алады, кездейсоқ, қосымша мағыналы мөлшерде. Заңдылық көптеген кездейсоқтардан өту керек.

Осыны түсіне отырып, ғалымдар тек кездейсоқты ғана ескере отырмай, онымен бірге оны алдын ала жоспарлай бастайды. Бұл кезде кездейсоқ теориясының математикалық аппараты қолданады. Тәжірибеге кездейсоқты қажет элементретінде енгізу үшін, рандомизацияны қолданады (ағыл. Random-жағдай). Көптеген факторларға бір уақыттағы әсерін сынау немесе өзгерген жағдайдағы тәжірибені кіргізуге болатын жоспарлаудың басқа да әдістері бар.

4. Алынған мәліметтерді өңдеу. Тәжірибені аяқтауы бойынша жануарларға зерттеу жүргізу жалғасады: өмірлік қызметтің (кимограмма) тіркелу қорытындысы бағаланады, тірі және өлген кездегі жануарлардың ұлпасына морфологиялық, биохимиялық және басқа зерттеулер жүргізіледі. Бүкіл сандық материал статистикалық өңдеуге ұшырайды. Орта өлшемін, ортадан ауытқығанын, орта өлшемдерімен оның шамаластарының арасындағы айырмашылықты анықтау үшін.

Соңғы жылдары физика, химия, электроника, компьютерлік техника табыстарының арқасында патофизиологияда жаңа мүмкіншіліктер пайда болды.

Жаңа әдістер патологиялық процесстерді тікелей науқастың ағзасында зерттеуге қол жеткізді. Сондықтан клиникалық патофизиологияны тәжірибелі патофизиология деп атауға болады, бірақ адамға.

Клиникалық ғылымдардың зерттеу объектісі нақты науқас адам нақты сырқат көріністерімен болып табылады.

Патологиялық физиология клиникалық ғылымдармен тығыз байланыста, адам ауруы оның зейіні мен зерттеуі басты объектісі болғандықтан. Бірақ патофизиологияда зерттеудің негізгі әдісі ұзақ уақыт бойы жануарларға тәжірибе жасау болып табылады: жүйелер мен мүшелердің жеке ауру бұзылыстарын жаңадан өндіруге ұмтылу, адам ауруының жеке түрлерінің адекватты модельдерін алу. Мысалы, Броун-Секаритте бір немесе екі бүйрек үсті безін алу жолымен адамның аддисон ауруының моделін жасағысы келді; И.П.Павлов иттиерде ляпис, сулема және басқа тітіркендіргіштермен асқазанның шырышты қабатын зақымдай отырып, асқазанның қабынуы кезінде асқазан сөлініңсекрециясының бұзылысының моделін өндірді.

Эксперименттік тәжірибеде патофизиологтар физиологияның, электрофизиологияның, биохимияның, гематологияның, морфологияның, иммунологияның белгілі әдістерін қолданады. Соңғы кездерде қазіргі компьютерлерді пайдаланып, аурудың математикалық үлгілерін алуда љзінің орнын алып келеді.

Эксперименттік әдістердің негізгі мүмкіншіліктері.

1. Аурудың пайда болу себептері мен себептік байланыстарын тексере алады.

2. Аурудың эксперименттік үлгісінде ең алғашқы пайда болу сатысынан бастап соңғы нѕтижесіне дейін байқауга болады. Клиникалық пәндердің мұндай мүмкіншілігі жоқ. Науқас адам дәрігерге әбден сырқаттанған соң ғана келеді.

3. Аурудың емделмеген түрін байқап, толық тексеруге болады. Клиникаға науқас адам келісімен оған ем тәсілдері қолданылады да, кљрсетілген мүмкіншілік жоқтың қасы болады. Ал, бұл мүмкіншіліксіз аурудың патогенезін анықтау мүмкін емес.

4. Жаңа ашылған қандайда болмасын ем тәсілдері ең алдымен тек жануарларда тексерістен (эксперименттік терапия) љткеннен кейін ғана клиникаға алынады. Сайып келгенде, патофизиологияның басты мақсаты — аурулардың пайда болу себептерін, даму жолдарын, оларды тиімді емдеудің жолдары мен әдістерін түсінуге жеткізу.

Патофизиологиялық эксперимент үш сатыдан тұрады:

1. Бастапқы, яғни ағзаның немесе организмнің қалыпты қызметін зерттеу;

2. Аурудың эксперименттік үлгісін алу. Оның дамуын зерттеу;

3. Эксперименттік емдеу. Соңғысы арқылы аурудың даму зандылықтарын түсіну, љзінділік бір тексеру десе де болады. «Бүлінген љмір ағымын эксперименттік терапия арқылы қалыпты арнасына салган зерттеуші ғана љмірді зерттедім, деп айта алады»— деп жазды И. П. Павлов.

Экспериментке қойылатын талаптар:

1. Теориялық дайындық: а) эксперимент идеясын анықтау, яғни тексеруді қажет ететін ой, болжам болуы керек.

б) эксперименттің жоспарын жасау, шешетін мәселелерді белгілеу, яғни қойылған сұрақтарды анықтау. Демек, алға белгілі бір мақсат қойылады. Ол үшін кең теориялық дайындық қажет.

2. Тәжірибе жасау үшін тірі объектіні таңдаудың маңызы ерекше. Экспериментті кездейсоқ жануарға жасауға болмайды. Жануардың түрі, оның жасы, жынысы, орталық нерв жүйесінің түрі, күтім жағдайы (азықтануы, сыртқы температура жағдайлары ж. б.) маңызды. Мәселен, асқазан жарасының даму механизмін зерттеу үшін қоян мүлде жарамсыз жануар болып табылады. Себебі оларда асқазан жарасы љзбетінше жиі кездеседі. Бұл үрдісті егеуқүйрықтар мен иттерде тексерген дұрыс. Анафилаксия бәрінен ақ тышқандар мен теңіз тышқандарында жақсы дамиды. Егеуқұйрықтар бұл мақсатта ең қолайсыз жануарлар.

3. Әрбір эксперименттік зерттеу міндетті түрде бір уақытта салыстырмалы тәжірибелерімен қабаттасуы тиіс. Негізгі тәжірибе бақылау тәжірибесінен тек бір ғана жағдаймен ерекшеленуі керек. Ол ауру туындататын тәсілдермен одан емдеудің жолдары. Басқа жағдайлардың барлығы екі тәжірибеде бірдей болуы қажет. Егер негізгі тәжірибе бақылау тәжірибесінен љзгешелігі бір жағдайдан артық болса, онда мүндай эксперимент таза тәжірибе бола алмайды. Бақылау тәжірибесі љте таза болуы керек және оған љте жоғары талап қойылуы шарт. Сонда ғана бұл тәжірибенің нәтижелерімен негізгі тәжірибенің нәтижелерін салыстыруға болады және алынған нәтиже љте сенімді және жауапты бола алады. Бақылау тәжірибесі клиникалық зерттеулер үшін де сондайлық қажет. Мәселен, дертті жазған белгілі бір емдік тәсіл осы жагдайда тиянақты жүргізілген бақылау зерттеуінсіз анықталмайды.

Сљйтіп, білімнің бір саласындағы біздің деректеріміздің дұрыстығы мен толықтығы қолданылатын әдіске және зерттеулеріміздің техникалық жабдықтау дәрежесіне байланысты.

Кейбір жағдайда практикалық медицинаның талабы жануарларда жасалатын тәжірибелермен шешілмеуі мүмкін. Сондықтан ерекше жағдайларда, аса бір ұқыптылықпен және жоғары жауапкершілікпен, тәжірибе љз еріктерімен келіскен адамдарда љткізілуі мүмкін. Бұл тәжірибелік сынаудың ең жоғары дәрежесі, жаңа шыққан дәрі-дәрмектерді, жаңа медициналық зерттеу құралдарды жануарларда жан-жақты тексерілген соң клиникада алғашқы қолдану тәжірибенің бір түрі. Бұдан басқа медицинаның даму тарихында љзіне-љзі тәжірибе жасаудың таңғажайып ерлік үлгілері жеткілікті.

Осыған қосатын жай, қазір патофизиологияда клиникалық бақылау әдісі де кеңінен қолданылады. Клиникалық патофизиология љзі бір жеке пән болып тарап келеді. Яғни, қазіргі зерттеу құралдарының (компьютерлік томографтар, ультрадыбысты құралдар ж. б.) жетістіктері клиникалық патофизиологияның дамуына үлкен ықпал етеді.

Басқа ғылымдармен патологиялық физиологияның байланысы. Молекулалық биологияның, генетиканың, биофизиканың, биохимияның, электрониканың, математиканың, кибернетиканың, экология және басқа ғылымдардың жаңа жетістіктерінің қазіргі патофизиологияның дамуындағы рөлі.

Патологиялық физиология оның алдында болатын ғылымдарға және физиология мен биохимия беретін мәліметтерге сүйенеді. Әсіресе патофизиологияның қалыпты физиологиямен көп мәселелері ортақ. Кейде патологиялық физиологияны ауру ағзаның физиологиясы деп те атайды. Екеуі де, ағза тіршілік ететін және қызмет ететін заңдарын ашуға тырысады. Бұл заңдар сырқатты түсіну үшін үлкен мағына береді. Бірақ сырқатты қалыпты процесстің бір комбинациясы деп түсіну қате болар еді. Патологиялық процесс ағзаның сапалы жаңа жағдайына әкеледі. Міне осында патологиялық физиологияның қалыптыдан айырмашылығы және патологиялық физиологияның негізгі талабы: барлық көптүрлі көріністері бар сырқатты зерттеу және ол дамитын заңдарды ашу.

Патологиялық физиология патологиялық анатомиямен тығыз байланысты. Жүз жыл бұрын шамасында екеуі бір ғылым болған. Оның бөлінуі патологиялық процесстің динамикасын түсіну үшін морфологиялық анализ жеткіліксіз болуына негізделген. Функционалды өзгерістер морфологиялық өзгерістермен тығыз байланысты, бірақ олардың арасында қатал сәйкестік жиі байқалмайды. Өйткені, әр мүше компенсаторлы қасиетке ие, сондықтан құрылымының өзгерісінде оның қызметі бұзылмауы да мүмкін. Міне, сондықтан клиниканың кейбір сұрақтары мәйітті зерттегенде, бөліктік материалдарды микроскопиялық зерттегенде шешілмеді. Бұл тек ағзада патологиялық процесстің дамуын бақылау кезінде ғана мүмкін болды. Экспериментті кең қолдану негізінен патологиялық физиологияны патологиялық анатомиядан ажыратады.

Патологиялық физиология клиникалық ғылымдармен байланысты. Соңғы мақсат оларда бір. Клиникалық ғылымдар да, патологиялық физиология да науқас адамды тиімді емдеу және ескерту үшін ауруды зерттейді. Бірақ жақын арадағы міндет, сонымен қатар әдістері мен объектілері олардың әртүрлі. Клиникалық ғылымдардың зерттеу объектісі науқас адам нақты сырқат көріністерімен. Мысалы, ішкі аурулар клиникасы пайда болу себептерін, симптомдарын, ағымның ерекшелігін, емдеу әдістері мен созылмалы гломерулонефрит және жүйелік қызыл ноқта сияқты ауруларының прогнозын зерттейді. Неврологиялық клиника осындай бағытта мысалы, антирабилық егуден кейін дамитын энцефаломиелиттті зерттейді. Көз ауруларының клиникасы мынадай жағдайға ұшырасты, егер бір көз жарақаттанса, онда уақыт өте келе интактты екінші көз зақымдалады. Бұның барлығы-әртүрлі аурулар әртүрлі орналасуымен, симптомдарымен және прогноздарымен. Сонымен бірге, олардың арасында бір ортақтастық бар. Осы барлық аурулар жалпы иммунологиялық механизмге ие екен. Бұл заңдылықтарының ашылуы патологиялық физиологияның арқасында.

Онда патологиялық физиология арнайы клиникалық пәндерге қатынасы бойынша, барлық аурулар және олардың ерекшелік топтары үшін жалпы процесстерді зерттейтін ғылым болып көрінеді. Әрине, клиникалық ғылымдар аурудың мәні, оның даму механизмі туралы, әсіресе қазір олар биохимиялық және физиологиялық зерттеулерге ие болғанда маңызды мәліметтерді өздігінен ала алады. Сонда да клиника сырқат және оның даму заңдары туралы фундаментальді мәліметтерді алуға мәжбүр, ал ол бұл мәліметтерді клиникада жоқ және болмайтын әдіс-жануарларға патофизиологиялық тәжірибе жасау әдісіне ие патофизиологиядан алады.

Тәжірибелік терапия емнің жаңа әдістерінің өңделуінің және сырқат зерттеуіндегі қажет әдіс ретінде.

Қазіргі уақытта адамның көптеген сырқаттарының моделін жасау әрекеті жалғасуда: инфенкциялық аурулар, атеросклероз, гипертониялық аурулар, миокардтың инфарктісі және т.б. Осыған байланысты адам ағзасы жүйе ретінде ең жоғары жүйеленген жануарлардан да-адам тәрізді маймылдардан да жоғары және күрделі екенін ескеру қажет. Сондықтан адамның дертін толық көлемде жануарларға жасау арқылы модельдеу мүмкін емес. Дегенмен, дерттің патогенезінің жеке синдромдарының ең қажетті түйіннің тәжірибелі модельдеуі толық орынды болып көрінеді. Мысалы, гипертониялық ауруды модельдей отырып, оның маңызды симптомын-тұрақты қан қысымының жоғарлауын (гипертензия) алуға болады, бірақ оның барлық көлемдегі адамның гипертониялық ауруын емес.

Адам ауруының қатарын (психикалық ауруларын, алмасу ауруларын, аллергиялық ауруларын және т.б.), оның күрделі ерекшеліктерін ескере отырып, тәжірибеде өндіру әзірше қолдан келмей жатыр.

Жануарларға патологиялық процесстерді модельдеу кезінде жедел (вивисекция) және созылмалы (мүшелерді трансплантациялау, ұлпаларға электродтарды енгізу, фистула қою және т.б.) тәжірибелер түрлері қолданылады. Қажет болса, жеке мүшелер қызметін зерттеу, ағзадан тыс жеке клеткаларды және ұлпаларды культивирлеу әдістері қолданылады. Тәжірибеде патологиялық процессті өндіру үшін түрлі әдістер қолданады: биофизикалық, биохимиялық, морфологиялық, иммунологиялық. И.И.Мечников өңдеген патологияны зерттеу әдістері эволюциялы және салыстырмалы болып табылады. Қабынудың мысалында ол эволюцияда қалыптасқан адамда және жоғары ағзаларда физиологиялық және патологиялық процесстер мен реакциялардың биологиялық мағынасы мен құрылымын түсіну үшін салыстырмалы патологияның қандай мән беретінін көрсетеді.

Соңғы он жылдықта жануарларға жасалынатын тәжірибелер тікелей науқас адаммен, оған зиянсыз әдістер көмегімен бақылану толықтандырылды, осыған байланысты қазіргі патофизиология клиникалық патофизиология көріністерін қамтуда.

Клиникалық патофизиология туралы түсінік, оның талаптары мен перспективалары.

Клиникалық патофизиология салыстырмалы патологияның ең шыңы болып табылады, немесе адам патологиясы. Клиникалық патофизиология біздің күндері адам дертінің патогенезі мен этиологиясының жалпы сұрақтарының зерттеуіне негізгі міндетіне ие бола отырып, патофизиологияның ең актуальді бөлімі болып табылады.

Патологиялық ықпал клиникалық медицинаның түрлі мәселелеріншешуде практикалық медицинаның түрлі облыстарына енеді. Бүгін, мысалы, квалификациялы кардиология бөлімінің жұмысын науқастың жүрек қызметінің механо-фоно-векторкардиографияның фазалы анализсіз елестету қиын. Емдеу кезінде арнайы дәрілер береді, ритмдік жүргізу және кардиостимуляция, дефибрилляция туғызады. Аталғандардың ешқайсысы қан айналым патологиясынбілмесе және есепке алмаса жүзеге аспайды.

Патофизиологиялық критерийлер қазіргі анықтамалармен қанайналым мен тынысалу жеткіліксіздігінің жіктелуі негізінде жатыр.

Науқастың төсектегі ауруды зерттеу негізінде онкологиялық, аллергиялық, гемотологиялық және көптеген басқа адам ауруларының фундаментальді даму механизмі туралы жаңа мәліметтер алынды.

Адамға зерттеу мүмкіншілігі мен шектеулері, олардың диентологиялық аспектілері.

Патологиялық физиологияның сұрақтарының тәжірибелер анықтау кедергілер қатарымен, жұмыс әдістемесінің мәнін құрайтын жеңу әдістерімен байланысты.

Әр жұмыс әдістемесі зерттеудің нақты талаптарын шешудегі қажеттіліктен туындайды. Жұмыс әдісі зерттеудің жаңа облыстарын ашуға мүмкіншілік туғызуы мүмкін. Мысалы, шартты рефлекстердің әдісін қолдану жоғары нерв әрекетінің физиологиясының жаңа облысын объективті зерттеу мүмкіншілігіне себепші болды; микробтар культурасының әлсіздену әдісі көптеген инфекциялы ауруларға қарсы вакцинаның өндірілуіне жол ашты.

Әдістеме зерттеуде басты мағына бермейді. Басты болып зерттеуде талап, оны шешеді, кедергілерді жеңу үшін қолданбайды. Бірінші, зерттеудің нақты сұрағы туындайды, алдыңғы себептің нәтижесі оны анықтау және қою үшін, ойлау, зерттеудің міндетін анықтау, яғни жұмыс гипотезасының мазмұнын құрайтынның бәрі, содан есепті практикалық шешудегі кедергілерді жеңу жолдары туралы сұрақ туады, яғни жұмыс әдістемесінің мазмұнын құрайтын.

Тәжірибеде шындықты алу үшін дұрыс әдістемені таңдап алу үлкен мағына береді.

Тек маңыздысы тәжірибелік патололгия облысындағы тәжірибе үшін сәйкес келетін объекті таңдап алу болып табылады. Жануарға жасалатын тәжірибенің адамға тікелей жасалатын тәжірибені қалау мен оның бағалығын дәлелдеп қажеті жоқ.

Адам ағзасы қолайлы ғана емес, сонымен қатар жануармен алмастырылмайтын тәжірибенің ереше объектісі. Адам ағзасына біз көп үйрендік және оның өзгерістерін тез біле аламыз(мысалы, бозару, қызару және т.б.). Адамға тәжірибе жасағанда біз алғашқы көзден қажетті мәліметтерді аламыз, жануарға жасаған тәжірибеден оларды жанама жолмен алғанша. Адам есімен және алаңымен тәжірибеге көмектеседі. Адамға тәжірибе кезінде одан нені қалайтыныңды түсіндіруге болады (мысалы, дене қалпын сақтау, қозғалыстарды тоқтату немесе жасау, тынысты тоқтату немесе күшейту белгілі уақытта және т.б.). Қажет физиологиялық заңдылықтарының қатары адамға жасалған тәжірибе қорытындысында ашылған. Мысалға,

1. Тыныс алу физиология облысындағы Холден, Баркрофт, Ван Слайк, Крогтың және т.б. тәжірибелері өкпеден альвеолярлы ауаны алуға, альвеолярлы ауаның құрамын және ол орналасқан жердің қысымын анықтауға, газды қанның құрамын және қанда газ күшін анықтауға, сутек иондары тыныс алу орталығының тікелей тітіркендіргіші екенін анықтауға мүмкіндік берді.

2. Қан айналым физиологиясы бойынша тәжірибелер пульс туралы (артериялық, веналық) және жүрек тондары туралы біздің білімімізді байытты, электрокардиографияны негіздеді, тыныштықта тұрған мүшеден гөрі, үнемі жұмыс істеп тұрған мүше арқылы көп мөлшерде қан өтетін механизмді түсінуге әкелді.

3. Жалпы алмасуды камера-калориметрде зерттеу адам ағзасының түрлі жағдайы кезінде: тыныштықта, физикалық жұмыс істеген уақытта, ойлау кезінде т.с.с. энергетикалық балансты анықтауға мүмкіндік берді.

4. Жүйке-бұлшықет физиологиясы мен электрофизиология тәжірибелері бұлшықет жұмысының, оның ритмі, шаршаумен байланыстылығы, шаршау формаларының және т.б. заңдылықтары туралы көптеген құнды мәліметтерді берді.

5. Жүйке жүйесі облысындағы тәжірибелер рефлекстер туралы (тізелік, ахиллалық және т.б.) негізгі білімді өңдеуге әкелді.

Бірақ адам ағзасына патофизиологиялық тәжірибелік зерттеулерді қолдану облысы шектелгендіктен, жануарға тәжірибе жасауға жүгіреміз, оның ішінде вивисекцияға.

Патофизиология тарихынан қысқаша мағлұматтар, оның дамуының негізгі кезеңдері.

Аурулардың пайда болуын, даму жолдары мен зардаптарын зерттеу үшін жануарларға тәжірибелер жасау қажеттілігі пайда болды. Бүгінгі күні қазақ жерінде жануарларға тәжірибе жасау кљне заманнан басталганы белгілі болып отыр. Қазақ хандыгы Алтын Ордадан бљлініп шыққаннан кейін Әз Жәнібектің қасында болған қараүзген шипагер Љтебойдақ Тілеуқабылұлы (1397—1492) жазып қалдырған қолжазбасы осы айтылғанның толық айғағы бола алады. Бұл ұлы шипагер-ғалым қойлар мен дала түлкілеріне тәжірибе жасап, қанайналым шеңберлерін Гарвейден бұрын ашқаны айқындалды. Ол шешекке қарсы екпелер дайындау үшін таналарды егіп, олардан сау адамдарды егетін материал (вакцина) алған. Бұндай тәжірибе љте кең бабамыздың жазуы бойынша ХҮ-ғасырдың екінші жартысында, Эдуард Женнерден үш жарым ғасырдай бұрын, жасалған. Ол кісінінің вакцина алу жолы сол кездегі халықтың жергілікті тұрмыс жағдайларына толығынан сәйкес келеді. Мәселен, танадан алынған вакцина жаңа сойылған малдың бүйрек қапшығына құйылып, қараңғы жерде сақталуы љз заманының, тіпті бүгінгі ғалымдардың ойына келмейтін, үлкен ғылыми жетістігі болып есептеледі.

Сонымен бірге, бұл ғұлама шипагердің адам денесінің сусыздануын және оның сатыларын, суға кетіп љлген немесе суыққа үсіп қалған адамдарды тірілту жолдарын алғаш зерттеп шешуі љз заманының үлкен ғылыми жетістіктеріне жатады. Кљрсетілген гылыми еңбек баспада басылып, кең тарамағанымен, басқа елдердің елшілері мен саудагерлері арқылы ауыздан ауызға беріліп, жер шары мемлекеттеріне тарап кетуі ешбір күмән тудырмайды. Сондықтан еуропалық ғылыми медицинаның дамуына бұл ақпараттар ықпал етпеді деуге ешбір негіз жоқ.

Медицинаның љзекті мәселелерін жануарларда тәжірибе жасап шешу еуропалық ғылыми медицинада эксперименттік дерттану (патология) немесе патологиялык, физиология деп аталды.

1819 ж. Я. Л. Гэйллиот ең алғаш патологиялық физиология атауын қолданып, «Жалпы патология және патологиялық физиология» атты оқулығын жариялады. Бұл атауды немістің ұлы патологы Р. Вирхов (1847) кеңінен қолданды.

Экспериментгік дерттанудың негізін қалаушы болып ФрансуаМажанди (1738—1855), Клод Бернар (1813—1878), В. В. Пашутин (1845—1901) есептеледі.

1878 ж. В. В. Пашутин жалпы және эксперименттік патологияны медициналык, факультеттердің оқу курсына енгізді. 1930 жылдары бүрынғы Кеңестер Одағында патофизиология медициналық пѕн деп аталып, медицина саласында жоғары білім беру бағдарламасына енгізілді.

Сонымен Ресейде бірінші жалпы және эксперименттік патология кафедрасын Қазан университетінде В. В. Пашутин (1845—1901) ашты және ол 1878 ж. патофизиологиядан алғашқы нүсқауды љзі жазды. В. В. Пашутиннің ғылыми бағыттары: зат алмасу мен энергия алмасуының бұзылыстары, патофизиологияның маңызды проблемаларының бірі болып есептеледі. Оның толық және жартылай ашығу, жылу алмасуының бұзылыстары, оттегі жеткіліксіздігі, гиперкапниялар туралы ізденістері бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ.

Ол патофизиологиядан кљптеген мамандар дайындады. Ресейде патофизиологияның ілім және пән ретінде қалыптасуына орыстың ұлы физиологы И. П. Павловтың (1849—1936) қосқан еңбегі зор. Ол жануарлардың тіршілік қүбылыстарына жаңа кљзқараспен қарап, патологияда нервизм ілімін дамытты, қанайналым, асқорыту жүйелері, жоғары жүйке әрекеттері туралы ілімдерді толықтырды.

Қазақстандағы бірінші патофизиология кафедрасы алматы мединститутында, яғни бүгінгі Қазақ мемлекеттік медицина университетінде 1933 жылы ашылды. 1933-1946 ж. бұл кафедраның меңгерушілері болып: проф. Глеклер Н.Э., доцент Четвертак Д.С., профессор Лейтес С.М. жѕне профессор очкур П.П. қызмет атқарды. 1946-1969 ж. кафедраны профессор Глозман О.С. басқарды. Профессор Глозман О.С. љзінің шѕкірттерімен екі үлкен ғылыми проблемалар тљңірегінде шұғылданды. Оның біріншісі: уланған дененің қанын донордың қанымен ауыстыру операциясы. Кезінде оның үлкен практикалық маңызы болды және талай адамдарды љлімнен арашалап қалды. Екіншісі — тез қансырау және шок проблемасы. Бұл проблеманың ІІ-дүниежүзілік соғыс кезінде ерекше кљзге түскен мѕселе екендігі және оның қазіргі бейбіт күндерде де љте маңызды екендігі ешбір күмән туғызбайды. Профессор о.с Глозман кљптеген патофизиология мамандарын дайындады. Солардың ішінде профессорлар: Насыбуллина Х.С., Сѕулебекова М.С., Каримов М.А., Макашев К.М., Маманова Х.Е т.б-лар. Профессор Насыбуллина Х.С. 1969-1991 ж. Алматы мединститутының патофизиология кафедрасын меңгеріп, кљптеген нѕтижелі еңбектер атқарды. Ол оқушылармен бірге, бүгінгі күннің талабынан туған, кљптеген факторлардың бірігіп организмге әсер етулерін зерттеді. Мысалы, қансырау мен гипокинезияның ішімдіктің, қантты диабет пен қансыраудың т.с.с. организмге біріккен әсерлердің практикалық маңызы зор екені ешқандай күмән келтірмейді.

Профессор Каримов М.А, шәкірттерімен бірге Қазақтың онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында әртүрлі химиялық заттардың организмдегі ісіктің дамуына тигізетін маңызын зерттеуде елеулі еңбек атқарды.

Профессор Сәулебекова М.С. оқушыларымен бірге қазақтың тағам проблемалары институтында нәтижелі еңбек етуде.

1951 ж. Қарағанды мединститутында, бүгінгі медицина академиясында патофизиология кафедрасы ашылды. Бұл кафедраны ұйымдастырып, айтарлықтай еңбек еткен профессор Я.А. Лазарис (1904-1989) оқушылармен бірге екі үлкен ғылыми мәселелермен шұғылданды:

1. љкпе ісінуінің патогенезі және оны тәжірибеде емдеу жолдары; 2. қантты диабет және оның патогенезі.

Бірінші мәселе бойынша љкпе ісінуі кезінде љкпе қылтамырлары кемерлерінің љткізгіштігінің жоғарылауында нерв жүйесінің маңызы кљрсетілді. Екінші мәселе бойынша қант диабеттің эксперименттік үлгісін жануарларға аллоксан енгізу арқылы алуды алғаш ұсынды. Аллоксандық және дитизондық диабеттерді тәжірибеде зерттеу арқылы қантты диабеттің патогенезін анықтауға кљрнекті үлес қосты.

1955 ж. патофизиология кафедрасын Семейдің мединститутында, бүгінгі медицина академиясында, профессор назарова Т.А. ұйымдастырды. Оның негізіг ғылыми бағыты әртүрлі шок жағдайларының (травмалық, гемотрансфузиялық ж.б.) нервтік рефлекстік жолдармен дамуын терең зерттеуде болды. Организмнің сезімтал рецепторлары орналасқан әртүрлі аймақтарын ұйқы артериясының синокаротидтік аумағын, ішектердің шектерін, кљкбауырды тұтас қан жүйесінен оқшаулап, оларға бљтен қанмен әсер ету арқылы шок дамуында нервтік-рефлекстік жолдардың маңызы үлкендігін кљрсетті. Профессор Назарова Т.А. Қазақстанда патофизиологиядан љзінің мектебін ашқан ғалым. Оның шәкірті доцент Қ.Шаймарданов Семей мединститутының патофизиология кафедрасын ұзақ уақыт басқарды. 1997 жылдан бастап бұл кафедраны Т.А. Назарованың оқушысы профессор В.И. Кравцов басқарып келеді.

1959 ж. Ақтљбе мединститутында (медицина академиясында) патофизиология кафедрасын профессор Маманова Х.Е. (1918-1977) ұйымдастырды. Ол иммунология саласында біршама еңбектер атқарды. Оның оқушысы профессор Қасенов Қ. О. кљрсетілген кафедраны меңгеріп, организмге жылан уларының љсерін, оны емдеу жолдарын іздестіруде нәтижелі еңбектер атқарды.

1967 ж. Ақмола мединститутында, бүгінгі медицина академиясында, патофизиология кафедрасы ашылды. Ол кафедраны кейін үзақ жыл профессор В. Г. Корпачев (1936—1998) меңгеріп, организмнің тљтенше ауыр жағдайларын, постреанимациялық патологияны зерттеуде ғылымға елеулі үлес қосты. Ол кљптеген патофизиология мамандарын дайындап қалдырды. Соның ішінде профессор Е. Д. Дәленов профилактикалық медицина академиясының академигі, Нью-йорк медицина академиясының қүрметті академигі атақтарына ие болды. Профессор Н. Қ. Хамзина қәзір патофизиология кафедрасын меңгереді.

1554ж. француз гуманист-дәрігері Ж.Фернель алғаш рет медицина облысына "патология" терминін енгізді, ауру себебін, сонымен қатар анатомиялық және функциональді бұзылыстарын оқытатын. Оның жазған еңбегі екі жүз жылға дейін патология туралы ең жақсы оқулық болып көрінген. 1758 жылы медицина тарихында И.Д.Гаубийдың алғаш рет медицинаның жалпы патология туралы басқармасы жарық көрді. Онда "ғылымның аурулары туралы жалпыны" белгілеу үшін, негізін, еркшеліктерін, себебін және ағзаның қатты және сұйық бөліктерінің қалыпты жағдайларының бұзылыстарының зардаптары қарастырылғандықтан "Жалпы патология" терминін қолданды. XVIIIғ. аяғында Дж.Гунтер тәжірибелік патологияның бастамасын қойды. "Патологиялық физиология" терминін алғаш рет 1791ж. Галледе шыққан "Патологиялық физиология негіздері" деген оқулықта Эрфурт университетінің профессоры А.Ф.Геккер (A.F.Hecker, 1763-1811) қолданды. Соңынан L.Gelliot (1819) "патологиялық физиология" терминін "Pathologie generale et physiologie pathologique" атты оқулықта қолданды.

Батыс Еуропа мен Ресейде XVIIIғ. аяғы ХІХғ. басында патология теориялық медицина курсының бөлінбейтін бөлігі ретінде оқытылды. Жалпы патологияның дамуына ХІХғ. бірінші жартысында үлкен үлесін қосқан дәрігер-философ И.Е.Дядьковский және оның Мәскеу университетінде терапия және жалпы патология курсын оқыған шәкірті К.В.Лебедев. Олардың жалпы патологиялық туындысы-"патологияның философиясы"-жалпы патология жөнінде орыс тілінде негізгі бірінші ғажайып басқармасына жатқызылды. ("Жалпы антропопатология"), 1835ж. К.В.Лебедев шығарған.

Дж.Моргань мен К.Рокитанскийдің классикалық еңбектерінің, сонымен қатар Ж.Крювельенің Париж университетінде 1836ж. патологиялық анатомия кафедрасының алғаш ұйымдастырылуы жарық көргеннен кейін патологиялық анатомия өзіндік академиялық пән ретінде құрылды.

Ресей университетінің 1835 жылғы жарғысында жалпы жалпы патологияны физиологиямен бірге оқыту енгізілді. Мәскеу университетінің физиология және жалпы патология кафедрасының профессоры А.М.Филомафитский 1835 жылдан 1847 жылдар бойы алғаш рет Ресейде жануарларда бүйректерін алып тастау және несепағарды байлау жөнінде тәжірибе қатарын енгізді. 1847-1848жж. ағзаға эфирдің, хлороформның және т.б. наркотикалық заттардың әсерінің тәжірибелі-клиникалық зерттеулерін басқарды.

1868-1869жж. Ресей университеттерінде жалпы патологияның өзіндік кафедралары ашылды. Осындай кафедраны Мәскеу университетінде ұйымдастырған А.И.Полунин оған әмбебап сипаттама беруге тырысты, бірақ зерттеудің тәжірибелік базасын жасай алмады.

ХІХғ. аяғында нақты патологиялық физиологияның жалпы патология недрасында құрылу тенденциясы көрінді. Р.Вирхов айтқан қажеттілік туралы оның шәкірті Ю.Конгейм ғылымды эмболияға, инфарктқа негізделген белгілі тәжірибелі зерттеулермен байытты, қабынудың себебі мен даму механизмін жазды. 1877-1880жж. ол жалпы патология туралы классикалық екітомдық басқарманы шығарды. 1878-1881жж. орыс тіліне аударылды. Автор негізгі зейінді патологиялық физиологияға бөлді, ол Ю.Конгейм айтуы бойынша ауру жағдайында мүшелер қызметі қандай болуы және содан кейін қалыпты өмірлік бұзылыстарының қалай пайда болғанын оқытады. 1878-1879жж. С.Самуэльдің неміс тілінен орыс тіліне аударылған "Патологиялық физиология негізіндегі жалпы патология басқармасы" шықты. Кесте 2.-патологиялық физиологияның пайда болуы.



Патофизиологияның негізін қалаушылар: И.М.Сеченов, В.В.Пашутин, И.И.Мечников, В.В.Подвысоцкий, А.А.Богомолец, И.Г.Савченко, Л.А.Тарасевич, Д.К.Заболотный және т.б. Қазақстанда патофизиологияның дамуы: Н.Э.Глеклер, Х.С.Насыбуллина, Я.А.Лазарис, Т.А.Назарова, Х.Е.Маманова, В.Г.Корпачев.

Тәжірибелі-физиологиялық, физика-химиялық бағыт

Ресейде патологиялық физиологияны өзіндік ғылым және оқытатын пән ретінде негізін қалаған физиолог-экспериментатор И.М.Сеченовтың шәкірті В.В.Пашутин болған, ол 1874 жылдан Қазан университетінің медицина факультетінің жалпы патология кафедрасын, ал 1878ж. бастап Санкт-Петербург Медика-хирургиялық академиясын басқарған. В.В.Пашутин 1878ж. және 1881ж. "Жалпы патологияның (жалпы физиологияның) дәрістерін" және фундаментальді 1885ж. және 1902ж. шыққан екітомдық "жалпы және тәжірибелік патология курсын " енгізді. Оның еңбектерінің анализін В.В.Пашутиннің И.М.Сеченовтан оған енген дәстүрді дамыта отырып, патологияға тәжірибелік-физиологиялық және физика-химиялық бағытты енгізгенін көрсетеді.

Патология мәселесін өңдеу мақсатымен В.В.Пашутин алғаш рет дүние жүзінде калориметрді шығарды, адамдарда және жануарлардағы газ алмасу мен жылу алмасуды зерттеудің ғажайып әдістерін ұсынды. Осы әдістер жануар мен адамдарға тәжірибе жасағанда қолдана отырып, В.В.Пашутин және оның шәкірттері ағзаның патологиялық жағдайда ашығудың, зат алмасудың және жылу алмасудың түрлерін анықтауда басты зерттеулерді орындады. Жаңадан оттектік ашығу туралы мағлұмат енгізді.

В.В.Пашутин алғаш рет жалпы патологтар (патофизиологтар) мектебін ашты. Оның кафедра бойынша қабылдаушысы ашығу, газ алмасу, зат алмасу мәселелерін түбімен өңдеген П.М.Альбицкий болды. Оның ерекше бағалы жұмысы оттектік ашығу туралы жұмысы және П.М.Альбицкиймен ашылған көмірқышқыл зардабынан қайтымды әсер феномені болып табылады (1911ж.) П.М.Альбицкийдің қорытындысы қандағы СО2-нің тұрақты жоғарғы кернеуі үлкен биологиялық мағына береді, тыныс алу орталығын қоздыра отырып және денеде тотықтырғыш процессін реттей отырып, тәжірибелік жағдайда және алмасу процесстерінің алмасу өнімдерінің аутореттеу мәселелерінің өңдеуі адамның жеке физиологиясының одан әрі құрылуына негіз болды.

Толық ашығу кезінде максимальді 59-65 күнге созылған, ағзада газ және жылу алмасу мәселелерін өңдеуге үлкен үлес қосқан Томск университетінің жалпы патология кафедрасында профессор болып 1904 жылдан 1922 жылға дейін, ал 1922 жылдан соңғы өміріне дейін Кубан медицина институтының фармакология кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеген В.В.Пашутиннің шәкірті П.П.Авроров.

В.В.Пашутиннің шәкірті Н.В.Веселькинмен бірге оның әріптестері панкреатты диабеттің патогенезі бойынша көмірсу-фосфаттық алмасу патологиясының мәселелері бойынша зерттеулер, сонымен қатар толық емес созылмалы ашығу кезіндегі зат алмасу зерттеулерін жүргізді.

И.М.Сеченовтан, В.В.Пашутиннан, П.М.Альбицкийдан кеткен зерттеулер бағыты Әскери медицина академиясының патологиялық физиология кафедрасында жақсы дамыды. Кафедра меңгерушісі И.Р.Петров әріптестерімен бірге жануарларда жасалған модельде оттегі жеткіліксіздігінің мәселесін зерттеді:

а) бас ми анемиясынан пайда болған

б) сұйытылған атмосферадан

в) қан кетуден

г) клиникалық өлім жағдайынан

1934-1935жж.И.Р.Петровпен бірге П.П.Гончаров барокамерамен самолетте ұшқан жағдайда төмендеген барометрлік қысымның әсерінен (3000-5000м биіктікке сәйкес) жануарларда жедел қан кетулер, бас ми қаңқасының және басқа да жарақаттанулар зерттелді. Бұл зерттеулер сұйытылған атмосфера мен биік гипоксемияның ағзаға әсер ету жағдайда жаралылардың авиаэвокуациясының мәселесінтәжірибелік шешуінің ең алғашқысы болып табылды.

И.Р.Петров және оның патологиялық физиология кафедрасы бойынша қабылдағышы В.К.Кулагин әріптестерімен бірге шок және терминальді жағдай, қан кету, посттрансфузионды асқынулар мәселелері бойынша бастапқы зерттеулерді орындады; әдістерін және ерте профилактикасын өңдеді және шоктың және қан кетудің емін қанды, қан алмастыруларды, адренокортикотропты гормондарды, кортикостероидтарды және кейбір ферменттерді қолдана отырып емдеу тәсілін енгізді. Олар патология әдістемелігі және сырқат туралы жалпы оқыту мәселелері бойынша жұмыс енгізді.

В.В.Пашутин мектебінің көрнекті ұсынушысы, тәжірибелі-физиологиялық пен физика-химиялық бағытты жалпы патологиялық дамуында бірге қосқан Н.Г.Ушинский болды. Патофизиолог-экспериментатор болған Н.Г.Ушинский патологиялық физиологияны шектелген жағдайда оқытуды шектеді, жалпы патологияның ең маңызды бөлімінің бірі ретінде қарастырылатын. Патологиялық физиология негізінде ол барлық жалпы патологияны енгізген жоқ, ал "ғылымды өмірлік процесстер жолы мен ауру ағзаға баратын сырқат ағза өмірінде өндіретін қалыпсыздық туралы" енгізген.

В.В.Пашутиннің шәкірті А.В.Репрев медицина тарихына отандық эндокринологияның негізін салушыларының бірі болып кірді. Оның "Жалпы патология оқулығы" (1897ж.) және фундаментальді басқармасы "Жалпы және тәжірибелік патология негіздері" патологияда тәжірибелік-физиологиялық және физика-химиялық бағыттардың дамуына қолұшын тигізді.

Эндокриндік жүйенің және зат алмасудың naiujiuiym оқыту бойынша А.В.Репрев жұмысының жалпы бағыты одан әрі дамуын алды, зерттеулерде олармен шыққан өкілдерінің Харьков мектебінің патофизиологтары: Д.Е.Альперн, С.М.Лейтес, М.М.Павлов, С.Г.Генес, Д.П.Гринев, және олардың әріптестері.

Физика-химиялық бағыттың патологияда дамуына үлкен үлес қосқан Санкт-Петербургтегі тәжірибелік медицина институтының жалпы патология бөлімінің басшысы Е.С.Лондонның зерттеулері. 1904ж. ол авторадиографияның жаңа өзіндік әдісін өңдеді, қай ұлпа көп мөлшерде радий эманациясын жұтатындығын ескертетін. Е.С.Лондон радий сәулесінің әсерінен ерте және көрнекті патологиялық өзгерістер қан жасаушы, жыныс және лимфоидты мүшелерде болатындығын анықтады. Лейпциг академиялық баспасының ұсынысымен ол неміс тілінде дүниежүзілік әдебиетте бірінші радиобиология бойынша монографияны шығарды. Екінші қажет мәселе, Е.С.Лондон және оның әріптестері өңдеген, асқорытудың физиологиясы мен патологиясы болып табылады. Бұл облыста зерттеулер қатары химиялық өңдеулер, асқазан ішек жолдары арқылы өткен кезде тағамның құрамы және патология шақырған тәжірибе жағдайындағы сіңірілу процессінің заңдылықтарын ашу болды. Е.С.Лондон Н.П.Кочневаямен бірге вазостомия (ангиостомия)-ірі веналық тамырларға тұрақты фистула қою әдісін өңдеді-ол көрсетті оқытуды зат алмасуды жеке мүшелердің олармен өтетін салыстырмалы анализінде және олар кететін қан табиғи жағдайда және түрлі патологиялық жағдайлар кезінде мүшелердің қарымқатынасының бұзылуынсыз. 1924-1925жж. көп мөлшерде ангиохимия бойынша жұмыстар енгізілді-Е.С.Лондон шығарған физиологиялық және патологиялық химия бөлімнен. Е.С.Лондон иттерге 1934ж. жаңа тәжірибелік-хирургиялық әдіс-органостомия жасады-наркоз берілмеген жануарларда оперативсіз жолмен мүше кесегін алуға болатын, терең паренхиматозды мүшелерге кең канюль қою әдісі. Органостомия әдісін ангиостомия әдісі толықтырды және мүшелік метаболизмді, оның ішінде көмірсу, ақуыз, тұз-су алмасулар механизмін терең тануға мүмкіншілік берді.

Тәжірибе физиологиялық әдіс ретінде жалпы патологияға көптеген жалпы патологиялық процесстердің физиологиялық механизмін ашуына, олардың арасындағы ішкі байланысқа өзіндік философиялық түсініктеме беруге мүмкіншілік енгізді және барлық сырқат зерттеулерін қатал ғылыми негізге қойды. Осының арқасында жалпы патология біздің елімізде "патологиялық процесстердің физиологиясын", яғни патологиялық физиология негізінде оқытатын тәжірибелі ғылым болды. Дәл осы жағдай В.В.Пашутин мен В.В.Подвысоцкийді "патологиялық физиология" терминін атауда, "жалпы патология" терминіне толықтырғыш негізінде атау болды. В.В.Подвысоцкий шәкірті А.А.Богомолец өзінің ұстазынан әрі кетіп, жалпы патология атын патологиялық физиология етіп өзгертті. Саратов университетінің жалпы патология кафедрасының меңгерушісі болған кездегі оның оқулықтары, баспалары "Патологиялық физиологияның қысқаша курсы 1Б. Жалпы патология" (1921) және "Патологиялық физиология"(1924) деп аталды. 1924ж. маусымдағы Глав-профобрдың әдістемелік комиссиясының отырысында, А.И.Абрикосов пен Н.Н.Аничковтың жоғарғы медициналық оқу реформасымен байланысты жалпы патология мен патологиялық анатомия кафедраларын қосу туралы айтқаны талқыланған, А.А.Богомолец қарсы шықты және жалпы патологияны патологиялық физиология деп өзгертуді ұсынды. Бұл ұсыныс қабылданды және Наркомпрос бұйрығымен құрылды. Кафедраның басқаша аталуын қодаған С.С.Халатов, патологиялық физиологияны ауру процесстерінің жалпы көріністерін және олардың ерекшелігін, мүшелердің ауруларымен байланысты немесе физиологиялық жүйелер физиологиялық және физика-химиялық әдістер жолымен зерттелетін ғылым ретінде анықталды. Осы кезден бастап СССР-да, одан кейін Ресейде жалпы патология кафедрасы патологиялық физиология кафедрасы болып аталынды.

Гисто және цитофизиологиялық бағыт

Патологияда гистофизиологиялық бағыттың құрылуының басын клетка мен ұлпаның тіршілік кезіндегі боялуының классикалық әдісінің (бояулардың физиологиялық инъекциясы) авторы-(1868ж.) Киев университетінің жалпы патология кафедрасын басқарған Н.А.Хржонщевский бастады.

Бұл бағыт оның шәкірті В.В.Подвысоцкий еңбегінде дамуын алды және ол ашқан мектеп [И.Г.Савченко (Қазан, Краснодар), Д.К.Заболотный (Петербург, Киев), Л.А.Тарасевич (Мәскеу), А.А.Богомолец (Саратов, Мәскеу, Киев)]. В.В.Подвысоцкий әріптестерімен бірге бауыр, сілекей және мейболий бездері түрлі жарақаттық зақымданулар мен уланудан кейін регенерацияға бейімді екенін анықтады. Регенерация секреторлық клеткалар арқасында ғана жүрмей, сонымен қатар шығарушы өзектердің эпителийлері арқылы да жүреді. 1891ж. В.В.Подвысоцкийдің "Жалпы патология негіздері. Ауру ағза физиологиясына басқарма" атты оқулықтың 1-ші баспасы шықты, ал 1894ж. 2-ші толық толықтырылған француз, неміс және жапон тіліне аударылған баспасы шықты.

Жалпы биологиялық (патологиялық) бағыт және салыстырмалы патология.

Жалпы патологиялық бағыт патологияға Р.Вирховтың целлюлярлық патологиясы мен клеткалық теориясына өзінің қайнар көзімен кіреді. Р.Вирхов клеткадан тыс қалыпты, патологиялық тіршілік әрекет жоқ деген. Ресейде бұл бағыттың құрылуы С.М.Лукьянов пен И.И.Мечников аттарымен байланысты.

Санкт-Петербург Әскери медициналық академиясының тәрбиеленушісі С.М.Лукьянов, Варшавада жалпы патология кафедрасын, Санкт-Петербургте тәжірибелі медициналық институтын басқарған, фундаментальді жұмыстар орындады, жалпы патологияның теориялық негізіне клетка құрылымдарының өзгерістеріне және олардың патологиялық процесспен туындаған тәжірибеде олардың құрам бөліктерін зерттеуге негізделген. С.М.Лукьяновтың Р.Вирховтан ерекшелігі морфологиялық құрылымның артында "физика-химиялық құрылым" жатыр деген принциптен тыс жүрді. Клеткалық патологияның физиологиялық және физика-химиялық аспектілеріне көңіл аудара отырып, ол микрохимиялық анализ бен молекулалы механизмнің заңдарын тануына негізделген молекулалы патологияны ашуға және көпклеткалы ағзаның "тіршілік ошақтар жүйесінің" өзара әсерін және байланысын біріктіруге тырысты. Зерттеудің қажет бағыты деп, ол гуморальді факторлар әсерлерін ең алдымен ферменттердің клеткалық қызметтеріне және олардың байланысы мен өзара әсерін қамтамасыз ететін әсерлерді қарастырды. Өзінің еңбектерінде ол патологиялық процесстің негізі мен пайда болуының биологиялық заңдылықтарын зерттеу болып табылатын жалпы биологиялық бағыт пен бірге патологияның түрлі бағытының синтезін жүзеге асырды.

Бұл бағыттың құрылуына маңызды рөл атқарған биолог И.И.Мечников пен оның ғылыми мектебі. Клетка физиологиясын зерттеу оны салыстырмалы және эволюциялы патологияны ашуға әкелді. И.И.Мечников зерттеулері эволюция процессінде қалай жануар формаларының организациясының жоғарлауымен фагоцитоз-асқорыту қызметі өзінің көрсеткішін өзгертеді, клеткаішілік асқорыту қызметінен қорғаныштық бейімделуге өтеді. Сондықтан клеткаішілік асқорыту зерттеулері жұқпалы патологиялық шекарасынан алыс кететін жалпы биологиялық әсер ретінде шынайы иммунитет туралы көрініс үшін иммунитеттің фагоцитарлық теориясы мен фагоцитоз туралы ғылымның құрылуына қайнар көз болды.

1898жылдан 1908 жылға дейін И.И.Мечников лабораториясында түрлі бөгде клеткалар мен мүшелік экстракттарға антидене мен токсикалық (иммунды) сарысулар алу бойынша зерттеулер жүргізілді. Кіші дозалар белсендіретін әсер бергенде, үлкен дозалар сәйкес клеткалық элементтерінің қызметінің тежелуін тудырды. В.К.Линдеман 1900ж. невролитикалық сарысуды ашты, зерттелетін жануарда геморрагиялық нефрит тудырғанның көмегімен. Осылай аутоиммунды аурулардың бірінші тәжірибелі модельдерінің бірі алынды. Өзінің 2-томдық "Жалпы патология оқулығында" (Киев, 1910-1911жж.) В.К.Линдеман патологиялық әсерлермен жүретін заңдарды зерттеу болып табылатын жалпы патологияның негізгі мәселесіне көңіл бөледі. Ол ешқандай эволюцияның түсінігінсіз, ағзаның негізгі қасиеті-бейімделуінің ең шеткі дәрежесі болып көрінетін патология деп есептеген.

Макрофагтар рөлі туралы И.И.Мечниковтың ілімі гуморальді фактор мен клеткалық элементтер арасында тікелей байланыс көрсетілген гемолизиндер туралы Л.А.Тарасевичтың зерттеуінде әрі қарай дамуын алды. В.В.Подвысоцкий мен Л.А.Тарасевичтің шәкірті А.А.Богомолец дәнекер ұлпа ағзаның қорғаныш реакциясы мен алмасу процесстеріне қатысатындығын көрсетті. Оның дәнекер туралы ілімі коллагеноз туралы ілімі жәнеадамдар конституциясының типін ажырату әрекеті үшін алға шарт болды. А.А.Богомолецтің зерттеулері ағза реактивтілігін анықтауда эндокринді-вегетативті реттеудің және дәнекер ұлпа белсенділігінің рөлін түсінуге әсерін тигізді. А.А.Богомолец қан құюдың, дәнекер ұлпа қызметінің цитотоксикалық стимуляциясының әсер ету механизмі, зат алмасу реттелуінде бауырдың рөлі туралы негіздерді қалыптастырған. 1925ж. ол қорғаныш заттарының өнімдерін күшейте отырып, ретикулоэндотелиальді жүйенің қызметін аз дозада стимулдейтін антиретикулалы цитотоксикалық сарысуды анықтады (АЦС). Ұлы Отан соғысы жылдары АЦС трофикалық ойық жаралар мен жаралардың жазылуына кең қолданды. А.А.Богомолец дәнекер ұлпаның трофикалық қызметінің әлсіреуімен, клеткааралық заттар мен ұлпалардың физика-химиялық қасиеттерінің өзгерістерімен ағзаның қартаю процессін түсіндіретін концепцияны қозғады. А.А.Богомолец патофизиологтардың ғылыми мектебін ашты, одан Н.Н.Сиротинин (Саратов-Қазан-Киев), Н.А.Федоров (Мәскеу), Н.Н.Зайко (Киев) және басқалары оқып шықты.

Н.Н.Сиротининнің негізгі еңбектері экстремальді факторлар әсеріне (гипоксия, анафилаксия, аллергия) ағзаның резистенттілігі мен реактивтілігінің салыстырмалы патологиясының мәселелеріне арналған. Салыстырмалы патология әдісін қолдана отырып, Н.Н.Сиротинин филогенетика тұрғысынан инфекцияның ең ежелгі формасы-микробтардың ағзада гуморальді және клеткалық типте салыстырмалы әлсіз реакциялар кезінде қарапайым көбею екенін көрсетті. Инфекционды процесстің ең жаңа филогенетикалық формасы фагоцитарлы процесстің спецификациясы мен антидене өндіру бағытында лимфа-гистоцитарлы аппараттың жетілдіруі болып табылады. Тағы бір жаңа инфекционды процесстің жануар әлемінде тарихи дамуында аллергиялық реакциялардың инфекция көрінісіне қосылуы болып табылады.

Тау ауруының патогенезін зерттеуі бойынша Н.Н.Сиротининнің орындаған жұмыстары, тау ауруы кезінде басты өзгерістер гипоксия, газды алкалоз және ағзаның шаршауы болып табылатынын көрсетті. Биік тау жағдайында гипоксияға адаптация процесстері мен оттектік ашығудың әртүрлілері эволюционды жоспарда зерттеле отырып, Н.Н.Сиротинин тауларда баспалдақты акклиматизация принципін өңдеді және емдеу үшін гипоксиямен өтетін ауруларды, сонымен қатар биік және космостық ұшуларда экстремальді әсерлерге ағзаның тұрақтылығының жоғарлауы үшін жоғары таудағы климатқа адаптацияны қолдануға болатынын көрсетті. Оның басқаруымен 1958ж. авиациялы және космостық физиология мен медицина үшін маңызы зор гипокинезияның сау адам ағзасына әсерін анықтауы бойынша зерттеулер ашылды.

Нервизм

Нервизм элементтері XVIIIғ. ортасында пайда болы және А.Галлердің, У.Кулленнің, Е.О.Мухиннің, И.Е.Дьядковскийдің, К.В.Лебедевтің және т.б. еңбектерінде дамуын алды. И.П.Павлов С.П.Боткин клиникасында осы идеяны қолданып, нервизм ағзаның үлкен әрекетіне жүйке жүйесінің әсерін таратуға тырысатын физиологиялық бағыт деп түсінді. И.П.Павлов мектебінің бұл бағытының дамуы кортиковисцеральді патологиясы мен жоғарғы жүйке әрекетінің патофизиологиясын ашуға әкелді.



Түрлі ауруларға сай жалпы заңдылықтарды бекіту әрекетімен, нервизм позициясымен И.П.Павловтың шәкірті А.Д.Сперанский 30 жылдардың басында шықты. Ол 1927ж. басталған зерттеулер сериясында, патологиялық, оның ішінде инфекционды-токсикалық патогенезде процесстер сәйкес мүшелердің стереотипті зақымдануларын тудыратын және бейспецификалық сипат алатын рефлекторлы механизмге қатысатындығын көрсетті. Бұл бірдей өзгерістерді А.Д.Сперанский жүйке дистрофиясының стандартты формасы деп атады.

А.Д.Сперанскийдің ғылыми мектебінің түлегі Г.Н.Крыжановский жүйке бұзылыстарының генераторлы , детерминантты және жүйелі механизмнің теориясын өңдеді. Г.Н.Крыжановский зерттеулер қорытындысын "Жүйке жүйесінің патологиясындағы детерминантты құрылымдар" (М., 1980) атты кітапта жалпылады. Автор патологиялық жүйенің негізгі механизмі патологиялық детерминант-ОЖЖ құрылымы, гипербелсендірілген, оның патологиялық күшейтілген қозу генераторында орналасқан, ал ол өзі гипербелсенді нейрондардың агрегаты болып табылатындығын көрсетті. Г.Н.Крыжановский функциональді құрылымдардың тежелуі мен жүйелік қатынастың дезинтеграциясы әмбебап биологиялық заңдылықтар болып табылатындығын көрсетті. Оның дезинтеграциясының сол немесе басқа баспалдақты білдіретін жүйенің зақымдануы, тікелей ішкі жүйелік бақылаудың бұзылыстарына, белгілі автономизация мен жүйенің жеке бөліктерінің тежелуіне әкеледі. Бұл процесстерде ерекше мән жүйені ұйымдастыратын және оның әрекетін детерминирлейтін басты түйіннің зақымдалуы болып табылады.

Медициналық ғылымның дамуының қазіргі кезеңінде сырқат мәселесі жүйкелік, эндокриндік және басқа физиологиялық жүйелердің тіпті молекулалық қатынастарға дейін алатын түрлі деңгейлерін алатын қызметтер реттелуінің жанжақты бұзылыстарының мәселесі ретінде шешіледі.

Клиника-тәжірибелі интеграционды бағыт

Жалпы патология дамуының бағытының интеграциясына ұмтылыс науқас адамды жанжақты зерттеу және толықтырылған клиникалық медицинаның теориялық фундаментін құру мақсатыменпроф. А.Б.Фохтпен негізделген Мәскеу мектебінің жалпы патолог-патофизиологтар еңбектерінде жазылған. 1890ж. ол Мәскеу университетінде жалпы және тәжірибелі патология институтын ұйымдастырған, 1912ж. сондай институт Мәскеу жоғарғы қыздар курстары 2-ші Град ауруханасы кезінде (қазір Мәскеу медициналық университетінің патологиялық физиология кафедрасы деп аталады).

А.Б.Фохт өзінің жүзінде клиницист пен патолого-экспериментаторды үлестірді, патологияда клиникалық тәжірибелі бағыттың тиімді дамуына үлесін қосқан. Оның негізгі еңбектері ауру туғызатын факторлар әсеріне ағзаның компенсаторлық, бейімдеушілік реакцияларды зерттеуге, жүрек тамырлық, эндокриндік, лимфа бөлу және зәр шығару жүйелердің патологиясы кезінде қызметтерінің реттелуінде нервтік және механизмдердің рөлін зерттеуге арналған. А.Б.Фохт (1899-1903) атақты ашылуларды пайда болуы мен Ресейде тәжірибелі кардиологияның құрылуы үшін негіз болған жүрек ауруларының тәжірибелі модельдерін (тәжірибелі жүрек қақпақшасының ақаулары, коронарлы тамырлардың эмболиясы, гидроперикардиттер, жүректің томпанадасы және т.б.) алу үшін оригинальді әдістемені өңдеді. А.Б.Фохт пен оның шәкірттері патология жағдайында функциональді тепе-теңдіктің сақталуының компенсаторлы механизмнің ашылуы мен жүректің "жабық қордағы энергиясының" ауытқуларын анықтады. А.Б.Фохт бірінші болып қан айналымның жалпы патологиялық бұзылыстарының түзілуінде интероцептивті импульстердің рөлін бағалады. 1902ж. А.Б.Фохт және В.К.Линдеман қалыпты қан айналымды ұстауда өкпелік артерияның эмболиясы кезінде өкпелік тамырлардың кеңеюі мен оң жақ қарыншаның жұмысының күшеюінің компенсаторлық мәнін көрсетті. Авторлар зерттелетін патологиялық процесстің динамикасында өкпелік тамырлардың афферентті жүйкелердің маңызды рөлін дұрыс бағалады. Олар өкпелік артерияның ұсақ бұтақтарының эмболиясы кезінде үлкен қан айналым шеңберінің гемодинамикасының бұзылыстары "өкпе ұлпасында кезбе нервтің оның сезімтал аяқтамаларының орталыққа рефлексіне байланысты" деп өз ойларын айтты. Бұл атақты ашылу әрі қарай дамуын біздің заманымызда кіші қан айналым шеңберінің тамырларының үлкен шеңбердің тамырлық жүйесіне рефлекторлы әсері бар екенін дәлелдеген В.Н.Черниговский мен В.В.Лариннің еңбектерінде алды. "жүректің айналасындағы қалтаның қабынуы туралы зерттеулер" (1899), "Тәждік артерияның жабылуы кезінде жүректің анатомиялық және функциональді бұзылыстары туралы" (1901), "Өкпелік артерияның эмболиясы кезінде жүрек әрекетінің және қан айналымның бұзылыстары туралы" (В.К.Линдеманмен бірге, 1903), "Жүрек патологиясы" (1910) атты А.Б.Фохттың еңбектері отандық тәжірибелі кардиология үшін негізін қалаушылар болып табылады.

А.Б.Фохт А.И.Тальянцев, В.К.Линдеман, Д.Д.Плетнев, Ф.А.Андреев, Ф.Ф.Венулет, Г.П.Сахаров сияқты ең көрнекті ұсынушылармен бірге ғылыми мектеп ашты.

А.Б.Фохт мектебіне тән ерекшелік морфологиялық, тәжірибелі-физиологиялық және клиникалық әдістері бар зерттеулердің көмегімен ауруды кешенді зерттеуге бағытталған клиника-тәжірибелі бағыт болды. Бұл бағыттың ұсыныстары тек лабораториялық ғалымдар ғана емес, онымен бірге атақты практикалық дәрігер де болды. Жануарларға жасалған тәжірибелер қорытындысын олар критикалық түрде клиникалық мәліметтермен үлестіріп отырды, адамның жалпы клиникалық патологияны биология, патологиялық физиология, клиника және өмірдің арасына қойылған өзіндік көпір ретінде қарастыра отырып. Олар тәжірибе физиологиялық әдіс сияқты клиникалық зерттеуге белгілі сырқатты процесстерінің көрінісінде аурудың жеке симптомдарына сипаттамаға және олардың арасындағы ішкі байланысты түсіндіруге нақты анықтама енгізді, қатал ғылыми негізде ауруды зерттеуді қойды.

А.Б.Фохт мектебінің көптеген ұсынушылары үлкен ғалымдар болып, Мәскеудегі, Ленинградта, Киевте, Варшавада, Лондонда және т.б. лабораториялар мен кафедраларды басқарды. А.И.Тальянцев Мәскеу университетінің жалпы патология кафедрасында А.б.Фохттың қабылдаушысы болды. Онымен жазылған басқарма жалпы патологияға арналған бес баспа болды. 1903 жылдан бастап жүрек патологиясын тәжірибелі өңдеу А.Б.Фохттың басқармасымен шұғылданған Д.Д.Плетнев жалпы патология институтымен тұрақты шығармашылық байланыста болды. 1907ж. "Жүректің аритмиясы туралы мәселе бойынша тәжірбелік зерттеу" диссертациясын қорғады және кейін ірі отандық кардиологтардың бірі болды. 1906ж. кафедрада штатүсті лаборант қызметінде жұмыс істеуді бастаған Ф.А.Андреев, ақырында жүрек-тамыр патологиясының облысында мамандардың бастысының бірі болды. 1913ж. ол жануарлардың тірілуіне ғажайып әдіс ұсынды.

А.Д.Адоның түсінігі бойынша дерттің дамуы күрделі процесс болып табылатын сандық бұзылыстардың сапалық бұзылыстарға өтуі немесе өмірдің қалыпты физиологиялық көріністерінің процесстерінің патологиялыққа өтуі. Бұл процесстің заңдылықтарын ашу А.Д.Адоның еңбектерінің және оның оқу басқармаларының анализі көрсетеді; мүмкін тек клиника мен тәжірибе жағдайында оның зерттеуінің жанжақты жағдайында ғана, медико-биологиялық және медико-әлеуметтік ғылымдардың барлық деңгейде; молекула-генетикалықтан бастап, әлеуметтікпен аяқтай отырып дамудың барлық маңызды бағыттарын есепке ала отырып.

Мұндай кешенді келісім А.Д.Адо басқармасымен инициатив бойынша 1961жылы 18 қыркүйекте ұжымдастырылған АМН СССР аллергиялық лабораторияның ғылыми-зерттеулерімен пайда болатын. Аллергиялық науқастарға мамандандырылған көмек көрсету үшін алғаш рет лабораториялық басқаруымен СССР-да аллергологиялық кабинет жұмыс істейді. Жұқпалы емес табиғаты бар аллергиялық дерттердің профилактикасы мен емінің ғылыми негіздері өңделді. Одан әрі СССР-да аллергологиялық қызмет ұжымдастырылды.

А.Д.Адоның негізгі еңбектері аллергияның, қабынудың, иммунитеттің патофизиологиясына, аллергиялық реакциялар механизміне жүйке жүйесінің қатысуына арналған. Ол жүйке жүйесіне вирустардың, токсиндердің, микробтық агенттердің әсер ету механизмін зерттеді, олардың әсерлерінің ерекшелігін анықтады және олар жүйке клеткалары мен талшықтарының макромолекулалы тітіркендіргіштері болып табылатынын көрсетті. 1944ж. А.Д.Адо аллергиялық реакциялардың механизмінің полиэргиялық гипотезасын қозғады және ацетилхолин-холинэстераза жүйесі холинергиялық құрылымның аллергиялық реакциялардың дамуында ең маңызды түйіні болып табылатынын дәлелдеді. А.Х.Канчуринмен бірге ол "аралық"-вирус индуцирлейтін антигендер деп аталатын антигендердің жаңа классын жазды; П.К.Булатовпен бірге бронхиальді астма формасының клиника-патогенетикалық классификациясын ұсынды (1968). А.Д.Адоның лабораториясында алғаш рет СССР-да аутоаллергия бойынша зерттеулер жүргізілді. А.Д.Адо-5 монографияның, патофизиология оқулығының (1953, 1973, 1980, 1994), практикалық аллергология басқармасының және 200-ден астам ғылыми баспалардың авторы. Фундаментальді еңбектері-"Жалпы аллергология" (1970, 1978), "Жеке аллергология", "Антигендер жүйке жүйесінің үнемі тітіркендіргіштер ретінде" және т.б. және оның шәкірттері мен әріптестерінің көпжылдық зерттеулерінің қорытындысын құрайды.

Қазақстанда патофизиологияның бірінші кафедрасы 1933ж. Алматыда мединститутында, қазіргі қазақ мемлекеттік медицина университетінде ашылды. 1933 жылдан 1946 жылға дейін кафедраны меңгергендер: проф. Глеклер Н.Э., доц. Четвертак Д.С., проф. Лейнс С.М., проф. Огкур П.П. 1946 жылдан 1969 жылға дейін кафедраны басқарған проф. Глозман О.С. Проф. Глозман О.С. шәкірттерімен бірге екі ғылыми бағытта жұмыс жасады. Біріншіден зақымданған мүшеде донорлық қанмен алмастыру бойынша операциялар. Екіншіден, жедел қан кету мен шок мәселелері. Бұл мәселе соғыс кездерде де және тыныштық уақытта да үлкен практикалық мән берді.

Проф. О.С.Глозман үлкен патофизиологтарды дайындап шығарды. Олардың ішінде: Насыбуллина Х.С., Сәулебекова М.С., Каримов М.А., Манашев К.М., Маманова Х.Е. және т.б. 1969-1991жж. патологиялық физиология кафедрасын Х.С.Насыбуллина меңгерді. Проф. Насыбуллина Х.С. шәкірттерімен бірге ағзаға түрлі патогенді факторлардың әсерлерін зерттеді. Үлкен практикалық мәнді гиперкинезия мен гипокинезия; жедел қан кетумен бірге жүретін қант диабеті және т.б. мәселелер бойынша зерттеулерге арналған жұмыстар берді.

Проф. Каримова М.А. шәкірттерімен Қазақстан институтындағы онкология мен радиология базасында зерттеулермен шұғылданды, ісіктердің дамуына ағзаға түрлі химиялық заттарының әсерін зерттеді. Проф. Сәулебекова М.С. еңбектерінің қорытындысы қазақ халқының тамақтану ерекшеліктеріне арналған.

1951ж. ҚММИ базасында патологиялық физиология кафедрасы ашылды. Кафедраны ұжымдастырушы проф. Лазарис Я.А. болды, ол шәкірттерімен бірге екі ғылыми бағыт бойынша жұмыс жасады: 1) өкпе ісінуі мен оның коррекциясының патогенезі; 2) қант диабетінің патогенезі.

1955ж. Семей Мединститутында, қазіргі проф. Т.А.Назарованың академиясында патологиялық физиология кафедрасын ұжымдастырды. Негізгі ғылыми бағыт шоктың түрлі модельдерінде (жарақаттық, гемотрансфузионды және т.б.) жүйке рефлекторлы жолдардың терең зерттеулері болды.

Проф. Назарова Т.А. патофизиология мектебінің қалаушысы болып табылды. Көп жылдар бойы кафедраны проф. Т.А.Назарованың шәкірті доц. Шаймарданов К. Басқарды. 1997 жылдан бастап және қазіргі уақытта да кафедраны проф. Кравцов меңгереді.

1959ж. проф. Маманова Х.Е. Ақмола медицина институтында кафедраны ұжымдастырды. Ғылыми жұмыстары иммунология мәселелерін зерттеуге арналған.

1967ж. Ақмола мединститут базасында, қазіргі медакадемия патофизиология кафедрасы ашылды. Көп жылдар бойы кафедраны проф. Корпачев В.Г. басқарды. Ғылыми еңбектері реанимациядан кейінгі патология мәселелеріне арналған.


Патофизиологияның оқу курсының құрылысы; жалпы патологиялық физиология (жалпы нозология, типтік патологиялық процесстер); жеке патологиялық физиология (мүшелердің және жүйелердің патофизиологиясы).


Патологиялық физиология курсы үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім-нозология немесе ауру туралы жалпы оқу. Дерт анализі кезінде дәрігер екі мәселемен соқтығысады: неліктен ауру туындады және оның даму механизмі қандай. Осы екі мәселе (этиология мен патогенез) патологиялық физиологияның басты мәселесі болып табылды және бірінші бөлімде қарастырылады. Бұл мәселелердің шешімі орта мен ағза арасындағы күрделі қарым-қатынас анализі болжамдайды. Орта түрлі, оның ішінде патогенді әсердің көзі, ал ағза-оның тектігімен және реактивтілігімен реттеудің түрлі деңгейімен биологиялық жүйе ретінде қарастырылады.

Екінші бөлім-типтік патологиялық процесстер-көптеген дерттердің негізінде жатқан процесстер туралы мәліметтер құрайды: қабыну, ісік, қалтырау, гипоксия, зат алмасулардың типтік бұзылыстары, ашығу туралы.

Үшінші бөлім-жеке патологиялық физиология. Бұнда бұзылыстар туралы әңгіме ең алдымен жеке мүшелер мен жүйелердің: қанайналым, тыныс алу, эндокриндік, жүйке жүйесі және т.б. Бұл бөлім жеке патологиялық физиология деп аталғанмен де, сонда да мұнда жалпы патологиялық аспектілер басты болып табылады. Мысалы, бүйрек патологиясын қарастырған кезде бүйрек патофизиологиясын оның қызметінің, ағзаның компенсаторлық мүмкіншіліктерінің бұзылыстарының жалпы заңдылықтарының анықтауға тырысады.


Кестелер:

  1. Патологиялық физиологияның шығу тегі

  2. Патологиялық физиологияның курсы

  • Пайдаланылған әдебиеттер :

- негізгілері:

1. Новицкий В.В., Гольдберг Е.Д., Уразова О.И. Патофизиология учебник. //Москва. – 2005г

2. Новицкий В.В. Уразова О.И Патофизиология, руководство к практическим занятиям

Москва-2011г

3. Адо А.Д. Патологическая физиология, учебник Томск 2000г

4. Шанин В.Ю. Патофизиология Санкт- Петербург 2005г

5. Воложин А.И., Порядин Г.В. Патофизиология в 3х томах Москва-2006г

6. ЛитвицкийП.Ф.Патофизиология « ГЭОТАР- Медиа» - 2007г

7. Зайко Н.Н., Быць Ю.В. Патологическая физиология учебник- М,

МЕД Пресс-информ. 2006г

8. Фролов В.А. Патологическая физиология МИА, 2003г

9. Ә НурмухамбетовПатологиялыкфизиология. // Алматы 2011 ж.

10. Ә.Нурмухамбетов Клиникалық патофизиология. // Алматы 2010 ж.
- қосымшалар:


  1. Тель Л.З., Серебровская И.А. учебник по физиологии и патофизиологии в вопросах и ответах. Алматы. т. 2.

  2. Даленов Е., Нурмахамедов .Патологиялык физиология. Алматы. 1995г.

  3. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Основы общей патологии Петербург. “Элби- СПБ”. - 1999. – 470 с.

  4. Михайлов В.В. Основы патологической физиологии // М., “Медицина”-

  5. Тель Л.З., Серебровская И.А. Избранные лекции по патологической физиологии// Алматы.- 1995.

  6. Тель Л.З., Серебровская И.А. Физиология человека и общие механизмы болезней

/Алматы”Казахстан”.- 1994. - Ч.1-2. – 344 с, 167с.

7.Петленко В.И. Философские вопросы теории патологии.// Л., “Прогресс”. 1971.





  • Бақылау сұрақтары (кері байланыс):




  1. Патологиялық физиология пәні, мақсаты және мндеттері; жоғары медициналық білім беру жүйесіндегі оның алатын орны; патофизиология қазіргі клиникалық медицинаның теориялық негізі ретінде.

  2. Патологиялық физиологияның басқа ғылымдармен байланысы.

  3. Клиникалық патофизиология туралы түсінік, оның міндеттері мен болашағы.

  4. Патофизиологияның негізін қалаушы болып кім саналады.

  5. Патофизиология Қазақстанда қалай дамыған?

  6. Патофизиология оқу курсының құрылымы.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет