Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх



Дата18.04.2016
өлшемі68.54 Kb.
ҚММУ Ф 4/3-04/03

2007ж. 14 маусымдағы №6 НХ.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Анатомия кафедрасы



ДӘРІС
Тақырыбы: Анатомия пәні және мақсаты.Тірек-қимыл аппараттарының жалпы анатомиясы. Сүйек мүше ретінде. Сүйектің құрылысы және дамуы. Сүйектердің жіктелуі. Тұтас бас сүйек. Бас сүйек құрылысының жастық, жыныстық және типтік ерекшеліктері

Пәні: Анатомия - 1

Мамандығы: 5В130100 « Жалпы медицина»



Курсы: І

Уақыт (ұзақтығы): 50 минут

Қарағанды 2014ж.


Кафедра отырысында бекітілген

. . 20 ж № хаттамасы

Кафедра меңгерушісі Н.Н Наурызов.

Тақырыбы: Анатомия пәні және мақсаты.Тірек-қимыл аппараттарының жалпы анатомиясы. Сүйек мүше ретінде. Сүйектің құрылысы және дамуы. Сүйектердің жіктелуі.Тұтас бас сүйек. Бас сүйек құрылысының жастық, жыныстық және типтік ерекшеліктері

Мақсаты: Студенттерді анатомия туралы түсінікпен, оның мүдделерімен, биологиялық ғылымдардың ішіндегі алатын орнымен және тірек-қимыл аппараттарының құрылысымен таныстыру.

Дәріс жоспары: 1. Анатомия пәні туралы жалпы түсінік және оның міндеттері.

2. Тірек-қимыл аппараттарының жалпы анатомиясы.

3. Сүйектің құрылысы және дамуы. Тұтас бас сүйек

4. Ағза, ағзалар жүйесі мен ағзалар аппараттары.

5. Бас сүйек құрылысының жастық, жыныстық және типтік ерекшеліктері

Адам анатомиясы адам денесінің жалпы құрылысын және мүшелері мен олардың жүйелерінің құрылысын тіршілігі мен тарихи дамуына және қызметіне байланысты зерттейді.

Анатомия гректің « anatemno » - «кесемін» деген сөзінен шыққан.

Анатомия ғылыми адам денесін жан-жақты зерттеуіне қарай бірнеше салаға бөлінеді. Оған жүйелік анатомия, топографиялық анатомия, мүсіндік (пластикалық) анатомия, сипаттама анатомия, функциональдық анатомия, динамикалық анатомия және салыстырмалы анатомия жатады.

Анатомия ғылыми негізінде көптеген зерттеу әдістерін .пайдаланады. Ең негізгі ескі әдіс-кесу


  1. кесу әдістері. Ол қазіргі кезде де өз маңызын жойған жоқ

  2. Құйып толтыру (инъекция) әдіс

  3. Бұзу (коррозия) әдіс

  4. Жидіту (мацерация) әдіс

  5. Микроскопиялық әдіс

Анатомия адам мүшелерін тірідей де зерттеді қажет етедң. Бұл үшін:

  1. Рентгенологиялық әдіс қолданылады

  2. Ауторадиографиялық әдіс – даму кезеңдерді изотоптар көмегімен зерттеу

  3. Антропометриялық әдіс

  4. Эксперименттік әдіс

Анатомиялық зерттеулерде бұл аталған әдістерден басқа суретке, киноға түсіру және мүшелердің суретін сызу арқылы зерттеулер де өте кең түрде қолданылады.



Мүше деп адам денесінің бір бөлімін айтуға болады. Мысалы, «қол – еңбек мүшесі» (Ф.Энгельс) немесе аяқ тірек және қозғалыс мүшесі болып табылады.

Адам организмінде төмендегідей мүшелерді ажыратады:

1.Организмдегі негізгі тіршілік процессі – зат алмасуды қамтамасыз ететін мүшелер. Зат алмасу сіңіру – ассимиляция және бөліп шығару – диссимиляция процестерінен тұрады. Сондықтан организмге қоректік заттар мен оттегін жеткізетін мүшелер (ас қорыту және тыныс алу) және организмнен керексіз, оңдалған заттарды шығаратын мүшелер (несеп шығару мүшелері) бар.

2.Homo sapiens түрін жалғастыруды қамтамасыз ететін мүшелер – көбею және жыныс мүшелері.

3.Клеткалар мен ұлпаларға қоректік заттар жеткізіп, алмасу заттарын алып шығатын мүшелер - қан айналым мүшелері: жүрек пен тамырлар.

4.Организмдегі процесстердің химиялық байланысын және оларды реттеуге қатысатын мүшелер – бұлар ішкі секреция бездері.

5.Организмнің қоршаған ортаға қозғалысын көмегімен бейімделуі үшін қызмет атқаратын мүшелер.

6.Қоршаған ортадан тітіркенуді қабылдайтын мүшелер – сезім мүшелері.

7.Барлық мүшелердің қызметін бір тұтастыққа біріктіретін мүшелер – нерв жүйесінің мүшелері. Бұл мүшелер организмнің тіршілік жағдайларымен бір тұтастығын қамтамасыз етеді.

Бірқатар маңызды қызметтерді атқару үшін бір мүше жеткіліксіз болады. Сондықтан мүшелердің жиынтығы – жүйелер пайда болады.

Мүшелер жүйесі - өздерінің жалпы құрылысы, қызметі және дамуы ұқсас мүшелердің жиынтығы болып табылады. Бұл бір тектес мүшелердің қызметтік бірлестігі.

Мысалы, сүйек жүйесі біртекті құрылысы, қызметі және дамуы бар сүйектердің жиынтығы. Сөйтсе де, құрылысы мен дамуы әр түрлі жекеленген мүшелер мен мүшелер жүйесі ортақ қызмет атқару үшін бірігуі мүмкін. Әр түрлі мүшелердің қызметтік (функциональдық) бірігуі аппараттар деп аталады. Мысалы, қозғалыс аппаратының құрамына 3 жүйе – сүйек, олардың байланыстары және бұлшық ет жүйелері кіреді.

Адам денесін жүйелер бойынша оқып үйрене отырып, жеке мүшелер мен жүйелердің арасында тығыз байланыс пен өз-ара тәуелділік бар екендігін әрқашанда есте ұстау керек. Сондықтан организмдегі бір жүйені екінші жүйеден не анатомиялық, не физиологиялық тұрғыдан жекелеу (бөлу) мүмкін емес. Адам организмін ол өмір сүретін ортадан бөлек зерттеп оқу да мүмкін емес. Өйткені, организм сыртқы ортасыз тірішілік етуі мүмкін емес. Ортаның өзгеруі организмнің өзгеруіне әкеліп соқтырады және кейбір дәрежеге дейін керісінше.


Организм дегеніміз - өзін қоршаған сыртқы ортамен зат алмасуға, өсуге және көбеюге қабілетті белокты денелердің ең жоғарғы бірлестігі. Бұл өзінің ерекше құрылысы мен дамуы бар, тарихи қалыптасқан, үнемі өзгеріп, отыратын тұтас жүйе.

Адам организімінің дамуы қалай жүреді, енді соны қарастырамыз.

Сүйектік жүйе не механикалық, не биологиялық маңызы басым бірқатар қызмет атқарады. Механикалық маңызы басым қызметтерін қарастырайық. Алғашқыда пайда болғанда , қатты қаңқа организмді сыртқы ортаның қауыпті әсерлерінен қорғау қызметін атқарады. Сүйектің құрылысы.

Сүйек құрылысының бірлігі, микроскоппен шамалы үлкейткенде көрінетін остеон болып табылады, немесе оны Гаверсов жүйесі дейді.

Остеондар интеретциальды табақшалармен бірге сүйектің негізгі ортаңғы қабатын түзеді. Бұл қабат сыртынан және ішінен жалпы( генеральды) табақшалар қабатымен жабылған. Генеральды табақшалардың сыртқы қабатында, сүйек қабығынан келетін қан тамырлары өтетін, Фолькманов түтікшелері деп аталатын ерекше түтікшелер орналасқан.

Остеондардан, қарусыз көзбен көрінетін, сүйектердің ірілеу элементтері – көлденең шабақтар түзіледі. Егер шабақтар тығыз жатса, тығыз зат пайда болады. Егер шабақтар сирек орналасса, онда кеуекті зат пайда болады. Тығыз және кеуекті заттардың орналасуы сүйектің атқаратын қызметіне байланысты. Тығыз зат тіректік және қозғалыс қызметі басым сүйектер мен олардың бөлімдерінде орналасады – түтік сүйектің диафизі. Үлкен көлемде жеңілдік пен беріктік керек болса онда кеуекті зат түзіледі Мысалы: түтікті сүйектердің эпифиздерінде.

Кеуекті заттың шабақтары қысу және созу күштері сызықтарына сәйкес орналасады. Бас қаңқасы күмбезінің сүйектерінің кеуекті заты ішкі және сыртқы табақшалардың арасында орналасқан.Ішкі табақшаны шыны табақша деп те атайды. Өйткені бас қаңқасы зақымданғанда ол тез сынады.

Көрнекі материал: таблицалар, плакаттар, слайдтар.

Әдебиеттер:

негізгі:

А.А Идрисов.Адам анатомиясы : Атлас Т.1. : Тірек-қимыл жүйесі(сүйектер, буындар, бұлшықеттер 2005

А. Б. Аубакиров А. А. Идрисов. - Астана : Адам анатомиясы : Атлас Т.2. : Ішкі мүшелер жүйесі және эндокринді бездер.2008

Адам анатомиясы. Атлас : тірек-қимыл жүйесі (сүйектер, буындар, бұлшықеттер) / Ә. Б. Әубәкіров, Ф. М. Сүлейменова. - Астана : Сарыарқа

1 том. – 2011

Адам анатомиясы : Окулық / А.Р. Рақышев. - Алматы. - ISSN 5-7404-0100-Х

Т.1. - түзетілген және толықтырылған 2-ші бас. - 2004, 2009.

Рақышев, А.Р. Адам анатомиясы Т.2- 2004

Әубәкіров Ә. Б. Идрисов А. А. Адам анатомиясы : Атлас / [et al.] ; ред.. - Астана : Фолиант Т.2. : Ішкі ағзалар жұйесі және эндокринді бездер. - 2008, 2010
қосымша:

Т. Смит Адам денесі : суретті анықтамалық, организмнің құрылысы, қызметтері және аурулары.2006.

Рахишев, Алшынбай Международная анатомическая номенклатура 2003

Тебенов, М.Е. Ішкі мүшелердің артериялык және веналық қан тамарлары 2007

Хейнс, Дуэйн Нейроанатомия : Атлас структур, срезов и систем 2008

Адам анатомиясы : Атлас / А. Б. Аубакиров, М. К. Жаналиева. - Астана : Сарыарқа, 2008.

Адам анатомиясының атласы (латын, қазақ және тілдерінде) = Атлас анатомии человека (на латинском, казахском и русском языках) / А. Р. Рақышев. - Алматы : Кітап баспасы

Т.3 : Жүрек-тамырлар жүйесі = Сердечно-сосудистая система. - 2006.



"Анатомия" пәнінен дәрістер жинағы : оқу құралы / Г. Б. Шапатова, Р. Т. Карибжанова ; КГМУ. - Қарағанды, 2010.

Бақылау сұрақтары.

  1. Анатомия нені зерттейді?

  2. Анатомияны зерттеу әдістерін атаңыз?

  3. Мүше дегеніміз не?

  4. Мүшелер жүйелері дегеніміз

  5. Сүйек неден тұрады?

  6. Сүйектің қызметі қандай?

  7. Қаңқа неден дамиды?

  8. Сүйектердің түрлерін атаңыз?

  9. Бас сүйек неден дамиды?

  10. Нәрестенің бас сүйегінің қандай ерекшелігін білесіз?

Каталог: Obshaya%20medicina -> 1%20kurs -> Anatomiya-1 -> kaz -> Leks.komp
1%20kurs -> Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық Кредит 4 Тақырыбы 8: Аралық бақылау. Пән: Молекулярлық биология және медициналық генетика Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»
Obshaya%20medicina -> Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх
1%20kurs -> Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық Кредит 1 Тақырыбы 2
Obshaya%20medicina -> Микробиология кафедрасы
1%20kurs -> Семинарлық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс Тақырыбы: Адам қаңқасы Пәні: Қазақ тілі
1%20kurs -> Қмму ф 4/3-04/03 2007 ж. 14 маусымдағы№6 нх
1%20kurs -> Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық Кредит 1 Тақырыбы 3
Leks.komp -> 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет