Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх



Дата18.04.2016
өлшемі77.38 Kb.
ҚММУ Ф 4/3-04/03

2007ж. 14 маусымдағы №6 НХ.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Физиология кафедрасы




Д Ә Р І С


Тақырып: «Адамның еңбектік іс-әрекеті»
«Физиология-1» пәні

5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы

2 курс

Уақыты (ұзақтығы) 1 сағат


Қарағанды 2014 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

___ Хаттама __________2014 ж.

Кафедра меңгерушісі, профессор ______________ Ф.А. Миндубаева



  • Дәрістің тақырыбы: «Адамның еңбектік іс-әрекеті»




  • Дәрістің мақсаты: адамның еңбектік іс-әрекеті оның тіршілік ету, физикалық және ойлау еңбегінің, жұмысқа қабілеттілігі, қажуы, белсенді демалу механизмі мен еңбек пен демалыс режимдерін оптимизациялаудың ғылыми негізі ретінде түсінік қалыптастыру.




  • Дәрістің жоспары:

1. Еңбек физиологиясының міндеттері. Еңбек түрлері.

2. Дене еңбегінің ерекшеліктері.

3. Адамның еңбектік іс-әрекетін реттеудің жалпы заңдылықтары.

4. Ойлау еңбегінің ерекшеліктері.

5. Ойлау еңбегінің процесінде эмоциялық ширығудың ролі.

6. Жұмысқа қабілеттілік.

7. Дене жаттығулар, олардың жұмысқа қабілеттілігіне әсері.

8. Қажу. Қажу теориялары.

9. Белсенді демалыс пен оның механизмдері.

Еңбек физиологиясы.

Еңбек адам ағзаның қалыптастыруда жетекші қызмет атқарады.

Ф.Энгельстің айтуынша, еңбектің арқасында қол және сайлау мүшелерінің әрекеті мүлделі жетілді. Онымен қатар ми, талдағыштар жүйесі дамыды және психика қалыптасты. Сондықтан адамның түйсігі және ұғынуы кеңейді, еңбек қимылдары еріксіз атқарылатын болды.

Еңбек - адамның өз мұқтаждығын қанағаттандыру үшін жасайтын мақсатты іс-әрекеті. ол қоғаммен тығыз байланысты әлуметтік санат. Өйткені еңбек адам тірелігінің және тұрмыс қалпының қажетті шарты болып саналады.

Еңбектену іс-әрекеттің организмге ететін әсерін еңбек физиологиясы зерттейді. Ол адам организмінің еңбектену кезіндегі әрекеттік өзгерістерін тексереді. Сөйтіп, адамның денсаулығын және жоғары жұмыскерлігін сақтау үшін, еңбекті ұйымдастырудың режимі мен жүктемелердің организмге қолайлы түрлері мен әдістерін ғылыми тұрғыдан қарастырады

Адамның қимыл-әрекеті өте күрделі. Ол іс жүзінде организмнің қозғалыс жүйесі – бұлшық еттердің қызметі арқылы атқарылады. Сондықтан бұлшықеттердің іс-әрекетін және оның реттелу тетіктерін зерттеу еңбек физиологиясының маңызды саласы болып саналады.

Бұлшықеттердің жұмысы едәуір энергия шығынын талап етеді және вегетативтіу жүйелер (қанайналымы, тынысалу, зат алмасуы, сыртқа шығару т.с.с.) әрекетінде өзгерістер тудырады.

Сонымен қатар адамның еңбегі мақсатты іс-әрекеттен тұрады, ол тәлім-тәрбие үйрету және дағдылану істері арқылы қалыптасады.

Қазіргі өндіріс жағдайларында адамның еңбек іс-әрекеті мен физиологиялық көсеткіштерін жүйелі түрде зерттеу өте маңызды орын алып отыр. Мұны жүзеге асыратын ғылым саласын эргономика деп атайды. Эргономика еңбектену үрдісінің жұмыс құралдары мен жағдайларының тиімді жолдарын іздейді. Ал еңбек физиологиясы оның маңызды бір бөлігі болып табылады.

Еңбектенудің қолайлы жағдайларын таңдап алу және жақсарту, өндірістің қосымша түрткілерінің (шу, фибрация, қысым, ылғалдық, химиялық заттар) зиянды әсерлерінен сақтандыру менкәсіби аурулардың бодырмау істерін еңбек гигиенасы жүзеге асырады. Бұл мақсаттарды орындау үшін ол еңбек физиологиясының зерттеу әдістері мен нәтижелерін пайдаланады. Адамдардың еңбектену кезіндегі қарым-қатынасын еңбек психологиясы ғылыми тексереді. Еңбекті жағдайға байланысты дене және ой еңбегі деп екі топқа бөледі. Қазіргі кезде еңбектің бірнеше түрі кездеседі: көбінесе бұлшықет белсенділігін тілейтін еңбек механизацияланған, автоматизацияланған және қашықтан меңгеретін еңбектер, парасатты еңбек.
Дене еңбегі.

Еңбектің барлық түрі адамның қозғалыс іс-әрекеті арқылы атқарылады. Сондықтан адам организмі қоршаған ортаға бейімделеді және оны жете меңгереді.

Дене еңбектерінде ең әуелі бұлшықет жүйесі белсендіріліледң, оны вегетативтік жабдықтау (зат алмасу, қан айналымы, тыныс алу) қамтамасыз етіледі. Негізінен жұмыс әрекетіне тікелей үш әрекеттік жүйе: қозғалыс, талдағыш және ақыл-ой қатысады. Өйткені сыртқы мәліметтер сезім жүйесі арқылы қабылданады да, мида өңделеді. Сөйтіп жауаптықимыл әсерленісі ұйымдастырылады Жұмыстың барлық түрі қозғалыс аппаратымен атқарылады. Физиологияда қозғалыс аппараты деп кеңістікте тұлға орнын ауыстыруды және сыртқы нәрселерге белсенді қимыл жасауды қамтамасыз етететін мүшелер мен тіндер жиынтығын айтады. Қозғалыс аппаратына бұлшықеттер, оларды жиырлатын мотонестропондар және қаңқа кіреді. Сондықтан өндірістік еңбекті жоғары деңгейде өткізу үшін, еттің маңызды физиологиялық қасиеттерін, оның күні мен жылдамдығын ескеру қажет. Еттердің жиырылуына орташа жүктеме мөлшері тиімді келеді.

Бұлшықеттің ұзақ ұзақ уақыт жиырылу күшін жүзеге асыратын және сақтайтын қабілет оның шыдамдығы деп атайды.

Оны статистикалық жұмысты орындағанда жүкті мығым жағдайда ұстап тұратын немесе тұрақты қысым күшін сақтайтын мерзімі арқылы анықтайды. Ол үшін уақытты күш көрсеткішіне көбейтеді. Егер жұмсалған күш максималды күштің 20% тең болса, тұрақты қалыпты жұмыс ұзақ уақытқа созылады.

Динамикалық (жылжымалы) жұмыстарда шыдамдылық ең ақырғы уақыт және шегіне жеткен қажетті қуатпен бағаланады.

Жылжымалы шыдамдылық орындалған қимылдың ең жоғары мөлшерімен сипатталады. Жылжымалы жұмысты орындау кезіндегі шыдамдылық велоэргометрдің көмегімен өлшенеді.

Еңбек физиологиясында жұмысқа қабілеттілік өте маңызды орын алады. Жұмыскерлік деп адамның нақтылы жұмысты белгіленген мерзімде жеткілікті нәтижемен орындай алатын пәрменді мүмкіндіктерін айтады. Өндіріс жағдайында жұмыскерлік әртүрлі түрткілердің ықпалынан смена (ауысым) кезінде жиі өзгереді. Сондықтан жұмыскерлікті бірнеше кезеңге бөледі.

Бірінші кезең – іске қосылу. Бұл кезеңде шартты тітіркенудің әсерінен ОЖЖ-нің белсенділігі артады, зат алмасу деңгейі көбейеді. Сөйтіп жұмыскерлік көтеріледі. Бұл әртүрлі психо-физиологиялық әрекеттердің біртіндеп қосылуынан организмнің көптеген жүйелердің осы реттеуші әрекетінен пайда болады.

Екінші кезең - тиянақты жұмыскерлікті көрсетеді. Бұл кезеңде ОЖЖ қолайлы қызмет атқарады. Ал еңбек нәтижесі өте жоғары болады.

Үшінші – қажу кезеңі – мұнда жұмыскерлік төмендейді. Төртінші кезеңде жұмыскерлік қайта көтеріледі. Оның негізі жұмыс аяқталуымен кезекті демалысқа байланысты шартты рефлекстер жасайды. Жұмыскерлікке жұмыс істейтін ортаның жағдайлары әсер етеді.

Жұмыскерлікті көтері және қозғалыс дағдыларын қалыптастыру үшін үнемі машықтанудың (тренировка) мәні өте зор. Өйткені жаттығулар адам организмі қызметін тереңірек қайта құрады. Машықтану кезінде организам жұмыскерлігінің дамуы және оның жоғары сатыға көтерілуі әртүрлі болады.

Организм ағзалары қимыл рефлекстері арқылы әрбір әсерленіске қатысады. Мұнда кері байланыстар қозғалыс түйесінің вегетативтік әсерленістеріне ерекше ықпалын айқындайды. Жұмыс туралы алдын ала ойлаудың өзі вегетативтік өзгерістер тудырады. Ол еңбек әрекетінің ми қыртысы арқылы ұйымдастырылатынын көрсетеді.\Дене еңбегі қан айналысын қатты өзгертеді. Ет жиырылуы әуелі қан ағысының жылдамдығы арқылы қамтамасыз етіледі.

Еңбектену кезінде организмнің газ алмасуын қамтамасыз ететін тынысалу жүйесі де өзгереді. Жұмысқа сәйкес өкпенің желдетілуі және оттегін пайдалану арта түседі. Қалыпты жағдай өкпенің 5-8 минут желдетілуі көлемінен 3-4% оттегі пайдаланылады. Ал жұмыс істеу кезінде өкпенің желдетілісі минутына ондаған литрге көбейеді, оттегін пайдалану 4-8-ге тең болады. Өкпенің желдетуі тыныстың тереңдеуі мен жиіленуі арқылы көбейеді. Жұмыс істегенде тынысс тереңдігі осы адамға тән өкпенің тіршілік сыйымдылығының 30-40 пайызынан тұрады. Тыныс жиілігі жұмыс кезінде тыныштық кезімен салыстырғанда 2-3 есе өседі.

Еңбектену кезінде қанда тироксиннің мөлшері көбейеді. Ұзақ жұмыс істеудің салдарынан қанда инсулиннің мөлшері азаяды және оның ыдырауы күшейеді. Еңбектену кезінде жұмыскерлікті қамтамасыз ету үшін энергия қорын іске тартатын эндокриндік жүйенің белсенділігі артады.

Сонымен эндокриндік жүйенің аталған өзгерістері жоғарыда келтірілген бейімделу әсерленістерін көрсетеді. Егер жұмыс істеген жерде температура жоғары болса дене температурасы онан сайын өседі. Ауыр дене жұмысында температура 1,0-1,50С жоғарлайды.

Қазіргі кезде адам өзінің еңбек және тұрмыс қажетіне бұлшықет жұмысын аз пайдаланады. Сондықтан оның тіршілігінде ерекше жағдай гиподинамия (аз күш салу) мен гипокинезия (аз қозғалыс) жиі кездеседі.

Гиподинамия деп адам организмінде өзгерістер тудыратын қимыл әрекеті қарқынының шектелуін айтады. Бұл кейбір ауруларда, ғарышкерлерде байқалады. Өйткені олар ұзақ уақыт шағын кабинада және салмақсыздық жағдайда, тірек-қимыл аппаратына гравитация әсері жойылғанда жұмыс істейді.

Ал гипокинезия бұлшықеттің аз энергия шығыны, амалсыз ұзақ тұлға қалпын сақтау, біркелкі, қимыл, үйлесімді қозғалыс әрекетінің жеткіліксіздігі сияқты себептерден туады. Бұл ұшқыштардың, сүңгезір қайықтың бөлек орындарында, үйектік қыстауларда жұмыс істегенде пайда болады. Ол өндірістік механизацияланған жұмыстарда да байқалады.

Гиподинамия адинамия күйін бұлшықет іс-әрекетін жоятын миорелаксант дәрісін егіп жасауға болады. Гиподинамия мен гипокинезия адам организміне қауіпті жағдай туғызады. Сондықтан дәрігерлер оның организмге әсерін толық білуі қажет.

Гиподинамия зат алмасудың төмендеуіне мүмкіндік туғызады. Энергия шығыны азайып, тотығу әсерленісінің қарқыны мен ферменттер белсенділігі төмендейді, газ алмасуы өзгереді.





  • Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Сәтпаева Х.К. Адам физиологиясы : оқулық / Х. Қ. Сәтбаева, А. А. Өтепбергенов, Ж. Б. Нілдібаева. - 2-ші бас., эҝз. ж.толық. - Алматы : Эверо, 2011. - 663 с.

  2. Сәтпаева Х.К. Адам физиологиясы : Оқулық / Х. Қ. Сәтбаева, А. А. Өтепбергенов, Ж. Б. Нілдібаева. - 2 бас., - [б. м.] : Эверо, 2010. - 664 с.

  3. Сәтпаева Х.К. Адам физиологиясы : Оқулық / Сәтбаева, Ханиса Қанышқазы, Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. - Алматы : Дәуір, 2005. – 663с.

  4. Судаков К.В., ауд. Миндубаева Ф.А. / Қалыпты физиология/ - М.: ГЭОТАР – Медиа, 2015. – 848 б.

  5. Судаков К.В., В.В.Андрианов, Вагин Ю.Е., И.И.Киселев ауд. М.Қ. Қанқожа / Адам физиологиясы:Атлас динамикалық сызбалар/ - М: ГЭОТАР-Медиа, 2009. – 416 б.

  6. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар. /
    А.С.Сайдахметова, С.О.Рахыжанова Семей, 2006. - 174 с.

  7. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. - Алматы, 2004. – 78с.

Қосымша:


  1. Ф.А. Миндубаева, А.Х.Абушахманова, А.Х. Шандаулов Мамандандырылған физиология курсы Қарағанды – 2009 – 181б.

  2. Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық
    тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. - Астана,
    2006. - 52 с.

  3. Рахишев А.Р. Русско-казахский тожовый словарь медицинских терминов
    (каз., русс.). - А-Ата, 2002. - 550 с.

  4. Тілеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердiң мезгiлдiк құралымдар бөлiмi): Оқу құралы. - Алматы: Қазақ университетi, 2006. – 140 с.




  • Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1. Еңбек деген не?

2. Ойлау еңбегінің дене еңбегінен негізгі ерекшеліктері.

3. Түрлі еңбек түрлерінің жіктелуі.

4. Белсенді демалыстың механизмдері қандай?



5. Адамның еңбек іс-әрекетінің реттелуінің жалпы заңдылықтары қандай?







Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет