Қмму ф 4/3-05/04 2007 ж. 14 маусымдағы №6 нх



жүктеу 89.06 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі89.06 Kb.
: Obshaya%20medicina -> 4%20kurs
4%20kurs -> ? Жүйелік қызыл ноқта – бұл ?
Obshaya%20medicina -> Жалпы фармакология кафедрасы
Obshaya%20medicina -> Тағам гигиенасы, жалпы гигиена және экология кафедрасы
Obshaya%20medicina -> Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық Кредит 4 Тақырыбы 6
Obshaya%20medicina -> Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық Кредит 4 Тақырыбы 8: Аралық бақылау. Пән: Молекулярлық биология және медициналық генетика Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»
Obshaya%20medicina -> Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх
Obshaya%20medicina -> Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық Кредит 1 Тақырыбы 2
Obshaya%20medicina -> Микробиология кафедрасы


ҚММУ Ф 4/3-05/04

2007 ж. 14 маусымдағы №6 НХ.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті



Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы


Тәжірбиелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс

(№ 8 Блок)



Тақырыбы Балалардағы парагрипп және аденовирусты инфекция.
Пән: Балалар аурулары
Мамандығы: «051301- Жалпы медицина»
Курсы: 4
Құрастырушы: ассистент Дюсембаева А. Е.

Қарағанды 2015 ж.

Кафедра отырысында

талқыланды және бекітілді

___29__ ____05_______ 2015 ж. № 10 хаттамасы



Кафедра меңг.:________________ Р.Х. Бегайдарова.


  • Тақырыбы: Балалардағы парагрипп және аденовирусты инфекция.

  • Мақсаты:

Науқас балаларды қарау негізінде студенттерде балалардағы парагрипп және аденовирусты инфекция ауруларына БЖАИЖ туралы ақпарат ала білуді, және олардың ауру тарихына талдау жасауды, егер жоқ болса, мұрағаттық ауру тарихын пайдалана білуді, осы аурулардың этиопатогенезін, негізгі клиникалық белгілерді диагноздей білуді қалыптастыру, жіктелу принциптерін білуді «Балалардағы ЖРВИ» хаттама бойынша, қазіргі лабораторлық диагностикалық әдістерді қолдана білуі, дәлелді медицина принциптеріне сәйкес емдеуді анықтауды, кенеттен болған жағдайларда біріншілік дәрігерлік көмекті көрсетуді, инфекция ошағында эпидемияға қарсы шараларды жүргізуді ұйымдастыру іскерлігін дамыту.


  • Оқыту мақсаты:

  • клиникалық ойлауды және пән бойынша өздігімен ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуді қалыптастыру;

  • әртүрлі жастағы балаларда парагрипп және аденовирусты инфекция ауруларына БЖАИЖ туралы ақпарат бойынша туындауының факторлары мен әлеуметтік-биологиялық, медико-әлеуметтік және эпидемиологиялық жағдайларын анализдеу қабілетін қалыптастыру;

  • патологиялық процесстердің және балалардағы баспа синдромы, парагрипп және аденовирусты инфекция ауруларына БЖАИЖ туралы ақпарат бойынша ағымдарының өзгеше ерекшелігінің даму заңдылығына баға беру іскерлігін қалыптастыру;

  • клинико-лабораториялық тексерулерге қорытынды шығаруды және диагноз негіздеуді үйрету;

  • баспа синдромы, парагрипп және аденовирусты инфекция ауруларына БЖАИЖ туралы ақпарат бойынша ауырған балаларды диспансерлік бақылауды жүргізу және салауатты өмір салтын насихаттауды үйрету;

  • балалардағы баспа синдромы, парагрипп және аденовирусты инфекция ауруларына БЖАИЖ туралы ақпарат бойынша «Балалардағы ЖРВИ» хаттама бойынша алдын-алуды, шұғыл терапия жүргізу, ерте диагностика жасауды жүзеге асыруды үйрету.




    • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Балалардағы жоғарғы тыныс жолдарының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері;

  2. Баспа, парагрипп және аденовирусты инфекция -лардың қоздырғыштары: оның құрамы; вируленттілігі мен токсигенділігінің негізгі факторлары.

  3. Баспа, парагрипп және аденовирусты инфекция диагностикасында қандай бактериологиялық, вирусологиялық және серологиялық реакциялары қолданылады клиникалық хаттама бойынша.

  4. Баспа, тұмаусыз этиологиялы әртүрлі ЖРВИ-лардың анықтамасы.

  5. Этиологиясы

  6. Эпидемиологиясы, осы аурулардың қазіргі кездегі эпидемиологиялық ерекшеліктері қандай.

  7. Патогенезі.

  8. Жіктелуі клиникалық хаттама бойынша.

  9. Клиникалық синдромдары: интоксикация, катаральды, баспа мен круп синдромы.

  10. Осы аурулардың лабораторлық - аспаптық диагностикалау әдістері.

  11. Вирусқа қарсы, ыстық түсіретін , антигистаминді препараттардың, муколитиктердің, кортикостероидтардың фармакодинамикасы фармакокинетикасына анықтама беру.

  12. Баспа, ЖРВИ-дың басты терапиялық принциптері клиникалық хаттама бойынша.

  13. Осы аурулардың алдын-алуы мен эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастыру.



    • Оқыту және сабақ жүргізу әдістері:

1. Оқытушы жетегімен қауіпсіздік техникасымен танысу.

2. ОЖА құрылымымен танысу, соның ішінде қабылдау бөлімімен, инфекционды патологиясы бар балаларды қарау принциптерімен, ауру тарихтарымен, катаральды, интоксикациялық, интестинальды синдромдарды, круп және бөртпе синдромдарын, РЭЖ мүшелерінің зақымдалуымен олардың айқындалу дәрежесін анықтау; құжаттармен, науқас балаларды госпитальдеу мен жатқызу, шығару ережелерімен, қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерімен танысу.

3. Туындаған сұрақтар бойынша оқытушыдан кеңес алу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрастыру.



5. Жағдайлық есептерді шығару.


  • Әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

  1. Құттықожанова Ғ.Ғ. Балалардың инфекциялық аурулары: медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттерріне, интерналарына және дәрігерлеріне арналған оқу құралы / Ғ. Ғ. Құттықожанова, 2010, Эверо. - 376 б. 130 шт.

  2. Койшегарина Р.С. Педиатрия жұқпалы ауруларымен. Тәжірибелік сабақтар: оқу құралы / Р. С. Койшегарина, 2013, АҚНҰР. - 258 б. 75 шт.


Қосымша:

  1. Алшынбекова Г.Қ. «Балалардағы вирусты гепатиттері», оқу-әдістемелік құралы Караганды, 2007 г. – 76 с. 49 шт.

  2. Балалардағы жұқпалы аурулардын диагностикасы және ажырату диагностикасы: Оқу-әдістемелік кұрал /Бегайдарова Р. Х., Алшынбекова Г.К., Асанова А.М., 2007, Б.и.. - 74 с. 47 шт.

  3. Бегайдарова Р.Х. Балалардағы жұқпалы аурулардың диагностикасы және ажырату диагностикасы [Мәтін] : тәжірибелік дәрігерлерге және студенттерге арналған оқу ұүралы / Р. Х. Бегайдарова, Г. Қ. Алшынбекова, 2014, ГЭОТАР-Медиа. - 144 б. 251 шт.

  4. Умешева К.А. Балалар жұқпалы ауруларынан ауру тарихын жазу үлгісі [Мәтін] : оқу-әдістемелік құралы / К. А. Умешева, 2011, Эверо. - 102 б. 50 шт.




  • Бақылау:

1 Қосымша:

Сұрақтар:

Базистік білім бойынша:

  1. Балалардағы жоғарғы тыныс жолдарының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері;

  2. Баспа, парагрипп және аденовирусты инфекция -лардың қоздырғыштары: оның құрылуы; вируленттілігі мен токсигенділігінің негізгі факторлары.

  3. Қабыну процесі патогенезінің ерекшеліктері.

  4. Интоксикация, катаральды синдром, круп синдромының анықтамасы.

  5. Ларингит, пневмонияға қандай симптомдар тән.

  6. Парагрипп және аденовирусты инфекция диагностикасында қандай бактериологиялық, вирусологиялық және серологиялық реакциялары қолданылады.

  7. Иммунофлюоресценцияға мұрыннан жұғын алу техникасы;

  8. Флораға ауызжұтқыншақтан жұғын алу техникасы;

  9. BL-ға ауызжұтқыншақтан жұғын алу техникасы;

  10. Серологиялық тексерулерге көктамырдан қан алу техникасы.

  11. Вирусқа қарсы, ыстық түсіретін, антигистаминді препараттардың, муколитиктердің, кортикостероидтардың фармакодинамикасы фармакокинетикасына анықтама беру.


Сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Баспа, парагрипп және аденовирусты инфекция -лардың анықтамасы.

  2. Осы аурулардың этиологиясы.

  3. Эпидемиологиясы, қазіргі жағдайда осы аурулардың эпидемиологиялық ерекшеліктері қандай.

  4. Осы аурулардың жіктелуі, басты клиникалық көріністері.

  5. Клиникалық синдромдар: интоксикациялық, катаральды, баспа мен круп синдромы.

  6. Баспа, парагрипп және аденовирусты инфекция -лардың лабораторлық диагностикалау әдістері және олардың нәтижесін бағалау клиникалық хаттама бойынша.

  7. Дифференциальды диагноз жүргізу.

  8. Баспа, парагрипп және аденовирусты инфекция -лардың негізгі терапиялық принциптері клиникалық хаттама бойынша

  9. Осы аурулардың алдын-алу және эпидемияға қарсы шаралары.

  10. Парагрипп және аденовирусты инфекция науқас адам қай уақытта қоршаған ортаға қауіпті болып саналады.

  11. Бала баспа, парагрипп және аденовирусты инфекция -мен қай жастан бастап ауыруы мүмкін.

  12. Осы аурулармен науқасты ауруханадан шығару міндеттері.


2 Қосымша:

Тесттердің үлгілері:

1

Парагрипп вирусы көбінесе зақымдайды:



  1. көмейді

  2. ОЖЖ

  3. ұсақ бронхиолаларды

  4. көздің шырышын

  5. мұрынжұтқыншақты

2

Аденовирусты инфекцияда аталған мүшелердің қайсысы жиі зақымданады:



  1. көмей

  2. тері

  3. ОЖЖ

  4. мұрынжұтқыншақ

  5. бауыр

3

Аталған ЖРВИ қайсысында интоксикация синдромы айқын:



  1. парагрипп

  2. риновирусты

  3. аденовирусты

  4. РС-инфекция

  5. тұмау

4

"Парагрипп" диагнозын дәлелдеу үшін науқасқа қандай шұғыл зерттеу тағайындалады:



  1. жалпы қан анализі

  2. серологиялық зерттеу

  3. вирусологиялық зерттеу

  4. рентгенологиялық зерттеу

  5. жұлын-ми сұйықтығын зерттеу

5

2 жастағы баланың ауруханаға түскендегі диагнозы: ЖРВИ, жедел ларинготрахеит. 2 дәрежедегі көмей стенозы.

Аталған анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктердің қайсысы ерте жастағы балаларда (3 жасқа дейін) круп синдромының жиі туындауын түсіндіреді:


  1. мұрын қуыстарының толық жетілмеуі

  2. мидың ақ затының басымырақ болуы

  3. оң жақ қолқаның сол жаққа қарағанда қысқа және кең болуы

  4. тар, шұңғыматәрізді көмей

  5. жүректің шар тәрізді формасы

6

4 жастағы бала дене қызуының 38,8оС жоғарылауымен, басының ауыруымен, жөтелу, мұрнының бітелуімен жедел ауырды.

Балаға қандай антипиретикалықдәрі тағайындау қажет?


  1. аспирин

  2. индометацин

  3. парацетамол

  4. сальбутамол

  5. седуксен

7

Аталған ЖРВИ қайсысы РС-инфекциясымен клиникалық көрінісі бойынша ұқсас:



  1. тұмау

  2. микоплазмалық инфекция

  3. парагрипп

  4. риновирусты инфекция

  5. реовирусты инфекция

8

БЖАИЖ – бұл:



  1. балалар жасындағы ауруларды интегрирлі жүргізу

  2. балалар жасындағы ауруларды интенсивті жүргізу

  3. науқас балаларды интегрирлі жүргізу

  4. науқас балаларды интенсивті жүргізу

  5. науқас балаларды интегрирлі шығару

9

БЖАИЖ бағдарламасына қай жастағы балалар тобы кіреді:



  1. туғаннан 1 аптаға дейін

  2. 2 айдан 5 жасқа дейін

  3. 2 айдан 10 жасқа дейін

  4. 1 айдан 5 жасқа дейін

  5. 2 айдан 7 жасқа дейін

10

Бала 1 жаста, жедел аурыған дене қызуы 38,90С, жөтелген, мұрынның бітелуі айқын. Обьективті: жұтқыншақтың артқы қабырғасында ірі түйіршіктер байқалады. Гепатоспленомегалия. Сіздің диагнозыңыз:



  1. тұмау

  2. парагрипп

  3. риновирусты инфекция

  4. аденовирусты инфекция

  5. энтеровирусты инфекция





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет