Мұнай газ өндірісін жоспарлау жұмысын ұйымдастыру Ақтөбе, 2019



Дата14.11.2019
өлшемі0.56 Mb.

Мұнай газ өндірісін жоспарлау жұмысын ұйымдастыру

Ақтөбе, 2019

Жер қойнауында бір тектес құрылымдағы мұнай мен газ кеніштерінің жиынтығын мұнай және газ кен орындары деп атайды. Мұнай газ кен орындары көмірсутектерінің алғаш пайда болған жері емес, олардың көшіп-қону (миграция) арқылы әр түрлі құрылымдарға шоғырланып жиналған орны.

  • Жер қойнауында бір тектес құрылымдағы мұнай мен газ кеніштерінің жиынтығын мұнай және газ кен орындары деп атайды. Мұнай газ кен орындары көмірсутектерінің алғаш пайда болған жері емес, олардың көшіп-қону (миграция) арқылы әр түрлі құрылымдарға шоғырланып жиналған орны.

Жалпы алғанда кен орнының қатарына мөлшері, сапасы бойынша техникалық-технологияның дәрежесіне және экономикалық тұрғыда пайдалану жағдайларына байланысты мұнай мен газдың өндірісте игерілуі мүмкін табиғи жинағы жатады.

Жалпы алғанда кен орнының қатарына мөлшері, сапасы бойынша техникалық-технологияның дәрежесіне және экономикалық тұрғыда пайдалану жағдайларына байланысты мұнай мен газдың өндірісте игерілуі мүмкін табиғи жинағы жатады.

Қор мөлшеріне және сапасына байланысты баланстық және баланстан тыс қорлар болып екі топқа бөлінеді. Баланстық қор өндіруге пайда келтіретін, ал баланстан тыс қорлар таяу мезгілдерде игеруге пайда келтірмейтін қорлар.

  • Қор мөлшеріне және сапасына байланысты баланстық және баланстан тыс қорлар болып екі топқа бөлінеді. Баланстық қор өндіруге пайда келтіретін, ал баланстан тыс қорлар таяу мезгілдерде игеруге пайда келтірмейтін қорлар.
  • Кен орындарының тілмесінде бір немесе бірнеше мұнай-газ кеніштері кездеседі. Тілмеде тек қана бір кеніш (горизонт) кездесіп, оның қорын игергенде экономикалық пайда келетін болса, ондай шоғырды – кен орны деп те атауға болады.

Мұнай мен газ өндірісінің өндірістік процесі әртектес жеке өндірістік процестердің кешенін білдіреді:

Мұнай мен газ өндірісінің өндірістік процесі әртектес жеке өндірістік процестердің кешенін білдіреді:

мұнай мен газ өндірісі;

 механикалық және энергетикалық жабдықты монтаждау және демонтаждау;

 ұңғыларды жер асты жөндеу;

 ұңғылар мен жабдықтарды жер үсті жөндеу;

 ұңғыларды күрделі жөндеу;

мұнайды тасымалдау және сақтау;

 газды жинау және қолдану;

 мұнай мен газды кешенді дайындау;

ұңғылар мен қабаттарды зерттеу;

 жұмыс агентін қабатқа айдау және т.б.

Мұнай мен газ өндіру процесі – бұл барлық қабат пен кен орнын жобаға сәйкес ұтымды өңдеуді, сондай-ақ негізгі процесті әртүрлі энергия түрлерімен, көлікпен, жөндеумен, материалдармен, құрал-жабдықтармен және т.б. қамтамасыз етуді талап ететін негізгі мұнай-газ өндіру кәсіпорындарындағы негізгі өндірістік процесс.

Өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету шарттары:

Өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету шарттары:

1. кен орнын өңдеу жүйесіне сәйкес қабат жұмысының технологиялық режимін қатаң сақтау;

2. мұнай өндіру процесіне қатысатын жекелеген өндірістік бөлімшелердің өндірістік қуаттарының ұңғылардың өндіру мүмкіндіктеріне сәйкес келуі;

3. көмекші процестердің негізгі процестерге кесте бойынша қызмет көрсетуі.

Мұнай-газ өндіру кәсіпорынының өндірістік құрылымының негізінде мамандану, көмекші өндірістің негізгі өндірістен бөлінуі және өндірістің барынша шоғырлануы жатыр.

Қорытынды

Қорытынды

Мұнай-газ өндірісіндегі еңбек заты - мұнай мен газдан тұратын қабат, еңбек құралы – эксплуатациялық және айдамалау жабдықтары, еңбек өнімі – шикі мұнай мен газ болып табылады.

Мұнай-газ өндірісінің ерекшелігі мұндағы еңбек заты, яғни мұнай мен газдан тұратын қабат табиғат сыйы болып табыладыы. Ол еңбек нәтижесі емес және құнға ие емес. Сондықтан да мұнай өндіру өнеркәсібінде шикізат шығындары болмайды және бұл оның құрылымына, деңгейіне және кейбір техникалық-экономикалық көрсеткіштерді жоспарлауға әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет