Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларациялардың нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы



жүктеу 1.16 Mb.
бет1/9
Дата17.04.2016
өлшемі1.16 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
: data -> files -> kaz
kaz -> Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы
files -> Әдістемелік нұСҚау елді мекендердің су бұру жүйесіне өндірістік сарқынды суларды ағызу алдында оның сынамасын іріктеу жөнінде кіріспе
kaz -> Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын
kaz -> Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу тәртібін түсіндіреді
kaz -> Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы
kaz -> Көлік құралдары салығының салық төлеушілері
kaz -> Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы
Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларациялардың нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 197 Қаулысы

      «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабы 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларациялардың нысандары;
      2) Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің    
2012 жылғы 3 ақпандағы
№ 197 қаулысымен  
бекітілген     

Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидалары

1. Жалпы ереже

      1. Осы Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидалары (бұдан әрі - Декларация) «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленген және бензиннің, авиациялық және дизель отынының, мазуттың (бұдан әрі - мұнай өнімдері) айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау тәртібін айқындайды.



2. Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну

      2. Мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша салық органына осы қаулымен бекітілген «Мұнай өндірушілердің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны бойынша мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларация табыс етеді.


      Сатып алған мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыратын өндірушілер осы қаулымен бекітілген «Мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілердің мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны бойынша мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларация табыс етеді.
      Тек авиациялық отынды және (немесе) мазутты өндіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркеу орны бойынша мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларация табыс етеді.
      3. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін (филиалдар мен өкілдіктер) қоспағанда, мұнай өнімдері базасынан мұнай өнімдерін көтерме саудада сатуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша салық органына осы қаулымен бекітілген «Мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілердің мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны бойынша мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларация табыс етеді.
      Бір салық органында тіркелген салық салуға байланысты бірнеше объектілері бар мұнай өнімдері базасынан мұнай өнімдерін көтерме саудада сатуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар барлық объектілері үшін бір декларация табыс етеді.
      Мұнай өнімдері базасынан мұнай өнімдерін көтерме сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның филиалдары мен бөлімшелері осы қаулымен бекітілген «Мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілердің құрылымдық бөлімшесінің мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны бойынша мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларация табыс етеді.
      Тек авиациялық отынды және (немесе) мазутты көтерме сатуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелу орны бойынша мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларация табыс етеді.
      4. Мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар салық салуға байланысты объектілердің орналасқан орны бойынша салық органына осы қаулымен бекітілген «Мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушылардың мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны бойынша мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларация табыс етеді.
      Бір салық органында тіркелген салық салуға байланысты бірнеше объектілері бар мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар барлық объектілері үшін бір декларация табыс етеді.
      Тек авиациялық отынды және (немесе) мазутты бөлшек сатуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелу орны бойынша мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларация табыс етеді.
      5. Мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) көтерме саудада сатуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар декларацияларды электрондық түрде табыс етеді.
      6. Мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату саласында қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар декларацияларды электрондық және/немесе қағаз тасығыштарда табыс етеді.
      7. Декларациялар табиғи көрсеткіштерде (тоннада) табыс етіледі.
      8. Осы Қағидаларға сәйкес табыс етілетін декларацияларға жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғаның басшысы, бас бухгалтері қол қояды және мөрмен/электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітіледі.
      9. Осы қаулымен бекітілген «Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілердің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны бойынша мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларацияны табыс ету кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
      10. Декларациялар уәкілетті органға ай сайын есептіден кейінгі айдың 20 күніне дейін табыс етіледі.
      11. Декларацияны табыс ету мерзіміне дейін жеке кәсіпкерден немесе заңды тұлғадан электронды түрде және/немесе қағаз тасығышта осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларация табыс ету мерзімін ұзарту туралы өтінішін алған кезде салық органы декларация тапсыру мерзімін 10 күнтізбелік күнге ұзартады.
      12. Жеке және заңды тұлғалар бұрын тапсырылған мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларацияларға толықтырулар енгізу және (немесе) қателерді түзету қажет болған жағдайда, бұрын тапсырылған мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларацияларына түзету нысанын тапсырады.
      Түзету нысанында салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке және заңды тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) (ЖСН/БСН 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті түрде толтырылады), есепті кезең және тек жолдың белгілі бір бағандарының мәнін ұлғайту немесе азайту қажеттілігіне қарай қосу немесе алу мәнімен бағандарына өзгеріс енгізу қажет жолдардың нөмірлері көрсетіледі.
      13. Табыс етілген мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларациялар жеке және заңды тұлғаларда қағаз тасығышта 5 жыл ішінде сақталады.

3. «Мұнай өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысанын жасау

      14. «СТН» жолында салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі («Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы Заңының 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасын қолданысқа енгізгенге дейін толтырылады).


      15. «ЖСН/БСН» жолында салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/салық төлеушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі («Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы Заңының 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасын қолданысқа енгізген күннен бастап толтырылады).
      16. «Салық төлеушінің атауы» жолында өндірушінің атауы көрсетіледі.
      17. «Есепті кезең» жолында декларация тапсырылатын есепті кезең көрсетіледі.
      18. «Салық органының коды» жолында салық салуға байланысты объектілер тіркелген салық органының коды көрсетіледі.
      19. 1-бағанда нөмір ретімен көрсетіледі.
      20. 2-бағанда мұнай өнімінің дербес сәйкестендірілген нөмір-коды (ДСН-коды) көрсетіледі.
      21. 3-бағанда есепті кезеңнің басында өндірушідегі мұнай өнімдерінің жалпы қалдығы мөлшері көрсетіледі.
      22. 4-бағанда өндірілген мұнай өнімдерінің, оның ішінде алыс-беріс шикізатының мөлшері тоннада көрсетіледі.
      23. 5-бағанда алыс-беріс шикізаты кәсіпорындарына тиеп-жөнелтілген мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.
      24. 6-бағанда сатылған (тиеп-жөнелтілген) мұнай өнімдерінің жалпы мөлшері тоннада (6-баған = 7-баған + 8-баған + 9-баған + 10-баған + 11-баған + 12-баған) көрсетіледі.
      25. 7-бағанда көтерме сауда кәсіпорындарына сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.
      26. 8-бағанда өндірушінің құрылымдық бөлімшелеріне өткізілген мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.
      27. 9-бағанда ішкі орын ауыстыру бойынша тиеп жөнелтілген (өз мұнай өнімдерінің базаларына және авто жанармай құю станциясына) мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.
      28. 10-бағанда заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге олардың өндірістік қажеттіліктері (соңғы тұтынушы) үшін өткізілген мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.
      29. 11-бағанда өндірушінің өзінің өндірістік қажеттіліктері үшін пайдаланған мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.
      30. 12-бағанда экспортқа сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.
      31. 13-бағанда өндіруші бүлдірген, жоғалтқан мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.
      32. 14-бағанда нормалар шегіндегі шығындардың мөлшері тоннада көрсетіледі.
      33. 15-бағанда өндірушіге қайтарылған мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.
      34. 16-бағанда есепті кезеңнің соңына өндірушідегі мұнай өнімдерінің жалпы қалдығы (16-баған = 3-баған + 4-баған - 5-баған - 6-баған - 13-баған - 14-баған + 15-баған) тоннада көрсетіледі.

4. «Мұнай өндірушілердің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысанына «Мұнай өндірушінің мұнай өнімдерін сату (тиеп жөнелту) туралы мәліметтері» 1-қосымшасын жасау

      35. «СТН» жолында салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі («Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы Заңының 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасын қолданысқа енгізгенге дейін толтырылады).


      36. «ЖСН/БСН» жолында салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/салық төлеушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі («Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы Заңының 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасын қолданысқа енгізген күннен бастап толтырылады).
      37. «Салық төлеушінің атауы» жолында өндірушінің атауы көрсетіледі.
      38. «Есепті кезең» жолында декларация тапсырылатын есепті кезең көрсетіледі.
      39. «Салық органының коды» жолында салық салуға байланысты объектілер тіркелген салық органының коды көрсетіледі.
      40. 1-бағанда нөмір ретімен көрсетіледі.
      41. 2-бағанда мұнай өнімін алушының СТН көрсетіледі («Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы Заңының 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасын қолданысқа енгізгенге дейін толтырылады).
      42. 3-бағанда мұнай өнімін алушының ЖСН/БСН көрсетіледі («Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы Заңының 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасын қолданысқа енгізген күннен бастап толтырылады).
      43. 4-бағанда мұнай өнімін алушының атауы көрсетіледі.
      44. 5-бағанда салық салуға байланысты объектінің түрі (мұнай өнімдерінің базасы, автожанармай құю станциясы) көрсетіледі. Бұл баған ішкі орын ауыстыру (өз мұнай өнімдерінің базалары мен автожанармай құю станцияларына) жағдайында ғана толтырылады.
      45. 6-бағанда мұнай өнімдері өткізілетін салық салуға байланысты объектінің орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі.
      46. 7-бағанда мұнай өнімдерін алушының резиденттігі (резидент - 0, резидент емес - 1) көрсетіледі.
      47. 8-бағанда жеткізу шартының нөмірі көрсетіледі.
      48. 9-бағанда жеткізу шартының күні көрсетіледі.
      49. 10-бағанда мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.
      50. 11-бағанда мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттың толтырылған күні көрсетіледі.
      51. 12-бағанда шот-фактураның нөмірі көрсетіледі.
      52. 13-бағанда шот-фактураның күні көрсетіледі.
      53. 14-бағанда мұнай өнімінің ДСН-коды көрсетіледі.
      54. 15-бағанда сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.

5. «Мұнай өндірушілердің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысанына «Шикізат бойынша мәліметтер» 2-қосымшасын жасау

      55. «СТН» жолында салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі («Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы Заңының 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасын қолданысқа енгізгенге дейін толтырылады).


      56. «ЖСН/БСН» жолында салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/салық төлеушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі («Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы Заңының 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасын қолданысқа енгізген күннен бастап толтырылады).
      57. «Салық төлеушінің атауы» жолында өндірушінің атауы көрсетіледі.
      58. «Есепті кезең» жолында декларация тапсырылатын есепті кезең көрсетіледі.
      59. «Салық органының коды» жолында салық салуға байланысты объектілер тіркелген салық органының коды көрсетіледі.
      60. 1-бағанда нөмір ретімен көрсетіледі.
      61. 2-бағанда шикізатты жеткізушінің СТН көрсетіледі («Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы Заңының 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасын қолданысқа енгізгенге дейін толтырылады).
      62. 3-бағанда шикізатты жеткізушінің ЖСН/БСН көрсетіледі («Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы Заңының 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасын қолданысқа енгізген күннен бастап толтырылады).
      63. 4-бағанда шикізатты жеткізушінің атауы көрсетіледі.
      64. 5-бағанда мұнай жеткізушінің резиденттігі көрсетіледі (резидент - 0, резидент емес - 1).
      65. 6-бағанда мұнай өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын шикізат түрі көрсетіледі.
      66. 7-бағанда есепті кезеңнің басындағы шикізаттың барлық қалдығы (7-баған = 8-баған + 9-баған) тоннада көрсетіледі.
      67. 8-бағанда есепті кезеңнің басындағы өз шикізатының қалдығы тоннада көрсетіледі.
      68. 9-бағанда есепті кезеңнің басындағы алыс-беріс шикізатының қалдығы тоннада көрсетіледі.
      69. 10-бағанда шикізат түсімдерінің барлығы (10-баған = 11-баған + 12-баған) тоннада көрсетіледі.
      70. 11-бағанда өз шикізатының түсімі тоннада көрсетіледі.
      71. 12-бағанда алыс-беріс шикізатының түсімі тоннада көрсетіледі.
      72. 13-бағанда қосылған тұнбалар тоннада көрсетіледі.
      73. 14-бағанда барлығы қайта өңделген шикізаттың мөлшері (14-баған = 15-баған + 16-баған) тоннада көрсетіледі.
      74. 15-бағанда қайта өңделген өз шикізатының мөлшері тоннада көрсетіледі.
      75. 16-бағанда қайта өңделген алыс-беріс шикізатының мөлшері тоннада көрсетіледі.
      76. 17-бағанда қайтарылған алыс-беріс шикізатының мөлшері тоннада көрсетіледі.
      77. 18-бағанда бүлінген, жоғалған шикізаттың мөлшері тоннада көрсетіледі.
      78. 19-бағанда нормалар шегіндегі шығындардың мөлшері тоннада көрсетіледі.
      79. 20-бағанда есепті кезеңнің соңына шикізаттың қалдығы (20-баған = 21-баған + 22-баған) тоннада көрсетіледі.
      80. 21-бағанда есепті кезеңнің соңындағы өз шикізатының қалдығы тоннада көрсетіледі.
      81. 22-бағанда есепті кезеңнің соңындағы алыс-беріс шикізатының қалдығы тоннада көрсетіледі.

6. «Мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілердің мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысанын жасау

      82. «СТН» жолында салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі («Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы Заңының 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасын қолданысқа енгізгенге дейін толтырылады).


      83. «ЖСН/БСН» жолында салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/салық төлеушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі («Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы Заңының 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасын қолданысқа енгізген күннен бастап толтырылады).
      84. «Салық төлеушінің атауы» жолында мұнай өнімдерін көтерме саудада сатуды немесе мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың атауы көрсетіледі.
      85. «Есепті кезең» жолында декларация тапсырылатын есепті кезең көрсетіледі.
      86. «Салық органының коды» жолында салық салуға байланысты объектілер тіркелген салық органының коды көрсетіледі.
      87. 1-бағанда нөмір ретімен көрсетіледі.
      88. 2-бағанда мұнай өнімінің ДСН-коды көрсетіледі.
      89. 3-бағанда есепті кезеңнің басындағы мұнай өнімдерінің қалдығы тоннада көрсетіледі.
      90. 4-бағанда сату үшін келіп түскен мұнай өнімдерінің жалпы мөлшері (4-баған = 5-баған + 6-баған + 7-баған + 8-баған + 9-баған) тоннада көрсетіледі.
      91. 5-бағанда өндірушілерден келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.
      92. 6-бағанда көтерме сатушы кәсіпорындардан келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.
      93. 7-бағанда ішкі орын ауыстыру бойынша (өз мұнай өнімдерінің базаларынан және авто жанармай құю станциясынан) келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі. Бұл бағанда бір салық органында тіркелген өз мұнай өнімдері базаларынан келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері есептелмейді.
      94. 8-бағанда салық төлеушінің құрылымдық бөлімшелерінен келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.
      95. 9-бағанда импорт бойынша келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.
      96. 10-бағанда алушылардан қайтарылған мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.
      97. 11-бағанда барлық өткізілген (тиеп-жөнелтілген) мұнай өнімдерінің жалпы мөлшері (11-баған = 12-баған + 13-баған + 14-баған + 15-баған + 16-баған + 17-баған) тоннада көрсетіледі.
      98. 12-бағанда көтерме сатушы кәсіпорындарға өткізілген мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.
      99. 13-бағанда жеке және заңды тұлғаларға, олардың өз қажеттіліктері үшін (соңғы тұтынушыға) сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.
      100. 14-бағанда өз қажеттіліктеріне пайдаланылған мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.
      101. 15-бағанда ішкі орын ауыстыру бойынша (өз мұнай өнімдерінің базаларына және авто жанармай құю станциясына) тиеп жөнелтілген мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі. Бұл бағанда бір салық органында тіркелген өз мұнай өнімдері базаларына тиеп-жөнелтілген мұнай өнімдерінің мөлшері есептелмейді.
      102. 16-бағанда экспортқа өткізілген мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.
      103. 17-бағанда өз құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтілген мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.
      104. 18-бағанда жеткізушілерге қайтарылған мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.
      105. 19-бағанда бүлінген, жоғалған мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.
      106. 20-бағанда нормалар шегіндегі мұнай өнімдерінің шығыны тоннада көрсетіледі.
      107. 21-бағанда қайта өңдеуге (компаундирлеуге) тиеп жөнелтілген мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.
      108. 22-бағанда есепті кезеңнің соңындағы мұнай өнімдерінің қалдығы (22-баған = 3-баған + 4-баған + 10-баған - 11-баған - 18-баған - 19-баған - 20-баған - 21-баған) тоннада көрсетіледі.

7. «Мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілердің мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысанына «Мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілердің мұнай өнімдерін жеткізу туралы мәліметтері» 1-қосымшасын жасау

      109. «СТН» жолында салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі («Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы Заңының 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасын қолданысқа енгізгенге дейін толтырылады).


      110. «ЖСН/БСН» жолында салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/салық төлеушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі («Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы Заңының 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасын қолданысқа енгізген күннен бастап толтырылады).
      111. «Салық төлеушінің атауы» жолында мұнай өнімдерін көтерме саудада сатуды немесе мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың атауы көрсетіледі.
      112. «Есепті кезең» жолында декларация тапсырылатын есепті кезең көрсетіледі.
      113. «Салық органының коды» жолында салық салуға байланысты объектілер тіркелген салық органының коды көрсетіледі.
      114. 1-бағанда нөмір ретімен көрсетіледі.
      115. 2-бағанда мұнай өнімдерін жеткізушінің СТН көрсетіледі («Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы Заңының 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасын қолданысқа енгізгенге дейін толтырылады).
      116. 3-бағанда мұнай өнімдерін жеткізушінің ЖСН/БСН көрсетіледі («Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы Заңының 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасын қолданысқа енгізген күннен бастап толтырылады).
      117. 4-бағанда мұнай өнімдерін жеткізушінің атауы көрсетіледі.
      118. 5-бағанда салық салуға байланысты объекті түрі (мұнай өнімдерінің базасы, автожанармай құю станциясы) көрсетіледі. Бұл баған ішкі орын ауыстыру (өз мұнай өнімдерінің базалары мен автожанармай құю станцияларынан) жағдайында ғана толтырылады.
      119. 6-бағанда мұнай өнімдерін өткізу жүзеге асырылатын салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша салық органының коды көрсетіледі.
      120. 7-бағанда мұнай өнімдерін жеткізушінің резиденттігі (резидент - 0, резидент емес - 1) көрсетіледі.
      121. 8-бағанда мұнай өнімдерін жеткізу шартының нөмірі көрсетіледі.
      122. 9-бағанда мұнай өнімдерін жеткізу шартының күні көрсетіледі.
      123. 10-бағанда мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.
      124. 11-бағанда мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттың толтырылған күні көрсетіледі.
      125. 12-бағанда шот-фактураның нөмірі көрсетіледі.
      126. 13-бағанда шот-фактураның күні көрсетіледі.
      127. 14-бағанда тауарларға арналған декларацияның нөмірі көрсетіледі, ал кеден одағына мүше - мемлекеттерден мұнай өнімдерін әкелу кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің нөмірі көрсетіледі.
      128. 15-бағанда тауарларға арналған декларацияның күні көрсетіледі, ал кедендік одаққа мүше - мемлекеттерден мұнай өнімдері кіргізілген кезде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің күні көрсетіледі.
      129. 16-бағанда мұнай өнімінің ДСН-коды көрсетіледі.
      130. 17-бағанда алынған мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.

8. «Мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілердің мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысанына «Мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілердің мұнай өнімдерін сату және тиеп жөнелту туралы мәліметтері» 2-қосымшасын жасау

      131. «СТН» жолында салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі («Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы Заңының 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасын қолданысқа енгізгенге дейін толтырылады).


      132. «ЖСН/БСН» жолында салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/салық төлеушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі («Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы Заңының 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасын қолданысқа енгізген күннен бастап толтырылады).
      133. «Салық төлеушінің атауы» жолында мұнай өнімдерін көтерме саудада сатуды немесе мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың атауы көрсетіледі.
      134. «Есепті кезең» жолында декларация тапсырылатын есепті кезең көрсетіледі.
      135. «Салық органының коды» жолында салық салуға байланысты объектілер тіркелген салық органының коды көрсетіледі.
      136. 1-бағанда нөмір ретімен көрсетіледі.
      137. 2-бағанда мұнай өнімдерін алушының СТН көрсетіледі («Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы Заңының 3-бабы -тармағының  4) тармақшасынқолданысқа енгізгенге дейін толтырылады).
      138. 3-бағанда мұнай өнімдерін алушының ЖСН/БСН көрсетіледі («Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы Заңының 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасын қолданысқа енгізген күннен бастап толтырылады).
      139. 4-бағанда мұнай өнімдерін алушының атауы көрсетіледі.
      140. 5-бағанда салық салуға байланысты объектінің түрі (мұнай өнімдерінің базасы, автожанармай құю станциясы) көрсетіледі. Бұл баған ішкі орын ауыстыру (өз мұнай өнімдерінің базалары мен автожанармай құю станцияларына) жағдайында ғана толтырылады.
      141. 6-бағанда мұнай өнімдері өткізілетін салық салуға байланысты объектінің орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі.
      142. 7-бағанда мұнай өнімін алушының резиденттігі (резидент - 0, резидент емес - 1) көрсетіледі.
      143. 8-бағанда мұнай өнімдерін сату шартының нөмірі көрсетіледі.
      144. 9-бағанда мұнай өнімдерін сату шартының күні көрсетіледі.
      145. 10-бағанда мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.
      146. 11-бағанда мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжатты толтыру күні көрсетіледі.
      147. 12-бағанда шот-фактураның нөмірі көрсетіледі.
      148. 13-бағанда шот-фактураның күні көрсетіледі.
      149. 14-бағанда мұнай өнімінің ДСН-коды көрсетіледі.
      150. 15-бағанда сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері тоннада көрсетіледі.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет