Модератор: Өскемен қаласындағы хбб нзм мұғалімі Қонақбаева А. А. Мастер-кластың өткізілетін орны



жүктеу 103.51 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі103.51 Kb.
: site -> nis -> repository -> file
file -> "Назарбаев зияткерлік мектептері" АҚ Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы "Назарбаев зияткерлік мектебі" филиалы
file -> 1. Дене қалай қозғалады, егер қозғалыстың кинематикалық теңдеуі: х = 5t + 20
file -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Шығыс-Қазақстан облысы Бағыты: Таза табиғи орта – «Казахстан -2030»
file -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Назарбаев Зияткерлік Мектептері»
file -> Квалификациялық талаптар Жоба
file -> Сабақтың тақырыбы: Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру. Сабақтың мақсаты
file -> Қазақстан тарихы Тас ғасыры Тас дәуірі
file -> Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
file -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Мұнайдың физика-химиялық қасиеті және оның экожүйеге әсері Бағыты: Таза табиғи орта – Қазақстан-2030 стратегиясын іске
file -> Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
Модератор: Өскемен қаласындағы ХББ НЗМ мұғалімі Қонақбаева А.А.
Мастер-кластың өткізілетін орны: Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, кабинет № 202
Мастер-кластың өткізілетін күні: 28.06.2012
Мастер-кластың өткізілетін уақыты: 17.15
Мастер-кластың ұзақтығы: 40 минут
Мастер-класс тақырыбы: Биология сабақтарында ICT-технологияларын қолдану.
Мастер-кластың мақсаты: Электронды оқыту жүйесін биология сабақтарын өткізу кезінде тиімді пайдалану әдістерімен таныстыру.
Мастер-кластың міндеттері:

  • Биология сабақтарын өткізудің бір бағыты ретінде E-learning технологиясын қолдануды дәріптеу;

  • www.polleverywhere.com сайтымен таныстыру;

  • Moodle жүйесінде тесттік тапсырмаларды ұйымдастырудың жолдарын үйрету;


Жаңашылдығы: Заман талабына сай E-learning технологиясын биология сабақтарында қолдана отырып, оқушыларды қашықтықтан оқыту жүйесіне икемдеп, өз беттерімен жұмыс істей алу қабілеттіліктерін арттыру, уақытты үнемдеу.
Мастер класқа қажетті құрал-жабдықтар: 33 дербес компьютер (HP ноутбук, тышқан, қуат көзі), Net желісі, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар (теория мен сарамандық тапсырмалар жиынтығы).
Модератор:

  • Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар! Қазіргі оқушылар мен студенттер – негізінен желіге тәуелді буын, себебі барлық ақпаратты электронды түрде алуы қалыпты жағдай болып табылады. Оқушылар жоғарғы технологияларды білімде қолдануды ұнатады, себебі ол – заман талабы. Сондықтан ақпараттық коммуникациялық технологиялар олар үшін негізгі құрал болып кеткен.

Осы ақпараттық құралдарды биология сабақтарын өткізу кезінде қолдануды E-learning технологиясы бойынша жүзеге асыруға болады.



E-learning (ағылшынның – Electronic Learning сөзінен) – электронды оқыту жүйесі, қашықтықтан оқыту, компьютерді қолданып оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық технологияларды қолданып оқыту сөздерінің синонимы.

Электронды оқыту технологиясын (E-learning) биология сабақтарында қолданудың пайдалы жақтары өте көп:

  • Кез –келген уақытта, кез-келген жерде оқытуға болады;

  • Глобальды және экономды: уақыт, бөлме арендасы, қызметкерлердің аздығы;

  • Көп түрлілік : презентациялық материалдар мен технологияның әртүрлі түрін қолдануға болады;

  • Интерактивті /заман талабына сай/: өз бетімен оқуға;

  • Адаптивті: оқыту үрдісі кезінде баланың қабылдау мүмкіндіктеріне сай дифференциалды тапсырмалар орындатқызылады; 

  Бірақ, соған қарамастан оның жағымсыз жақтары да бар:

  • Адам факторы толықтай жойылады;

  • Оқушы мен мұғалім арасында байланыс үзіледі;

  • Біраз уақыттан соң зеріктіріп жібереді;

  • Сіз үнемі салмақты болуыңыз қажет;

  • Кейбір оқушылардың бұл оқыту түрін қабылдамауы;

  • Техниканы жетік білу талабы;

  • Біліктілік алмасу мүмкіндігінің төмендігі;

Мастер-класс барысында мысал ретінде биология сабағын жаңашыл түрде өткізу кезінде ICT қолданудың бірнеше әдістері көрсетіліп, үлестірмелі материалда ол жұмыстарды қалай өткізудің жолдары сипатталады.




Мастер кластың кезеңдері

Уақыты

Өткізушінің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

I Қызығушылықты ояту

10 мин

www.polleverywhere.com сайтын пайдаланып сабақты бастау кезіндегі дауыс беру әдістерін көрсету.

Бұл әрекетті орындау үшін www.polleverywhere.com сайты қолданылады. Оқушылар берілген тұжырымдамамен келісімдерін дауыс беру арқылы көрсетіп, ол дауыстары он-лайн уақытында пайыздық мөлшермен шығып отырады. (Қосымша 1)




Алдарындағы дербес компьютермен дұрыс жауаптың коды арқылы дауыс беру.

Күтілетін нәтиже

Қатысушылар сабақтарында www.polleverywhere.com сайтын қолдана алады.

II Мағынаны ажырату

10 мин

Биология сабағында қолданып жүрген ICT-технологиялары, E-learning технологиясы жайлы түсінік беру.

Moodle бағдарламасына тесттік тапсырмаларды енгізуді үйрету:

Moodle бағдарламасында тесттік жұмыстарды ұйымдастыру оқушылардың білімдерін тексеру, аралық бақылау жұмыстарын өткізу кезінде қолдануға болады.



(Қосымша 2 ).

Аудиторияда отырған мұғалімдер оқушының орнында болып, компьютердің, интернеттің көмегімен moodle.nis.edu.kz сайтындағы алдарындағы логин-парольмен кіреді. Ұсынылған әдістерді кітап сілтемесі бойынша қарастыраду.



Күтілетін нәтиже

Қатысушылар Moodle жүйесінде тесттік тапсырмаларды құрастырудың тиімділігін анықтап, жүзеге асыру ретін үйренеді.

Тиімділігі:

  • Тесттік тапсырмаларды оқушылар интернет желісінде орындау арқылы уақытты үнемдеуге болады;

  • Бірнеше сыныптарға өткізуге болады;

  • Жауаптары автоматты түрде бағаланады;

  • Оқушылар өз жауаптарына талдау жасау мүмкіндіктеріне ие;




III Рефлексия

20 мин

Тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалап, көмектесу.

Мастер класстың практикалық жұмысы кезінде Electronic Learning технологиясының синхронды типі бойынша Moodle жүйесінде дистанциондық түрде биология сабағы өткізіледі. Аудиторияда отырған мұғалімдер оқушының орнында болып, компьютердің, интернеттің көмегімен moodle.nis.edu.kz сайтындағы алдарындағы логин-парольмен кіреді.

Төмендегі тесттік тапсырмаларды Moodle жүйесінде өз беттерімен кітапты пайдалана отырып енгізеді. (Қосымша 3).

Алынған теориялық білім бойынша өз беттерімен тесттерді Moodle жүйесіне енгізу сарамандық жұмысын орындайды (Қосымша 3)

Күтілетін нәтиже

Қатысушылардың Moodle жүйесінде жұмыс істеу қабілеттіліктері артады.


ҚОСЫМША 1

  1. Электронды дауыс беру – сабақтың бас кезінде, қызығушылықты ояту үшін қолдануға болады.

Бұл әрекетті орындау үшін www.polleverywhere.com сайты қолданылады. Оқушылар берілген тұжырымдамамен келісімдерін дауыс беру арқылы көрсетіп, ол дауыстары он-лайн уақытында пайыздық мөлшермен шығып отырады.



«Create your first poll» - тетігін басу



Сұрақтың мәтінін енгізіп, мына тетікті басу қажет.



«Convert to Multiple Choice» тетігін басу арқылы жауаптар нұсқасын енгізіп, «Continue»-мен аяқтау қажет.

ҚОСЫМША 2

2.MOODLE жүйесінде тесттік тапсырмалар енгізу

Moodle бағдарламасында тесттік жұмыстарды ұйымдастыру оқушылардың білімдерін тексеру, аралық бақылау жұмыстарын өткізу кезінде қолдануға болады.



Тиімділігі:

  • Тесттік тапсырмаларды оқушылар интернет желісінде орындау арқылы уақытты үнемдеуге болады;

  • Бірнеше сыныптарға өткізуге болады;

  • Жауаптары автоматты түрде бағаланады;

  • Оқушылар өз жауаптарына талдау жасау мүмкіндіктеріне ие;

Тесттік тапсырмалардың бірнеше типтері болады:

  • бірнеше дұрыс жауаптарымен;

  • дұрыс/қате жауаптарын таңдау арқылы;

  • оқушылардың өз жауаптарын қысқа мәтін ретінде енгізу арқылы.

Тесттердің ерекшеліктері:

• Мұғалім web-интерфейсте өзінің тесттік тапсырмаларының дерекқорын (база данных) енгізіп, ондағы сұрақтарды кез-келген уақытта қолдана алады;

• Мұғалімге оқушылардың жауаптарын тексеруге уақыт кетірмеуге болады, барлығы автоматтандырылған;

• Тесттік тапсырманы орындауға оқушыларға шектелген уақыт қоюға болады;

• Сұрақтар HTML-мәтіндер мен суреттерден құралуы мүмкін;

• Ашық тесттерде бір сұрақтың бірнеше дұрыс жауабы болуы мүмкін;

• Жауаптар сөздер немесе сөздер тізбегі түрінде болуы мүмкін;

• Альтернативті жауаптар қабылданады (дұрыс/қате)


Тесттік тапсырмаларды енгізу реті

Кез келген тапсырманы енгізу алдында «Редактировать» сілтемесін басыңыз.

Moodle жүйесінде тесттік тапсыраларды «Добавить элемент курса» топтамасындағы «Тесты» сілтемесі арқылы енгізуге болады.


Ашылған парақты толтыру қажет.

«Сохранить и вернуться к курсу» пернесін басу қажет.

Негізгі бетке оралғаннан соң қайтадан тестті тауып, үстіне басу арқылы оны жөндеуге, жаңа сұрақтар енгізуге болады.



{Добавить вопросы} пернесін басқанда бірнеше сұрақтардың типтері шығады.
Жабық сұрақтар (Вопрос в закрытой форме) – оқушы бірнеше жауаптардан бір немесе бірнеше дұрысын таңдайды.

Баламалы сұрақтар (Альтернативный) – оқушы сұраққа «дұрыс» немесе «қате» деген жауаптарды таңдайды.

Қысқартылған сұрақтар (Короткий ответ) – сұраққа жауап ретінде оқушы терминді немесе қысқа мәтінді енгізеді.





Сандық (Числовой) – жауап ретінде оқушы санды енгізеді. Бұл сұрақ типінде қателіктер енгізуге болады. Мысалы, егер сұрақтың жауабы 30 болып, 5 қателікпен жауап қабылданса, сұрпаққа 25-35 аралығында деп жауап беруге болады.

Сәйкестендіру (Соответствие) – берілген бірнеше тұжырымдамалар мен оның атаулары арасында оқушы сәйкестікті орнатады.

Сипаттау (Описание) – бұл тапсырма ретінде қолданылатын, шығармалар мен эсселер жазуға арналған сұрақ.

Ашық түрдегі кездейсоқ (Случайные вопросы в открытой форме на соответствие) сұрақтың басында оқушыға түсіндірмелі мәтін беріледі. Содан кейін сұрақтар мен оның жауаптары беріледі. Оқушы олардың арасында сәйкестікті орнатуы қажет.

Әртүрлі сұрақтар (Вложенные ответы) –бұл Cloze форматтағы сұрақтар. Бұл сұрақ типінде жоғарыда аталған сұрақтар типінің барлығын тек MOODLE форматында қолдануға болады.
Сұрақтың типі таңдалғаннан кейін «Далее» пернесін басып [Создать вопрос] парағына кіресіздер. Бұл беттің жоғарғы 2 бағанына сұрақтың мәтінін енгізесіз, ал «варианты ответов» бөлімдеріне бірнеше дұрыс жауапты енгізесіз. Дұрыс жауаптың астына «100%» бағалануы таңдалынады.
Тесттік тапсырмаларға әртүрлі амалдар қолдануға болады:


  • Бағалау критерийлерін енгізу;

  • Уақытын шектеу;

  • Сұрақтардың орнын алмастыру;

Ең негізгісі – оқушылар өздерінің бағаларын бірден көреді.
3.Әртүрлі деңгейлік тапсырмаларды енгізу. Бұл шараны ұйымдастырудың бірнеше жолдары бар:

- тапсырмаларды суреті және мәтінімен енгізіп, оқушылардың жауаптарын ауызша сұралады;

- тапсырмаларды суреті және мәтінімен енгізіп, оқушылар өз жауаптарын қайтадан тетік арқылы тіркеп мұғалімге жібереді.

Екі жағдайда да, оқушылардың жауаптарын бойынша өзінің сын-пікірін мұғалім Moodle-ға тіркей алады. Ал оқушы, өз жауабы үшін бағасын сол жүйеде көре алады.




4. Форум ұйымдастыру.

Форумның маңызы өте зор:



  • Бір уақытта бірнеше бала өз ойларын жеткізе алады;

  • Көп сөйлемейтін оқушылар өз ойларын жеткізе алады;

  • Тақырып бойынша қате ұғым қалыптасқан оқушы анықталып, онымен түзету жұмыстары жүргізіледі.

Форумды ұйымдастыру үшін, тақырыбы мен шарты «Добавить элементы курса» топтамасындағы «Форум» тетігін басып, мағлұматтар енгізіледі.





Мастер-класс барысында биология сабағын өткізу кезінде Moodle жүйесінде глоссарий, ақпараттар базасын, семинарлар және басқа да оқушылардың практикалық жұмыстарын ұйымдастыру мүмкіндіктері көрсетіледі.

Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, білім беру жүйесінде жаңа технологиялар өмірге келуде. Оны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруына көмектеседі.

«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай, білім беру жүйесіндегі бүгінгі өмірдің талабы сабақ өткізудің жаңа әдістері мен ақпараттандырылған оқыту технологияларын пайдалану. Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір жолы оқытудың тиімді жолдары мен түрлерін іздестіру.



ҚОСЫМША 3

II. Сарамандық жұмыс

Мастер класстың практикалық жұмысы кезінде Electronic Learning технологиясының синхронды типі бойынша Moodle жүйесінде дистанциондық түрде биология сабағы өткізіледі. Аудиторияда отырған мұғалімдер оқушының орнында болып, компьютердің, интернеттің көмегімен moodle.nis.edu.kz сайтындағы алдарындағы логин-парольмен кіреді.

Төмендегі тесттік тапсырмаларды Moodle жүйесінде өз беттерімен кітапты пайдалана отырып енгізеді.

1. Ядроның негізгі қызметі:

a. генетикалық ақпаратты сақтау

b. ДНҚ-ның цитоплазмамен оқшаулау

c. спирализация алдында хромосомаларды жинақтау

d. жасуша ішілік зат алмасуды реттеу

Жауабы: а
2. Өсімдік жасушасының ең ірі органелласы:

a. центриоль

b. Гольджи жиынтығы

c. митохондрия

d. вакуоль

e. ядро


f. лизосома

g. хлоропластар

h. ядрошық

Жауабы: d
3. Рибосомалар құрылады:

a. митохондрияда

b. Гольджи жиынтығында

c. ядрошықта



d. Эндоплазмалық торда

Жауабы: d



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет