Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы



бет3/4
Дата02.05.2016
өлшемі0.6 Mb.
1   2   3   4

Үшінші бағыт: Жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерден және экономикалық өсу орталықтарынан өз еркімен көшіруді ынталандыру арқылы моноқалалардың еңбек ресурстарының ұтқырлығын жоғарылату.

Осы бағыт халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуші белсенді шараларды іске асыру жолымен еңбек ресурстарының ұтқырлығын жоғарылату шараларын қарастырады.

1. Моноқалалар тұрғындарын оқыту және жұмысқа орналасуларға жәрдемдесу.

Моноқалалар тұрғындарын оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар мен табысы аз адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаты шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

2. Моноқалалар тұрғындарын техникалық және кәсіби білім беру салаларындағы облыс оқу мекемелерінде оқытумен қамтамасыз етуді.

Моноқалалардағы жастарды оқыту Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Болашақта тоноқалалардың жастарын енді салынып жатқан өңіраралық кадрлар даярлау орталықтарында (Атырау, Өскемен, Екібастұз, Шымкент) оқыту, сонымен қатар моноқалалардың тұрғындарын ірі өндірістік компанияларға орналасуға нысаналы іріктеу, олардың оқу орталықтарында оқыту мәселелері пысықталатын болады.

3. Жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына ерікті түрде көшіруге ынталандыру.

Жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшуді ұйымдастыру кезінде мемлекеттік қолдау алуда жастар басым құқыққа ие болады.

Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар санынан Қазақстан Республикасы азаматтарын төмен әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар моноқалалардан жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар моноқалаларға және экономикалық өсу орталықтарына көшіру бір облыс шегінде жүзеге асыралуы мүмкін.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша өңірлік комиссиялар берген өтініштер мен ұсыныстардың және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы операторының қорытындысы негізінде азаматтарды республиканың басқа облысына көшіру жүзеге асырылуы мүмкін.

Ерікті көшіруге мемлекеттік қолдау көрсетілетін моноқалалар тұрғындары келесі критерийлерге сәйкес келуі қажет:

1) өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар санатына жатуы;

2) соңғы үш жылда әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен моноқалаларда тұруы.

Бағдарламаның қатысушыларын мемлекеттік қолдау мыналарды:

1) көшіруге субсидиялар ұсынуды;

2) кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында оқуды, сонымен қатар жаңа тұрғын орнында жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді;

3) заңнамада бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасы азаматтарына қызметтік үйлер беруді;

4) психологиялық бейімделуді қамтиды.

Көшіруге байланысты субсидиялар көшіруге кететін шығындардың орнын толтыруды қамтиды.

Аталған бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қағидаттары мен тетіктері бойынша жүзеге асырылады.

Бағдарламаның аталған бағытында қатысу жағдайы және мемлекеттік қолдауды ұсыну Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін белсенді шараларға және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге қатысатын тұлғалардың ұтқырлығын жоғарылатуға жәрдемдесу ережелерінде қарастырылған.

Сондай-ақ, облыс әкімдіктері әзірлейтін моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарларында жүйе құрушы кәсіпорындармен бірге тұрғын үй салу қарастырылатын болады.

Төртінші бағыт: Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санын есептей отырып дамыту.

Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы бюджеттік шығындардың тиімділігін арттыру мақсатында моноқаланың даму әлеуетінің деңгейіне байланысты ұзақ мерзімді перспективаларды ескере отырып жүзеге асырылады.

Пилоттық және кейінгі жылдары республикалық және жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде моноқалалардағы көшелерге жарық жүргізу және абаттандыру, тұрғын-үй қорларын сақтау және қоқыстарды шығару, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, иесіз объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтарды және мал көмінділерінің полигондарын жайластыру, жылыту су құбырларын, кәріз жүйелерін жөндеу, балалардың аула ойын алаңдарын орнату, қала ішілік автомобиль жолдары мен әлеуметтік объектілерді жөндеу, аулаларды, скверлерді, көшелерді жайластыру, арық желісін жөндеу бойынша шығындар қаржыландырылады.

ВАК одан әрі дамыту бойынша шешім қабылдаған әлеуеті жоғары және орташа моноқалалар бойынша инвестициялық жобалар бюджеттік заңнамада бекітілген тәртіпте қаржыландырылады. Бұл ретте, бірінші кезектегі тәртіпте қала тыныс-тіршілігінің неғұрлым өткір мәселелері шешіледі (жылумен, сумен, электрмен, газбен жабдықтау, жолдар, апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді ысыру, абаттандыру және экология), сондай ақ әлеуметтік мәдени тұрмыс объектілерін салу және қайта жаңарту. Әлеуметтік инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобалардың қуатын моноқаланы дамытудың құрылымы мен өндірісті одан әрі әртараптандыру және халық санының өсу немесе төмендеу серпінін есепке ала отырып ескеру керек.

Әлеуеті жоғары және орташа моноқалалар үшін:

1. Бекітілген нормативтерге дейін жеткізумен әлеуметтік объектілер инфрақұрылымын жаңғырту және (немесе) салу.

Бұл ретте қолданыстағы мемлекеттік, салалық бағдарламалар шеңберінде әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін реконструкциялау және (немесе) салу іс-шаралары жүргізілетін болады, соның салдарынан бір салалы қалалар халқы әлеуметтік саладағы қол жетімді және сапалы қызметтермен қамтамасыз етіледі.

Облыстардың әкімдіктері әзірлейтін моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарларында кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің оқу-өндірістік базасының деңгейін арттыру, оның ішінде жатақханалар салу үшін қаражат көзделетін болады.

2. Тыныс-тіршілік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санына қатысты реконструкциялау және (немесе) салу (сумен-, жылумен-, электрмен-, газбен жабдықтау, кәріз және телекоммуникация, жолдар, экология) көзделеді.

Бұл үшін қаржыландыру көздерінің мүмкіндіктерімен сомалардың теңгерімділігі және құны есептелген, инвестициялауға жататын объектілері айқындалған әрбір перспективалы бір салалы қаладағы нақты жағдайлар қарастырылады.

Сумен жабдықтау. «Ақ бұлақ» бағдарламасының критерийлеріне сәйкес іске асырылатын моноқалада шағын кәсіпкерлікті және қайта өңдеу өндірістерін, ауыл шаруашылығын дамыту үшін су ресурстарының тапшылығын азайту және моноқаланың сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар.

Электрлендіру. Жаңа электр желілері құрылысы, электр беру желілерін реконструкциялау және жөндеу.

Жолдар. Моноқалаларды ірі қалалармен немесе облыс орталығымен байланыстыратын жолдарды реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу.

Газдандыру. Газ тарату желілерінің құрылысы, сұйылтылған газбен толтыру және баллон алмастыру орталықтандырылған пункттерін техникалық жарақтандыруды арттыру.

Моноқалаларда аварияларға, апаттарға және зілзала апаттарға қарсы тұру инфрақұрылымын дамыту. Жаңа және қазіргі бар өрт сөндіру депосына және суда құтқару станцияларына күрделі жөндеу жүргізу, ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту, инженерлік қорғау құрылыстарын салу, шаруашылық ауыз сумен және өртке қарсы сумен жабдықтауға күрделі жұмыс жүргізу.

Әлеуеті төмен моноқалалардағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның жағдайы орташа республикалық деңгейде болады.

Моноқалаларда жөндеу және қалпына келтіру, ал жекелеген қалаларда апатты тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі іс шаралар іске асырылады.

Мына критерийлерді ескере отырып, қаржыландыруға жобаларды іріктеу жалпы республикалық көрсеткіштерге жету мақсатында жүзеге асырылатін болады:

1. Салу қажеттілігі туындаған әлеуметтік инженерлік инфрақұрылым объектілерінің болмауы.

2. Моноқалада тұратын тұрғындардың өмірі мен денсаулығына әлеуетті қауіп төндіретін, сондай-ақ төтенше жағдай қаупін төндіретін әлеуметтік инженерлік инфрақұрылым объектілерінің күрделі және апаттық жағдайы.

3. Әлеуметтік инженерлік инфрақұрылым объектілерінің болмауы/күрделі жағдайы нәтижесінде сапалы қызметтерді алмаған/толығымен алмаған тұрғындар саны.

4. Әрбір моноқалалар бойынша Кешенді жоспарда көзделген ерекше критерийлер.


Бағдарламаның жоғарыда аталған міндеттерін іске асыру мынадай іс қимыл алгоритміне сәйкес жүзеге асырылады:

1. Уәкілетті органның ұсынымдары негізінде облыс әкімдіктері ұзақ мерзімді кезеңге әрбір моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарын әзірлейді.

2. Уәкілетті орган жанынан құрылған Жұмыс тобы кешенді жоспарларды қарайды.

Жұмыс тобы әрбір кешенді жоспарды егжей-тегжейлі зерделейді, пысықтау бойынша ұсыныстар береді және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету әрі кейіннен оны Өңірлік саясат мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізуі үшін инвестициялық жобаларды іріктейді.

3. ВАК жұмыс тобының ұсыныстарын ескере отырып кешенді жоспарларды, сондай ақ ұлттық компаниялар мен даму институттары, республикалық бюджет есебінен іске асыру үшін инвестициялық жобаларды қолдайды.

4. Іріктелген бюджеттік инвестициялық жобалар тиісті бюджетті қалыптастыруда тиісті республикалық және басым бюджеттік инвестициялардың жергілікті тізбелеріне қосылады.


5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Бағдарламаны іске асыру 2 кезеңде жүзеге асырылады:

1 кезең – 2012 жыл (пилоттық) Пилоттық жылда Бағдарламаның бағыттары бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудің тәртібі, тетігі және жағдайлары айқындалады, бағдарламаны іске асыруға қатысты мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, сондай ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылықта және әлеуметтік секторда жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын дайындау кезінде өңірлерге консультациялық көмек көрсетіледі.

2 кезең – 2013-2020 жылдар.

Бұл кезеңде моноқалаларды дамыту бойынша толық ауқымды тиімді жұмыс жүзеге асырылады.


6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасы заңнамасында шектелмеген өзге де көздер шегінде жүзеге асырылады.

Пилоттық 2012 жылы моноқалаларды бірінші кезектегі проблемаларды шешуге арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру 6 000,0 млн. теңгені құрайды.

Республикалық бюджеттен шамамен: 2013 жылға - 38 200,0 млн. теңге, 2014 жылға - 43 200,0 млн. теңге, 2015 жылға - 53 900,0 млн. теңге қарастырылған.
____________________

7. Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған

бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с №



Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Көзделген шығыстар

(млн. теңге)



Қаржылан-дыру көздері

Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет