Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор



жүктеу 4.28 Mb.
бет13/17
Дата01.04.2016
өлшемі4.28 Mb.
түріМонография
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
: repository -> history
history -> Методика диагностики основных параметров психического состояния тестом люшера
history -> Тұрсын Жұртбай: Қазақ әдебиеті «Абай жолы» романынсыз қалар еді
history -> Ііі том: талқЫ Үшін пайдаланылған әдебиеттер тізімі
history -> Байғали Досымжанов
history -> Қазақстанды қуатты мемлекет ету барысында бүгінгі қазақ зиялысының да арқасында ауыр жүк тұрғаны анық. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі интеллигенция өзінің мойнына жүктелген ұлт сенімін қаншалықты ақтай алып отыр?
history -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
history -> Абай мектетебі
history -> Файл: Абай жолы «Абай жолына» 70 жыл
history -> ҮШінші бөлім: «БҰзылған бесік » «Бізді аямасаң да жолыңда жатқан бесікті аясаң болмай ма?!»
history -> Абайдың шәкірттері туралы. 1951 жылы, 6-апрель күні Алматыда қорғалған «Абайдың әдебиет мектебі»

12.4. Тұлғалық бағыттың негізгі ұстанымдары
Мұгалім заңдары: баланы сүйу, баланы түсіну, балаға деген жоғары сенім.

Принциптер: баланы, қоршаған ортаны ізгілендіру, бала тұлғасын құрметтеу, баланы кемелдендіру үдерісіндегі шыдамдылық.

Өсиеттер: баланың өсу, даму шексіздігіне сену, балаға болған инабатты катынасты қастерлеу.

Бала бойындағы тіректер: дамуға, есейуге, еркіндікке ұмтылыс.

Мұгалімнің тұлгалық сапалары: қайырымдылық, ақ көңілділік пен шыншылдық, жанпидалылығы.

Барша тәрбиелік жүйе баланы өмірге уағызды дайындау принципі негізінде құралмай, педагог тарапынан күнділкті тұрмыс-әрекет қажеттілігі ретінде түсіндіріліп, қабылдануы тиіс. Балалық шақ өте күрделі міндеттері және толғаныстарына толы аса маңызды өмір кезеңі ретінде танылып, түзілуі шарт.



12.5. Әркилы денгейлі ұқтыру, үйрету
Әлемдік тәжірибеде тұлғалық бағыттағы тәрбие, тәлім идеясын іске асыру әрекеті талай мәртебе болғаны белгілі. Мұндай педагогикалық қадамдар әр дәуірде өз бастауларын Жан Жак Руссо, Г.Пестолоцци, Г.Д.Хорой, М.Монтессори және басқалардың тәрбие идеяларынан алып отырған. Бұл педагогтар тұжырымдарының әрқилылығына қарамастан, олардың басын қосатын негізгі мәселе - еркін тұлға қалыптасуына ықпал жасау жолдарын ашу. Г.Песталоцци: «Менің шәкірттерім жаңалықты менің арқамда білмейді, олар бұл жаңалықты өздері ашады. Менің басты міндетім - оларға ашылысуға, меншікті ой, пікірлерінің дамуына көмектесу" - деп жазған. Нақ осы идеялар айқын мектеп немесе сыныптағы балалардың ата-анасымен байланысты дүниеге келген айқын тәлім жүйесіне негіз берді.

Айқын тәлімнің негізгі принцитері келесідей: жеке даралықты тәрбие (үйрету); жеке табыс жауапкершілігі; қызметтестік, үздіксіз тәлім бағыты. Тәрбие, тәлім орталықты басқарудан босап, даралықты бағдарламаларменен жүргізіледі. Жан Жак Руссо идеяларымен сусынданған айқын мектептер көбіне өз шәкірттерінің тар мағынадағы білімімен емес, олардың өмір жағдайларымен, көңіл-күйімен, икем-құмарлықтарымен байналысты бағаланды.

Бұл мектептердегі тәрбиеленушілердің өз жауапкершілігіне иек артқан шәкірттер белсенділігі өте жоғары дәрежеде болады.

Шәкірттердің әрбірі өздері түзген күнделік жоспарымен мұғалімнен мүғалімге өтіп, орындаған жұмыстары бойынша есеп береді, өз бетінше істелінуі қажет келесі тапсырмаларын алады немесе мұғалім басшылығымен өздері семинар дәрістерге жолдама қабылдайды. Баланың барша іс-әрекеті арнайы пәндік жұмыс парақтарында хатталады.

Мұндай технологияның теориялық негіздемесі келесідей педагогикалық үлгіні (парадигманы) арқау етеді: топ не сыныптағы шәкірттердің басым көпшілігінің денгейіндегі айырмашылық сабақ материалын ұғынуға бөлінген уақытпен айқындалады. Егер әр баланың жеке қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сәйкес уақыт берілсе, онда мектеп бағдарламасының өзекті қорының міндетті игеріліуіне кепілдік етуге болады (Дж Кэролл, Б.Блум, З.И.Колминова және т.б).

Денгейлі жүктемені ұстанған мектепте тәрбиеленушілер ағымы ауыспалы және салыстырмалы тұрақты, құрамы бойынша біртекті топтарға бөлінеді. Әр топ бағдарлама материалын әрқилы білімдік денгейде игеріп барады: 1) ең төменгі (мемлекеттік стандарт), 2) базалық, 3) шығармашылық.

Негізгі принциптері:

жаппай таланттылық т.б.

дарынсыз адам болмайды, қалағанына кезіге алмай, өз ісімен шұғылдана алмаған адамдар бар;

өзара артықшылық - егер біреудің басқалармен салыстырғанда бір нәрсесі тәуір болса, сол нәрсенің өнімді болуы тиіс, мәселе - сол өнім беретіндей тетікті іздеу қажетгілігінде;

«үмітсіз шайтан» - өзгеріс болмауы мүмкін емес, адам жөніндегі пікірдің бірде бірін соңғы сөз деп қабылдау жөнсіздік.

Айқын мектептің үйымдасу жобасы:

1. Мектеп сыныптарының бір текті құрылымын алғашкы тәлімнен бастап нақтама негізінде тұлғаның өзгерісті сапалары мен жалпы тәлімдік ептіліктерін анықтау аркылы жасақтау.

2. Әрқилы деңгейде тәлім-білім үйретуге ынғайлы топтарды іріктеу аркылы орта буын сыныптарының ішкі жіктемесін жасау (базалық және баламалы - математика, тіл және әдебиет бойынша). Топқа қосу шәкірттердің ерікті қалауы мен танымдық қызығуына орай жүргізіледі.

3. Негізгі мектеп пен жоғарғы сыныптарда психика-дидактикалық нақтама, сараптама, бағалау, мұғалімдер мен ата-аналардың ұсыныстары және балалардың өз қалауына негізделген бір бағытты тәлім енгізу.

Мұндай тәлімдік технология идеясын іске асыруда педагогикалық ұжымдарды қызықтырып тұрғаны - базалық білімдерді игеруде барша шәкірттер бірдей кепілді нәтижеге қол жеткізеді; әр шәкірт ілгеріленген деңгейде өз бейімділіктері мен қабілеттерін өз мүмкіндіктеріне орай іске асыруға жол табады.

Айқын мектеп түсінігі оның тәлім жүйесінде қолданған бағыт-бағдарына ғана байланысты болмай, сол мектептің ұйымдасуы, жоспарлы және ішкі жабдықталу көрінісіне де орайласқан

Мұндай мектепте сынып бөлмелері болмайды, дәлірек айтсақ, олардың саны шектелген, дәрісханалар мұғалімнің бірнеше шәкіртке не бүкіл сыныпқа бір нәрсені түсіндіруі керек болған жағдайда қажетті.

Жұмыс күні қоршау бөліктері болмаған кең залда өтеді, әр пән және әр денгейлі сынып мұғалімдерінің столдары кең залдардың әр бұрышына қойылады, ал шәкірттер жоспарларымен бір мұғалімнен екіншісіне ауысып барады. Егер қайбір шәкірттің шаршағаны сезілсе не жай демалғысы келсе, оған осы бөлмеде арнайы жабдықталған бұрышта тыныс алу мүмкіндігі жасалады.

Әңгіме мәні: бір балалар таңертеңнен еңбекшіл, басқалары - күннің екінші жартысында еңбектенуді ұнатады, біреулері мұғалімің әр қадам сайын көмегіне мұқтаж және біреулері нақты сұраққа жауап бергенді ұнатса, ендігісі дарындылығына қосымша, шығармашыл тапсырмаларды алғанды қалайды.

Дәстүрлі мектеп тәрбиеленушілер тұлғасынын барша сапа - қасиеттерін ескере алмайды. Нәтижеде, материалды көзбен көре ұғуға қабілеттері бола тұрып, мұғалімнің құрғақ сөзін тыңдаумен, дереу жауап беруге мәжбүр, ал және бір шәкірттер тобы күннің екінші жартысында жұмыс істеуге ынталы келе тұрып, өзіне ыңғайсыз таңертең сабаққа қатысуға міндетті. Қазіргі заман мектептерінде тәрбиеленушілердің ыңғайына орайластырылмаған көптеген әлеуметтік, қоғамдық, мектепішілік, рухани, заттасқан кедергілер мол. Осыған дейінгі тәрбие ісін жолға қою көп қиыншылыққа кезігуде.

Қалай болғанда да дәстүрлі мектеп шарттарынан арылып, әр шәкірті даралық тәлімге тартып, белсенді іс-әрекетке баулу, кезіккен тұрмыс, білімдік мәселелерді мүмкіндігінше өзі шешуіне бағыттау, өзінің шығармашыл қабілеттерін дамытып, рухани дүниесінің қанаттануына жәрдемдесу – бүгінгі тәлімнің аса құнды міндеттері.
12.6. Білімді толық игеру технологиясы
Білімді толык игеру технолоғиясының авторлары американдық психологтар Дж Кэролл, Б. Блум және олардан ізбасарлары.

Дж. Кэролл ұсынысы: тәлімнің тұрақты өлшемі – нәтиже болуы тиіс, ал тәлім жүргізу шарттары - әр шәкіртің алдын-ала белгілегеніп, көзделген нәтижеге қол жеткізуіне ыңғайластырылған тапсырмалары ауыспалы болуы қажет. Осы тұжырымды қолдап, әрі қарай дамытқан Б.Блум шәкірт қабілетін орташаландырылған тәлім игеру желісімен емес, әр тәрбиеленушіге қолай жасалған жағдайларға байланысты анықтауды ұсынды. Б.Блум бала қабілетін оның материалды игеруге бөлінген уақытын шектемеу жағдайында зерттеді. Тәлім, білімдену үдерісін дұрыс ұйымдастырған жағдайда, әсірсе қатқыл уақыт шартын қоймағанда, шәкірттердің 15% бағдарлама мазмұнын толық игеру мүмкіндігі ашылды. Егер сабақ шарты баршаға бірдей болса, шәкірттердің көбі «орташа» нәтижеден ары аспайды. Мұндай технологияны іске асыру үшін дәстүрлі сынып-сабақтың жүйесіне түбегейлі өзгеріс енгізу қажет.

Бұл үшін тәрбиеленушілер тобын сапалық категорияға ажырата білу қажеттігі туындайды. Мұндай категориялар тобы келесідей болуы мүмкін:

уақыт ауқымына қарамастан алдын-ала белгіленген білім және ептіліктер денгейіне жету мүмкіндігі шектелген, қабілеті кем балалар;

басқалардың күші жетпеген күрделі тапсырмаларды орындау қабілеттері күшті, талапты шәкірттер (5%); .

білім және ептіліктерді игеруге бөлінген уақыт мөлшеріне тәуелді шәкірттердің басым көпшілігі (90%).

Аталған қөзқарастар тұрғысынан Дж. Блум және Л.Андерсен білімдерді толық игеру негізіндегі тәлім әдістемесін ұсынады. Мұндай әдістеменің бастау көзі - осы жүйеде қызмет жасайтын педагогтың келесі ұстанымы: тәлім үдерісі ұтымды ұйымдастырылған жағдайда тәрбиеленушілердің қажетті сабақ материалын толық игеріп алуына қабілеттері жетеді.

Бұл үшін педагог толық игерімнің және көздеген нәтижелерді анықтауы, педагогикалық мақсаттардың қарапайымынан күрделісіне бағытталған бірізділікті нақтылап, ой әрекеттерінің, сезімдік тапсырмаларды және психикалық аймақтар қозғалысын өзара үйлесімді байланысқа келтіруі тиіс. Мақсаттар тобы эталонға сай жұмыс істегенін дәлелдеуі үшін шәкірттердің орындайтын әрекеттері мен амалдары негізінде белгіленеді.

Танымдық іс-әрекет мақсаттарының қарапайымнан басталып күрделене түсу тізімі:



білім: шәкірт нақты бағдарламада берілгенін есте қалдырады және жаңғыртады (термин, дерек, ұғым, принцип, амал), яғни «есте қалдырдым, қайта жаңғырттым, білдім»;

тусінім: шәкірт игерген материалын бір қалыптан екінші формаға ауыстырады - «түсіндірдім, дәлелдедім, дәйік келтіре баяндадым, бір дағдыдан басқасына өткіздім»;

қолдану: шәкірт игерілген материалды нақты және жаңа жағдайда қолданып, көрсете білді:

талдау: шәкірт бүтінді бірлікке келтіреді, олар арасындағы тәуелділіктерді ашады. Бүтінді құрастыру принциптерін аңдауға үйренеді - «бүтіннен бөлшек шығардым»;

синтез: шәкірт жаңалықты бүтін жасауы үшін бөлшектерді біріктіру ептілігін игереді «жаңалықты бүтіндік жасадым»;

бағалау: шәкірт көзделген нақты мақсатқа арналған сабақ материалының маңыздылығына баға береді - «игеру нысанасының құндылығы мен маңызын таныдым».

Б.Блум ұсынған мақсаттар атамалары шет елдерде кең таральш, қабылданды. Осы жүйеде тәлім нәтижесі бағалануда.


12.7. Жобалау әдісі
Әлемдік педагогикада жобалау ісі түбегейлі жаңа әдіс емес. Жобалау әдісі өткен ғасыр басында АҚІІІ-та пайда болған. Бұл әдіс сондай-ақ проблемді деп те аталған және ол американдық философ-педагог Дж.Дьюи және онын ізбасарлары У.Хилпатрик ұсынған философия және тәлім жүйесіндегі гуманистік бағыт идеяларына сабақтаса келеді. Дж. Дьюи тәлім, білім үйретуді баланың қызығуына сәйкес белсенділік негізінде, нақты мақсатты көздеген іс-әрекет арқылы ұйымдастыруды ұсынды, осылай болған да ғана нақты өмір, тұрмыстан туындаған проблема бала үшін таныс әрі маңызды келіп, игерген білімін оны шешуге пайдалану қажеттігі өріс алады. Мұғалім жаңа ақпарат көздерін ұсынып немесе шәкірт ойын қажетті бағытқа бұрып, дербес іздену жолына салып, белгілі білімдер қорын игеруді керек ететін нақты проблемаларға ынталандыра, қызықтырып, бір, бірнеше проблемалар шешімін көздеген жобалау іс әрекеті арқылы жинақтаған білімдерінің тұрмысқа қолдану жолдарын көрсетуі тиіс, яғни теориядан практикаға өтіп, академиялық білімдерін іскерлік прагматизммен байланыстыра, тәлім-тәрбиенің әр кезеңінде олардың әрқайсысының қай шамада қажет боларын ұқтыру - мұғалім парызы.

Шәкірттер білімді шынайы қажеттік ретінде қабылдауы үшін оның өзіне маңызды келген проблеманы қойып, өз белсенділігімен шешу талабын тарту лазым. Нәтижені сырттай көруге, ұғуға, тұрмыс-тәжірибеде қолдануға болады. Ал іштей нәтиже сол білімге деген ынта мен ептіліктер, біліктілік және құндылықтар.

Жоба әдісін дайындап, әлемде бірінші больш білімдену жобаларын ажырата топтастырған американдық профессор Коллинге болды. Оның ойынша, тәлім-білім тиімділігін көрсетуге бағытталған жобалар түрі келесідей болуы мүмкін:

Ойындық жобалар - әрқилы ойындар, халық билері, сахналық қойылымдар және тағы басқалар. Мақсат – балаларды топтық қатынастарға тарту.

Саяхаттық жобалар – қоршаған табиғат және қоғамдық өмірмен байланысты жағдайларды мақсатты түрде зерттеп үйрену.

Баяндама жобалары – мақсаты - әрқилы формада әңгімелесуден (ауызша, жазбаша, ән орындау, күй тарту және т.б) қанағат табу.

Құрастырушылық жобалары - нақты пайдаға жарағандай өнім жасау (құс үясын жасап, жоғарыға ілу, мектеп театры сахнасын құру, көпір салу, ойын алаңын түзу және т.б.)

Жобалау әдісінің негізіне шәкірттердің таным дағдыларының дамуы, өз білімдерін өз бетінше құрастыра алу ептіліктері, ақпараттық кеңістікте бағдар таңдау шеберліктері, сындарлы ой дамуы алынған

Жобалау әдісі әрдайым балалардың белгілі уақыт аралығында орындайтын дербес - жеке-дара, жұптасқан жұмыстарына бағдарланады. Бұл бағыт шәкірттерді топтастырып үйрету, білім игеру істерімен сәйкес келеді. Жобалау әдісі қай уақытта да, бір жағынан, әрқилы әдістер мен құралдарды пайдалануға, екінші жағынан - әртүрлі ғылымдар, техника, технология, шығармашылық саласынан қажетті білімдер мен ептіліктерді біріктіре ұсынуға қолайлы. Жобалардың орындалу нәтижесі барша уақытта сезімді болуы қажет, яғни, егер проблема теориялық болса, оның шешімі, ал практикалық болса, оның нақты пайдалануы, көзге түсер нәтижесі болуы шарт.

Жобалау әдісін пайдалана білу ептілігі мұғалімнің жоғары біліктілігінің, баланың білім игеруі және дамуына тиімді озат әдістемесінің көрсеткіші. Бұл технология, ең алдымен, адамның постиндустриялды қоғамның шалт өзгрістеріне икемденуін көздеген XXI ғасыр технологиясы деп бекер аталмаған. Жобалау әдісін пайдалануда қойылатын талаптар:



  • шешімі бірігімді білімдерді, ізденісті зерттеулерді қажет ететін тұрмыстық мәнді де маңызды тапсырмалардың болуы (мысалы, әлемнің әртүрлі аймақтарындағы демографиялық мәселелерді зерттеу, қышқылды жаңбырдың қоршаған ортаға келтірер зиянын ашу және т.б.);

  • ниетті нәтижелердің тәжрибелік, теориялық, танымдық маңызының болуы (мысалы, аймақтың демографиялық жағдайы жөнінде тиісті орындарға хабарлап тұру, әртүрлі жерлердегі тоғай, орманды қорғау, мәдени-қоғамдық шаралар жоспарын түзу және т.б.). Шәкірттердің дербес (жеке-дара, жұптасқан, топтық) іс-әрекеттері;

  • жобаның мазмұндық бөлігін құрастыру (кезеңді нәтижелерін көрсетумен);

Зерттеу әдістерін пайдалану келесідей: қойылатын мәселені және туындайтын міндеттерді белгілеп, оны шешуге байланысты болжамдарды алға тарту, соңғы нәтижелерді өрнектеп, алынған деректерді талдау, қорытынды шығару, түзетулер енгізу. Әрқилы жағдайлардағы жоба тақырыбын таңдау әртүрлі жолмен анықталуы мүмкін. Бұл жағдайларда оны бекіткен бағдарлама шеңберінде тәлім-тәрбие мекемелерінің басшылары ұсынуы мүмкін, және бірде тақырыпты өз пәні жағдайларын, өзінің кәсіби қызығулары мен шәкірттерінің қабілеттерін ескерумен мұғалім тарапынан ұсынылуы ықтимал. Үшіншіде - жоба тақырыбы шәкірттер тарапынан өз қызығушылығына сәйкес тек танымдық сипатта ғана болмай, қолданбалы, шығармашыл формада алдағы міндеттер есебінде қолға алынуы мүмкін. Сондай-ақ, жоба тақырыбы мектеп бағдарламаларының теориялық мәселелерін де қозғауы мүмкін.

Жобалап тәлім жинақтау мақсаты шәкірттердің, келесідей білімдік әрекеттеріне орай қойылады:



  • әрқилы ақпарат көздерінен жеткіліксіз больш тұрған білімдерін өз бетінше әрі қалауы бойынша игереді;

  • игерген білімдерін танымдық және тұрмыстық міндеттерді шешу үшін пайдалануға үйренеді;

  • әрқилы топтар жұмысына қатыса отырып, қарым - қатынастық ептіліктер игереді;

  • өздерінің зерттеушілік ептіліктерін дамытады (міндеттер белгілеу, ақпарат жинау, бақылау, эксперимент кою, талдау, болжам жасау, қорыту);

  • жүйелі ой топшылау ептілігін дамытады.

Жобалау технологиясының бастау бағыттары:

  • басты назарда - тәрбиеленуші шәкірт, оның шығармашыл қабілеттерінің дамуына көмектесу;

  • тәлімдік жүйе сыныптық пән кисынымен құрылмай, шәкірт үшін тұлғалық мәнге ие іс-әрекеттердің қисынына негізделеді, осыдан баланың тәлім, білімге деген талпынысы артады;

  • жоба бойынша жеке-дара жұмыс қарқыны әр шәкірттің өз даму деңгейіне орай іс жасауына жол ашады;

  • тәлім жобаларын дайындаудағы кешенді бағыт шәкірттің негізгі физиологиялық және психологиялық мүмкіндіктерінің теңдей дамуына жәрдемдеседі;

  • базалық білімдерді әрқилы жағдайларда әмбебап қолдануға үйренеді.

Бір нәрсені қолға түсіру, соның жолында қандай да тіршілік қамын жасап, өзі үшін - жаңалық ашу мен оны құрастырылған өнімге айналдыруға үйрету - тәлім ұсынудың ерекше формаларын қажет етеді. Олардың арасында жетекші болатыны жасанды ойын.

Ойын - адамның нақты (немесе кияли) болмысты зерттеп, білу жолында оған тереңдей шомудың өте еркін де табиғи формасы. Осы еркіндік пен табиғилықтан адам өз «менінің» шығармашылдығын, дербестігін, өзіндік белсенділігін, өз мүмкіндіктерін ашып, іске асырады. Ойында ғана бала өз рөлін, орындайтын міндеттерін - ерікті таңдай алады.

Ойынның өзіне тән қызметтері:


  • психологиялық күйзелісті күштенуден құтылып, көңіл-күй жеңілдігін табады;

  • психотерапиялық (балаға өзіне және басқаларға болған қатынастардың ортақтасу әдіс-тәсілдерін өзгертуге көмектеседі, көңіл-күйін жақсартады);

  • технологиялық (шамалап болса да, ой-өрісті шындық аймағынан шығарып, болмысты өзгеріске келтіретін фантазия қанатында самғауға жәрдем береді.

Ойында бала өзін қатерсіз, жайлы сезініп, өз дамуына қолайлы психологиялық еркіндікте болады.
12.8. Дальтон технологиясы
Жобалау әдісімен идеялас - бұл Дальтон технологиясы. Мүмкін, «Дальтонды» өз алдына технология деп атауға әлі ерте шығар, алайда оны ерекшелейтін негізгі өзіндік сипаттары: мақсаттары, бастау идеялары, мазмұны, формалары, мұғалім мен шәкіртің әрекеттері - көзге түсерліктей.

Дальтон - АҚШ қаласы. Осы арада алғашқы рет аталмыш технология іске қосылып, тәлім тәжрибесіне ендірілді. Аталуы да осыдан. Қазіргі күнде мұндай әдістеме АҚШ-та, Голландияда және басқада батыс елдерінде кең тараған .

Американ педагогы Хелен Паркерхерст мектеп жағдайларын зерттей жүре, келесідей қорытындыға келді: тәлім - тәрбие мәжбүрлеуге негізделген, балалардың өз ойын еркін білдіруге болған табиғи қалауы осыдан шектеулі, сұрақ қоюға рұқсат жоқ. Осыдан, ізденімпаз педагог шәкірттердің тәлім жүйесіндегі өмірлік іс-әрекеттерін ұйымдастырудың жаңа бағыттарын қарастыруға міндетіне алды. X.Паркерхерст балаларды әлеумет ортасында жасауға, ақыл-есі, тән-дене және рухани дамуға үйрету мақсатын алға тартқан зертханалық жоспар дайындап шықты.

«Зертханалык жоспар» технологиясы негізінде тәрбие, тәлімнің жеке даралаған мақсаттарын іске асыруға арналған мұғалім мен шәкірт іс-әрекеттерін біріктіре пайдалану идеясы жатыр.



Дальтон технологиясының мақсаттары:

  • балалардың жеке-дара дамуын қамтамасыз ету;

  • оқу танымдық іс-әрекеттері барысында шәкірттердің қызметтестік, жауапкершілік және дербестік сапаларын көтеру арқылы олардың әлеуметтік тәжірибесінің дамуын қамсыздандыру.

Дальтон технологиясының теориялық бастаулары келесідей: Дальтон жоспары – бұл дәрісханалық оқу-үйретімді үш принципке - еркіндікке, дербестікке, қызметтестікке негізделген тәлім дәрісімен біріктіру. Аталған үш принцип - жетекші гуманистік арнасында бірігімге түседі. Дальтон технологиясы арқау еткен философияның мәні осында.

Еркіндік принципі. Еркіндік-бұл шәкірттің пәнді, тақырыпты, әріптесті, білім көздерін, формалары мен тәсілдерін өзі таңдап алу құқығы. Алайда, бұл еркіндік жауапкершілікпен байланысты: мақсатқа жетудегі соңғы деңгейлі ерікті орындалған әр тапсырманы мұғалім бағалайды. Әр шәкірт жеке орындалған жұмысы бойынша мұғалім алдында есеп береді.

Дербестік принципі. Дербестік - бұл әр шәкірттің деңгейі мен өзіндік даму бағдарын, шешім қабылдаудағы дербес әрекеттері мен сол таңдауға орай жауапкершілігін өз мойына ала білуі;

Қызметтестік принципі. Қызметтестік - бұл оқу-үйретім танымдық іс-әрекеттер формасын іріктей білуі: жеке дара іс-әрекет, жұптасумен болған әрекет және шағын топтағы әрекет.

Бұл таным үдерісіне түскен балалардың бірін-бірі сыйлануына, екінші адамды мұқият тыңдауына, оны түсінуіне, онымен байланысқа келіп, білікті шешім қабылдауға үйренуіне, оған сенуі мен көмек беруіне, топтық жұмыс бойынша жауапкершілікті ұғынуға мүмкіндік ашады. Мұндай жағдайдағы жәрдем мәні - қойылған мәселеге орай жауапты қайдан және қалай табу қажеттілігін көрсете алу.

Сонымен, бұл технологияның басты идеясы - жұмысты қалаған адамыңмен істе, кіммен жүретініңді өзің танда, ал орындалған жұмыс бойынша жауапты тек қана өзін бересің. Тапсырмалар Дальтон технологиясының өзегін құрайды. Ал олардың бәрі шығармашыл сипатта болуы тиіс.

Әр шәкіртің жеке орындалған тапсырмасы мұғалім тарапынан ғана тексеріліп қоймастан, жұмыс басқа шәкірттер тексеруінен де өтіп, содан кейін ғана нәтиже бағаланады. Әр тапсырма үшін баға қойылмайды, тек орындалуы ескеріледі, соң мұғалімнің ауызша бағасы беріледі.

Дальтон жоспарын дайындау барысында Х.Паркерхерст пән бойынша барша материалды төрт бөлімге ажыратуды «оқу тоқсандарына байланысты», кейін әр бөлімді - айға және тоқсанға, ақырында - апта санына бөлуді ұсынды. Ал бұл әр күнгі, апталық және айлық тапсырмалар белгілеуге негіз болады.

Тапсырмалардың өзіне қойылатын талаптар келесідей:


  • тапсырмалар деңгейлік сипатта;

  • тапсырмалар алу бағдарлама материалының ауқымды көлемін қамтиды;

  • тапсырмалар мақсаты дәл, нақты орындау нәтижесімен анықталады;

  • тапсырма шәкіртке түсінікті әрі қызықты болуы тиіс;

  • тапсырмалар әр шәкірттің орындау мүмкіндігіне орайласқан. Бұл үшін тапсырмамен бірге нұсқаулар беріледі, әдебиеттер көрсетіледі, орындау мерзімі белгіленеді;

  • тапсырмалар әрқилы формаларда орындауға қолайлы, орындау барысында басқалармен ақылдасуға болады;

  • тапсырмалар бойынша есеп беру, өзіндік қадағалау жағдайлары (топта шығып баяндау) ескерілген;

  • тапсырманы орындау барысында жәрдемді қайдан, кімнен алу шәкірт үшін анық болуы қажет;

  • тапсырма мазмұны күні ілгері және бір ізді талқылауды қажет етеді.

Нақты тапсырмалар жүйесін орындау арқылы, ең алдымен, баланың жеке-дара дамуы іске асады.

Дальтон жоспарын іске асыруда технология авторының қолдаған «зертхана», «үй» ұғымдарының маңызы өз алдына.



Зертхана - бұл өз бетінше тапсырма орындау, дәрістерге қатысу үшін шәкірттің оқу кестесінде белгіленген уақыты.

Үй - бұл үйдегі еркіндікке жақындататын шарттар: жайлы жұмыс орны; кіммен бірге тапсырманы орындау қажеттігін таңдау еркі; кеңесшілер тобынын болуы және тағы басқа.

Бастапқы теориялық бағыттарды іске асыруға байланысты маңызды мәселелелердің бірі - Дальтон жоспарын іс жүзінде айғақтау формалары. Бұл тұрғыда сыныптық сабақтарды, зертханалық дәрістерді, конференцияларды атауға болады.

Сынып сағаттарының мақсаты: теорияны игеру, ептіліктер мен дағдыларға жаттығу және оларды бекіту. Сынып - сабақтық жүйенің негізгі құрамдас бөліктері дәрісбаяндар, бақылау, қадағалау сабақтары, ұжымда жауап алу (рефлекция) дәрістері.

Ұжымдық сабактың келесідей ерекшеліктері сақталуы тиіс:



  • тәжірибелік іс-әрекеттер барысында шәкірттердің көпшілігінде пайда болатын кедергі психологиялық-дидактикалық жағдайлардың жойылуы;

  • мұғалім - талқылау үдерісін ұйымдастырушы және оған қатысушы;

  • шәкірт - ұйымдасу іс-әркетінің қатысушысы және субъекті;

  • ұжымдық сабақтың нәтижесі қандай да мәселенің шешімі және сол арқылы туындаған (әр бала үшін өз алдына) міндеттер мен қайшылықтар.

Мұндай сабақтарда шұбырта дәрісбаян оқуға, талқылауға, қабылданған тақырьштан тайқуға болмайды; қорытынды білімдік сипатқа ие болуы тиіс; әр шығып сөйлеуші нақты бағасын алуы қажет.

Зертханалық дәрістер.

Бұл форма белгілері:



  • қажетті әдебеиттер, оқу құралдары, анықтамалар және т.б. жинақты жұмыс орны болуы;

  • өз тапсырмасын орындауға толық енуі үшән шәкіртке қажет ұзақ мерзімді уақыттың бөлінуі;

  • бір немесе бірнеше көмекшілердің жәрдем беруі;

Шұғылдану барысында шәкірт тапсырманы өз қарқынымен жеке-дара немесе жолдасымен жұптасып, ұжыммен бірлікте орындайды. Мұндайда мұғалім қызметі: талапкерлерге кеңес береді, олармен орындалған жұмыс нәтижесі бойынша сұхбаттасады, сынақ қабылдайды, жаңа тапсырмалар береді. Зертханалық жұмыс кезінде жалпыланған талқы болмауы тиіс, жеке және топтық жұмыстарға орынсыз араласуға тиым салынады. Мұғалімнің бұл реттегі мүмкіндігі - шәкірттер іс-әрекетін бақылап отыру.

Конференция. Конференция ерекшелігі: мүмкіндігінше бірігімді (интегратив) сипатқа келтірілген теориялық мәселелерді толық ұйымдастыру. Әсіресе,; адамзат мәселелері мен құндылықтарына байланысты тақырыптарды қозғау.

Конференцияның басты белгілері:

  • дайындық кезеңінің қажеттігі;

  • хабарлама емес, баяндама формасын пайдаланумен жеке пікір, көзқарас білдіру маңызды келеді.




1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет