Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор



жүктеу 4.28 Mb.
бет16/17
Дата01.04.2016
өлшемі4.28 Mb.
түріМонография
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
: repository -> history
history -> Методика диагностики основных параметров психического состояния тестом люшера
history -> Тұрсын Жұртбай: Қазақ әдебиеті «Абай жолы» романынсыз қалар еді
history -> Ііі том: талқЫ Үшін пайдаланылған әдебиеттер тізімі
history -> Байғали Досымжанов
history -> Қазақстанды қуатты мемлекет ету барысында бүгінгі қазақ зиялысының да арқасында ауыр жүк тұрғаны анық. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі интеллигенция өзінің мойнына жүктелген ұлт сенімін қаншалықты ақтай алып отыр?
history -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
history -> Абай мектетебі
history -> Файл: Абай жолы «Абай жолына» 70 жыл
history -> ҮШінші бөлім: «БҰзылған бесік » «Бізді аямасаң да жолыңда жатқан бесікті аясаң болмай ма?!»
history -> Абайдың шәкірттері туралы. 1951 жылы, 6-апрель күні Алматыда қорғалған «Абайдың әдебиет мектебі»

Авторлық түсіндірме-тәржімә сөздік
Адам - ойлау сөйлеу қабілеті бар, еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жұмсап білетін қоғамның саналы мүшесі (человек).

Адамзаттың болмыстық тәжірибесі – тек өкілдерінің игеру мүмкіндіктеріне орайластырылған адамзаттың рухани және заттасқан барша мәлениет қоры элементтерінің жиынтығы (обьективизированный опыт человечества).

Адамның субъекттік тәжірибесі – тек өкілінің жеке тұрмыс-тіршілігінде танып, біліп, топтаған және бұрыннан өзі орындап жүрген амалдары, әрекеттері, іс-әрекеттері тәжірибесі негізінде игерген білімдерінің жиынтығы (субьективный опыт человека)

Амал – оқу-үйретім барысындағы технологиялық іс-әрекеттің қандай да бір не бірнеше элементін орындауға бағытталған лаж (операция).

Анықтама – қарастырылудағы ұғымға байланыстырылып және таңдалған терминімен белгіленеген қасиеттер тобының сипаттамасы (определение).

Әрекет – көзделген жеке мүддеге қол жеткізу үшін субьект тарапынан саналы орындалатын амал не амалдар жиынтығы (действие).

Әрекеттің бағдарлық негізі - әрекет мақсатына қол жеткізу және сол әрекеттің дұрыс орындалуы үшін саналы іріктелген амалдар мүмкіндігін айқындаушы білімдер жиынтығы (ориентировочная основадействия).

Әдіснама – барша ғылымдарға ортақ келетін танымның бастау бағыт-бағдары (методология).

Басқарымды игерім – тек өкілінің мұғалімнің тікелей не жанама басшылығында іске асатын нақты мақсатқа бағдарланған игерімі (управляемое усвоение).

Бейсана игерім – күнделікті қажеттерді қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеттер не әрекет-қимылдар үдерісінде субъекттің адамзаттың болмыстық тәжірибе элементтерін ой қатысынсыз, жол-жөнекей игеруі (спонтанное усвоение).

Белсенділік субъекті – қандайда іс-әрекет орындауда жоғары ынталылық пен ұмтылыс байқатушы тек өкілі (субьект ативности) .

Болмыстық күйге келтіру – субьекттік тәжірибе нәтижесін өзге адамдардың саналы қабылдауына икемдестіру (объективизация)

Білім – тек өкілінің тілегімен өз хабарламасы не әрекетінде жасалып қолданылатын игерілген не танымдық сөздік, бейнелік, рәміздік немесе амал-әрекеттік мәліметтері. Оқу-үйретім барысында обьектив мәліметтер тек өкілінің субьектив білім, ептілік, дағдылар қорына өтеді (знание.)

Дәріс – оқу-үйретім не тәрбие материалына арналып, өткізілетін әрқандай педагогикалық үдеріс элементі (занятие).

Даму – тіршілік иелерінің өздеріне жаңалықты келген белсендік амалдарын іске асыруға жәрдемдесетін сандық және сапалық психика және ағза өзгерістері, тек өкілінің ақыл-есі мен тән-дене жетілуі және оның бойында соны қабілеттер мен психикалық, құрылымдардың қалыптасуы (развитие).

Даралық – нақты адамның келбеті, ден саулығы, дамуы, әрекет-қылығы, мінезі, білімі, қандай да іс-әрекет түрлерін игеруі, психикалық және әлеуметтік сапаларының қайталанбас ерекшеліктері жиынтығы (индивидуальность).

Дағды – тұрақты сана қадағалауын талап етпейтін автоматты орындау амалдары (навык).

Дидактикалық міндет – оқу-үйретім субъектінің сабақ соңында пайда болуы қажет нақты дәрісте көрініп, қандай да нәтиже түрінде өрнектелетін оқу-үйретілім мақсаты (дидактическая задача).

Дидактикалық тәсіл – дидактикалық қажетті амал орындаудың бір жолы (дидактический прием).

Ерік – адамның өз іс-әрекеті мен әрқилы психикалық үдерістерін өзбетінше ырыққа көндіруі мен реттеуіне бағытталған қасиеті (воля).

Еліктеу - өзге адамдардың белсенділік ерекшеліктерін өз белсенділігіне бейсаналы не саналы көшіре, қосып алу (подражание).

Ептілік – тек өкіліне құрамдас әрекет не іс-әрекетті саналы және қажетті сапа деңгейінде орындауға мүмкіндік беретін игерім дәрежесі (умение).

Жаттығу- шәкірт жаңа материалды жақсы түсіну үшін жүргізілетін оқу-үйретім үдерісіндегі әдіс (упражнение).

Зиялылық – озат әлеуметтік ниеттерге сай келетін, жалпы адамзаттық құндылықтар басымдылығын іске асыратын, шын мәніндегі мәдениетті бойына сіңірген адамды танып, ажырата алатын тұлға сапалаларының жиынтығы (интеллигентность).

Игерім деңгейі – оқу-үйретім пәні мазмұнының кезкелген элементінің игерілуіне қойылатын бір міәнді түсінікке ие көрсетпе (уровень усвоения).

Игерім – тек өкілінің тарихи өрнектеліп, қоғам қалыптастырған қабілеттері, әрекет-қылық тәсілдері, білімдер, ептіліктер мен дағдыларды меңгеру және оларды жеке адамның дара әрекеті белсенділігі формасына ауыстыруы (усвоение).

Игерім түрлері – тек өкілінің адамзаттаың болмыстық тәжірибесін қабылдап, меңгеруінің әрқилы мүмкіндіктері (виды усвоения).

Игерім бірлігі – қазақ тілінің 20-ға шамалас сөзін қамтыған бітімі бар анықтама, пікір не сипаттама (единица усвоения).

Игерім нысаны, игерілуші ақпараттар – нақты дәрісте оқу-үйретім субъекттерінің меңгеруі үшін мұғалім тарапынан дайындалған болмыстық тәжірибенің бір бөлігі (объект изучения, изучаемые сведения).

Құмарлық – кездейсоқ ізденіс үдерісінде бейсана қажеттігі қанағаттандыру үшін орныққан қалыпты не кезіккен жағдайды өзгертуге деген тек өкілінің бейсана ұмтылысы (влечение).

Кемел - әбден толып жетілген, өскен, ержеткен.Асқан шебер, жетік алғыр (совершенство).

Көрнекілік – нақты сабақта игерілуі тиіс нысан бөліктерінің ағза мүшелері (көру, сезу ж.т.б) қабылдауына арналған оқу-үйретім материалдарын дидактикалық дайындау, өңдеу нәтижесі (наглядность).

Латентті игерім – адамзаттың болмыстық тәжірибесі элементтерінің субъект тарапынан бейсаналы жасырын игерілуі (латентное усвоение).

Мақсат – адам белсенділігі нәтижесінің күні ілгері санада өрнектелген бейнесі (цель).

Машықтану – қалыпты дағды, үйреншікті әдет орнықтыруға арналған әрекеттер жүйесі (тренировка).

Меңгеру, үйреніп алу – адамзаттың болмыстық тәжірибесінің қимылы не іс-әрекетітік элементтерін игеру нәтижесі (освоение).

Мәліметтер - өзге адамдар үшін де түсінікті нысандар не заңдылықтар, тұрмыс-тіршілік не шығармашыл іс-әрекеттері тәсілдері, бағалаудың этикалық не басқа да жолдары жөніндегі ақпараттарды қамтыған болмыстық тәжірибенің сөздік, бейнелік немесе өзге де түрдегі элементтер; барша таным түрлерінің шынайы болмыстық нәтижесі, адамзаттың болмыстық тәжірибесі элементтері (сведения).

Ниет – көзделген нәтижеге қол жеткізуге бағытталған жоспарлы бағдарламаға сәйкес әрекетті бастау және аяқтауға болған саналы ұмтылыс (намерение).

Наным – шешім шығару не баға белгілеу үшін субъект тарапынан ресми өлшем (эталон) ретінде қабылданған білім-қағида не үлгі әрекет амалы (убеждение).

Оқу-үйретім – мұғалім іріктеген не пән бағдарламасында негізделген адамзаттың болмыстық тәжірибесін балаларға игертуге арналған ұстаз және тәрбие субъектінің бірлікті іс-әрекеті (не құрамдас әрекеттері) (обучение).

Оқу-үйретім түрлері - өздеріне тән дидактикалық тәсілдерді пайдалану негізінде ажыралған тәлім-тәрбие амалдарының тобы (виды обучения).

Оқу-үйретім ақпараты – меңгеру нысанын сипаттаушы мәлімет (учебная информация).

Оқу-үйретім формасы – оқу-үйретімнің ұйымдасу ерекшеліктері (форма обучения).

Оқу-үйретім мақсаты – оқу-үйренім субъектінің нақты бір іс-әрекет түрін игеруге деген күні ілгері ниеті (оқу-үйренім субъектінің игеріліп жатқан іс-әрекет элементін қалыптастыруды сана деңгейінде жоспарлауы) (цель обучения).

Оқу-үйретім әдістері – оқу-үйретім субьекттері тарапынан игерілген нысандар ретінде нақты іс-әрекеттерге айналатын шәкірт іс-әрекеті элементтері мен жүйешелерінің меңгерілуін қамтамасыз етіп, бала психикасында, іс-әрекетінде арнайы өзгерістер туындатуға қажетті, мұғалім мен оқу-үйретім субъекттерінің бірлікті әрекеттері (методы обученмя).

Оқу-үйретім әідстемесі – нақты мұғалім тарапынан қолданылып, оның даралықты дағдыларын өрнектеуші дидактикалық қажетті әрекеттерді орындау тәсілдерінің жиынтығы (методика обучения).

Оқу-үйретім нәтижесі - оқу-үйренім субъекті үшін жаңалықты келген іс-әрекет түрін орындауға қажет шарттарды жасаушы ауысым, өзгерістер (результат обучения).

Оқу-ұсыным мазмұны – мұғалімнің (ұстаздың) дәрісте атқаратын әрекеттерінің жиынтығ (содержание преподавания).

Оқу-үйретім жолы – дидактикалық міндетті дәрісте шешу үшін қажет оқу-үйретім әдісін не әдістерін іске асырушы, мұғалім тарапынан бар құралдар негізінде таңдалған және игерілген әрекеттерді ретке келтіру үшін қолданылатын амалдар жиынтығы (способ обучения).

Оқу-үйретім субъекті - -оқу-үйретім тобы және мұғалім.Мұғалім оқу-үйретім субъектінің таңдаған болмыстық тәжірибе элементтерін игеру істерін басқарады.Оқу-үйренім субъекті – шәкірт – ұсынылған нысанды (материалды) меңгеруге арналған әрекеттер не іс-әрекеттерді орындайды (субьект обучения).

Оқу-үйретімнің технологиялық нобайы – мұғалім мен оқу-үйретім субъекттерінің нақты сабақта, шартты жағдай дәрістерінде оқу-үйретімдік жоспарлы міндетке қол жеткізу үшін қажет технологиялық және дидактикалық негізді әрекеттер бірізділігі (технологическая модель обучения).

Оқу-үйретім мазмұны - мұғалім ұсынған мәселелердің нақты сабақта шешілуі (болмыстық тәжірибе мазмұнынының белгілі бөлігінің оқу-үйренім субьекті тарапынан игерілуі) үшін мұғалім және оқу-үйретім тобы (оқу-үйренім субькеті) орындайты әрекеттер жиынтығы (содержание обучения).

Ортақтасу – араларында ақпарат алмасуды көздеген екі не одан көп адамдардың әрекеттестігі, әдетте ортақтасу адамдардың тұрмыс-тіршіліктік бірлікті әрекеттеріне (оқу-үйренім, еңбек, ұжымдық ойын) енген (общение).

Өзіндік игерім – субьекттің өзі таңдаған адамзаттық болмыстың тәжірибесі элементтерін мақсатты бағдарда меңгеру әрекеті (самостоятельное усвоение).

Педагогикалық әдіснама – даму желісіндегі қоғамда үздіксіз жүріп жататын педагогикалық болмысты шынайылылықпен бейнелеуші тәлім және тәрбие теориясы мен құрылымын қалаудың негіздері, педагогикалық үдерістерді зерттеудің, деректемелер топтаудың бағыт-бағдары жөніндегі ғылым саласы (методология педагогики).

Педагогикалық жеке-дараландыру – нақты адамның бойындағы сапа-қасиеттер ерекшеліктеріне және оның әлеуметтік жетістіктері деңгейіне орай оған арналған тәлім мен тәрбиені арнайы жүйеге келтіріп, іске асыру (педагогическая индивидуализация).
Руханилық – қара бастың мүддесіне емес, негізінен ішкі наным-сенімдердің ықпалымен туындайтын адамның ақиқатқа, қайырымдылыққа және үйлесімге болған ұмтылыс сипаты (духовность).

Сабақ – мектеп жүйесінде белгілі бір ғылым саласының негізінде өткізетін оқу-үйретім сағаты және пән (урок).

Сеп-түркі – қандай да әрекет не қылыққа негіз болар, мәжбүрлеуші, көбіне кездейсоқ, ықпал (мотив).

Себеп – қандай да бір нәрсеге заңдылықты негіз беріп, екінші бір құбылысты туындатушы дәлелді уәж, дәйек, жағдай, оқиға (причина).

Салдарлар – негізгі, бағдарлаушы не қамсыздандырушы пікірден туындайтын немесе оны нақтылаушы жаңа нәтиже – пайымдар (следствия).

Тәрбие – ниетті тәлім шеңберінде наным-сенім жүйесін, адамгершілік қалып және тұлғалық сапаларды жетілдіруге бағытталған тәлімгерлік мекеме қызметкерлерінің арнайы ісі (воспитание).

Тілек – іс-әрекет нысанымен байланысты келген көңіл күймен ұштасқан сеп-түрткі (желание).

Тек өкілі – жеке адам (индивид).

Тұлға – жауакершіл субъект, әлеуметтік мәнді ерекшеліктері тұрғысынан қарастырылатын нақты адам (личность).

Тәлім – ниетті қоғамдық тіршілік аймағында табысты іс-әрекет атқару үшін қажетті субъект тарапынан арнайы іріктелген, тек өкілінің ақыл, адамгершілік, тән-дене дамуының белгелі деңгейі ретінде қоғам мойындаған және сол салалардағы оның белсенділік дайыдығына керекті адамзаттық болмыстың тәжірибесі элементтерінің субъект бойына сіңу нәтижесі (образование).

Тәлімдік үдерістер – тек өкілінің таңдаған тәліміне қол жетуін қамтамасыз етуші үдерістер мен әректтер (образовательные процессы).

Таным – субьеттің өз болмыстық тәжірибесіне сәйкес келетін жаңа мәліметтерге қол жеткізу үдерісі (познание).

Тәсіл – амалдарды орындау жолы (прием).

Тек өкілінің бірлікті тәжірибесі - тек өкілі жинақтаған субъектив тәжірибенің игерілген (адамзаттың болмыстық тәжірибесі элементтері) мәліметтеріиен бірігуі (совокупный опыт индивида).

Тұлға кемелденуі – тек өкілінің өз бойында ең алдымен саналы және қоғамдық мәнді құндылықтар жүйесінің қалыптасуына ықпал жасаушы іс-әрекеттер мен қатынастарға араласудың әлеуметтік тәжірибесін жинақтау үдерісі (становление личности).

Тәлім мазмұны – игерілуі тек өкілінің таңдаған қоғамдық пайдалы қызметіндегі табысты іс-әрекеті үшін қажетті, әдейі іріктелген әрі қоғам не мемлекет тарапынан танылған адамзаттың болмыстық тәжірибесі элементтерінен құралған жүйе (содержание образования).

Теория - өзара байлангсты пікірлер жүйесі. Теория өз ішіне сипаттау және болжастыру құрал-жабдықтарын, заңдар өрнектерін, бірегей құбылыстар мен тәжірибе-сезімдік тәуелділіктер түсініктемелерін қамтиды (теория).

Термин – белгілі бір ғылым мен техника, өнер саласындағы нақтылы ұғымды білдіретін атау сөз не сөз тіркесі (термин).

Ұғым – нақты заттар мен құбылыстарды олармен шектес дүние элементтерінен ажыратып алуға мүмкіндік беретін алпы белгілерінен түзілген ой-өрнегі (понятие).

Үйретім – машықтану барысында игерілуі тиіс амалдарды көп мәрте қайталау арқасында немесе орындауды талап ететін жағдайларды қайталай түзе отырып, жаңа дағдылық әрекеттерді қалыптастыру (научение).

Іс-әрекет сеп-түрткісі – қандай да іс-әрекетті орындауға деген адам ұмтылысы негізінде жатқан заттасқан қажеттік, белгілі әрекетке ынталандырушы саналы пайымдалған себеп (мотив деятельности).

Іс-әрекет субъекті - өз қажеттерін қанағаттандыру мақсатында болмысты саналы тану мен қайта жасау белсенділігіне ие тек өкілі немесе топ (субъект деятельности).

Іс-әрекет амалы – нақты жағдайларға байланысты іс-әрекетті жоспарлауға негіз болатын сеп-түрткіні (мотивті) пайдаға асырудың саналы өрнегі (способ деятельности).

Іс-әрекет нәтижесі – іс-әрекет орындау барысында пайда болатын нысандар немесе қалыптар (результт деятельности).

Іс-әрекет дені – тек өкілінің қажеттігін қанағаттандырушы нысан, не қалып, не қарым-қатынас, не толғаныс (предмет деятельности).

Іс-әрекеттің бағдарлық негізі – тек өкілінің игерген нақты іс-әрекетін саналы жоспарланып, табысты іске асырылу мүмкіндігін анықтаушы білімдер жиынтығы (ориентировочная основа деятельности).

Іс-әрекет - субъектінің санылы қажеттігін іске асыруға бағытталған мақсат бағдары белсенділігі, адам белсенділігінің ең жоғары формасы (деятельность).

Іс-әрекет нысаны – іс-әрекет субъектінің белгілі де саналы мұқтажын қанағаттандырушы әрі оның қолданылуы мен өзгерісін заттасқан не саналы өнімін жасауға жеткізетін зат (оқиға, құбылыс, қалып жәнек т.б. (объект деятельности).

Іс-әрекет жоспары – жекеленген шарттары іс-әрекет сеп-түрткісіне орайластырылып, субъект тарапынан болжастырылған әрекеттер жиынтығы және олардың бірізді орындалу тәртібі (план деятелности).

ӘДЕБИЕТТЕР
1. ҚР Білім тұралы Заңнамасы, 2007ж. 27 шілде №319- III заңы (16-бет)

2. Назарбаев II. Жаңа әлсмдегі Жаңа Қазакстан Жолдау 2007 ж. 28ақпан

3.Аймағанбетова Қ. // Бастауыш сыныптарына дүниетануды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Алматы,1998.

4.Аупбаев Э. // Ә.Жүнісбековтың технологиясы бойынша сабақ
жоспарларының Ұлгілері. (Қазак тілі мен әдебиеті орыс мектбінде) 2002 №10,

5.Аймагамбетова Қ.А. // 12 жылдық орта білім жүйесіне өтуге байланысты бастауыш сыныптарда білім беру ерекшеліктері. Бастауыш мектеп. 2007. №

6.Агапова О.И., Джонс Л.А., Ушаков А.С. Проект новой модели обучения для информационного общества // Информатика и образование, 1996, № 1.

7.Андреев В.И. // Диалектика в воспитании и самовоспитания творческой личности. Основы педагогики творчества. Казань изд.-в Казан. унив-та, 1988-142 стр.



8.Амонашвили Ш.А. Воспитательная и образовательная функция оценки учения школьников. — М., 1984.

9.Амонашвили Ш.А. Обучение. Оценка. Отметки. — М.:Знание, 1980.

10.Амонашвили Ш.А. // Личностногуманная основа педагогического процесса. Мн: Университет, 1990,560 с.

11.Аймауытов Ж., Қ.Жарыкпаев // Ж.Аймауытұлының психологиялық көзқарастары. Алматы: Білім,2000-33-34 б. 131. Философия сөздігі с.

.

12.Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания. — Л.: Изд-во ЛГУ, 1968.



13.Артемов А., Павлов Н., Сидорова Т.Модульно-рейтинговая система //

14.Әбдіғалиев К.А. // Білім берудің жаңа моделі.Он екі жылдық білім беруге көшу туралы пікірлер мен ұсыныстар // Қазақстан мектебі, 2001 №10, 24-28.

15.Әбуов Ә.Е. // Мектептің оқу үрдісінде иновациялық білім беру
технологияларын пайдаланудың педагогикалық шарттары. Пед. ғыл. канд... Астана, 2005-536.

16.Әмірова Ә.С. // Ұжымдық іс-әрекет ролі. 54-59 бб.

17.Бабанский К.С. Методические основы оптимизации учебно-воспитательного процесса. — М.: Педагогика, 1982.

18.Бабанский Ю.К. Методы обучения в современной общеобразовательной школе. — М.: Просвещение, 1985.

19.Бабанский Ю.К., Поташник М.М. Оптимизация педагогического процесса

(В вопросах и ответах). — Киев: Рад. школа, 1984.



20.Бабаев СБ.Бастауыш мектеп педагогикасы,А,2007

21.Бабаев СБ, Жалпы педагогика ,А 2005,

22.Баранов С.П. Принципы обучения. — М.: Просвещение, 1981.

23Баранов С.П. Сущность процесса обучения. — М.: Просвещение, 1981.

24.Бардин К.В. Как научить детей учиться. — М.: Просвещение, 1987.

25.Байжұманова Б.Ш. // Психологические особенности развития творческих способностей у детей младшего школьного возрасте. Кан. дисс, Алматы, 2002 г.

26. Бейсенбаева А.А. // Мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі пәнаралық
байланыс. Абай ат. Қаз. Пед. унив. Алматы: (Б.ж), 1991-16 б.

27.Беспалъко В.П. Программированное обучение. Дидактические основы. — М., 1971.

28.Беспалъко В.П. и др. Системно-методическе обеспечение учебно-воспитательного процесса подготовки спецалиста: Учебно-методическое пособие. — М.: Высшая школа, 1989.

29.Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. — М.: Педагогика, 1989.

30.Библер В.С. // Мышление как творчество. М.: Политиздат, 1975,

31.Богуславский М.В., Корнетов Г.Б. О педагогических парадигмах // Магистр, 1992, № 5.

32.Бодалев А.А. Об одаренности человека как субъекта общение // Мир психологии, 1998, № 4.

33.Дж.Брунер // Тану исихологиясы

34.БруннерД. Процесс обучения. Пер. с нем. — М., 1962.

35.Васильева Г.Б. Анализ методической работы средней общеобразовательной школы // Завуч, 1998, № 4.

36.Вазина К. // Саморозвитие человека и модульное обучение. Нижний
Новгород. 1991.

37.Век X. Оценки и отметки. — М.: Просвещение, 1984.

38.Вербицкий А.А. Новая образовательная парадигма и контекстное обучение. — М.: ИЦ, 1999.

39.Воронцов А.В. Некоторые подходы к вопросу контроля и оценки учебной деятельности учащихся // Начальная школа, 1999, № 7.

40.Выбор методов обучения в средней школе / Под ред. Ю.К. Бабанского. — М.: Педагогика, 1981.

41.Выготский Л.С. Ибранные психологические исследования. — М., 1959.

42.Галъперин П.Я. Развитие исследований по формированию умственных действий // Психологическая наука в СССР. Т. 1. — М., 1959.

43.Груденков Я.И. Психолого-дидактические основы методики обучения. — М.: Педагогика, 1987.

43.Груденков Я.И. Совершенствование методики работы учителя. — М.: Просвещение, 1990.

44.Гульчееская В.Г., Гулъчевская Н.Е. Современные педагогические технологии. — Ростов н/Д: Изд-во РИПКиПРО, 1999.

45.Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. — М.: Просвещение, 1986.

46.Данилов М.А. Общая методология науки и специальная
методология педагогики в их взаимоотношениях // Сов. педагогика, 1972, № 5.

47.Дьяченко В.К. Сотрудничество в обучении. — М.: Просвещение, 1991.

48.Емелина Т.А., Спалеис А.Г., Фролова Т.Ф. Развитие детей в классах повышенного педагогического внимания // Инновационная школа, 1996, № 2.

49.Ерин В.Т. Вопросы взаимодействия преподавателя и студента в учебном процессе. — Новочеркасск: Изд-во НГМА, 1999.

50.Ерофеее Н.Ю. Анализ урока и профессиональной деятельности учителя // Завуч, 2000, № 1.

51.Забрамная С.Д. Психолого-педагогическая диагностика умственного развития детей. — М.: Владос, 1995.

52.Загвязинский В.И. Методология и методика дидактического исследования. — М.: Педагогика, 1982.

53.Занков Л.В. // О начальном обучении. М; Просвещение. 1963 - 54.Зайцева И.А. Моделирование образовательной среды // Человек: его сущность, развитие и проблемы. Вып. 8. — Ростов н/Д: ГинГо, 2000.
55.Зайцева И.А. Многонациональная образовательяая среда: Уроки этнического взаимодействия // Известия Академии педагогических и социальных наук, 2002, № 6.

56.Зимняя И.А. Педагогика в системе наук о человеке. — М., 1990.

57. Жадрина М.Ж. // Научные основы построения содержания вариативного образования в школе Алматы, 2002-215 с.

58.Жанпейісова М. // Модульдік оқыту технологиясы, оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002-180 б.


1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет