Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор



жүктеу 4.28 Mb.
бет9/17
Дата01.04.2016
өлшемі4.28 Mb.
түріМонография
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
: repository -> history
history -> Методика диагностики основных параметров психического состояния тестом люшера
history -> Тұрсын Жұртбай: Қазақ әдебиеті «Абай жолы» романынсыз қалар еді
history -> Ііі том: талқЫ Үшін пайдаланылған әдебиеттер тізімі
history -> Байғали Досымжанов
history -> Қазақстанды қуатты мемлекет ету барысында бүгінгі қазақ зиялысының да арқасында ауыр жүк тұрғаны анық. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі интеллигенция өзінің мойнына жүктелген ұлт сенімін қаншалықты ақтай алып отыр?
history -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
history -> Абай мектетебі
history -> Файл: Абай жолы «Абай жолына» 70 жыл
history -> ҮШінші бөлім: «БҰзылған бесік » «Бізді аямасаң да жолыңда жатқан бесікті аясаң болмай ма?!»
history -> Абайдың шәкірттері туралы. 1951 жылы, 6-апрель күні Алматыда қорғалған «Абайдың әдебиет мектебі»

Әрине, жоғарыда келтірілген қалыптан тыс сабақ формалары мен шектелуге болмайды. Педагогикалық қарым-қатынас орнатудың бірден-бір кепілі - мұғалімнің таланты. Кейінгі жылдары жазалау-түзету (пенитенциярлық) мекемелерінде уағыз сабақтары кең қолданылуда. Бұл жұмыс формасы жалпы тәлімдік орта мектептерде де артықшылық етпес еді. Экология, экономика, технология пәндері сабақтарда қолданылатын мұндай форма «Үнемді де ұқыпты бол!», «Жер – судың егесі сен!», «Қанағат табыс әкелер!» сынды айдарлармен жүргізілсе, бала тәрбиесіне келтірер пайдасы мол болмақ.

Факультатив дәрістер мектептік тәлімді кезекті сәтсіз реформалау барысында XX ғасырдың 60-жылдар соңы мен 70-жылдардың басында қол-данымға енген еді. Бұл дәрістерді енгізгендегі ниет қалаушылардың барша-сына пәнді тереңдей игерту, меңгерту еді, алайда, бұл форма үлгермеушілермен қосымша жұмыс деңгейінен ары аса алмады.

Үй жұмысы - мұғалімнің тікелей басшылығын қажет етпейтін оқу-үйретім жұмысы.

Сыныптан тыс жұмыс – олимпиядалар, үйірмелер - шәкірттердің жеке дара қабілеттерінің дамуына ерекше тиімділікпен ықпал жасаушы оқу-үйретім іс түрлері.

8. БІРТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ - САБАҚ
8.1. Сабақ құрылымының көптүрлілігі
Сабақ құрылымы- бұл оқу-үйретім үдерісінде пайда болып, оның мақсатты бағытталған нәтижелілігін қамтамасыз етуші сабақ бөлшектерінің әрқилы арақатынас баламаларының жиынтығы.

Жаңа материалды игеру сабағының құрылымы.

шәкірттердің жоғары тұлғалық ой белсенділігіне орайласқан таным үдерісі заңдылықтарын ескерумен сабақ материалының алғашқы ұсынылуы;

шәкірттерге нені есте қалдыру қажеттігі туралы нұсқау беру;

жадта қалдырып, ұзақ мерзім есте сақтауға жәрдемші сеп-түрткілерді пайдалану;

есте қалдыру шараларын түсіндіру немесе бұрыннан білетіндерін жаңғырту (тірек материалдарды пайдалану, мағыналық топтастыру және т.б.);

мұғалім басшылығында жекеленген қорытындыларды тікелей қайталау жолымен алғашқы бекіту;

алғашқы есте қалдыру нәтижесіне бақылау жасау;

әрқилы жаңғырту талаптарын жіктемелі тапсырмаларға байланыстыра, алғашқы қысқа мерзімді, кейін ұзақ уақытқа мөлшерленген жүйелі қайталауларды ретімен атқарып бару;

іштей қайталау және игерілген білімдер мен дағдыларды жаңа білімдерді меңгеру үшін қолданып отыру;

есте қалдыру және сақтау, игерілгендерді қадағалау үшін тірек материалды оқу-үйретім үдерісіне жиілетіп ендіру, есте қалдырып, пайдалану нәтижелерін үздіксіз бағалап бару.



Бекіту және білім, ептілік, дағдыларды дамыту сабағының құрылымы:

  • алдағы оқу-үйретім жұмысының мақсатын хабарлау;

  • берілген тапсырмаларды орындау үшін қажетті білім, ептілік және дағдыларды қайта жаңғырту;

  • сабақта әртүрлі тапсырма, мәселе және жаттығулардың орындалуы;

  • орындалған жұмыстарды тексеру;

  • орын алған қателіктерді талқылау және түзету;

  • үй тапсырмасы (қажет болса);

Ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру сабағы:

  • сабақ мақсатын алға тарту;

  • тірек болар орныққан ептіліктер мен дағдыларды қайталау;

  • тексеру жаттығуларын орындау;

  • жаңа ептіліктермен таныстырып, оларды қалыптастырудың үлгілерін көрсету;

  • оларды игеру жаттығулары;

  • оларды бекіту жаттығулары;

  • ретімен, үлгі (алгоритм) бойынша орындау, нұсқау жаттығулары;

  • игерілгендерді ұқсас жағдайларда пайдалану жаттығулары;

  • шығармашыл сипатты жаттығулар;

  • сабақ қорытуы;

  • үй тапсырмасы.

Қайталау сабағының құрылымы:

  • сабақ бастауын ұйымдастыру;

  • тәлімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін алға тарту;

  • негізгі ұғымдар мен пікірлерді, тұғырлы білім, ептілік және дағдыларды, іс-әрекеттер амалдарын (тәжірибелік, ақыл-зерделік) қайталауға арналған үй тапсырмаларын орындау. Алдағы қайталауды білумен, өткен сабақта соған сәйкес үй тапсырмаларын іріктеп, таңдау;

  • қайталау қорытындысын шығару, сабақтағы жұмыстар нәтижесін тексеру;

  • үйге тапсырма.

Игерілген білімдерді тексеру сабағы.

  • Сабақ бастауын ұйымдастыру. Мұндағы талап: шәкірттерге жайлы, іскерлік жағдай жасау, олардың игергенің тексеру, бақылау жұмыстарынан сексенбеуге, шектен тыс күйбенге түспеуге үйрету. Мұғалім міндеті-балалардың келесі материалды ұғынуға дайындығын байқау;

  • сабақ міндеттерін алға тарту. Мұғалім қандай материалды тексеретінін не бақылайтынын хабарлайды. Балалар қажетті ережелерді еске түсіріп, оларды жұмыс барысында қалай пайдаланатынын айтып беруді өтінеді. Өзіндік жұмыстарын өздері тексеру керектігін еске салады;

  • бақылау не тексеру жұмыстарының мазмұнын баяндау (мәселе, мысал, диктант, шығарма не сұрақтарға жауап және тапсырмалар өз көлемі мен қиындық дәрежесі бойынша бағдарламаға сәйкес келіп, әр шәкірттің мүмкіндігіне сай болуы тиіс);

  • сабақтың қорытындысын шығару. Мұғалім тәуір жұмыстарды іріктеп, қалған жұмыстардағы кемшіліктерді талдайды, жіберілген қателер бойынша жұмыс ұйымдастырады (кейде бұл үшін келесі сабақты пайдалануы мүмкін;

  • игерілген білімдер мен ептіліктерге байланысты жиі қайталанатын қателіктер мен кемшіліктер түрін анықтап, сонымен бірге әрқилы білім мен ептіліктерді жетілдірудің жолдарын қарастыру;

Білім, ептілік және дағдыларды тәжірибеде қолдану сабағының құрылымы:

  • сабақ бастауын ұйымдастыру (балалардың психологиялық көңіл-күйіне бағыт беру);

  • сабақ тақырыбын және оның міндеттерін хабарлау;

  • ептіліктер қалыптастыруға қажет жаңа білімдермен таныстырып, игерту;

  • алғашқы ептіліктерді қалыптастыру, бекіту және оларды сәйкестігіне орай қалыпты жағдайларда пайдалану;

  • білімдер мен ептіліктерді өзгерген жағдайларда қолдануға жаттықтыру;

  • білімдер мен ептіліктерді шығармашылыққа пайдалану;

  • дағдылар орнықтыруға арналған жаттығулар;

  • үйге тапсырмалар;

  • сабақ қорытындысы, сонымен бірге шәкірттер орындаған жұмыстарға баға;

Қайталау-қорыту сабағының құрылымы

  • ұйымдастыру кезеңі;

  • мұғалімнің кіріс сөзі: игерілген тақырыптың маңызын атап, сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлайды;

  • шәкірттердің қорыту және жүйелеу жұмыстарындағы жазба, ауызша әртүрлі жаттығуларды жеке-дара, ұжымда орындап, деректер мен құбылыстардың ортақтығына негізделіп, жалпыланған ептіліктер мен жалпы ұғымдық білімдерді меңгеру;

  • орындалған жұмыстарды тексеру, қажет болса, түзетулер беру;

  • игерілген материал бойынша қорытынды пікірлер жасау;

  • сабақ нәтижесін бағалау;

  • сабақ қорыту;

  • үйге тапсырма (қажеттікке қарай).

Аралас сабақ құрылымы. (әдетте, мұндай сабақ екі не одан көп дидактикалық мақсат белгілейді):

  • сабақ бастауын ұйымдастыру;

  • үй тапсырмасын тексеру, сабақ мақсатын белгілеу;

  • шәкірттерді жаңа ақпараттарды қабылдауға дайындау, яғни өткендегі білімдері мен тәжірибелік және ақыл-зерделік ептіліктерін жаңғырту;

  • жаңа материал бойынша үйрету, үйрену, қажет жерінде түсіндіріп, қабылдауға дайындау;

  • осы сабақтағы игерілгенді жеке, онымен байланысты өтілген сабақта меңгерілген материалды біріктіре бекіту;

  • білім мен ептіліктерді қорыту және жүйелеу, жаңа игерілгенді бұрын қабылданып, меңгерілген материалдармен байланыстыру;

  • сабақты қорыту және нәтижесін шығару;

  • үй тапсырма;

  • жаңа тақырыпты игеру үшін қажет дайындық ұйымдастыру (егер керек болса).

Жаңашыл мұғалімдер ұсынған сабақтардың құрылымы Л.В. Малахованың оқу-үйретім жүйесі.

  • толық тақырып бойынша шолу сипатты әңгімелеу сабағы;

  • мұғалімге сұрақтар қою және қосымша түсініктемелер беру сабағы;

  • тәжірибелік жұмыстар сабағы;

  • оқу-үйретім материалының басты белгілерін іріктеп, меңгеруге бағытталған үлестірмелермен жүргізілетін қорыту сабағы;

  • теориялық материал бойынша соңғы сауалнама сабағы;

  • ЭЕМ қолданумен тақырып бойынша мәселелер шешу;

Әр тақырыпты өтуге орай Н.П.Гузик дайындаған сабақтар жүйесі:

  • материалдың мұғалім тарапынан теориялық талдауына арналған сабақ;

  • тақырыпты берілген бағдарлама, жоспар, қадамдар (алгоритмдер) бойынша сынып мүшелерінің өзбетінше талдау сабағы;

  • семинар - сабақ;

  • машықтану (практикум) сабақтары;

  • бақылау және бағалау сабақтары;

Р.Г.Хазанкин ұсынған сабақтар жүйесі:


8.2. Сабаққа қойылатын талаптар
1.Қазіргі заман сабағына қойылатын дидактикалық талаптар.

  • Жалпы рәсімдік міндеттер мен сабақ элементтерінің нақты болуы, олардың дамытушылық және тәрбиелік міндеттерімен байланысы. Нақты сабақтың жалпы жүйедегі орны;

  • оқу-үйретім бағдарламасы талаптары мен мақсаттарына сай әрі шәкірттердің дайындығы деңгейін ескерумен сабақтың ең тиімді мазмұның анықтау;

  • сабақта және оның кезеңдерінде балалар игеретін ғылыми білімдер қалыптасуына қатысты ептіліктер мен дағдылар деңгейін болжастыру;

  • ынталандыру мен бақылау, сабақтың әр кезеңіндегі ұтымды ықпалын қамтамасыз етуші аса мәнде әдістер, тәсілдер мен жабдықтарды таңдау, танымдық белсенділік көтеру, сабақтағы ұжымдық және жеке-дара жұмыстардың әрқилы формаларын өзара байланыстыра пайдалану, сабақ барысындағы дербес, өзіндік жұмыстарға мейлінше жол ашу;

  • сабақта барша дидактикалық принциптерді іске асыру;

  • шәкірттердің табысты оқу-үйренімі мен ұғынуына жағдайлар жасау;

2. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:

  • Нақты пән және сабақ ауқымында бала дамуын жобалау;

  • сабақ мақсатын белгілеуде шығармашылыққа байланысты психологиялық міндеттер мен өтілген жұмыстар нәтижесін ескеру;

  • балалар дамуын қамтамасыз етуші жекеленген педагогикалық-психологиялық құралдар мен әдістемелік тәсілдерді күні ілгері байқастыру;

3. Сабақ мәнері:

1) сабақ мазмұны мен құрылымын тұлғалық бағыт және үйрете дамыту принциптеріне сәйкестендіре анықтау;



  • есте қалдыру және ойлау жүктемелерінің сәйкестігі;

  • қайта жаңғырту және шығармашыл іс-әрекеттер көлемін белгілеу;

  • мұғалім сөзінен, оқулықтан, оқу құралдарынан және өз белсенділігі мен дербес игерілетін ақпараттарды жоспарлау;

  • мұғалім және шәкірт тарапынан орындалатын мәселелі-эвристикалық оқу-үйретім жұмыстарын іске асыру. (кім сұрақ қояды, кім жауап береді);

  • мұғалімнің шәкірт іс-әрекетіне деген бақылауын, талдауын бағасын және балалардың өзара сындарлы бағаларын, өзіндік бақылаулары мен өзіндік талдауларын ескеру;1

  • шәкірттердің сабаққа болған ынтасы (әңгімелеп қызықтыру, ерік қосу, қиыншылықтарды жеңу жолдарын ұқтыру т.с.с.) мен мәжбүрлеу (баға қойылатынын ескерту, өтіну, уағыз айту, т.с.с.) ара қатынасын назарда ұстау;

2) Мұғалімнің өзіндік ұйымдастыру ерекшеліктері:

  • сабаққа дайындығы (психологиялық мақсатты сезіну және оны іске асыруға іштей дайындық);

  • сабақ басындағы және барысындағы жұмыс қабілеті (жинақылығы, сабақ мақсаты мен тақырыбына орай көңіл-күйі, шабыты, мақсатқа жетудегі табандылығы, сабақтағы жағдайлардың бәрін көтеріңкі көңілмен қабылдап, күйзеліске берілмеу, педагогикалық тапқырлық және т.б);

  • сабақтағы психологиялық жай -күй (қуаныш, шынайы қарым-қатынас, іскерлік байланыс және т.б.);


8.3. Шәкірттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру
1) Сабақтағы өнімді ой жұмысы мен қиялдау жағдайларын қамтамасыз ету шараларын жоспарлау:

  • сендіру, иландыру формасындағы ұстанымдарды пайдалану;

  • игерілуі тиіс нысандар мен құбылыстарды қабылдап, оларды ұғыну жолдарын жоспарлау;

  • тұрақты зейін мен зейін шоғырлануына қажет жағдайлар жасау;

  • жаңа материалды қабылдауға қажет өткенді игеріп, есте сақтаған білімдері мен ептіліктерін қайта жаңғыртуға арналған әрқилы жұмыс түрлерін қолдану (әңгіме-сұхбат, жеке сауалнама қайталау жаттығулары);

2) Жаңа білімдер мен ептіліктер қалыптастыру үдерісінде шәкірттекрдің ойлау және қиялдау іс-әрекеттерін ұйымдастыру:

  • балалардың білім, ептіліктерінің қалыптасу деңгейін (нақты сезімдік, ұғымдық, жалпы бейнелік, қорыту «жаңалықтары») анықтау;

  • ойлау әрекеттері мен қиялдауды ұйымдастыруда елес-ұғым, түсіну деңгейін қалыптастыру мен жаңа бейнелер жасаудың психологиялық заңдылықтарын арқау ету;

  • белсенділік пен дербес ойлауды қамтамасыз етуші тәсілдер мен жұмыс формаларын жоспарлау (сауалнама түзу, проблемді жағдайлар жасау, міндеттерді шешудің әрқилы проблемді-эвристикалық деңгейлерін қолдану, кемісті не сиыспайтын деректерге негізделген мәселелерді шешу, сабақтағы ізденіс-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, өзіндік жұмыстарға байланысты шешімді, бірақ ақыл-ой қиындығы бар жұмыстар түзу, танымдық дербестік дамыту мақсатында тапсырмаларды күрделендіру);

  • түсінім деңгейін көтеруге басшылық (сипаттама, салыстырма, түсіндірме, жұмыстарды қорыту, бағалау және мәселелі тапсырмаларға өту) жасай отырып, ой толғастыру мен тоқтамды пікір айту ептіліктерін қалыптастыру;

3) жұмыс нәтижелерін бекіту:

  • жаттықтыру жолымен дағды қалыптастыру;

  • бұрын игерілген ептіліктер мен дағдыларды жаңа жұмыстарды орындауда саналы пайдалануға үйрету;

Сынып мүшелерінің ұйымдасуы

  • шәкірттердің сабаққа ықылас-қатынасы, олардың өзінше ұйымдаса білуі мен ақыл-ес даму деңгейі;

  • біліктілік деңгейі бойынша шәкірттердің ықтимал топтарымен (жеке-дара, топтап, бүкіл сыныппен, ) жұмыс істеу формаларын үйлестіруде балалардың жас ерекшеліктеріне назар салу:

  • сабақты балалардың жас және дара ерекшеліктеріне орай жоспарлау;

  • сабақты жоғарғы үлгерімділер мен үлгерімі төмен шәкірттерді ескере, жүргізу;

  • үлгерімі әр деңгейдегі балалармен жіктемелі жұмыс жүргізу.

Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:

  • температуралық жағдайды ретке келтіру;

  • дәрісхана ауасын тазалап тұру;

  • жарық деңгейін сақтау;

  • шаршап-шалдығудың алдын алу;

  • іс-әрекет түрлерін ауыстырып бару (тыңдау, жазу, есептеу жұмыстарын кезектестіру);

  • дене шынықтыру сәттерін өз уақытында және сапалы өткізу;

  • баланың дұрыс отыруын қадағалау;

  • сынып жиһаздарының бала бойына сай болуын естен шығармау.

Сабақ өзкізу амалдарына мән беру.

  • сабақ көңіл-күй көтеріңкілігімен, қызығушылық және білімге болған ықыласпен өтуі шарт;

  • сабақ қарқыны мен ырғағы ұтымды, мұғалім мен шәкірт әрекеттері үйлесімді, бітімді болғаны жөн;

  • сабақта мұғалім мен шәкірт арасындағы әрекеттестік байланыс толық болып, педагогикалық әдеп және педагогикалық табыс сеніміне негізделуі тиіс;

  • өзара қайырымдылық пен белсенді, шығармашылық еңбек табысы болуы міндетті;

  • мүмкін болғанша іс-әрекет түрлері алмасып, әрқилы әдістер мен тәсілдер ауыстырыла қолданғаны пайдалы;

  • мұғалім әр баланың белсенді оқу- үйренімін қамтамасыз етуі тиіс.

Сабақты жоспарлау кезеңдері:

  • тақырып немесе бөлім бойынша сабақтар жүйесін құру;

  • бағдарлама, әдістемелік құралдар, мектеп оқулығы және қосымша әдебиеттерді пайдалану мен сабақтың тәлім-тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін айқындап алу;

  • сабаққа сай аса қажет материалды іріктеп алу, оны мағыналық тұрғыдан бітімге келген бірнеше топтарға, бөлімдерге айыру, тірек білімдерді бөліп алу, дидактикалық өңдеуге түсіру;

  • сабақта түсініп, есте қалдыруы тиіс басты материалды шәкірттің көре білуі;

  • сабақ құрылымын нақтылап, оның типі мен онда жоғары тиімділік пен қолданылатн әрқилы әдістер мен тәсілдерді анықтап белгілеу;

  • сабақ материалдарының басқа пәндермен байланыстарын таныту және оларды жаңа материалды өтуде, жаңа ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруда пайдалану;

  • сабақтың барша кезеңдеріндегі мұғалім мен шәкірттің барша әрекеттерін, әсіресе, ең алдымен жаңа білімдер мен ептіліктерді игеруге, оларды қалыптан тыс жағдайларда қолдануы жоспарлау;

  • сабақтың дидактикалық құралдарын (кино-диафильмдер, суреттер, плакаттар, сұлбалар, қосымша әдебиеттер жәнет.б.) дайындау.

  • Сабаққа қажет жабдықтар мен техникалық құралдарды тексеру;

  • мұғалімнің тақтаға жазып не бейнелейтін мәтіндерін және сондай жұмыстардың балалар тарапынан орындалыуын жоспарлау;

  • шәкірттердің сабақтағы өзіндік жұмыстарының көлемі мен формаларын алдын-ала ескеріп, олардың балалар дербестігін дамытуға бағытталуына назар аудару;

  • сабақта және үйде игерілген білімдерді, орныққан ептіліктерді бекіту формалары мен тәсілдерін, білімдерді қорыту және жүйелестіру жолдарын анықтау;

  • белгіленген формада әдістер мен білімдері тексерілетін шәкірттер тізімін дайындау, олардың ептіліктер деңгейін анықтауды жоспарлау;

  • үй тапсырмаларының мазмұның, көлемін және формасын анықтау, тапсырмалар ұсыну әдістерін ойластыру;

  • сабақты қорытындылау формасын ойластыру;

  • талаптарға сәйкес сабақ жоспарының орындалуы мен барысын хаттау;


8.4. Қазіргі заман сабағының негізгі бірліктері
1. Шәкірттердің сабаққа сырттай және іштей (психологиялық) дайындығы мен сипаттамаларын ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа тақырыпқа өту дайындығына байланысты білемдер мен ептіліктерді тексерту.

4. Дәріс мақсатын жеткізу.

5. Жаңа ақпаратты қабылдау және ұғу әрекеттерін ұйымдастыру, яғни білімді игерудің бастапқы қадамдарын жасау.

6. Түсінгенді алғашқы тексеру.

7. Ақпаратты жаңғырту және оны үлгі бойынша қолдану жолымен іс-әрекет тәсілдерін игеруді ұйымдастыру.

8. Бұрын игерілген білім және ептіліктер негізінде түзілген мәселелерді шешу арқылы іс-әрекет тәсілдерін игеру, білімдерді шығармашылықпен қолдана, меңгеру.

9. Сабақта өтілгенді қорыта, оны бұрын игерілгендер жүйесіне қосу.

10. Мұғалім және шәкірт тарапынан орындалатын іс-әрекеттер нәтижесіне бақылау және баға беру.

11. Келесі дәріске үй тапсырмасын ұсыну.

12. Сабақ қорытындысын шығару.



8.5. Үйрете, ұқтыру құралдары
Тәлім, білім ұсынудың дәстүрлі құралдарының бірі – оқулық. Кітап өз ішіндегі суреттердің арқасында нақты және көлемді игерілуі тиіс материалдарды шәкірт алдына жайып қана шектелместен, оған сабақта өткендерін қосымша қайталауға, сабақ материалдарының алғашқы танысуда еленбей қалған қандай да маңызды тұстарымен үңіле танысып, тереңдей ұғуға мүмкіндік береді.

Талай он жылдықтар (мүмкін көптеген ғалыслар бойы) ағымында сабақтың өзінде құс бедері (мүляж), жәндіктер жинағы, өсімдіктер гербариі пайдаланылды. Сондай-ақ плакаттар мен кестелер сабақтың ажырамас бөлігіне айналады. Бұлардың бәрі сабақта игерілген нысанды балалар назарына көрнекі күйінде тартып, олардың қандай да құбылыс, оқиғаға қызығушылығын көтеруге жәрдемін тигізеді.

Соңғы жиырма жыл желісінде күні ілгері дайындалатын кітап мәтіндерін баспа құралдары көмегімен көбейту кең өріс алды. Мұның екі басты себебі бар:


  • көшірме және компьютер техникаларының жәрдемге келуі;

  • баспа өнімдеріне болған жаппай да қатаң мемлекеттің қадағалаудың жойылуы. Дегенмен, XX-XXI ғасырлар тұсында педагогикалық үдеріске өз алдына түбегейлі төңкеріс енгізген-бұл оқу-техникалық құралдар (ОТҚ-ТСО)

  • ОТҚ анықтау және ажырата топтастыру оқу-үйретім үдерісіне және балалардың танымдық іс-әрекетіне басқарым болатынын мойындаудан іске асады.

Шәкірттің әр кезеңдегі жұмысына орай дидактикалық үдерісті белгілеуші мұғалім алға тартылған мақсаттың қаншалықты нәтижелі боларын ықтималды дәрежеде біле алады. Игерудің табысты болуы дәріс ақпаратының қалай және қай формада ұсынуына ғана емес, сол ақпаратты басқару бірліктерінің мазмұны мен мәніне тәуелді келеді.

Игерілуші ақпарат сабақ мақсатын игерілген білімдердің шынайы деңгейімен салыстыру нәтижесінде ұсынылады. Ал нәтиже материалды игеру барысында бақылау құралы болған кері байланыс арнасы арқылы алынады. Осылайша, шәкірттің танымдық іс-әрекетін басқарудың тұйық айналымы іске асып барады. Бұл «үлкен айналым (цикл)» деп аталады. Мұнымен қатар «кіші» немесе «ішкі айналым» бар: бұл жағдайда шәкірт материалды ойластыра өңдеп, күрделі психикалық іс-әрекет негізінде игереді. Мұндай игеру барысындағы маңызды болған бірліктер - өзіндік тексеру сұрақтарын қоя білу. Егер ақпаратты басқарудың айналымы болмаса, егер айналым бір тұсында үзіліп, кері байланыс болмай қалса, білім игеру нәтижеге жетпейді. Мұндай да әңгіме білімнің игерілуі жөнінде болмай, оқу-үйретім ақпаратының тек қана жаттандылығы туралы болуы мүмкін. Мұнай жағдайдағы басты кемшілік-мұғалім және оның шәкіртінің жеке-дара психикалық қалыптарының ескерілмеуі.

ОТҚ-оқу-үйретім үдерісінде білім игеру тиімділігін көтеру құралы ретінде қолданылушы техникалық қондырғылар мен дидактикалық материалдар жиынтығы. Өз алдына жекеленіп алынған бөлек қондырғы не жеке дидактикалық материал сабақтың техникалық құралы бола алмайды, құрал аталған бірліктердің табиғи сабақтасып, байланысуынан пайда болады. Алайда, оқу-үйретім тиімділігінің шынайы жоғарлауы-қолданымдағы жабдықтардың сипатынан емес, оларды пайдалану әдіс-тәсілдерінен. Осы тұжырымға сәйкес ОТҚ-мұғалімнің де, шәкірттің де дәрістегі іс-әрекеттерінің көмекшісі. Осы сұлба және анықтама, ақпарат айналымы сұлбасындағы қай арнаның техникалық құралдар жәремімен жетіліп жатқанына тәуелді ОТҚ-ларды жоғары деңгейде шындыққа сай ажырата топтастыруға болады:


  • ақпарат жеткізудің тікелей жолын қамтамасыз етуші техникалық құралдар;

  • кері байланыс арнасын қамсыздандырушы техникалық бақылау құралдары;

  • шәкіртті үйрете, ұқтыру әрекеттерін басқарудың бір тұйық айналымын қамсыздандырушы техникалық құралдар.

Басқару мұғалім арқылы да (егер жұмыс оның жетекшілігінде әрі автоматтастырылған бөлмеде жүріп жатса) немесе техникалық қондырғы (компьютер) арқылы да (мұғалім басшылығы жанама) орындалуы мүмкін.
Көмекші техникалық құралдар

Бұларға мұғалім мен тәрбиеленушінің тәлім, білімдік еңбегін жетілдіруде қолданылатын приборлар, қол құралдары, жәрдемші бөлшектер кіреді. Алайда, олардың ешқайсысы да аталған топтарға енбейді (мысалы, сызғыш, калькулятор және т.б.). Сырттай ықпал-белгілерді қабылдауға жәрдемесетін сезімдік мүмкіндіктеріне орай бөлуді негізге алып, ақпарат ұсыну техникалық құралдарын үш топқа ажыратуға болады:

- есту (аудио) құралдар;

- көру (визуаль) құралдар;

- аудио-визуалды (есту-көру) құралдар.

Соңғы аталған топ дербес есептелінеді. Бұл алғашқы екеуінің қарабайыр бірігімі емес, себебі көру-есту құралдары жекеленген көру не есту құралдарына тән болмаған ерекшеліктерге ие.

Есту мен көру арналарының бірдей, бір уақытта қолданылуының жад, есте қалдыру нәтижесі көтеріңкі болады.

Дыбысты қондырғылар. Бұлар, ең алдымен, экскурсияда не шулы өндіріс цехында мұғаілм даусын көтеруге арналған электронды күшейткіштері мен динамикалы қондырғысы бар микрофондар. Кейде бұл мақсат үшін мұғалімнің кеңістікте еркін қозғалысына жәрдемші радиотелефондар пайдаланылады. Саз бен ән-күйді жазып, қайта дыбыстауға мүмкіндік беретін магнитофондар, лазерлік дискілі аппараттар (DVD) – осы топтан.

Көру құралдары. Кең қолданымдағылары диа-және графопроекторлар. Диапроекторлар жәрдемімен фотоматериалдағы бейнелер-слайдтар, диафильмдер экранға түсіріледі. Графопроекторлар (кодоскоптар) – аса пайдалы сәуле түсіру апараттары. Аталған құралдардың бәрі де дидактикалық тұрғыдан қолдануға өте ықшамды және қарапайым.

Аудиовизуалды қондырғылар. Бұлар тобына арнайы қарастырылған көру - есту құралдары, оқулық кино, теледидар және видеодискілі жүйелер кіреді.

Мектеп оқу-үйретім жұмысында кино мықты орын иелейді, дегенмен оның қолданымын шектеуші жағдаяттар баршылық: кино көріп отырып, конспект жазуға болмайды, ой толғастыру, пікір алысу мүмкін емес, мұның бәрі кейінге қалдырылады.

Кейінгі жылдары оқу ақпаратын ұсынудың негізгі техникалық құралы ретінде оқу-үйретім теледидары кең өріс алуда. Бұл құралдың оқулық кинодан ажыратылатын біршама ерекшеліктері бар. Оқу-үйретімде теледидарды пайдаланудың ғылымдық мәселелері дидакттар мен педагогтарды көптеп қызықтыруда. Оқу-үйретім іс-әрекетінің әр түріне орай теледидарлық техниканы қолданудың көптеген әдістемелік тәсілдері нақтыланып ұсынылуда.



1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет