Мұрағат құжаттарының құндылығына мемлекеттік сараптама жүргізетін облыстық сараптау – тексеру комиссиясы туралы ереже



жүктеу 79.42 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі79.42 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары




Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2009 жылғы 29 қазандағы

№ 225 қаулысына 2 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2009 жылғы 29 қазандағы

№ 225 қаулысымен бекітілген
Мұрағат құжаттарының құндылығына мемлекеттік сараптама

жүргізетін облыстық сараптау – тексеру комиссиясы туралы

ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Мұрағат құжаттарының құндылығына мемлекеттік сараптама жүргізетін облыстық сараптау-тексеру комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 225 қаулысымен құрылған және консультативтік-кеңестік орган болып табылады.

2. Комиссия Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаттарында, облыстың заңды тұлғаларының ведомстволық мұрағаттарында сақталатын құжаттар құндылығы сараптамасының ғылыми-әдістемелік және практикалық мәселелерін қарау, толықтыру көздерін белгілеу, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры (бұдан әрі – ҚР ҰМҚ) құрамынан шығару, облыстың заңды тұлғаларын құжаттау және құжаттамаларын басқару, облыстық мемлекеттік мұрағаттарының Сараптау комиссияларының (бұдан әрі - СК) қызметіне әдістемелік басшылық ету және бақылауды жүзеге асыру, облыстың заңды тұлғаларының Сараптау комиссияларының (бұдан әрі - СК) қызметіне әдістемелік басшылық ету және үйлестіру мақсатында құрылған.

3. Өз қызметінде Комиссия Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және басқа заңдарды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қазандағы № 1538 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы ережені», Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитетінің бұйрықтары мен нұсқауларын, Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының бұйрықтарын, құжаттармен жұмыс істеу бойынша нормативтік құжаттар мен әдістемелік құралдарды, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитетінің Орталық сараптау – тексеру комиссиясының (бұдан әрі - ОСТК) шешімдерін басшылыққа алады.

4. Комиссия құрамы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.



2. Комиссияның міндеттері


  1. Комиссияның негізгі міндеттері:

  1. облыстың мемлекеттік мұрағаттарының қорларын толықтыру көздерінің түрлерін және сол мұрағаттарда сақталуға жататын ҚР ҰМҚ құжаттарының құрамын анықтау;

  2. ҚР ҰМҚ құжаттары құрамын оңтайландыру мәселелері бойынша, құжаттар құндылығын сараптауының әдістемелік және практикалық мәселелерін қарау бойынша және облыстың мемлекеттік мұрағаттарын және заңды тұлғалардың ведомстволық мұрағаттарын құжаттармен толықтыру мәселелерін қарау және шешім қабылдау;

  3. облыстың мемлекеттік мұрағаттарының СК қызметіне әдістемелік басшылық ету және бақылау, облыстың заңды тұлғаларының СК қызметіне әдістемелік басшылық ету және үйлестіру;

  4. мұрағат жұмысының негізгі бағыттарын әдістемелік қамтамасыз ету сапасын көтеруге, нормативтік құжаттарды, ғылыми-әдістемелік құралдарды облыстың мемлекеттік мұрағаттарының жұмыс тәжірибесіне енгізуге жәрдем ету.


3. Комиссияның функциясы


  1. Комиссияның функциялары:

  1. ғылыми-техникалық, кино, фото, фоно және басқа да арнайы құжаттаманы шығаратын облыстың мемлекеттік мұрағаттары және облыстың заңды тұлғаларының ведомстволық мұрағаттарының толықтыру көздерінің тізімдерін, жеке текті құжаттардың толықтыру көздерінің тізімдерін қарау; тізімдерге өзгерістер мен толықтыруларды қарастыру;

  2. облыстың мемлекеттік мұрағаттарын толықтыру көздері – заңды тұлғалар тапсырған құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыру жоспарлары мен кестелерін қарастыру;

  3. мемлекеттік сақтауға жататын құжаттар мен істердің тізбелерін, ғылыми-техникалық құжаттамасы мемлекеттік сақтауға тапсыруға жататын жобалар (объектілер) тізбелерін қарастыру;

  4. облыстың мемлекеттік мұрағаттарын толықтыру көздері – заңды тұлғалар үшін типтік, үлгілік және жеке істер номенклатураларын қарастыру; облыстың мемлекеттік мұрағаттарын толықтыру көздері болып табылмайтын заңды тұлғалардың типтік, үлгілік істер номенклатураларын қарастыру;

  5. заңды тұлғалар тапсырған басқармалық, ғылыми-техникалық, кино, фото, фоно, бейне, көркем-шығармашылық және басқа арнайы құжаттамалардың тұрақты сақтау істері (құжаттары) тізімдемелерін қарастыру;

ұзақ мерзімде сақталатын жеке құрам бойынша істер тізімдемелерін, басқармалық, жеке құрам бойынша, ғылыми-техникалық және кино, фото, фоноқұжаттаманы жоюға бөлу туралы актілерін қарастыру;

  1. облыстың мемлекеттік мұрағаттарында құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеуден, тізімдемелерді қайта өндеу мен жетілдіруден* өткізгеннен кейін жасалған тұрақты сақталатын істердің тізімдемелерін қарау; облыстың мемлекеттік мұрағаттары қорларынан қайта өндеуден немесе мақсатты кешенді сараптаудан өткізгеннен кейін алынған құжаттар мен істерді жоюға бөлу туралы актілерді қарастыру;

  2. облыстың мемлекеттік мұрағаттарында және заңды тұлғалардың ведомстволық мұрағаттарында тұрақты сақталатын құжаттардың түзеуге келмейтін бұзылуы туралы актілерді**, мемлекеттік сақтауға тапсырылуға жататын құжаттардың табылмауы туралы актілерді қарастыру;

  3. облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын аса құнды құжаттар тізбелерін; облыстың мемлекеттік мұрағаттарын толықтыру көздері – заңды тұлғалар ұсынған аса құнды істер тізімдемелері мен сақтандыру көшірмелерінің тізімдемелерін қарастыру;

  4. жеке бас текті құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау (алу) мәселелерін қарастыру;

  5. құжаттардың құндылығын сараптау және олармен мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттарды толықтыру мәселелері бойынша облыстың мемлекеттік мұрағаттары және заңды тұлғалары әзірлеген әдістемелік құралдарды қарастыру;

  6. облыстың заңды тұлғаларының ведомстволық мұрағаттары ұсынған құжаттардың құндылығын сараптау және олармен мемлекеттік және

ведомстволық мұрағаттарды толықтыру бойынша нормативтік құжаттар мен әдістемелік құралдарды, заңды тұлғалардың құжаттауды ұйымдастыруын және құжаттаманы басқаруын, оның ішінде СК, ведомстволық мұрағат туралы ережелерді, жұмыс нұсқаулықтарын және соған ұқсас құжаттарды, оның ішінде облыстың мемлекеттік мұрағаттарының қызметкерлері жасаған құжаттарды қарастыру;

  1. толықтыру және құжаттардың құндылығын сараптау саласындағы зерттеу бағдарламаларын, ғылыми-зерттеу тақырыптарын дайындау туралы қорытынды есептерді, оның ішінде құжаттар құндылығының мақсатты кешенді сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыс нұсқаулықтарын қарастыру;

  2. облыстың мемлекеттік мұрағаттарының және заңды тұлғаларының құжаттардың жекелеген түрлерінің сақтау мерзімін белгілеу жөніндегі ұсыныстарын қарастыру;

14) Комиссияның, облыстың мемлекеттік мұрағаттарының Сараптау комиссияларының, заңды тұлғалардың Сараптау комиссияларының жұмысы

_______________________________________________________________

*Жетілдіруден өткізілген тізімдемелер алдымен облыстың мемлекеттік мұрағаттарының СК қаралады.

**Бірінші санаттағы қорлардағы құжаттарды, сондай-ақ 1945 жылды қоса отырып жасалған құжаттарды жоюға бөлу туралы актілерді ОСТК қарайды.


туралы осы комиссиялардың құзырына кіретін мәселелер бойынша есептері мен баяндамаларын қарастыру;

15) құжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу кезінде туындаған құжаттардың құндылығын сараптау және олармен мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттарды толықтыру бойынша даулы мәселелерді қарастыру;

16) оқу семинарларының және біліктілікті арттыру сабақтарының бағдарламаларын, құжат көрмелерінің тақырыптық және экспозициялық жоспарларын қарастыру;

17) Комиссияның құзырына жататын басқа да функцияларды атқару.
4. Комиссияның құқықтары
7. Комиссия өз міндеттерін жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) тұрақты сақтаудағы істердің (құжаттардың), аса құнды құжаттардың, сонымен қатар, сақтандыру көшірмелерінің тізбелері мен тізімдемелерін бекітуге; толықтыру көздері – мекемелер (тұлғалар) тізімдерін, оларға толықтырулар мен өзгертулерді, істер номенклатураларын, жеке құрам бойынша құжаттар тізімдемелерін, актілерді келісімдеуге; құжаттарды тапсыру жоспарлары мен кестелерін, әдістемелік құралдарды мақұлдауға;

2) жеке бас текті құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау туралы мәселелерді, нормативтік құжаттар мен әдістемелік құралдар әзірлеу (қайта әзірлеу) бойынша ұсыныстарды, ғылыми зерттеулердің бағдарламалары мен қорытындыларын, құжаттардың сақталу мерзімдерін анықтау бойынша ұсыныстарды, Комиссияның және облыстың мемлекеттік мұрағаттары мен облыстың заңды тұлғаларының ведомстволық мұрағаттарының СК жұмыстары туралы баяндамалар мен есептерді, құжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу кезінде туындаған даулы мәселелерді талқылау қорытындылары бойынша ұсыныстар шығаруға. Осы мәселелер бойынша Комиссияның ұсынымдары қажетті жағдайларда әрі қарай Орталық сараптау-тексеру комиссиясының қарауына жіберіледі;

3) Комиссияның құзырына кіретін мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, кеңесшілерді тартуға;

4) Комиссияның құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік мұрағаттардан, мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан қажетті ақпарат сұрауға;

5) заңды тұлғаларға тұрақты сақтаудағы жетіспейтін істерді (құжаттарды) іздеу жөнінде шаралар қолдануды ұсынуға, басшылардан құжаттардың жоқтығы, жоғалуы немесе заңсыз жойылу себептері туралы жазбаша ақпарат сұрауға;

6) мемлекеттік мұрағаттар басшылары мен заңды тұлғаларға олардың СК қызметінің мәселелері бойынша хабардар етіп отыруға;

7) сапасыз дайындалған құжаттарды орындаушыларға пысықтауға қайтаруға;

8) Комиссияға жүктелген міндеттерді орындау үшін басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.
5. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
8. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, шешімдерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметі үшін жауапкершілікте болады.

9. Комиссияның қызметі облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасы жұмысының негізгі іс-шаралар жоспарларында қарастырылады.

10. Комиссия хатшысы төрағаның нұсқауы бойынша комиссия отырысының шақырылуын қамтамасыз етеді, отырыстардың хаттамаларын жүргізеді, мүдделі тұлғаларға Комиссияның шешімдері туралы ақпарат береді, Комиссия қызметі бойынша есеп беру және есепке алу жұмыстарын жүргізеді; құжаттаманы жүргізеді және оның сақталуын қамтамасыз етеді; тізімдемелерді жіберуді ұйымдастырады; Комиссияның әдістемелік мәселелер бойынша шешімдерінің есепке алу журналын жүргізеді; Комиссия шешімдерінің уақытында орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

11. Комиссияның отырыстары қажеттілігі бойынша, бірақ айына кем дегенде бір рет шақырылады. Қажет болғанда Комиссияның көшпелі отырыстары өткізілуі мүмкін. Комиссия отырыстары оған құрамының жартысынан көбі қатысқан жағдайда заңды болып саналады.

12. Комиссияның шешімдері отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің әрбір мәселе (құжат) бойынша жеке ашық дауыс беруі арқылы көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең бөлінген жағдайда шешімді Комиссияның төрағасы қабылдайды. Комиссия мүшелерінің немесе отырысқа қатысып отырған басқа тұлғалардың ерекше пікірлері хаттамада көрсетіледі немесе оған қоса беріледі.

13. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, хаттамаға Комиссия төрағасы және хатшысы қол қояды.

14. Комиссияның отырыстарында қаралған мәселелердің (құжаттардың) қорытындылары бойынша Комиссия шешімдері мүдделі тұлғаларға жіберіледі.

15. Комиссияның құжаттарды бекіту және келісу жөніндегі мөртабандары болады. Мөртабандарды қолдану тәртібі жөнінде Комиссияның жұмыс регламентінде қосымша түсінік беріледі.


Шығыс Қазақстан облысы

мұрағаттар және құжаттама

басқармасының бастығы А. Әубәкіров



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет