«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер



бет1/5
Дата28.04.2016
өлшемі0.63 Mb.
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 22 шілдедегі

№ 842 қаулысына

3-қосымша
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 2315 қаулысымен

бекітілген

«Мұрағаттық анықтамалар беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс, 215-кабинет мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі – Комитет), тізбесі осы стандарттың 1, 2 және 3-қосымшаларында көрсетілген тізім бойынша облыстардың Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (әрі қарай – ЖАО), «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты» мемлекеттік мекемесі, Орталық мемлекеттік мұрағаттар, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттары және оның филиалдары (бұдан әрі – Мұрағат), баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық) арқылы, сондай-ақ «электронды үкімет» порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 15-бабы 5-тармағының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оған қажетті құжаттар туралы толық ақпарат электронды Үкімет порталында: www.egov.kz, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – ҚР БАМ) интернет-ресурсында: www.mсi.gov.kz, ресми ақпарат көздерінде, тізбесі осы стандарттың 1, 2 және 3-қосымшаларында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету орындарындағы ақпараттық тақталар мен стенділерде орналастырылады.

5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу түрі мұрағаттық анықтаманы беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

Комитетке не ЖАО-на немесе Мұрағатқа өтініш білдірген кезде:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мына сәттен:

а) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған тиісті құжаттарды өткізіп, Комитет не ЖАО немесе Мұрағат кеңсесінде құжаттарды тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан астам құжаттарды зерделеу қажет болған жағдайларда Мұрағат басшысы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы құжаттар тіркелген күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тұтынушыға хабарланады. Жекелеген жағдайларда мұрағат басшылығы орындалу мерзімін 6 айға дейін ұзартуы мүмкін, бұл туралы шешім қабылданған күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тиісті себептері көрсетіліп тұтынушыға хабарланады;

б) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш тіркелген сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан астам құжаттарды зерделеу қажет болған жағдайларда Мұрағат басшысы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы құжаттар тіркелген күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тұтынушыға хабарланады. Жекелеген жағдайларда мұрағат басшылығы орындалу мерзімін 6 айға дейін ұзартуы мүмкін, бұл туралы шешім қабылданған күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тиісті себептері көрсетіліп тұтынушыға хабарланады;

в) мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы электрондық сұраныс бергеннен – күнтізбелік он бес күн ішінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан астам құжаттарды зерделеу қажет болған жағдайларда Мұрағат басшысы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы құжаттар тіркелген күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тұтынушыға хабарланады. Жекелеген жағдайларда мұрағат басшылығы орындалу мерзімін 6 айға дейін ұзартуы мүмкін, бұл туралы шешім қабылданған күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тиісті себептері көрсетіліп тұтынушыға хабарланады;

2) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 15 минут;

3) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 15 минут;

Орталыққа өтініш білдірген кезде:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мына сәттен:

а) Мұрағатқа Орталық құжаттарды жіберген сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде;

мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан астам құжаттарды зерделеу қажет болған жағдайларда Мұрағат басшысы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы құжаттар тіркелген күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде Орталыққа хабарланады. Жекелеген жағдайларда мұрағат басшылығы орындалу мерзімін 6 айға дейін ұзартуы мүмкін, бұл туралы шешім қабылданған күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тиісті себептері көрсетіліп Орталыққа хабарланады. Орталық өз кезегінде Мұрағат шешімін алған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тұтынушыға хабарланады;

2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут;

3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 15 минут;

8. Әлеуметтік-құқықтық сұраныстар бойынша мемлекеттік қызмет ақысыз болып табылады.

9. Мемлекеттік қызмет:

1) Комитетке немесе ЖАО-ға өтініш білдірген кезде:

демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын. Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;

2) Мұрағатқа өтініш білдірген кезде: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын. Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін жүзеге асырылады. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;

3) портал арқылы өтініш білдірген кезде электронды сұраныстарды өңдеу өтініш білдірген жердің жұмыс кестесі бойынша жүзеге асырылады;

4) Орталыққа өтініш білдірген кезде: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына алты күн, оның сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, филиалдар мен өкілдіктер үшін сағат 9-00-ден 19-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс кестесі белгіленеді. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдынала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;

10. Комитет, ЖАО және Мұрағат ғимараттарында құқықтық тәртіпті қорғау үшін үй-жайда тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және басқа қауіпсіздік шаралары бар. Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдай көзделген, сондай-ақ қажетті құжаттардың тізбесі бар стендтермен жарақтандырылған.

Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталық ғимаратында да көрсетіледі, мұнда дене мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдай көзделген. Залда анықтама бюросы, тосып отыратын креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады.




2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін мыналарды ұсынады:

Комитетке не ЖАО-ға немесе Мұрағатқа өтініш білдірген кезде:

1) расталуы қажет мәліметтер көрсетілген өтінішті;

2) тұтынушы жеке өзі келгенде тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат немесе өзге тұлғаның нотариалды куәландырылмаған жазбаша сенімхаты;

Тұтынушы портал арқылы өтініш білдірген жағдайда электронды сұранысты жіберген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады;

Орталыққа өтініш білдірген кезде:

1) расталуы қажет мәліметтер көрсетілген өтінішті (хатты);

2) тұтынушы жеке өзі келгенде тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі немесе өзге тұлғаның берілген нотариалды куәландырылмаған жазбаша сенімхаты;

Құжаттар пакетін қабылдаған кезде Орталық қызметкері көшірмелерді түпнұсқамен сәйкестігін тексеріп, түпнұсқаны тұтынушыға қайтарады.

Қажет болған жағдайда тұтынушы өтінішке (хатқа, электрондық сұранысқа) тиісті құжаттар мен материалдарды не олардың көшірмелерін қоса береді.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілерді толтыру талап етілмейді, өтініштер еркін нысан бойынша қабылданады. Өтініште тұтынушының аты, әкесінің аты, тегі, оның туған жылы, орны, тұрғылықты жері, азаматтығы, сондай-ақ сауалды орындауға қажетті құжаттарды іздестіруге мүмкіндік беретін мәліметтер көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электронды сұраныс нысанын толтырады.

Орталықта мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не Орталықтың консультанттарында болады.

13. Мемлекеттік қызметті Комитет арқылы алу үшін құжаттар мына мекенжайға тіркеуге беріледі: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс, 215-кабинет, телефон: (7172) 74-05-29.

Мемлекеттік қызметті ЖАО немесе Мұрағат арқылы алу үшін осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар, тізбесі осы стандарттың 1, 2-қосымшаларында көрсетілген Мұрағаттарға, ЖАО-ға тапсырылады.
Электрондық сұранысты қабылдау www.egov.kz порталында «Электрондық қызметтер» бетбелгісінде жүргізіледі.

Орталықта құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда «терезелердің» мақсаттары және орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ Орталық инспекторының аты, әкесінің аты, тегі және лауазымы көрсетіледі. Орталықтардың мекенжайлары осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген.

14. Тұтынушының мемлекеттік қызметті алғанын Комитеттің, ЖАО-ның, Мұрағаттың осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды қабылдап алғанын көрсете отырып, қызмет алуға ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабына (журналына) тіркеуі растайды.

Портал арқылы өтініш берілген кезде тұтынушының электронды жәшігіне немесе порталдағы жеке кабинетіне тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама есеп жолданады.

Құжаттарды Орталық арқылы қабылдаған жағдайда тұтынушыға:

1) сұраудың нөмірі мен қабылданған күні;

2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

5) Орталықтың құжаттарды ресімдеуге арналған өтінішті қабылдаған нспекторының аты, әкесінің аты, тегі көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

15. Комитет, ЖАО, Мұрағат мұрағаттық анықтаманы тұтынушыға жеке өзі келгенде не нотариалды куәландырмай жазбаша сенімхат арқылы басқа тұлғаға береді, портал арқылы не пошта арқылы немесе Орталыққа жібереді.

Тұтынушыға дайын құжаттарды беруді осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Мұрағаттар жүргізеді.

Орталықта тұтынушыға дайын құжаттарды беруді Орталық инспекторы қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде «терезелер» арқылы жүзеге асырады.

16. Тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбауы мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға сұранысты орындау үшін қажетті мәліметтердің болмауы негіз болады.

Құжаттар дұрыс рәсімделмегенде немесе бөтен тұлғалар өтініш білдіргенде, сондай-ақ құжаттар түпнұсқа болмаған жағдайда құжаттар пакетін алған күннен бастап Мұрағат үш жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін жазбаша негіздей отырып тұтынушыға немесе Орталыққа жібереді.

Орталық құжаттар пакетін алған соң тұтынушыға бір жұмыс күні ішінде хабарлайды және Мұрағаттың қызмет көрсетуден бас тарту себебі туралы жазбаша негіздемесін береді.


3. Жұмыс қағидаттары
17. Мұрағат және Орталық қызметтерді тұтынушыға қатысты мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықты сақтау;

3) сыпайылық;

4) түпкілікті әрі толық ақпарат ұсыну;

5) жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын сақтау және құпиялылығы.



4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітіледі.



5. Шағымдану тәртібі
20. Мұрағаттың уәкілетті лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Комитеттің Мұрағаттар мен құжаттама басқармасының бастығы мына мекенжай бойынша түсіндіреді және шағым жазуға жәрдемдеседі: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс, 462-бөлме, телефон: (7172) 74-05-31; сондай-ақ, осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында мекенжайлары көрсетілген облыстардың, Астана, Алматы қалаларының мұрағаттар мен құжаттама басқармаларының басшылары мен мұрағат директорлары түсіндіреді.

Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдемдесу үшін тұтынушы осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Орталық басшысына шағымданады.

Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны бойынша алуға болады: 58-00-58.

21. Қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі басшылығының атына шағым мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, 14-кіреберіс, 225-кабинет, телефон: (7172) 74-01-21, интернет-ресурс: www.mсi.gov.kz, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап, 18-00-ге дейін демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайын, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда Комитет төрағасының атына шағым беріледі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайын, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап, 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8-үй, 14-кіреберіс, 231-бөлме, Комитет төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 74-02-51, интернет-ресурс: www.mсi.gov.kz, сондай-ақ тізбесі осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ЖАО басшыларына немесе Мұрағат директорына, осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Орталық басшысына шағым беріледі.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

24. Шағым еркін нысанда ресімделеді. Өтінуші өз шағымында міндетті түрде мыналарды көрсетеді:

1) тегі, аты, әкесінің аты;

2) жауап жіберілетін пошталық мекенжайы;

3) шағымның мәнісін баяндау;

4) жеке қолы және уақыты.

Қажет болған жағдайда өтінуші өз дәлелдерін растайтын құжаттар мен материалдарды немесе оның көшірмелерін жазбаша шағымға қоса береді.

25. Шағымды қабылдағанын растайтын құжат шағымның екінші данасы, болмаса шағымның көшірмесіне шағымды қабылдаушы тұлғаның ұсынылған шағымға жауап алу мерзімі мен орнын және шағымның қаралу жайы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері жазылып беріледі.

26. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсынан алуға болады: www.mсi. gov.kz.

_________________________
«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша



Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының

жергілікті артқарушы органдарының тізімі


Р/с



Жергілікті атқарушы органның атауы

Жергілікті атқарушы органның мекенжайы

Телефон нөмірі

1

Алматы қаласының тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

Алматы қаласы,

Алтынсарин даңғылы, 23



8 (727)

239-58-91



2

Астана қаласының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Астана қаласы,

Сауран көшесі, 7а



8 (7172) 796194

3

Алматы облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 112

8 (727)

279-69-83



4

Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Көкшетау қаласы,

Красная көшесі, 23



8 (716 2)

26-54-89


5

Ақтөбе облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Ақтөбе қаласы,

Ағайынды Жұбановтар көшесі, 255



8 (713 2)

54-79-73


6

Атырау облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Атырау қаласы,

Гагарин көшесі, 7 А



8 (712 2)

27-12-58


7

Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Өскемен қаласы,

Пермитин көшесі, 23



(723 2)

26-48-47


8

Жамбыл облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Тараз қаласы,

Бөлтірік шешен көшесі, 1 б



8 (726 2)

45-32-75


9

Батыс Қазақстан облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Орал қаласы,

Қ. Аманжолов көшесі, 85



8 (711 2)

51-06-34


10

Қарағанды облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Қарағанды қаласы,

Бейбітшілік бульвары, 30



8 (8721 2)

56-91-08


11

Қостанай облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Қостанай қаласы

Таран көшесі, 82



8 (714 2)

54-29-71


12

Қызылорда облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Қызылорда қаласы,

Ы. Жақаева көшесі, 76



8 (724 2)

27-23-50


13

Маңғыстау облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Ақтау қаласы,

24 шағын аудан



8 (729 2)

60-51-79


14

Павлодар облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Павлодар қаласы,

Ж. Бектұров көшесі, 62/1



8 (718 2)

32-58-78


15

Солтүстік Қазақстан облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Петропавл қаласы,

Интернациональная көшесі, 1



8 (715 2)

49-20-50


16

Оңтүстік Қазақстан облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Шымкент қаласы,

Байтұрсынов көшесі, 20



8 (725 2)

21-29-38


Каталог: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет