Мұрагерлік полиморфизм



бет1/4
Дата07.11.2019
өлшемі5.52 Mb.
  1   2   3   4



Кіріспе

Қазақстан Республикасында жаңа ғасырдан бастап компьютер технологиясына көп көңіл аударылуда. Яғни Қазақстан Республикасының барлық аумағын компьютерлендiру қолға алына бастады. Осы жұмыстардың нәтижесiнде Қазақстан Республикасының азаматтары республиканың кез-келген нүктесінде тұруына қарамай жаңадан келген жаңалықтармен таныс болып отырады. Тәжірибеден білетініміздей уақтылы алынған информация - бұл өлшенбейтін байлыққа тең. Осылардан келiп шығатыны информациялық технологияның дамыған ғасырында компьютерлік техниканы қолданбай жұмыс істейтін мемлекеттік және коммерциялық мекемелер, жоғарғы оқу орындары және т. б. көптеген салалар кемде-кем деп айтсақ та болады.

Информациялық технологиялардың дамуы қолданбалы математиканы инженерлік ізденістерде қолдануға кең жол ашып берді. Өмірімізге өндірістік, технологиялық және инновациялық процесстермен бірге информациялар ағыны кіріп келді. Кез келген маман экономиканың өтпелі кезеңінде, өз міндетін жаңа талаптарға лайықты етіп орындау үшін, информациялық технологиялармен жұмыстарын шеберлікпен жүргізе білуі қажет. Қазіргі кезде информацияны пайдалана және жоғары деңгейде талдай білген маман әрқашан сұраныста.

Қазіргі таңда барлық алгоритмдік тілдер - объектке бағытталған бағдарламалау әдісін қолдануда. Бұл әдіс алгоритмдік тілдің дамуының жоғарғы эволюциялық сатысы болып есептеледі. Объектке бағытталған бағдарламалау әдісі - басқа бағдарламалау әдістерінің жетістіктерін өз ішіне ала отырып, бағдарламалау процессінде абстракттық құрылымдардан пайдалана алады. Әдісте қолданылатын негізгі ұғым - объекттің үш қасиеті бар. Осы қасиеттер негізінде, көп-теген абстракт объекттер құрылып, олар библиотекаларда сақталуда. Пайдаланушы өз бағдарламасында сол объекттерді шақырып, қажет болса, дамытады. Объекттің қасиеттерінің мағынасы төмендегідей [1]:



  • инкапсуляция

  • мұрагерлік

  • полиморфизм


Инкапсуляция - деп процедура мен деректерді біріктіріп, объект құруды айтады. Объектте сипатталған процедураны - әдіс дейміз. Әдісте локал айнымалылар мен процедуралар да енгізуге болады.

Мұрагерлік - деп ілгері анықталған объектті пайдалана отырып, жаңа объект құруды айтады. Бұл объекттер бірлесе отырып, иерархиялық ағаш құрайды. Ағаштың жоғарғы сатысындағы объектті - аналық, ал төмендегілерін - мұрагер объект дейміз. Мұрагер объект аналық объекттің әдістері мен деректерін пайдалана алады.

Полиморфизм - деп аналық және мұрагер объекттерде аты бірдей, бірақта орындайтын жұмысы әр түрлі әдістерден пайдалануды айтады. Мұрагер объект аналық объекттің әдісін пайдалана отырып, әдіске жаңа деректер мен локал әдістер енгізеді.

Деректер қоры дегеніміз - құрылымы арнайы тәсіл бойынша ұйымдастырылған берілген форматтағы файлдар жиынтығы болып есептеледі.

Деректер қорын Borland Delphi объектке бағытталған программалау ортасында жасалыну себебi, өйткенi Borland Delphi объектiке бағытталған программалау ортасы кез-келген қосымшаны дайындауға болатын, жылдамдығы тез қуатты тiлдердiң бiрi болуы және де басқа деректер деректер қорымен жақсы байланысатын болуы.

Деректер қорын басқару жүйесi - деректер қорымен жұмыс iстеуге арналған Borland Delphi ортасындағы программалар қатарына кiретiн тiлдердiң бiрi Paradox тiлi болып табылады [2, 3].

Жоғарыда көрсетiлген жұмыс салаларының бiрi ретiнде Шымкент қаласы Самал мөлтек ауданындағы участке иелері туралы мәліметтер, яғни аты-жөні, туылған жылы, жұмыс орны, жанұясы, т.с.с. алуға болады. Осы мәліметтерді өңдеуді Borland Delphi объектке бағытталған программалау ортасында деректер қоры ретiнде жасау жұмыс барысын жеңiлдетедi.

Қарастырылған Шымкент қаласы Самал мөлтек ауданындағы участке туралы деректер қорында Paradox программасында кестелердi құру және оны сақтау үшiн, ал Borland Delphi объектке бағытталған программалау ортасы осыларды, яғни құрылған кестелердi басқару үшiн қолданылған. Бұл проекттегі негiзгi жұмыстар жиһаздарды iздеу, өңдеу, енгiзу болып табылады. Яғни, осы программада кестелер өзара бiр-бiрiмен байланыстырылып жұмыс атқарады. Программа барысында сұраныс беру арқылы өз шартымызды қанағаттандыра аламыз.

Сонымен электрондық картаны жасауда екі программалау ортасынан пайдаланылды:


  • Borland Delphi - объектке бағытталған программалау ортасы;

  • Paradox - деректер қорын басқару жүйесі.

Мұндағы Borland Delphi объектке бағытталған программалау ортасын қолдану себебiм, өйткенi ол Windows операциялық жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы болып саналады. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедия процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және тағы басқа іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі бар.



1 Диплом алды іс–тәжірибенің мазмұны

Мен, Тайтелиева Сағила Садуақасовна диплом алды іс-тәжірибемді Шымкент қаласындағы «Жер ғылыми-өндірістік орталығының Оңтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорны» мекемесінде өткіздім. Мен онда 2008-шы жылдың 31-ші март пен 3-ші мамыр аралығында іс-тәжірибеден өттім. Менің іс-тәжірибелік жұмысым берілген мекеменің ақпараттарды қабылдау және өңдеу бөлімінде өтілді. Мекемеде ақпараттық технологиялар көмегімен түрлі жұмыстар жасалады.

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Шымкент қаласы Самал мөлтек ауданындағы учаскелердің орналасуының электрондық картасын жасау» болғандықтан, мен іс-тәжірибемді осы мекемеде өткіздім.

Бұл жұмысты Borland Delphi бағдарламалау ортасында MS Ассеss-ті пайдаланып жазатын болғандықтан, маған іс-тәжірибе кезінде, деректер қорын құру бойынша қиындықтар кездесті. Ол үшін, маған деректер қорымен жұмыс істеуге тура келді. Сондықтан іс-тәжірибе кезінде «Жер ғылыми-өндірістік орталығының Оңтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорнындағы» Заңды тұлғалардан ақпарат қабылдау және өңдеу бөлімінің заңды тұлғалар секторы бөлімінің деректер қорын зерттеумен болдым.


31.03.08 күні жалпы жалпы «Жер ғылыми-өндірістік орталығының Оңтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорны» мекемесі құрамы мен қызметі туралы таныстым. Бұл күні аталған мекеме туралы көптеген мәліметтерге қанық болдым. Мысалы, қазіргі күнде жер учаскесіне кезекке тұрған, 10500 қала азаматы тіркелген, оның ішінде заңды тұлғалар 1250, жеке тұлға 9085 санды құрайды.

Мен іс – тәжірибемнің басталған күнінен бастап, жұмыс барысында араласатын қызметкерлермен бір сыпыра танысып болғаннан соң, ең негізгі жұмыс өзімнің іс- тәжірибем өтетін бөліммен, яғни Заңды тұлғалардан ақпарат қабылдау және өңдеу бөлімінің қызметкерлермен танысу болды. Олар маған жұмыстың қалай жасалуын, жұмыстың мақсатын толық түсіндірді және маған жұмыс жасау үшін жеке компьютер бөліп берді. Мұндағы қызметкерлердің негізгі жұмысының мақсаты: атқаратын қызметімен, жауапкершілігімен, жалпы жұмыстың ережелерімен таныстыру. Мұндағы қызметкерлердің әрқайсысына өз қызметіне сәйкес жұмыстар бөлінген.


01.04.08-03.04.08 күндері өзімнің дипломдық жұмысыма керекті материалдарды жинақтап дипломдық жұмысыммен айналыстым. Диплом жетекшім Сембиев Ордабай ағайдың кеңесі бойынша төмендегі әдебиеттермен таныстым:

  • Климова Л.М. Delphi 7. Основы программирования. Решение типовых задач. –М.: Кудиц-образ, 2004. -480 с.

  • Пестриков В.М., Маслобоев А.Н. Delphi на примерах. –Спб.: БХВ-Петербург, 2005. –496 с.: ил.

  • Бен–Ари М. Языки программирования. Практический сравнительный анализ. –М.: Мир, 2000. –208 с.

Деректер қорын Borland Delphi объектке бағытталған программалау ортасында жасалыну себебi, өйткенi Borland Delphi объектiке бағытталған программалау ортасы кез-келген қосымшаны дайындауға болатын, жылдамдығы тез қуатты тiлдердiң бiрi болуы және де басқа деректер деректер қорымен жақсы байланысатын болуы.

Деректер қорын басқару жүйесi - деректер қорымен жұмыс iстеуге арналған Borland Delphi ортасындағы программалар қатарына кiретiн тiлдердiң бiрi Paradox тiлi болып табылады [2, 3].

Жоғарыда көрсетiлген жұмыс салаларының бiрi ретiнде Шымкент қаласы Самал мөлтек ауданындағы участке иелері туралы мәліметтер, яғни аты-жөні, туылған жылы, жұмыс орны, жанұясы, т.с.с. алуға болады. Осы мәліметтерді өңдеуді Borland Delphi объектке бағытталған программалау ортасында деректер қоры ретiнде жасау жұмыс барысын жеңiлдетедi.

Қарастырылған Шымкент қаласы Самал мөлтек ауданындағы участке туралы деректер қорында Paradox программасында кестелердi құру және оны сақтау үшiн, ал Borland Delphi объектке бағытталған программалау ортасы осыларды, яғни құрылған кестелердi басқару үшiн қолданылған. Бұл проекттегі негiзгi жұмыстар жиһаздарды iздеу, өңдеу, енгiзу болып табылады. Яғни, осы программада кестелер өзара бiр-бiрiмен байланыстырылып жұмыс атқарады. Программа барысында сұраныс беру арқылы өз шартымызды қанағаттандыра аламыз.
04.04.08-05.04.08. Мекеменің бөлімдеріндегі компьютерлермен локалдық желі арқылы байланысы бар жұмыс орындарымен танысу. Сол себептермен бөлімдегі бір компьютерді толығымен шашып, қайтадан жинадық. Онда ең алдымен барлық құрал саймандарды дайындап, біреуіміз ашып қалғандарымыз рет-ретімен алынған құрылғыларды көріп шықтық. Мысал үшін аналық тақшадағы құрылғыларды, атап айтатын болсақ, онда орналасқан микросхемалар, винчестер, видеокарта, дыбыс картасы, жедел жады және микропроцессор. Бұл құрылғылар компьютердің жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
07.04.08-09.04.08. Компьютердің техникалық сипаттамасымен және Internet желісімен танысу. Бөлімдегі қолданылатын компьютердің барлығы да соңғы үлгідегі компьютерлер, қолданылатын бағдарламалардың санында шек жоқ. Internet желісімен жұмыс істеу уақыты да, мүмкіндігі де өз қалауыңша.

Интернетке қосылу дегеніміз – басқа жерлерде тұрған мыңдаған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлардағы, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және тағы басқа цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз.

Интернеттің WWW (World Wide Web) қызметіндегі барлық гипермәтінді құжаттардың жалпы бір қасиеті, олардың барлығы HTML тілінде жазылған. HTML (HyperText Markup Language) –гипермәтінді белгілеу тілі мәтіндерді HTML-құжат түрінде бейнелеуге арналған нұсқаулар жиынын анықтайды. Сонымен қатар Web-құжатқа суреттерді, кестелерді түрлі түспен бейнелеу мүмкіндігін береді. Web-құжаттар Интернеттің WWW қызметімен бірге дами отырып, оның соңғы технологияларымен үнемі толықтырылып отырылады.
10.04.08-12.04.08. күндері жалпы мекеменің компьютерлік локалдық желісімен, бағдарламаларымен және Интернет желісімен теориялық жүзінде танысу күндері болды. Мұнда қазіргі заман талабына сай компьютерлік бағдарламалары, бағдарламалық жабдықтары, түрлі компьютерлік жабдықтар мен Интернет желісінде жұмыс және банктік программалармен қамтылған.
14.04.08-16.04.08 күндері компьютерлік вирусқа қарсы NOD32 программасын енгіздім. ИНИС, СГДС программаларында жұмыс істедім. Осы программаларды жаңартуға, оларды қайта компьютерге енгізуге көмек көрсеттім. Сондай-ақ осы күндері компьютерлер арасындағы желілерді қалпына келтіруге көмектестім.

Сонымен қатар, мен онда диплом жұмысыммен айналыстым, Интернет және HTML тілі туралы әдебиеттермен таныстым.



  • Климова Л.М. Delphi 7. Основы программирования. Решение типовых задач. –М.: Кудиц-образ, 2004. -480 с.

  • Пестриков В.М., Маслобоев А.Н. Delphi на примерах. –Спб.: БХВ-Петербург, 2005. –496 с.: ил.

  • Бен–Ари М. Языки программирования. Практический сравнительный анализ. –М.: Мир, 2000. –208 с.

Borland Delphi объектке бағытталған программалау ортасы MS Windows операциялық жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы болып саналады. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедия процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және тағы басқа іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі бар.

Borland Delphi-дiң негiзгi мәзiрi келесi мәзiр пункттерiнен тұрады:


  • File (Файлдармен жұмыс);

  • Edit (Редакциялау);

  • Search (Iздеу);

  • View (Информацияны көрiп шығу);

  • Project (Жоба параметрлерi);

  • Run (Жобаны iске қосу);

  • Component (Компоненттер);

  • DataBase (Берiлгендер қоры);

  • Tools (Инструменталды құралдар);

  • Help (Көмек).


17.04.08 күні мекемедегі жетекшіммен бірге Интернетте отырдық. Интернет жайында бірер әңгіме айта кетсек: HTML тілінде жазылған гипермәтіндік құжаттар браузер терезесінде ықшам түрде көрсетілгенімен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсету тіліне жатпайды. Ол гипермәтіндердің атқаратын қызметін анықтап, оларды тұтынушыға бейнелеп жеткізетін тіл болып есептеледі. Web-құжаттар тұтынушы мониторының мүмкіндіктеріне қарап, браузермен әртүрлі бейнеленуі мүмкін.
18.04.08-19.04.08 күндер аралығында осы мекеменің ЭЕМ–да орнатылған бағдарламалармен, әсіресе көп жұмыс жасайтыны деректер қорымен жұмыс жасадым. Мен мұнда жерге байланысты кадастрлық қызмет түрлерімен таныстым және қабылданған ақпараттарға реестр жасадым.

Сенбі күні осыған дейін танысып, жұмыс жасаған бағдарламаларымды қайтадан қарап шықтым, себебі мен оқитын жеріме барғанда менен есеп беруді сұрайды.


21.04.08–23.04.08 «Жер ғылыми-өндірістік орталығының Оңтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорнындағы қолданылатын бағдарламалармен танысып шықтым. Олардың көпшілігі маған таныс болып шықты, егер оларды айтып кетер болсам, олар:

  • Windows-98/NT/ME/2000/XP/2003 операциялық жүйесі;

  • Microsoft Word-2000/XP/2003 мәтіндік процессоры;

  • Microsoft Excel-2000/XP/2003 кестелік процессоры;

  • Microsoft Access-2000/XP/2003 деректер қорын басқару жүйесі;

  • Microsoft Paint графикалық редакторы;

  • Microsoft PowerPoint презентация программасы;

  • Internet Explorer 5.0 броузері;

  • Outlook Express 5.0 электрондық пошта программасы;

  • WinRar 3.0 архиваторы;

  • WinZip 3.0 архиваторы;

  • AVP, Norton AntiVirus, Dr Web программалары.

Бұл мекемеде көптеген компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасалады. Ол бағдарламалардың кейбіреуі өз бағдарламалаушыларымен құрылған мекеменің есеп беру кестесі, мекеме қызметкерлерінің, жер қорының деректер қоры және сонымен қатар оффистік бағдарламалар MS Word, MS Excel, т.с.с. жұмыстар жүргіздім. Мұндағы компьютерлерде броузерлердің жаңа үлгілері (Netscape Navigator, Mozilla) орнатылған.


24.04.08-26.04.08 күндері өзімнің дипломдық жұмысыма керекті материалдарды жинақтап, дипломдық жұмысыммен айналыстым. Дипломдық жұмысыма қажетті әдебиеттермен таныстым және HTML тілінде бағдарлама құрдым:

  • Бен–Ари М. Языки программирования. Практический сравнительный анализ. –М.: Мир, 2000. –208 с.

  • Савинков В.М., Бойко В.В. Проектирование баз данных. –М.: Мир, 2002. –216 с.

  • Гринберг Ф., Гринберг Р. Самоучитель программирования на входным языке СУБД dBase. –М.: Мир, 1989.

Borland Delphi ортасында компоненттер көп болғандықтан (200-ден астам) олар орналасқан беттер экран бетiнде көрiнбеуi де мүмкiн. Беттердi көрiнетiн ету үшiн компоненттер палитрасының оң жақ бұрышында солға және оңға жылжу түймелерiн пай­да­ланылады.

Компоненттi форма бетiне орнату үшiн палитраның сәйкес бетiн ашып, керек компоненттi таңдап, курсорды форманың қажет тұсына алып барып тағы бiр рет шерту керек. Компонентке екi рет шерту арқылы да, оны форма бетiне орнатуға болады. Форма бетiндегi қажетi жоқ компоненттi өшiру үшiн оны таңдап, клавиатурадан Delete клавишiн басу жеткiлiктi.

Компонеттер палитрасы Borland Delphi-дiң жаңа нұсқасы шыққан сайын толық­тырылып, компоненттер саны артып отыратынын естен шығармау керек.

Borland Delphi-де программа мәтiнi про­граммалық код деп, ол енгiзiлетiн терезе программалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп аталады. 5-суретте көрсетiл­ге­ндей, Borland Delphi iске қосылған кезде ол форма терезесiнiң астында көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару View-Toggle Form/Unit командасының көмегiмен не клавиатурадағы F12 клавишiн басу арқылы орын­далады.

Код терезесiнiң сол жақ бөлiгiнде Code Explorer (Код Зерттеушiсi), ал оң жағында программа мәтiнi терiлетiн жұмыс аумағы орналасқан. Код Зерттеу­шiсiнде ағымдық проектiдегi объектiлер ағашы көрiнедi. Ондағы кез келген элементке тышқан түймесiн шертсе, курсор ағымдық модульдегi таң­далған элемент тұсына орналасады.

Редактор терезесiнiң тақырыбы ағымдық файл атауымен сәйкес келедi. Терезенiң жұмыс аумағындағы программа коды синтаксистiк мағынасына қа­рай түрлi стильде жазылып көрсетiледi. Мысалы, Object Pascal тiлiнiң кiлт­тiк сөздерi (мысалы, type, class, т.с.с.) қалың шрифтпен, ал түсiнiктемелер (мысалы, {Private declarations}) көк түстi көл­беу (курсив) шрифтпен жазылған.
28.04.08–29.04.08 күндері дипломдық жұмысының негізгі беттерін жасадым.

Деректер қоры – құрылымы арнайы тәсiл бойынша ұйымдастырылған берiлген форматтағы файлдар жиынтығы. Файл негiзiнен кесте түрiнде дайындалады. Кестелердi дайындау, жылдам түрде олардан қажеттi жазулар тобын таңдау (шартты қанағаттандыратын сұраныс құру), оны сақтау, жазуларды редакциялау, жолын алып тастау, кестенi басып шығару сияқты орындалатын iс-әрекеттер - күрделi жұмыстар. Бұрын, мысалы, Турбо Паскальда ДҚ кестесi деректер файлы ретiнде құрылып, онымен жұмыс iстеу үшiн программаға арнайы процедуралар мен функциялар енгiзiлетiн. Соңғы кездерде кестелерден тұратын деректер қорын құрып, оларды өңдейтiн көптеген программалар жүйесi дайындалған. Оларды деректер қорын басқару жүйе­лерi деп атайды.

Алғашқы кездерде қолданылып жүрген dBase-тiң түрлi варианттары, FoхPro, Paradox, т.б. жүйелер MS DOS опе­рациялық жүйесiнде жұмыс iстейтiн және программалауды да қажет ететiн. Программалаудың кiшi бизнестiк сияқты шағын мекемелерде көп қиындық туғызатыны белгiлi. Осы себептi, соңғы жылдары қолдан программалауды қажет ете бермейтiн Microsoft Office (Windows) құрамына кiрiстiрiлген Access сияқ­ты жан-жақты мүмкiндiктi деректер қорын басқару жүйелері жарық көрдi.

Кестеде деректер адресi жолдар мен бағандар қиылысы арқылы анықталады. Бағанды өрiс деп, жолды жазу деп те атайды.


30.04.08 - 31.04.08 аралығында Microsoft Word бағдарламасын пайдаланып, есеп жаза бастадым.

Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлімдегі екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде қаралып отырған мәселенің өзектілігі және қажетті теориялық білімге қысқаша шолу беріліп отыр. Кіріспеде аталған Borland Borland Delphi объектке бағытталған программалау ортасы мен Paradox деректер қоры программасын білу жұмысты түсінуге көмектеседі.

Бірінші тарау объектке бағытталған программалау технологиясыны арналған. Бірінші бөлімде Borland Delphi объектке бағытталған программалау ортасының интерфейсі, негізгі формасы, оқиғалары, қасиеттері сипатталған. Екінші бөлімде деректер қорын құрудың негізгі DataBase Desktop утилитасы жайында айтылған. Деректер қорын құру мысалдармен, жобаның деректер қорының өрістері, олардың типтері, кестені толтыру мәселелерімен түсіндірілген. Үшінші бөлім SQL – сұраныстар тiлiне арналған. Деректер қорына сұраныс құру мәселелері, сұраныстар құруға арналған арнайы тiл SQL және оның операторлары қаралған.

Екінші тарауда «Шымкент қаласы Самал мөлтек ауданындағы учаскелердің орналасуының электрондық картасы» жобасын құруға арналған. Бірінші бөлімде көпкестелік деректер қорында кестелерді байланыстыру әдістері қаралады. Borland Delphi программалау ортасының формасында Paradox программасында толтырылған деректерді объекттермен байланыстыру қарастырылған. Келесі бөлім деректер қорының объекттері мен қолданылатын визуалды компонентерге арналған. Borland Delphi жүйесiнде деректер қорымен жұмыс iстеуде қажетті келесi құрал - саймандар жабдықтарының жиыны сипатталған.

2 «Шымкент қаласы Самал мөлтек ауданындағы учаскелердің орналасуының электрондық картасы» жобасын құру

Borland Delphi объектке бағытталған программалау тiлiнде басқа деректер қорымен байланыстыру жолдары қарастырылған. Осындай Деректер қорын басқару жүйесi (ДҚБЖ) - Деректер қорымен жұмыс iстеуге арналған Delphi ортасындағы программалар қатарына Paradox, Access, FoxPro, dBase т.б. жатады.

Database Desktop утилитасының құрамына жататын Paradox программасы ең қолайлы және ең көп тараған программа. Paradox программасының Paradox1, Paradox2, Paradox3, Paradox4, Paradox5, Paradox6, Paradox7 сияқты бiрнеше нұсқалары бар [7].

Деректер қорында екi өлшемдi кестенiң жолдары жазбалар деп, ал бағандары өрiстер деп аталады. Дәлiрек айтқанда деректер қорындағы кестедегi әр бiр жол жазба болып табылады, ал сол жазба бiрнеше өрiстерге бөлiнедi.

Windows жүйесiнiң элементтерiмен таныс кез-келген қолданушының Paradox программасын оқып үйренуiне қиындық жоқ десе де болады. Өйткенi Paradox программасымен жұмыс iстеу принциптерi Windows жүйесiне негiзделген, яғни оның объектiлерi терезе түрiнде ашылады.

Осы жасалынып жатқан программада Paradox программасын ендірілетін мәліметтер қорын сақтауға және тағы да қосымша ендіруге қолданамыз.

Ал, Borland Delphi программалау ортасында осы Paradox программасына ендірілген мәліметтер қорын басқарамыз, яғни төменде көрсетілген компоненттер панеліндерінің беттерінде көрсетілген командалар арқылы атқарғалы отырған жұмысымызды орындаймыз.

Формада Database Desktop утилитасында құрылған кестеге қол жеткiзу компоненттер панелiнiң DataAccess (Деректерге кiру) қосымша бетiне енгiзiлген Table, DataSourse және Data Controls (Деректердi басқару) қосымша бетiне енгiзiлген DBGrid компоненттерi арқылы орындалуы мүмкiн. Формаға орнатылған төмендегi компоненттердiң негiзгi iс-әрекеттерi мынадай [7]:



  • TTable (Кесте) - кез-келген деректер қоры кестесiне қол жеткiзу;

  • TDataSourse (Деректер көзi) - DataSet (Деректер жиынтығы) қасиетi арқылы нақты кестемен байланыс орнату;

  • DBGrid (Деректер кестесi) - DataSourse қасиетiне DataSourse Деректер көзiн меншiктеп, терезесiне нақты Деректердi (кестенi немесе сұранысты) енгiзу керек. Ол үшiн алдымен Table1, DataSourse1 компоненттерiне ретiмен төмендегi кестеде көрсетiлгендей, қажеттi қасиеттердi меншiктеп алса болғаны.

Осы амалдарды орындау үшiн төмендегi жолдарды iске асыру қажет:



  • Жаңа проект ашу.

  • Формаға Table1, DataSource1, DBGrid1 компоненттерiн енгiзу.

  • Төмендегi кестеге жазылған комоненттерге ретiмен қасиеттерiн орнату:




Компонент

Қасиет

Мән

Table1

Name

DatabaseName


TableName

Active


Table1

My Databases Documents

Jihaz.db

True


DataSource1

Name

DataSet


DataSource1

Table1


DBGrid1

Name

DataSource

Font


DBGrrid1

DataSource1

Times New Roman Kaz, 12

Мұндағы Table1 компонентінің DatabaseName, TableName қасиеттерінің мәндері мәндер тізімдерінен () таңдалуы тиіс (DatabaseName қасиетінің мәні – кесте сақталған мәліметтер қоры атауы (алиасы). Оның орнына Мәліметтер қорына баратын жолды енгізген болуы да мүмкін).

Сурет 1 - Жобаның негізгі терезесі
DBGrid1 компонентінің DataSource (Мәліметтер көзі) қасиетіне DataSource1 мәні меншіктелген кезде Table1 объектісінің Active қасиетіне True мәні меншіктелуіне байланысты, DBGrid компоненті терезесінің ішіне Учаске.db кестесі енгізіліп қойылады.

Жалпы, Active қасиеті арқылы мәліметтер Учаске.db жиынтығы ашылады және жабылады. Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін қосымшасының құрамына бір Table және бір Datasource компоненттерінің болуы қажет. Олар формада орнатылған соң қасиеттеріне мәндер жоғарыдағы кестедегі көрсетілген ретпен меншіктелуі тиіс.

DataSource1 компоненті өзінің DataSet (Мәліметтер жиынтығы) қасиеті арқылы нақты кестемен байланысады. Ол – Table1 және DBGrid1 компоненттерін келістіруші де.

Delphi-де TDataSet класы мәліметтер қоры объектілерінің негізгілерінің бірі. Ол кестені ашуға пайдаланылады, яғни, Table компоненті – TDataSet класының мұрагері DataSet DataSource компонентінің қасиеті ретінде пайдаланылуы да мүмкін.

Сұранысты формаға түсіру. Borland Delphi-де сұраныс құрудың көп пайдаланылатын тәсілі – формаға орнатылған Query, Table, DataSource, DBGrid компоненттерін пайдалану. Құрылған сұраныс DBGrid терезесіне енгізіледі.

Database Desktop-та құрылған Учаске.db кестесінен +++ және одан кейінгі жылдары берілген учаскелердің тізімінен тұратын сұраныс құру керек болсын. Ол үшін:



  • Жаңа проект ашып, формасын Table1, DataSource1, Query1, DBGrid1 компоненттерін орнату.

  • Ретімен компоненттер қасиеттеріне мәндер меншіктеу:




Компонент

Қасиет

Мән

Table1

DatabaseName

TableName



My Databases Documents

Jihaz.db


DataSource1

Name

DataSet


DataSource1

Query1


Query1

DatabaseName

SQL


My Databases Documents

[TString]



DBGrid

DataSource

DataSource1

Form1

Font

Times New Roman Kaz, 12




    • TString типі SQL қасиеті TQuery компонентінің ең қажетті бөлімі. Жоғарыдағы кестеде көрінген көп нүкте енгізілген Tstring қатары шертілген кезде String List Editor (Редактордың жолдық парағы) терезесі көрінеді. Терезеге SQL тілінде орындалатын сұраныстың командалық мәтіні (оператор) енгізілуі тиіс. Берілген мысалдың орындалуын қанағаттандыру үшін енгізілетін сұраныс:

SELECT * FROM <учаске.db> WHERE

Учаске берілген жыл>=01.01.08.

(егер Учаске берілген жыл String типімен сипатталған болса, 01.01.08. санын тырнақшаларға немесе дәйекшелерге алып жазу керек).




    • Терезеге операторды енгізген соң, оның Ok түймесін шерту. Form1 терезесі қайта көрінеді.

    • Query1 компонентін қайта таңдап, оның Active қасиетіне True мәнін меншіктеу. Сұраныс DBGrid1 компоненті терезесіне енгізіліп қойылады. Сұраныс енгізілген DBGrid1 терезесін тазалау үшін Query1 компонентінің Active қасиетіне False мәнін меншіктесе болғаны. Сұранысты сақтау тәсілі DBGrid компонентінің терезесіне енгізілген кестені сақтау тәсілі сияқты.


Сурет 23 - «Деректер қоры» терезесі


Сұраныс құру үшін SQL Builder (Сұраныс құрастырушы) программасын пайдалану ыңғайлы және оны мына амалдар арқылы орындауға болады:

  • Жаңа проект ашып, Form1 терезесіне DataSource1, Query1 компоненттерін орнату.

  • Компоненттер қасиеттеріне мәндер меншіктеу:




Компонент

Қасиет

Мән

DataSource1

DataSet

Name


Query1

DataSource1



Query1

DatabaseName

My Databases Documents




  • Query1 компонентін оң түймемен шертіп, көрінген контекстік мәзірден SQL Builder қатарын таңдау. Сұраныс құрастырушы программасы іске қосылып, терезесі экранға шығарады. Алғашқы терезе бос болып, оның жоғарғы қатарындағы Database өрісіне алиас атауы жазылғаны көрінеді. Table өрісінен қажетті кесте атауын таңдап аламыз. Төртбұрыш ішіне алынған кесте (кесте жөнінде мәлімет) терезенің жоғарғы қабатына енгізіліп қойылады.

  • Кесте өрістерін таңдау керек. Ол үшін көрінген белгілегіштердің жоғарғысын таңдау жеткілікті.

  • Criteria (Іріктеу шарттары) қосымша бетін ашып, төменгі панельдің сол жақ өрісіне керекті кесте және өріс атауын, орта (Compare) өрісіне >= операторын, сол жақ өрісіне керекті мәліметті енгізуіміз керек. Егер кесте құруда сәйкес өріс символдық типі етіп (А) белгіленген болса, санды тырнақшаларға алып енгізу керек.

  • Query – Run командасын беру керек. Қажетті сұраныс Query Results терезесінде көрінеді. Ол DBGrid компоненті терезесіне енгізілген сұраныспен бірдей.

Есепті формаға түсіру жолы. Мысалы, My Databases Documents бумасында (алиасында) сақтаулы қарапайым Jihaz.db кестесін форматты түрде басып шығу керек болсын. Ол үшін:



  • Жаңа проект ашып, форманың жоғарғы қатарына Table1, Button1 компоненттерін орнату. Table1 компоненттерінің қасиеттерін беру: DatabaseName-My Databases Documents; TableName-Jihaz.db; Active-True.

  • QuickReport бетінің Table1 компонентінің астына QuickRep1 компонентін орнатып, оны барынша созу керек. Оның бірінші жолына QRSubDetail1 компонентін орнатып, қаиеттеріне мәндерін меншіктеу:




Қасиет

Мән

Font

Times New Roman Kaz, 12

BandsHasHeader

True

DataSet

Table1

QRSubDetail компоненті терезесінің бірінші, екінші қатарлары ерекшеленіп, GroupHeader, SubDetaile сөздері жазылып қойылады.




  • Бірінші жолға QRLabel1 компонентін орнатып, оның Font қасиетіне Times New Roman Kaz, 12 мәндерін меншіктеу, Caption қасиетіне Жиһаз салоны сөзін енгізу.

  • Екінші жолға QRDBText1, QRDBText2, QRDBText3 компоненттерін орнатып, олардың DataSet қасиетіне ретімен Table1 атауын, DataField қасиетіне сәйкес өріс атауларын ++ меншіктеу. QuickRep терезесінің оң түймесін шертіп, ашылған мәзірдің Preview (Көріп шығу) қатары арқылы дайындалған есепті арнайы терезеде көріп шығуға болады.

  • Button1 түймесін екі рет шертіп, код терезесінде процедура құру:

Procedure Tform1.Button1Click (Sender:TObject);

Begin

QuickRep1.Preview;



QuickRep1.Print;

End;
Алдымен тақырып аты енгізілген көріп шығу терезесі көрініп, одан әрі парақ есіп басылып шығады. Borland Delphi мәліметтер қоры жүйесiнде жұмыс атқаруда құрал-саймандар жабдықтарының жиынын пайдаланамыз.

Көптеген жұмыс орындарында, оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде, шаруашылықтарда және тағы басқа да көптеген салаларда деректердi дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиi кездеседi. Мысалы, Шымкент қаласы Самал мөлтек ауданындағы участке иелері туралы мәліметтер қатарына енгiзу, өңдеу, қосу және т.б. амалдар қолданылады. Мұндай деректердi сақтау және өңдеудiң көп тараған әдiстерiнiң бiрi - оларды деректер қоры ретiнде дайындау.

Деректер қоры дегеніміз - құрылымы арнайы тәсіл бойынша ұйымдастырылған берілген форматтағы файлдар жиынтығы болып есептеледі.



Сурет 3 - «Самал-1» терезесі
Файл негiзiнен кесте түрiнде дайындалады. Кесте дегенiмiз - деректер адресi жолдар мен бағандар қиылысы арқылы анықталады. Кейде бағанды өрiс деп, жолды жазу деп те атайды. Кестелердi дайындау, жылдам түрде олардан қажеттi жазулар тобын таңдау (қойылған шартты қанағаттандыратын сұраныс жарату), оларды сақтау, жазуларды редакциялау, жолын алып тастау, кестенi қағаз бетiне басып шығару сияқты орындалатын iс-әрекеттер күрделi жұмыстар қатарына жатады. Алғашқыда Турбо Паскальда деректер қоры кестесi деректер файлы ретiнде құрылып, онымен жұмыс iстеу үшiн программаға арнайы функциялар мен процедуралар енгiзiлетiн.

Деректер қорымен жұмыс істей білу бүгінгі таңда компьютермен жұмыс істеудегі маңызды дағдылардың біріне айналды. Delphi жүйесiнде деректер қорымен жұмыс iстеуде келесi құрал - саймандар жабдықтарының жиынын пайдаланамыз [8]:



  • Borland Database Engine (BDE) - Delphi қосымшасындағы деректерге кiру мүмкiндiгiнiң BDE ортасы;

  • BDE Administrator - BDE әр түрлi параметрлерiн жөндеу утилитасы;

  • Database Desktop - Деректер қорының жұмыс столы;

  • SQL Explorer - Деректер қорының бағыттаушысы;

  • SQL Builder - Визуальды программаның конструкторлық SQL – сұранысы;

  • SQL Monitor - өшiрiлген деректер қорындағы SQL - сұранысының тұрақтылығын программа арқылы қарап тұру;

  • Data Pump - Деректер қоры мен деректер арасындағы қатынасы;

  • IBConsole - өшiрiлген деректер қорын программа арқылы басқару;

  • Inter Base Server Manager - Inter Base серверiн қосатын программа;

  • SQL Lanks - Өшiрiлген БҚБЖ - ға кiру мүмкiндiгiнiң Microsoft SQL Server немесе Oracle драйверi;

  • DBExpress - SQL Деректер қорына кiру мүмкiндiгiнiң драйвер жиынтығы.

Ол келесi компоненттер көмегiмен орындалады -SQLConnection, SQLDataSet, SQLQuery, SQLStoredProc, SQLTable, dbExpress сияқты төмендегiдей драйверi бар:

  • InterBase - DBEXPINT.DLL

  • DB2 - DBEXPDB2.DLL

  • Oracle - DBEXPMYS.DLL

  • MySQL - DBEXPMYS.DLL

  • Inter Base Server - Inter Base серверiнiң сервер және клиенттiк бөлiгi.

Компоненттер. Деректер қорында жұмыс iстеу барысында мына беттердегi DataAccess, DataControls, DBExpress, BDE, ADO, Discision Cube, Qreport және Inter Base компоненттер палитрасын қолданамыз. Деректерге кiру мүмкiндiгiн DataAccess бетiнде орналасқан визуальды емес компоненттер арқылы орындаймыз:



  • DataSourse - Деректер көзi;

  • ClientDataSet - Деректердiң клиенттер жиыны;

  • DataSetProvider - Деректердiң провайдер жиыны.

Деректердi басқаруға арналған DataControls бетiндегi визуальды компоненттерiн қолданамыз:



  • DBGrid - Тор немесе кесте;

  • DBNavigator - Навигаторлық интерфейс;

  • DBText - Жазу;

  • DBEdit - Бiр қатарлы редактор;

  • DBMemo - Көп қатарлы редактор;

  • DBImage - Графикалық бейне;

  • DBListBox - Қарапайым тiзiм;

  • DBComboBox - Комбинациялық тiзiм;

  • DBCheckBox - Бағынышты емес қосқыш;

  • DBRadioGroup - Бағынышты топтық қосқыш;

  • DBLookupListBox - Қарапайым тiзiмдi деректер жиынының басқа өрiсiн формалау;

  • DBLookupComboBox - Күрделi тiзiмдi деректер жиынының басқа өрiсiн формалау;

  • DBRichEdit - Толық функциялық мәтiндiк редактор;

  • DBCtrlGrid - Модификациялық тор;

  • DBChart - Диаграмма.

SQL - мен жұмыс iстеу барысында dbExpress бетiндегi компоненттердi пайдаланамыз:




  • SQLConnection - Деректер қорымен байланыстыру;

  • SQLDataSet - Деректер жиыны;

  • SQLQuery - Query Деректер жиыны;

  • SQLStoredProc - Сервердегi сақталынған процедураны шақыру;

  • SQLTable - Table деректер жиыны;

  • SQLMonitor - SQL - сұранысын орындайтын монитор;

  • SQLClientDataSet - деректердiң клиенттер жиыны;

BDE - нi қолданумен деректердi басқару үшiн BDE бетiндегi компоненттердi пайдаланамыз.



  • Table - Деректер қорындағы кестенiң негiзгi деректер жиыны;

  • Query - SQL-сұранысындағы негiзгi деректер жиыны;

  • StoredProc - Сервердегi сақталынған процедураны шақыру;

  • DataBase - деректермен байланыстыру;

  • Session - деректер қорында жұмыстың ағымдық сеансы;

  • BatchMove - Топтық жазу операциясын орындау;

  • UpdataSQL - SQL-сұранысының негiзiнде деректер жиынын модификациялау;

  • NestedTable - Кестеге орнатылған;

  • BDEClientDataSet - Клиенттiк деректер жиыны.

ADO (Active Data Objects) технологиясының қолдануымен деректердi басқаруға арналған ADO бетiндегi компоненттерi:



  • ADOConnection - Байланыс;

  • ADOCommand - Команда;

  • ADODataSet - Деректер жиыны;

  • ADOTable - Table Деректер жиыны;

  • ADOQuery - Query Деректер жиыны;

  • ADOStoredProc - Сервердiң сақтаулы процедурасын шақыру;

  • RDSConnection - RDS-пен байланыс.

InterBase бетiндегi орналасқан компоненттер арқылы InterBase серверiмен жұмыс iстеу:



  • IBTable - Table деректер жиыны;

  • IBQuery - Query деректер жиыны;

  • IBStoredProc - Сақтаулы процедураны шақыру;

  • IBDatabase - Деректер қорымен байланыс;

  • IBTransaction - Транзакция;

  • IBUpdateSQL - SQL-сұранысында негiзделген деректер жиынының модификациясы;

  • IBDataSet - Деректер көзi;

  • IBSQL - SQL-сұраныстың орындалуы;

  • IBDatabaseInfo - Деректер қорының информациясы;

  • IBSQLMonitor - SQL-сұранысының орындалу мониторы;

  • IBEvents - Сервер оқиғасы;

  • IBExtract - Деректердiң шығарылуы;

  • IBClientDataSet - Клиенттердiң деректер көзi.

Decision Cube бетiндегi компоненттер құрамы мынадай қызметтер атқарады:



  • DecisionCube - Көп өлшемдi деректер кубы;

  • DecisionQuery - Көп өлшемдi деректер көзi;

  • DecisionPivot - Көп өлшемдi деректер проекциясының екi өлшемдiсi;

  • DecisionGrid - Көп өлшемдiге деректер кестелiк торының ұсынылуы;

  • DecisionGraph - Көп өлшемдiге деректер графикасының ұсынылуы.

Есептi құру үшiн Qreport бетiндегi компоненттердi қолданамыз:



  • QuickRep - Есеп;

  • QRSubSetall - Кесте үшiн есептiң сызығы;

  • QRStringsBand - Есептiң қатарлық сызығы;

  • QRBand - Есеп сызығы;

  • QRChildBand - Есеп сызығының қарайтылуы;

  • QRGroup - Топ;

  • QRLabel - Жазу;

  • QRDBText - Деректер жиынының текстiк өрiсi;

  • QRExpr - Өрнектеу;

  • QRSysData - Жүйелiк информация;

  • QRMemo - Көп қатарлы текст;

  • QRExprMemo - Көп қатарлы өрнек;

  • QRRichText - Текстi форматтау;

  • QRShape - Геометриялық фигура;

  • QRImage - Графикалық бейне;

  • QRDBImage - Деректер жиынындағы өрiстердiң графикалық көрiнiсi;

  • QRCompositeReport - Құрылымды есеп;

  • QRPreview - Есептiң көрiп шығу терезесi;

  • QRTextFilter - Текстiк фильтр;

  • QRCSVFilter - CSV-фильтр;

  • QRHTNLFilter - HTNL-фильтр;

  • QRChart - Диаграмма.

Осы жоғарыда көрсетілген мәліметтер қорын жасау барысында қолданылатын объекттер мен компоненттердің өзіндік атқаратын жұмыстары осылар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет