Мұсылманды Жәннатқа жетелейтін себептер ﴿فَمَنْ زُحْزِحَ عَنِ النَّارِ وَأُدْخِلَ الجَنَّةَ فَقَدْ فَازَ﴾ «Кімде-кім Тозақтан құтқарылып, Жәннатқа кіргізілер болса, шын мәнінде жеңіске жетті»



бет1/4
Дата16.04.2016
өлшемі0.67 Mb.
  1   2   3   4


Мұсылманды Жәннатқа жетелейтін себептер

﴿فَمَنْ زُحْزِحَ عَنِ النَّارِ وَأُدْخِلَ الجَنَّةَ فَقَدْ فَازَ﴾

«Кімде-кім Тозақтан құтқарылып, Жәннатқа кіргізілер болса, шын мәнінде жеңіске жетті»
Әли Ғымран сүресі, 185-аят

Дайындаған: Азамат Махыпбек ұлы

Кайр 2007
Мұсылманды Жәннатқа жетелейтін себептер

Алғы сөз


Барлық мақтау мен мадақ Аллаһқа тән әрі Аллаһ елшісіне, оның отбасына және оның соңынан жақсы түрде ерушілерге салауаттар мен игі сәлемдер болсын. Енді:

Күмәнсіз, Адам пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заманынан бастап, Қиямет орнағанға дейінгі аралықтағы әрбір мұсылманның осы дүниедегі барлық талабы мен талпынысы – ертеректе аталарының күнәсі себебінен одан қуылып шыққан отаны, Жәннатқа қайта қайтудың амалы екені ешкімге де жасырын емес. Сөзсіз, бұл дүниеде әрбірі сан алпауыт қиындықтар мен ауыртпашылықтарға тап болды. Ендігі кезекте осының бәрін де ұмыт қалдыратын жылы-жайлы мекенге қайту әрбірінің үлкен қажеттіліктерінің бірі болып саналады. Әлбетте, ешкім де бір қиын дүниеден екінші, одан да өрескел әрі азабы қатты, мәңгілік өмірге түскісі келмейді. Міне, Аллаһ Тағала да осы мәңгілік тыныштық пен рахаттың мекені, астыларынан өзендер ағатын Жәннаттарға қайтып, ұлы жеңіске жету үшін белгілі бір шарттар орнатқан. Аллаһ Тағала Құранда:



﴿فَمَنْ زُحْزِحَ عَنِ النَّارِ وَأُدْخِلَ الجَنَّةَ فَقَدْ فَازَ﴾

«Кімде-кім Тозақтан құтқарылып, Жәннатқа кіргізілер болса, шын мәнінде жеңіске жетті», - деген. (Әли Ғымран сүресі, 185-аят).

Бұл қысқаша жолдамада біз Құран аяттары мен пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын сенімді, сахих хадистерін жинап, қалың жұрт назарына ұсынамыз. Сондай-ақ, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көркем мінездерінің кейібірінен де шағын мысалдар келтіріп өтеміз. Бұл еңбекті біз Әбу Абдулла Махмуд ибнул Жәмилдің «Мұсылманның Жәннатқа кіруінің алпыс себебі» деген кітабының негізінде құрдық. Жинақтап өткен аяттар мен хадистерде Жәннатқа кіруге немесе оттан құтылып, Аллаһпен жүздесуге әрі Жәннатқа кіруге себепкер болатын ізгі амалдар, игі сөздер және де анық сенімдер айтылған. Оқырманға түсінікті болу үшін кейбір жерлерде кітаптың түп нұсқасынан тыс түсініктеме қосылып, сілтемелер жасалып отырды.

Пайғамбарлар мен періштелер есімдері аталған кезде (Аләйһис сәләм) белгісі қойылды. Мағынасы: «Оған сәлем болсын» деген сөз. Ал Аллаһ елшісінің есімі аталған кезде (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) белгісі қойылды. Мағынасы: «Оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемі болсын» деген сөз.

Аллаһ Тағала осы еңбегімізді өзімізге де, өзгеге де пайдалы етіп, жақсы түрде қабыл алуын сұраймыз. Соңғы сөзімізді барлық әлемдерді жаратушы Раббымыз Аллаһқа мадақтар айтумен аяқтаймыз. Оның елшісі Мұхаммедке, оның отбасына және соңынан жақсы түрде ерген барлық мұсылмандарға салауаттар мен игі сәлемдер болсын!


Тәржімашы

Адамның Жаратушымен қарым-қатынасы: Аллаһқа деген шынайы ықыластылық
Аллаһ Тағала Құранда:

﴿وَمَا أُمِرُوا إِلاَّ لِيَعْبُدُوا اللهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ حُنَفَاءَ وَيُقِيمُوا الصَّلاَةَ وَيُؤْتُوا الزَّكَاةَ وَذَلِكَ دِينُ القَيِّمَةِ﴾

«Негізінен олар Оған (Аллаһқа) шынайы ықыластылықпен ханиф1 болған күйде тек қана жалғыз Аллаһқа құлшылық қылуға әрі намазды толық орындап, зекетті өтеуге бұйырылған. Міне бұл-туралық діні», - дейді. (Бәийнә сүресі, 3-аят).

Сондай-ақ, Омар ибн әл-Хаттабтан (Аллаһ оған разы болғай) жеткен бір хадисте ол: «Мен Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Шын мәнінде амалдар ниетке байланысты, әрі әрбір адамға ниеттенген нәрсесі тиесілі. Кімде-кім Аллаһ және Оның елшісі үшін қоныс аударса, онда ол Аллаһ және Оның елшісі үшін қоныс аударған болып табылады. Ал енді кімде-кімнің қоныс аударуы қол жеткізетін дүние үшін немесе некелесетін әйел үшін болса, онда оның қоныс аударуы не үшін болса сол болады», - дегенін естідім», - дейді. (әл-Бухари 1; Муслим 1907).

Сонымен қатар Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен бір хадисте ол былай дейді: «Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Шын мәнінде Аллаһ сендердің дене бітімдеріңе және келбеттеріңе қарамайды, алайда сендердің жүректеріңе және амалдарыңа қарайды», - деді. (Муслим 2564).

Адамның жасаған кез-келген құлшылығы мен игі ісінің қабыл болуы үшін екі шарт керек. Біріншісі – ықыластылық, екіншісі – сол ісінің пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Cүннетіне сәйкес болуы. Егер де осы екі шарттың бірі болмаса, жасаған ізгі амал мен құлшылықтың қабыл болуы екіталай. Демек, ықыластылық – шариғат бойынша ізгі амалдардың қабыл болуының шарты. Сол үшін де ықыластылықты алға қою уәжіп болып табылады.



Шарттарын орындай отырып шынайы тәубе ету
Күнәлар Жәннаттан шығып кетудің себебі болумен қатар оған қайтуға да кедергі болып саналады. Ондай болса Құдіретті Күшті Аллаһтың құлдары сол күнәларды және күнәға итермелейтін нәрселерді шынайы дұрыс түрдегі тәубе арқылы тастауы керек етіледі. Осы арқылы ол Жәннатқа қайтушылар қатарына қосылмақ.

Ғұламалар: «Кез-келген күнә үшін тәубе ету уәжіп болып табылады», - дейді. Егер де күнә адамдарға еш қатысы жоқ, тек құл мен Аллаһ Тағала арасындағы нәрсе болса, онда оның үш шарты бар: Біріншісі: Күнәні тастау. Екіншісі: Күнә жасағанына өкіну. Үшіншісі: Енді қайтіп сол күнәға қайтпайтынына үзілді-кесілді ниет ету. Егер де осы үш шарттың бірі болмаса, онда тәубе дұрыс болып саналмайды.

Ал егер де ол күнә адамдарға да қатысы бар болса, онда оның шарты төртеу болмақ. Үшеуі жоғарыдағы шарттар, ал төртіншісі иесіне тиістісін беріп құтылу. Егер мал немесе сол сияқты нәрсе болса қайтарып беру. Ал егер де жала жабу немесе сол сияқты нәрсе болса, онда орнын толтырып немесе әлгі адамнан кешірім сұрауы керек етіледі. Демек, барлық күнә үшін тәубе ету уәжіп болып табылады. Егер күнәнің бір бөлігі үшін тәубе етсе, онда ғұламалардың басым бөлігінің айтуы бойынша тек сол бөлігі үшін тәубе еткен болып саналады. Енді оған қалған бөлігі үшін тәубе ету керек болмақ.

Тәубе ету жайында Құран мен Сүннетте көптеген дәлелдер бар. Ал ижмағ, яғни Ислам үмметі ғұламаларының барлығы тәубе етудің уәжіп екендігіне келіскен.

Аллаһ Тағала Құранда:

﴿وَتُوبُوا إِلَى اللهِ جَمِيعًا أّيُّهَا المُؤْمِنُونَ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ﴾

«Әй, мүминдер! Барлығың жаппай Аллаһқа тәубе етіңдер. Мүмкін жетістікке жетерсіңдер», - деген. (Нұр сүресі, 31-аят).

Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте ол: «Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім күн батысынан шыққанға дейін (яғни Қиямет орнағанға дейін) тәубе ететін болса, Аллаһ оның тәубесін қабыл алады», - деді», - дейді. (Муслим 2703).

Сондай-ақ, Әбу Сағид әл-Һудрий (Аллаһ оған разы болсын) пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерден бұрын болғандардың арасында тоқсан тоғыз адамды өлтірген біреу болатын. Сөйтіп ол жер бетіндегі ең ілімді жан жайында сұрап еді, оған бір монахты айтады. Әлгі адам монахқа барып, өзінің тоқсан тоғыз жанды өлтіргендігін айтады. Сөйтіп тәубесі қабыл болатын-болмайтындығын сұрайды. (Әлгі монах): «Жоқ», - деп еді, әлгі адам оны да өлтіріп, ақыры (өлтірген адамдар санын) жүзге толтырады. Сосын (адамдардан) жер бетіндегі ең ілімді жан жайында (қайта) сұрайды. Ақыры оны ілімді біреуге жібереді. Ол оған өзінің жүз адамды өлтіргендігін айтады әрі тәубесі қабыл болатын-болмайтындығын сұрайды. (Әлгі ілімді адам): «Әрине! Сені мен тәубе арасында бөгет боларлық не бар? Бәлен-түген деген жерге бар. Ол жерде Аллаһ Тағалаға құлшылық қылушы адамдар бар. Сен де солармен бірге құлшылық қыл әрі өзіңнің жеріңе қайтып оралма. Шын мәнінде ол жамандық жері», - дейді. Әлгі адам жолға шығып, орта жолға жеткен кезде қайтыс болады. Осы кезде мейірім періштелері мен азап періштелері әлгі адам жайында таласып қалады. Мейірім періштелері: «Ол шынайы түрде Аллаһқа тәубе етіп келді», - десе, азап періштелері: «Ол бірде-бір жақсылық жасамаған», - дейді. Ақыры оларға адам бейнесінде бір (періште) келіп, олар оны өз араларына төреші етіп алады. Сонда (әлгі періште): «Екі жолды өлшеп көріңдер. Қайсысына жақын болса, ол соған тиесілі болмақ», - дейді. Сөйтіп олар өлшеп, (әлгі адамның) мақсат етіп бара жатқан жерге жақын екендігін байқап, мейірім періштелері алып кетеді», - дегенін жеткізген. (әл-Бухари 3470; Муслим 2766).

Имран ибнул Хусайн әл-Хузағийден (Аллаһ оған разы болсын) жеткен бір хабарда, зинадан жүкті болып қалған жуһәйналық бір әйел пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Әй, Аллаһ елшісі! Мен жазалы іс жасап қойдым. Енді мені жазалаңыз», - дейді2. Сонда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әлгі әйелді қамқорлыққа алған адамды шақыртып: «Бұған жақсы қарайлас. Босанған соң маған әкел», - дейді3. (Әлгі адам) солай жасайды. (Әйелді әкелгеннен кейін) Аллаһ пайғамбары (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрық беріп, әйелдің киімі қымтап байланды да4, сосын қайта бұйырып, (әйелге) тас атылды. Сосын (ол кісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) әйелге (жаназа) намазын оқыды.

Осы кезде Омар  (пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Әй, Аллаһ елшісі, ол зина жасағанына қарамастан оның намазын шығардыңыз ба?!» - дейді. Сонда (пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Ол тәубе еткені сонша, егер де Мәдина тұрғындарының жетпісіне бөлінер болса, бәріне де жетер еді5. Сен (бұл әйелдің) өз жанын Құдіретті Күшті Аллаһ алдында құрбан етуінен де абзал нәрсе (жасай алар еді ғой) деп ойлайсың ба?!» - дейді. (Муслим 1696).

Аллаһқа бойұсыну мен Оның белгілеген тағдырына

сабырлық ету
Бұл дүние емтихан мен сынақ мекені болуы себепті адам баласының қамданып, жинайтын нәрселерінің ең үлкені – Аллаһқа құлшылық жасауда, күнәлі істерде және де Аллаһтың біздерге тағдыр етіп белгілеген нәрселерінде сабыр сақтау. Бұдан байқайтынымыз, әрбір мұсылман адам осы өмірде үш нәрседе сабыр сақтауы керек етіледі. Аллаһқа құлшылық қылуда сабыр сақтау дегені – қандай қиындықтарға қарамастан құлшылық істерін толық орындау. Күнәлі істерде сабыр сақтау дегені – қанша жерден нәпсісі тартып тұрса да сол күнәні істемеуге тырысып, дүние жылтырағына салынудан бас тарту. Ал тағдырға сабыр сақтау дегені – қандай қиыншылық, жаманшылық болса дағы шыдамдылық танытып, қуанышты нәрсе болса шектен тыс қуанбау.

Аллаһ Тағала Құранда:



﴿إِنَّمَا يُوَفَّى الصَّابِرُونَ أَجْرَهُمْ بِغَيْرِ حِسَابٍ﴾

«Шын мәнінде сабыр етушілерге сауап сыйлары есепсіз толық беріледі», - дейді. (Зумәр сүресі, 10-аят).

Тағы бір аятта:



﴿وَمَا يُلَقَّاهَا إِلاَّ الَّذِينَ صَبَرُوا﴾

«Оған (яғни жамандықты жақсылықпен қайтару қасиетіне) тек қана сабыр еткендер жетеді», - деген. (Фуссиләт сүресі, 35-аят).

Және де Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болғай) Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына сөзін жеткізеді: «Аллаһ Тағала: «Егер мен оның дүниедегі ең жақынын алып қойып, ол болса (сауапты) үміт етіп (сабыр сақтайтын болса), онда Менің мүмин құлым үшін берер сыйым тек қана Жәннат болмақ», - деді. (әл-Бухари 6424).

Ал Әнастан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хабарда ол: «Мен Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естідім: «Шын мәнінде Аллаһ Тағала: «Егер де мен құлымды ең сүйікті болған екі нәрсесі арқылы сынап, ал ол болса өз алдына сабыр сақтаса, онда ол екеуі үшін оған Жәннатты сыйлаймын»,-деді. Сүйікті болған екі нәрсесі деген жерде екі көзі меңзелген. (әл-Бухари 5653).

Сондай-ақ Әбу Сағид пен Әбу Һурайра (Аллаһ оларға разы болсын) пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мұсылманның шаршау, ұзақ сырқат, мазасыздық, көңілсіздік, жағымсыз нәрсе, уайым-қайғыға тап болуы, тіпті тікеннің өзі арқылы Аллаһ оның істеген қателіктерін кешіреді», - дегенін жеткізеді. (әл-Бухари 5641, 5642; Муслим 2573).



Жалғыз Аллаһқа құлшылық ету әрі Оған серік

қосудан аулақ болу
Шын мәнінде бұл Жәннатқа кірудің ең бірінші себебі әрі Жәннаттың кілті болып табылады. Демек, Аллаһқа серік қоспай, тек Оған ғана құлшылық еткен адам үшін Жәннаттың есіктері айқара ашылмақ. Бұған Құран аяттары мен хадистен өте көптеген дәлелдер келтіруге болар еді. Алайда бір-екеуін келтіріп кетер болсақ, Ғубәда ибн Сомит (Аллаһ оған разы болсын) арқылы жеткен бір хадисте Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық тәңір жоқ, Ол жалғыз, Оның серігі жоқ, Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі, Иса да Оның құлы әрі елшісі әрі Мәриямға айтқан сөзі6 және Оның (жаратқан) рухы7, сондай-ақ, Жәннат – хақ, Тозақ – хақ деп куәлік етсе, қандай амалы болса да Аллаһ оны Жәннатқа кіргізеді», - дейді. (әл-Бухари 3435; Муслим 28).

Әнас ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хабарда пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бен Муғаздың (Аллаһ оған разы болғай) есекке мінгесіп келе жатқаны айтылады. Сонда (пайғамбарымыз): «Әй, Муғаз ибн Жәбәл», - дейді. (Муғаз): «Мен алдыңыздамын, әй, Аллаһ елшісі, әрі қызметіңіздемін», - дейді. (Пайғамбарымыз қайтадан): «Әй, Муғаз», - дейді. Сонда (Муғаз): «Мен алдыңыздамын, әй, Аллаһ елшісі, әрі қызметіңіздемін», - деп үш рет айтады. (Осы кезде Аллаһ елшісі ): «Қандай адам болса да «Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ әрі Мұхаммед Аллаһтың елшісі» деп шын жүректен куәлік етсе, Аллаһ сол адамға Оттың тиюін харам етеді», - дейді. (Бұл хабарды естіген Муғаз): «Әй, Аллаһ елшісі! Сүйінші ретінде адамдарға осыны айтсам қайтеді?» - деп еді, ол кісі: «(Бұлай жасасаң) онда (олар тек осы нәрсеге үміттеніп) сеніп қалады», - деген екен.

Муғаз бұл (хабарды жасырып кету) күнә болар деп, қайтыс болар шағында айтып кеткен. (әл-Бухари 128; Муслим 32).

Сөз, амал және сенімдегі шыншылдық
Шыншылдық – ықыластылық белгілерінен әрі ол Аллаһпен, Оның жаратқан жаратылыстарымен және де адамның өз-өзімен жасаған қарым-қатынасындағы ең жақсы мінез құлық болып табылады8.

Аллаһ Тағала Өз Кітабында:



﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللهَ وَكُونُوا مَعَ الصَّادِقِينَ﴾

«Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар әрі шыншылдармен бірге болыңдар», - дейді. (Тәубе сүресі, 119-аят).

Ал енді хадистерге назар салсақ, Ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын) пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Шын мәнінде шындық жақсылыққа жетелейді, ал жақсылық болса Жәннатқа жетелейді. Шынында бір адам шындық айтып, тіпті Аллаһтың қасында «шыншыл» деп жазылмақ. Шын мәнінде өтірік бұзықтыққа жетелейді, ал бұзықтық Отқа жетелейді. Шынында бір адам өтірік айтып, Аллаһтың қасында «өтірікші» деп жазылмақ», - деген сөзін жеткізеді. (әл-Бухари 6094; Муслим 2607).

Сондай-ақ, Сәһл ибн Хунәйфтан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хабарда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім шынайы түрде Аллаһтан шәһидтікті (яғни Аллаһ жолында күресіп өлуді) сұраса, Аллаһ Тағала оны тіпті төсегінде жатып өлсе де шәһидтердің деңгейіне дейін жеткізбек», - дейді. (Муслим 1909).

Және де Әбу Суфиян (Аллаһ оған разы болсын) арқылы жеткен ұзын хадисте келгендей, Һирақл Әбу Суфияннан: «Ол (яғни пайғамбар) сендерге не бұйырады?» - деп сұрағанда Әбу Суфиян: «Ол: «Тек қана Аллаһқа құлшылық етіңдер де, Одан өзге ешкімге құлшылық жасамаңдар. Ата-бабаларыңның айтқанын тастаңдар» - дейді. Сондай-ақ бізге намаз оқуды, зекет беруді, шындық айтуды, пәктікті және туыстармен қатынас сақтауды бұйырады», - дедім», - дейді. (әл-Бухари 7, Муслим 1773).

Қалжыңдасу мен ойынның өзінде де шындық айтылу керек. Бұл пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көркем сипаттарының бірі. Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен сенімді хадистердің бірінде ол: «Адамдар (пайғамбарымызға): «Әй, Аллаһ елшісі, сіз бізбен ойнап, қалжыңдасасыз ғой», - деп еді, ол кісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Шын мәнінде мен шындықтан өзге ешнәрсе айтпаймын», - деді», - дейді. (Тирмизи 1990).

Әнас ибн Мәлик (Аллаһ оған разы болсын) арқылы жеткен хадисте оған пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әй, екі құлақ иесі», - деген екен, яғни осылай қалжыңдасқан. (Тирмизи 1992).




Жасырын және жария нәрселерде Аллаһтың бақылап тұрғанын есте ұстау
Әр адам Раббысының оның сөздерін естіп, амалдарын көріп тұрғанын және де ішкі сырларының бәрін де біліп тұрғанын есте ұстауы оны ұлы дәреже иесі етеді9. Аллаһ Тағала Құранда:

﴿إِنَّ اللهَ لاَ يَخْفَى عَلَيْهِ شَيْءٌ فِي الأرْضِ وَلاَ فِي السَّمَاءِ﴾

«Шын мәнінде жердегі әрі аспандағы нәрселердің ешқайсысы да Аллаһқа жасырын емес», - дейді. (Әли Ғымран сүресі, 5-аят).

Әбу Зәрр және Муғаз ибн Жәбәл (Аллаһ оларға разы болсын) Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қай жерде болсаң да Аллаһтан қорық. Жаманшылықтың артынан оны өшіретін жақсылық жаса, әрі адамдармен жақсы мінез-құлық көрсете біл», - дегенін жеткізеді. (Тирмизи 1987).

Ибн Аббас (Аллаһ оған разы болсын): «Бір күні пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) артында (мінгесіп келе жатыр) едім, ол кісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әй, балақай! Мен саған бір сөздер үйретемін: Аллаһты есте ұста, Ол да сені сақтайды10. Аллаһты есте ұста, Оны алдыңнан табасың11. Егер сұрасаң, Аллаһтан сұра. Егер жәрдем сұрасаң, Аллаһтан жәрдем сұра. Және де біліп қой, егер толық үммет саған бір жақсылық жасау үшін жиылатын болса, Аллаһтың сен үшін жазып қойғанынан артық жақсылық жасай алмайды. Ал егер саған бір жамандық жасау үшін жиылатын болса, Аллаһтың сен үшін жазып қойғанынан артық жамандық жасай алмайды. Қалам көтерілді, парақ кепті12», - деді», - дейді. (Тирмизи 2516).

Аллаһтан шынайы түрде қорқу (тақуалық)
Тақуалық дегеніміз – Аллаһтан шынайы түрде қорқу13. Бұл адамның Аллаһқа бойұсынуда, оның тыйған нәрселерінен бойын аулақ ұстауда және де жасап қойған күнәлары үшін тәубе етуге итермелейтін бірден-бір ұлы қасиет. Аллаһ Тағала Қасиетті Құранда:

﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللهَ حَقَّ تُقَاتِهِ﴾

«Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан шынайы қорқумен қорқыңдар», - деп бұйырған. (Әли Ғымран сүресі, 102-аят).

Сондай-ақ, Әбу Умәмә (Аллаһ оған разы болсын): «Мен Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қоштасу қажылығында хұтпа айтып тұрып: «Аллаһтан қорқыңдар, бес (уақыт намаздарыңды) толық орындаңдар, (Рамазан) айларыңда ораза ұстаңдар, малдарыңның зекетін өтеңдер, басшыларыңа бағыныңдар, Раббыларыңның Жәннатына кірерсіңдер», - дегенін естідім», - дейді. (Тирмизи 616).



Аллаһтың үкімі мен заңдарына көну
Әрбір адам Аллаһтың құлы болуы себепті Аллаһтың үкімдеріне, қойған заңдылықтарына, берген шариғатына шынайы түрде риза болып, қандай болса да көніп, жан-тәнімен бойұсыну керек етіледі. Аллаһ Тағала Құранда:

﴿ فَلاَ وَرَبِّكَ لاَ يُؤْمِنُونَ حَتَّى يُحَكِّمُوكَ فِيمَا شَجَرَ بَيْنَهُمْ ثُمَّ لاَ يَجِدُوا

فِي أَنْفُسِهِمْ حَرَجًا مِمَّا قَضَيْتَ وَيُسَلِّمُوا تَسْلِيمًا

«Раббыңа серт! Олар өз араларында шыққан келіспеушіліктерде сені төреші қылмайынша және кейін сен шығарған үкімнен жүректерінде ешқандай ақау таппай толық бойұсынбайынша ешқашан да мүмин бола алмайды», - дейді. (Ниса сүресі, 65-аят).

Аяттан байқауымызша Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шығарған үкіміне еш күмән-сылтаусыз көніп, бойұсыну керектігі айтылған. Ал Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өздігінен ешнәрсе айтпайды, бәлкім айтқандарының бәрі де көкейіне салынған Аллаһтың уахиы. Ондай болса Құдіретті Күшті Аллаһ пен Оның елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) біздерге дін етіп берген барлық үкімдері мен талаптарына бойұсынып, көкейде кірбің таппай көнуіміз керек. Шынайы мүминдер сипатын Аллаһ Тағала Құранда:



﴿إِنَّمَا كَانَ قَوْلَ المُؤْمِنِينَ إِذَا دُعُوا إِلَى اللهِ وَرَسُولِهِ لِيَحْكُمَ بَيْنَهُمْ أَنْ يَقُولُوا

سَمِعْنَا وَأَطَعْنَا وَأُولَئِكَ هُمُ المُفْلِحُونَ﴾

«Шын мәнінде араларына үкім беру үшін мүминдерді Аллаһ пен Оның елшісіне шақырғанда олардың сөздері: «Естідік те, бойұсындық», - деу болады. Міне бұлар құтылушылар», - деп сипаттаған. (Нұр сүресі, 51-аят).

Анық сенім және Аллаһқа тәуекел ету
Мұсылман адамның көркем сипаттарының бірі – анық сенімді болу, яғни Аллаһ пен Оның елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хабарларына деген сенімі қуатты болу әрі сол сенімне еш таймау. Хабар етілген нәрселерді өз көзімен көріп тұрғанындай қорқуы және қуануы. Осы арқылы адамның бойында тәуекел ету деген жақсы қасиет пайда болады. Тәуекел ету дегеніміз – адамның жақсылыққа қол жеткізу мен жамандықты қайтаруда сыртқы және ішкі жан дүниесімен өз Раббысына үмміттеніп, арқа тіреуі. Егер де адам Раббысын шынайы түрде таныр болса, онда ол Раббысына разы болып, Раббысының берген уәделеріне шынайы, анық сеніммен сеніп, тек қана Оған тәуекел етпек.

Аллаһ Тағала Өзінің кітабы Құранда:



﴿وَ تَوَكَّلْ عَلَى الحَيِّ الَّذِي لاَ يَمُوتُ﴾

«Өлмейтін мәңгі тіріге (яғни Аллаһқа) тәуекел ет», - дейді. (Фурқан, 58-аят). Тағы бір аятта:

﴿وَمَنْ يَتَوَكَّلْ عَلَى اللهِ فَهُوَ حَسْبُهُ ﴾

«Кімде-кім Аллаһқа тәуекел етер болса, Ол оған жеткілікті болады», - деп баяндаған. (Талақ сүресі, 3-аят).

Ибн Аббастан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хабарда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Маған (барлық) үмметтер көрсетілді. Сонда мен қасында кішкене ғана14 адамы бар пайғамбарды, сондай-ақ қасында бір-екі адамы бар пайғамбарды және қасында ешкімі жоқ пайғамбарды көрдім15. Кенет маған көп халық көрініп, мен оларды өзімнің үмметім екен деп ойладым. Сонда маған: «Бұл Мұса және оның қаумы. Мына көкжиек жаққа назар аудар», - делінді. Қарасам ол жақта көп халық бар екен. Сонда маған: «Енді екінші көкжиек жаққа қара», - делінді. Ол жерде де көптеген халық бар екен. Осы кезде маған: «Бұл сенің үмметің. Және де олардың арасында Жәннатқа есеп-хисапсыз, еш азапсыз кіретін жетпіс мың (адам) бар», - делінді», - деді. Сосын (пайғамбар) орнынан тұрып, үйіне кіріп кетті. Адамдар болса Жәннатқа есеп-хисапсыз, еш азапсыз кіретіндер жайында сөз өрбіте бастады. Біреулері: «Мүмкін ол Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары шығар», - десе, енді біреулері: «Мүмкін ол Исламда туып, Аллаһқа серік қоспағандар шығар», - деп, әртүрлі нәрселерді еске алысты.

(Біраздан соң) Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға қайта шығып: «Сендер не нәрсе жайында сөйлесіп жатырсыңдар?» - деп еді, олар айтып берді. Сонда ол кісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (Жәннатқа есепсіз, азапсыз кіретін жетпіс мың жайында хабар беріп): «Олар - руқия16 жасап беруді сұрамаушылар, жалған ырым жасамаушылар17 және де өздерінің Раббыларына тәуекел етушілер», - дейді. Осы кезде Укаша ибн Михсан (Аллаһ оған разы болсын) орнынан тұрып: «Мені де солардың арасында етуін сұрап, Аллаһқа дұға қылыңыз», - деп еді, (пайғамбар): «Сен солардың қатарындасың», - дейді. Сосын тағы бір адам тұрып: «Мені де солардың арасында етуін сұрап, Аллаһқа дұға қылыңызшы», - деп еді, ол кісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл нәрседе Укаша сені озып кетті18», - дейді. (әл-Бухари 5705; әл-Бухари риуаятында: "Отпен күйдіріп, ем жасамаушылар" - деген сөз бар. Муслим 220; Муслим риуаятында: "Руқия жасамаушылар" - деген сөз бар).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет