«музыкалық білім» кафедрасы



жүктеу 1.01 Mb.
бет1/6
Дата27.04.2016
өлшемі1.01 Mb.
  1   2   3   4   5   6
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ» КАФЕДРАСЫ

Құжат СМК 3 уровня

ПОӘК



ПОӘК

042-18.1.32/02-2013

ПОӘК

«Әлемдік музыка тарихы» пәннің оқу-әдістемелік құралы


Редакция № 1 ______

«Әлемдік музыка тарихы»

ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В010600 «Музыкалық білім» мамандығы үшін
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ

2013-2014 оқу жылы





ПОӘК

042-18.1.32/02-2013

Ред. № 1 _______20__ ж.

Бет 2__

Мазмұны:





1

1 Глоссарий













2

2 Тәжірбиелік сабақтар













3

3 Студенттің өздік жұмысы














































































ПОӘК

042-18.1.32/02-2013



Ред. № 1 _______20__ ж.

Бет 3_


1 ГЛОССАРИЙ

«Вокалдық музыка» – (вокале-дауыс деген сөз). Музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыкалық шығармалар.(Ән, романс, ария, опера, оратория, кантата т,б).

Вокализ” – дауысты дыбыстардың көмегімен әуенді айту.

«Опера» - Италияның opera – еңбек, шығарма деген ұғымды беретін сөзінен алынған. Опера музыкалы – драмалық көп бөлімді шығарма.

«Симфония» - симфония оркестріне арналған көп бөлімді аспапты шығарма.

«Фольклер» - Ұлттық салт-дәстүрлік әндер , билер аспаптық шығармалар.

«Ән» – үнділік, көркемдік қасиеттері бар әуеннен құралады.

«Романс» – испан тілінен алынған. Орта ғасырда Испанияда жергілікті роман тілінде айтылатын лирикалық әндер пайда болып, ХҮІ ғасырдан бастап «романс» жанр болып тұрақталып, басқа европалық елдерге тарайды. ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда романс деген сөз мағынасы кеңейіп, жеке дауысқа арналған, музыкалық сүйемелеумен жазылған күрделі де кең екпінді шығармалардың қатарына енеді.

Романстың әннен айырмашылығы, екі – үш бөлімнен құралып, кең ауқымды, терең сезіммен, баяу екпінмен орындалатын ән. Жай әндер мен романстардан басқа көлемді әндер де бар, олар ария, ариетта, аризо, коватина, баллада және т.б.



«Баркаролла» – (Италия тілінен қайық) қайықшылардың, балықшылардың әні. Өте салмақты, өлшемі көбінесе 6/8 (мысалы: «Венецианская ночь» М.Глинки, «Спит безмятежно моря», Моцарттың «Идоменей» деген операсынан алынған.

«Элегия» – (грек тілінен аударғанда арыз айту әні). Ән көңілсіз, терең ойлы мінезі болады. Фортепианоға арналған атақты элегиялар С.Рахмановтың, Чайковскийдің шекті оркестрге арналған Серенададан алынған элегия, дауысқа, фортепианоға, виоленчельге арналған Вик.Калинкованың элегиясы жатады.

«Кантата» – (латын тілінен аударғанда Kantate - өлең айту). Ең басында аспаптық сүйемелдеу жалғыз дауысты айтылатын пьеса түрінде пайда болады. ХҮ – ХҮІ ғ.ғ. басқа еуропалықтар сияқты италияда кәсіби музыкалық қалыпта, үлкен полифониялық стильде дамыды. Контатада операдан кейін дамып кең ауқымды тарала бастады. Ол өзіндік ерекшелігімен қалыбы жағынан арниялық, мінезі жағынан речитативтік жағынан операға жақын болады.

ХҮІ ғ. Аяғында Флоренцияда композиторлар мен әншілердің қауымдастығы мен көркем үйірме ашылып, өнердің көне түрін қалпына келтіруге үлкен жұмыс жасады. ХҮІІ ғ. Италия контантаның маңызы, бөліктері махаббат лирикасымен ерекшеленеді. Кантата жанры пайда болғаннан кейін оның жаңа түрлері пайда бола бастады. Мысалы, рухани кантатада.

Кантата кең қанат жайды. Көбінесе Германия мен Англияда хор кантаталары көп тарады. Кантата немістің атақты композиторы И.С.Бахтың мәдени шығармашылық өте жоғары орын алады. Бах шіркеудің жанынан кеңсе ашып, кұдайға сыйына отырып әуен шығарады. Осылайша Бахтың 300-ге жуық кантатасы жарық көреді. Олар философиялық, лирикалық, рухани, комедиялық кантата болды. Бахтың кантаталарының тақырыбы терең ойлы және халықтың үміті мен күресі қайғы – қасіреті жайында болады.

«Оратория» – қуатты католик шіркеуі әлсіреп тұрған кезде католиктер өздерінің дінін қалпына келтіру үшін әр түрлі шаралар қолдана бастады. 16 ғасырда Рим шіркеушілері халықты бибилия оқуға тарта бастады. Бос уақыттарында шіркеуден тыс бір ерекше жерлерде, яғни «ораторияларда» библия оқып отырып ерекше бір сарынмен рухты жандандыратын әуендер шығарған. Сондықтан бұл шіркеу әндерін оратория деп атап кеткен.

«Ария» - италиян сөзінде ән деген сөз.

Ария-опералық музыкада әрбір кейіпкердің ішкі жан дүниесіне байланысты айтылатын әуен. Орыстың классиякалық опера музыкасында шығарманың идеясын ашып, бас кейіпкердің бейнесін беретін ұлттық тамаша ариялар бар.



«Вариация» - құбылту деген сөз. Вариацияда алынған негізгі әуен сақталады да, оның өлшемі, ырғағы, екпіні немесе тональдігі өзгеріп, үнемі құбылып отрады.

«Акапелла» - музыкалық аспаптың сүйемелдеуінсіз айтылатын көп дауысты хор немесе жеке ән.

Аспаптық музыка – жеке аспаптар – фортепиано, скрипка, виолончель, кларнет, домбыра, қобыз, гармонь, мандолинаға арналып жазылған концерт, вариация, фантазия, этюд, полонез, күй немесе вальс, полька, мазурка сияқты би музыкасы.

Балет - көркемөнер жанрларының бір түрі. Балеттің идеялық және эмоциялық мазмұны бидің түрлі пластикалық қимылдары мен оркестрге арналған музыка арқылы ашылады.

Би - өнердің бір түрі. Би әр халықта бар. Биді сүйемелдейтін музыка болады. Оны би музыкасы дейді. Би музыкасының әуені мен ырғағы биге лайық болады. Би концерттерде, мерекелерде, жиын- тойларда, сауық кештерінде биленеді.

Камералық музыка – кішкене вокальдық немесе бірнеше музыкалық аспаптар ансамбльдері мен жеке аспаптарға немесе дауысқа арналып жазылған музыкалық шығармалар. Камералық музыкаға асапатық дуэт, трио, квартет, квинтет, сексетет, септет, октеттер жатады.

Композитор - өз жанынан музыкалық шығарма (опера, балет, ән, күй, т.б.) шығаратын адам.

Концерт - 1. алдын-ала жасалған программа бойынша музыкалық, әдеби, хореографиялық және сахналық шығармаларды көпшілік алдында орындау. 2. жеке музыкалық аспап пен оркестр үшін жазылған музыкалық шығарма.

2 бөлім Тәжірибелік сабақтар

Тақырыптың аты: ИОГАНН СЕБАСТЬЯН БАХ. ӨМІР БАЯНЫ.

Сабақ мақсаты: Бахтың өмір баяны мен қоса шығармашылығыың қыр-сырына тереңірек үңілу.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

  1. Бахтың балалық және оқу жылдарын айтып шық.

  2. Бахтың жан-жақты таланты неден байқалды?

  3. Бахтың жұмыс істеп, өмір сүрген қалаларын айтып шық.

  4. Веймар мен Кетен қалаларында қандай шығармаларын жазды.

  5. Бахтың Лейпциг қаласындағы өмірі. Қай жерде қызмет жасады.

  6. Өмірінің соңғы кезеңдерінде композитордың жазған шығармаларын атап бер.

  7. Бах композитордың өмір жолы, тағдыры. Даңқы (атағы) Бахтың қашан басталды. Оған қай неміс композиторы ықпал жасады, жәрдемдесті?

  8. Полифония дегеніміз не?

  9. Бахтың қандай инвенциясын білесің? Имитация, противосложение, интермедия, канон дегеніміз не?

  10. Сюита дегеніміз не? Оның ерекшілігі.

  11. “Француз сюитасы” до минорға мінездеме бер.

  12. Клавесин дегеніміз не?

  13. “Хорошо темперированный клавир” –туралы айтып шық.

  14. Прелюдия мен фуганың айырмашылығы қандай?

  15. Прелюдия және фуга до минор 1-ші том жинағын мысалға келтір. Араларында қандай ортақ негіз бар?

  16. Органның құрылысы.

  17. Органға арнап Бах қандай шығармалар жазды?

  18. Хорал дегеніміз не?

  19. Хоралдық прелюдия фа минорда айтып шық.

Сабақ материалдарының тезистік берілуі:

Атақты композитор Бетховен Бах туралы былай деген екен,Бах деген сөз немісше “жылға” деген сөз. “Ол жылға емес- оны телегей теңіз деп атау керек”- деп.

Бах 18- ғасырдағы немістің атақты композиторы. Сол кездегі өзі өмір сүрген ортаға, “белгісіз- ұғымның” адамы болып өткен композиторға, 300 жылдан артық ғұмыр өтіпті.

Бахтың музыкасы, өзі қайтыс болғаннан кейін, тек 100,200,300 жылдардан соң танымал бола бастады. Ең бірінші рет, оның өмір баяны туралы мағлұмат 1802-ші жылы профессор И.Н. Форкельдің арқасында жарық көрді. Бірінші рет 1829-шы жылы неміс композиторы Мендельсонның басқаруымен шығармалары орындалып, халықтан үлкен бағасын алады.



Қысқаша өмір баяны.

И.С.Бах 1685-ші жылы немістің Эйзенах деген қалашығында дүниеге келеді. Өте жоғары музыкалық дарыны болғандықтан, қалалық мектепте хорға қатысып, болашағынан үлкен үміт күттіреді.

Әке-шешесі ерте қайтыс болып, үлкен ағасының тәрбиесінде болады. 15 жасынан өз бетімен өмір сүруге дағдыланып, Люненбургке келеді, мұнда 1703-ші жылы гимназияны бітіріп университетке түсуге жолдама алады. Бірақ та, Бахтың қаржысы жетпейді, сол себепті оқудан қалады. Арықарай, өзбетімен музыка өнерімен шұғылданып, органда ойнауды үйреніп, үлкен композиторлық жолға түседі.

Веймар. 1708-ші жыл. Бах Веймар қаласына келеді. Бұл қалада сарай ішіндегі музыкант болып жұмысқа орналасады. Осы уақыттан бастап, ең жақсы шығармалары туындайды. Олар: токката және фуга ре минор, атақты пассакалия до минор.

Кетен. 1717-ші жылы Кетен каласына келеді. Мұнда клавиралық және оркестрге арналған музыкалар жазады, сонымен қоса 2,3 дауысты инвенцияларын жазады. Үш дауысты инвенциясын Бах “симфония”-деп атаған. “Ағылшындық”,”француздық” сюиталарын жазады. Осы қалада Х.Т.К. ( хорошо темперированный клавир) деп аталатын 24 прелюдия мен фугадан тұратын үлкен еңбегінің 1-ші томын жазып бітіреді.

Қазіргі уақытта, Бахтың инвенциясымен сюитасы- музыкалық мектептің, ал прелюдия мен фугасы училище мен консерватория сияқты оқу орындарының, міндетті түрде ойналатын оқу программасына кірді.

Лейпциг. 1723 жылы Бах Лейпциг қаласына келеді. Бұл қалада ғұмырының ақырына дейін тұрады.

Бах- вокалды аспаптық композицияға арнап, 250 дей кантаталарын жазады. Олар: “Страсти по Матфею”, “Страсти по Иоану”, месса “си минор”

( “страсти”,”пассионы” латың сөзі- страдание- қайғы-қасірет көру, азап шегу, жапа шегу)

Бұл шығармаларда Құдайдың рухани ұлы Исаның қайғылы өлемі, көрген азабы және сондағы халықтың қайғысы туралы айтылады. Бұлар католик шіркеуінде, хормен орындалатын шығарма болса да, кейіннен концерттік программаға келтірілген: солист, хор, оркестр, орган қатыстырылған үлкен шығармаға айналды. Шіркеулік музыка, Бах шығармаларына кедергі бола алмады. Ол, өзінің ашық- әсерлі ойымен, тағы көптеген шығармалар жазды: “Итальяндық концерт”, “24 прелюдия мен фугадан тұратын, ХТК-ның 11-ші томы.

Өмірінің соңғы кезеңдері, өте сәтсіз болды. Көзі ауруға шалдығып, сәтсіз операциядан соқыр болып қалады. Сонда да Бах шығармашылық жұмысын қоймайды. Шығарманың нотасың ауызбен айтып отырып жаздырады. Тек қуанышы жанұясы болады. Үшінші ұлы, әкесінің жолын қуған талантты, музыканттар, композиторлар, екінші әйелі Анна Магдалена Бах, дарынды әнші және үлкен қызы да әнші болған. Бах өзінің жануясына арнап, вокальді инструменттік ансамбілге шығармалар жазған. Кіші қызы Регина мен әйелі Анна - жетпеушілік, қиыншылық, ауыр жағдайда сәтсіз өмір сүреді.

Бахтың өлімі, сол кездегі қоғамға ешқандай із қалдырмайды. Ол 1750-ші жылы 65 жасында қайтыс болды.




  1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет