Н. Д. ОҢдасынов арабша — қазақша түсіндірме сөздік



жүктеу 5.74 Mb.
бет1/39
Дата03.04.2016
өлшемі5.74 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Н.Д. ОҢДАСЫНОВ

Арабша —

қазақша

түсіндірме

сөздік
(Қазақ тіліндегі араб сөздері)

2 том
Толықтырылған және түзетілген екінші басылуы
Жалпы редакциясын басқарған академик Ә.Т. Қайдаров

Алматы «Мектеп» 1989

Алматы «Білім» 2010

ض
ضعف запы 1) күшсіздік, әлсіздік, шарасыздық; 2) ауыс, ығыр болу, жүрек шайылу. Запы болған (ақтардан) жасқаншақ жандар қояндай үрпиіп, үйден шыға қашты (С. Омаров). Июль мен август бойы ыстықтан запы шеккен ташкенттіктерді ауа райын зерттеушілер шамалы күн салқындайды деп қуантқан еді («С. Қ.»).



зафы. Маңдайшасына басын талай соғып зафы болған ол, бұл жолы тым еңкейіп кірді (Ө. Қанахин);

запылықзапы болғандық, запы шеккендік. Байбосынның бәрібір мектеп қабырғасына қайыра барғысы келмейтін запылық ыңғайын сезді (Ж. Молдағалиев). Елден шалғай оңаша тірлігінің запылығын осы шешесі қайтыс болған мезетте пысықтай түскен еді (О. Бөкеев).

ضعيف зағип1) әлсіз, нашар; 2) ауру; 3) ауыс. әйел, жұбай. Соқпалы жол шоқалақты жерден де ауыр тиіп, астында шөбі де жоқ арба зағипты — тұтқынды әлсіретіп тастаған (X. Есенжанов). Совет үкіметі орнады, соның жәрдемімен мен сияқты зағиптардың еңбек атқаруына, .балаларын тәрбиелеуге көмектесетін қоғам құрды (С. Мұқанов);



зағып. Мүгедек кептер сорлы, әлсіз зағып. Болған соң ақ сұңқарға мұңын шағып. Талақ қып өтірікпен жан сақтауды, Жөнелді лашынды іздеп қанат қағып (С. Сейфуллин);

зағипты1) ауруы бар, нашар, бейшара; 2) диал. күдікті. Қарап отырса бәрі зағипты адам (Диал. сөздік);

зағиптықнашарлық. Ей, зағиптық! Ол қыз ғой он жетіде, Қыз екені көзінен көрініп тұр (Ө. Нұрғалиев). Тиышбек зағиптығына қарамай, өндіріске келіп озаттар қатарына қосылды (Қ. Бекетаев);

зағиптік. Бейіл-мейірін немересіне білдіреді. Сонда барып, тіршіліктің қиыны, кәрілікке түскен күйік, зағиптік пен кәріліктің азабы жеңілейіп, бүгін өлсе арман жоқтай бір серпіліп қалды (Т. Тоқбергенов);

зайыптылықжұптылық. Махаббаттың да досы мен қасы бар. Досы: ұят, ар, борыш. Осы үшеуін ренжітпей, өзіне сенімді серік еткен махаббат қана зайыптылық заңына берік болады (Ә. Нұршайықов);

зайыптық жұбайлық. Сіз қабырғаңызбен мықтап кеңесіңіз. Адамдық, зайыптық, ар-абыройыңыз нені мақұл көрсе, соны істеңіз (Ө. Қанахин);

зайыпжұп (ер-әйел, әйел-еркек). Перізаттай қырық зайып Көтеріп алып барады. Көтеріп үйге кіргізді, Алпамыстай төрені («Алпамыс»). Зайыбы Сапармен тұрған кезінде Жаяу Мұсаның бір ұл, үш қызы болды (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров). Сіздің қадірлі зайыбыңызға сансыз сәлем алып келдім, — деді ол (С. Омаров). Сөзімді мынау айтқан алғын ұғып, Әлемде әр үйде бар ерлі-зайып. Толғанып оның несін сөз қыласың. Басқаның бір құдайдан бәрі де жұп (Жүсіпбек);

ерлі-зайыпты жұптасқан (бірге өмір сүретін еркек пен әйел, әйел мен еркек).

Ерлі-зайыпты адамдардың екеуін екі бөліп, ресми түрде мәдениеттілікпен айту дәстүрі қоғамдық сипат алып енді ғана қалыптасып отыр (Ә. Болғанбаев). Ерлі-зайыпты адамдардың ғана емес, мұқым мемлекеттердің де күл-талқаны шығып жатыр, Андрюша, деді ол (Дм. Снегин).

зағипа 1) әлсіз (әйел), күшсіз, нашар; 2) ауыс, әйел. Егіннен, піскен болса, бірер десте, Балаларға корек болар келер кешке; Барып кел, отағасы, орман жаққа! — Дегенді зағипасы түсірді еске («Қарашекпен мен қасқыр»).

ضلال (далалун) залал1) адасу; жолдан шығу, ауу; 2) қателесу, таңылу, лағу; 3) ауыс. зиян, зарар. Бардан пайда, жоқтан залал (мақал). Қаралап біздің елді сөз айтқандай. Залалың бар ма сенің шөлден көрген? (А. К.) Көршілері: «Адамға залалы жоқ, тым-ақ жақсы кісі еді, байғұс!» — демек (Абай);



залалдызиянды, зарарлы. Екінші — ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек, бақасқа бола үйренбе, азырақ бақас көңілді пысықтандырмақ үшін залалды емес, көбірек бақас адамды түземек түгіл, бұзады (Абай). Кейіміз халық ұйқысын ашам дедік, Ұмтылып ілгері аяқ басам дедік. Ата тұрсын, бабаның жолы болсын, Залалды жолдан шығып қашам дедік (С. Торайғыров);

залалдылық зияндылық, зарарлылық.

залалсыззалалы жоқ, зиянсыз. Бір залалсыз момынды ауру қылып, қор қылады екен. Кейбір ұры, залымның денін сау қылады екен (Абай). «Себеппен ауызға ұрып былғаса да, Залалсыз» дейсің оны дәләлаттан. Өзіңнің, олай деген, ойың шығар. Әшиін құр қиялға жобалатқан (Таубайдың Жүсібі);

залалсыздандырузиянсыздандыру. Туберкулезбен ауырған малдардың сүтін залалсыздандыру мәселесінің маңызы аса зор (С. Байжанов).

ضمة (дамматун) дамма1) құшақтау; 2) жиылыс, жиналыс, бірігу; 3) грам. дамма үтір (араб хатында жазылмайтын қысқа у дыбысының орнына қойылатын белгі).

ضياء (дйа’ун) зия1) жарық, сәуле; 2) шұғыла. Қасың қара Мәскеудегі құндыздай, Екі көз өмір зия жұлдыздай (Нұржан). Біз бұлбұл қызыл гүлге тартқан сада, Наркес көз, қалам қасты лағыл бала. Иранның Құсни зия тотысындай Гәуһәрден шыққан нәсіл тудың зада (Ақан сері);

зиялы. Қол қояды шарттарға, Кәриямсып зиялы (Қ. Аманжолов). Әмин әпенді сияқты зиялы адам өсіп шығады ғой деп ойламаған көршілері жігіт көшеден өткенде қызыға да, қызғана да қарап қалады («Т. С.»);

зиялылықоқымыстылық, білімділік. Асты да шаң, үсті де шаң шеберханада үй сылаушының киіміндей боп әлеміштенген суретшіден бір зиялылықтың, тереңдіктің лебі еседі («Қ. Ә.»);

ضياءالقلوب (дйа’уль-қулуб) зийа әл-кулуб жүректер шүғыласы, сәулесі. «Зийа-әл-кулуб» Орта Азиялық ғалым Мұхаммед Аваз Самарканидың 17-ғасырдың бас кезінде парсы тілінде жазған шығармасы «Зийа-әл-қулубта» 16-ғасырда қазақ ақ сүйектері арасында ислам дінінің тарауы жайында біркатар мағлүматтар келтірілген («Қ. С. Э.»).

ضياع (дйа‘ун) зая1) жоғалу, жою, жоғалту; 2) қазаға ұшырау. Өткен іске өкінбе, өміріңе зая (мақал). «Құп» деді, айтқаныңның бәрін қылды, Жүре-жүре Жүсіпті қолы білді. Аппақайға қаншама жалынса да, Еңбегін зая қылды, алмай тілді (С. Торайғыров). Елібай жақсылығын ұмытпассың, Қайраты ердің қылған кетті зая (Жекей қыз).

ضيافة (дйафатун) зияпат1) сыйлау, қонақ ету; 2) қонақшылдық, қуаныштық; 3) ауыс. құрмет. Егізбай мен Сегізбай Тумасымен табысып, Достасып құшақ жайысып, Екі тума ағасы Зияпат сыйлық алысып, Ырзаласып, қоштасып, Екеуі қайтты аулына (Төрехан). Мені кой, Оразбаймен түбім бірге, Таба алсаң өз басыңа ет зияпат (Қаңлы Жүсіп);



зияфат. Жаңада ғана Хакімнің жылы берілді, оған бірқатар жерлерден адамдар келді. Бірақ олар Хакімнің жылына деп келген жоқ «зияфат», яғни құрметті қонақ ретінде келді (М. Тоқжігітов);

сияпат. Таспик алып сопылар да зарлайды, Сырты түзу, іштен рия қылмайды. Дәулеті мол, байлау жерге барғанда Сый, сияпат қыла ма деп ойлайды (Б. Майлин).— Бұл сияпатыңыздан мен қатты жәбірленемін (М. Сатыбалдиев);

сыяпат. «Құтадғи біліктің» 52-тарауында жоғары мәртебелілерге сыяпат көрсету туралы айтылады (Р. Бердібаев);

сияпатсыз. Бұл сияпатсыз есерлер ерегіссе тарпа бас салады, — деп ойлады Жол (X. Есенжанов);

сый-сияпатсый-құрмет. Қарабек байлап ханның екі қолын «Осы деп сый-сияпат күйеу жолың. Әкеме сауға қылып берейін деп, Алдына жаяу салып тілді жонын (Қарабек). Жанын салып, сый-сияпатқа ауыздарының суы құрып. (С. Торайғыров). Әйел — ана, әйел — бақыт, серік деп Құрметтейтін бұл күйдегі салтымыз. Сый-сияпат — бәрін арнап соларға, Орын беріп төрден табақ тартамыз! (Т. Мұқанов);

сый-сыяпат. Осы күндері қармақтарына қашан, не ілінер екен деп есек дәмелі болып отырғандар жок емес. Қолдарына іліккендерге «сый-сыяпат көрсетіп» жатуларының бір сыры осында (Т. Кәкішев).

ضَََيْع (дай‘ун) зайығ 1) жоғалу, жою, босқа өткізу; 2) жоғалтып алу. Нар бедеудің жарасады терлігі, Зайығ болар өмірімнің шерлігі. Кел қайталық енді, абырой барлықта,— Жаман болар білместіктің қорлығы («Алпамыс»). Зайығ өмір өтті менің бекер... (Абай);



зайы. Қарт ата-ана, шекпе қайғы, Қайратыңды қайра, шыңда, Асыл тілек болмай зайы, Шықты ұланың алтын шыңға (С. Бегали);

зайғы, зайығы. Ер бойында уытын, Шығармаса қайғы етер. Төкпесе бәрін майданға, Ердің өмірі зайғы өтер (К. Айнабеқұлы). Садағаң кетейін! Шынымен зайығы кетті ме садаға бергенім (Ғ. Мұстафин). Осылай бозбалалар салдым нұсқа, Өмірің зайғы болар бекер босқа (Біржан сал).

ط
طاء (та’ун) тараб алфавитінің он алтыншы әрпі; сандық мағынасы 9 (бұл әріп басқа т әріптерінің дыбыстық варианттарынан қатаңдау айтылады Н. О.).

طاعة (та‘атун) тағат 1) бойсұну (құдайға), тіл алу, құлақ салу, көнгіштік, тіл алушылық, бағыну; 2) тәртіп. Бас жоғары жаралған, мойын төмен, Қарашы, дене біткен ретімен. Істің басы — ретін танымақтық, Иман білмес тағатты қабыл демек (Абай). Секілді тағат—атаң, сауап — анаң, Аштық жоқ қанағатпен сүтін емсең (Кете Жүсіп).

طاقة (тақатун) тақат 1) күш, қуат; 2) қабілеттілік; 3) шыдамдылық, сабырлылық, 4) шоқ, байлам (гүл). Қашып барды ханына, Жәбір тиіп жанына, Тақат қалып тұра алмай, Қашып кірді тамына («Дотан батыр»), Қылмады түйе тақат тартқанына. Қабы жоқ батпак, топырақ артқанына. Түйені мұрнын тесіп жетелеп ап, Қарашы қу тышқанның мақтанына (Молда Мұса);



тағат. Қан басып оның мөлдір қара көзін. Көргендей болды достық тозған бөзің; Қызыл көзді қызғаныш, тығалаңдап Көтерді ер бойынан тағат, төзім (Қ. Жұмалиев). Бір сәтке де сені ұмытқан жоқ кезім, Сен дегенде тағат таппай жан төзім. Өзің берген сарқылмайтын қасиет, Алаулайды бойымдағы от сезім (М. Әлімбаев);

тағатсыз. Жалын ғой, алып ұшса жастың жаны, Сүйдіру, сүюменен ойлағаны, Ақылын әр тарапқа алып қашып Тағатсыз тасымай ма ыстық қаны (И. Байзақов). Қаным үш күн бойы тағатсыз күтумен болды (М. Қаратаев);

тағатсыздану— Енді аққуға көшті...— деді тағы Дыбең тағатсызданып (М. Қаратаев). Илько Большой Букринге жеткенше тағатсызданды (Қ. Қайсенов);

тағатсыздық. Сол сезім күшейе түседі, бара-бара тұла бойды шымырлатар тағатсыздыққа тірейді (Д. Досжанов). Таныс тағатсыздық, таныс қимыл (Т. Қаупынбаев).

طاقية (тақйатун) тақия жеңіл бас киім.Тоты құстай сыланған қарындасым, Тақия камшат қалады белгісінен. Қыздар мұңды айрылған жеңгесінен, Жақынырақ сыр айтқан әңгімесінен (Ақан сері). Байлардың қымызына тойып алып, Шекеге тақияны қойып алып, Молда мен байдың сөзін екі қылмай, Сөйледі атқамінер топты жарып (Тұрмағамбет). Сүп-сүйір бейне найза шың, құз, биік, Төбесі кейде тұрар бұлтқа тиіп. Қарасаң етегінен шың басына, Тақияң жерге түсер тұрған киіп (С. Сейфуллин);



тақиялытақиясы бар, тақия киген. Ол тек үй иесінің тақиялы басын изеп әлденені ықыластана құптағанын көрді (Ә. Нұрпейісов). Арғы жағынан шағын денелі, тақиялы шал көрінді (Д. Досжанов).

طالب (талибун) тәліп1) ізденуші; 2) оқушы, студент; 3) өтінуші. Өтіпті ілгеріде жарлы тәліп, Кітабын көрді бір күн қолына алып, Әр пәнде бір мақсатқа етсе талап, «Ақыры,— деген екен,— жетуі анық!» (Шораяқтың Омары). Бендені кім жарылқар бенде болса, Тентектің ісі қисық жөн де болса. Жақсының тұқымына әркім тәліп, Реті қатарынан кем де болса (Қадиша);



талип. Миллеттің кел майданға, талиптерді. Дерті бар, дәрмені жоқ ғарыптары! Оқыған жастарының арқасында Көз ашты көрші жұрттың халықтары (С. Торайғыров). «Перзентім кішік болса — талиптар» деп... кетіп еді неге айтып? Әзәзіл ақырында не боп кетті, Еңкеймей, өзін-өзі ұлық тұтып (Нақып қожа).— Жас болса да бас болардай, келешекте ғылымның көзін ашушы талип осы жігіт,— деп әл-Истархи өзінің талапты жас шәкіртін Фарабиге таныстырды (А. Машанов);

тәлип. Алашқа атың шыққан ақын (Тұрмағамбет туралы айтып отыр) едің, Шәрбатын әр ғылымның татып едің. Жар-жолдас жасыңызда және де етпей, Бәйгеге бағасы мол батып едің. Тәлиптер тағлім оқып алатұғын Көне сөз көп жазылған кәтіп едің (Әбдікәрім). «Ертеде ибни тәлип ресімінше» деп, Қойыпсың тағы ағаңды таяп жарға-ақ (Ерімбет);

талибұлғылым 1) оқушы; 2) білім іздеуші. Мұсылман ғұламаларының даналары Сократ хәкимнен, Афланнан, Аристотельден оқып па? Солар мұсылман ба еді? Айлар, жылдар бойы іздеп отырған бір талибұлғылымды көресіз де, «ізденбе, алысқа ұмтылма» деп етектен тартасыз! (М. Әуезов).

طالعталай — 1) тағдыр; жазмыш; 2) ауыс. бақ, бақыт, несібе. Сан миллион халқымен Арылмайтын бақ берген, Аты халық бақыты, Талайыма тап келген (Н. Байғанин). Маңдайлы қалың келген қас пен қабақ, От болып көзінде тұр жанған шырақ. Толық бет, ер мұрынды, дене тіп-тік, Жүзінде нұр боп бейне талай мен бақ (И. Байзақов).

طامع (тали‘ун) тамиғ 1) шын үміттенуші, дәметуші; 2) қомағай, тойымсыз, ашкөз. Ал, шайтанның кашырларға артқан жүгі басқаша екен, оны тамиғ деп айтады, яғни дәме ету (дұрысы: дәме етуші, дәметуші), тілемсектік деген сөз («Қ. Ә. Т.»). Ыбекеңді орыс-қазақ бірдей сыйлайды. Мықтылары қорықты. Әлсіздері қол ұшын алды. Ыбекең ешкімнен ештеңе тамиғы қылмайтын кең пейіл кісі еді (Ж. Бектұров).

طاهر (таһирун) таһир1) таза, бұзылмаған, мінсіз, адал. Әріп Тәңірбергенов «Қожа Ғафан», «Таһир» қиссаларын жазды деген сөз де бар (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров);



таһирЗуһракітаптың аты. «Таһир — Зуһра» сияқты қиссаларды мен мектепке бармай тұрып әке аузынан жаттап алғанмын (Ә. Сәрсенбаев).

طاووس(тауусун) тауысзоол. қырғауыл тектес ұзын құйрықты алуан түрлі қауырсынды құс. Шытырмақ шимай гүл шығып, Тауыс құс жазса қанатын, Көз тартып көркі алатын, Патсайыдай құлпырып, Пушкиннің жыры дәл сондай, Әлемнің ажар көрігі (Жамбыл). Тауыс па, тоты құс па жасыл қанат, Зер тоқып, күміс шауып, ойған манат (С. Торайғыров);



дауыс. Дауыс құстай түрленіп, Қоңыраудай алтын күңіреніп, Ертелі-кеш серуенге Шығады майлап шашын да («Қамбар батыр»).

طائفة(та’ифатун) тайпа1) тап, топ, ру, серия, қатар, 2) цех; 3) топ, кейбір сан; 4) діни. қауым, бір дінді уағыздаушы адамдар тобы. Аравияны толып жатқан араб тайпалары мекендеді (X. Ақназаров). Қазақстан археологтарының көп жылғы ізденушілері қазіргі қазақтардың ата тегі ежелгі сак, үйсін және қаңлы тайпалары болды деген қорытындыға жеткізді («С. Қ.») Ол туғанда малына тойға сойған, Ауыл тұрсын, бір тайпа ел тойған (С. Торайғыров);



тайфа. Ғарап елінде Құрайыш таһифасы (дұрысы: тайфа) дейтін белгілі белді ру болған (X. Есенжанов). Бірақ менің ойыма келеді, бұл екі тайфа әр екісі өздеріне бір түрлі нәпсісін фида қылушылар деп (Абай);

тайпалы топты, рулы. қауымды. Съездің маңызы — «Біздің барлық республикалардың алуан тайпалы, алуан тілді әдебиеті Совет елінің пролетариаты алдында, барлық елдердің революцияшыл пролетариаты алдында және бүкіл дүние жүзінің бізге дос әдебиетшілері алдында біртұтас ретінде бой көрсетіп отырғанда» — дейді М. Горький (Т. Кәкішев);

тайпалық топтық, рулық, қауымдық Тайпалық диалект бір тілдерде болуы да, болмауы да заңды. Рулық сипат сакталған елдердің тілінде тайпалық диалектінің ізі сақталуы мүмкін (І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев).

طلب (тиббун) тиб, тыб 1) емдеу; 2) медицина (аурулар және оларды емдеу амалдары). Дәрігерлік — тиб ғылымы — ұлы ғылым, — деді қарт (А. Машанов). Дертке дауа іздеген, адам жанына ара түскен тиб — дәрігерлік туралы айтсаңыз екен?—деп сұрақ берілді Шаһзадаға (А. Машанов). Әл-Фараби медицина (синағатут тыб) саласында, әсіресе, сүйек ауруының нағыз білгірі еді (Ибн-Али Усайбиға).



тап1) жаратылысы, табиғаты, табиғи күй, хал-жай, 3) құлық; 4) көңіл; Ауылға түлкі алдырып қайтып келсең, Жерің от, мал суарар қағы болса. Шай қайнап самаурында, бауырсақпен Адамның ас ішуге табы болса (Кете Жүсіп).

طبق(табақун) табақ 1) қақпақ; 2) леген; 3) табақ (темірден, ағаштан, қалайыдан, шыныдан жасалған тамақ салатын дөңгелек ыдыс). Осындай әулекілік мінезіңнен, Алдыңа қойылып ед неше табақ. Жапанға сені жалғыз қоя берген, ісі екен: «Жолдастыққа жайы салақ» (Қаңлы Жүсіп). Қарас ауыз үйден үлкен табақ ыстық ас әкелді (М. Әуезов). Ескілеу, кең ағаш табаққа түсіп, ортамызға келген ет семіздеу торпақтыкі екен (С. Мұқанов). Дастарқан жайылып, қонақтарға табақ тартылды (С. Көбеев);



табақтасдәмдес. Мен кеткенде ондағы табақтастарым, дос-жораларым кәдімгідей қамығып, қоштасып калып еді (С. Төлешов). Кемелбайдың қатынымен Раушан Тасқараның тойында әлдеқандай табақтас болып, етке таласқандықтан араздасқан еді (Б. Майлин);

күйтабақпластинка (патефон, граммофон үшін ән, күй жазатын жалпақ табақша). Нұрғалидің шалқыта шырқаған тамаша әндерін республикалық теледидар мен радиодан, күйтабақтан барлық өнер құмар халық мейірлене тыңдайды (С. Әбдікәрімов). Бүкілодақтық «мелодия» фирмасын, Алматыдағы дыбыс жазу студиясы Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі, әйгілі домбырашы Әбікен Хасеновтің орындауында оннан астам күйді күйтабаққа жазып, көп тиражбен таратуды қолға алды («Қ. Ә.»);

күйтабақша. Мұқанның жерімен, елімен қауышқандағы керемет қуаныш, ой-сезім сырлары кеулімде күйтабақша сайрап, қағазға сұранып тұр (Ғ. Орманов);

табақшыеск. асқа, тойға, үлкен жиынға келгендерге табақпен ас тасушы. Бастары Дулаттағы бар жақсының Қосылып, тойдағы аяқ, табақшының Бірі боп құрмет қылды Кене ханға, Байгеден келтірді өзі Сапақ сұрын (І. Жансүгіров);

табақ-табақ көп табақ. Бұл кезде табақ-табақ ет те келіп қалды (М. Қаратаев). Құбылжып, үндей алмай түйді қабақ, Су құйылды, ет келді табақ-табақ (С. Торайғыров).

طبل (таблун) дабыл 1) барабан (екі жағы сірі керген, іші қуыс цилиндр пішінді соғып ойналатын музыка аспабы); 2) барабан қағу (дыбыс беру); 3) ауыс. хабаршы. Құйрық, жалын-шарт түйген, Алдына дабыл төңкерген, Аламанға дем берген... («Қобыланды»). Жарқырады жаңа жаз, Сапырылды қыр, дала. Дабыл, даң-дұң айнала, Қырға қонды қалың қаз (І. Жансүгіров.) Ол қыздың өз әкесі Тобағабыл, Алысқа байлығымен шашқан дабыл (Мансұр);



дауыл. Сөзінде қуат серпін жоқ, Өз пиғылынан тапқандай. Құлаққа маза бермедің Дауылпаз дауыл қаққандай (Досмағамбет);

дабылдатухабарлату. Қазақтың халық өлеңдерінде, «құс салып айдын көлді дабылдаттым» дейтін дабылы осы... (С. Мұқанов). Сол-ақ екен шашақты найза мен қыл жалаулары жалбыраған қалың қолдың да бар керней, бар дауылпазы дабылдата жөнелді (Ә. Кекілбаев);

дабылданухабарлану. Жұрт түгел дабылданып, дама басы бір торғайды қуып дегендей елдің есі кеткен (З. Самади);

дабылдаухабарлау. Жырыма менің, кеншілер, Көңіл бөл де құлақ тұр. Ұлы Отанның жаршысы — Маған біткен қызыл тіл, Дабылдаймын сондықтан; Майданға мол ғып көмір бер! (К. Айнабекұлы). Жаз келді жер үстіне, Жарқыраған нұрымен. Жаз келеді ел үстіне, Дабылдаған жырымен (Сатыбалдин);

дабылдыдабылы бар. Атырабат даласында дабылды ат бұрын-соңды ұшырас-пайтын (Д. Досжанов). Дабылды дала, жалынды дала, бояқы дала көкпеңбек, Қойның сенің селдетіп терін, көлдетіп терін төккен кеп (Т. Қажыбаев);

дабылсызхабарсыз. Солардай мен де дамылсыз, Жүре алмаймын дабылсыз. Тілегім содан сабырсыз — Алсаңыз жырды қабыл сіз (Ә. Райымбеков);

дабылшыдабыл қағушы адам. Құттықтаймыз еңбектің армиясын, Ей, дабылшы, дабылды сок тағы да! (Қ. Бекхожин). Дабылшы қыран атойшы Қақса егер дабылын, Қырағы жас машинист Шалып дабыл хабарын (Жамбыл).

طبيب (табибун) тәуіпдоктор, дәрігер, емдеуші. Тәуіптәуіп емес, көп ауруға тәуіп (мақал). Асын ішпей кей күні, Аты шулы әйгілі Тәуіпті бір тауыпты (Қ. Мырзалиев). Дәрігер Жаңылға — әлде болса дәрігерден гөрі тәуіп балгерге бас июшілік бар (К. Оразалин);



тәбиб. Азды-көп тақсіретін тартқан білер, Сағынар денсаулықты жанды каумет. Қиналып қысылғанда қол беретін Тәбибтен кетті ме екен құрып әулет (Шораяқтың Омары). Оңға келмес орнатқан теңшілікті Жүректің тәбибы елдің дертін шешіп (Әріп);

тәуіптікдәрігерлік. Әбунасыр мұсылман бола тұра, тәуіптік өнер (медицина) мен логиканы христиан оқымыстысы Юханна Ибн-Хайланнан үйренеді (А. Көбесов). Кішігірім тәуіптігіміз де бар еді,— дейді Зекең (Ә. Дүйсенбиев).

طبيعة (табй‘атун) табиғат 1) жаратылыс (айналадағы барлық органикалық және органикалық емес дүние); 2) болмыс, заттың өзі, мінез, табиғи қасиет, сапа. Табиғат — халық қазынасы (мақал). Өлсе өлер табиғат, адам өлмес. Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес (Абай). Көктемде адамзат, өсімдіктер — барлық табиғат жаратылыстары түгел жанданған (С. Айни);



: uploads -> files
files -> А. С. Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі
files -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
files -> Кирилл Куренда: двухлетний вундеркинд Не иначе как вундеркиндом можно назвать Кирилла Куренда из крымского села Владиславовки. В свои два с половиной года он уже знает все буквы алфавита умеет считать и освоил азы компьютерной грамотности
files -> «абай жолы» романындағы тарихи шындық эволюциясы
files -> «бекітемін» «Насихат» мкқк директоры
files -> Ердембеков бауыржан аманкелдіұлы абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
files -> «бекітемін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов
files -> Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік
files -> ХҮ-ХҮІ ҒасырлардағЫ ҚЫРҒыз-қазақ халықтарының арасындағы саяси және этникалық байланыстар е. С. Альчикенов


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет