Н. ф-710 топ. Ғылыми жетекші: Алимжанова А. М. Зерттеу тақырыбының өзектілігі



Дата20.05.2020
өлшемі239.53 Kb.
АДАМ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН БАСҚАРУ ЖОЛДАРЫ

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Қаржы-экономикалық факультеті

«Экономика және бизнес» кафедрасы



Автор: Қанатұлы М., Нұрланова С.Н. Ф-710 топ.

Ғылыми жетекші: Алимжанова А.М.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылға арналған Жолдауында көзделгендей, Қазақстанның тұрақты дамуы және әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену бойынша міндеттерді жүзеге асыру отандық экономиканы жетілдіруге негізделуі керек. Президент елдің дамуы барлық қазақстандықтардың білім деңгейіне, әл-ауқатына, әлеуметтік және табиғи жағдайына тікелей байланысты екенін атап көрсетеді. Сонымен, экономикалық өсудің нақты факторы және ұлттық байлықтың ерекше буыны болып табылатын адам ресурстарын дамыту мен қалыптастыру ерекше маңызға ие.

Зерттеудің мақсаты. Ғылыми жұмыстың мақсаты – адам ресурстарының тұрақты дамуын қамтамасыз ету басымдықтарын анықтаудың теориялық-тәжірибелік негіздерін жасау және оларды басқару жүйесін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу.

Адам ресурстарының тұрақты дамуы – олардың табиғи, әлеуметтік-психологиялық және интеллектуалдық қабілеттерінің позитивті өзгеруі нәтижесіндегі сыртқы орта мен қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін әртүрлі іс-әрекет саласындағы әрбір адамның мақсаттарын жүзеге асыруы мен мүмкіндіктері ауқымының кеңеюін қамтамасыз ететін үздіксіз үдерісін білдіреді. Бұл үдерістің жүзеге асырылуы адам ресурстарын дамытуға жеке адамның өзімен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік билік органдарының, әртүрлі деңгейдегі қоғамдық институттардың үйлесімділігін талап етеді (1 сурет). [1]

Адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару жинақталған әлеуетті жетілдіру және сақтауды қамтамасыз ететін, адам ресурстарына үздіксіз және мақсатты әсер ету үдерісін білдіреді. Адам ресурстарының тұрақты дамуын басқарудың алғышарты болып олардың даму жағдайына дұрыс баға беру болып табылады. [2]

1 сурет – Қоғамдық институттардың қатысуымен аймақтың адам ресурстарын дамыту мен қалыптастырудың концептуалды үлгісі


Шығыс Қазақстан облысының адам ресурстарының дамуын басқаруды кешенді талдау және бағалау. Зерттеу барысында жүргізілген талдау Қазақстан Республикасында адам ресурстарының дамуы келесідей факторлармен тығыз байланыста екені анықталды: экономиканың даму жағдайы, демографиялық ахуал, экологиялық жағдай, мәдениет және спорт саласының дамуы, білім беру жүйесі мен денсаулық сақтау саласының жағдайы, еңбек нарығының дамуы, еліміздегі қауіпсіздік және ақпараттық-құқықтық негіз. Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО) Қазақстан Республикасы (ҚР) бойынша өндірістік-дамыған, өркениетті аймақ болып саналады. Облыстың экономикалық жағдайында шешуші орынға ие металлургия өнеркәсібі базалық сала болып табылады. Облыста ет, сүт пен балық, өсімдік майы мен сары май шығаратын, ликер-арақ өнімдерін және басқа да өнім түрлерін шығаратын тамақ өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары бар. Сондай-ақ, адам ресурстарының дамуына қажетті әлеуметтік сала – білім беру, денсаулық сақтау, мәдени мекемелер желісі жеткілікті түрде дамыған. 2-суретте ШҚО бойынша тұрмысы төмен халық санының өзгеру үрдісі көрсетілген.


Ескерту – ШҚО Статистика департаментінің мәліметтері бойынша құрастырылды
2 сурет – ШҚО бойынша жалпы халық саны құрамындағы тұрмысы төмен халықтың үлесі, мың адам
Нәтижесінде облыс тұрғындарының өмір сүру деңгейі біршама артты, ал тұрмысы төмен отбасылардың саны 2001 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 83%-ға төмендеді. Бұл облыста соңғы 10 жыл бойы әлеуметтік саланың неғұрлым басым бағыттары ретінде тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар белсенді жүзеге асырылуының көрінісі.

ШҚО бойынша 2005-2009 жж. аралығындағы тұрғындардың өмір сүру деңгейін талдау көрсеткіштері 1-кестеде келтірілген.


1 кесте – ШҚО бойынша тұрғындар табысының өзгеруі


Көрсеткіштер

Жылдар

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Азық-түлік себетінің құнына шамалас табысы бар халықтың үлесі , %

5,7

1,6

1,2

0,5

1,3

Күнкөріс шамасынан төмен табысқа ие халықтың үлесі, %

26,6

12,5

9,8

9,9

9,7

Орташа 1 айға шаққандағы жан басына тұтынуға пайдаланылған табыс мөлшері, %

90,6


95,2

96,5

96,4

95,0

Ескерту – shygysstat.kz ресми сайтының мәліметтері негізінде есептелген

Талдау көрсеткіштері көрсеткендей, халық табысы жыл сайын өсуде, 2009 жылы азық-түлік себетінің құнына шамалас табысқа ие халықтың үлесі 4,4%-ға төмендеген, күнкөріс шамасынан төмен табыс алатын тұрғындардың үлесі 26,6 %-дан 9,7 %-ға дейін төмендеген, яғни 4 жылда 16,9 %-ға, ал тұрғындардың жан басына шаққандағы тұтынуға пайдаланылған табыс мөлшері 4 жылда 4,4 %-ға көбейген.



Адам ресурстарының даму жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына адам дамуының үш негізгі компоненті – көп жасау, білімділік және тұрмыс деңгейі негізінде әлемнің барлық елдерінде есептелетін адам дамуының индексін (АДИ) жатқызуға болады. 3-суретте ШҚО және ҚР АДИ көрсеткішінің өзгерісі салыстырмалы түрде келтірілген.

Ескерту – БҰҰБ жасалатын жыл сайынғы «Адам дамуы» есебі негізінде құрастырылды


3 сурет – ҚР және ШҚО АДИ өзгеру серпіні
АДИ көрсеткіші республика бойынша да, облыс бойынша да өсу үрдісін көрсетуде, бұл еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдын жылдан жылға жақсара түсуінің белгісі. Алайда бұл көрсеткіштің құрамындағы индикаторлар ҚР тұрақты дамуға өтудің мақсатты индикаторларынан әлі де төмен. Мәселен, күтілетін өмірдің орташа ұзақтығы ҚР бойынша тұрақты дамуға көшу концепциясына сәйкес 2009 ж. 67,9 болу керек деп болжанса, 2009 ж. нәтижелері бойынша ҚР – 66,3 , ШҚО – 65,8 тең.[3]

Сонымен жүргізілген талдау барысында ШҚО адам ресурстарының дамуына барлық жағдайлар жасалған, аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты десек те, 2-кестеде келтірілген мәселелер әлі де нақты шешімін таппай отыр.


2 кесте – Адам ресурстарының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелері және оларды шешу жолдары


Адам ресурстарының тұрақты дамуын тежейтін мәселелер

Адам ресурстарын тұрақты дамуын (АРТД) қамтамасыз ету бағыттары

Мемлекеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі

1) АРТД қаржыландырудың кешенді жүйесін қалыптастыру;

2) АРТД қаржыландыруда мақсатты-бағдарламалық (жобалық) әдісті қолдануға көшу.



Адам ресурстарының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін құқықтық негіздің әлсіздігі

1) нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге тәуелсіз сарапшыларды, үкіметтік емес сектордың өкілдерін кеңірек тарту, салалық ғылыми сараптамаларды қолдану;

2) адам ресурстарының дамуын негіздейтін жүйелік құқықтық база жасау.



Медициналық қызметтер сапасының төмендігі

1) денсаулық сақтауды басқарудың халықаралық стандарттарға сәйкес тетіктерін қалыптастыру;

2) АР бүкіл өмірлік циклі барысында үздіксіз жүргізілетін «Денсаулық төлқұжаты» құжатын тәжірибеге енгізу;

3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен түрлері туралы халықты БАҚ арқылы уақтылы хабардар ету;

4) ҚР қолданылатын шетелдік дәрі-дәрмектерге үнемі мониторинг жүргізу (созылмалы аурумен науқас адамдар үнемі, тіпті үздіксіз тұтынатын дәрілік заттардың кенеттен еркін саудада болмай қалу жағдайларын тоқтату).



Жастарды мамандығы бойынша жұмыспен қамтуды жоғарылату

1) ЖОО мен мүмкін болатын жұмыс берушілер арасындағы әлеуметтік әріптестікті нақты келісім шарттармен бекіту;

2) аймақтағы алдағы 5 жылға қажетті маман-кадрлардың құрамы мен санын, экономиканың дамуына сай болжамдау жүргізу;

3) студенттерді аймақ кәсіпорындары мен мекемелерінің тапсырысы бойынша дайындау;

4) бүкіл әлемнің «білім экономикасы» жолына өтуімен байланысты ЖОО бітіруші-түлекке кәсіби біліктілігі құжатымен қатар интеллектуалдық ой-өрісін сипаттайтын арнайы сертификатты қоса беруді тәжірибеге енгізу.



Жұмыс берушілердің адам ресурстарының даму мәселесіне көңіл берілмеуі

1) мемлекет деңгейінде экономиканың қызмет көрсету саласында, жеке меншікте жұмыс істейтін қызметкерлерді оқытуға және біліктілігін арттыруға жағдай жасауын ескеретін арнайы ережелер қабылдау;

2) кәсіпорындарда АРТД арналған әлеуметтік-экономикалық ынталандырулар жүйесін еңгізу.


Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының көптеген аймақтарында адам ресурстарын дамытудың барлық факторларын кешенді сипатта бір орталықтан басқарудың жүйесі қалыптаспаған. Іс жүзінде Еңбек және тұрғындарды әлеметтік қорғау министрлігі, еңбекпен қамту орталығы және басқа да тиісті ведомстволық органдар адам ресурстарын дамытуды әр сала бойынша жасалған бағдарламалар негізінде жүзеге асыруда. Яғни, адам ресурстарының тұрақты дамуын басқаруда кешенділік және нәтижелілік жоқ. [5]



Біздің ойымызша, адам ресурстарының дамуын нәтижелі басқару үшін осы органдардың жұмысында тұжырымдамалы және функционалды теңгерімді табу қажет. Осыған байланысты, қазіргі уақытта бұл іс-әрекетті реттейтін басқарудың барлық буындарының жұмысын үйлестіретін тетік құрастырылмаған деген қорытындыға келуге болады (4 сурет) . Сондықтан аймақ деңгейінде адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару жүйесін жетілдіру қажеттілігі айқын көрінеді.


Ескерту – Автормен құрастырылған


4 сурет – ШҚО адам ресурстарының тұрақты дамуын басқарудың

бүгінгі таңда қызмет етудегі құрылымы


Жоғарыда атап өткеніміздей, адам ресурстарының дамуы өте күрделі, жан-жақты үдеріс болғандықтан, оны басқару жүйесі республикалық және жергілікті басшылық, департаменттер (еңбек, білім беру, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, жастар мәселелері, денсаулық сақтау бойынша және т.б.), кәсіпорындар мен ұйымдардың өзара байланысы мен әріптестігі негізінде қалыптасуы тиіс. 5-суретте мезодеңгейде адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару жүйесінің автормен жетілдірілген ұйымдастырушылық-функционалдық үлгісі келтірілген.

5 сурет – Аймақтың адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару

жүйесінің ұйымдастырушылық-функционалдық үлгісі
Ұсынылып отырған ұйымдастырушылық – функционалды жүйе аймақтағы адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару үдерісіне қатысатын барлық деңгейлердегі құрылымдардың кешенін құрайды. Ол өзіне адам ресурстарының тұрақты дамуын басқарудың бір бірімен тығыз байланысты екі деңгейін – стратегиялық және жедел басқаруды біріктіреді.
Қорытынды

Адам ресурстарының қазіргі экономикадағы рөлін, дамуын және оларды басқару ерекшеліктерін талдап-зерттеулердің нәтижесінде төмендегідей теориялық тұжырымдар мен тәжірибелік ұсыныстарға қол жеткізілді:

1. Адам ресурстарының ерекшеліктерін ескере отырып, қоғамдық институттардың қатысуымен аймақтың адам ресурстарын дамыту мен қалыптастырудың концептуалды үлгісі ұсынылды;

2. Адам реурстарының даму деңгейін бағалайтын көрсеткіштер жүйесі статистикалық және нормативтік базаға, әлемдік стандарттарға сай көрсеткіштерді таңдау шарттарын орындауы қажет. Осыған орай адам ресурстарының даму жағдайын бағалау үшін әлеуметтік, экономикалық және экологиялық блоктарға шоғырландырылған көрсеткіштер жүйесін ұсынамыз;

3. Адам ресурстарының даму деңгейін кешенді бағалау нәтижесінде Қазақстан Республикасында және Шығыс Қазақстан облысында адам ресурстарының дамуына қажетті барлық алғышарттардың бар болуы анықталды. Осыған байланысты адам ресурстарының дамуына кері әсерін тигізетін бірқатар факторларын анықтап, сәйкесінше олардың алдын алу жолдары ұсынылды;

4. Адам ресурстарының дамуын қаржыландыруға бөлінетін қаржылық ресурстарды тиімді үйлестіру және пайдалану мақсатында, сондай-ақ адам ресурстарын басқаруды өзара тығыз байланысты іс-шаралар кешені негізінде жүзеге асыру үшін мақсатты-бағдарламалық әдісті қолдану ұсынылған.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Щетинин В. Человеческий капитал и неоднозначность его трактовки // Мировая экономика и международные отношения.-Томск.-2001.-№12.

2. Клейн Е.Д. Система управления человеческими ресурсами и ее совершенствование // Автореферат диссертационной работы.-Санкт-Петербург.-2010.

3. Сүйеубаева С.Н. Шығыс Қазақстан облысының еңбек нарығы проблемаларын шешуде әлеуметтік әріптестік механизмін жүзеге асыру // Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Хабаршысы: Алматы. – № 2. –2010.

4. Михеева С.Г. Интеллектуализация экономики: инновационное производство и человеческий капитал // Проблемы теории и практики управления.-Томск.-2003.-№1

5. Сүйеубаева С.Н. Адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару // Диссертациялық жұмыстың авторефераты. Алматы. – 2010.




Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет