Н. М. Степанова ҚазақТЫҢ Ұлттық ойындары жастарды тәрбиелеу қҰралы ретінде



жүктеу 0.74 Mb.
бет2/5
Дата02.05.2016
өлшемі0.74 Mb.
1   2   3   4   5
: fulltext -> transactions
transactions -> А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
transactions -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
transactions -> М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Табиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері»
transactions -> МӘШҺҮртану ғылыми-практикалық орталығЫ
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті

3 Қазақтың ұлттық ырықты ойындарын өнегелі-жігерлік дайындығы үшін қолдануы
Спортта ойын мен ойын әдісін жаттығулардың ерекше түрі деп түсінуі дұрыс емес, бұны ұжымды жасауға көмектесетін жүйесі сияқты деп түсіну керек. Бұндай ұжымдық тәрбиесі жарыстарға дайындық жүйесімен жоспарланады, ал ойын осындай дайындықтың қарқынды құралдардың бірі болып келеді. Адам өзінің денесімен басқару білетінің көрсетуге немесе метрлермен, секундтармен, килілермен “жарысуға”, дербес жағдайларымен сәттіліке жетуге, ұжымдық сезімің тәрбиелейтін спорт түрлерімен шұғылдануы өте маңызды. Осында спорттық күрес спецификасы және жеке сәттілікті рөлі үшін, жаттықтырушыларға және жолдастарға менмендік және танымаушылық сезімдері дамуы мүмкін. Бұдан ешқанадай спорт түрлерінің өкілдері сақталған емес. Ырықты ойындардың ұжымдық бастамасы өнегелі сапаларын және ұнамды міңез-құлықты қалыптастыруға көмектеседі. “Жеңіңпаздың” өзі жолдастар арасында ойын бойынша алды бола алмауы мүмкін. Ойында әрқайсысы өзінің нашар жақтарын сезінеді және жалпы достастық жағдайларының артық екенің көрнекті көре алады. Ойын бойынша жолдастардың пікірі әрбір ойыншының тұрыс-жүрісіне үлкен әсер етеді.

Ойында ережелердің рөлі үлкен маңызды. Оларды міндетті түрде сақтауы, саналы тәртіпті, әділетті және пәк тәрбиелеуге спортта да өте маңызды себеп болады. Спорттың ұжымдық түрлерімен шұғылданбайтын адамдарға екі жақты қарқынды күрес ойындары гимнастикалық тұрғыда немесе жүгіру жолында ғана емес, сонымен қатар шахмат тақтасының алдында, спорттық “кесірлікті”, саулық азартты, жігерлік сапаларды тәрбиелеуге көмектеседі.

Ойын сабақтарында жасалынатынды максималды сезініп қабілеті тәрбиеленеді, қайсысы әркез спорт түрінде ерекше маңызды. Ойындарды таңдағанда және оларды басқарғанда ойын әрекетінің осы жағына назар аудару қажет.

Жетістіктері бойы өскен соң интеллектуалды дайындықтын рөлі жоғарлайды. Жеңіске жету – бұл ой-санасы деп жиі айтып келеді. Ойын қарсыластын әрекеттеріне, қимылдарына мезгілде сезініп қалу, спортшыны өзінің эмоцияларына ие болуға үйретеді. Бұл сапалар спортшыны тұлға ретінде маңызды екенің, түсіндіруге керек емес екенің деп жөн санадық.

Ойындар көмегімен спортшылардың жігерліктерін сәтті тәрбиелеу үшін, ойын материалын жақсы білу керек. Бұл тек артықшылық бойынша қимыл сапаларының дамуына бағытталып бөліне қоймайды. Көптеген ойындар шыдамдылық, қайсарлық, шешімділік, өзара құтқару сияқты өнегелік және жігерлік сапаларын тәрбиелеуге бағытталған.

Жиі уақытта ойын қатысушыларды жақсы таңуға, білуге көмектеседі. Ойын үрдісінде ойыншылардың тұрыс жүрулерінен байқап:



  1. аяғын дейін күресе білуді, қайсарлық пен инициативаны көрсете білуді;

  2. қорқақтық пен шешім алмаушылықты көрсетуді;

  3. ойын бойынша қарсыластарға қатынасуды;

  4. құрама бойынша ойыншыларға (шыдамдылықты, өзара құтқаруды және т.б.) қатынасуды;

  5. өз қателеріне қатынасу, бұларды келесі ойын кезінде жоюды;

  6. өзіне сұранысты және тәртіпшілікті;

  7. ұтылысқа, жеңіске және т.б. қатынасын бағалауға болады.

Бұл байқаулар спортшының (негізгі түрде тәрбиелеу жоспарында) келесі жұмысы үшін маңызды.

Тәрбиелеу үшін басқарушының өзі ұйымшылды, алалықсыз төреші боп мысал ретінде қызмет ету керек. Ойындардың объективті талдауы, саналы тәртіпті жоғаралатып, ойыншылардың өз қимылдарын дұрыс бағалауға, шұғылданушылардың ішінен көмекшілерді тауып қатыстыру, болашақта спорттық дайындыққа қызығушылық көтеру алаңдағы қимылдардың дұрыс бағасы.

Ежелгі заманнан бастап қазақ халқы күрестерге үлкен назар аударды, өйткені бұнда жас жігіттер өзінің психологиялық және денелік сапаларын дамытып көрсете алатын. Уақытымен ойындар ұжымдық сипаттамасын қабыла ала бастады.
4 Қазақтың ұлттық ырықты ойындарын эмоционалды халын реттеу үшін қолдануы
Жасалынып жатқан жаттығулардың бір түрлі міңезінен немесе жоғары темптен шығарылған зейін тұрақтылығы бұзылған кезде, ойындарды жаттықтыруға қосқанда, шұғылданушылардың зейінің жоғарлатады және жұмыскерлікті қалпына келтіреді. Техникалық әрекеттерді меңгеру процессі, дене сапаларын тәрбиелеуі спортшының көңіл-күйінен, оның құмарлығынан тікелей байланысты. Ойыншыларда астеникалық (жағымсыз) эмоциялардың пайда болуында жаттықтыруды жарамды әрекеттер коэффиценті едәуір төмендейді. Бұған жасалынатын жаттығуларға бұлшықет әрекетінің міңезі мен ритмі, өзінің әрекеттік құрамы бойынша ұқсамайтын, қиындығы аз ойындарының кіруі, шұғылданушыларда сценикалық (жағымды) эмоцияларын тудыруға әсер етеді. Бір әрекет түрінен басқасына ауысқаны, сайысу элементі, ойындағы еркін тандау әрекеті қарқынды демалыстан кейін қарқынды жаттықтыруды жалғастыру үшін “екінші демін” ашуға рұқсат ететін сияқты. Сабақтар процессінде ойындарды ақылмен қолданғанда бұларға бүкіл жаттықтыру циклы бойынша қызығушылық сақталып тұрады.

Қазақтың ұлттық ырықты ойындарында зейін және эмоционалды қалпын жоғарлату үшін, дәстүрлі түрде үлкен денелік күш салулар және өткір конфликт жоқ. Ойынды сабаққа кіргізу уақытын дәлме дәл анықтауы өте маңызды. Кейде ойын, жақсы көңіл-күйді сақтау үшін, жаттықтырудың дене қызығу бөлігіне және аяқ шеңіне қосылады. Бірақ ойынды сабақта жоспарлаусыз өткізу мүмкін.

Ұсынылған мысалды ұлттық ырықты ойындары: “Тұйғындар мен қарлығаштар”, “Түйілген орамал”, “Ақ сүйек” және басқалары әрине шұғылданушылардың назарын жинақтауға және сабақты жандандыруға көмектесетін ойын материалының бай арсеналын тауыстырмайды. Қайта жоғарыда айтылған ойындар көбінесе қандай да бір тапсырманы шешуге бағытталған (эмоционалдық тонусты, назарды жоғарлату және басқалар) және әрбір ойын көп немесе аз шамасында ойнаушыларға комплекстік әсер ететін туралы назарда ұстау қажет.
5 Қазақтың ұлттық ойындары басқа ұлттар ойындарынан айрықша ерекшеліктері
Ұлттық ойындар бүкіл уақыттар бойы үлкен қоғамдық маңызы болды. Бұлардын пайда болуы ежелгі заманға жатады және өзінің дамуына халықтың шаруашылық әрекетіне және қоғамдық қатынастарына сәйкес келетін, кезекпен ауысқан түрлер қатарынан өтті. Бірақ бұған қарамастан ойындар бізге өзінің ойын жеткізіп, ерекшілігін жоғалтқан жоқ. Ғасырлар бойы бұларда адамдардың ұлттық тұрақтылықтары, еңбектері, тұрмыстары, өмір бейнелері жарық көрініп жатты. Бір немесе басқа деңгейде болса да, басқа халықтар ойындарынан қазақтың ұлттық ойындары өзінің мағыналы мазмұнымен айрықша болады. Қазіргі заман мен болашақты байланыстыратын, халықтың рухани тәжірибесің, оның педагогикалық көзқарастарын сақтап тұратын халықтың есте қаларлығы бұл – ұлттық ойындар. Ойындар жататын мәдениетінде ұлттық ойлары, өздік танулары, түсініктері және де тарихы көрінеді.

Жанқиярлықты, іскерлікті, күшті дамытатын ат үстіндегі әр түрлі ойындар мен сайыстар қазақтардың көшпенділі өмір қойылымның күшіне қарай ең көп таралған.

Еңбек үрдістерінен шыққан сауықтар, яғни адамдардың тәжірибелік әрекетінен және ойындардың пайда болу туралы теориясы сөзсіз болып келеді. Ойындар халықтың еңбектік, рухани әрекетін және тұрмыстың көптеген жақтарын қамтыған, қайсына бұлардың көптігі көшпенділі ортада пайда болуы және көшпенділер-малшылардың материалдық мәдениетін және дүние көзқарас ерекшеліктерін көрсетіп аз деңгейінде емес әсер етті. Уақытымен, материалдық өмір қоғамының өзгеруімен, ойындардың мазмұны мен қалыптасуы өзгереді.

Ойындар, сауықтар және дағдылар көмегімен жастарда ойдық және денелік қабілеттері өндірілетін, яғни олар өмірге керек болып қалуына үйренетін. Қоғамның шаруашылық әрекетімен байланысты ойындар ең кең функцияларын жасайтын (мысалы жамбы ату, аударыспақ, бәйге, қазақша күрес және басқа ойындары). Ойындардың бір бөлігі салт-дәстүрлік функциялы болатын, бірақ кейін бұлардың көбі өзінің алғашқы мағынасын жағалтып, қайта туып дамыған (мысалы, көкпар, аламан бәйге). Бірақ осы алғашқы ойы қазақтың ойындарын басқа халық ойындарынан айрықша етеді.

Ұлттық ат ойындары көптеген және әр түрлі. Жылқыларды силау және ат ойындарына махаббаты қазақтарда салт-дәстүрлер болып қалды.
6 Қазақтың ұлттық ойындары
Қазақтардың ойындарында ежелгі заманнан келе жатқан тастан, ағаштан, аң сүйектерінен, кейін металлдан жасалынған құралдар қолданатын. Кең дамыған халықаралық қарым-қатынастар ойын-сауықтың жаңа түрлерін тудырып, жалпы мәдени бойын көтереді.

Ғасырлар бойы балалар мен жастарды ерте жасынан ұлттық ойындарымен тәрбиелеу, қоғамдағы қарым-қатынасқа, қоршаған айналаға дұрыс қатынасу қалыптасуына әсер етті. Қазақтардың өңегелік-этникалық сұраныстарына сәйкес бозбала жасында күнделікті қоғам өмірінде қарқынды қатынасу тәрбиеленетін.

Қазақтардың салт-дәстүрі бойынша, бозбала тәрбиесімен ерлер айналысатын. Ұлдар ойындарында үлкендерге ұқсасып, олардың шаруашылық әрекеттерін жасайтын, ал қыздардын ойындарында тұрмыстық және отбасылық қатынастар көрінетін.

Көшпенді мал шаруашылығының өмірі жанжақты денелік дамуды қажет етті. Сондықтан ұлттық ойындар ереже түрінде ойнап тұрып өзінің іскерлігі мен күшің көрсетіп, өте ырықты болды.

Ұлттық ойындар қоршаған ортаға, аңларға қастерлеу қатынасты тәрбиелеп көрсететін. Халық шаруашылығының бір саласы аң аулау болғандықтан, қазақтарда ежелден аңдар мен құстар дауыстары мен құлықтарына ұқсату өнері атақты болған. Аңдардың құлықтарын имитациялайтын ойындар әліде кездеседі.

Қазақтың тайпалары өзінің тәуелсіздігі үшін күресіп, көптеген соғыстарды жүргізуге мәжбүр болды. Жігіттер өз ойындарында шабуылшы және қорғаушы аттыларға бөлініп, әскери әдістерге ұқсатып жасайтын.

Қазіргі уақытта қазақтардың арасында діни ойды, ырымдылықты ойындары әлі бар. Мысалы: “Мырш-мырш” (лақап атауы), “Ханды-қарабасты” (Періште хан), “Жұмақ-тозақ” және т.б. Бірақ шыңында бұлардың діни бағыттылығы туралы атауымен ғана айтуға болады, ал бұл ойындардың нақты мазмұның жалпыланған түрінде кесірлік пен жақсылықтын арасындағы ғасырлық күресін міңездеуге болады.

Ежелгі заманнан бізге жеткен көптеген ойындардың өздік мазмұны өзгермей сақталды, бірақ тарихи мазмұнының үрдісінде өзінің атауын өзгерткен: “Қарагие” – “Найза лақтыру”, “Аң аулау” – “Құспен аулау”(іскерлік құстармен аулау), “Қақпа тас” – “Бес тас”, “Садақ ату” – “Жамбы ату”(садақпен ату) және т.б.



Сонымен, ұлттық ойындар спорт түрлері сияқты әр түрлі тарихи кезеңдерде халықтың өмірі нақты және объективті болып келді. Ұлттық ойындар дене тәрбиесі бойынша бағдарламасына қосылған. Бұлар демалулар мен дәстүрлі мейрамдардың маңызды бөлігің құрайды. Қазақтың ұлттық ойындарының мазмұны мен түрлілігі біздің күнімізге дейін жетті. Кейбіреулерін қарастырып жіберейік.
7 Қазақ халқының ойындары
7.1 «Аламан бәйге»
Әр түрлі табиғи кедергілері бар, қиылысқан жергілігі бойынша өтетін ұзын және өте ұзын қашықтыққа ат жарысын аламан бәйге деп атайды. Спортшының тактикалық шеберлігі үлкен маңызды болып келеді. Кейде төзімді жылқылары бар спортшылар жеңіске жетпейді, керісінше, жарыс тактикасын дұрыс өткізе білетін, жағдайды жылдам бағалайтын, жылқыны жарысқа дайындайтын, қашықтықта жылқының күшін дұрыс реттейтін спортшы жеңеді. Қостанайлық тегінің жылқылары ұзын қашықтықтарға жақсы шабады. 50-ші жылдарында жарыс жылқылырының ұзын қашықтыққа шабу сынауы өткізілді. 1953 жылы бүкіл кеңестік жоғарғы жетістік қойылған болатын. К. Рахметжанов (Алматы облысының Қастек қой совхозы) бір тәулікте 311, 6 ш шауып өтті.
7.2 «Бәйге»
Ең танымал және кең тараған қазақтың ат үстіндегі спорт түрлерінің бірі және жалпы сөреден басталатын қысқа және ұзын қашықтықтарға ат шабысты бәйге деп атайды. Классификациялық қашықтықтар: 7, 12 және 16 ш. 7 ш бәйге бүкіл кеңестік жылқы зауыттардын, совхоздардын, колхоздардын ат спортты жарыстарының міндетті қашықтықтарға кірді.
7.3 «Біркүт салу», «құс салу»
Іскерлікті құстармен ойын, бірнеше түрлері бар және біркүттің қатысуымен ең тарағаны. Жарысты өткізу үшін тізу алаң таңдалады, қайда жабайы аңдар, соның ішінде қасқыр да жіберіледі. Кімнің бүркіті бірінші ұстайды, сол жеңімпаз аталады.

7.4 «Жамбы ату»
Жамбы ату немесе нысанаға садақпен ату бұл Қазақстанда революцияға дейін ең тараған спорт түрі. Қазақтардың арасында көптеген мықты мергендер болды, өйткені нағыз жігітке іскерлік, күш және батылдық сапаларымен қатар дәлме-дәл тигізушілік ажырамайтын бөлігі боп саналатын. Жерде тұрып ату, ат үстінде отырып ату және атпен шауып келе жатқанда ату садақпен атудың бірнеше варианттары бар. Ақырғы уақытта жерде ату ең тараған болатын. Атудың нысанасы жамбы (күміс дөңгелек) қызмет ететін, қайсысын жұқа жіппен (аттын жалынан) үлкен бағананың кермесіне іліп қоятын. Нысанаға сирек мергендер ғана тигізетін. Жіпке көздеу ең рационалды болып саналатын. Ілініп тұрған дөңгелекті жерге құлату үшін жіпке дәлме-дәл атумен тигізу керек болатын. Қазіргі уақытта садақпен ату жарыстары Республикамыздың мемлекеттік спорттық комитетімен бекітілген ережелер бойынша өткізеді. Олар (садақтан атудан көрі) нысанаға найзаны лақтырумен ат шабысты жөн көреді.
7.5 «Жаяу жарыс»
Қиылысқан жергілік бойынша жүгіріс ежелгі заманнан бастап спорттық мейрамның бағдарламасына кіреді. Революцияға дейін кедей халықтарының арасында үлкен таралумен қолданған, қайсылардың бағалы жүлделері бар жарыстарды ұйымдастыруға мүмкіншіліктері жоқ. Бұл жүгірістің кросстан айырмашылықтары мүлдем аз.
7.6 «Жорға жарыс»
Жорғалап жүретін жылқылармен шабу жарысы. Жүрісі және шабысы кезіңдегі өзінің ритмикасымен, жұмсақтығымен, табасын ерекше қоюымен қолданатын жылқылар үшін өзара түрі. Жорға жүргенде жылқының алдынғы және артқы оң жақ (алдынғы және артқы сол жақ) аяқтары алға қарай бірдей қойылады. Жарыс кезінде жақсы жорғалар жай шабысқа ауысып кетпейді. Осы ереженің әрбір бұзылуы үшін жорғаларға айып салынады және ережені үшінші рет бұзған үшін жарыстан шығарылады. Әдетте жорғалар жарысында ұлттық мейрамды киімдерді киген жас салт атты қыздар мен әйелдер қатысады. Әйелдер үшін, 2,3 ш және ерлер үшін, 4,6 ш классификациялық қашықтықтар болып келеді.

7.7 «Көкпар»
Салт аттылардың ешкінің денесін алу үшін ат спортының күресін көкпар деп атайды, ал көк бөрі қазақша көк қасқырды білдіреді. Көшпенділерге қасқыр ең кесір дұшпаны болатын, егер біреуге жыртқышты өлтіру сәтті болса, онда ол қасқырдың денесін жиналған қауымға беретін. Қасқырды өлтіру күні біртүрлі мейрам сияқты болатын. Қауымдағы әрбіреуі қасқырдың денесін өз ауылына әкетпекші болатын және осы үшін күрес пайда болатын. Бірақ қасқырлар әрқашанда өлік болмайтын және осы уақытта жабайы аңның денесін басы кесілген ешкінің денесі ауыстыратын. Бізге дейін тек “көк қасқыр” аты ғана жетті, ал ойынның мазмұны мен түрі өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен сәйкес өзгерілді. Біздің күндерде көкпар халқымыздың ат спорты ойындарының ең сүйіктісі болып келеді және олсыз ешқандай көпшілік және салтанатты сауықтар өтпейді. Ойынның екі варианты бар – ең таралғаны жалпы-тартыс болып келеді, қайда ойында көптеген салт аттылар қатысады, қайсылардың әрбірі ешкінің денесін өзара алу үшін күреседі. Екінші вариант – дода-тартыс, қайда анықталған салт аттылардың санынан тұратын топтар арасында күрес жүріп жатады. 1958 жылдан бастап жарыстар ипподромның шабу жолында өтеді. Ойын уақыты – 8 және 15 минут. 1957 жылға дейін көкпар бекітілген ережелерісіз мейрамдарда, ауылдарда өткізілген болатын. Бірінші бүкіл кеңестік ат спорты жарыстарында көкпар сайыстар бағдарламасының негізгі түрлерінің бірі боп қосылған.
7.8 «Күміс алу»
Жігіттерге арналған спорт түрі. Салт атты жігіт, жылқының толық жылдам шабысы уақытында жерде, орамалдарға түйіліп жатқан тиындарды бірінен соң оң жаққа және сол жаққа шапшаң еңкейіп көтеріп алады. Әрбір сәтсіз мүмкіндік үшін айып уақыты беріледі. Кім бір шабыстан ең көп орамалдар саның жинап алса, сол жеңімпаз атанады.
7.9 «Қыз қуу»
Ипподромның 300-400 м қашықтық шабыс жолында өткізілетін халық ат спорттық ойыны. Сөреде бір-бірінен 10 м қашықтықта екі жылжытып ауыстырылатын жалаушалар қойылады. Бірінші жалаушадан қыз бастайды. Екінші жалаушаның сызығын өткен соң жігітке қызды қуып жетуге рұқсат беріледі. Ыңғайлы үшін бүкіл жұптарды бір жаққа бірінен соң бірі жіберу керек. Кейін, осы ретпен артқа келеді, бірақ осы жолы керісінше, қызға жігітті қуып жетуге рұқсат беріледі. Ойынның бірінші кезеңнің мазмұны жігітке қызды қуып жету керек. Егер жігіт қызды қуып жетсе, онда оған шабыс кезінде қызды сүйіп алуға болады және жеңімпаз деп аталады. Егер бірінші кезеңде жігіт қызды қуып жете алмаса, онда екінші кезеңде, кері қайтқанда, қыз, жете алмаған үшін жігітті қуып жетіп оны қамшымен соғуға рұқсаты болып соға алады, сонымен жеңімпаз деп аталады. Ойын басқа халықтар арасында шапшаң тарап кетті. 1957 жылы Мәскеуде, бірінші бүкіл кеңестік ат спорты жарыстарында қазақ спортшылары қыз қууды бірінші рет көрсетті, ал бес жылдан кейін бұл түрді республиканың бүкіл жылқы ұстау мекемелерінде жүргізіп жатты.
7.10 «Қыз жарыс»
Тек қана қыздар қатысатын 1600 м және 2000 м қашықтыққа шабыс. Қыз жарыс ойыны 1958 жылы С. М. Буденныйдің ұсынысы бойынша алғашқы рет Мәскеуде өтті.
7.11 «Сайыс»
Екі салт атқа отырғандардың күресі. Бұрын Қазақстанда сайыс бойынша жарыстар топас найзаның көмегімен өткізілетін. Ақырғы рет бұндай жарыстар 1929 жылы Алматы облысы Ұзынағаш ауданында Қазақстан және Қырғызстан өкілдері арасында өткен болатын. Найзаны қолданып сайыс бойынша жарыстар көптеген жараларға ұшырататын және сайыстын ең қарапайым түрі келешекте жақсы дамыған. Бұнда екі салт атты жігіттер қолдарымен бір-бірін жылқы ертоқымы үстінен сырып түсіруге талаптанады. Қазақстанның кейбір облыстарында бұл түрді аударыспақ деп атайды.
7.12 «Бұғнай»
Ойын 10-нан 25-ке дейін жететін барлық ойнаушылардың саны шеңбер бойынша тұрып қалатын әркез жерде өткізіледі. Кіші мектеп жасындағы балалар ойнайды.

Ойнаушылар шеңбер бойынша қазақша отырады. Жүргізуші (жіребе бойынша тандалады) ойнаушыларды: “бірінші бұғнай, екінші бұғнай, үшінші бұғнай…” және т.с. – ақырғысына дейін санай бастайды. Сосың жүргізуші әркез бір нөмірді кенет айтып қалады (мысалы, “алтыншы бұғнай!”), айтылған орыннан шапшаң тұрып, өзі бір нөмірді айтып қайта шапшаң қазақша отырады. Айтылған нөмір тұрады және әркез бір нөмірді атайды. Дәл солай әркез рет: айтылған шапшаң тұрады, нөмір атайды және шапшаң отырады. Егерде біреудің нөмірін атағанда, ал ол тұрмай және оның орнына басқа бір ойнаушы тұрса, онда оған әркез тапсырма беріледі (сұраққа жауап беру, билеу, өлең айту, бір аяқпен секіру, жұмбақты шешу және т.б.). Осыдан кейін ол өз еркінімен жаңа нөмерді атайды.

Ойын аяғында қателеспегендерді белгілейді.

Ережелер: 1) әрбір ойнаушы өз нөмірін есте сақтау керек және шақырғанға дейін тұрмау керек;

2) шақырғаннан кейін ойнаушы өзінің орнына қазақша отырады.
7.13 «Қасқұлақ» (қасқыр)
Ойын далада өткізіледі (алаңда, есік алдында), көбінесе кешке қарай. 10-нан бастап 20-ға дейін жоғарғы сынып оқушылары қатысады.

“Қасқыр” және “түнгі күзетші” тандалады. Қалған ойнаушылар “қойларды” бейнелейді. Олар не “күзетші”, не “қасқыр” көрмеу үшін жанжаққа таралып тығылады. “Қасқыр” көріну үшін басың ақ орамалмен байлайды. Тығылғандарды іздеумен, ол “күзетшінің” көзіне түспеуге тырысады. “Күзетшінің” тапсырмасы - “қасқырды” андап жүріп оны қуады. Тығылғандар қимылдамауға тырысады. Егер “қасқыр” ойнаушылардың біреуін ұстаса және оны “күзетші” көрмей қалса, онда “қасқыр”, “күзетшінің” орнына тұрады, ал ұсталынған ойнаушы “қасқыр” болады. “Күзетші” болған ойнаушы енді қойдың рөлін атқарып тығылады. Егер “күзетші”, “қасқырды” көрсе, өзінің “отарын” қорғап оны қуады. Ойын уақыты белгіленбеген. Ойын аяғында ең жақсы “қасқырларды”, “күзетшілерді” және “қойларды” белгілейді.

Ережелер: 1) егер “қасқыр” ойнаушыны көріп қойса, оған оны қуып жетуі қажет емес, атын атаса болғаны;

2) егер “қасқыр” тығылғанның атын дұрыс атаса, онда тығылған орында қалу керек (қашпау керек);

3) “қасқыр” мен “күзетші” рөлдерімен ауысқанда, “қасқыр” және “күзетші” кім болғаның қатты бақырып айту керек, және ойнаушылар орындарында қалу керек.
7.14 «Тартыс»
Ойын жасыл алаңда, спортзалда (маттарда немесе кілемде) өткізіледі. 4-тен бастап 30-ға дейін жететін ұлдар, жасөспірімдер мен бозбалалар ойнайды. Ойнаушылар тең күштері бойынша екі құрамаға бөлініп, жұптасып тұрады. Әрбір құраманың бірінші жұптарында “жоғарғысы” өз серіктесінің арқасына отырады. Сигнал бойынша жұптар бір-біріне жақындайды және “жоғарғылар” бір-бірін құлата бастайды. Ойнаушылардың біреуі денесінің әрбір бөлігімен жерге тигізсе, онда бұл жұпқа ұтылыс саналады. Бірінші жұптардан кейін екінші жұптар және т.б. күреседі.

Ең көп жеңіске жеткен құрама жеңімпаз аталады. Сосың ойнаушылар рөлдерімен ауыса алады.

Ережелер: 1) қарсыласты киімінен тартуға рұқсат етілмейді;

2) егер екі минуттың ішінде “жоғарғылар” бір-бірін құлатпаса, онда тең ойын саналады және кілемге келесі жұптар шығады.


7.15 «Қандық-сандық» – сайыс
Бүкіл жастағы оқушы ұлдар ойнайды. Ойнаушылардың саны 2-ден бастап 40 адамға дейін.

Ойын ойнаушылары капитандармен екі құрамаға бөлінеді, қайсылары ережелерді сақтауын байқап тұрады. Алаң ортасына әрбір құрамадан бір-бір ойнаушыдан бірінші жұп шақырылады. Бір-біріне арқасымен қарама-қарсы тұрып, олар шыңтақтармен ұстасады. Жүргізушінің бұйрығы бойынша әрқайсысы өзінің қарсыласының аяқтарын жерден (едеңнен) көтеріп алуға тырысады. Бұны жасауға оңай емес, өйткені жүргізушінің белгісі бойынша екеуі жартылай отыру қалпына отырады. Қарсыласын көтеріп алған жеңіске жетеді. Көп жеңіске жеткен құрама жеңімпаз атанады.

Ережелер: 1) құрама капитандары күштерімен ақырғы болып санасады;

2) әрбір сайыс басқарушының белгісі бойынша басталады.


7.16 «Себет»
Бұрын осы ойын өте кең тараған болатын. Бұл ойында от жағып үлкен хор әң айтқан және барлығы моңшақтармен әшекейленген ескі киімдерін киетін күні қыздар бастайтын. Жасыл алаңда 3х3 м көлемімен төртбұрышты, аса биік емес қоршау орнатылады. Бұған кеуіп қалған шыршалар мен шөпті салады. Кешкіде, оттарды жаққанда осы “себетте” жағылады. Орманнан ертоқымсыз жылқыларда отырған қыздар шығып, осы от “себет” арқылы секіреді. Секіретін жылқының өз алдындағы итерген ауасы от пен түтінді ашып жіберетін, сондықтан от не жылқыға, не жылқы үстінде отырған қызға қауіпті болмайды.
7.17 «Әйгөлек»
Әйгөлек қазақ халқының ұлттық ойындарынан ең кең тараған түрі. Әйгөлекті гүлдеңген, жазиралы көктемде және жазда ыстық басылғанда және күннің көзі түскенде және ызғарлы, желді күзде ашық алаңда ойнайды. Сауыққа жиналған қыздар мен жігіттердің саны көп болғанымен, соншама да көп қызықтарымен өтеді. Халықта кең тараған осы ойында балалар, жасөспірімдер, бозбалалар мен бойжеткендер ойнай алады.

Жиналғандар тең санды топтарға бөлінеді. Бір-бірілерінен 15-20 қадам қашықтықта, қолдарынан ұстасып, екі қатарға тұрады. Әрбір жақ өздерінен бір жігіттен таңдайды және таңдалғандарына ойынды басқару міндетті беріледі. Сосың бірінші бастайтын топтың ойнаушысы белгі беріп, барлық топ “әйгөлек” атты өлеңін бірдей айтады және аяқ шенінде өз топтарынан кім керек екенің сұрайды. Ал екінші топтың ойнаушылары осы өлеңді жалғастырып біреудің атын атайды.

Аты айтылған ойнаушы жүгіріп келіп қарама-қарсы тұрған топтың қатарын үзіп жіберу керек. Егер ол қатарды үзіп алмаса, онда ол сол топта қалады, ал егер үзіп жіберсе, онда өзімен бірге бір ойнаушыны ала келеді. Бір жақ топтың ойнаушылары бітпегенше дейін ойын жалғаса береді. Бір топ белгіленген ойын уақытқа дейін санымен көп болса, онда сол топ жеңімпаз деп аталады.
7.18 «Ақ сүйек»
Қазақ жастарының арасында ең кең тараған ежелгі ойын, өйткені оны түнде ойнайды. Аылй түнде ойнағанда жасыл шөпті жерде, ал қараңғы түнде түзу алаңда ойнайды. Бұрын ойын үшін кептірілген қойдың жауырын сүйегің қолданған. Енді бұл қажет емес. Ұзындығы 20 см және иені 5 см таяқты ақ бояумен бояп қоюы ғана жетеді және жай ғана мәрлімен орап қоюы жеткілікті. Ойнаушылар саны тым көп болса, соншама қызық болады.

Ең алдымен ойнаушылар келісіп, жеңіске жеткен топқа жүлдені анықтайды. Сосың екі топқа бөлінеді. Топ басшылары таяқ бойынша астынан үстіне қарай кезекпен қысады және сүйекті кім бірінші лақтыратының анықтайды. Лақтырған кезде сүйек қай жаққа ұшқаның көрмеу үшін ойнаушылар кері бұрылып тұру керек. Сүйек құлағаннан кейін, барлық ойын қатысушылары оны іздей бастайды. Сүйекті тапқан оны көтеріп алып, көмбеге, ойын алаңының біту белгісіне қарай абайлап ақырын ғана өтеді. Егер қарсылас біліп қойса, сүйекті одан алып қойып қашуға тырысады. Сондықтан сүйекті бір-біріне лақтырып ойын белгісіне қарай жылжиды. Сонымен ақ сүйекті көмбеге бірінші жеткізген құрама жеңімпаз атанып, жүлдені ұтып алады. Келесі турда сүйекті келесі топ лақтырады және бұл кезекпен ойын жалғаса береді.

Егер бір ойнаушы сүйекпен қашқан қарсыласты қуып жетіп оған қолымен тигізсе, онда қашқан ойнаушы сүйек беруге міндет. Бірақ қуып жеткеннен кейін, қарсылас оны киімнен тартып, зорлануды қолданып құқығы жоқ. Ойын барысы құрамалар басшыларының қатаң бақылауымен өтеді.



1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет