Н. М. Степанова ҚазақТЫҢ Ұлттық ойындары жастарды тәрбиелеу қҰралы ретінде



жүктеу 0.74 Mb.
бет5/5
Дата02.05.2016
өлшемі0.74 Mb.
1   2   3   4   5
: fulltext -> transactions
transactions -> А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
transactions -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
transactions -> М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Табиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері»
transactions -> МӘШҺҮртану ғылыми-практикалық орталығЫ
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті

7.71 «Ешкіні тарту»
Қатысушылардың күші, батылдығы, іскерлігі сынақталатын ұлттық спорт ойыны. Ойын қатысушыларына лақ немесе бұзау беріледі. Бұл ойын – жылқымен басқаруды, ертоқымда отыруды, ал негізгісі күшті сынау. Ойын ережесі бойынша, көкпарды, толық шауып келіп, жерден көтереді және қадірлі ақсақалдың немесе өте құрметті адамның босағасына апаруға тырысады. Қарсыластар алып қоюға және өздері қадірлейтін адамдарға апаруға тырысады. Іскерлікті, мықты атқа мінуші жігіт және жақсы жүйрік жылқы жеңімпаз аталады.
7.72 «Аламан бәйге»
Аламан бәйге (халық бәйгесі). Қашықтықтар: 5000, 7000 және 10000 м. Кәсіптік салт аттылар бәйгеге қатысуға рұқсат жоқ. Ойынға тек қана 12 жастан бастап жоғары (ең кәрілер де қатыса алады) жігіттер қатысады. Атқа мінушілер арнайы дайындықты өткен, жетілдірілген және жеткілікті түрді жылқылармен жарысады. Бәйгеге жұмыскер жылқылары және сонымен қатар аттар қатыса алады. Атқа мінушілер түрлі түсті қамзолда немесе әдетті киімде қатыса алады, бірақ міндетті түрде нөмері жазылған болу керек. Салт аттылардын салмағы еркінді, ертоқым барысы міндетті емес. Қатысушылар саны шектелмеген – 15-20 адам және одан да көп. Үшінші дыбыстан кейін салт аттылар сөре сызығы бойынша (нөмерлері бойынша) түзеліп тұрады және сөреші жалаушасының қимыл әрекеті бойынша шабысты бастайды. Бірінші келген салт атты жеңімпаз атанады. Төреші қашықтықтағы шабыстын дұрыстығына назар аудурып отырады және кроссинг (бөгеттер) жасаған үшін әркез қатысушының жүлдесін алып қою құқысы бар.
7.73 «Солтандар ұрысы»
Солтандар ұрысы – эскадрондармен қаруланған және қылыштасу маскаларымен қорғаған салт аттылар қатысатын құрамалық ат спорттық ойыны. Маскаларға жоғары қарай түрлі түсті (әр құрамаға өз түсті) солтандарды немесе жіңішке бишіктерге екі ауа түйіршіктерін қыстырады. Ауа түйіршіктерін тесіп немесе қарсыластан солтандарды қағып жіберу ойын мақсаты және қарсылас осыдан кейін алаңнан кету керек. Қай құрамада атқа мінгендер шығып кетсе, солар жеңілген болып саналады. Ойын іскерлік пен тапқырлықты, қаруды қолдануды, жылқымен басқаруды ақылдығын сұрайды.
7.74 «Жемхана»
Бұл әзіл-күлкі ойыны. Ойнаушылар – ат мінушілер ойын қашықтықта бірнеше күлкілі және қиын тапсырмаларды жасауымен тұжырымданады. «Мал тұратын жерге» қаптармен жақындау және үзеңгілері босатылған ертоқымға отыру. Жылқыны жүргізіп тұрып бөрене үстінен өту. Сәбізді (қартопты) шелекке үймелеу. Ертоқымға тұрып ілініп қойылған бөтелкеден (үстіне төгіп алмай) айранды ішу. Автокөлік доңғалағының резеңке дөңгелегі арасынан (немесе түбі жоқ бөшкеден) өту. Сумен толтырылған шелектегі алманы (немесе допты) ауызбен ұстау. Қаптын ішіне кіріп және жылқыны жүргізіп, бөгет болып қойылған ағаш арқылы секіріп өту керек. Гүлдер салынған ыдыстармен қапталған орындық арқылы бір де ыдысты (бөгет төрешінің қарамағына байланысты әр түрлі болуы мүмкін) құлатпай секіру. Ертоқымға мініп, сумен толы іліңіп тұрған шелектен алманы алу керек. Алманы көмекші қызға арнап, оны ертоқымына көтеріп алып отырғызу және мәреге жеткізу. Бұл жаттығу үшін екі есе санды ұпай беріледі. Ойын серіктестің ойнаушысын ертоқымына тартып алып отырғызу және мәреге жеткізу. Тартып алған ойнаушы екі есе санды ұпай алады. Тартылып қалған ойнаушы ұпайларын жоғалтады. Ертоқымда отырып сәбізбен (немесе қартоппен) толтырылған шелекті жерден көтеріп алу және мәреге (шаппай-ақ) жеткізу. Мәреде жылқы үстінен ертоқымды шешу (бұны жылқыдан түспей жасауға болады) және ертоқымсыз жылқы үстінде отырып төрешілерге сәлем беруге жақындау керек.
7.75 «Қыз қуу» (ойын түрі)
Қазақтардың ұлттық ат ойыны. Ойынға ат мінген, жұптасқан жігіттер мен қыздар қатысады. Ойынның бірінші жартысында жігіт қызды қуады және егер қуып жетсе оны сүйеді, ал екінші бөлігінде қыз жігітті қуа бастайды және қуып жетсе оны қамшымен соғады. Шабыс қашықтығы 400-500 м. Қашықтық аяқ шеңінде бұрылыс-бақылау орнын белгілейтін жалауша орнатылады. Қыз (жігіт кері жаққа) шамасы екі жылқы өлшемі бойынша алға сөрені қабылдайды.

Ойын шеберлігі (жекелей немесе құрамалық біріншілікке) бес балдық жүйесі бойынша бағаланады, сонымен қатар жылқымен басқару өнері, жасалу көркемдігі (әсемділігі) және шабыс шапшаңдығы үш белгісі есептеледі. Жарыстың көркемдік жағы үшін, қатысушылар әдемі ұлттық киімдермен эффекті экстерьері бойынша тұқымдылығы бір түсті жылқылармен ойынға шығады.


7.76 «Түлкішек»
Бұл ойында екі немесе үш атқа мінуші «аңшылар» манежде немесе алаңда, иығында орамал немесе түлкі құйрығы бар «түлкішек» атқа мінушідін ізіне түседі. «Аңшылардың» тапсырмасы - «түлкішектің» оң жақ иығында орналасқан «құйрықты» сол жақтан келіп, ал «құйрық» сол жақтан орналасса, оң жақтан келіп жұлып алу керек. «Түлкішек» әр түрлі қимылдайды, бағытын өзгертеді, бөгеттерді өтеді.

Ойын ұзақтығы 5-7 минут. Егер осы уақытта «аңшылар» белгіленген «құйырықты» жұлып алса, «түлкішек» жеңіске жетеді, ал егер «құйырықты» жұлып алса, «түлкішек» ұтылады.


7.77 «Сайыс»
Сайыс – Қазақстанда кең тараған ат ойыны. Бұл ойын салт аттылардан жылқымен басқара білу, қосылған үлкен дене күші мен іскерлік, ертоқымда мықты отыруды ойнаушылардан сұрайтын. Салт аттылардың алдында тұрған тапсырма қарсыласты ат үстінен тартып алудан тұрады. Ойын, ұзындығы 50 м және иені 25 м ипподромның түзу жолында немесе бір түзу алаңда өткізіледі. Ойын өту уақыты 15 минут. Қатысушылар 65 киліге дейін жеңіл салмақ, 80 киліге дейін орташа салмақ, 80 киліден жоғары ауыр салмақ деп салмақ категорияларына бөлінеді. Егер ойын уақыты ішінде қатысушылардың біреуі жеңіске жетпесе, онда 3 минуттық үзілістен кейін жеңімпазды анықтау үщін 5 минут қосымша уақыт беріледі. Жекелік-құрамалық жарыс есептеледі. Сонымен қатар таза жеңіс үшін 3 ұпай, әдістер бойынша белсенді жеңіс үшін 2 ұпай, пассивті күрес үшін 1 айып ұпай берілуі жарыс нәтижелерін анықтайды. Ойнаушыларға қарсыластарын және оның жылқысын соғуға, басынан, шаштерінен немесе жылқысының жолынан тартуға, қарсыластын қолын бұрауға және жылқысының жүгенің қарсылас үстіне кигізуге рұқсат емес. Ойынды бас төреші ойнаушылардың әрбір жұптары кезіңдегі төрешілер және секундометрші қызмет етеді.


7.78 «Көкпар» (ойын түрі)
Көп жігіттер қатысатын сайыс. Иелі болатын көкпар-ауырлық сапасында ешкінің немесе лақтың денесін қолдайды. Қатысушылар белгіленген сызық алдында сапқа тұрады. Сөреден 50-60 қадам қашықтықта ешкі денесі лақтырылады. «Баста» белгісі бойынша салт аттылар көкпарға ие болуға шабады. Ешкі денесін бірінші көтеріп алған қалғандарынан шауып кетуге тырысады. Бірақ оны қуып жетеді және көкпарды тартып алуға тырысады. Осы бойымен ойын 4-5 ш. қашықтықта орналасқан мәре сызығына дейін жалғасады. Мәреге ешкі денесімен келген ойнаушы көкпарды өзімен бірге ала кетеді.
7.79 «Аударыспақ»
Жылқы үстіндегі ертоқымында мықты отыратын, жылқымен бірге біртұтастықты құрайтын мықты атқа мінушілер ғана жылқы үстінде отырып күресе алады. Қазақтар арасында бұл ойын өте кең тараған. Жарыстар жекелік және құрамалық бола алады. Ойындарға 18 жасқа толмағандарды қатыстырмайды. Ойынның 65 киліге дейін жеңіл салмақ, 80 киліге дейін орташа салмақ, 80 киліден аса ауыр салмақ категориялары бар. Жылқылар іскерлікті, мықты сирақтарымен, ат күресіне үйретілген болуы керек. Бұл ойын үшін, әсіресе күшімдік, қостанайлық, жаңақырғыздық және қою түрлі қарабайыр жылқылары жақсы.

Бас төреші атқа мініп, алаңда балуандарды жұптастырып (әрбір жұпта төрешісімен бірге) тұрғызады. Күресу бас төрешінің сықырығы бойынша басталады. Күрес уақыты 15 минут. Қарсыласты ертоқымынан құлатқан үшін балуанға жеңіс беріледі, бұл үшін жеңілген жерге тигізгені жеткілікті. Егер берілген күрес уақыты ішінде атқа мінушілердің бір-бірін құлататын сәттілігі болмаса, онда бас төреші жұптардын төрешілерімен бірге әр түрлі техникалық әдістерін және үлкен белсенділік үшін балуанға жеңісті береді. Таза жеңіс үшін 3 ұнамды ұпай, баллдар бойынша жеңіс үшін 2 ұнамды ұпай, жеңілген, бірақ белсенді күрескен балуанға 0 ұпай және пассивті күрес үшін 1 ұпайдан алынып отыратын күрес нәтижелерінің бағасы.


7.80 «Мал тұратын жер»
Бұл ойында манеждін шеткілік қабырғасына бір шетімен жақындатып қойылған ұзын ағаштарды жылқылардың тұратын жерін белгілейді. Жылқы тұратын жердін саны ойын қатысушыларынан аз орнатылады. Салт аттылар (кейде ертоқымы орнатылмаған жылқылармен) жылқы тұратын жерден қарама-қарсы жағына қарай қадамдармен қимылдайды. Төрешінің бнлгісі бойынша олар жылқыларын бұрады және жылқы тұратын жерлерге қарай бос орынға тұрып алуға шабады. Жылқы тұратын орынсыз қалған атқа мінуші ойыннан шығады. Ойын екі атқа мінушіге бір жылқы тұратын орны қалғанша дейін жалғаса береді. Атқа мінушілер жылқы тұратын орның манеждін ортасына жүргенше дейін ақырғы жылқы тұратын орнын манеждін жанама (жақын тұрған) қабырғасына қарай ауыстырады. Ақырғы жылқы тұратын орнын алған атқа мінуші ойынның жеңімпазы аталады.
7.81 «Ат ерттеу»
Ат ерттеу – атқа ертоқымды кигізу. Қазақ жылқысыз қазақ емес. Қазақ үшін жылқы негізгі байлық. Ол түйесіз, сиырсыз, басқа малсыз жүре алады, ал жылқысыз жүре алмайды. Ен кедейлерді халықта «бір жылқышылар» деп атайды. Әрбір арғымақ, таза қанды жүйрік жылқы үшін арнайы ертоқымдар жасалынатын. Бұрыннан ат ерттеу жарыстары өткізілетін, қайда әйелдер де қатысатын. Бұндай жарыстар ас бергенде, келіңді көргенде, Наурыз және тағы басқа мейрамдарда өткізілетін.

Егер ат ерттеу екі ауыл арасында өткізіліп жатса, онда ойын қатысушылары өздерінің жылқыларын ерттеп, бір ауылдан екінші ауылға, мәре сызығына дейін шабады. Бірінші болып келген соң, төреші қатысушының ертоқымын дұрыс орнатылған ба, жоқ па екенің тексереді.


7.82 «Ат омырауластыру»
Ат омырауластыру – жылқылармен итерісу, күресу. Бұл ат ойынға тек жігіттер ғана қатысады. Бұл ойын жасыл алаңда немесе басқа ыңғайлы алаңдарда өткізіледі. Ойында екеуі жарысады, бірақ қатысушылар саны шектелмейді.

Диаметрі 10 м шеңберге екі атқа мінуші шығады. Бір-бірін шеңбер шекараларынан шығарып жіберу атқа мінушілердің тапсырмасы. Бұл үшін жылқының сирақтары шеңбер шекараларынан шыққаны жетер. Кімде осындай жеңістер көп болса, сол жеңімпаз атанады.

Күресте атқа мінушілер бір-бірін тигізбей, қолдарды бос, тек қана жылқының көмегімен қарсыласты шеңбер сыртына итеруге болады.
7.83 «Көкпар тарту» (ойын түрі)
Көкпар ешкінің денесін тарту деп танымал. Көкпардың пайда болуының бірнеше бастаулары бар:


  1. ойын қатысушылары осылай қой отарларына шабуылдап жоқ қылтыратын қырдын жыртқыш қасқырларын бейнелейді;

  2. мүмкін бұрын осылай жараланған батырды тұтқыннан шығарған еді немесе бір тауып алынғанмен қашатын;

  3. тотемдік жануардын денесі үшін фратарий күресімен байланысты.

Мақсаты – ешкі денесін белгіленген орынға дейін бірінші әкелуге. Төрешінің белгісі бойынша әрқайсысы ешкі денесі ұстап алуға тырысатын, қалғандары оны жұлып алуға артынан қуалайтын. Сондықтан ешкі денесіне ие атқа мінуші оны ертоқымда мықты ұстауға, аяқ астына қысып алуға немесе қуғыншылардан бір жақтан басқа жаққа ауыстыруға тырысады.
7.84 «Жігіт қуу»
Ойынға 10-12 адам қатысады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Жүргізушімен бір-бірінен 1-2 ш қашықтықта көмбе (бөлік) белгіленеді. Біреуінде тұлып-таяққа бас киімді кигізіп қояды. Жүргізуші екіншісінде өзі қалады. Жүргізуші әрбір топтан екі атқа мінушіден шақырады және біреуіне белбеу береді. Жүргізушінің белгісі бойынша ойнаушылар екінші белгіге шабады. Қолындағы белбеуі бар атқа мінуші екіншісін көмбеге жеткізбеу үшін оны белбеумен соғады және екінші бөлікке кері шабады. Көмбеге жеткеннен кейін ол белбеуді бас киімге іліп қою керек. Екінші ойнаушы біріншінің қимылын қайталайды. Сосың ойынға келесі жұп кіріседі. Қарсыластарын ойыннан шығартпай олардың белбеулерінен көбірек тигізбей қашқан ойнаушылардың құрамасы жеңімпаз атанады.

Қорытынды
Қазақтың ұлттық ырықты ойындарының барлық байлығының және оларды қолдануының ғасырлық дәстүрлердің, сонымен қатар ерекше бағалы ұлттық ырықты ойындардың қазіргі замандағы дене шынықтыру – спорттық жұмысын еңгізуінің ғылыми жазылуы және терең оқытуы керек. Ұлттық ойындар әр түрлі тарихи кезеңдерде халық тұрмысының және мәдениетінің нақты және объективті көрінісі болып келеді.

Ұлттық ырықты ойындары дене тәрбиесінің құралы ретінде кең қолданады. Ырықты ойынның тарихи қалыптасқан компоненттері (мазмұны, түрі және әдістемелік ерекшеліктері) оны дене тәрбиесінің эффективті құралдарының бірі сапасында қолдануға рұқсат береді.

Бұл мұраны дұрыс қолдануы адамдардың қазіргі заманда өміріндегі өсіп келе жатқан ұрпақтардын денелік және рухани тәрбиесін қолдайды.

Әдебиет
1 Бородихин В.А. Биосоциальная реабилитация учащихся и студентов средствами физического воспитания и спорта. – Павлодар, 2001. – 210 б.

2 Горанько М. Организация и методика проведения урока по физическому воспитанию. – Алматы, 1994. – 121 б.

3 Иванов Г.Д. Методические рекомендации по профессиально-прикладной физической подготовке студентов. – Алматы, 1997. – 97 б.

4 Төтенаев А.Г. Қазақтың ұлттық ырықты және спорттық ойындары. – Алматы, 1995. – 83 б.

5 Клещева Ю.Н. Игры народов СССР. – М., 1989. – 75 б.

6 Харабуги Л.М. Теория и методика физического воспитания. – М., 1991. – 58 б.

7 Ляха В.И. Физическое воспитание учащихся. – М., 2001. – 9 б.

8 Салт–дәстүрлер мен әдет–ғұрып. – Алматы: РИК, 1996. – 40 б.

9 Козыбаева М.К., Левшин А.И. Описание казахско–киргизских орд и степей. – Алматы: «Санат», 1996. – 153 б.

10 Подвижные игры: учебное пособие для инвалидов. – М. : Физкультура и спорт, 1974. – 208 б.

11 Клещев Ю.Н. Спортивные игры: учебное пособие для ВУЗов. – М. : Высшая школа, 1980. – 142 б.

12 Спорттық Қазақстан. – Алматы: Қазақстан, 1969. – 260 б.

13 Наурыз: жаңарған сал–дәстүрлер мен әдет–ғұрыптар. –Алматы: РИК, 1996. – 40 б.

14 Кедрина Т.Я., Гелазония П.И. Большая книга игр и развлечений для детей и родителей. – М. : Педагогика–пресс, 1992. – 68 б.

15 Былеева Л.В., Григорьев В.М. Игры народов СССР. – М., 1985. – 71 б.

16 Былеева Л.В., Коротков И.М. Подвижные игры. – М., 1982. –127 б.

17 Валеология. Физическое воспитание. Спорт. Ежемесячный педагогический журнал. 2004. – №2. – 35 б.

18 Валеология. Физическое воспитание. Спорт. Ежемесячный педагогический журнал. 2004. – №9. – 42 б.

19 Валеология. Физическое воспитание. Спорт. Ежемесячный педагогический журнал. 2004. – №10. – 29 б.

20 Воспитание школьника. Республиканский научно–методический журнал. 2005. – №3. – 32 б.

21 Карбушева Г.А. Ознокомление детей школьного возраста с Казахстаном. – Алматы: Мектеп, 1984. – 43 б.

22 Коротков И.М. Подвижные игры во дворе. – М. : Знание, 1987. – 97 б.






1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет