Н. Назарбаев. 2019-2020 оқу жылы бойынша тарих-география пәні бірлестігінің І жартыжылдық жұмысының талдамасы



бет1/3
Дата10.02.2020
өлшемі60.19 Kb.
  1   2   3
Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана

табысқа жете алатынын қаперден шығармаған абзал.  

Н.Назарбаев.

2019-2020 оқу жылы бойынша тарих-география пәні бірлестігінің І жартыжылдық жұмысының талдамасы
2019-2020 оқу жылы.Педагогтардың шығармашылық әлеуетін жетілдіру, дамыту мақсатында мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен ізденушілік, зерттеушілік, ғылыми байланысын орнату.

Тарих-география пәні бірлестігінің педагог мамандармен қамтамасыз етілуі

кесте №1





Барлық педагог мамандар саны -8




Деңгейі, санаты бойынша

саны




1

Жоғары деңгейлі







2

Орта деңгейлі







3

Жоғары біліктілік санатты

1




4

І біліктілік с анатты

5




5

ІІ біліктілік с анатты







6

Санаты жоқ

2





Білім сапасының салыстырмалы көрсеткіштері


жалпы білім сапасы

І тоқсан

ІІ тоқсан

ІІІ тоқсан

ІҮ тоқсан

жылдық

%

64

66











Байқаулар


Байқау тақырыбы

Марапаттау түрі

деңгейі

мерзімі













Абдикешов Демеу

КИО қашықтық олимпиада география пәні бойынша

ІІІ орын

Республика

2019 жыл, қазан

Оқушылардың аудандық пәндік олимпиада

І орын-Тарабрина Р,ІІІ-Қартанбаева Н

Қалалық

2019, желтоқсан

2013-2014 оқу жылының І жартыжылдығында 7 мұғалім Кембридждік бағдарлама негізінде оқу курстарын ойдағыдай аяқтады. Барлығы да тестен жоғары ұпайлар алды.



Жас және жаңадан келген мамандармен жұмыс жүйесі

№6 Хромтау гимназиясында 2 жас маман бар.Оның ішінде педагогикалық өтілін енді бастаған маман-1, екінші жыл-1.Гимназияда жас мамандар мектебі жұмыс жасайды. Жұмыс жоспары үш жылға құрылған. Әрбір жас маманға тәлімгерлер бекітіліп берілді.

Жоспар бойынша сабақтарға қатысып, әдістемелік кеңестер алып отырады. Әрбір жас маман педагогикалық идеялар папкасын жинақтайды. Онда өздеріне әдіскер, тәлімгер тарапынан, өздерінің іздеулері бойынша қажетті нұсқаулықтар, сабақ жоспарларының үлгілері, жазылған кеңестер т.б. жинақтайды. Жас мамандар әр аптаның сәрсенбі күні әдістемелік кабинетте қажетті кеңестерін алып отырады. Педагогикалық өтілін екінші жыл Конуспай Ару Муратовна, биология пәнінің мұғалімі. Ақтөбе МУның биология факультетін бітірген. Тәлімгері – Райымбаева М.Б. , жоғары санатты химия, биология пәндерінің мұғалімі.Сабақтарын дәстүрлі әдістермен өтікізеді.Жаңа технологияларды үйренуге ұсыныстар жасалды. Мұғалім өзіне айтылған пікірлерді дұрыс қабылдайды. Жіберген қателерімен жұмыс жасауға тырысады. Ақыл- кеңес сұрап отырады. Тәжірибелі мамандардың сабақтарына көбірек қатысуға кеңестер берілді.

Сидақова Гүлім Абайқызы педагогикалық өтілін енді бастаған маман. Білімі жоғары, Ақтөбе МУның география факультетін биыл бітірген. Тәлімгері Абдикешев Демеу, екінші санатты география пәні мұғалімі.



ІI тоқсан бойынша оқу-тәрбие жұмысына талдама

Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін құзіреттерді қалыптастыру үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын жалпы білім беретін орта мектептердегі әрбір пәнді оқытудың да басым бағыттарының бірі болып табылады. Ал құзіретті тұлғаны қалыптастыруда басқа пәндерді оқытуға негіз болатын тіл пәндерінің орны ерекше.

Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады.

Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді.

Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылық мазмұны келесі құзыреттіліктерден көрінеді:



  • оқу, жазу сауаттылығынан;

  • жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;

  • математикалық сауаттылығынан;

  • компьютерлік сауаттылықтан;

  • денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;

  • құқықтық сауаттылығынан.

2013-2014 оқу жылының ІІ тоқсанын 488 білім алушы аяқтады. Барлығы 1-11 кластар аралығында 20 класс- комплект бар. Оның ішінде:

1-4 кластарда 229, 5-9 кластарда 214, 10-11 кластарда 45 білім алушы білім алды.

Гимназияда 5-11 кластар аралығында барлығы 11 класс- комплект бар.

Барлығы 5-11 кластарда 259 оқушы. Олардың 151 - қыз балалар. Оқу озаты – 29, оқу екпіндісі – 118. 5-11-кластар аралығында жалпы білім сапасы – 56,7%. Бірінші тоқсанмен салыстырғанда 4,2 пайызға көтерілген.

Жалпы гимназия бойынша озат оқушылар – 74, екпінділер – 199, 215 оқушы орташа оқиды, үлгермейтін оқушылар жоқ, 1 сыныпта 73 оқушы оқиды.

Гимназия бойынша ІІ тоқсандағы білім сапасы- 66%, үлгерімі 100%,

Бірінші тоқсанмен салыстырғанда 3 пайызға көтерілген.


5а класында оқу озаты- 5, оқу екпіндісі- 9, білім сапасы 56%,

классжетекшісі:Нұрлыбаева Г.Ш.

5ә класында оқу озаты- 1, оқу екпіндісі- 11, білім сапасы 48%,

класс жетекшісі: Имангазиева Ж.С.

6 класта оқу озаты- 4, оқу екпіндісі- 12, білім сапасы 55%,

класс жетекшісі: Сарсенбаева А.Н.

7а класында оқу озаты- 4, оқу екпіндісі- 12, білім сапасы 64%,

класс жетекшісі: Конуспай А.

7ә класында оқу озаты- 3, оқу екпіндісі- 8, білім сапасы 44%,

класс жетекшісі:Абдуллина С.З.

8а класында оқу озаты- 0, оқу екпіндісі- 8, білім сапасы 50%,

класс жетекшісі:Молдагулова А.З.

8ә класында оқу озаты- 3, оқу екпіндісі- 9, білім сапасы 54,5%,

класс жетекшісі:Керимова Г.Е.

9а класында оқу озаты- 1, оқу екпіндісі- 10, білім сапасы 47%,

класс жетекшісі:Бакажанова Н.О.

9ә класында оқу озаты- 4, оқу екпіндісі- 10, білім сапасы 60%,

класс жетекшісі:Есжанова Г.Б.

10 класта оқу озаты- 2, оқу екпіндісі- 13, білім сапасы 72%,

класс жетекшісі:Азырова А.Б.

11 класта оқу озаты- 2, оқу екпіндісі- 14, білім сапасы 66%,

класс жетекшісі: Даутова Г.Ж.


Бір пәнен төрт алған оқушылар саны- 5. Олар:

5а класс оқушысы Черниязова Уміт- орыс тілі пәнінен

5ә класс оқушысы Жұбанышова А. – қазақ тілі пәнінен

7а класс оқушысы Қойлыбай Үміт – физика пәнінен

9а класс оқушысы Ералиева Гүлшат – химия пәнінен

11 класс оқушысы Коңілқошева Ару – алгебра пәнінен

Ал, бір пәннен үш алған оқушылар саны- 17

5а класс оқушысы Минасарова А. – математика пәнінен

Курамысова А. – орыс тілі пәнінен

5ә класс оқушысы Қанатбай А.- орыс тілі пәнінен

Қазбекова Б. -математика пәнінен

6 класс оқушылары Төлеуова Лунара - математика пәнінен

Капарова Албина - математика пәнінен

7а класс оқушылары Мұхаметәлі Аслан – физика пәнінен

7ә класс оқушысы Шайжан Ануар – орыс тілі пәнінен

8ә класс оқушылары Имангали Л. – физика пәнінен

Коптілеу Д. – шет тілі пәнінен

Қадырбай Г. – шет тілі пәнінен

9а класс оқушлары Каиров Д. - химия пәнінен

11 класс оқушылары Калимбетова А.-алгебра пәнінен
Пәндер бойынша кластардың жалпы білім сапасының көрсеткіші:
Гмназия бойынша І тоқсандағы жеке пәндерден білім сапасы:


р/с

Пәндер

І тоқсан

1

Қазақ тілі

82%

2

Қазақ әдебиеті

88%

3

Орыс тілі

81%

4

Орыс әдебиеті

88%

5

Шет тілі

72%

6

Математика

72%

7

информатика

88%

8

Сызу

100%

9

География

89%

10

Биология

85%

11

Физика

75%

12

Химия

74%

13

Дүниежүзі тарихы

88%

14

Қазақстан тарихы

83%

15

Адам және қоғам

90%

16

ән

100%

17

Бейнелеу өнері

100%

18

Технология

100%

19

Дене шынықтыру

99%

20

АӘД

100%

Тоқсан аяғында пәндер бойынша бақылау жұмыстары алынып, бірінші тоқсандағы бақылау жұмыстымен әр мұғалімнің сабақ беретін кластары бойынша салыстырмалы мониторингі жасалды. Мониторинг бойынша кейбір кластардың білім сапаларының көтерілгендігі байқалды.

Оқушылардың білім сапасын көтеру бойынша мониторинг жүйемен жұмыс жасауда туындаған қиындықтар:

  • оқушы контингентінің үнемі өзгеріп отыруы;

  • оқушының табандылық қасиетінің аздығы;

  • жаңалыққа ұмтылыстың төмендігі;

  • көркем әдебиетті оқудан гөрі ғаламтор ақпаратттарына сүйенуі.

Тоқсандық бақылау жұмыстарында екі алған оқушылар болды. Олар: 5а класынан Бижанов Дияс, Кенжебаева Диана, Өтетілеуов Нұрсұлтан қазақ тілі пәнінен, мұғалімі Спанова А.С.

5ә класынан Кудретилааев Алишер қазақ тілі пәнінен, мұғалімі Керимова Г.Е.



Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шаралары:
Үлгермеушілікті болдырмау үшін оқу материалдарын түсінбеу себептерін анықтау керек.
Үлгермеудің негізгі себептерінің бірі - жұмыс істеу қабілетінің, ынтаның, зейіннің жоқтығы. Егер бұл сапалар отбасында қалыптаспаса, онда балаға мектепте оқу қиынға түседі.
Екінші себеп - білімнің жүйесіздігі, жауапкершіліктің төмендігі. Оқушы бұрынғы оқу материалдарын түсінбегенін мұғалім уақытында байқамаса, онда оқушының оқуға қабілеті жеткіліксіз болады. Әдетте мұндай оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп, оларға кеңес беріледі.
Үшінші себеп - материалдан мәнді белгілерді бөле алмау, негізгі мен негізгі емес мәселелерді ажырата алмау, оқушылардың жаттап оқып, бәрін есте сақтауға тырысуы. Мұндай оқушыларға абстрактілі ойлауларын дамыту үшін талдауға, қорытындылауға жаттығулар беріледі.
Төртінші себеп - пәнге деген қызығушылықтың жоқтығы. Нәтижесінде оқушының зейіні, білімге деген ықыласы төмендейді. Бұл тәжірибесіз мұғалімнің ашу-ызасын туғызып, түрлі дау-жанжалдарға себепші болады. Оқушыларға талап қою, құрметтеу, оқушының жеке тұлғалық сапаларын ескеру, баланы қызықтыру оның оқу жұмысын белсенді етіп, кемшіліктерін түзетуге ықпал етеді.
Бесінші себеп - оқушының отбасындағы қолайсыз жағдай, құрбыларымен тіл табыса алмау, оқушының оқу жұмысын атқара алмауы, "қиын" балаларға еліктеуі.
Үлгермеудің басқа да себептері бар. Ең бастысы – үлгермеу себебін анықтап, жеке жұмыстың жолдарын белгілеу. Мұғалімнің, мектептің міндеті әрбір оқушының жақсы оқуына көмектесу.

2 тоқсанда оқу жоспары бойынша белгіленген оқу бағдарламасы толық игерілді. Әр класс бойынша мемлекеттік бағдарламаны игеруі туралы мәлімет жиналып, класс журналымен сәйкестігі тексерілді. Пәндер бойынша мемлекеттік бағдарлама орындалды.  Бақылау, зертханалық, практикалық жұмыстар белгіленген кесте бойынша өтті. Оқушылардың сабаққа келуі күнделікті бақылауда болды. Тоқсан барысында класс журналдары екі рет тексерілді. Тексеріс бойынша ұсыныстар мен ескертулер пән мұғалімдеріне, класс жетекшілеріне уақытында айтылды. Гимназиялық компонент, арнайы, қолданбалы, таңдау курстары,элективтік курстар бойынша барлық сағаттар өтіліп, арнайы журналдарға жазылып отырды.



Тәрбие жұмысына талдама І жарты жыл бойынша

№6 Хромтау гимназиясы осы бағытта үздіксіз білім беру жүйесіндегі жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы, оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау, баланың тәрбиеленуі, білім алуы мен жан-жақты қалыптасуы, ана тілі мен салт-дәстүрлерін сақтауы, денсаулығын нығайту сияқты Қазақстандық патриотизмге, төзімділікке, жоғары мәдениеттілікке және құқық пен еркіндікті құрмет тұтуға тәрбиелеу – «ұлттық рухани байлық» көзі ретінде қарастырылып, осы тұрғыда оқушылардың сана-сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу міндеттелген.

№ 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысы Білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысымен бекітілген білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын, Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің №437.15.09.2012ж бұйрығымен бекітілген 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасын негізге ала отырып жұмыс жасайды.
«Дарын» бағытында 2013 – 2014 оқу жылының І- жартыжылдықта атқарылған жұмыстар

Мақсаты: дарынды балалардың дамуына жағдай жасау, гимназистердің табиғи қабілеттерін танып біліп дамыту, ғылыми ізденіс әдістерін үйрету арқылы шығармашылыққа баулу.

2012 – 2013 оқу жылының кеткен кемшіліктерін ескере отырып, дарынды балалармен жылдық жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Өнер, әдеби оқулар, қолөнер, бейнелеу өнері саласында дарынды оқушылармен жұмысты нығайту мақсатында облыстық, республикалық деңгейге жеткізу үшін гимназияішілік, аудандық сайыстарға көбірек қатыстыру жоспарланды.

- Аудандық «Қолөнер – зор өнер» байқауға Мопыкова Б және Курманов А. жұмыстары ұсынылды. Оқушыларды халықаралық «Қолөнер - зор өнер» көрмесіне қатыстыру жоспарланды.

-Адамгершілікке тәрбиелей отырып, мәнерлеп оқуды жандандыру, ақындық шығармашылығын анықтау мақсатында 9 қазанда гимназияішілік М. Мақатаев оқулары, І.Жансүгіров оқулары өткізілді.

4 қазанда оқушылардың ақындық шығармашылығын анықтау үшін, гимназияішілік «Жыр мүшәйрасы» сайысы өткізілді/5-11 кл.аралығында/. Қатысқан оқушылардың ішінен ең үздік бес жұмыс таңдалып, облыстық «Жыр мүшәйрасы» сайысына ұсынылды. Нәтижесінде 30 қазанда «Жырым саған арналады, туған жер» облыстық сырттай жыр мүшәйрасынан 8 ә сынып оқушысы Нұрпейісқызы Зере ІІІ-ші орынды иеленді.

Ақындық талабы бар оқушыларды анықтау және танып-білу мақсатында гимназияішілік «Жыр жазамын жүрегімнен» сайысы 8 ақпанға жоспарланды.

-Жас ұрпақты бейнелеу өнеріне баулу мақсатында, 11 қараша күні гимназияішілік «Қазақстан жаңа әлемде»» тақырыбында 1 – 7 кл. аралығында сурет байқауы өтті.

3 ақпан 2014 жылы гимназияішілік «Біз есірткіге қарсымыз» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Оқушыларды Халықаралық «Сочи-2014» атты сурет байқауы жобаларына қатыстыру жоспарланды.

-15 сәуірге гимназияішілік «Жас талант», «Балдәурен» байқауы жоспарланды
-Экологиялық тақырыптарға көп көңіл бөлінді. Аудандық инновациялық экологиялық жобалар байқауына 3 жұмыс дайындалуда. Жұмыстың жетекшілері: Курманова К.С, Райымбаева М.Б, Сидакова Г

КҒА –на экология бағытына бір жұмыс ұсынылды, тақырыбы «Ағызынды сулардың экологиялық жағдайы» авторы: Мухамбетова Айгерім 11 кл, жетекшісі Райымбаева М.Б


-Облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларға ғылыми жарыстарға оқушыларды сапалы дайындау үшін мұғалімдер дарынды балалармен жұмыс жоспарларын құрып, жұмыстануда.

Дарынды балалармен психологиялық қызметін, жұмысын нығайту мақсатында психолог Кушербаева А.Б жоспар құрылды. Оқу жылдың басында оқушылардың дарындылық қабілеттерін анықтау үшін психологиялық-педагогикалық тестілеу/диагностикалау/ жүргізді. Дарынды балаларды психологиялық-педагогикалық жетелеу мақсатында «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығында болатын ғылыми жобалар жарысына, олимпиадаларға қатысатын оқушыларға тренингтер өтіп тұрады.

- Дарында балалармен жұмыс жасайтын педагогтер мен психологтердің кәсіби дайындығын жетілдіру, ата-ана, дарынды бала үштігі арасындағы өзара байланысты нығайту мақсатында жүйелі жұмысты жалғастыруға арнайы семинар-тренингтер жоспарланды.

Гимназияішілік семинар:

Мұғалімдердің кәсіби деңгейін жетілдіру үшін «Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары» атты 9 қарашада семинар өтті. Өткізген: Курманова К.С, Кысырауова Ш.А.

Әрбір мұғалім дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспарын бекітті. Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасау мақсатында 11 қыркүйек күні мұғалімдерге арналған гимназияішілік семинар өтті. Тақырыбы: «Сыни ойлау арқылы бала дарыны мен талантын жетілдіру»

22 қазанда Ақтөбе қаласында өткен В.А. Альминдировтың халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарға 4 мұғалім қатысып келді. Карагулова Д.К, Жиенгазина А.О, Есжанова Г.Б, Хасанова Г.Е

8 – 11 кл арасында облыстық сырттай мектебінде 24 оқушы білім алуда. Ол оқушылармен жұмыс жасайтын мұғалімдер - Райымбаева М.Б. Ермагамбетова Г.К, Абдикешев Д.А, Карагулова Д.К, Курманова К.С, Есжанова Г.Б, Молдагулова А., Керимова Г.Е, Сарсенбаева А.Н, Спанова А.С

5-7 кл арасында облыстық сырттай мектебінде – 6 оқушы. Олармен жұмыс жасайтын мұғалімдер - Райымбаева М.Б. Ермагамбетова Г.К, Спанова А.С, Нурлыбаева Г.Ш

Интеллектуалдық ойындарға қатысу: №6 ХГ «Ақбота» марафонына 70 оқушы қатысты, «Русский медвежонок – языкознание для всех» 30 оқушы қатысты, «Отан тарихы» ойын-сайысына 20 оқушы, Бритиш бульдог 41 оқушы қатысты.

Халықаралық «Пони» олимпиадасына қатысуға 1 кластар арасында – 41 оқушыға сұраныс берілді.

Ағылшын тілі пәнінен онлайн түрінде өтетін «Кім тапқыр» сайысына – 10 оқушыға сұраныс берілді.

15 қазан күні облыстық «Менің туған өлкем» интеллектуалды ойын-сайысына 5 ә сынып оқушысы Тыныштықбаева Аийша қатысып, жүлделі ІІІ-орынға ие болды.

18 қазан күні №6 ХГ 4 кл «Жұлдыз» тобы облыстық «Кішкентай білгірлер» сайысына қатысып, І-ші орынды иеленді. Жетекшісі: Биржанова Г

25 қазан күні Ақтобе қаласында облыстық «Зерде» 1-7 класс аралығында ғылыми жобалар байқауына 4 оқушы қатысып, үшеуі жүлделі орынға ие болды.




Оқушының аты-жөні

Класы

Бағыты

Жобаның

тақырыбы


Жетекшісі

орны

1

Қудайберген Айгерім

№6 Хромтау гимназиясы , 7а

этномәдениет

Ертегілер әлемі

Молдагулова А.З

2

2

Самат Томирис

№6 Хромтау гимназиясы ,2а

этномәдениет

Ұлттық мұра

Саимова С.

2

3

Абсадық Ақарыс

№6 Хромтау гимназиясы, 3 кл

Дүниетану

Сарысудың құпиялары

Жуминова Ж.Ж.

-

4

Батырханова Аделя

№6 Хромтау гимназиясы,

4 кл


Орыс тілі

Что за прелесть эти сказки!

Хасанова Г.Е.

1

Батырханова Аделя І орынға ие болып, 1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» IX республикалық конкурсына қатысуға жолдама алды. «Зерде» республикалық конкурсы 2014 жылдың 25 мен 27 қаңтар айында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында өтті. Республикалық кезеңінде №6 Хромтау гимназиясының 4 «ә» класының оқушысы Батырханова Аделя орыс тілі мен әдебиеті секциясында «Что за прелесть эти сказки!» тақырыбында зерттеу жұмысын қорғап, I - ші орынға ие болды. Жоба жетекшісі бастауыш класс мұғалімі Хасанова Гульнара Ергалиевна.


Достарыңызбен бөлісу:

  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет