Н. О. Байғабылов Әлемдегі қазақ қауымдастығының даму көкжиектері



жүктеу 53.36 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі53.36 Kb.
: repository -> repository2014
repository2014 -> Сақ Қайрат Өмірбайұлы
repository2014 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
repository2014 -> Мірдің ОҒындай публицист алғашқы нөмірінен бастап соңғы санына шейін
repository2014 -> Н. У. Шаяхметов, тарих ғылымдарының докторы
repository2014 -> Мырзантай жақып баспасөз тарихын зерттеудiң Ғылыми-методологиялық негiздерi
repository2014 -> «ҚАзақ» газетіндегі қОҒамдық Әлеуметтік кейбір мәселелер «Айқап» пен «Қазақ» неге айтысқан?
repository2014 -> Бас редактор Қаржаубаев Е.Қ
repository2014 -> Қазақ тіліндегі қос қызметті тұлғалардың тілдік табиғаты
Г.Ж.Асылханова

Н.О.Байғабылов


Әлемдегі қазақ қауымдастығының даму көкжиектері

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақстан Республикасы, Павлодар қ. Ломов көшесі, 64

Тел.: (7182) 45-11-96, e-mail: pgu@psu.kz

«Диаспора» сөзі – грек тілінен шыққан, «шашырау» деген мағынаны білдіреді, жаңа ортада этникалық аз топ боп өмір сүріп жатқан басқа діни және этникалық топтарға қолданыла бастады. Қазіргі саяси ғылымда «диаспора» ұғымы этникалық саясаттың алты санатының біріне жатады және «көшіп барған, қарсы алған елінде тұратын және әрекет ететін, бірақ шыққан елімен күшті сентименталдық және материалдық байланысы бар этникалық азшылық топты» сипаттайды [1, 6 б.]. Қазақ диаспорасы алысқа, сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға, Ресейге, Орта Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, сосын бүкіл дүние жүзіне көшіп-қонған, алдымен уақытша көшкенімен, соңынан тұрақты қалып қойған. Қазіргі кезде әртүрлі ақпарат көздерінің мәліметтері бойынша қазақ диаспорасы өкілдерінің саны 5 млн.-ға дейін жетеді. Қазақ халқы өзіне тән көшпенділік өмірге бейімділігімен дүниежүзінің төрт бұрышына тараған, қай жерде болмасын бейімделуге икемді халық. Қазақ диаспорасы өз тарихында саяси, экономикалық және діни себептердің салдарынан күштеген немесе мәжбүрлеген сипаттағы көші-қонды бастан кешірді, бүгінде қоныстанып отырған екінші отандарына келуде итермелеуші себеп түбіде осында жатыр.

Қазіргі шетелдік саяси ғылымда “ирредента немесе қайта қосылмаған ұлттар” деген термин қолданыста, отандастары басым тұратын мемлекетпен шектес аумақтарда қоныстанған этникалық аз топтар ретінде қазақтар атамекенмен шекетес мемлекеттерде топтасып өмір сүріп жатыр. Шекараларының жақындығы, мәдениетінің ортақтығы, ата қоныста өмір сүруі ирреденталарды, яғни қазақтарды өз ата жерінде тұрып жатуы алыс шетелдерде тұратындарына қарағанда анағұрлым «ашық» болуына жағдай туғызып отыр. Әлемдегі қазақ қауымдастығының даму көкжиектері туралы сөз қозғағанда Қазақстанмен шектес елдерді біріншіден тілге тиек болады. Олардың басым көпшілігі Ресей Федерациясында қоныстанған. Ресейдегі қазақтар Федерацияның 21 субъектісіне шашырап кеткен. Ең көп қазақ мәдени орталықтарыда – Ресейде деп саналады. Ресейдегі қазақтар Алтайдан бастап Астраханьға дейінгі аумақта орналасқан. Яғни шекаралас өңірлердің бәрінен қазақ ауылын кездестіру қиын емес. Себебі басым көпшілігі өзінің байырғы ата қонысында тұрақтап отыр, “ирредента” ұғымыда орынды қолданылып отыр деп айтуға болады. Ресей жерінде өзге жұрттың арасында қазақтар алғашқы ондықтың қатарына енген. Бірақ санақ барысындағы статистикалық мәліметтерде алшақтықтар кездеседі деген пікірлер бар.

Сондай-ақ қазақтар толық басым тұратын аудандарда болсын ана тіліндегі білім ордалары мәселе тудырып отыр. Тілі жоқ ұлттың - болашағы бұлыңғыр екені түсінікті. Ал бізде Қазақстанда әрбір диаспораның жеке жексенбілік бағдарламалы мектептері бар екені белгілі. Отандастарымыз үшін білім беру саласындағы басты проблема мектептерде ана тіліндегі оқу және көркем әдебиеттің тапшылығы және мерзімді баспасөздің таратылуы орынды шешілсе оңтайлы болар еді, бұл пікір Ресейлік қазақтар тарапынан іссапар барысындағы сұхбатта қанық болдым және қазақ жастары арасындағы ассимиляция үрдісіде оларда қауіп тудырып отыр.

Ресеймен қатар көршілес Қытайда да Ресей Федерациясына ұқсас статистикалық алшақтықтар кездеседі, халықтың көп бөлігі тіркелмеген деген мәліметтер бар. Күнасты еліндегі қазақ диаспорасы біздің шетелдегі отандастарымыздың ең көбі болып табылады. Іргелес орналасқан Өзбекстанда латын графикасына көшуі, Кырғыз Республикасында ана тілінде теле және радио бағдарламар мәселесіде қазақтар үшіндік өзіндік жағымсыз әсерді тудырып отырғаны түсінікті.

Көршi Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерiнiң шекаралас аумақтарындағы отандастарымыз тұратын аудандарда Қазақ радиосының, атап айтқанда "Шалқар" мамандандырылған радиобағдарламасының мемлекеттiк тілдегі бағдарламаларының таралуы, қазақ диаспорасы жинақы орналасқан жерлерде “Қазақ елi” газетiн, “Алтын бесiк” журналын тұрақты шығару мен тарату бұл саладағы проблемалы мәселелер күйiнде қалып отыр [2]. Шетелдегi қазақ диаспорасы өкiлдерi үшiн қазақстандық баспасөздiң қол жетiмділігi мәселесiн iшiнара шешуге “Caspionet” спутниктiк телеарнасының мүмкiндiктерi ықпал етедi. Қазiргi уақытта телеарна Еуропа, Орта Азия, Орта Шығыс және Солтүстiк Африка елдерiнде қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде хабар таратуды жүзеге асырып келедi.
Ал, қазақ диаспораларына қатысты Батыс Европа елдерi, әсiресе АҚШ-тың ықпалындағы елдерде қазақ тiлi мәселесi көтерiле бастады. Олардың алдыңғы қатарында Франция, Германия, Англия тұр. Бүгіндегі жаһандану заманында «евроцентристiк» көзқарас әлсiрей бастауымен шетелдерде қазақ тілі жақсы жолға қойылып шет тілі ретінде оқытылуда АҚШ және Еуропа елдерінде жоғарғы оқу орындарда оқытылуда. Европа құрылығында қазақ тiлiне қызығушылықтың өзiндiк тарихы бар.

Дүниежүзінің 30-дан астам елдерінде қазақ диаспорасының 5 миллионға жуық өкілдері тұрады. Ал атажұрттан тысқары кеткен қазақтар әлемнің қай түпкірінде жүрсе де, өзінің қолтаңбасын қалдыруға тырысып бақты. Мысалы, Стамбұлда «Қазақкентін», Ауғанстанда «Қазақ сарайын», Үндістанда «Қазақабадты» салдырғаны тарихтан белгілі.

Жалпы әлемдегі қазақ қауымдастығының даму көкжиектері бұлыңғыр болмауы үшін жоғарыда атап кеткен мәселелерді шешуін тауып жастса “нұр үстіне нұр” болар еді. Осы бағытта еліміздің тарапынан атқарылып жатқан оң істерде қуантады. Еуропа қазақтарының дәстүрлі кіші Құрылтайы биылғы жылы алтыншы рет Норвегия елінің Осло қаласында өтіп, «Еуропа елдерінде тұратын қазақ диаспорасы жастарының ассимиляцияға ұшырау мәселелері және оны шешу жолдары» атты халықаралық дөңгелек үстелдің ұйымдастырылуы көптеген көңілді күпті қылған сауалдарға жауап бергізді.

Қазақстан тәуелсіздік алуымен күрделі мәселелердің бірі қандастарды отанға қайтару мәселесі болды. Көтерілген проблеманы шешу елдегі демографиялық ахуалды жақсарту мақсатында болғаны аян. 1999 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанға 14 млн адама өмір сүрсе 1989 санақ нәтижесі 16 млн. адамды (ал оның 6 496 858- ы қазақ яғни 40,1%.) көрсеткен болатын, яғни 10 жыл ішінде 7,7% кеміп кеткен [3, 6 б.]. Осы орайда мемлкет тарапынан репатрация мәселесі көтеріліп Елбасы Н.Назарбаев оң істің бастауында болып, өз еңбегінде қандастардың атамекеніне оралуын суверенитетті мемлекет тұрғысынан атап көрсетті.

1990 жылдардан басталған көш жағдайына келер болсақ, ең алғашқы көшке әлемдегі қазақ қауымдастығы тарапынан мұрындық болғандар студент жастар мен зиялы қауым өкілдері болды. 1991-1992 жылдан басталған көш қазірге дейін жалғасып келе жатыр, десек те соңғы жылдардағы аяқ алысымыздың баяулығы жасырын емес. “Нұрлы көш” бағдарламасыда, атамекеніне келіп білім нәрімен сусындап жатқан қаракөз қандастарымызда кейбіреуінің ертең өздерінің екінші отандарына кәсіби маман ретінде оралып жатуыда әлемдегі қазақ қауымдастығының даму көкжиегін кеңейте түсері хақ.
Әдебиеттер


  1. Диаспора // http://ru.wikipedia.org/wiki /

  2. Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы http://www.sana.gov.kz/

  3. Итоги переписи населения 1999 года в РК. Национальный состав населения РК. - Алматы, 2000. - Т. 1. - 241 с

Форма заявки на участие



Фамилия, Имя, Отчество: Байгабылов Нурлан Оралбаевич

Название статьи: Әлемдегі қазақ қауымдастығының даму көкжиектері

Место учебы, работы: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Магистратура: специальность “Социология”

Ученная степень, ученое звание, должность: магистрант.

Домашний адрес: РК г.Павлодар М.Горького 55-189, дом.тел.: 679314

Адрес организаций: РК г.Павлодар, ул. Ломова 64 ПГУ им . С. Торайгырова

Телефон (факс): 451196


Планируемая форма участия: очное

Форма выступления : устный доклад


Содокладчик: Гульнар Жанабековна Асылханова, кандидат социологических наук, профессор ПГУ им.С.Торайгырова



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет