Н. С. Досмағанбетов Құрылыс материалдары өндірісі саласындағы басымдық факторларды эксперттік бағалау



жүктеу 207.91 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі207.91 Kb.
: repository -> repository2013
repository2013 -> Материалдары
repository2013 -> Ақылбеков Ә. Т. Кривобоков В. П. Даулетбекова А. К. Радиациялық және плазмалық технологиялар Орысша-қазақша терминология анықтамалығы астана-2012 +544 (038) ббк 24. 5 Я 2 а 38
repository2013 -> Л. Н. Гумилев: этногенез теориясы
repository2013 -> Қазақстан Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелері). Астана: ЕҰу рбб, 2010. 300 б
repository2013 -> Ііі дәріс сабақтарының қысқаша конспектілері 1- 2 дәрістер. Программалау технологиясы. Негізгі түсініктер мен ұстанымдар. Программалау технологиясының даму кезеңдері
repository2013 -> [Введите текст]
repository2013 -> Развитие инновационной экономики: теория и практика
repository2013 -> Программалауда қазіргі қолданылып жүрген технологиялар. Объектіге бағдарланған программалаудың негізгі қағидалары
repository2013 -> Н. гумилева ministry of education and science of kazakhstan
repository2013 -> Определение степени поражения различными болезнями ячменя и пшеницы на территории аккайынского района северо-казахстанской области
Н.С. Досмағанбетов
Құрылыс материалдары өндірісі саласындағы басымдық факторларды эксперттік бағалау
Құрылыс материалдарының өндірісі ел экономикасының аса маңызды салаларының құрамына кіретін құрылыс кластерінің ажырамас бөлігі болып табылады. Құрылыс кластері арқылы отандық өндірістегі жоғары сапалы құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету қазіргі уақытта күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізудің тиімділігін арттыруда басым рөл ойнайды.

Қазақстанның құрылыс индустриясы 700-ге тарта өнеркәсіптік кәсіпорындарды құрайды, олардың негізгі қызметі құрылыс материалдарын өндіру болып табылады.

Реформалау жылдары құрылыс материалдары өндірісінде өнеркәсіптік кәсіпорындарға деген мемлекеттің монополиясы тәжірибе жүзінде жойылды.

Құрылыс индустриясы объектілерін жекешелендіру, құрылыс ұйымдарын қайта құру және мемлекет иелігінен алу кезеңінде құрылыс жұмыстарының көлемі күрт төмендеді, және сәйкесінше құрылыс индустриясы кәсіпорындарының өнімдеріне сұраныс та төмендеді. Бұл осы саладағы көптеген ірі кәсіпорындардың банкроттыққа ұшырауына және жойылуына алып келді. 2009 жылдың мәліметтері бойынша, экономиканың осы секторында 45,7 мың адам жұмыспен қамтылған. Саланың өнеркәсіптік өндірістегі үлесі 2,2%-ды құрайды [1].

Біздің пайымдауымызша, құрылыс индустриясы саласының шешуші сипаттамасын қамтамасыз ететін негізгі факторлар болып мыналар табылады:

- құрылыс жұмыстарының жоғары көлемін және құрылыс материалдарының жеткілікті көлеміне деген қажеттілікті қамтамасыз ететін ел экономикасының басымдықты салаларын дамыту;

- елдің экономикалық дамуының жоғары қарқыны тұрғындардың әл-ауқатының өсуіне мүмкіндік береді, осының салдарынан олар өз қаржыларын баспаналық жағдайларын жақсартуға салады, ал бұл өз кезегінде тұрғын үй мүлігіне деген тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді;

- құрылыс жұмыстарының үлкен көлемін орындауды көздейтін жергілікті және республикалық деңгейдегі бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру.

Қазіргі уақытта тауарлық нарық құрылыс материалдарымен толық толтырылған, алайда отандық өнімнің ассортименті көлемі жағынан да, сапасы жағынан да қазіргі құрылыстың қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра алмай отыр.

Жоғарыда атап өткеніміздей, құрылыс саласының қазіргі артта қалуы негізінен, құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындардың техникалық деңгейінің төмендігімен, технологиялық құрал-жабдықтар паркінің тозуымен сипатталады және жекелеген жағдайларда, саланы қажетті сапалы шикізат түрлерімен және бастапқы материалдармен қамтамасыз ете алмауынан болып отыр. Жаңадан құрылған өндірістер, соның ішінде импорттық құрал-жабдықтармен құрылғандары өздерінің толық қуатында пайдаланылмайды.

Өндірістік қуаттардың жоғары капитал сиымдылығын, оларды өндіруде үлкен уақыт аралығын қажет ететін, өзін-өзі өтеудің ұзақтылығына байланысты төменгі инвестициялық тартымдылықпен өнімнің бірқатар түрлерін өндіру инвестициялық ресурстардың жеткілікті көлемін тартуға қабілетсіз болып табылады. Нәтижесінде негізгі қорлар, әсіресе, олардың активті бөлігі тез тозуға ұшырайды.

Құрал-жабдықтардың тозуының үлкен көлемдегі дәрежесі құрылыс индустриясының кірпіш кәсіпорындарында байқалып отыр.

Қабырғалық, төбе жапқыш, өңдеу-әрлеу материалдарын және басқа да тиімді өнімдер мен құрал-жабдықтарды өндіретін кәсіпорындарды қайта қаруландыру үрдісі баяу қарқынмен жүргізіледі.

Қазіргі уақытта, құрылыс материалдары өндірісінің қызметін шектейтін, және сәйкесінше, отандық құрылыс материалдары өндірісінің дамуына басымдықты түрде әсер ететін бірқатар факторларды анықтауға болады.

Төмендегі суретте құрылыс материалдарының өндірісі бойынша қызметті шектейтін негізгі басымдықты факторлар көрсетілген.

Сурет 1. Құрылыс материалдары өндірісінің қызметін шектейтін басымдықты факторлар

Ескерту – автормен құрастырылды.
Біздің ойымызша, негізгі ерекше орынды «бәсекелесуші импорт» факторы алады. Жоғарыда айтылғандай, отандық өнімнің ассортименті көлемі және сапасы жағынан қазіргі құрылыстың қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алмайды.

1-кестеде ресурстар мен бірқатар құрылыс материалдары өнімдерін қолдануды қарастырамыз.



Кесте 1 – 2009 жылғы құрылыс материалдары өнімдерінің импорты мен экспорты

Атауы

ресурстар

өндіріс

импорт

қолданылуы

экспорт

Ішкі нарықта өткізу

1

2

3

4

5

6

7

Плиталар мен панельдер, мың.тенге

100,0

0,1

99,9

100

0,5

99,5

Ағаш құрылыс құрастырмалары, және ұсташылық өнімдер, мың.тенге

100,0

29,2

70,8

100,0

0,3

99,7

Шыны талшығы,тонна

100,0

2,2

97,8

100,0

0,6

99,4

Керамикалық отқа берік өнімдер, тонна

100,0

50,2

49,8

100,0

0,1

99,9

Отқа берік цементтер, құрылыс сұйықтықтары, басқа топтамаға кірмейтін (КПВЭД262613) бетондар, тонна

100,0

49,8

50,2

100,0

0,6

99,4

Плиталар мен керамикалық плиткалар, кв.м

100,0

0,0

100,0

100,0

0,0

100,0

Цемент, тонна

100,0

90,4

9,6

100,0

0,1

99,9

Цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған құрылыс кірпіштері мен блоктар, тонна

100,0

99,5

0,5

100,0

0,0

100,0

Ескерткіштер үшін, құрылысқа қажетті өңделген тастар және содан жасалған өнімдер

100,0

0,0

100,0

100,0

0,0

100,0

Құрылыс сұйықтықтары мен ерітінділері, тонна

100,0

99,2

0,8

100,0

0,7

99,3

Ескерту – ҚР статистика Агенттігінің деректері негізінде автормен құрастырылды

Жоғарыда келтірілген мәліметтер, Қазақстанның өте жақсы шикізаттық базаға ие болуына қарамастан, оның құрылыс материалдарының импортына тым тәуелді екенін тағы да дәлелдеп отыр.

Біз енді елдер бойынша ҚР-ның бірқатар құрылыс материалдарының импортын қарастыруды орынды деп санаймыз.

Кесте 2 – Елдер бойыша құрылыс материалдарының импорты, 2009 ж.



құрылыс материалдарының атауы

ел

Импорт, тоннамен

Импорт, мың.тенге

1

2

3

4

Ағаш құрылыс құрастырмалары және ұсташылық өнімдер

Беларусь

Ресей


Украина

Австрия


Германия

Қытай


1698,454

11983,1637

2430,0278

243,46


546,56

10311,9


741396,36

42114979,1

925103,63

81485,49


287772,35

1003451,9



Түсқағаздар, мың.кв.м

Украина

Ресей


Германия

Қытай


Италия

4741,02

1598,75


1518,7

598,3


496,6

1781603,1

768007,8


760170,7

263339,2


433394,8

Табақ шыны, мың кв.м

Ресей

Қыргызстан

Болгария

Иран


Қытай

79191,7

2453,0


1239,9

1651,6


23029

3293765,6

104578,8


43081,5

61810


929217

Керамикалық отқа берік өнімдер, тоннамен

ТМД елдері

Қытай


Германия

Австрия


73973,2

32005


4620,3

2070,6


3555271

4405549


1192180

780209,5


Кірпіштер, плиткалар және күйдірілген балшықтан жасалған құрылыс өнімдері

Страны СНГ

Өзбекстан

Украина

Иран


119395,9

53649,4


28597,1

2147,6


1684375,7

308893,3


838541,4

102516,04



Ескерту – ҚР статистика Агенттігінің деректері негізінде автормен құрастырылды

2-кестенің мәліметтерінен біз көптеген құрылыс материалдарының Қазақстанға импортталатындығын көріп отырмыз, атап айтсақ: ағаш құрылыс құрастырмалары және ұсташылық өнімдер, түсқағаздар, табақ шыны, керамикалық отқа берік өнімдер, кірпіштер, плиткалар, күйдірілген балшықтан жасалған құрылыс өнімдері.

2009 жылға цемент импорты 1265574,09 тоннаны, немесе 14104625 мың тенгені құрады. Қазақстанға импортталатын цементтің едәуір үлесін Қытай, Өзбекстан, ТМД елдері иеленеді.

ҚР-да құрылыс материалдарының сала ішіндегі немесе сала бөлімшелеріндегі бәсекелестік аса маңызды фактор ретінде табылады. ҚР-да құрылыс материалдарының әртүрлі сала бөлімшелерінде бәсекелестіктің әртүрлі деңгейінің қалыптасқандығын айтып өткен жөн.

2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда құрылыс тасын өндірудің физикалық көлемінің индексі 187,5%-ды құрады. Мәселен, Ақмола облысында 2009 жылы 419,4 мың куб.м. өндірілсе, ал 2008 жылы бұл өндірістің көлемін 141,5 мың куб.м. құраған [2].

Мәрмәр өндірісі нарығында екі көшбасшының бар екендігі анық байқалады, яғни Шығыс Қазақстан облысында - 127,2 мың куб.м. және Қарағанды облысында - 7,6 мың куб.м. мәрмәр өндіріледі.

Гранит өндірісінің шоғырланған басты жерлері Шығыс Қазақстан облысында (2009 жылғы шығарылған өнімнің жалпы көлемі - 1103 мың куб.м.), Ақтөбе облысында - 134,2 мың куб.м. болып отыр. Сондай-ақ, гранит өндірісінің қалған шамалы көлемдері Маңғыстау – 12,9 мың куб.м., Жамбыл – 10,8 мың куб.м., Алматы – 6,9 мың куб.м., Қарағанды - 1,0 мың куб.м. облыстарында орын алған.

Түсқағаздардың негізгі массасын Қостанай облысы өндіреді – 2009 жылы 2768,7 мың кв.м. құрады. Ал қара қағаз (рубероид) өндірісі толығымен Павлодар облысында шоғырланған – сол жылы 5662 мың кв.м. картон негізінде және 926,8 мың кв.м. битумдық-полимерлік негізде өндірілді.

Құрылыс материалдарының базасын цемент құрайды. Яғни, цемент өндірісі Шығыс Қазақстан облысында орталықтанған – 2009 жылы 2255,6 мың тонна болды, Оңтүстік Қазақстанда – 953,9 мың тонна, Қарағандыда -933,4 мың тонна болды [1].

Керамикалық кірпіш өндірісінің негізгі шоғырланған жерлері Қарағанды облысы (шығарылған өнімнің жалпы көлемі 129476 тонна) болып отыр, ал Қызылордада – 46703 тоннаны, Ақмолада – 58806 тоннаны құрайды. Сонымен қатар, керамикалық кірпіштің аздаған көлемі Ақтөбе облысында өндіріледі.

Силикат кірпішінің өндірісі де бірнеше облыстарда шоғырланған. Оның өндірісі Қазақстанның келесі облыстарында орналасқан: Ақтөбеде – 336815 тонна, Шығыс Қазақстанда – 207629 тонна, Батыс Қазақстанда – 151227 тонна, Павлодарда – 48508 тонна, Ақмолада – 14895 тонна, Қарағандыда – 13320 тонна.

Ағаштан жасалған терезе және есік блоктарының негізгі массасын мына облыстар өндіреді: Оңтүстік Қазақстан облысы – 2009 жылы 150,3 мың кв.м және Шығыс Қазақстан облысы – 23,5 мың кв.м., сонымен қатар, Алматы облысында – 36,9 мың кв.м., Қостанай облысында – 32 мың кв.м. құрайды.

Сырлар нарығында келесі жағдай орын алады. Қазақстанда 2009 жылы 30642 тонна сыр өндірілді. Олардың ішінде 24523 тоннасы Алматы қаласында, 2573 тоннасы Павлодар облысында, 2254 тоннасы Алматы облысында, 823 тонна – Қарағанды, 184 – Ақтөбе, 92 – Жамбыл, 44 – Шығыс Қазақстан облыстарында өндірілді [2].

Плиталар мен керамикалық плиткалар өндірісінің негізгі шоғырланған жерлері Алматы және Ақтөбе облыстарында орын алып отыр және олардың сәйкесінше шығарылған көлемдері 50779 кв.м. және 40161 кв.м. құрайды.

Жылу ұстағыш материалдардың өндірісін келесідей сипаттауға болады: Алматы қаласы – 107253 тонна, Шығыс Қазақстан облысы – 17240 тонна, Павлодар облысы – 6206 тонна, Ақтөбе – 4124 т., Қостанай – 708 т.

Географиялық орналасуы бойынша құрылыс материалдарының аса ірі өндірушілері 8 кестеде келтірілген.


Кесте 3 – Құрылыс материалдарын өндірушілер



Фирманың атауы

Орналасуы

Өнімі

1

2

3

 ЖШС "АЛИТ"

Астана

Құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру

 "АЛЕМ-АСТАНА"


Астана

Құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру

ЖШС "АСТАНА ГРАНИТ"

Астана

Өндіріс. Баспалдақтар, қаптағыштық жұмыстар

 "АСТАНА ПЛАСТ-МОНТАЖ"

Астана

Терезелер мен есіктер өндіру

ЖШС "БЕК-ПЛАСТ"

Астана

Терезелер мен есіктер өндіру

ЖШС "ВОДНИК"

Астана

Жоғары қысымды трубалар өндіру

ЖШС "ВЫСОТНИК"

Астана

Есіктер мен оның қалыптарын өндіру

ЖШС "ЖЕЛЕЗОБЕТОН"


Астана

Темірбетон өндіру

ЖШС "КСС АСТАНА-ПЛАСТ"

Астана

Терезелер мен есіктер өндіру

"ЛИК АХА"

Астана

Терезелер мен есіктер өндіру

Маңғыстау жол-құрылыс материалдарын өндіру комбинаты ААҚ

Ақтау

Жол-құрылыс материалдарын өндіру

Henkel Technologies Industry & Maintenance (Loctite)

Алматы

Желімдер мен герметик жасаушылардың көшбасшысы

 ЖШС АҒАШ

Алматы

Есіктер өндіру

ЖШС АЗОК

Қапшағай

Төбе жапқыш материалдарды өндіру

"Краснодеревщик" арнайы ұсталық өнімдер фабрикасы

Қарағанды

Бөлме аралық есіктер өндіру

"Корунд"

Семей

Полимерлік-құмдақ черепица шығару және өндіру. Аязға, отқа, қышқылға төзімді черепица, көлемді жапқыш, жеңіл, жұмсақ, қатты черепица

Ескерту – ҚР статистика Агенттігінің деректері негізінде автормен құрастырылды

Елдің құрылыс индустриясындағы оң өзгерістерге қарамастан, құрылыс тауарлары нарығындағы орын алып отырған тапшылық негізінен, едәуір көлемде импорттық өнімдер есебінен толықтырылып отыр, бұл импорттық өнімдердің енгізілуі өспесе кеміген емес. Отандық өндірушілердің шығаратын өнімдері сыртқы нарықтарда бәсекеге төтеп беруге әрқашанда қабілетті емес.

Құрылыс материалдарына деген сұраныстың маусымдылығы осы нарықты қарастыру кезінде де аса маңызды факторлардың бірі болып табылады, өйткені құрылыс жұмыстары атмосфералық және климаттық жағдайларға тәуелді және осы факторлардың іске қосылуы құрылыс нысандарын жыл айналым бойы жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді, және де құрылыс материалдарына деген сұраныс маусымдылықпен сипатталады.

Дегенменде, құрылыста жаңа технологиялардың пайда болуына, құрылыс жұмыстарының мерзіміне талаптардың артуына байланысты құрылыс материалдарына деген сұраныстың маусымдылығы біршама жақсарады.

Ресурстардың шектеулілігі құрылыс материалдары нарығына әлеуетті бәсекелестердің кіруіне қойылатын тосқауыл ретінде қарастырылады. Қорлардың үлкен көлеміне қарамастан, ресурстар ереже бойынша, жұмыс істеп тұрған шаруашылық субъектілерінің арасында бөлініп қойылған болып есептеледі, ал геологиялық жұмыстарды жүргізу және жаңа кен орындарды игеру үлкен көлемдегі бастапқы инвестицияларды қажет етеді, ал бұл өз кезегінде салымдардың тәуекелін арттырады.

Сонымен қатар, қандай да бір кен орындарын игеруге лицензияларды алумен байланысты әкімшіліктік шектеулер де орын алады.

Құрылыс материалдарын тұтынушылар болып көп жағдайда құрылыс кешенінің кәсіпорындары табылатындығын ескере отырып, баға мәселесі көбінесе аймақтағы инвестициялық белсенділікке және сәйкесінше, құрылыс материалдарына деген сұранысқа байланысты болып келеді.

Қазіргі уақытта монополист-кәсіпорындардың тарифтік және баға бойынша қысым жасауы (газға, жанар-жағар майға, бензинге, электр энергиясына бағаны өсіру және тасымалдау тарифтерін арттыру) құрылыс материалдарының өзіндік құнының және бағасының артуына алып келеді, олардың бәсекелік қабілеттілігін төмендетеді және импорттың көбеюіне ықпал жасайды.

ҚР-сы Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша, 2009 жылы бағалар индексінің және құрылыс материалдары орташа бағаларының динамикасында мынадай жағдай орын алды.
Кесте 4 – Бағалар индексі және құрылыс материалдарының орташа бағалары

Өнімнің атауы

Өлшем бірлігі

Бағасы, 2009 ж. желтоқсанына, теңгемен

Бағалар индексі, 2009 ж. желтоқсанының 2008 ж. желтоқсанына %-бен салыстырғанда

1

2

3

4

МА-15 типіндегі маркалы майлы және алкидтік қоюланған, эмальдік, түрлі-түсті сырлар

тонна

278 694


100,0

Қалыңдығы 3-5 мм. болатын өңделмеген терезелік табақ шыны

кв.м

722

100,0

Өлшемі 200х300 мм. болатын қабырғаларды ішкі қаптау үшін қажетті глазурьленген түрлі-түсті керамикалық плиткалар

кв.м

1296

100,5

Езілмеген түйір ізбес

тонна

34 970

94,5

Төбеге арналған гипсокартон

кв.м

369

103,5

РКК-420А типті маркалы төбе жапқыш ірі дәндей себілген рубероид

кв.м.

98

98,8

Поливинилхлоридті линолеум

кв.м

1226

100,9

Ескерту – ҚР статистика Агенттігінің деректері негізінде автормен құрастырылды

Кестенің мәліметтеріне сәйкес, құрылыс материалдарына деген бағалар индексінің біркелкі емес сипатқа ие болып отырғанын көріп отырмыз: бағалардың төмендегені де, көтерілгені де байқалады.

Келесідей құрылыс материалдарына бағалар көтерілген:

­- өлшемі 200х300 мм. болатын қабырғаларды ішкі қаптау үшін қажетті глазурьленген түрлі-түсті керамикалық плиткалар,

- төбеге арналған гипсокартон,

- поливинилхлоридті линолеум,

- құрылыс жұмыстары үшін табиғи тастан жасалған 800 маркалы құрылыстық қиыршық тас,

- 20-40 мм-лі фракциялар,

- М-75 типтес маркалы біркелкі өлшемі 250х120х65 мм. болатын қарапайым қалауға арналған отқа берік емес керамикалық кірпіштер,

- қабырғалық гипсокартон,

- қалыңдығы 4-4,5 мм, сыртқы диаметрі 80 мм-ден асатын терең балқытылған болат трубалар,

- өлшемі 1500х700х607 эмальденген, қоспасыз, шойын ванналар,

- қуаттылығы 660 В. дейін тартатын, алюминий талшықтары бар және поливинилхлоридті оралған қабығы бар АВВГ типтес маркалы және сол тәрізді екі талшықты АВВГнг типтес маркалы салмақты кабельдер.

Сол уақытта келесідей құрылыс материалдарына бағалардың төмендеуі де байқалған:

- РКК-420А типті маркалы төбе жапқыш ірі дәндей себілген рубероид,

- қарапайым, екі қабатты еселенген шыныпакеттер,

- «Тюльпан» типті керамикалық фаянстық унитаздар,

- В22 сыныптағы М 350 типтес маркалы, қалауға дайын бетон қоспасы,

- құрылыс жұмыстарына арналған табиғи құм,

- диаметрі 12-14 мм-лі, А-III сыныптағы жұмсақ, терең балқытылған арматуралық болат,

- 20-40 мм. фракциялы М-600 маркалы табиғи тастан істелінген қиыршық ұсақ тас,

- М-125 маркалы, өлшемі 250х120х65 мм. бір қатарлы силикат кірпіші,

- диаметрі 16-20 мм-лі, А-III сыныптағы жұмсақ, терең балқытылған арматуралық болат,

- қалыңдығы 6 мм. ламинат,

- езілмеген түйір ізбес,

- өлшемі 1200х686х5,5 мм. болатын қарапайым профильді асбестцементті жұқа тақтайшалар (листы),

- №14, 16, 18, 20, биіктігі 80 мм-ге жететін швеллерлер,

- М 400 сульфатқа төзімді портландцемент,

- М-400 жалпықұрылыстық мақсаттағы портландцемент,

- терезелер мен терезе қораптары, терезенің пластмассалық табанша тақтайлары (подоконники),

- М-75 типтес маркалы, өлшемі 250х120х65 мм. болатын бір жарым қатарлық силикат кірпіші.

Құрылыс индустриясы негізгі өнімдерінің бағалары әлемдік деңгейге жақындап үнемі өсіп отырады, бұл жоғары үлесті шығындардың және осы өнімдерді өндіруге кететін шығындардың, әсіресе, жанар-жағар май-энергетикалық ресурстарға жұмсалатын шығындардың салдарынан болып табылады.

Бұл кезде ТМД елдерінен және Қытайдан (соңғы бірнеше жылдардан бері) әкелінетін құрылыс материалдары бағаларының өсу қарқыны отандық өндірістің материалдарына қарағанда әлдеқайда төмен болып отыр.

Бұл жағдай импорттық құрылыс материалдарының жекелеген түрлерінің отандық материалдармен салыстырғанда бәсекелік артықшылықтарын арттырады.

Құралыс материалдарын өндіру бойынша қызметті шектейтін білікті жұмысшылардың жетіпеушілігі сияқты фактор да аса маңызды рөл ойнайды.

Құрылыс материалдары өндірісінің техникалық деңгейін арттыру әлі күнге дейін проблема ретінде сақталып отыр. Жекелеген жағдайларда, «тозушылық және сәйкес жабдықтардың болмауы» сияқты фактордың көптеген ұйымдардың өндірісін тежеушілік әсері тәжірибе жүзінде төмендемей отыр.

Соңғы күрделі құрылыстан басқа, құрылыс материалдары нарығының өнімдері тәжірибе жүзінде халық шаруашылығының барлық салаларының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, атап айтсақ, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, электроэнергияны өндіру және тарату, газ және су өндірісі, көлік пен байланыс. Жеке тұрғын үй құрылыстарын жүргізетін үй шаруашылықтары да құрылыс материалдарының аса маңызды тұтынушылары болып табылады.

Бұл саланы дамытудағы аса маңызды сәттердің бірі ретінде біртұтас нарықтың және нарықтық кеңістіктің жеткіліксіз түрде дамығандығы болып табылады. Құрылыс материалдары мен өнімдері нарығының қазіргі кездегі инфрақұрылымы дайындаушы-кәсіпорындарға олардың шығаратын өнімдеріне баға деңгейін белгілейді және сату шарттарын анықтап беріп отыр.

Нарықта сауда-делдалдық құрылымдардың орасан зор желісі қалыптасты, құрылыс материалдарын сатумен айналысатын дүкендер, қоймалар, базалар, алаңдар саны өсті. Алайда бұл үрдістердің бәрі қарапайым сипатқа ие.

Қазіргі уақытта монополист-кәсіпорындардың тарифтік және баға бойынша қысым жасауы (газға, жанар-жағар майға, бензинге, электроэнергияға бағаны арттыру, тасымалдау тарифтерін өсіру) құрылыс материалдарының өзіндік құнын және бағаларын арттыруға ықпал жасайды, олардың бәсекелік қабілеттілігін төмендетеді және импорттың көбеюіне мүмкіндік береді.

Құрылыс материалдары нарығына әсер ететін факторлардың барлығын 2 сегментке бөлуге болады: сұранысқа әсер ететін факторлар, және ұсынысқа әсер ететін факторлар.

Сұранысқа әсер ететін факторлар:

1. Коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүлік нысандарын тұрғызудың көлемі.

2. Құрылыс ұйымдарының жүргізетін құрылыс-жөндеу жұмыстарының көлемі.

3. Жаңа құрылыстың шамамен 95%-н тұрғын үй құрылысы құрайды, сәйкесінше, нарықтың дәл осы сегментінің өсу қарқыны корпоративтік тұтынушылардың құрылыс материалдарын тұтынуды арттырудың жалпы қарқынын анықтайды. Коммерциялық жылжымайтын мүлік сегментінің де өсу қарқыны жоғары, бірақ ол тек сұраныстың аз ғана бөлігін қамтамасыз етеді.

4. Жеке құрылыс пен жөндеу жұмыстарының көлемі. 2010 жылы экономиканың жалпы жандануы салдарынан жөндеу жұмыстарын жүргізудің қарқыны артып келеді. Бұл сегментте жөндеу жұмыстарының үлесі басым, ал құрылыс жұмыстары сирек жүргізіледі.

5. Халықтың әл-ауқаттылық деңгейі. Бұл жерде, тұрғындар табыстарының 1%-ға өсуі құрылыс материалдарына деген шығындарды шамамен 1,7-1,8%-ға арттыратындығын айтуымызға болады, яғни, бұл аса жақсы көрсеткіш. Бұл мына жайтпен байланысты, яғни, тұрғындар табысының өсуі кезінде олардың шығындар құрылымы өзгереді: тамақ өнімдеріне және киім-кешекке ақша қаражаттарының аса аз көлемі жұсалады, ал сол уақытта, жинақтау көлемі артады, ұзақ пайдаланылатын тауарларға, құрылыс материалдарына шығындар, құрылыс бойынша қызметтерге жұмсалымдар артады.

6. Тұтынушылық тәртіптің сапалық өзгеруі.

Ұсынысқа әсер ететін факторлар:

1. Компанияның шикізатқа қол жеткізе алуы. Жоғарыда атап өткеніміздей, Қазақстан өте жақсы шикізаттық базаға ие болғанына қарамастан, ол ТМД елдерінен, Қытайдан, Түркиядан жеткізілетін құрылыс материалдарына тым тәуелді болып табылады.

2. Қазақстанның өндірістік кәсіпорындарына шетелдік инвестициялар салу. Құрылыс материалдары нарығының құрылымына талдау жүргізу осы нарықты әлсіз шоғырланған нарық ретінде бағалауға болатындығын көрсетіп отыр.

Қарастырылып отырған осы факторлардың барлығы, біздің көзқарасымыз тұрғысынан, құрылыс материалдары кластеріне экономикалық жүйенің әсер етуінің маңызды механизмі туралы мән-жайды аса толық сипаттайды.


Әдебиеттер тізімі


  1. www.stat.kz

  2. Балансы ресурсов и использования отдельных видов товаров (сырья) за 2004-2008 годы /Статистический сборник / Агентство Республики Казахстан по статистике – г. Астана, 2009

В статье расматриваются преимущества и недостатки производства строительных материалов в стране и выявляются основные перспективные факторы развития производства строительных материальных путем внедрения кластерной системы.


In article advantages and lacks of manufacture of building materials of the country are considered and the basic perspective factors of development of manufacture of building materials by introduction cluster systems come to light.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет