Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан Республикасында қоғамдағы қандай болмасын процестерге мемлекеттiк әкiмшiлiк жүргiзу арқылы тiкелей ықпал ету мүмкiндiгiнiң тарыла бастағаны бүгiнде баршаға аян



Дата28.04.2016
өлшемі48.78 Kb.
АЛҒЫ СӨЗ

Қазақстан Республикасының егемендiгi, оның әлеуметтiк бағдарлы нарықтық қатынастарға бағытталған даму жолына көшуi, мемлекет және қоғам мүддесiне қажеттi қаржы-қаражаттардың мемлекет құзырында орталықтандырылуы, сондай-ақ өтпелi кезеңдегi экономиканы реттеу барысында пайдаланылатын салықтық құқықтың экономика және құқық аяларынан өзiне тиесiлi орнын алуының басты себебiне айналып отыр.

Мемлекеттiң материалдық мүддесi мен қоғам өмiрiнiң айрықша экономикалық аясының тоғысатын жерi, көбiнесе объективтi қаржылық-құқықтық құбылыс ретiнде жарқын көрiнiс табатын салық салу саласы әрқашанда мемлекеттiң салықтық құқығының реттеушi ықпалының ауқымы ретiнде көрiнiс табады.

Салықтық құқық қоғамдық-мемлекеттiк маңызы бар айрықша объективтi-субъективтiк экономикалық аяны толығымен қамти отырып, осы салық салу саласындағы айтарлықтай тұрақты ұйымдастырушы және материалдық сипаттағы салықтық қатынастарды реттейтiн, әлеуметтiк және фискалдық саясаттың ұстаным-бағдарларын көз-дейтiн, мемлекет билiгiнiң әкiмшiлiк және экономикалық әлеуетiнiң салықтық құзырындағы заңи және экономикалық мазмұнды құқық-тық нормалардың жиынтығынан тұратын құқықтық құрылым болып табылады, сондай-ақ оның салықтық құқықтық нормаларында мүмкiндiгiнше мемлекет пен салық төлеушiлердiң экономикалық-қаржылық мүдделерiнiң қарама-қайшылығы ескерiледi.

Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан Республикасында қоғамдағы қандай болмасын процестерге мемлекеттiк әкiмшiлiк жүргiзу арқылы тiкелей ықпал ету мүмкiндiгiнiң тарыла бастағаны бүгiнде баршаға аян. Бұл орайда халықаралық өркениеттi стандарттар мен нарық талаптарына сай келетiн, сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттiк мүдделерге қол жеткiзуге жол ашатын әлеуметтiк-экономикалық жанама ықпал етудiң елеулi құралы салықтар, салық салу жүйесi және мемлекеттiң салықтық құқығы пайдаланылады.

Салықтарға тән барлық функциялар мемлекеттiк бюджеттiң ақшалай қаражаттарын негiзiнен корпоративтiк шаруашылық аясы субъектiлерiнiң табыстары есебiнен қалыптастыруға нысаналанған тұрақты байланыстың мемлекет пен салық төлеушiлер арасында туын-дауы мен дамуы барысында iске асырылады. Өндiрiс пен салық салу және мемлекеттiк бюджет кiрiстерiн қалыптастыру арасындағы тәуелдiлiк ұтымды салық жүйесiн құрудың, сондай-ақ тиiмдi салықтық заң актiлерiн қабылдаудың теориялық және практикалық негiзiн құрайды.

Сонымен салық объективтi-субъективтi қаржылық-экономикалық және құқықтық құбылысты, ал салық салу мемлекеттiк бюджеттiң (салықтық кiрiсiн) кiрiс базасын қалыптастыруға байланысты қар-қынды салықтық қатынастарды көрсетедi.

Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалып, Салық кодексiнiң ережелерiнде заңдық көрiнiс тапқан мемлекеттiң салықтық құзыры тиiстi мемлекеттiк билiк органдарының салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеу және алу жөнiндегi мемлекеттiк өктем өкiлеттiлiктерi қамтитын ая болып табылады, сондай-ақ ол экономикалық кеңiстiктегi мемлекеттiң салық салу жүйе-сiнiң стратегиялық фискалдық әлеуетiн бiлдiредi.

Салықтық құқық негiзiнде жүргiзiлетiн мемлекеттiк салық әкiм-шiлiгi салық жүйесiнiң тактикалық және стратегиялық салықтық әлеуетiн, мақсатты әлеуметтiк-экономикалық ұстанымдарды, iшкi және сыртқы салық саясатының принциптерiн, салықтық құқықтық қатынастар жүйесiн мемлекеттiк басқаруды ұйымдастыру процесiн қамтиды.

Мемлекеттiң салықтық құқығының аясында жүргiзiлетiн салық әкiмшiлiгi макроэкономикалық өсу тұрғысынан және халықаралық салық салу стандарттарының өркениеттi үлгiлерiне сай қоғам мен мемлекеттiң, сондай-ақ корпоративтiк шаруашылық (iшiнде жеке меншiк негiзiндегi жеке кәсiпкерлiк қызмет) субъектiлерiнiң экономикалық-қаржылық мүдделерiнiң балансты болуын көздейдi және соны қамтамасыз етуге ат салысады.

Салықтық құқық нормаларында мемлекеттiң iшкi және сыртқы салық саясатының ұстанымдарында көзделген болашақ қоғамдық байланыстардың, яғни салықтық қатынастардың аса ұтымды теориялық-практикалық модельдерi бекiтiледi, сондай-ақ салықтық құқық-тық нормаларда белгiленген субъективтiк құқықтар мен заңи мiндет-тер негiзiнде нақтылы салықтық қатынастар салықтық құқықтық қатынастар түрiнде қалыптасып, дамиды.

Сонымен, салықтық құқықтық қатынастар аясы мемлекеттiк және корпорациялық шаруашылық аялары мен салаларын, сондай-ақ барлық заңды тұлғалар мен азаматтар ауқымын қамтитындықтан салықтық құқық пен салық заңдарына деген салық төлеушi заңды және жеке тұлғалардың, мемлекеттiк қызметкерлердiң, құқық қорғау органдарындағы және басқа саладағы заңгерлердiң, экономистердiң және аудиторлардың қызығушылықтары мен ықылас-ынталары күн санап өсуде.

Соңғы уақытта, салықтық құқықтың жалпы және арнайы теориялық проблемаларын, салықтық заңдардың елеулi мәселелерiн ғылыми зерттеу iсi де кең көлемде жүзеге асырылып жатқаны мәлiм. Осының нәтижесiнде, жаңаша қалыптасып келе жатқан Қазақстан Республикасының салықтық құқығы да мемлекетiмiздiң экономикалық-әлеуметтiк түрлендiрiлуiне, өндiрiс аясының тұрақтандырылуына және салық жүйесiнiң күшейтiлуiне өз үлесiн қосуда.

Мiне, осындай мән-жайлардың бәрi салықтық құқықтың жаңаша құрылымы мен мазмұнына, маңызына және реттелiнетiн салықтық қоғамдық қатынастарға айтарлықтай ықпалын тигiзiп қана қоймай, сонымен бiрге салық салу мен салықтық құқықтың теориялық және практикалық мәселелерiн бiр-бiрiнен бөлмей қарастыру арқылы салық жүйесiнiң тұрақтыландырылуына және тиiмдi жұмыс iстеуiне жағдай жасап отыр.

Осы орайда, салықтық құқық пен салықтық заңдарды зерделеу мiндеттiлiгiнiң жоғары заң оқу орындарының студенттерiне, салық қызметi және қаржы полициясы агенттiгi органдарының қызметкер-лерiне, прокуратура мен сот органдарының қызметкерлерiне, кедендiк бақылау комитетiнiң қызметкерлерiне, экономистерге, бухгалтерлер мен аудиторларға жүктелуi күн тәртiбiнде өткiр тұрған көкейтестi мәселе екенiн көрсетедi.

Салықтық құқық курсын арнайы зерделеу нәтижесiнде студенттер: мемлекеттiң фискалдық саясатының әлеуметтiк-экономикалық саясатпен ұштастырылуы, салықтық заңдар, салық мәселелерiне байланысты сот билiгi шешiмдерiнiң рөлi жөнiнде хабары бар; мемлекет аумағындағы салықтар мен өзге де мiндеттi төлемдердi белгiлеу, оларды мәжбүрлеп алу, салық әкiмшiлiгiн жүргiзу, салықтық бақылауды ұйымдастыру және жүргiзу процестерiнiң құқықтық негiздерi мен механизмдерi жөнiнде тиiстi ақпараттар алған; салықтық құқық бұзушылық үшiн белгiленетiн заңи жауапкершiлiк түрлерiмен және оларды қолданудың құқықтық негiздерiмен, сондай-ақ салық салу аясындағы мемлекеттiк мәжбүрлеу шараларымен жете танысқан; мемле-кеттiң салық жүйесiнiң экономикалық және құқықтық проблемаларын шешуге, сондай-ақ салық салу аясы мен фискалдық қызметтерге қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi айтарлықтай меңгерулерiне орай салықтық-құқықтық нормаларды iс жүзiнде сауатты қолдана алатын; салықтық заңдарды талдап-талқылау арқылы салық салу аясында жиi туындайтын даулы мәселелер мен талап-тартыстар бо-йынша тиiстi заңға негiзделген кеңес-қорытындылар бере алатын, сондай-ақ салықтық заңдармен белгiлi бiр дәрежеде жұмыс iстей бiлетiн, бухгалтерлiк құқық пен экономикалық теориядан хабары бар және алған бiлiмдерiне орай салық органдарында қызметкер болуға ла-йықты маман-заңгер болып шығады.



Оқулықты жазудағы мақсат Қазақстан Республикасының бүгiнгi салық жүйесi мен Салық кодексi тұрғысынан көптеген өзектi әрi күрделi мәселелердi қарастырып, негiздеу, салық салу саласының нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру, сондай-ақ осы саланы салық төлеушiлердiң мүдделерiн есепке ала отырып жалпымемлекеттiк тұрғыдан басқару жөнiнде ғылыми негiзделген ұсыныстар мен тұжырымдар және қорытындылар беру болды.

Сонымен қатар, бұл ретте алға қойылған тағы бiр мақсат мемле-кеттiң салықтық құрылысының құрылымын, салықтық құқық пен салықтық заңнаманың қағидалары мен ережелерiн зерделеуге қажеттi мемлекеттiк тiлдегi оқулықтарға деген сұранысты қанағаттандыру iсiне азды-көптi үлес қосу болып отыр.
Каталог: files -> free
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
free -> Ұсынылатын әдебиеттер нормативтiк құқықтық кесiмдер Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Юрист, 2005. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
free -> Учебное пособие составлено в соответствии с гос специальности 060108 «Фармация» ина основании программы по фармакогнозии для студентов фармацевтических вузов (факультетов), 2002 г


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет