Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында



бет1/4
Дата18.04.2016
өлшемі0.65 Mb.
  1   2   3   4
СӨЗ БАСЫ

Көп жылдар кеңес саясаткерлерінің ықпалында болып, дәстүрлі тәрбие көзінен ажырап қалған халқымыз имандылыққа батыл бет бұра бастады. Қазір Қазақстанның жер-жеріңде мешіттер көптеп салынып жатыр. Ислам ілімінің оқу орындары ашылуда. Осы тұста Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты кітабындағы мынадай бір тұшымды сөзі ойға оралады. «Ислам — біріктірушілік сипаттағы ілім. Ислам басқаның сеніміне төзіммен қарауға шақырады... діннен адамдарды бір-біріне қарсы қоятын емес, бір-бірімен табыстыратын бастауларды іздеген абзал. Өйткені барлық дін дүниедегі жалпы халыққа бірдей түсінікті, бірдей иланымды қарапайым қағидаларға негізделген». Міне, Исламның имандылық мұратын әрқайсымыз осылай түсінуіміз керек.



Назарбаев Н.

Ғасырлар тоғысында.

Алматы: «Өнер», 1996 ж. 251 б.



«Мұсылмандық — дүниенің ұйытқысы болған дін. Бұл діннің қайнар көзі — Құран «.

Құран әлем мәдениетінің негізгі ірге жолы.

«Мұсылмандық жер жүзінен жойылар болса, дүние шайқалып кетер еді».

Ф.Гостонкер
МЕЙІРІМДІ РАХЫМДЫ АЛЛАНЫҢ АТЫМЕН БАСТАЙМЫН

КУӘЛІК БЕРУ

Мен өз еркіммен бүкіл адамзатқа ортақ бір Алланың және оның бейбітшілік (Ислам жолы) жолын мойындаймын, сонымен бірге мен ант етемін, барлық өткен пайғамбарларға сеніп және бүкіл адамзатқа ортақ Мұхаммедті Алла тарапынан жіберілген соңғы пайғамбар деп қабыл аламын, және өзімді Алла харам еткен нәрселерден (арақ, доңыз еті, жаман қылықтардан) аулақ ұстауға уәде беремін. Сонымен қатар күніне бес уақыт намаз және жылына бір ай ораза Алланың құлдарына деген рахымы жеке өзіміз үшін және әрбір жекеден қоғам құралатынын сезініп жаратушының әрбір парыз-міндеті қоғамымыз үшін деп қабылдаймын. Тұрып жатқан Отанымды сүюге сонымен бірге ұлтқа-ұлысқа бөлінбей барша адамзат Алланың құлы екенін мойындаймын.



«Әмин»

Мейрімді Рахымды Алланың атымен бастаймын!

«Біздің халықтың бойында

буырқанған интеллектуалды

және рухани күш- қуат бар»

Нұрсұлтан Назарбаев
«Өзінің ішкі бірлігін нығайта

алған халықтар ғана тәуелсіздігіне қол

жеткізе алады және оны қорғап қалады»

Мұстафа Шоқай
Рухани бірлік берік болсын!

Жуырда тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елордамыздың Тәуелсіздік сарайында «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын біз, дін қызметкерлері жігермен қабылдадық. Дәстүрлі жолдауда Елбасымыздың: «Тәуелсіз Отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы» – деген орамды ойлары шын мәнінде көптеген ілгерілеушілікті сезіндірді. Аллаға тәубе дейміз, еліміз уақыт алға жылжыған сайын өсу мен өркендеудің, жаңару мен жасампаздықтың, рухани түлеудің игіліктерін көріп келеді. Материалдық тұрғыдан алғанда мүмкіндігі бар қалталы жандардың саны артып қана қоймай, қайырымдылық істерде белсенділіктерін арттырып отыр. Дініміздің өркендеуі мен қоғамға пайдалы сауапты істеріне ізгі ниетпен қайырымдылық қолұшын беріп, адамдар арасында береке мен бірліктің дамуына септігін тигізуде. Бұл да ел әлеуетінің артқандығын білдіреді.

Қандай да бір жетістікке жету үшін, еліміз тәуелсіздігін баянды етіп, әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің біріне айналсын десек, ең алдымен баршамызға бірлік пен ынтымақ қажет. Біздің ел – байырғы ел, әлемдік өркениетке өзінің қосқан үлесі, өзіндік орны бар ел. Жалынды жолдаудан ой түйе отырып, тәуелсіздігіміздің баяндылығын, халқымыздың ынтымағы мен бірлігі, асыл дініміздің біртұтастығы мен ел игілігін, егемен еліміздің әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналуын ойлап, соған барынша қызмет ету – баршамызға зор міндеттер жүктейді. Алла елшісі «Лә тафарроқу- бөлінбеңдер» деп, бөлінушілік жасағандар бізден еместігін білдірген. Сүйікті Қазақстанымызда Ислам дінін ұстанатын әр алуан ұлттың өкілдері бір атаның баласындай болып Жаратқанға құлшылық етуі баршамызды екі дүние бақытына бөлейді.

Себебі, осы уақыттағы бірлік пен рухани бауырластықтың берекесі мол.

Дін мен дәстүр сабақтастығын баянды ету, жас ұрпақты өз жерінің өсіп-өркендеуіне қызмет ету, білек сыбанып еңбек ету азаматтық борышымыз деп санаймыз. Дініміз Исламда 5 нәрсені: Отаныңды, дініңді, ар-ұятыңды, жаныңды, дүниеңді қызғыштай қорғау міндеттеледі. Пайғамбарымыз с.ғ.с. хадисінде: «Ең жақсы адам – басқаға пайдасы тиген адам» дейді. Осы себепті туған елімді сүйем деген әрбір азамат сол айтқанын туған елге жасаған жақсылығымен дәлелдеуі керек. Туған өлкемізге, Отанымызға деген сүйіспеншілік, құрмет – осындай кең ұғымды білдіреді. Сол себепті әркім қолынан келетін жақсылығын жасауға тырысуы қажет. Ата бабаларымыз да әрдайым ақ баталарында елдің, жердің, халықтың амандығы мен тыныштығын және береке бірлігін тілеген.

Бүгінгі таңда Құранымыз бен қыбламыз да бірдей бола тұра мұсылмандар арасында бірін – бірі түсінбеушіліктер мен өзара топқа бөлінушіліктер кездесіп жатады. Себебі олардың арасында саяси мүддені көздейтін астыртын теріс ниетті топтар болса, екінші орында мұсылмандардың арасына іріткі салу арқылы ынтымағын бұзып, ірітуге бағыттайтын топтар. Негізінде бұндай жағдайлар білімсіздік пен діни сауатсыздықтан туындайды. Қандай да бір ағымды мысалға алатын болсақ, олардың түпкі мақсаттары айрандай ұйып отырған мұсылмандар мен ізгі ниеттегі мешіт жамағаттарының арасында іріткі тудыру мақсаты тұрды. Осы ниеттерін ағым – топтың құрамындағылар біле бермейді. Сондықтан да олар жетекшілерінің айтқан жеңіл уағыздары мен қоғамдағы кейбір жайсыз көріністерді желеу етіп, айтқан уағыздарына иланып қалады. Осындай алаусыздық тудырмау мақсатында Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы «Бір ұлт, бір дін, бір мазhаб» ұстанымын ұсынып отыр. Ата – бабаларымыз ежелден бері дәстүрлі Ислам діні мен Имам Ағзам Әбу Ханифаның жолын ұстанып келген. Ислам дінінің қазақ даласына келгеніне XII ғасырдан аса уақыт өтті. Содан бері халқымыз атақты Ислам ғұламасы Нұғман ибн Сәбит (р.а.)(699 - 767) негізін қалаған Имам Ағзам Әбу Ханфа жолын ұстанып келді. Ал Исламның алғашқы дәуірінде мұсылмандар арасында діни қайшылықтар тумады. Өйткені, Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз қасиетті Құран және өзінің даналығымен мәселенің әділ шешімін айтып, өз уақытысында алауыздықтың алдын ала білді,

Бұл туралы Алла тағала Құранда мұсылман үмбетіне былай деп ескертеді: «Ей, иман келтіргендер! Аллаға, пайғамбарға және өз араларындағы басшыларыңа бойсұныңдар», («Ниса» сүресі, 59 – аят).

Оған қоса Пайғамбарымыз да (с.а.у) қауымына былайша үндеу тастаған:



«Мен сендерге екі нәрсені қалдырып барамын. Егер оларды бекем ұстап, амал етсендер, ешқашан адаспайсыңдар. Олар – Алланың кітабі (Құран Кәрім)және Аллаh Елшісінің сүннеті».

Яғни, иман етіп ізгі іс істегеннен кейін ортамыздағы басшыларымызға бойсұна отырып, өзіне де өзгеге де зияны тимейтін салауатты қоғам мүшесі болуға талпыну қажет. Бұндағы мақсат – Отанды сүю иманнан екендігін ұғынып, өз елінің тыныштығы мен баянды болашағы үшін өз үлесін қосу. Құранда 719 жерде ғылым мен білім жайлы айта отырып, оны ғибарат етіп, әрбір мұсылманға тек қана намаз оқумен шектелмей, жан-жақты білім алуға көңіл бөлуді үндейді. Діни және жан-жақты білімі жоқ болған жағдайда қараңғылық өріс алып, кім не айтса соның жетегінде кетеді.

Ислам діні қағидасында білімсіз болуға қатаң тыйым салынған. Ал білімді меңгеру мұсылмандарға сөзсіз міндет. «Білім игеру әрбір ер-әйелге парыз» дейді пайғамбар хадисінде. Білімсіз адам кім болса, соның соңынан көз жұмып ілесе береді. Кітаптардан көргенін, ұстаздарынан естеген үгіт-насихаттарын ой елегінен өткізіп, күнделікті тіршілігіне пайдалана білмейді. Соның кесірінен ол толық, кәміл мұсылман бола алмайды. Олардың санасында мұсылман болу - Құранды, хадисті арабша тақпақтап жаттау және өзге ұлттың киім үлгісі, сыртқы келбетіне еліктеу басым болады. Міне, осындай шолақ түсініктен келіп соқыр сенім пайда болады да, өздері өмір сүріп отырған уақыттан артта қалу белең алады. Аталмыш топтар осындай көріністермен адамдар санасында мұсылмандыққа өшпенділік туғызады. Ал, Алланың адамдарға қоятын негізгі талаптары: білімнің, рухани және материалдық заңдылықтарын игеру, соның негізінде шындықты танып білу. Осының бәрін саналы орындауда өзара әділеттікті, сабырлықты, еңбексүйгіштікті қамтамасыз ету. Бұл турасында Құранның «Ғасыр» сүресінде: «Ғасыр (замана) атымен ант етемін! Иман айтқан, жақсы амалдар жасаған, бірін бірі шындыққа шақырған, бір біріне сабырлы болуды насихаттаған адамдардың басқаның бәрі сөз жоқ зиян тартады», - делінген. Бүкіл адамзатты бейбітшілік пен тура жолға бастайтын Ислам діні - Мұхаммед ғ.с-ның кезеңінде жер бетіндегі халықтың бір Алланың атымен біріктіруші күш ретінде қызмет етіп еді. Ал, кейінгі уақытта көріп жүргеніміздей Ислам діні өз ішінен ағым-топтарға бөлініп, ақиқат жолы болып табылатын Ислами идеологиямыздың ыдырағанын мойындауымыз керек. Егер біздер мұсылман жамағаты қазіргі таңдағы көріністей әр түрлі атаулармен (бұрынғы өткен ғалымдар атымен) топ – топқа бөлініп алып, бір-бірімізді сыртымыздан қаралап, кездескен жерде болмашы нәрселерді «бидғат» деп қызыл кеңірдек болып таласа беретін болсақ, болашақта қоғамымызды орасан зор қасіретке ұрындыруымыз мүмкін. Сондықтан қазіргі уақытта мұсылман жамағатын бөлшектеп бір-біріне айдап салып, бастарын біріктірмей, болмашы ұсақ-түйек амалдарға таластырып «мұсылман-мұсылманға дос-бауыр» деген қағидаға қарсы қойып, бұқара халықтың берекесін кетіріп, өздеріне ұпай – бедел жинап, мақсат-мүдделерін орындатып отырғандарға бірлікпен, сабырлықпен, білімпаздықпен іс жүзінде жауап беретін уақыт жетті.

Енді осы қарама-қайшылықтар мен шатасулардан сақтандыратын жолды Пайғамбарымыздың (с.а.у) айтып кеткен мына сөзінен білуге болады. Анас Ибн Малик жеткізген бір хадисінде: «Шын мәнінде, үмбетім адасушылыққа бас қоспайды (бірікпейді), егер қарама-қайшылықтарды көрсеңіздер (душар болсаңыздар), міндетті түрде үлкен қара топқа (көпшілікке) қосылыңдар»-деген өсиеті бүгінгі күнде суниттердің 90 пайызын құрайтын «әһли сүннет уәл -жамағат» яғни, «сүннет жолын ұстанушы көпшілік» деген жолды ұстанушыларды меңзейді. Бүгінгі таңда елімізде осы жолды ұстану дұрыс емес деп, адасушылыққа жатқызатын топтар да баршылық. Олардың мұндай пікірлері, көз-қарастары жоғарыдағы «міндетті түрде үлкен қара топқа (көпшілікке) қосылыңдар» деген Пайғамбарымыздың өсиетіне қарсы келеді. Өйткені қазіргі таңдағы хадистегі әңгіме болып отырған «үлкен қара топ» - 90 пайыз сунниттік жолды ұстанатындар. Міне, осы топқа қосылмай, қоғамымыздағы мұсылман қауымы жік – жікке бөлініп, мешіттегі жамағат түгілі бір отбасындағы екі ағайын бірін-біріне алакөз болулары да жоғарыдағы хадисті жете түсінбей бөлінгендердің кесірінен туындап отыр. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Жамағатпен бірге болыңыздар! Өйткені, бөрі бөлінгенді жейді» деген өсиетіне амал етіп, шайтанның арбауына түспеуіне тырысуымыз қажет.

Мұсылманшылықты жаңадан үйреніп жүрген жастарымыздың арасында бәрінен бұрын бірлік, ынтымақ қажет. Еліміздегі мұсылмандар ғасырлар бойы Ханафи мазһабын ұстанғандықтан халық арасында ауызбіршілікті сақтау әрі енді намаздарын оқып үйреніп жүргендердің ойын сан-саққа жүгіртпеу үшін халқымыздың үйреншікті мазһабын насихаттай отырып, бағытымызды түзеуге ат салысуымыз керек. Біз Ханафи мазһабынан тыс басқа суннит мазһабтарды адасып жүр деуден де барынша аулақпыз. Айтпағымыз, шет елден келген келімсек миссионерлер руханиятқа адал халқымызды арбап жатқан мына кезеңде біздің өте парасатты, аса қырағы болуымыз қажет.

Әрбір адам еңбегінің жемісін үлкен үмітпен асыға күтетіні тәрізді, Алла Тағала да өзі жаратқан құлдарының өзіне серік қосып, тура жолдан адасып, топ-топқа бөлініп, бір мәмілеге келе алмай жүрген дәрменсіз және мүшкіл халдерін емес, жан-дүниесі кемелденген, бір сеніммен бейбіт қоғамда өмір сүріп жатқан бақытты жағдайдағы құлдарының бейнесін көргісі келеді.

Сондықтан қазіргі Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының ұстанып әрі насихаттап отырған жолы ата бабамыз ежелден ұстанған. Ханафи мазһабы біздің қажеттілігімізді өтей алатындай бай әрі өте қолайлы екенін естен шығармайық, ағайын!



Алла жолы адамзатқа бір мақсатпен бірігу,

Шайтан жолы топқа бөліп қарсы қойып іріту.

Екі жолдың бірін таңдау өз қолыңда бауырым,

Ертен мүмкін кеш болады бүгін керек ақиқатқа жүгіну.
Әр кезеңнің өз ғалымы және құралы болады.

Мұхаммед пайғамбар ғ.с.

«Әр дәуірдің өзінің міндеттері бар «.

Гейне.
Сан ғасырлар бойы адам баласының әлем жаратылысын танып-білуге, — деген ұмтылысы ерте заманнан-ақ басталған. Әуелде осы бізді қоршаған дүние қалай пайда болды? Осындай сауалдарға әр кезеңнің ойшыл ғалымдары сол өмір сүрген уақыттарына сай дәлелдеуге тырысқан. Күрделі сұрақтардың жауабын іздестіру арқылы тіршіліктің дамуы, алға басу процесі жүре бастаған. Тарихтың сахнасына шыққан ойшыл ғалымдар: грек философы Сократ, оның шәкірттері Платон, Аристотель неміс философы Лейбниц Готфрид Вильгельм және И.Кант, Г.Гегель, Рене Декарт, Пьер Гассенди, Бенедикт Спиноза сияқты тағы басқа да ірі тұлғалар- көзге көрініп тұрған жаратылған денелерді зерттеу арқылы әуелгі қозғаушы күш-формасыз жаратушыға барып тіреле берген. Г.Гегель айтқандай: «Бүкіл әлемнің ең алғашқы тірегі- абсолюттік идея, абсолюттік рух. Барша іс-әрекеттің қайнар көзі-идея. Ол үнемі өзгеріп, дамып отырады және даму процесі кезінде өмір сүріп отырған дүниені туғызады. Демек, идея- шындықтың өмір сүру нәрі. Дүние үздіксіз қозғалыста, өзгеруде, қайта құрылуда. Ол қайшылықты даму қайнар көзі болып табылады, қайшылықсыз ешбір қозғалыс та, ешбір өмір де болмайды», — дейді.

Адам өзін-өзі танып білмей жаратушысын толық танымайды. Яғни, тән- материя, ал рух- идея. Осы екеуінің бір-бірінсіз ешқандай тіршілік әрекеті басталмайды. Біздің тәнімізде жан-рух бар екенін ұстап, көзбен көрсете алмай-ақ мойындағанымыздай, он сегіз мың ғаламдағы жаратылған, бар нәрселерге ұқсамайтын әуелі-ақыры жоқ бір жаратушы бар, — деп мойыңдаймыз. (Арапша — Алла, қазақша — Жаратушы, түрікше — Тәңір, парысша — Құда, орысша — Бог). Сол жаратушы иеміз әуелде біртұтас нұрды құдыретімен екіге айырып, аспан-жер, ащы-тұщы, жақсы-жаман т.б. жұп-жұбымен құбылыстарды және әртүрлі формада мақұлықтар жаратып, оларға жан, сезім беріліп, жаратушының құдырет басқаруымен сан ғасырлар бойы сынақ-електен, өткізіп реттеу тіршілік әрекеттері болған. Бәрі де өз дәрежесіңде ретке келген соң, жаратушы иеміз атқарылған барлық іс-әрекеттерінің нәтижесін қиаметке дейін тоқтаусыз дамуын ойластырған.

Сөйтіп, топырақтан ең алғашқы Адам атының тәнін жасап, оған рух-жан, сезімге қоса ақыл беріп, жер бетіне халифа етіп, ғылым-білім үйретіп, бұрынғы жаратқан мақұлықтарынан ақылды және еріктілігімен артық еткен. Жаратушы иеміз, Адамнан ұрпақ тарату мақсатымен қабырғасынан Хауа анамызды жаратып, екеуінен егіз-егізден алғашқы адам ұрпақтары жер бетіне таралуына жағдай жасаған. (Бұндай құдыретпен болған жаратылысты ешкім жоққа шығара алмайды және басқаша дәлелдерде анықталмайды). Сонымен, Адам Ата мен Хауа анадан тараған ұрпақтар өсіп-өніп, әрқилы өмір сүру жағдайларға байланысты кейбірі араларыңдағы қызғаныш, келіспеушіліктерінің салдарынан тұрақтарын өзгертіп, әр тарапқа бет алған. Тірі жан тіршілігін жасайды демекші, жаратушы сыйлаған ақылдарына сүйене отырып, өз беттерінше өмір сүру тіршілігі басталған. Сол уақыттарыңдағы ауа-райы, жер жағдайы, күнделікті күнкөріс тіршіліктерінің құбылыстарына бейімделіп, өмір сүрулеріне байланысты түрі-түсі, қарым-қатынасы, тілі-дәстүрлері қалыптаса бастаған. Уақыт өте келе Адам ұрпақтары топ-тайпа болып бірігіп, өз дәрежелерімен өмір сүріп, Жаратушының жаратқан аспан және жер бетіндегі әртүрлі өмір сүру тіршіліктеріне қажет заттарға (ай, күн, жұлдыз, аң-құс, жеміс-жидек, тау-тас) әр топ, әр тайпа өздерінің түсінік дәрежелеріне қарай түр-түс атау беріп, ұрпақтан-ұрпаққа өмір жалғасып, тарихтың тербеліс көші басталған. Жаратушының әділ де, рахымдылығы — Адам ата мен Хауа анаға тән, жан, рух, ақылға нәпсіні қосып беруіңде. (Бұл нәпсі — кітаптарда Ібліс, шайтан атауымен аталады). Яғни, жаратылған дүниеде қарама-қайшылық іс-әрекеттер болмағаңда, жаратушының әділ де рахымдылығын ешкім сезінбеген болар еді. Жамандықты көріп, жақсылыққа бет бұру, уақытша жалған сынақ тіршілікте өмір сүру зандылығын адами ақылға салдыру — Жаратушының рахымы еді. Енді, Адам ұрпақтары жер бетіне топ-тайпа болып кобеюі салдарынан араларыңда талас-тартыс, келіспеушілік, мейірімсіздік, үстемдік, жаугершілік туыңдап, өз беттерінше бұтқа сиыну, табиғаттың дүлей күштеріне табыну етек ала бастаған, өзі жаратқан құлдары адасып, шектен шығып бара жатқан соң, рахымы мол Жаратушы иеміз сол уақыт талаптарына сай, бір Жаратушысын таньш жақсы, жағдайлы өмір сүрулері үшін араларынан елшілер (пайғамбарлар) шығарып, солар арқылы ескертпе сөздерін әуелгі уақытта парақтап жеткізіп отырған. Уақыт өте келе жер бетінде Адам ұрпағы көбейіп, өмір сүру тірішлігі күрделене бастады. Енді өмірде мемлекеттер, патшалықтар пайда болып, тыныс — тіршілік ауқымы кеңейді. Сол мемлекеттік, патшалық дәрежеде өмір сүріп жатқан құлдарын, бір тәртіп тәрбиеге шақыратын қасиетті сөздерін парақтап емес, үлкен кітап етіп қалап алынған елшілері арқылы жеткізіліп отырады.

Олар: Дәуітке — Забур, Мұсаға — Таурат, Исаға — Інжіл. Мұхаммед ғ.с.-ға Құран. Жаратушы иеміз әуелгі уақыттарда елшілеріне парақтап азғана хабар бергені, ол уақытта жер бетіне тараған адам ұрпақтары арасыңда бір — біріне қарым-қатынас, хабарласу қазіргі уақыттағыдай дамымаған. Сол уақыттарда әр қауымға да елшілер жіберілгені сондықтан. Жаратушы иеміздің адам ұрпақтарына ескертуінен жер бетіңдегі бірде-бір ұлт өкілдері өз кезеңіндегі елшілері арқылы хабарсыз қалған жоқ. Бұл — адамзат тарихының шындығы.


ИУДАЙЗМ

Иудайзм — еврейлердің арасыңда кеңінен тараған, қалыптасқан сенім. Құдайлары Яхве, — деп аталады. Иудайзмде Яхве Құдай адамгершілік ережелерін Мұса пайғамбарға Синай тауында берген, — дейді. Тора — Інжіл ұқсас кітаптар. Бұл жайында бестік кітапшада айтылады. Біздің дәуірімізге дейінгі екі мыңыншы жылдықтың ортасында көшпелі еврейлер Палестинаға келе бастайды. Екінші мыңжылдықтың аяғыңда пұттарды ойлап шығарады. (Егістік қамқоршысы, құрма тоғайының жебеушісі ру — тайпа көсемдерін қолдаушы пұттар т.б.). Енді құл иеленуші мемлекеттің қалыптаса бастауына байланысты көпқұдайға сенуді қойып, басты бір құдай Яхвені таңдайды. Сол уақытта көптеген сенімдерге реформалар жүргізіледі. (Б.э.д.621жыл Иосна патша уақыты). Алғашында ауызша уағыздалып, кейін жинақталып, «Талмуд» деген атпен үлкен сенім (діни) кітабына айналады. «Талмуд» — еврейше үйрету деген мағына береді. Иудайзм тарихы 4 кезеңге бөлінеді: Библиялық, Талмудтық, Раввиндік және Сионизмдік. Талмудтың негізгі идеясы — Құдайдан қорқу. Бұл сенім жолының да негізгі бастауы Алладан Таурат кітабы арқылы болса да, келе — келе іс-әрекет, құлшылықтары ата — бабаларының әдет — ғұрыптарымен тығыз байланысқан. Ал, әдет — ғұрыптар жиынтығы — Жаратушы бір құдайдың бүкіл адамзатқа заңы болып есептелмейді.



БУДДИЗМ

Буддизм — б.э.д. IV-V ғасырларда Үнді елінде пайда болған. Бұл сенімнің негізін салушы Шакья Муна, — дейді. Будда — Санкритше — ақиқаттың көзі, көпті көрген деген мағынаны білдіреді. Сиддахартху Гаутаму Шакья Муниды, Будда атымен атайды. Будданың өмірі мен осы сенімді уағыздаудағы қызметі және буддизмнің ережелері жинақталған әдебиеттері бар. Негізінен будда сенімін ұстанушылар да, адам — адамға дос — бауыр, қайырымды — мейірімді болу, өтірік айтпау, ұрлық жасамау, ішімдікке салынбау, біреудің ақысын жемеу секілді т.б. адамға тән талаптарды өз міндетіне алады. Мұндай талаптардың бәрі де Жаратушы тарапынан адам ұрпағына жіберілген кітаптардың (Таурат, Забур, Інжіл, Құран) негізгі өзгермейтін заңдылықтары болып саналады. Ал, бұл сенім де адам атауымен аталғандықтан, сол сенімді басқарған әуелгі адамның пікірі, ойы, әдет — ғұрыптары жинақталған. Сондықтан бұл тікелей Құдайдың емес, Будда заңы болып есептеледі.


ХРИСТИАН

Христиан сенімі — біздің заманымыздың 1-ғасырында Рим империясының провинцияларында пайда болған. Христиан сенімі үш бұтаққа айырылады: Католицизм, Протестантизм және Православия. Бұлардың әрқайсысы бірнеше тармаққа, әртүрлі сенім, секталарға бөлінеді. Өзара қаншама айырмашылықтары бола тұрса да, бұлардың бәрі де христиан сенімінің алғаш негізін қалаушы — Құдайұлы Исус Христос, — дейді. Бірақ Иса пайғамбар өзін ешқашан құдай ұлымын, — деп атамаған. Исус Христос қамалға жерден саусағы мен басын, екі иығын, кеудесін көрсетеді де, жаратушының құдіретімен ғайып болып, аспанға ұшып кетеді. Христиандардың сыйынғанда шоқынатын әдеттері осыдан қалған.

Библияшылар И.Христосы Құдайлық бейненің адамдағы көрінісі, — деп таниды. Әуелі ақыры жоқ және форма, бейнесі жоқ, құдіреті күшті Құдай ешқандай өзі жаратқан бейнеге түспейді де, жаратылған нәрселерге ұқсамайды. Жаңа өсиет — Библияның бір бөлімі, екінші бір бөлімі-ежелгі өсиет. Ол иудейлердің қасиетті кітабы. «Жаңа өсиет» те, Евангели де христиаңдардың сенім кітабы, ал Тора соның бірінші бөлімі. Ол пятикнижие немесе Моисей заңы, — деп аталады. Ақиқатында Жаратушы иеміз құдіретімен Мариям қызға қасиетті рух енгізіп, Иса атты бала дүниеге келтірген, ол Алланың елшісі (пайғамбары) еді. Бұл жайыңда Құранда: Әнбия сүресі 91-аятта «Намысын сақтаған әйелге. (Мәриямға) Біз рух үрледік. Оның өзін де, ұлын да (Мәриям Исаны) бүкіл жақанға құддретіміздің үлгісі еттік» — дейді. Яғни, бұл сенім жолында Иса Алланың елшісі: Інжіл Алла кітабы, ең бастапқы негізі дұрыс, келе-келе кітапқа адами ой қосылып, қол тиіп өзгертіліп, бұл сенімді ұстанатын ұлттардың да әдет-ғұрыптары енгізілген.

Негізінде Таурат, Забур, Інжіл осы үш кітап та, Жаратушы бір Алла тарапынан сол уақыттарына сай таза, ақиқат кітабы еді. Келе-келе ол үш кітапқа пендешілікпен адамдардың адами ойлары қосылып, қолдары тиіп, өзгеріске ұшырап жасынға шығарылған. Ол турасында Құранда Фатыр сүресі 25-аятта: «Егер сені жасынға шығарса, расында бұлардан бұрын мұғжизалар? Нұсқаулар және нұрландырушы кітап келтірген пайғамбарларды да жасынға шығарған», — делінген


ИСЛАМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Ислам — «Сәлем» деген сөзден шыққан. Ол бейбіт және аман-саулық деген ұғымды білдіреді.



Амандық-есендік адамның бақытын да аңғартады. Ол бақыттың өзі оның біліміне, сенім-нанымына, денсаулығына, еркінділігіне, шыншылдығына, тәрбиелігіне, жеке біреудің әрі қоғамның және сондай жағымды қасиеттеріне тікелей тәуелді. Жаратушы Алла бір деп, ақиқатқа мойынсұнып, Алланың құлдарына міндеттеген міндеттерін таза орындап, жер беті халықтары бейбітшілікте, ақиқатпен өмір сүру жолы. Мұндай жағдай тек халықтар арасында мызғымас берік бейбітшілік болғанда ғана мүмкін екені даусыз. Ислам-Алла нұсқаған жол. Ол жолмен адамзат жүріп өтуге тиіс. Сонда табиғаттың үндестілігі бұзылмау керек. Сол себепті де «Ақыл-парасат діні» деп аталады. Оның ақиқаты Алланың соңғы және қорытындылаушы кітабы-қасиетті Құранда жазылған. Алланың адамдарға қоятын негізгі талаптары: білімнің, рухани және материялдық дүниелердің заңдылықтарын игеру, соның негізінде шындықты танып білу, сол арқылы өзінді ізгі адамгершілікке үйрету, осының бәрін орындауда өзара әділеттілікті, шыдамдылықты (еңбексүйгіштікті) қамтамасыз ету. Бұл туралы Құранда: «Ғасыр (замана) атымен ант етемін! Иман айтқан, жақсы амалдар жасаған, бірін-бірі шындыққа шақырған, бір-біріне сабырлы болуды насихаттаған адамдардан басқаның бәрі, сөз жоқ, зиян тартады» — делінген. (Ғасыр сүресі 1-3 аяттар) Жаратушы Алладан бүкіл әлемге ортақ, адамзатқа ең соңғы рахмет елшісі болған Мұхаммед ғ.с: Исламды бұзудың үш жолы барын айтқан. Олар:

1. Білімсіз діндарлық;

2. Құдайдан қорқатын топас мұсылмандық;

3. Әділетсіз имам;

Білімсіз діншілдер - бұлар өздері өмір сүріп отырған уақыттан артта қалған адамдар. Бұлар сүйегіне сіңген догматиктер,фанатиктер. Олар зиялы ғылымның табыстары мен рухани дүние үшін жасаған заңдарды ғылымның бүгінгі қол жеткен дәрежесімен өзара байланыстыра алмайды. Ал, Құран болса, адамзаттың барлық дәуірінде қол жеткен табыстарына жауап береді. Сондықтан қазір білімді меңгермеген діншілдер, Құранның ережелерін дұрыс түсіңдіре алмайды. Соның нәтижесінде, олар Құранды түсіңдіргенде, Исламның және шариғаттың жеке ережелерін ап — айқын бұрмалап жібереді. Осындай артта қалған, сауатсыз діншілдерге қарап, білімсіз қараңғы халық тобы Алланың дін жолын соларша бағалап түсінеді. Олар, тіпті, өздері жаттап насихаттап жүрген қысқаша бірнеше сүрелердің мазмұны мен ұқтырар ойын да білмейді. Бұл жерде олар сонау ортағасырлық деректерге сүйенеді, Халық арасында имансыздық, Алланың дінін жек көрушілік осындайдан туындайды. Бірақ, олар сол үшін қиямет — қайым күні аса қатал жауапқа сөзсіз тартылады. Қараңғы тобыр халық олар да, өздерінің білімсіздігі үшіп жауап береді. Өйткені Ислам діні мұсылманның білімсіз болуына қатаң тиым салған, ал ілімді меңгеруі сөзсіз міндетті. Бұл — Исламның өзекті қағидасы және негізі. Білімсіз адам кім болса соның сонынан көз жұмып ілесе береді. Ол оқымыстыны (ғалымды) көп оқырмандардан, көпірме сөз білімсіздерден, досты жаудан, жақсылықты жаманнан ажырата білмейді. Соның кесірінен ол толық мәнді мұсылман бола алмайды. Әйтеуір көпқұдайшыл болудың шебінде жүреді. Міне, осыдан келіп, соқыр, көзбояушы дүмшелерге, білімсіз молдаларға т.б. сену пайда болады. Ислам — шындық, адамгершілік, әділеттік жолындағы үзілісіз күрес. Ол адамның бар білім — парасатын, күш жігерін сарқа жұмсауды қажет етеді. Осындай жағдайда ғана адам жаны Алла атынан өзінің халыққа қызмет еткенін, олардың, денсаулығы, бақыты үшін, өз халқын Алланың жарық дүниесіне шығару үшін күрескенін сезінеді. Бұдан басқа мүддені көздеген адам жанында шын мәнінде қанағаттану, бақытқа кенелу сезімі болмайды, Ондай сезімді бастан кешпеген кісі өмірдің шын мән — мағынасын түсінбей өтеді.

: wp-content -> uploads -> 2011
2011 -> Электив курс бойынша «аив-инфекциясының эпидемиологиясы, емдеуі және алдын алу» мпф қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 5 Курс студенттеріне 2011-2012 оқу жылына емтихан тест сұрақтары
2011 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы»
2011 -> Юрий Башмет и симфонический оркестр «Новая Россия»
2011 -> Хром қосындыларының Әсері кезіндегі шажырқай лимфа түйіндерінің ЖҰмсақ бауының микроанатомиялық ҚҰрылымы
2011 -> Абстракционизм


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет