Не деу керек? Апаң сенiң базардан, Алма сатып әкелдi. Ең үлкенiн, жақсысын, Саған таңдап әпердi. Не деу керек? РАҚмет!



жүктеу 26.45 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі26.45 Kb.





Әдептілік


Мектептен үйге келе жатқаныңда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен оған бұрылып жол бердің. Сабақтан қолың боста дүкеннен нан, сүт әкеліп, үй шаруасына көмектестің. Автобус, троллейбус, трамвайда келе жатқаныңда, жасы үлкен ата, әже, аға, апаларыңа орын бердің. Ал өз жолдастарыңа уәде еткен сөзіңде тұрасың. Міне, мұндай баланы жұрттың бәрі «әдепті бала» деп мақтайды. Сонда әдептілік деген не? Ол – адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының жалпы ережесі. Бұған тіл алғыштық, сыпайылық, кішіпейілділік және басқа да жағымды қылықтар жатады.


Не деу керек?


Апаң сенiң базардан,

Алма сатып әкелдi.

Ең үлкенiн, жақсысын,

Саған таңдап әпердi.

Не деу керек?

РАҚМЕТ!


Балалар жүр көшеде,

Естiледi айқай-шу.

Сен де шықтың, көршiңдi

Қағып кеттiң байқамай.

Не деу керек?

КЕШIРIҢIЗ!



Осы келген бетiңде,

Допты қудың, жарыстың.

Көшенiң сол шетiнде,

Кезiктi бiр танысың.

Не деу керек?

СӘЛЕМЕТСIЗ БЕ? Ә. Дүйсенбиев



Сәлем берем үлкенге


Көшелерден біз өткен,

Ата көрсем, жақын кеп,

Сәлем берем ізетпен,

– Ас-салау-ма-ғалай-күм! - деп.
Алдан әже жолықса,

Бөгелем де әдейiлеп,

Сәлемдесем сол тұста,

Есенсіз бе, әжей? - деп.


Кім кезіксе, көшеде,

Таныс емес демеймін.

Аға, тәте, көкеге,

– Сәлеметсіз бе? - деймін... Ө. Ақыпбеков




Сәлемдесу түрлерiн үйренiп ал.



Әдептілік әліппесі
Атам менiң әмәнда, Қалдыратын ұятқа,

Кiшiпейiл бол деген. Жалған сөзге ермеймiн.

Асыл сөзi санамда, Жеткiзетiн мұратқа,

Мақтанбауды жөн көрем. Шындықты айту жөн деймiн.


Алдын орап кiсiнiң, Атам менiң әмәнда,

Кесiп өтпей көлденең. Бол дейтұғын бауырмал.

Жөнiменен кiшiнiң Мынау байтақ ғаламда,

Әдеппен барып қол берем. Қаншама дос, бауыр бар. А.Асылбеков





Мақал - мәтелдер
Адамның күні адаммен. Адал адамның аты азып, тоны тозбас.

***** *****

Адамның ұяты бетінде, Әдептілік ар-ұят – адамдылықтың белгісі.

адамгершілігі ниетінде. Тұрпайы мінез, тағы жат – надандықтың белгісі.

***** *****

Өзі отырған адам, келгенге орын берер. Базарда мың кісі бар, әркім сүйгеніне сәлем бере.

***** *****

Адам бір-біріне қонақ. Адам деген ат – адамға лайық.

*****


Материалды дайындаған

«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК

оқытушысы А.М. Темірбекова



: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет