Негіздері



жүктеу 0.49 Mb.
бет1/3
Дата25.04.2016
өлшемі0.49 Mb.
  1   2   3
:



ШАРИҒАТ

НЕГІЗДЕРІ


Өскемен қаласы

2009 жыл

УДК 297


ББК 86.38

Ш 27

«Шариғат негіздері»

Орысшадан аударған: Баймұрат Ғалия Тоқтарбекқызы


Ш 27 Астана, 2009. – 57 бет.

ISBN 978-601-06-0260-1


Ислам заңнамасы қасиетті Құранның және хадистердің (Пайғамбар өсиеттерінің) негізінде жасалады.

Ислам заңы адамдардың қандай да бір лайықсыз қылық жасауына жол бермейтіндігімен сипатталады.

Ислам заңнамасы – адамдардың іс-амалдары мен қылықтарына қатысты шариғат қағидасы.

Шариғат мұсылмандар өмірінің заңы болғандықтан оны әрбір мүмин білуі тиіс.


УДК 297

ББК 86.38




ISBN 978-601-06-0260-1

© Баймұрат Ғалия Тоқтарбекқызы, 2009 жыл






Бисмилләһир-рахмәнир-рахим
ШАРИҒАТ НЕГІЗДЕРІ
Ислам шариғаты (заңнамасы) Құранның және хадистердің (Пайғамбар өсиеттерінің) негізінде жасалады.

Ислам заңы - адамдардың қандай да бір лайықсыз қылық жасауына жол бермейтіндігімен сипатталады.

Ислам заңнамасы – адамдардың іс-әрекеттеріне және қылықтарына қатысты шариғат қағидасы.

Ислам заңнамасы бойынша, қасиетті Құран аятының негізінде, дәретсіз адамның Құранды ұстауына тыйым салынады.

Дәрет – намаз оқу үшін белгілі бір мүшелерді жуу арқылы тазалану.

Ғұсыл – шариғат бойынша, денені түгел тазарту үшін бастан-аяқ жуыну.

Мұсылмандық кітаптардың бәрін дәретпен (тахаратпен) ұстау керек. Кітаптарды белден төмен түсірмеген жөн.

Алланың атын атасаң және естісең міндетті түрде сұбханәку уә тағала дейтін құрметтеу сөздерін қоса айту керек.

Мұхаммед пайғамбардың атын атағанда немесе естігенде де міндетті түрде салалаһу алейхи уә салам (с.а.у.) деген сөздерді қоса айту керек.

Пайғамбар серіктерінің аттарын атағанда немесе естігенде рази Аллаһу анһу деген сөздерді қосқан жөн.

Дінтанушы ғалымдардың (имамдардың, шайқылардың) есімдерін естігенде немесе атағанда: рахимахул-лаһу-тағала деп қосқан ләзім.

Адамдардың бүкіл іс-әрекеттері 8 тармаққа бөлінеді:



  1. Парыз

  2. Уәжіп

  3. Сүннет

  4. Мұстахаб

  5. Мубах

  6. Харам

  7. Мәкруһ

  8. Мустакруһ

ПАРЫЗ
Парыз – әрбір адамды шариғат нұсқамаларын қатаң түрде орындауға міндеттейтін іс-әрекет. Орындалғаны үшін Алладан сауап (жарылқау) болады. Орындалмауының дәлелді себептері болмаса – қатаң жазаланады. Кім бұл міндеттемелердің ақиқаттығына сенбесе, дінсіздер категориясына ауысады.

Парызды айн парыз және кифая парыз деп екі түрге бөледі.

Айн парызды әрбір мұсылман орындауға міндетті, мысалы: бес уақыт намаз, ораза.

Кифая парыз – бұл мұсылман қауымына жүктелетін парыз. Егер осы парызды кейбіреулері орындаса, басқалары жауапкершіліктен босатылады. Оның орындалғаны үшін қауымдағылардың әрқайсысы сауап алады. Ал бұл парызды ешкім орындамаса, бүкіл қауым күнәһар болады. Мысалы: амандасқанның сәлемін алу, жерлеуге қатысу.


АЙН ПАРЫЗ


  1. Алланың жалғыздығын танып-білу, оның сипаттарын зерттеу.

  2. Мұхаммедтің (с.а.у.) адамдарды тура жолға бағыттау үшін жіберілген Алланың елшісі екенін білу және сену.

  3. Мұхаммед хабарлаған исламның барлық қағидасы ақиқат болып табылады және Алладан келгені хақ екендігіне сену.

  4. Куәлардың алдында исламның негізгі тұжырымдамасын лә иллаха иллала Мухаммаду - расулулла (Дүниеде құлшылық етуге лайықты Алладан басқа құдай жоқ, ал Мұхаммедті Ол адамдарға тура жол көрсету үшін жіберді деп іштей куәландырамын) деп айтуға және ислам - Алланың ең соңғы, дара жолы екенін растауға міндетті.

  5. Күн сайын бес уақыт намаз оқу.

  6. Рамазан айында күнделікті ораза ұстау.

  7. Кімнің дәулеті белгіленген мөлшерге жетсе – кедейлерге заңдастырылған зекет (байлықты тазарту) беруі.

  8. Дәулеті және мүмкіндігі бар кісіге өмірінде тым болмаса бір рет қажылыққа (көру үшін) Меккеге бару.

  9. Егіннен, екпе ағаштардан, пішен алқабынан, омартадан кедейлерге ұшыр (салық түрі) беру (10 пайыз).

  10. Парыздағы адамдар орындайтын амалдарды зерттеу және білу: оларды орындаудың салт жораларын білу.

  11. Жұма намазына бару.

  12. Алланың еркіне бағыну және әмір етілген шарттарды орындау.

  13. Шариғаттың әрбір бұйрығын шын жүректен, тек Алла үшін орындау.

  14. Іштей Алланы мүмкіндігінше үнемі есте сақтау және ұмытпау.

  15. Шариғат айыптайтын іс-әрекеттерді жасамау.

  16. Бұрынғы жасалған күнәларды мойындау және оларды енді жасамауға бекіну.

  17. Табиғатты зерттегенде одан Алланың құдіреті мен ұлылығын көру.

  18. Алланың бергендері үшін оған разы болу.

  19. Қандай да бір амалды орындауға кіріскенде Аллаға сенім арту (себеп-салдарлық тәуелділік).

  20. Егер қандай да бір бәле келсе (ауру. өлім, апат және т.б.), мұның бәрі Алланың әмірімен болды деп санау және ұстамдылық, шыдамдылық көрсету (Аллаға қатысты жаман ойлардың пайда болуынан сақтану).

  21. Албастыны өзінің жауы деп санау және ол итермелеген күнәлі істерді орындаудан сақтану.

  22. Сөз жүзінде және кез-келген істе ақиқат пен әділдік жағында болу.

  23. Сотта куәгер болғанда ақиқатты бұрмаламай тек қана шындықты айту.

  24. Қажет болса әскери қызмет атқаруға, отанын қорғауға міндетті.

  25. Әмір етілген шариғат нұсқамаларын алаңсыз орындау үшін еңбек ету және қаражат табу арқылы өзін және өз отбасын асырауға міндетті.

  26. Қажеттілікке қарай киіну.

  27. Қажеттілікке қарай ішіп-жеу.

  28. Біреудің дүниесі қолға қандай жолмен түссе де оны иесіне қайтару қажет.

  29. Қаза болған намазды кейін оқу керек.

  30. Қалауы бойынша оразаны мезгілсіз ашса, құн төлеу (құлды босату немесе 2 ай ораза ұстау).

  31. Зекет пен ұшырды уағында төлемесе, кейін беру.

  32. Егер кімде-кім алған қарызын дер кезінде қайтара алмаса, ол кісі үшін қарызды мұраға қалатын дәулеттің бөлігінен солар өтеуді көзі тірісінде мұрагерлеріне өсиет етуге міндетті.

  33. Өздеріне мұра қалмаса да мұрагерлер қарызды толық өтеуге міндетті.

  34. Уақтылы ұсталмаған оразаның орнын толтыру.

  35. Күйеуі әйеліне зорлық көрсетпей адалдық пен әділеттілікті қамтамасыз етіп, оны асырауға міндетті.

  36. Күйеуі әйелі үшін бөлме немесе үй дайындауға міндетті.

  37. Күйеуі әйелін көпшілік мақұлдаған, қажетті киімдермен қамтамасыз етуге міндетті.

  38. Күйеуі әйелін қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуге міндетті.

  39. Балалар мүмкіндігінше әке-шешесіне жақсы қарауға, сыйлауға және бағынуға міндетті (олардың ризашылығы үшін).

  40. Егер әке-шешесі кедейшілікте тұрса, оларды балалары асырауға міндетті.

  41. Әкесі жас балаларын асырауға міндетті.

  42. Қажет болғанда туыстарының жас балаларын және кембағалдарды (егер оның өзі мүгедек болса, босатылады) еркек асырауға міндетті.

  43. Егер серт етсең (уәде берсең), әрі ол шариғатқа қайшы келмесе, орындау керек.

  44. Егер қандай да бір салт жорасын жасауға немесе дұға оқуға ниет етсең, оны орындауға міндеттісің.

  45. Егер ниет еткеніңді (уәде еткеніңді) орындай алмасаң, айып төлеу (құлды босату немесе жарлыны тамақтандыру) арқылы өтеуге міндеттісің.

  46. Құранның оқылғанын естіген кезде – істің бәрін қою.

  47. Күйеуі әйеліне шын ниетімен махрды (некеге тұрғанда уәде етілген – соның меншігі) беруге міндетті.

  48. Шариғат алдында былғанған адам (жүніп) ғұсыл алуға міндетті.

  49. Етеккірі тоқтаған әйел ғұсыл алуға міндетті.

  50. Босанған әйел тәуір болған соң (40 күннен кейін) ғұсыл алуға міндетті.

  51. Белгіленген парыздарды пікірлестер арасында түсіндіру.

  52. Пікірлестер ортасында ізгі амалдар жасауға, ал шариғат тыйым салғандардан аулақ болуға үгіт жүргізу.

  53. Тыйым салынған қылықтардан тартыну.

  54. Шариғаттың кез-келген салт жораларын (дәрет, ғұсыл, намаз және т.б.) барлық нұсқамалары бойынша (осы амалдардағы парыздарымен) орындау.


КИФАЯ ПАРЫЗ


  1. Ислам шариғатының барлық қағидаларын жете білу (яғни, мұсылман заңнамасын жақсы зерттеу).

  2. Надан мұсылмандарға ислам шариғатын үйрету.

  3. Құранды түгел жатқа білу.

  4. Қоғамға қажетті өндіріс құралдарын және тұтыну заттарын жасау.

  5. Қамқоршылары және тіршіліктеріне қаражаты жоқ қарияларды асырау.

  6. Асыраушылары жоқ мүгедектерге, дәрменсіздерге, науқастарға көмек көрсету.

  7. Жетімдерді тәрбиелеу.

  8. Науқастарға қатынап, көңілдерін сұрау.

  9. Марқұмды шариғат бойынша арулау.

  10. Жерлеу алдында марқұмның жаназасын шығару.

  11. Көр қазып, марқұмды жерлеу.

  12. Сәлем бергеннің сәлемін алу.

  13. Егер адам түшкірген соң «Аллаға шүкір» (әлхамду лилләхи) десе, оған: «Саған Алланың рахымы болсын» (иархамика Аллаху) деп айту.

  14. Пайғамбардың атын атағанда немесе естігенде оның атына міндетті түрде салауат сөздерді қосу.

  15. Соғыс кезінде соғысқа қатысу.


УӘЖІП
Уәжіп – парыз сияқты міндетті түрде орындалуы талап етілетін амал болып табылады. Уәжіптерді орындағаны үшін адам Алладан сауап алады, дәлелді себептерсіз орындамаса, асқан күнаһар боп саналады. Уәжіпті кім тәрк етсе, сол үшін ол парыздағыдай дінсіздер категориясына ауыспайды деп есептелгенмен ауыр күнә көтереді.

  1. Ораза біткен соң өзі үшін және отбасының әр мүшесі үшін пітір садақа беру қажет (2 кг бидай құнына тең).

  2. Құрбан айт кезінде құрбандық шалу (ет кедейлерге таратылады)

  3. Өмірде бір рет кез-келген уақытта исламның қасиетті мекеніне (Меккеге) қажыға бару (негізінен қажылық құрбандық шалатын Құрбан айт мейрамына сәйкес келеді).

  4. Күн сайын кешкі бесінші намазда (құптан) 3 рәкәт үтір уәжіп оқу.

  5. Жылына екі рет мұсылмандарға қосылып, мерекелік намаздарды оқу (ораза мен Құбан айттан кейін).

  6. Құрбан шалу мерекесінің үш күнінде және төртінші күннің алғашқы үш намазында парыздан кейін «тәкбір» оқу.

  7. Құранды өз ережесі бойынша оқу, яғни «тәжуитті» білу.

  8. Құранның 14 жеріндегі бас ию (сәжде) аяттарын оқыған немесе естіген кісі иіліп «сәжде тиләуат» жасау.

  9. Уәдеде тұру.

  10. Бірдеме істеуді ниет еткенде немесе ол туралы сөз қозғағанда егер құдай берсе, яғни «Алла қаласа»деу керек. (Араб тілінде инша Алла деп айтылады).

  11. Алланың атын айтқанда оны ұлықтайтын сөздерді қосу.

  12. Әйел өзіне жүктелген міндеттерді орындауға және күйеуіне бағынуға міндетті.

  13. Оқушы (шәкірт) өзінің мұғаліміне бағынуға және оны сыйлауға міндетті.

  14. Іштей әркімге тек жақсылық, игілік, ұнамды нәрселерді ғана тілеу.

  15. Қиын жағдайға тап болған адамдар мен жануарларға мүмкіндігінше көмектесу.

  16. Сыйлық, жәдігер берілгенде - қабылдау.

  17. Алған сыйлығына өз кезегінде сондай қарымта қайтару.

  18. Біреу саған жақсылық жасаса, оған да соны қайтару.

  19. Қонаққа шақырған жерге бару қажет.Тек тағамның халалдығы күмән туғызған жағдайда ғана бармау. Тағамның халалдығы дегенде шариғат талаптарына сай болуы ұғылады. Ұрланғанды, шошқаның етін, арам өлген малдың етін қолдануға рұқсат етілмейді.

  20. Егер біреуге жаманшылық жасасаң, кінәңді мойындап, кешірім сұрау.

  21. Сатып алушыға өз тауарыңның кемшілігі жөнінде айту.

  22. Иманды бауырлар (қарындастар) бір-біріне жәрдемдесу.

  23. Мүмкіндігінше имандылардың амалдары туралы жақсы пікірде болу.

  24. Ажырасқан немесе жесір қалған әйел шариғат белгілеген мерзім өткенше қарапайым киінуі және қуаныш белгілерін көрсетпеуі тиіс.

  25. Қауіп төнген жағдайдан басқа кезде, ажырасқан әйел белгіленген мерзім өткенше үйде қалуы тиіс.

  26. Жолаушы парыз намазын қысқартып оқуы тиіс. 4 рәкәттің орнына тек екеуін оқу.

  27. Егер біреуге нақақ жала жабылса, ақиқатты білуші оған болысып, шындықты айтуы тиіс.

  28. Үш күннен артық өкпелемеу. Осы мерзім ішінде татуласу қажет (егер бұл оның дініне зиянын тигізбесе).

  29. Егер қызды лайықты жігітке айттырса және оған келісімі берілсе – оны күйеуге беру қажет.

  30. Қажылық кезінде кім белгіленген салт жораларын бұзса, сол құрбандық шалуға және қайыр-садақа беруге міндетті.

  31. Өзінде жақсы мінез тәрбиелеу.

  32. Әр нәрсеге (жағдайға) байыппен қарау, одан өзіне сабақ алу.

  33. Басшылар өз қарамағындағыларға жақсы қарауға, әділ шешім қабылдауға міндетті.

  34. Қойылған сұрақтың жауабын білетін адам оны айтуға міндетті.

  35. Егер көзі тірісінде қаза болған ораза, намаздарды орындап үлгермесе, садақа (підия) беру жөнінде мұрагерлеріне өсиет ету.

  36. Уақтылы берілмеген зекет үшін көзі тірісінде, алдын-ала мұрагерлеріне өзінен қалған дәулеттен төлеуді өсиет етуі тиіс.

  37. Егер кімде-кім анық мүмкіндігі бола тұра белгіленген қажылық парызды өтемесе, ақысына біреудің қажыға баруын (дада қажы) мұрагерлеріне өсиет етуге міндетті.

  38. Қалдырылған мұраның үштен бір бөлігіне дейін жұмсап, мұрагерлері өсиетті орындаулары тиіс.

  39. Әке-шешелері өз балаларына дінді, салт жораларын, мәдениетті және т.б. мәселелерді үйретуге немесе ұстаз жалдауға міндетті.

  40. Туыстар өз қарым-қатынастарын үзбеуге тиіс, тату өмір сүруге міндетті.

  41. Кім өз әйелін жақын туыстарына ұқсастырса, сол шариғат белгілеген айыппұл төлеуге міндетті.

  42. Кім әйеліне 4 ай жақындамауға серт берсе, сол өз сертін бұзуға және айыппұл төлеуге міндетті.

  43. Екі әйелі барға олардың арасына теңдік пен әділдікті қамтамасыз ету.

  44. Шариғаттың әрбір салт жорасын барлық уәжіптерімен (мысалы, дұғаларда 12 уәжіп бар) орындау.



СҮННЕТ
Бұл амалдарды пайғамбарымыз орындаған, бұлардың орындалғаны үшін жарылқау болатынын айтқан. Біз әр сүннетті орындауға ұмтылуымыз керек. Кім сүннеттерді себепсіз орындамаса, сол аса күнаһарлардың категориясына ауыспаса да, қиямет күні бұл туралы одан сұралады.

  1. Әрбір жақсы, ізгі істі Алланың атымен бастау (Аса қамқор, Ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын дегенді арабша айту, яғни бисмилләхир рахманир рахим).

  2. Түшкірген соң «Аллаға шүкір» дегенді арабша айту (әл–хамду лиллахи).

  3. Есінеген кезде ауызды қалқалап, жабу.

  4. Діншіл адамдарды кездестіргенде сәлем беру.

  5. Ас алдында қолды жуу.

  6. Астан кейін де қолды жуу.

  7. Тамақ ішерде: «Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын» деу (арабша).

  8. Астан соң Аллаға шүкіршілік ету.

  9. Отырып тамақтану.

  10. Ас алдында және одан кейін титтей тұз тату.

  11. Аса қажеттілік болмаса, құралды қолданбау, яғни қолмен жеу.

  12. Тағамды оң қолмен қабылдау.

  13. Ішкенде ыдысты оң қолда ұстау.

  14. Аптықпай, кідіріс жасап ішу.

  15. Тамақты шыны, фарфор және ағаш ыдыстардан ішу.

  16. Тамақтың қоқымдарын тастамау, оларды да асқа жарату.

  17. Арпаның нанын жеу.

  18. Өзіңнің ыдысыңда ас қалдырма.

  19. Әйелімен, бала-шағасымен бірге тамақтану.

  20. Сүт, су немесе басқа жағымды бірдеме ұсынған кезде – қабылдау.

  21. Ақ, жасыл немесе қара түсті киімдерді кию.

  22. Шешілген киімді орап, жинап қою.

  23. Киімді таза және қаз-қалпында ұстау.

  24. Біраз киілген, артық киімдерді кедейлерге тарату.

  25. Намаз оқығанда басқа сәлде орау.

  26. Киімді тозғанша кию.

  27. Ұйқыға жатарда дәрет алу.

  28. Ұйқыға жатарда тісті тазалау.

  29. Дәрет алғанда тісті мисуақпен (тәтті тамыр) тазалау.

  30. Таң сәріде тұру.

  31. Құран оқуды Алланың атымен бастау.

  32. Парыз намаздарын бірлесіп оқу (жамағатпен).

  33. Намаздың алдында намазға шақыруды (азан мен қаматты) айту.

  34. Намазды махалладағы, яғни өзі тұратын жерге жақын мешітте оқу.

  35. Сүннет намаздарын таңғы (таң), түскі (бесін), түстен кейінгі (ақшам) және кешкі (құптан) намаздарында оқу.

  36. Ораза кезінде соңғы намаздан кейін тарауих намазын оқу.

  37. Тарауих намазы кезінде біртіндеп қосумен Құранды түгел оқып шығу.

  38. Рамазан айында бір түнді болсын Аллаға құлшылық етумен (Құран, намаз оқу) мешітте өткізу.

  39. Рамазан айында тамақты таң атпай ішу.

  40. Рамазан айында күн батқан соң біраз тамақтанып алу, сосын намаз оқу.

  41. Жұма күні және айттың алдындағы күні (немесе айт басталған күні) ғұсыл алу.

  42. Ораза мейрамы басталған күні күн шықпай, таң сәріде тамақтану.

  43. Құрбан айт басталған күні таң сәріден айт намазы аяқталғанша тамақ ішпеу.

  44. Құрбан айт намазынан келген соң (біткен соң) қандай да бір ұнамды тамақпен ауыз ашу.

  45. Мейрам күндері жақсы киім кию.

  46. Ауызды, тістерді таза ұстау.

  47. Ауызға түспес үшін мұртты қысқарту.

  48. Тырнақтарды алу.

  49. Қолтықтағы жүнді алу.

  50. Шаттағы жүнді қыру.

  51. Ұл балаларды 10 жасқа дейін сүндетке отырғызу.

  52. Әйелдерге тырнақтарын қынамен әдемілеуге рұқсат етіледі.

  53. Шалбар кию.

  54. Егде тартқан адамдарға, ғалымдарға құрмет көрсету.

  55. Жас балаларға қайырымды болу.

  56. Туысқандарды, дос-жаранды, көршілерді қонаққа шақырып, ас-ауқат беру.

  57. Қонақты жақсы қарсы алу.

  58. Адамның қадір-қасиетіне сәйкес сый-құрмет көрсету. Мәселен, ғалымға немесе шайқыға жасалатын қатынасты наданға жасалғанмен салыстыруға болмайды.

  59. Бір-бірімен амандасқанда қол алысу.

  60. Отбасыны асырауға қабілетті еркек үйленуге міндетті.

  61. Отбасына керек жұмыстарды істеуге қабілетті әйел күйеуге шығуы тиіс.

  62. Үйлену тойы халыққа жариялануы тиіс.

  63. Үйлену тойын көп кісі шақырумен, той тағамдарын даярлаумен өткізу.

  64. Адамдарға нақты зиян келтіретін жануарларды, жәндіктерді құрту.

  65. Дінсіздерді тура жолға бағыттауды Алладан сұрау.

  66. Ұрсысып қалғандарды татуластыруға талаптану.

  67. Егер сенің өзіңе тілегенің басқаларға келіп жатса, бұған разы болуға тиіссің.

  68. Өзіңе тілемейтінді басқаларға да тілеме.

  69. Мұқтаж адамға ақша беру, бірақ оны қайтарғанда өсіммен алуға тыйым салынады.

  70. Әрбір әйел кез-келген істе мұқият болуға тиіс.

  71. Шаруашылыққа қатысты мәселелерде әйелімен ақылдасу.

  72. Жолға достарымен шығу.

  73. Зират басына бару, тіршілік жөнінде толғану.

  74. Науқас болса дәрігерге қаралу, емделу.

  75. Қажеттілік болса, қан беру.

  76. Шағбан айының 29 күні жаңа ай тууын бақылау. Егер көрінсе, ертеңінде ораза ұстауды бастау (рамазан айының басы).

  77. Араб тілін жақсы білу.

  78. Әл үстіндегі адамның аяқтарын құбылаға бағыттап, шалқасынан жатқызу.

  79. Өлім халіндегі адамға иман үйіру (иманын күәландыру тұжырымдамасы).

  80. Марқұмның көздерін жабу.

  81. Марқұмның аузын жабу және аузы ашылып кетпес үшін бірдемемен иегін тартып қою.

  82. Марқұмның басына ұнамды иіссу себу.

  83. Салт жорасы бойынша еркекке 3 қабат, әйелге 5 қабат кебін кигізу.

  84. Марқұмды 4 кісі көтереді.

  85. Төрт жағындағылар да ауысумен, марқұмды үйінен 40 қадамдай жерге көтеріп бару.

  86. Марқұмды көтергенде асығыс жүру, бірақ аса жылдам емес.

  87. Көрді Құбыла бағытына көлденең, қабырғасын үңгіп, мәйітті жатқызатын қуыс жасап қазу.

  88. Марқұмды көрге құбыла жақтан түсіру.

  89. Мәйітті көрдің қабырғасындағы қуысқа қойғанда басын шығыс жаққа, аяқтарын батыс жаққа, бетін құбылаға қаратып, қырынан жатқызу.

  90. Қуысты қалаудың алдында (кірпішпен) әйел-марқұмға көрпе жабу.

  91. Барлық намаздар мен салт жораларын оларға кіретін сүннеттерімен орындау. Мысалы: намаз оқу үшін дәрет алуда – 20, ғұсылда – 10, намазда – 38, оразада – 6, қажылықта – 10 сүннет бар.


МҰСТАХАБ
Мұстахаб (мақұл) дегеніміз – пайғамбар жиі орындаған амалдар. Мұстахабтарды орындағандарға сауап болады. Орындамағандар күнәһар болып есептелмейді және қиямет күні жауапқа тартылмайды.

Діншілдер үшін келесі 149 мұстахаб мақтауға тұрарлық болып табылады.



  1. Мәдинадағы пайғамбарымыздың зиратына бару (бұл мұстахаб уәжіп пен сүннетке теңгеріледі).

  2. Қосымша дұғалар оқу.

  3. Қосымша ораза ұстау.

  4. Қосымша қажылыққа бару.

  5. Бекітілген зекет пен ұшырдан басқа қайыр - садақа беру.

  6. Дәрет алғанда жүзді құбылаға қарату.

  7. Мүмкіндігінше әрдайым дәретпен жүру.

  8. Намаздың уақыты кірмей тұрып, алдын-ала дәрет алу.

  9. Дәрет алған соң оны бұзатын бірдеңе жасалса, келесі намаз үшін қайта дәрет алу.

  10. Дәрет алу кезінде қажетті дұғаларды оқу.

  11. Алланы ұлықтайтын «Аллаху акбар» деген сөздерді жиі айту.

  12. Алланың жалғыз екенін айтатын «лә иллаха илла Алла» деген сөздерді жиі айту.

  13. Аллада кемшілік болмайтынын білдіретін «субхана Алла» дейтін сөздерді айту.

  14. Әркез Алланы мадақтайтын «әлхамду лиллахи» деген сөздерді айту.

  15. Жасалған күнәлар үшін әркез Алладан «астағфир Алла» деп, кешірім сұрау.

  16. Бос уақытта Құранды оқу.

  17. Пайғамбарға «Аллахумма салли ғала мухаммадиу уа тағала али мухаммадиу уа салиму» деп, көп мәрте салауат айту.

  18. Пайғамбардың сахабаларын (серіктерін) еске алғанда олардың аттарына және әйгілі дінтанушы ғалымдардың есімдеріне құрметтеу сөздерін қосу.

  19. Дастархан жайып, жерде тамақтану.

  20. Кез-келген тамақты аз мөлшерде алып, жақсылап шайнау.

  21. Тамақты үш саусақпен алу.

  22. Тамақ ішіп болған соң қолды (саусақтарды) және ауызды сүрту.

  23. Ас үстінде аш-арықтарды еске алу және Аллаға шүкіршілік ету.

  24. Дастархан басында өзін әдепті ұстау.

  25. Артық ішіп-жемеу.

  26. Тамақты жинап, әкеткенше дастархан басында отыру.

  27. Дастархан басында тамақты тек өзіңнің алдыңнан жеу.

  28. Астан кейін үй иесіне жақсылық тілеу (бата беру).

  29. Егер тамақ әзірленіп, дастархан жайылса – тамақты ішу керек.

  30. Тағам мен сусынды әбден ыстық күйде қолданбау.

  31. Марқұмның отбасына немесе жапа шеккендердің отбасына тамақ апару.

  32. Мақтаншақтықтан құтылу үшін жамауы бар киім кию.

  33. Жүннен жасалған бұйымдарды кию.

  34. Киімді кигенде алдымен оң қолға немесе оң аяққа кию.

  35. Үстегі киімді немесе аяқкиімді шешкенде сол қол, сол аяқтан бастау.

  36. Жаңа киімдерді жұма күндері кию.

  37. Киілетін киімді алдымен сілку.

  38. Кірлеген киімді жуу.

  39. Мешітке сәлдемен бару.

  40. Аяқ киімдерді сұр немесе сары түстерден кию.

  41. Ауланы таза және жинақы ұстау.

  42. Шалбарды және мәсіні отырып кию.

  43. Қонаққа шақырылғанда, егер тамақтың тазалығы күмән туғызбаса, тіптен ең кедей кісінікіне де бару керек.

  44. Кешке, қақпалар мен есіктерді жапқан кезде Алланың есімін еске алу.

  45. Кешке терезе пердесін жабу.

  46. Төсекке жатарда көрпе-төсеніштерді сілку қажет.

  47. Ұйықтар алдында қасындағыларға өзінің өсиеттерін айту.

  48. Жасаған күнәлары үшін ұйықтар алдында опық жеу және Алладан кешірім сұрау.

  49. Ұйықтар алдында жанып тұрған оттарды өшіру.

  50. Ұйықтарда бетті Құбылаға қаратып, аяқтарды батысқа созып, оң қырынан жату.

  51. Мүмкіндігінше әке-шешемен аптасына бір мәрте кеэдесу және олардың тек ризашылығын алуға талаптану.

  52. Жасы үлкен туыстарыңды өз ата-анаңдай сыйлау.

  53. Ата-анаңның достарын жақсы көріп, сыйлау.

  54. Жасы кіші туысқандарыңды өз балаларыңдай сыйлау.

  55. Әйел өз күйеуінің туыстарын сыйлауы тиіс.

  56. Күйеуі әйелінің туыстарын сыйлауы тиіс.

  57. Әйелге босанудан кейінгі кезеңде және етеккірдің кезінде ескілеу киім кию.

  58. Етеккір кезінде және босанудан кейінгі ауру кезеңінде еркектің әйелімен бірге түнемеуі.

  59. Ақылды, биязы мінезді адамдармен достықта болуға тырысу.

  60. Дос-жарандармен, туысқандармен кездескенеде қуану.

  61. Қол алысқанда қолды бас бармақтың түбірінен ұстау.

  62. Алғаш танысуда аты-жөнін, туысқандары туралы сұрау.

  63. Дос, жақын адамдарға кемшіліктері туралы жеке жерде тұспалдап айту.

  64. Әйелінің, дос-жарандарының алдында тәуір көріну үшін жақсы киіну.

  65. Айнаның алдында жөнделу.

  66. Үйде ұнамды көріну үшін әйелдің жақсы киінуі.

  67. Киімге хош иісті иіссу себу.

  68. Көшеге шығарда әйелдің жөнтектеу сырт киім киюі.

  69. Көзге, қасқа сүрме жаққан пайдалы.

  70. Еркектердің сақал-мұрттарын қынамен бояуы.

  71. Шашты, сақал-мұртты таза, әдемі қалыпта ұстау, тарау.

  72. Шашты қасқартып тұру немесе тақырлау.

  73. Ауызды, мұрынды, құлақты, саусақтарды, тырнақтарды жиірек жуу, яғни тазалықта ұстау.

  74. Бейсенбі немесе жұма күндері тырнақтарды алу, мұртты қысқарту, қырыну ләзім.

  75. Шаш пен тырнақты жерге көму.

  76. Құдайдан қорқатындарды қайырымдылығы, адалдығы үшін жақсы көру және сыйлау.

  77. Мүмкіндігінше әділетсіздіктен, рақымсыздықтан зардап шегіп жүргендерге көмектесу.

  78. Мүмкіндігінше игі істермен айналысатын адамдарға жәрдемдесу.

  79. Мүмкіндігінше ұйығандарды тура жолға бағыттау, оларға пайдалы нәрселерді үйрету.

  80. Қандай да бір зиянкестік жасырылмаса, басқаларға көмек беру.

  81. Өз күнәлары мен кемшіліктерін жасыру.

  82. Басқалардың кемшіліктерін жарияламауға тырысу.

  83. Адасқанға жол көрсету.

  84. Қайғырғанды жылы сөздермен жұбату.

  85. Егер өзіңді қайғы басса: «Расында да біз Алланың құлымыз және Оған қайтып ораламыз» (Құранның аяты) деу керек.

  86. Жазықсыз жапа шеккенге болысу.

  87. Күнәһарларды тура жолға салуды Алладан сұрау.

  88. Күнәһар адамдардың күнәларын кешіруді Алладан сұрау.

  89. Мәжіліске жиналғандардың арасында жақсылыққа үндейтін әңгімелер айтылған кезде отырып тыңдау.

  90. Ізгі және пайдалы істерді дабыра қылмай істеу.

  91. Тіптен ол кәпір немесе күнәһар болса да марқұмды әкетіп бара жатқанда тұру.

  92. Марқұмды шығарып салу.

  93. Мұқтаж адамға үйдің құрал-жабдықтарын беріп, көмек көрсету (ол үшін ақы талап етуге рұқсат жоқ).

  94. Мешіт, медресе, тағы басқаларға ақшалай көмек беру және өз қызметіңді көрсету.

  95. Ғимараттарды, жолдарды, көпірлерді жөндеуге немесе құрылысқа және басқа істерге ақшалай көмек беру және қызмет көрсету.

  96. Пайдалы екпе ағаштарды күтіп, өсіру.

  97. Адамдарға кедергі жасайтын нәрселерді, мәселен, тастарды жолдан алып, шетке тастау.

  98. Құрбан шалғанда еттің үштен бір бөлігін жарлы-жақыбайларға тарату.

  99. Қыз туғанда бір қой, ұл туғанда екі қой сойып, тарату.

  100. Бала туған соң 7 күннен кейін оның шашын алу және сол шаштың салмағына тең алтыннан немесе күмістен қайыр-садақа беру.

  101. Жетінші күні балаға жақсы ат қою.

  102. Іске ерте кірісу.

  103. Күмәнді нәрселерді, мәселен, ауру малды сатып алудан сақтану.

  104. Егер сатушы сатқанына өкініп, өзінің затын қайта алғысы келсе, ол үшін ештеңе талап етпестен оны қайтару керек.

  105. Егер алушы өкінсе және сатып алынған затты қайтарғысы келсе, оны иесі ақшаны түгел қайтарумен, қайта алуы керек.

  106. Достармен жолға шыққанда жолбасшы сайлау.

  107. Салт немесе арбамен өрге шыққанда (тауға және т.б.) жылдамдатып жүру.

  108. Жолаушыға рамазан айындағы оразаны кейінге қалдырмауға тырысу.

  109. Жол жүріп қайтқан кісінің балалары мен жақындарына базарлық әкелуі.

  110. Алған қарызды мүмкіндігінше тезірек қайтару.

  111. Қарыз берген мүмкіндігінше қарызды қайтаруды асықтырмау.

  112. Өз байлығының мөлшері туралы айтпау.

  113. Өз байлығы туралы жариялау (мөлшерін айтпай).

  114. Алға да, артқа да емес, шет жаққа түкіру.

  115. Құнды тауарды, қымбат заттарды кемінде екі куәгердің көзінше сату немесе сатып алу.

  116. Көңіл-күйі жоқ адамға көп тамақ ішуден тартыну.

  117. Қарыз беруші екі куәгердің көзінше алушыдан қолхат алуы.

  118. Жаман әсер қалдыратын жерлерге барудан тартыну.

  119. Марқұмдар туралы жақсы айту.

  120. Құран оқу, қосымша намаздар оқу және осы үшін Алладан марқұмдардың күнәларын кешіруді сұрау.

  121. Суы және азық-түлігі бар ыдыстың бетін жабу.

  122. Кез-келген істі асықпай, сапалы орындау.

  123. Іс істегенде және әркім үшін биязы, мейрімді болу.

  124. Өзіңдегі байлыққа шүкіршілік ету.

  125. Әрбір істе қарапайым және тәртіпті болу.

  126. Қонақтарға ас-ауқат бергенде алдымен сыйлы адамдарға ұсыну.

  127. Тамақты ұсынғанда оң жақтан бастау.

  128. Олар аса асқақтап кетпес үшін мақтаншақтар мен өзімшілдерге солай жауап беру.

  129. Болашақ күйеу қалыңдығын көруі тиіс.

  130. Ислам рухына, шариғатқа қарсы келмейтін жаңа дүниелерге рұқсат етіледі.

  131. Өз халқының құрметті адамдары болып табылатын халық өкілдерін сыйлау және қонақжайлық көрсету.

  132. Ислам рухына және шариғатқа қарсы келмейтін жаңалықтарды пайдалануға рұқсат етіледі.

  133. Жолға шыққанда немесе қандай да бір жұмысқа кіріскенде жақсы адамдар жолықса іс жақсы болар деп жорамалдау.

  134. Тәуір боласың, жазыласың деп науқасты қуанту, үміттендіру.

  135. Науқастың маңдайын, тамырын ұстап көру.

  136. Жауынгерлік дайындыққа мүмкіндік туғызатын ойындарды, мысалы, атыс ойындарын ойнау.

  137. Аттың, техниканың үстінде жауынгерлік дайындықты жетілдіру, соған ұқсас ойындар ойнау.

  138. Жетімдерге моральдық және материалдық көмек көрсету, оларды қуанту.

  139. Кедейлерге, жесірлерге моральдық қолдау және материалдық көмек көрсету.

  140. Кәрі кісілерге, кедейлерге, кембағалдарға қайыр-садақа беру.

  141. Қыз туғанда жақсылыққа жорып, қуану.

  142. Әке-шешенің қыздарына қарым-қатынасы ұлдарынан жақсырақ болуы тиіс.

  143. Исламды (мұсылмандықты) қабылдаған адам ғұсыл алу керек.

  144. 15 жаста, кәмелетке толған соң ғұсыл алу.

  145. Дәрет алу үшін суды өзі әзірлеу.

  146. Дәрет алғанда денені келісті қалыпта ұстау.

  147. Дәрет алғанда киімге су шашырамас үшін жерден көтеріңкі тұру.

  148. Әдемі жазуды үйрену.

  149. Намаздарды және шариғаттың басқа салт-жораларын оларға кіретін барлық мұстахабтарымен орындау.


  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет