Негізгі мектептердегі математиканы оқыту үрдісін бақылау



Дата02.12.2019
өлшемі72.41 Kb.
Математика курсының және де оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, квадрат үшмүше тақырыбын дамытудың жолдары толық зерттелген жоқ, оқушылардың осы тақырыппен байланысты ұғымдарды меңгеруінің әдістемесі әліде жетілдіруді қажет етеді. Мектеп бағдарламаларында болып жатқан өзгерістер, соңғы жылдары республикамызда жарыққа шығып жатқан оқулықтар математиканы оқыту жүйесін қайта қаруды, атап айтқанда оқушылардың квадрат үшмүше тақырыбын меңгеруін негіздейтін әдістемелердің жоғарғы деңгейде болуын талап етеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - мектеп оқушыларының квадрат үшмүше тақырыбын меңгеруінің теориялық негіздерін және дидактикалық шарттарын айқындай отырып, оқушыларының квадрат үшмүше тақырыбын меңгеруінің әдістемесін құру

Зерттеудің мақсаты, пәні және ғылыми болжамы оның келесі зерттеу міндеттерін анықтады: психологиялық және педагогикалық зерттеулерді арқау ете отырып, мектеп оқушыларының квадрат үшмүшені меңгеруінің негізгі кезеңдерін, белгілерін және деңгейлерін анықтау; оқушылардың квадрат үшмүшені меңгеруіне ықпал жасайтын дидактикалық шарттарды айқындау; VІІ-ІХ сынып оқушыларына квадрат үшмүшені меңгеруге арнайы құрастырылған алгебралық есептер жүйесін оқыту құралы ретінде қарастыру; осы есептер жүйесінің VІІ-ІХ математикалық оқулықтарында алатын орынын және оны қолданудың әдістерін анықтау; ұсынылған әдістеменің тиімділігіне тәжірибе жүргізу арқылы көз жеткізу;

Қойылған міндеттерді түбегейлі шешу үшін келесі ғылыми педагогикалық әдістер қолданылады:

- зерттелініп отырған мәселеге байланысты психологиялық, педагогикалық, әдістемелік еңбектерге талдау жасау;

- алдыңғы қатарлы математика мұғалімдердің озық тәжірибелерін талдау және жалпылау;

- негізгі мектептердегі математиканы оқыту үрдісін бақылау;

- мұғалімдермен анкета, пікірталас және әңгімелер жүргізу;

- зерттеу барысында дайындалған әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін тәжірибе жолымен тексеру;

Диплом кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Математиканы оқытудың жылпы білім беру мақсаттары:

1) математикалық ұғымдарды қалыптастыру;

2) нақты дәлелдерді, құбылыстарды, тәжірибелерді ұғындыру;

3) формулаларды дәлелдей білуді үйрету;

4) ұғымдардың анықтамасын, заңдардың оқылуын, теорияның негізін оқыту;

5) оқушыларды ғылым негізімен таныстыру;

6) оқушыларды нақты өмірді ұғынудың математикалық әдістерін меңгеруге үйрету;

7) оқушыларды математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне үйрету.

Сонымен қатар математиканы оқытудың дамытушылық, тәрбиелік, практикалық мақсаттары бар.

Математика курсының мазмұны мен оны оқытудың заманауи әдістемесі оқушылардың логикалық ойлауын мақсатты түрде дамыту мүмкіндігін арттырып, тапсырмаларды тиімді және шығармашылық орындау, оқу және анықтамалық материалдарды, есептеу құрылғыларын және т. б. қолдана білу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Оқушылардың өз бетінше оқу жұмысына қажетті дағдылардың арасында ойлау қабілеттерінің қалыптасуы мен дамуына әсер ететін жағдайлар ерекше рөл атқарады. Мұнда бақылау және салыстыру, абстрактілеу және нақтылау, жинақтау және мамандандыру, жіктеу және жүйелеу, анализ және синтез, сәйкестіктер мен қарама-қайшылықтарды табу және анологияны қолдану, болжамдарды құру және іс-әрекеттерді жоспарлау, өзін-өзі бақылау және зерттелетін материалға сыни көзқарасты дамыту және т.б. бар.



(1)

түріндегі көпмүше квадрат үшмүше деп аталады. Мұндағы - айнымалы, кез-келген сандар және . сандары квадрат үшмүшенің коэффициенттері, әрі қарай нақты сандар деп қабылдаймыз.

Квадрат үшмүшені (1) нөлге айналдыратын айнымалысының мәндерін квадрат үшмүшенің түбірлері деп атайды. Демек, квадрат үшмүшенің түбірін табу үшін

(2)

түріндегі квадрат теңдеуді шешу керек.

Оны шешу жолдарына дискриминант (нөлден үлкен, нөлден кіші, нөлге тең жағдайлары), виет теоремасын айта кетуге болады.

(11)

түріндегі функцияны квадраттық функция деп атаймыз. Мұндағы нақты сандар және . (11) формуладағы -ті -тің кез-келген комплекстік мәнінде есептеп табуға болады, әрі қарай бұл функцияны тек аргументінің нақты мәндері үшін қарастыратын боламыз. (11) формулада кез-келген нақты мәнді қабылдай алады. Басқаша айтқанда, (11) квадрат функцияның анықталу аймағы барлық нақты сандар жиыны.

(11) функцияны қарастырып, графигін салу үшін өрнегіне толық квадратты бөліп алуды қолданамыз:

(12)

Жазбаны қысқарту үшін келесі белгілеулерді енгіземіз:



. (13)

Сонда (12) формула мына түрге келеді (14)

Төменде (11) функцияның графигін салу жолдары көрсетіледі.

Алдымен қарапайым функцияның графигін қарастырамыз (15)



содан кейін (11) функцияның графигін (15) функцияның графигін жылжыту арқылы алуға болатынын көрсетеміз.

Квадрат үшмүшені зерттеу.Геометриялық зерттеу. Бұл зерттеудің мақсаты параболасының дискриминант таңбасына байланысты абцисса осінде қалай орналасатынын анықтау. (Мұндағы әрқашан нақты сандар екендгін еске саламыз). болғандағы үш мүмкін жағдайды қарастырамыз.

(20)

түріндегі теңсіздікті квадрат теңсіздік деп атаймыз, мұндағы нақты сандар және .

Енді мектеп оқулықтарының талдауына, яғни «Квадрат үшмүше» тақырыбының баяндалуына тоқтала кетейік. Оқу материалының толық талдауы төмендегілерден тұрады: 1) теориялық материалды талдау; 2) математикалық есептерді талдау; 3) теориялық материалдар және математикалық есептердің мүмкін болатын өзара байланысын талдау. Талдауға жалпы білім беретін орта мектептерде қолданыста жүрген 8 сынып алгебра оқулықтарының авторлары: А.Әбілқасымова, т.б.; Б.Баймұханов, т.б. және Ә.Н.Шыныбеков қолданылды. Бұл оқулықтардың ішіндегі жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша жазылған және қолданылып жүрген оқулықтар А.Әбілқасымова, т.б. және Ә.Н.Шыныбеков. Аталған оқулықтар бойынша тақырыпты оқытудың негізгі мазмұны, тақырып мазмұнынының математикалық талдауы, теориялық бөлігі, қарастырылған мысалдар мен шығаруға ұсынылған есептер көлемі салыстырылды. Осы талдаудың негізінде А мен В тобындағы жаттығуларға қоса С тобындағы жаттығулар математикадан алған білімді одан әрі тереңдетуге көмектесетін, оларды шығармашылық бағытта жұмыс жасауға үйрететін, олимпиядаларға және т.б. жарыстарға дайындалуға мүмкіндік беретін стандарт емес есептерді шығаруға ұсыныс жасаймын.

Заманауи білім беру жүйесінде жаңартылған бағдарламаға негізделген инновациялық технологиялардың модульдері келесі бағыттарда орындалуда: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сын тұрғысынан ойлауға үйрету; оқу үшін бағалау және оқуды бағалау; оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану; талантты және дарынды балаларды оқыту; оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу; оқытуды басқару және көшбасшылық.



Дипломдық жұмыста сыни тұрғыдан ойлауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әдістерді қарастырдым. Мысалға, синквейн, кластер құру, шатасқан логикалық тізбектер, қиын жағдайдан жеңіл жағдайға және т.б. Сонымен қатар MathCad интерактивті ортасын қолдану арқылы «Квадрат үшмүше» тақырыбын түсіндіруді қарастырдым.

Қорыта келе жалпы білім беретін орта мектепте математикалық квадрат үшмүшені оқыту әдістемесін және оларды оқытуда инновациялық технологияларды қолдану негізінде мектеп оқушыларының пәнге деген қызғушылығын арттыруға ықпал ететін тиімді әдіс – тәсілдер анықталды.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет