Некенің алдында әйелдің қандай дене мүшелеріне қарау рұқсат етіледі



Дата29.04.2016
өлшемі63.57 Kb.
Некенің алдында әйелдің қандай дене мүшелеріне қарау рұқсат етіледі

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтаулар, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның жанұя мүшелеріне әрі барлық сахабаларына Аллаһтың игіліктері мен сәлемі болсын!

Ал содан кейін:

Абу Хурайрадан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Әйелге төрт (нәрсесі) үшін үйленеді: оның байлығы үшін, оның тектілігі үшін, оның сұлулығы үшін және оның діні үшін. Ендеше, діннің қағидаларын ұстанатын әйел ізде!» Әл-Бухари, 5090; Муслим, 1466.

Адамның үйлену себептері де осы. Алайда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдің діндарлығын ерекше атап айтқаны әдемілік пен сыртқы бейнесіне ешқандай мән бөлмеу керек дегенді білдірмейді. Мәселе діндарлық бірінші кезекте тұруы қажет екендігінде. Солай бола тұра, Аллаһ Елшісінің өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің сахабаларына, олар сүйіспеншілік пен татулықта өмір сүрулері үшін, үйленгілері келген әйелдерге қарауды жиі бұйыратын. Әл-Муғира ибн Шу’ба былай дейтін: “Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көзі тірісі кезінде мен бір әйелге құда түскен кезімде, (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) менен: «Сен оған қарадың ба?», - деп сұрады. Мен: «Жоқ», - деп жауап бердім. Сонда ол: «Ендеше, мұны істе, себебі, ақиқатында, бұл араларыңда махаббат, татулық болуы үшін ықпал етеді!», - деп айтты”. Ахмад 4/144, ән-Нәсаи 2/73, әт-Тирмизи 1/202, Ибн Мәжаһ 1866. Хадистің сахихтығын (сенімділігін) имам Абу ‘Иса әт-Тирмизи, имам әл-Бағауи, хафиз әл-’Ирақи және шейх әл-Әлбани растаған.

Бұл елемей қоюға болмайтын ұлы әрі маңызды хадис.

Абу Хурайра былай дейтін: “Бірде бір кісі ансарлардан болған бір әйелге үйленуді шешкен болатын, сол кезде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Оны көр, расында, ансарлардың көзінде бір нәрсе бар», - яғни олар кішкентай деді”. Муслим 4/142.

Сондай-ақ Абу Хурайра бірде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қандай әйел ең жақсы болып табылады?», - деп сұрақ қойылғанын баяндайтын. Ол: «Күйеуі оған қарағанда, оның (көзін) қуантатын; ол оған бұйырғанда, оған қарсы бағынатын; әрі егер күйеуне өзінен немесе оның мал-мүлкін жұмсауынан әлдебір нәрселер ұнамаса, күйеуіне қарсы шықпайтын әйел», - деп жауап берді. Ахмад 2/251, ән-Нәсаи 2/72. Хадистің сахихтығын имам әл-Хаким, имам әз-Зәһаби, хафиз әл-‘Ирақи және шейх әл-Әлбани растаған.

Мұның барлығы некенің алдында бір-біріне қараудың Исламда қандай маңыз берілетінін көрсетіп тұр.

Себебі мұсылман ер кісілерден де, мұсылман әйелдерден де: «Үйленгенде (тұрмысқа шыққанда) қайда қарағанбыз?!», - деген сөздерді жиі естуге болады!

Бұл мәселеде имам Ахмад керемет насихат айтып: «Егер еркек әйелге құда түсуді шешсе, онда әуелі ол оның әдемілігі жайында білуі керек, егер ол оның көңілінен шықса, онда оның діні жайлы сұрастыруы қажет, әрі егер бұл мақталатын болса, сонда оған үйленсін. Ал егер оған оның діні ұнамаса, онда оны діні себепті тастайды. Бірақ бірінші діні туралы сұрамау керек, себебі (өзгелер) оны осыда (яғни діндарлығында) мақтайтын болса, ал сұлулығында ол мақтаулы болмаса, онда ол одан оның діні үшін емес, сұлу болмағандығы үшін бас тартқан болады!», - деді. Қз.: «Шарх Мунтаха әл-ирадат» 2/621.

Некенің алдында қалыңдыққа қараудың маңызын ұғып алғаннан кейін: «Ал оның қай жерлерін көру рұқсат етіледі?» деген сұрақ туындайды.

Ер адам үйленгісі келетін әйелдің қандай дене мүшелерін көруге болатындығына қатысты ғалымдар арасында үш белгілі пікір бар:

Біріншісі: Оның жүзі мен қолдарына көруге болады. Бұл көпшілік ғалымдардың (жумхур) пікірі.

Екіншісі: Көбінше ашық қалатын жерлерді көруге рұқсат етіледі. Яғни шашы, мойны, беті, шынтаққа дейін білектері, балтырлары секілді үй ішіндегі ашық жүретін кейпін.

Үшіншісі: Оның бүткіл денесіне қарауға болады. Бұл пікірді захирилер мәзһабының негізін салған Дауд және Ибн Хазм ұстанған, сондай-ақ бұл имам Ахмадтың үш пікірінің бірі.

Бұл пікірлер туралы имам Ибн Хазмның «әл-Мухалләсында» 10/30, имам әл-Мардауидің «әл-Инсафында» 8/19, шейх Ибн әл-Қайимнің «Тахзиб әс-Сунанында» 3/25-26 айтылады.

Бұл мәселедегі келіспеушіліктердің себебі - «Егер сендерден әлдебіреу әйелге құда түссе, онда оны оған үйленуге ынталандыратын нәрсені көре алса, осыны істесін» деген хадистің түсінігі болды. Ахмад 3/346, Абу Дауд 2082. Хадистің сахихтығын имам әл-Хаким, әз-Захаби, хафиз Ибн Хәжар және шейх әл-Әлбани растаған.

Үшінші пікірге келетін болсақ, ғалымдар оны діни құндылықтардың шегінен шығатын қайтарылған пікірге жатқызды, әрі ол айқын түрде қате болып табылады.

Ең дұрыс пікір екіншісі болып табылады. Әрі айтып өтілген хадис тек жүзі мен қолдарына қарауға болады деген бірінші пікірді анық түрде жоққа шығарады. Үстінен құда түсіп отырған әйелдің жүзі мен қолдарының білезіктеріне дейін көруге рұқсат етілгендігі туралы ғалымдар арасында келіспеушілік мүлде жоқ. Қз.: «әл-Муғни» 4/454.

Әрі егер тек әйелдің жүзі мен қолдарының білезіктеріне ғана қарау рұқсат етілген болғанда, онда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «...онда оны оған үйленуге ынталандыратын нәрсені көре алса, осыны істесін» деген сөздерінің мағынасы неде?



Әрі бұл түсінік осы хадистің жеткізушісі – сахаба Жәбир ибн Абдуллаһпен расталады. Ол осы хадисті жеткізіп, былай деген: «Мен бір қызға құда түсіп жүрген кезімде, жасырынып жүріп өзімді оған үйленуге қызықтырған нәрсені көрдім, содан кейін мен оған үйлендім». Абу Дауд 2082.

Ал осы хадистің басқа нұсқасында Жәбир: «Мен бір қызға құда түсіп жүрген кезімде, бір ағаштың артына жасырынып, өзімді оған некелесуге ынталандырған нәрсені көрдім», - деді. Ахмад 3/346.

Ол жай жүзіне қарау үшін ғана жасырынғаны ма сонда?!

Сондай-ақ Мухаммад ибн Масләма бір әйелді оның пальмасының (артына жасырынып,) сыртынан қарап тұрған уақытта (біреулер) оған: «Сен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы бола тұра осыны істеп тұрмысың?!», - дегені туралы хабарланады. Бұған ол: “Мен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер сендерден біреуіңнің көңілі (қандайда бір) әйелге құда түсуді қалап қалса, оның оны көруінде тұрған дәнеме жоқ!», - деп айтқанын естідім”, - деп жауап берді. Ибн Мәжаһ 1846, Са’ид ибн Мансур 519. Шейх әл-Әлбани хадистің сенімділігін (сахихтығын) растаған.

Әйелге оның рұқсатынсыз (жасырынып) қарап тұрған Мухаммад ибн Масләма атты сахабаның бұл іс-әрекеті жүзі мен қолдарының білезіктеріне дейін қарауға болады деген пікірге қарсы дәлел болып табылады. Ол әйелді тек сыртқа шығатын түрінде немесе тіпті ниқабтағы күйінде болған кезде сыртынан бақылады дегенді көз алдымызға елестетуге болады ма? Онда не себепті оның осы іс-әрекетін көрген адам оған сөгіс білдірді?

Имам әс-Сан’ани былай дейтін: «Оны оған үйленуге қызықтыратын нәрсеге қарау» хадисі жалпы болып табылады, әрі көру деген ұғым өзіне нені қамтитын болса, соның барлығына қатысты. Әрі бұл Абдур-Раззақ пен Са’ид ибн Мансурдың жеткізуімен Умар Алидің қызы Умм Күлсүмнің (оған құда түскен кезде) балтырларын ашты деген сахабалардың түсінігімен расталады”. Қз.: «Субулю-с-Саләм» 3/11.

Имам әс-Сан’ани Абу Жа’фар әл-Бақирадан жеткізілетін онда ол Умар ибн әл-Хаттабтың Али ибн Аби Талибтің қызы – Умм Күлсүмге құда түскен кезінде, оның көйлегінің етегін көтергенін және балтырларын көргенін, бұған ол: «Жібер, егер сен мүминдердің әмірі болмағаныңда, мен сенің мойныңнан бір перер едім!», - деп айтқанын баяндаған хабарын меңзеп тұр. ‘Абдур-Раззақ 5/163, Са’ид ибн Мансур 521.

Бұл хадистің иснады сахих әрі оның барлық жеткізушілері сенімді, алайда шейх әл-Әлбани Абу Жа’фар әл-Бақир Алиді оның көзі тірісінде көрмегенін, ал Умарды тіптен де көрмеген деді. Бірақ бұған қарамастан Абу Жа’фар әл-Бақир олардың отбасының бір мүшесі болған, себебі ол - Мухаммад ибн Али ибн Хусайн, яғни Умм Күлсүмнің бауырының немересі болған. Бұл оқиға олардың отбасында кеңінен белгілі болғаны әбден мүмкін, одан қалса Умардың Умм Күлсүмге үйленгені басқа хадистерде сахих түрде жеткізіледі.

Айтылғандардың негізінде ең дұрысы екінші пікір болып табылатындығы айқын болады, әрі оған сондай-ақ шейх Ибн Баз, шейх әл-Әлбани және шейх Ибн Усаймин басымдылық берген.

Кейбір ескертпелер

- Күйеу жігіттің қалыңдықпен: ол оған қарағысы келеді ме, немесе жай ғана сөйлескісі келеді ме – оңаша қалуларына рұқсат етілмейтіндігіне келіспеушілік жоқ!

- Сондай-ақ ешкім әйелді, егер ол өзіне құда түсіп отырған кісіге жүзі мен қолдарының білезіктерінен жоғары көрсетуден бас тартып жатса, күштеуге хақысы жоқ. Қз.: «әл-Муғни» 7/456.

- Адам үйленгісі келетін әйелді көруіне, ол әйел тіпті бұл туралы білмейтін болса да, әрі тіпті құда түсуші адам оны үйіндегі түрінде көрсе де, тыйым жоқ, құда түсетін әйелге қарау үшін оның рұқсатының болуы шарт емес. Бұған Мухаммад ибн Масләмадан келген хадис, сондай-ақ Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер сендерден біреу әйелге құда түссе, онда егер ол оған үйлену ниетімен қаруында күнә жоқ, тіпті ол (әйел) бұл туралы білмейтін болса да!», - деген хадис дәлел болады. Ахмад 5/424, әт-Табарани 1/52. Хадис сахих. Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха» 97.

Алайда бұлардың барлығы тек үйлену ниеті шынайы болғанда ғана рұқсат болып табылатын ерекшеліктер!

Әрі соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтау-мадақтар болсын!

Дерек көз: «Праведная мусульманка» сайты



Қазақ тіліне аударған «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы
Каталог: files -> book -> kaz -> fikh
fikh -> Умра мен қажылық жасаушыларға арналған жаднама Дайындаған Дамир Хайруддин Қазақ тіліне орыс тілінен аударған «Абу Ханифа мирасы»
fikh -> Жүкті және емізулі әйелдердің оразасы туралы Әйелдер жүктілік немесе бала емізу себебімен ұстамай қалған оразаны өтеу керек пе?
fikh -> Әл-Мухаррам айындағы және Ашура күніндегі ораза турасында
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> И’тикаф (Мешітте оңашалану) «И’тикаф» сөзінің анықтамасы
fikh -> Қажылық парызға айналатын шарттар
fikh -> Халәл тағаммен тамақтану қажеттігі туралы және жануар бауыздаумен байланысты ережелер


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет