Невралгия (көне грекше: νερον «нерв, жүйке» + көне грекше: λγος «ауруы») жүйке ауруы. Аздаған анатомиялық өзгерістерден болатын шеткі нерв сабақтарыпың кеселі. Функционалдық қажу салдарынан пайда болады



жүктеу 1.1 Mb.
бет1/5
Дата02.05.2016
өлшемі1.1 Mb.
  1   2   3   4   5
: public -> uploads -> OBNOVLENIE SAITA 2015 -> DIPLOMY
DIPLOMY -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы
DIPLOMY -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау бойынша тапсырма мамандығы 5В 100100 «Өрт қауіпсіздігі»
DIPLOMY -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Мамандығы 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» Диплом жазушы: А. И.Қуандық Көкшетау-2015
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Өрт кезінде аса қауіп палаталар орналасқан қабаттардан төнеді, өйткені онда тәулік бойымен әртүрлі жағдайдағы науқастар болады
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдай комитеті Көкшетау техникалық институты
DIPLOMY -> Өрттер әр қашан адамдарды өлтіретін,миллиардтаған теңгеге соғылған материалдық құндылықтарды (ғимарат, имарат, техника, шығармашылық заттары және т б.) жоятын ауыр қиыншылықтарды алып келеді
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасында сауда саласы азаматтардың өмірінде үлкен мәнге ие. Жылдан жылға сауда орындары көбейіп келеді
DIPLOMY -> Күндізгі оқу бөлiмi


Кіріспе
Невралгия (көне грекше: νερον — «нерв, жүйке» + көне грекше: λγος - «ауруы») — жүйке ауруы. Аздаған анатомиялық өзгерістерден болатын шеткі нерв сабақтарыпың кеселі. Функционалдық қажу салдарынан пайда болады. Нервтендірілген (иннервация) мүшелер мен тканьдер қақсағаны қоймай, қайталай, азап шектіріп тұрады. Сонымен қатар жүйкелендірілген жерлер қызарып, бозарып, тершең тартып немесе тері құрғап көрінеді. Бет терісінң сезімталдығы арта түседі. Түн ішінде дерт қозбайды, науқастар тыныш ұйықтайды. Клиникада желке, тіл және мүшкіл жүйкелердің невралгиясы жеке-жеке сипатталады.

Жалпақ тілде «жындыхана» деп аталатын мекеме расында естіген жанның үрейін ұшыратыны сөзсіз. Тағдыр қыйыншылығын көріп, жүйкенің ауытқуына ұшырағандар бізде көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, ғаламшар тұрғындарының 10 пайызы психикалық ауруға шалдыққан. Алдағы уақытта олардың қатары 15 пайызға артуы да әбден мүмкін деп болжам жасап отыр. Біздің елімізде де бұл мәселе көңіл оңай емес.

Осыған байланысты түйіні тарқатылмаған түйткілдерге қатысты өткен жылы психиатрия, психотерапия және наркология орталығы зерттеу жүргізген болатын. Белгілі болғаны, елімізде жан ауруына ұшырағандар саны жалпы халықтың 1,8 пайызын құраған. Қан түкіретіндерге, демікпе дертіне тұсалғандарға қарағанда аз, әрине. Бірақ дәрігерлер «олардың есепке аз алынуы диагнозының дәл қойылмауы мен басқа да себептерден болуы мүмкін» дейді. Расында, оған әлгі жындыханаға барсаңыз, лық толы палаталарды көріп көз жеткізуге болады. Одан қалса, Ішкі істер органдарының жоғалып кеткен жандарға іздеу салғанда көбісінің психикалық ауруға шалдыққаны айтылып жатады. Жүйке жүйесінің ауытқу ауруына қарсы Италия осыдан 5-6 жыл бұрын майдан ашқан болатын. Сол кездегі санақ бойынша елдегі 100 адамға шаққанда 46 орыннан келген. Алдын алу шараларының нәтижесінде, бұл көрсеткіш бүгінде 15-ке дейін кеміп отыр. Ал біздің елімізде 100 мың адамға 125 орыннан келеді екен. Басқа ауруларға қарсы шаралар қолға алынғанымен, дәл осы ауру мүлде ұмыт қалған десе де болады. Соңғы кезде ақ халаттылардың алаңдаушылығын туғызып отырған аутизм дерті де – осы дерттің ағайыны. Көбіне ата-аналар балаларының ауытқушылығы бар екенін жасырып бағады.

Соңында айықпас дертке айналдырып алғандарын кеш біліп, сан соғып қалады. Бір қынжытарлығы, елімізде психикалық аурудың алдын алу шаралары жүргізілмейді. Бұдан кейін «ауру неге көбейіп кетті» деп бас қатырудың қажеті шамалы сияқты. Оның үстіне, жүйке жүйесі ауруларының стационарлары жабық мекеме саналады. Мәлімет алу мүлде мүмкін емес. Одан бөлек дәл осы салаға арнайы қаржы бөлінбейді. Яғни қалдық қаржымен қаржыландырылады. Дәрі-дәрмек жеткілікті. «Әттегенайы», заманауи технологиямен жабдықтау жағы кем. Сірә, оған аурулардың «санасы» жетпейді дейді ме екен, әйтеуір осы салада түсініксіз мәселелер жетіп-артылады. Маман жетіспеушілігі де бір бүйірден қысып тұр. Жүйкесі тозған, ақыл есі кемдеу жандармен жұмыс істеуге құлшыныс білдіретіндер кемде-кем. Бұрын кеңестік кезеңде науқастарды алты ай емдесе, бүгінде ол 60 күнге қысқартуға ұшыраған. Сірә, алты ай емдеп, адам қыла алмағасын, 60 күн де жетер деген болар. Тағы бір мәселе, мұндай науқастарға мемлекеттен жәрдемақы беріледі. Алайда туғантуыстары бас тартып, ауруханаға жатқызған соң, ат ізін салмай кететіндері көп. Ауруынан азап шегіп – бір, туысынан айырылып – екі соққы алатын науқастарды арнайы интернатқа орналастыру да оңай шаруа емес. Өздігінен жүріп-тұруға ақыл санасы жете бермейтін жандарға үнемі бір қадағалаушы қажет. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек, стационарлардың санын көбейткенше, клиникаларда арнайы кабинеттер ашумен шектеледі. Мамандар мемлекеттің ақшасын шаша бергенше осындай тәсілмен жұмыс істеу дұрыс деп санайды.

Әсіресе көктем келгенде психикалық аурулар асқынады. Дәл осы уақытта үдемелi асқыну түрiне шалдыққандар дәрiгердiң көмегiне көбiрек жүгiнеді. Осы санатқа жататын аурулардың ішінде шизофрения дерті – адамның ой- санасының әлсiреуiнен туындайтын ауру. Бұған түрлі әлеуметтiк қиындықтар себепші болады. Жүйкесiне күш түскендер мен күйзелiске ұшырағандар да жүйке ауруының осы түрiне ұшырайды. Ондайлардың саны аз емес.

Дәрігерлердің тағы бір қауіп қылатыны – тұрғындардың мұндай дертке шалдыққан жақындарын тез арада дәрігерге көрсетудің орнына, тәуіп, бақсы-балгерлерге қаратып, уақыт создырып жүріп алатындары. Ал бұл кезде, дерт, тіптен ден-деп кететінін түсінбейді. Іштен туа бiткен жүйке ауруымен ауыратындардың қатары соңғы он жылда әжептеуiр азайыпты. Мамандар мұны қан тазалығынан дейді. Туған-туысына үйленетін өзге ұлт өкілдерінде дәл осы диагнозбен туылатындардың көп екендігін де жасырмайды. Бiр өкініштісі, жүйке жүйесі зақымданғандардың арасында жасөспiрiмдердің саны артып бара жатқандығы. Соның кесірінен суицид дертінің өршуі белең алуда. Осындай мәселелерден кейін бұл салаға көбірек көңіл бөлінуі тиісті. Алайда бұл мәселе шабан аттай белең алып тұр.

Жүйке ауруханаларында аурулар көбіне ақыл-есінен адасқан адамдар, сондықтан да мұндай мекемелерде өрт көбіне қайғылы жағдайға алып кеп соғады. Мұндай мекемелер жабық мекемелер, терезе-есіктерінде темір торлармен жабылып адамдардың көшірілуіне қиындықтар туғызып жатады. Сондықтан да мұндай мекемелрде өрт болдырмау абзал, ал ол үшін өрт қауіпсіздігін қамтамсыз ету керек – құрылыс нормалары мен өрт қауіпсіздігі ережелеріне сай автоматты өрт дабылдағыштарын, өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіп, медициналық персоналдың өртті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіруді және адамдарды тез көшіруге дайын болуларын талап ету. Сонымен қатар жыл сайын осы бағытта арнайы оқу-жаттығулар өткізіп отыру қажет. Жоғарыда көрсетілген факторларға жүгіне отырып тақырыптық маңыздылығы байқалады.

Ұсынылып отырған дипломдық жобаның мақсаты – Жамбыл облыстық психоневрологиялық диспансерінде өртті сөндіру және адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын құрып, пратикалық қолданысқа енгізу болып табылады.

Ал осы мақсатқа қол жеткізу үшін біз бірқатар тапсырмаларды шешуіміз керек, олар:

  • Жалпы жүйке ауруына шалдыққан адамдардың ерекшелігін анықтау;

  • Емдеу мекемелеріне қойылатын өрт қауіпсіздік талаптрына сараптама жүргізу;

  • Тараз қаласының өртке қарсы қызметінің жағдайын анықтау;

  • Жамбыл облыстық психоневрологиялық диспансерінің тактика-техникалық сипаттамасын анықтау;

  • Жамбыл облыстық психоневрологиялық диспансерінде өрт болған жағдайда өртті сөндіру және адамдарды құтқару бойынша өртке қарсы қызметтің қажетті күш пен құралдардың санын есептеу;

  • Жамбыл облыстық психоневрологиялық диспансерінде өрт болған жағдайда өртті сөндіру және адамдарды құтқару жұмыстарын ұйымдастырып, жоспарын құру;

  • Автоматты өрт сөндіру құралдарын таңдап, қолданысқа енгізуге ұсыныс жасау;

  • Өрт сөндірудің екі нұсқадағы ұсыныстарды салыстыра отырып, тиімдісін пайдалануға ұсыну;

  • Өрт сөндірудің екі нұсқадағы ұсыныстардың экономикалық үнемділігін анықтау;

  • Өртті сөндіру кезінде техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау шараларын ұсыну.


1 Емдеу мекемелеріндегі өрт қауіпсіздігі ережелері



1.1 Емдеу мекемелеріндегі өрт қауіпсіздігі талаптары


Емдеу мекемесінің басшысы науқастарды шығару аяқталғаннан кейін күн сайын өрт сөндіру бөліміне әр мекеме ғимаратындағы науқастардың саны туралы деректерді хабарлайды.

Ересек науқастар мен балалардың саны 25-тен асқан жағдайда оларды пешпен жылытылатын каркасты қамыс және ағаш ғимараттарда орналастыруға болмайды.

Ауылдық жерлерде орналасқан емдеу мекемелері әр ғимаратқа бір саты есебінен қосалқы сатылармен жабдықталады.

Ауыр халдегі науқастар мен балалар көп қабатты ғимараттың бірінші қабатына орналастырылады.

Ауруханалар мен өздігінен жүруге қабілетсіз адамдар үздіксіз келетін басқа да мекемелер бес науқасқа (мүгедекке) бір зембіл есебінен зембілдермен қамтамасыз етіледі.

Аурухана палаталарындағы кереуеттер арасындағы қашықтық кемінде 0,8 метр, ал орталық негізгі жолының ені кемінде 1,2 метр етіп қарастырылады. Эвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен, тумбалармен және басқа да жиһазбен үймелеуге жол берілмейді.

Палаталарға оттегі жіберу, әдеттегідей, жеке тұрған баллон қондырғысынан орталықтандырылып (10 баллоннан көп емес) немесе орталық оттегі бекетінен (10 баллоннан көп болса) жүргізіледі және олар науқастар үнемі келетін ғимараттардан кемінде 20 метр қашықтықта тұрған жеке ғимаратта орналастырылады.

Орталықтандырылған оттегімен жабдықтау болмаған жағдайда оттегі жастығын пайдалану тәртібі мекеменің бұйрығы бойынша анықталады. Мекеме ғимаратының сыртқы жанбайтын қабырғасында жанбайтын шкафта бір оттегі баллоны бар лампалар орнатуға болады.

Мыналарға:

1) науқастарға арналған палаталары бар корпустарда емдеу үдерісіне қатысы жоқ үй-жайларды орналастыруға немесе оларды жалға беруге;

2) кереуеттерді дәліздерде, холлдарда және басқа да эвакуациялау жолдарында орнатуға;

3) емдеу мекемелерінің ғимараттарында оттекті баллондарды сақтауға және орнатуға;

4) аурухана палаталарына баллондардан оттегі жіберу үшін пластмассалық және резиналық шлангты қолдануға;

5) ақаулы емдік электр жабдықтарын пайдалануға;

6) емдеу мекемелерінің жертөлелері мен астыңғы қабаттарында шеберханалар, қоймалар орналастыруға;

7) аурухана палаталары мен науқастар орналастырылған басқа үй-жайларда үтік, электр плиталарын және басқа да электр жылытқыш құралдарын пайдалануға жол берілмейді.

Су қайнатқыштарды, су жылытқыштарды және титандарды орнатуға, медициналық аспаптарды бактериясыздандыруға, сондай-ақ парафин озокеритті қыздыру тек осы мақсатта арнайы жабдықталған орындарда жүргізіледі. Аспаптар мен төсемдерді қайнату үшін жабық шиыршықтары бар бактериясыздандырғыш қолданылады. Осы мақсатта керогазды, керосин ыдыстарын және примустерді қолдануға жол берілмейді.

Зертханаларда, бөлімшелерде, дәрігерлер кабинетінде дәрі-дәрмектер мен реактивтерді (тез тұтанатын сұйықтықтарға және жанғыш сұйықтықтарға жататын – спирт, эфир) олардың сыйымдылығын ескере отырып, жалпы саны 3 килограммнан аспайтын арнайы жабылатын металл шкафтарда сақтауға рұқсат беріледі.

Сыйымдылығы 300 килограммнан асатын жанғыш рентген пленкасының мұрағат қойма бөлек тұрған ғимараттарда орналасады, ал сыйымдылығы 300 килограмм жетпейтін болса, 1-тұрпатты өртке қарсы қабырғаларымен және жабындарымен оқшауланған ғимаратта сақтауға рұқсат беріледі. Рентген қоймасынан бастап көршілес ғимаратқа дейінгі қашықтық кемінде 15 метр болады.

Жанғыш рентген пленкалары мұрағат қоймасының бір бөлмесінде шамамен 500 килограмм пленка сақтауға болады. Әр секция дербес сорғыш желдеткішпен жабдықталады. Секцияның есіктері ЕІ-60 отқа төзімділік шегімен және сыртқа қарай ашылатындай етіп орындалады. Мұрағаттарда терезе ауданының еден ауданына арақашықтығы кемінде 1:8 етіп қарастырылады.

Мұрағат қоймасының есігінде «Рентген мұрағаты», ал шығар есікте «Отқа қауіпті! Темекі шегуге болмайды!» деген жазу ілінеді.

Жанғыш рентген пленкалары мұрағат қоймасына орталықтан жылу беріледі. Оларда бу арқылы жылу беру, металл пештер, сондай-ақ металл құбырлы уақытша үй-жайдың болуына рұқсат берілмейді.

Мұрағат қоймасының ғимараттарында электр қалқандарын, сөндірілген қондырғыларды, электр қоңырауларын штепсельдік байланысты орнатуға рұқсат етілмейді. Жұмыстан тыс уақытта қоймада электр сымдары қосылмайды.

Үй-жайларда шкафты мұрағаттан тыс жылыту құралдарынан 1 метр қашықтықта орналастырып, рентгенограмма мен пленкаларды металл шкафтарда (жәшіктерде) 4 килограмға дейін сақтауға болады. Ғимаратта осындай шкафтар орналасқан жерлерде темекі шегуге және кез келген түрдегі қыздыру аспаптарын қоюға болмайды.

Жанғыш пленкалар және рентгенограммалар мұрағат қоймаларының тереңдігі мен ұзындығы 0,5 метрден аспайтын секцияларға бөлінген металл (асбест арқылы темірмен қапталған ағаш) фильмостаттармен немесе шкафтармен жабдықталады. Шкафтан қабырғаға, терезеге, төбеге және еденге дейінгі арақашықтық 0,5 метрден кем емес етіп қарастырылады. Әрбір секция металл немесе асбест арқылы темірмен қапталған ағаш есікпен мықтап жабылады.

Қазына мен дәрі қоймалары бөлмелеріндегі материалдық құндылықтар қатаң түрде ассортимент бойынша сақталады, бұл ретте тез тұтанатын сұйықтықтардан басқа материалдармен бірге сақтауға жол берілмейді.

Оттегі мен жанғыш газ баллондарды материалдық және дәрілік қоймаларда, сондай-ақ бірге сақтауға болмайды. Оттегі мен жанғыш газ баллондарды арнайы орындарда немесе шатыр астында, жылу көздерінен (жылу беру құралдары, күн сәулесі) және оларға майдың, басқа да майлы заттардың тиіп кетуінен қорғалады.
1.2 Ғимараттар мен құрылыстардың электр қондырғыларын қолдану талаптары
Электр желілерін, электр қондырғылары мен электр-техникалық бұйымдарын монтаждау, іске қосу, пайдалану, сондай-ақ олардың техникалық жай-күйін бақылау, электр қондырғыларын орнату қағидаларының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларының, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы нормаларының, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Электр қозғалтқыштары, электр шамдары, басқару аппараттары, іске қосуды реттегіш, бақылау-өлшеу және қорғау аппаратурасы, қосалқы жабдықтар, электр сымдары мен кабель желілері Электр қондырғыларын орнату қағидалары мен «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті бойынша аймақтардың класына сәйкес қорғау дәрежесімен қолданылады.

Барлық электр қондырғылары өртке және жануға әкеліп соғатын қысқа тұйықталу тогынан және артық жүктемеден қорғайтын аппараттармен қорғалады.

Барлық ток өткізгіш бөліктер, бөлу құрылғылары, аппараттар мен өлшеуіш аспаптар, сондай-ақ бөлгіш түріндегі сақтандырғыш құрылғылары, ажыратқыштар және барлық іске қосатын аппараттар мен аспаптар тек жанбайтын негізде (мрамор, текстолит, гетинакс) құрастырылады.

Өткізгіштер мен кабельдердің сымдарын жалғау, түйіндеу және тармақтау өртке қатысты қауіпті ауыспалы кедергілерді болдырмау үшін сығымдау, дәнекерлеу, пісіру және арнайы қысқыштардың көмегімен жүргізіледі.

Өткізгіштер мен кабельдердің сымдарының қосылған және тармақталған жерлері, сондай-ақ қосу және тармақтау қысқыштары осы өткізгіштер мен кабельдердің тұтас жерлері сымдарының оқшаулағышына тең оқшауланады.

Оқшаулағыш тіреуіштерінде төселген өткізгіштерден басқа өткізгіштер мен кабельдердің қосулары және тармақталуы қосу және тармақтау қораптарында, қосу және тармақтандыру қысымдарының оқшауланған сырттарында, құрылыс конструкцияларының арнайы текшелерінде, электр орнату бұйымдарының, аппараттардың және машиналардың тұрқыларының іштерінде орындалады. Оқшаулағыш тіреуіштерінде төсегенде сымдарды қосуды немесе тармақтауды тікелей оқшаулағыштың жанында, клицтарда немесе оларда, сондай-ақ роликте орындалады.
      Қосу және тармақтағыш қораптары қорғайтын қақпақтармен қамтамасыз етіледі.

Уақытша электр желілерін орнатуға және пайдалануға жол берілмейді. Құрылыс және уақытша жөндеу-құрастыру жұмыстарын жүргізу орындарын қоректендіретін уақытша иллюминациялық қондырғылар мен электр өткізгіштері ерекшелік ретінде болуы мүмкін. Уақытша электр желісінің кернеуі 36 Вольттан, ал аса қауіпті орындарда (аса ылғалды учаскелер, құдықтар, металл резервуарлар, қазандықтар) 12 Вольттан аспауы тиіс.

Тасымалды шамдар қорғағыш шыны қалпақтармен және торлармен жабдықталады. Осы шамдар мен басқа да тасымалды электр аппараттары үшін ықтимал механикалық әсерлерді ескере отырып, осы мақсатқа арналған иілгіш кабельдер мен мыстан жасалған сымдар қолданылады.

Автоматты өрт сөндіру, өрт дабылы, авариялық жарық беру қондырғыларын қоректендіру үшін енгізу-тарату құрылғысынан бастап электр қуатын тұтынушыға дейін өзіндік электр желісі қарастырылады.

Құрылыс алаңында уақытша электр өткізгішін жұмыс орындарынан 2,5 метрден, өту жерлерінен 3 метрден, өту жолдарынан 6 метрден кем емес биіктікте оқшауланған өткізгішпен орындалып, сым арқан мен берік тіреулерге ілінеді.

Құрылыс алаңы аумағында жарықтандыру прожекторлары жеке тіреулерге орнатылады.


      Прожекторларды жанғыш материалдардан жасалған шатырларда және полимерлі жылытқыштары бар ғимараттарда орнатуға жол берілмейді.
1.3 Жылыту жүйелерін ұстау тәртібі
Жылыту жүйелерін пайдалану кезінде ережелері, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптары сақталады.

Өндірістік және басқа үй-жайларда пеш жағуды жылыту құралдарын пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық алған арнайы бөлінген тұлғалар (пеш жағушылар) жүргізеді.

Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерді қоспағанда) пеш жағуды жұмыс аяқталғанға дейін кемінде екі сағат бұрын, ал емханаларда және басқа да тәулік бойы адамдар жаппай болатын объектілерде ұйықтағанға дейін екі сағат бұрын тоқтатылады.

Балалар күндіз болатын балалар мекемелерінде пеш жағу балалар келгенге дейін бір сағат бұрын тоқтатылады.

Шатырларда барлық түтін құбырлары мен түтін арналары өтетін қабырғаларды әктеу қажет.

Пеш оттығына сұйық отынды жеткізу тек саңылаусыз металл отын өткізгіш арқылы ғана жүргізіледі. Тек зауытта шығарылған отын өткізгіш қосқыштар мен арматура қолданылады. Отын беру жүйесінен сұйық отынның ағуына немесе газдың шығуына жол берілмейді.

Жылу генераторларын монтаждау және пайдалану кезінде мынадай талаптар сақталады:

1) отынға арналған сыйымдылықтың көлемі, оны орналастыру және ауа жылытқышқа беру осы аппараттарға паспорттық деректер мен техникалық шарттардың талаптарына сәйкес болуы;

2) жылу шығаратын аппараттардың жанарғылары, отын өткізгіштердегі қосқыштар мен арматура тек зауытта дайындалған болуы;

3) жанарғылар жалынды үзбей және агрегаттың жылу жүктемесін қажетінше реттеу шегінде оны жанарғы ішіне өткізбей тұрақты жұмыс істеуі тиіс.

Жылу шығаратын аппараттарды пайдалану кезінде:

1) отын өткізгіштерінің герметикалығы бұзылған аппаратта және ондағы тиек клапаны ақаулы болса, форсунка корпусы жылу шығаратын аппаратпен тығыз қосылмаса, түтін жолдары, электр қозғалтқыштары мен қорғау аппараттары жарамсыз болса, сондай-ақ электр қозғалтқыштың жылу қорғағышы болмаса және өзге де ақаулықтарда, жұмыс істеуге;

2) ашық отын бактары бар аппаратта жұмыс істеуге;

3) тыныс алу құбырларының үй-жайлардың ішіне немесе шатыр үй-жайларына шыққан жолымен жұмыс істеуге;

4) ретке келтірілмеген форсункамен жұмыс істеуге (отын беру бұзылса);

5) жылу шығаратын аппараттарды қосу үшін резеңке немесе полимер шлангілер мен муфталарды қолдануға;

6) аппарат пен шығыс бактарының жанында жану тобы Г3-Г4 материалдардан жасалған қоршаулар орнатуға;

7) отын өткізгіштерді ашық отпен қыздыруға;

8) қысқа мерзімге тоқтап тұрғаннан кейін ауамен үрлемей жылу шығаратын аппаратты іске қосуды жүзеге асыруға;

9) жұмыс істейтін қоспаны көру тесігі арқылы жағуға;

10) жылу шығаратын аппарат жұмыс істеп тұрған кезде шамшырақтардың электродтары арасындағы саңылауды реттеуге;

11) жылу шығарғыштың ауа сорғыш коллекторында қорғаныштары болмаса, жұмысқа қосуға;

12) жұмыс істеп тұрған жылу шығаратын аппараттарды қараусыз
қалдыруға немесе оларды қарауды балаларға тапсыруға;

13) жылу шығаратын аппараттарды пайдалану шарттарын бұзуға, оларды осы мақсатқа арналған үй-жайларға (орындарға) орналастыруға жол берілмейді.

Электрокалориферлерді монтаждау және пайдалану кезінде мынадай талаптар сақталады:

1) тек зауытта шығарылған, дабылы мен желдеткіш жұмыс істемегенде қыздырғыш элементтерге электр энергиясының берілуін болдырмайтын бұғаттағышы және шығатын ауаның температурасын бақылау және электр мен жылудан қорғауды реттеу автоматикасы жарамды электрокалориферлер пайдалануға беріледі;

2) электрокалориферді монтаждау, оны жұмысқа дайындау және іске қосу бұйымға пайдалану құжаттамасында баяндалған талаптарға сәйкес орындалады.

Калориферлерді пайдалану кезінде:

1) дабылды немесе бұғаттағышты сөндіруге;

2) электрокалорифердің корпусы мен желдеткіш арасындағы иілгіш ендірме үшін жанғыш материалдарды қолдануға;

3) электрокалориферден шығу жолындағы дайындаушы-зауыт белгілеген шекті рұқсат етілген температураны арттыруға;

4) желдеткіш жұмыс істемей тұрғанда электрокалориферді қосуға (қондырғыны әр іске қосқан сайын бұғаттағыш тексеріледі);

5) электрокалориферде немесе оның маңында киімді немесе басқа да жанғыш материалдарды кептіруге жол берілмейді.
1.4 Желдеткіш жүйелерін ұстау тәртібі
Желдеткіш жүйелерін пайдалану кезінде ережелері, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптары сақталады.

Ауа өткізгіштердегі от жалынын бөгейтін құрылғылар (жапқыштар, шиберлер, клапандар), автоматты өрт дабылы немесе өрт сөндіру құрылғылары бар желдеткіш жүйелерінің бұғаттау құрылғылары, өрт кезінде желдеткішті автоматты түрде өшіретін құрылғылар техникалық құжаттамада белгіленген мерзімдерде тексеріледі және жарамды күйде ұсталады. Ысырма жетегінің сезгіш элементтері (тез балқитын құлыптар, тез жанатын ендірмелер, термосезгіш элементтер) жанғыш тозаңмен ластанудан уақытылы тазартылады.

Желдеткіш камераларында қандай да бір жабдық пен материалдарды сақтауға жол берілмейді. Желдеткіш камералары үнемі құлыппен жабылады. Оларға бөгде адамдардың кіруіне жол берілмейді.

1.5 Эвакуациялық жолдар мен шығуларды күтіп ұстауға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары
Эвакуациялық жолдар мен шығуларды пайдалану кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы жобалық шешімдерді және нормативтік құжаттар талаптарын сақтау қамтамасыз етілуге тиіс (оның ішінде эвакуациялық жолдар мен шығуларға жарық түсіру, саны, өлшемдері және көлемдік-жоспарлау шешімдері бойынша, сондай-ақ эвакуациялау жолдарында өрт қауіпсіздігі белгілерінің болуы бойынша).

Эвакуация жолдарындағы есіктер еркін және ғимараттан шығатын бағыт бойынша ашылуға тиіс.

Эвакуациялық шығулар есіктеріндегі тиектер ғимарат (құрылым) ішінде болатын адамдардың тиектерді ішінен кілтсіз ашу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

Көлемді өздігінен жарқырайтын, автономды және электр желісінен қоректенетін, эвакуациялау жолында пайдаланылатын өрт қауіпсіздігі белгілері (оның ішінде "Эвакуациялық (қосалқы) шығу", "Эвакуациялық шығу есігі" деген жарық нұсқағыштар) үнемі дұрыс және қосылған күйінде болуға тиіс.

Көрермен, көрсету, көрмелік және басқа залдарда жарық нұсқағыштарды адамдардың қатысуымен іс-шаралар өткізген уақытта қосуға рұқсат етіледі.

Эвакуациялық жарық түсіру жұмыстық жарық түсіру электр қорегі тоқтатылған кезде қосылуға тиіс.

Эвакуациялық жолдар мен шығуларды пайдаланған кезде:

1) эвакуациялық жолдар мен шығуларды (оның ішінде өтетін жерлер, дәліздер, тамбурлар, галереялар, лифті холлдары, басқыш алаңдары, басқыш шабақтары, есіктер, эвакуациялық люктер) түрлі материалдармен, бұйымдармен, жабдықтармен, өндірістік қалдықтармен, қоқыспен және басқа заттармен үйіп тастауға, сондай-ақ эвакуациялық шығу есіктерін шегелеп тастауға;

2) шығу тамбурларында (пәтерлер мен жеке тұрғын үйлерді қоспағанда) киімге арналған кептіргіштер мен ілгіштер, гардеробты орналастыруға, сондай-ақ керек-жарақтар мен материалдарды сақтауға (оның ішінде уақытша);

3) эвакуациялау жолдарында табалдырықтар (есіктердің ойықтарындағы табалдырықтарды есептемегенде), қозғалмалы және көтеріліп-түсірілетін есіктер мен қақпалар, айналатын есіктер мен турникеттер, сондай-ақ адамдарды еркін эвакуациялауға кедергі келтіретін басқа құрылғыларды орнатуға;

4) қабырғалары мен төбелерін өңдеуге, қаптауға және бояуға арналған жанғыш материалдарды, сондай-ақ отқа төзімділік деңгейі V ғимараттарды есептемегенде, эвакуациялау жолындағы сатылар мен басқыш алаңдарын қолдануға;

5) басқыш шабақтарының, дәліздердің, холлдар мен тамбурлардың өздігінен жабылатын есіктерін ашық күйінде бекітуге, сондай-ақ оларды алып тастауға;

6) түтіндемейтін басқыш шабақтарының ауа аймақтарының терезе жапқыштарын шынылауға немесе жабуға;

7) арқауланған шыныны есіктер мен фрамугтарды шынылауда жай шынымен ауыстыруға тыйым салынады.

Үй-жайдың технологиялық, көрмелік және басқа жабдықтарын орналастырған кезде, жобалау нормаларына сәйкес, эвакуациялаудың басқыш шабақтарына және басқа жолдарына эвакуациялық өтетін жерлер қамтамасыз етілуі керек.

Көпшілік адамдар болатын объектілерде электр энергиясы сөніп қалған жағдайда, қызмет көрсететін қызметкерлер құрамы электрлік қолшамдармен қамтамасыз етілуге тиіс.

Қолшамдар санын басшы объектінің ерекшеліктеріне, кезекші қызметкерлер құрамының болуына, ғимараттағы адамдар санына байланысты анықтайды, бірақ кезекші қызметкерлер құрамының әрбір кезекшісіне біреуден кем болмай.

Көпшілік адамдар болатын үй-жайлардағы кілемдер, кілем алашалар және басқа еден төсеніштері еденге сенімді бекітілуі керек.

Эвакуациялау жолында жанған кезде жанғыш және уытты өңдеу материалдарды, кілемдерді және үстіңгі бетке жануды тез таратуға қабілетті басқа еден төсеніштерін қолдануға тыйым салынады.

2 Емдеу мекемелеріндегі өрт сөндіру ерекшеліктері



  1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет