Нұра, Ақтоғай, Қарқаралы, Шет аудандарының кейбiр ауылдық округтерiн қайта атау туралы



Дата25.04.2016
өлшемі15.77 Kb.
Нұра, Ақтоғай, Қарқаралы, Шет аудандарының кейбiр ауылдық округтерiн қайта атау туралы

Бiрлескен Қарағанды облысының әкiмдiгiнiң 2006 жылғы 5 қыркүйектегi N 19/17 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының XXIII сессиясының 2006 жылғы 5 қазандағы N 351 шешiмi. Қарағанды облысының әдiлет Департаментiнде 2006 жылғы 14 қазанда N 1819 тiркелдi


"Орталық Қазақстан", 2006 жыл 21 қазан, N 207-208 (20 135)


       "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы " 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 2572-ХII Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес, Нұра, Ақтоғай, Қарқаралы, Шет аудандарының өкiлдi және атқарушы органдарының бiрлескен шешiмiнiң негiзiнде, Қарағанды облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
       1. Қарағанды облысының келесi аудандарының ауылдық округтерi қайта аталсын:
      1) Нұра ауданы бойынша:
      Ивановка ауылы Кәрiм Мыңбаев ауылы болып;
      2) Ақтоғай ауданы бойынша:
      Қуаныш ауылдық округi Қараменде би ауылдық округi болып;
      Киров ауылдық округi Жидебай ауылдық округi болып;
      Аманкелдi ауылдық округi Шабанбай би ауылдық округi болып;
      Ақши ауылдық округi Кежек ауылдық округi болып;
      Озерное ауылы Шашубай кентi болып;
      Жаңаорталық ауылы Нарманбет ауылы болып;
      3) Қарқаралы ауданы бойынша:
      Ақжол ауылдық округi Мартбек Мамыраев ауылдық округi болып;
      Арқалық ауылдық округi Тәттiмбет ауылдық округi болып;
      Сартау ауылдық округi Нығмет Нұрмақов ауылдық округi болып;
      Комсомол ауылдық округi Балқантау ауылдық округi болып;
      Балықтыкөл ауылдық округi Қоянды ауылдық округi болып;
      Айрық ауылдық округi Мәди ауылдық округi болып.
      4) Шет ауданы бойынша:
      Ақшатау ауылы Жарылғап батыр ауылы болып.
       2. Осы облыс әкiмдiгi мен облыстық мәслихаттың бiрлескен қаулысы мен шешiмiн бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.З. Қанаевқа және облыстық мәслихаттың әлеуметтiк - мәдени даму және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi тұрақты комиссиясына (С.М. Әдекенов) жүктелсiн.
       3. Осы бiрлескен қаулы мен шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қарағанды облысының әкiмi                  Н. Нығматулин



      Облыстық мәслихаттың
      ХХIII сессиясының төрағасы                 Ш. Мамалинов

      Облыстық мәслихаттың хатшысы               Қ. Медиев
Каталог: files -> NPA
NPA -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
NPA -> «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру»
NPA -> «Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру»
NPA -> Инструкция по контролю и продлению срока службы металла основных элементов турбин и компрессоров энергетических газотурбинных установок
NPA -> Инструкция по защите трубопроводов тепловых сетей от наружной коррозии рд 34 рк. 0-20. 518-05 «Типовая инструкция по защите трубопроводов тепловых сетей от наружной коррозии»
NPA -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №244 бұйрығы
NPA -> Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (240. 00-нысан) Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет