Нұрсұлтан Назарбаев ТҮркі әлемінің КӨшбасшысы түркістан – 2014



жүктеу 1.69 Mb.
бет1/6
Дата28.04.2016
өлшемі1.69 Mb.
  1   2   3   4   5   6
: books -> files
files -> ТҮркі және иран халықтары ертегілеріндегі мифологиялық кейіпкерлер түркістан-2007 Редакциялық алқа
files -> Становление европейской науки
files -> Балуан баба аннотация халқымыздың даңқты перзенті, «Қазақ даласының батыры»
files -> Ббк қ Редакция алқасы

Н.Ә.Назарбаевтың суреті



Нұрсұлтан Назарбаев

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ КӨШБАСШЫСЫ

Түркістан – 2014

Құдайберген Мәмбетов

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ КӨШБАСШЫСЫ

Түркістан - 2014

Жауапты редактор: С.Құлбарақов, филология ғылымдарының докторы,

профессор

Пікір жазған: Д.Кенжетай, философия ғылымдарының докторы,

профессор

Мәмбетов Қ. Түркі әлемінің көшбасшысы. – Оқу құралы. Түркістан, «Тараз-кітап» баспасы, 2014. – б.


ISBN

Бұл кітапта Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Түркі әлемі және көп ұлтты Қазақстанның бірлігі мен экономикалық дамуына қосқан қажырлы еңбектері ғылыми деректер негізінде сипатталады.

Оқу құралы тарихшыларға, әдебиетшілер мен жоғары оқу орындарының студенттері және оқытушыларына, сондай-ақ түркі әлемінің бірлігі мен тарихын оқып-білгісі келетіндердің баршасына арналып жазылған.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе……………………………………………………………………….
І ТАРАУ. Түркі әлемі және Мәңгілік ел………………………..........
ІІ ТАРАУ. Түркі әлемі және Қазақстан жолы……………………
ІІІ ТАРАУ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев

және түркі халықтарының мәдени байланыстарының жаңа

деңгейі…………………………………………………………
ІV ТАРАУ. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың түркі әлемі

бірлігін нығайтудағы рөлі........................................................


V ТАРАУ. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев және әлем түркі

елдерінің дамуының факторлары...........................................



Қорытынды.................................................................................................

КІРІСПЕ
Кеңес Одағы ыдырап, тәуелсіздігіне қол жеткізген түркі мемлекеттері түбі бір түркінің бірлігі туралы ойлана бастады.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев көп ұлтты халқымыздың бірлігін сақтауда көп жұмыстар атқарып жатқаны баршамызға мәлім. Соның ішінде Елбасы Түрік халықтарының бірлігіне айрықша көңіл бөлуде. Халықтардың бірлігін сақтау «Мәңгілік Ел» болу Білге қағанның бізге қалдырып кеткен өсиеттерінің бірі. Осы өсиетті іске асыру қазіргі Түркі әлемінің қасиетті борыштарының бірі болып табылады. Осы жолда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2011 жылы Алматы қаласында Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі, оған дейін 2009 жылы Нахчыванда өткен Түркі тілдес елдердің ІХ Саммитінде Түркі Кеңесі аймақаралық ұйымын құру жөнінде ұсыныс жасаған еді. Оның мақсаты түркітілдес елдердің арасындағы экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, ортақ қауіпсіздік мәселелерді шешу болып табылады.

Түркітілдес елдердің бірігу идеясының маңызы орасан зор болмақ. Түркі дүниетанымында бірігу, «Мәңгілік Ел» болу идеясы әр уақытта болған. Бүгінгі таңда бұл идеяны көреген саясаткер, болашақты алыстан болжайтын Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясында жан-жақты айқындап көрсеткен болатын. Елбасының ұсынысымен 2008 жылғы Ыстамбұл Саммитінде түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясы (Түрк ПА) құрылды. Астана қаласында Түркі академиясы ашылса, одан бөлек Ақсақалдар кеңесі, Кәсіпкерлер кеңесі, ТҮРКСОЙ ұйымы (Түркітілдес елдердің мәдени ынтымақтастық ұйымы), Баку қаласында ортақ мәдени мұраны қорғау жөніндегі қор, Түркі музейі мен кітапханасы, Түркі ғылыми-зерттеу қорының құрылуы нақты қолға алынды. Түркі дүниесін зерттеу орталығы ашылды, Түркі кеңесі құрылды, Түркі кеңесінің бас штабы құрылды, Түркі елдерінің ортақ байрағы белгіленді. Түркітілдес елдердің саяси, экономикалық және мәдени, ғылыми бағыттарда дамуына жоғарыдағы аталған ұйымдардың тигізетін ықпалы мол. Қазіргі кезеңде түркі елдері жаһандану сияқты әртүрлі қауіп-қатерлерге бірлесіп жауап беруге мүдделі болып отыр. Түркітілдес елдердің мақсаты – бірлесіп күш алып, өзге мәдени және этностық топтарға қарсы шығу емес, керісінше, қазіргі күрделі жаһандық жағдайда өзінің түркілік болмысын, мәдениетін, тілін сақтап қалу үшін ортақ мәдени-ақпараттық кеңістік құру және сауда-шаруашылық байланыстарын нығайту үшін өзара тиімді экономикалық жобаларды іске асыру. Қазіргі аумалы-төкпелі кезеңде түркі мемлекеттерінің жекеленіп, бөлектенуі немесе оқшаулануы келешек тұрғысынан қауіпті. Елбасы қазіргі күрделі геосаяси және геоэкономикалық, халықаралық жағдайда кез келген елдің жалғыз, жеке-дара дами алмайтынын айтып, тарихи-мәдени және географиялық-экономикалық тұрғыдан мүдделес елдермен одақ құрып, аймақтық деңгейде бірлесу мәселесіне ерекше назар аударуда.

Сонымен қатар, түркі елдерінің бірлесу себебі – түркі дүниесінің мәдени, рухани мұрасын сақтап, жетілдірудің, күллі әлемнің аймақтануы кезінде түркі географиясының бірлесуінің қажеттігі, әртүрлі геосаяси күштер тоғысқан Еуразияда түркі әлемінің мүдделерін қорғау, құрлықтың ішінде орналасқан елдердің теңізге шығу мүмкіндігі, түркі елдерінің «Жібек жолы» жобасының көліктік және тасымалдық ресурстарын пайдалану.

Түркі әлемінің бірлігі мен дамуына Елбасы Н.Ә.Назарбаев тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап өзінің қайрат-жігерін жұмсап келеді. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев – әлем таныған ұлы қайраткер. Анкара Қазақстан Президентінің халықаралық беделін, Қазақстанның экономикалық көшбасшылығын ресми түрде мойындады. Түркия Президенті Абдулла Гүл Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевты «Түркі әлемінің көшбасшысы» деп атады. Соңғы Нахчыван, Ыстамбұл, Алматы, Бішкек Саммиттері интеграциялық мәдени және экономикалық аспектілер бойынша Қазақстанның көшбасшысы екендігін көрер көзге дәлелдеп берді.

Бұл жетістіктердің барлығы – елдің даму стратегиясын ондаған жылдарға алдын-ала айқындап және оған болжам жасап қана қоймай, сол жоспарды іске асыра білу – бұл стратегиялық пайымдай алатын саясаткерге тән қасиет. Бұған қоса, Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзімен барлық жағдайда келісе бермейтінін ұғына отырып, оның табысты болашағына деген жауапкершілік жүгін өзіне артып, кей жағдайларда қоғамдық пікірге қарсы жүре алатын күш-жігері жеткілікті қайраткер. Елбасы ешқашан әлеуметтік қиял-ғажайыптарды уәде еткен емес, ал уәде берген жағдайда дәл есептей біледі және оны әрдайым іске асырады.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев күш-жігерді инновациялық дамуға, технологиялық үдеріске бағыттап келеді. Елдің бәсекеге қабілеттілігі тек қана жедел технологиялық дамуында. АӨСШК-тен Әлемдік діндер форумына дейінгі, ЕҚЫҰ саммитінен ЭКСПО-2017-ге дейінгі Елорданы көшіруден «2030» және «2050» Стратегияларына дейінгі ішкі және сыртқы сипаттағы барлық ірі стратегиялық жобалардың негізінде нақ Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың интеллектуалдық күш-қуаты жатыр.

Осындай әлемдік деңгейде ауқымды істерді атқарып отырған Елбасы – ірі саясаткер. Түркі әлемінің көшбасшысына айналып отырған Елбасының өнегелі істерін кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында «Түркі әлемінің көшбасшысы» атты ғылыми-танымдық оқу құралын көпшілік қауымға ұсынып отырмыз.

Түркі әлемінің қайта жаңғыруы, мәдени дамуы, бірлігі – Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың іскерлік саясаты мен көрегендігінің жемісі. Ол – Түркі Әлемін «біріктіру» және «Мәңгілік Ел» идеясын дамытушы ұлы тұлға.

І ТАРАУ
ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ
Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы аталған Қазақ даласы – қайта жаңғырып, арғы ата-бабалар аңсап кеткен «Мәңгілік Ел» болу жолына Қазақ елінің Президенті Н.Ә.Назарбаевпен бірге нық қадам басты.

Елбасы «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабаларымыздың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз.

Үдеудің сыры – бірлікте,

Жүдеудің сыры – алауыздықта...

Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек...

Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.

Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі...

Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана «Мәңгілік Ел» боламыз...»

Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары – ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырамын.

Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның «Алтын ғасыры» боларына сенемін.

Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.

Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі аталуға лайық.

Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.

Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын» [1].

Елбасының әрбір Жолдауының өзіндік ерекшелігі мен мақсат мүддесі болады. Ол адамзатты бей-жай қалдыра алмайды. Халқын жарқын болашаққа, асыл мұраттарға бастайды. Халқын бірлікке, елдікке «Мәңгілік Ел» болу жолындағы ұлы істерге жігерлендіреді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әрбір Жолдауының ерекшелігі тек Қазақстан халқын бірлікке, ынтымаққа үндеп қана қоймай, түбі бір түркі халықтарының бірлігіне де айрықша көңіл бөледі. Халықтардың бірлігін сақтау – Білге қағанның бізге қалдырып кеткен өсиеттерінің бірі. Осы өсиетті іске асыру жолында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев бауырлас түркі тілдес халықтармен мәдени, экономикалық, білім, ғылыми бағыттарда жан-жақты жұмыстар атқарып келді.

Елбасының әрбір Жолдауын тебіренбей оқу мүмкін емес. Ол парасаттылықтың, ұлылықтың, абыздықтың белгісі. Жастарға беріп отырған идеологиялық, патриоттық тәрбиесі. Сонымен қатар Елбасының сөйлеген сөздерінде келтірілген мақал-мәтелдері түркітілдес халықтарға да жақын, ортақ рухани қазыналар.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мәңгілік Ел» идеясының ел тарихында жаңа дәуірдің кемел де келісті келбетін айшықтап, өтер жолдарды саралап берді деп толық сеніммен айтуға болады. Жолдау «Қазақстан - 2050» стратегиясы бойынша 35 жыл ішінде дүние жүзіндегі дамыған 30 елдің қатарына қосылудың негізгі құжаты саналып, «Мәңгілік Ел» жобасы деп аталуы да әрбір Отандастарымыздың жүрегіне өз еліне деген мақтаныш сезімін ұялатып және оны орындау жолындағы сенімін нығайтты.

Елбасы Жолдауды жариялай отырып, қандай да болмасын өзінің болашағын, даму мақсатын ең жоғары деңгейге көтеруді жоспарлайтын елдердің, оның азаматтарының сол мақсат үшін, ауқымды ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламаларды жасақтап, экономикалық өсуді қамтамасыз етумен айналысатындығын баса ескертті. Елбасы: «ХХІ ғасырдың Қазақстаны – талантты, еңбекқор, толерантты халықтың небәрі екі онжылдықта «нөлден» бастап құрған елі. Бұл – біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ жемісіміз! Бұл – біздің шексіз сүйетін ұлы туындымыз!

Біз қазақстандықтардың ел болашағының тұтқасын нық ұстау үшін «Қазақстан - 2050» Стратегиясын қабылдадық. Бүгінде көптеген табысты елдер – Қытай, Малайзия, Түркия ұзақ мерзімді жоспар бойынша жұмыс істеуде. ХХІ ғасырда стратегиялық жоспарлау өзекті қағида болып саналады» [2].

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы болашаққа бастайтын, айқын мақсаттарға жеткізетін, күнделікті тіршілікті шешетін айқын шамшырақ.

Сондай-ақ, бүгіні мен ертеңін ғана ойлап, бір күнгі тіршілікті ойлаудан, оған қызығудан түсер пайда қазіргі жаһандық даму, бәсекелестік заманында, түкке тұрмас-тіршілік екенін баса айтты. «Мәңгілік Ел» құру жолында – елдігіміз, бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен сынақ. Оны мүлтіксіз орындап, сүрінбей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет» [2], – деп Елбасы ашып көрсетті. ХХІ ғасырды «жеңіл-желпі жүріп өту» деген болмайды. Ел дамуының негізгі өзегі – экономикалық дамудың деңгейі бола бермек. «Бірінші – экономика, сосын - саясат» қағидасын ұстанған болашақты алыстан болжайтын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: «Мен әлемнің озық елдері арасындағы отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгілікке біріктіретініне сенімдемін» [2] – деген сөзі Қазақстандықтарды бір мақсат, бір мүдде жолында жұдырықтай бірігуге, елдің экономикасын дамытуға шақырады. Елбасы «Мәңгілік Ел» жолдауында: «Бүгінде дамығандықтың іргелі көрсеткіштерін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттер көрсетіп отыр. Оған әлемдік ішкі жалпы өнімнің 60 пайыздан астамын өндіретін 34 ел кіреді. ЭЫДҰ-ға кіруге тағы 6 ел – Бразилия, Қытай, Үндістан, Индонезия, Ресей және Оңтүстік Африка Республикасы үміткер болып отыр. Ұйымға мүше барлық елдер терең жаңғыру жолынан өтті, инвестицияның еңбек өнімділігінің, шағын және орта бизнесті дамытудың, халық өмірі стандарттарының жоғары көрсеткішіне ие болып отыр. Әлбетте, ЭЫДҰ елдерінің болашақ ұзақ мерзімді қарқыны ескерілгендігі индикаторлары – жер жүзінің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жолындағы біздің базалық бағдарымыз осы» [2], - деп атап көрсеткен болатын.

Елбасымыздың алдағы қойып отырған ауқымды міндеті мен ұзақ мерзімді мақсаты сол елдердің қатарынан көрініп, халқының өмір сүру сапасын барынша жоғары көтеру болып табылады. Ол үшін, – деп көрсетті Қазақстан Президенті, – Қазақстанда да жоғарыдағы елдердің даму принцитері мен стандарттарын қолдану, енгізу қажет. «Мен Қазақстанда ЭЫДҰ-ның бірқатар қағидаттары мен стандарттарын енгізу жөнінде міндет қойдым...

Экономикада ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы өсімін 4 пайыздан кем қылмай жоспарлануда. Инвестиция көлемін қазіргі 18 пайыздан бүкіл ішкі жалпы өнім көлемінің 30 пайызына дейін ұлғайту керек. Экономиканың ғылыми қамтымды моделін енгізу Қазақстанның экспорттық әлеуетіндегі шикізаттық емес өнімнің үлесін 70 пайызға дейін арттыру мақсатын көздейді» [2] – деп жан-жақты талдап көрсеткен еді. Сонымен бірге экономиканы дамытуда өзі ақтап шыққан жол – ел ішінде шағын және орта бизнесті өркендету арқылы, оларды «елдің ұлттық табысының» 50 пайызын өндіруші дәрежесіне жеткізу жолы болып табылады. Міне, осы және басқа да тиімді даму жолдарын толықтай енгізу арқылы елімізде еңбек өнімділігін қазіргі – 24,5 мың доллардан 5 есе арттырып, 126 мың долларға көтеріп, нәтижесінде әрбір отандастарымызға жан басына шаққанда келетін жалпы ішкі өнім көлемін қазіргі таңдағы 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін жеткізу зор мақсатымыз болмақ. Елбасы: «Қазақстан халық құрылымында орта тап үлесі басым елге айналады. Урбанизацияның жаһандық үрдісіне орай қалалық тұрғындар үлесі барлық халықтың қазіргі 55 пайызынан 70 пайызға дейін өседі...

Саламатты өмір салтының орнығуы, медицинаның дамуы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттырады...

Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс. Бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқық тәртібі дегеніміз – дамыған елдің негізі» [2] – деп ерекше атап көрсеткен болатын.

2050 жылға дейінгі қалған мерзімді 7 бесжылдыққа бөле отырып, бәрімізде, әр бес жылдықты еліміздің дамыған 30 елдің қатарына қосудың маңызды мерзімі деп бағалап, қажырлы еңбек етіп, оларды табысты атқаруға зор белсенділікпен үлес қосуымыз керек.

Ең бастысы «Мәңгілік Ел» болу жолында Қазақстан болашағын – барша халқымыздың, оның ішінде қазіргі жас ұрпақтың жарқын болашағын құрып, қамтамасыз ету болып табылады.

Болашақ жастардікі – оны құратын, әрі дамытатын, сол дамыған елдің жемісін көретін де жастар. Ол үшін басты талап елімізде белсенді де білімді, денсаулықтары мықты жас ұрпақ тәрбиелеп өсіру аға буынның асқақ міндеті.

Жастарға сену, жастардан мол үміт күту аға буынның басты құндылықтары болмақ. Түрікшіл ақын М.Жұмабаев: «Мен жастарға сенемін» өлеңінде:

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар.

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін!


Қажу бар ма тұлпарға, 
Талу бар ма сұңқарға, 
Иман күшті оларда, 
Мен жастарға сенемін! [3]
Бүгінгі тәуелсіз еліміздің жастары Мағжан ақын жырлағандай «көздерінде от ойнап», «арлы», «иманы күшті», «қажу» мен «талуды» білмейтін «Мәңгілік Ел» идеясын құру жолында Елбасымен бірге жалынды жігерлерімен Қазақ елінің экономикасының, мәдениетінің өркендетіп дамытуына, «Алаш атын аспанға» шығаратынына аға ұрпақ сенеді.

1997 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» Стратегиясын халқына жолдағанда, ондағы ауқымды орындалатын міндеттер қол жетпес арман, қиялдай болып көрінгені рас. «2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы мен оны жүзеге асырудың бірінші кезектегі шаралары 1997 жылы 10 қазанда еліміздің Парламентінде ресми түрде жарияланды. Сол күні мен еліміздің Парламентінде Қазақстан халқына арнаған ең алғашқы Жолдауыммен шығып сөйледім. Маған халыққа Жолдау деген идеяның өзі ұнады, оның ел құлағына сіңісті болып кеткеніне қуанамын. Қазір жыл сайынғы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы дәстүрге айналды. Онда бұл нағыз керектің өзі болды – Республиканың барша халқына, барлық азаматтарына үн тастай отырып, біз Стратегияның ерекше рөлі мен мәртебесін атап көрсеттік.

Стратегия ұлттық мақсат пен оған жету жолындағы басымдықтар жүйесін айқындайды. Барша тұрғындардың экономикалық жақсы тұрмысы, әлеуметтік әділеттілік, ұлттық бірлік, өзіне тән тәуелсіз, өркендеген және саяси тұрақты Қазақстанды құру еліміздің миссиясы болып жарияланды. Менің сөзімде барша қазақстандықтардың тұрмыс-жағдайын жақсарту мен олардың қауіпсіздігі, өркендеуі – біздің барлығымыз құрғымыз келетін Қазақстанды бейнелейтін түйінді сөздер екені айтылды» [4], – деп жазды Елбасы «Қазақстан жолы» (2007) еңбегінде. Көреген саясаткердің сара басшылығының арқасында «Қазақстан - 2030» Стратегиясының басым бағыттары мерзімінен бұрын орындалды. Заман ағымына көзі жіті, көңілі жүйрік маманданған экономикалық сарапшылар ғана емес, бүкіл ел, дүние жүзінің белді-белді саясаткерлері мен қоғам қайраткерлері, қарапайым халық мойындап отыр. Ел, қоғам өзгерді, заманға деген, келешекке деген көзқарас өзгерді, жаңа ой, сана-сезім қалыптасты. Осы жылдары Қазақстан саясатта болсын, әлеуметтік салада болсын, экономикада болсын өзгелерге үлгі болатындай дәрежеде алға дамыды. Еліміз дүниежүзі қауымдастығы алдында алды-артын ойлай білетін, келешегін болжай білетін, әлемдегі болып жатқан құбылыстарды талдай білетін, құнды идеялар мен құбылыстарды қолдай білетін, өз шекарасы бар, өзінің бет-бейнесі, ұстанымы, экономикалық үлгісі бар, қиын кезеңдерде қор жинаған, әлем елдері мойындаған, ұлтаралық достығы мен саяси тұрақтылығы берік орнаған мемлекет болып еңсе тіктеді. Бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың батыл қадамдарға барған ұлы саясаткерлігінің нәтижесінде жетіп отырған жетістіктеріміз. «Саяси тұрақтылық бәрінен де жоғары. Азиялық қоғамдағы тәртіп пен реттілік демократиядан маңыздырақ, сондықтан соңғысы біртіндеп дамытылуы керек». Бұл Ли Куан Юдың саяси көзқарасы. Мен мұндай әдістің жаныма жақын екенін ешқашан жасырған емеспін. «Әуелі экономика, ал сонан соң саясат» деген сөзді әрдайым айтамын. Мені сол үшін сынағандар болды. Алайда саясатты адамдардың жақсы тұрмысы мен тыныштығынан бұрын, бірінші кезекке қойған КСРО-ның құлауы ылғи да менің көз алдымда тұрады» [4], – деп Елбасы саяси тұрақтылықты, елдің бірлігін, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін дамытуды ең өзекті мәселесі экономика деп санайды. Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап өз мемлекетінің дамуына «Синергетикалық принциптерді» қолданған алғашқы мемлекеттердің бірі болған фактіні атап өтпеске болмайды. Бұл стратегияны пайдалану таза бәсекелестіктің элементтері марапатталып, мемлекеттік реттеушіліктің ашық желісін құрайтын мемлекеттік саясаттың жасалуы үшін түрлі құрылымдар жиынтығын талап етеді.

«Экономика – саяси тәуелсіздіктің негізі» [4] – деп Елбасы айтқандай, «Қазіргі жүргізіліп жатқан реформалар стратегия мен айқын жоспарлардың шеңберіне сыйғызылған және болашақтағы нақты нәтижеге бағытталған. Бұл нәтиже – біздің елімізге әлемдік деңгейдегі ойдағыдай бәсекелестікке түсуге жағдай туғызуға бейімі бар күшті, диверсификацияланған экономикалық жүйені құру, нарыққа ... экономикалық түсініктерге жол ашады... «Күн астындағы өз орнымызды» табу үшін бәсекеге түсу еді» [4]. Қазақстан әлемдегі өз орнын белгілеуі үшін экономиканы дамыту қажет. Бәсекелестікке түсуге қабілетті ел болуы тиіс.

Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы – біздің жалпы Стратегиямыздың құрамдас бөлігі және біздің жарқын, айқын жолымыздың шамшырағы. Жолдау «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің» белгісі болып табылады.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: «Дүниені өзгерткің келсе – өзіңнен баста» деген қанатты сөзді басшылыққа ала отырып, біздің әрқайсымыз бәсекеге түсуге және жеңіп шығуға үйренуіміз керек. Ал біздің жалпы бәсекеге қабілеттілігіміз түпкі нәтижеде, халықтың жақсы тұрмысына жеткізуі тиіс. Экономиканың өркендеуімен бірге, соның ізінше мәдениет пен өнердің, қазақ тілінің, халқымыздың дәстүрлері мен өмірлік философиясының гүлденуі жүруге тиіс» [4], – деп көрегендікпен айтқан даналық ойы бүгінгі таңда іс жүзіне асып келеді. Ұлттың және елдің бәсекеге қабілеттілігі – халықтың жақсы тұрмысы және оның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көрсетеді.

Кеңес Одағы ыдырап, тарауына байланысты түркі халықтарының дамуындағы жаңа кезең басталды. Орта Азиядағы елдер мен Әзірбайжан осы заманғы дүниежүзілік тарихтың тініне қоса өрілген тәуелсіз дербес мемлекеттерге айналды.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев – түбі бір түркі мемлекеттерінің тәуелсіздігін қуаттай отырып, интеграциялық қарым-қатынастың дамуына барлық күш-қуатын жұмсаған ұлы қайраткер. Елбасы Қазақстан халқының бірлігімен қатар, түркі тілдес халықтардың мәдени, экономикалық қарым-қатынастарын нығайтуда көп жұмыстар атқарып келеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы халқына Жолдауының түпкі негізі – тәуелсіздігіне қол жеткізген түркі мемлекеттерінің білім, ғылым, мәдениет, экономика саласындағы дамуына әсерін тигізетін Стратегиялық құнды бағдаршам болып табылады. Түбі бір түркі халықтарының болашақта дамыған елдермен терезесі тең болу үшін, инновациялық индустрияландыруды күшейту, экономиканың жаңа салаларын қалыптастыру, ғарыштық технологиялар, генді инженерия, болашақтың энергиясын іздеу, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру, «Жасыл» экономикаға көшу, ғылыми қамтымды экономиканы құру, шетелдерден инвестиция тарту, шетелдік компаниялармен бірлесіп, жобалық және инжинирингтік орталықтар құру, сондай-ақ белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтарды қалыптастыру «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» үшін Түркі әлемі халықтары жаһандану дәуірінде жұтылып кетпес үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының аясында саяси салиқалы іс-әрекет жүргізу қажет. Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы Қазақ елімен қатар, Түркі әлемін биік мақсатқа, ортақ мүддеге біріктіретін түріктік идеяға айналып отыр. «Мәңгілік Ел» болу – түркі тілдес халықтардың арғы ата-бабалардан қалыптасып келе жатқан ұлы идея.

Елбасы: «Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан. Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы» [2] – деп халықты тұтастыққа, ынтымаққа, бірлікке шақырады. Қазақстан халқы біртұтас, бөліп-жаруға болмайтын, мақсат, мүддесі бір, болашаққа бірге қадам басатын бір халық. Қазақ елінің бірлігі – Түркі әлемінің бірлігі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан жылдардан бергі асыл арманы.

Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді.

Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық» [2], – деген сөзі Қазақстан халқын, түбі бір түркі тектес халықтардың ұлттық рухын көтеретін, «Мәңгілік Ел» болу жолындағы мәдени байланысы, бірлігі және дамуының тарихи құндылықтарын айқындай түседі.

Қандай да болмасын ауқымды да келелі, жалпыхалықтық істерді орындау кім көрінгеннің қолынан келе бермесі ақиқат. Ол үшін халықты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін патриоттық, ұлттық идея керек екені күмәнсіз шындық. «Ол идея – Мәңгілік Ел идеясы» [2] – деп атап көрсетті Елбасы Н.Ә.Назарбаев. «Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.

Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды құрдық» [2].

Қазақ елінің жүрегіне айналып отырған Астананың «Мәңгілік Ел» идеясын дамытуда алатын орны ерекше.

Академик С.Қирабаев: «Осы бір қиын кезеңнен өтіп, ел есін жия бастаған кезде, экономикамыз әлі де болса толығынан сауығып болмағанына қарамастан Нұрсұлтан тағы бір үлкен іс бастады. Ол Республика астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру, оның атын Астана деп ауыстыру туралы мәселелер. Бұған да кедергілер аз болған жоқ... Бірақ ойына алған мақсатын істемей тынбайтын Елбасы ешкімнің сөзіне ермеді. Өйткені, бұл мәселені ол он ойланып, жүз толғанып барып шешкен. Астананы Орталық Қазақстанға көшіру арқылы көршілермен шекара мәселесін шешіп алуға болатынын, Ақмоланың географиялық орталық екенін, Алматының табиғи жағдайлары оны өркендетуге тарлық жасайтынын дәлелдеді де, жалпы мемлекеттік мүддені жеке мүддеден жоғары қоя білді. Парламенттегі, Үкіметтегі қарсылықтарды біртіндеп жеңіп, шешім қабылдатты. Сөйтіп, жаңа Елорда – Астана қаласы туды. Қазір бұл шаһар бой түзеп, әлемнің ең әсем астаналарымен бәсекеге түсе аларлық дәрежеге жетті. Оның дамуы бүкіл Қазақстанның дамуының символына айналды» [5], – дейді.

Астана идеясы – ұлы идея, ұлы құбылыс. Тәуелсіздігіміздің, мемлекеттік тұтастығымыздың, елдігіміздің ғажайып бір сипаты. «2012 – Астана – Түркі әлемінің мәдени астанасы жылы» атануы, Қазақ елінің Елордасы бүгінде сол бір түбі бір түркі жұртының ой-арманын ұштастыру кең айдынға айналып, Түркілік рухты ұрпақтың санасына сіңіретін Елорда түркі әлемінің мәдени-рухани орталығына айналып отыр. Елбасы: «Қазақтың Мәңгілік ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел!

Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан - 2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.

Бұл - әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.

Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.

Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан - 2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық қадірлі халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!» [2] – дейді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Халқына Жолдауы тарихи құжат. «Мәңгілік Ел» Жолдауында: біріншіден, Қазақ елінің ішкі бірлігі, ұлтаралық келісім, тұрақтылығы мен ынтымағы жарасқан Қазақ Елі болу. Екіншіден, Мәңгілік Ел – бабалар арманы. Оны іс жүзіне асыру бүгінгі ұрпақтың міндеті. Үшіншіден, Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел идеясы. Төртіншіден, Тәуелсіздік – халқымыздың мәңгілік мұраттарға қол жеткізудің кепілі. Бесіншіден, Еуропаның қақ жүрегінде бұрын-соңды болмаған Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды әлемге паш еттік. Алтыншыдан, Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы – қазақ елінің Мәңгілік ғұмыры саналатын ұрпақтың Мәңгілік болашағын баянды ету; Жетіншіден, ұлтымыздың ұлы бағдары болып саналатын «Қазақстан - 2050» Стратегиясының түп қазығы болып саналатын «Мәңгілік Ел» ұғымын қалыптастыру, ұлттарды ұйыстыру, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында мәңгілік іргелі Қазақ елі болу.

Қазақ Елінің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы өзінің тарихи құндылығымен ерекшелене түседі. Елбасы Жолдауының ерекшелігі мен құндылығы – Қазақстан халқын ұлы мақсаттарға бастайтын, өсиет-өнеге, жарқын болашаққа бастайтын бағдаршам іспеттес.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауы егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың бірлігі мен татулығын, рухани келісімін, ел игілігін көздейтін шын мәніндегі бағдарламалық құжат. Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы бүкіл халықты биік мақсатқа, ортақ мүддеге біріктіретін ұлттық идеяға айналып отыр. Елдің болашағы зор, мақсаты – ортақ, мүддесі айқын болуы тиіс.

Қазақ елінің болашағын алыстан болжап пайымдаған Елбасы Н.Ә.Назарбаев барлық саланы қамти отырып, тәуелсіз елімізді дамытудың, әрбір қазақстандықтың, әрбір отбасының, жастардың және келешек ұрпақтың мүддесі үшін қандай шаруалар атқарылғанын және оны шешудің негізгі жолдарын айтты.

Жолдаудағы маңызды бағыт – жастардың еңбек ету, білім алу, жаңашылдықты қабылдау, Отанына қызмет ету, елге деген патриотизм.

Жалпы, барлық құнды еңбектер, жаңалық атаулы Отансүйгіштік арқылы дүниеге келеді. Негізі патриотизм мен намыс тамырлас егіз ұғымдар. Қоғамның қай саласына болмасын, елге деген сүйіспеншілік керек. Әрбір адамзат, мұсылман баласы Алла тағаланың әмірлерін ықыласпен орындауға тырысатыны мәлім. Қасиетті Құранда: «Алланың қастерлі ұғымдарына құрмет көрсету – жүректің тақуалығынан» («Хаж» сүресі, 32-аят) делінген. Ал, имандылыққа бет бұрған ізгі ниетті мұсылман үшін киелі ұғымдардың бірі – елге деген сүйіспеншілік. Олай болса. Отанды құрметтеу мұсылман баласы үшін қастерлі парыз [6]. Қазақ елінің берекелі өмірінде Отанға деген үлкен сүйіспеншілік пен құрмет, қазақы намыс жатыр.

Бір шаңырақтың астында ұлттар достығын жаһанға мойындату мемлекеттік тілдің төңірегінде тұтас елді топтастыру идеясын жүзеге асыру – шын патриоттың қолынан ғана келетін іс. Ол – Елбасы. Елбасы – Қазақ елі халқын бір шаңырақтың астында біріктіріп, елдің бірлігін, татулығын, ынтымағын, ділін, дінін қуаттайтын кемеңгер ұлы тұлға. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Жолдауда атап өткен барлық дүние елдің көкейінде жүрген мәселелер еді. Әсіресе, ұлттық бағыттағы, қазақ тілі, ел бірлігі хақындағы сөздері «Елім» деген әрбір азаматқа ерекше рух бергені сөзсіз.

Елбасы Жолдауының құндылығы мемлекеттік дамуымыздың негізгі шарттары инфрақұрылымдық үштіктің – агломерацияның дамуын қамтамасыз ету. Агломерациялар – Қазақстанның ғылымы қамтымды экономикасының ұстыны. Елдің орасан зор аумағын, халықтың орналасу тығыздығының төмен екенін ескерсек, агломерациялар – қалыптастыру мен дамыту – маңызды мәселе [2]. Көлік инфрақұрылымы индустриялық экономика мен қоғамымыздың тамырына қан жүгіртетін жүйе. Қазақстанның қатынас жолдары оның Еуропа мен Азия, Солтүстік пен Оңтүстік арасында орналасуы тұрғысынан маңызды мәнге ие. Елде жолдар жүйесін дамыту мақсатында: «Астана – Қарағанды - Алматы», «Астана - Павлодар - Өскемен», «Алматы - Қапшағай - Өскемен», сондай-ақ «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің құрылысы, Түркіменстан мен Иран темір жолы, Ақтау портының қуаттылығын арттыру, ұзындығы 1200 шақырым Жезқазған – Шақар – Бейнеу жаңа темір жолы, Жасыл экономика бағдарламасы аясында Астанадағы Дүниежүзілік ЭКСПО – 2017 көрмесіне дайындықты болашақтың энергиясын іздеу және жасау жөніндегі озық әлемдік тәжірибені зерделеп, енгізу және ядролық энергетиканы дамыту, атом энергиясына деген қажеттілік өсетін болады, Қазақстан уран өндіруден әлемде көшбасшы. Сондықтан Қазақстанда АЭС Отаны үшін төл өндірісімізді дамытып, атом стансасын салу тиімді [2].

Елбасының Жолдауда атап көрсеткен игі істерінің барлығы да Қазақ елінің дамуы мен болашағының басты тарихи құндылықтары болмақ.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі жолдарын «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында ерекше атап өткен болатын. «Қазақстан патриотизмнің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі» [1] – дейді Елбасы.

Сонымен қатар, жастарды патриотизмге баулу, оларға үлгі болар тұлғалардың көмегінсіз мүмкін еместігін атап өткен жөн. Елбасы: «Біз жастарымыз бағыт алып, бой түзеуге тиіс өз заманымыздың жаңа қаһармандарын көрсету және табуымыз керек» [1], – деп айтты.

«Қазақстанның тәуелсіз жылдары да қаһармандарға аз емес. Олимиада жеңімпаздары, білім-ғылым саласында елеулі көрсеткіштерге қол жеткізген ардақтылар, Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өмірлерін қиған Ғазиз Байтасов сияқты қаһармандарымыз жас буын үшін үлгі боларлықтай тұлғалар» [7], - дейді ғалым Б.Бұхарбаев.

Елбасы Жолдауында: «Біз бұл мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек. Егер мемлекет әр азаматтың өмір сапасына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беретін болса, біз елімізді сүйеміз, онымен мақтанамыз. Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады» [1], – деп, жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеудің жолдарын атап көрсетеді.

«Қазақтың еңсесі көтеріліп, елі ерлеп, рухы өрлеп, әлем елдері ісіне қызығып, сөзіне құлақ асатын дәрежеге жеттік. Тәуелсіз мемлекеттігімізді Мәңгілік Елге ұластыруға халқымыздың толық негізі бар екендігіне айрықша екпін берілді. Елбасы өз Жолдауында маңыз беріп, көкейінің түбінде сақтаған сырындай етіп айтқан Мәңгілік Ел болу үшін үшін бүкіл халық болып, барлық мемлекеттік құзырлы құрылымдардың, билік тармақтарының таяу жылдарда қандай шараларды жүзеге асырып, қандай міндеттерді жүзеге асыру керектігі толық қамтылып, нақты тапсырмалар берілді. «Жолдаудың әрбір бөлімі, тарауы тек ресми құзырлы мемлекеттік орындар мен құрылымдар, мемлекеттік лауазымдағы қызметкерлер ғана емес, бүкіл халықтың, әрбір қазақстандықтың жауапкершілігін талап етеді» [7], – дейді. Қ.Сұлтанов.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бүгінгі таңға дейін халқына арнаған 18 жүрек жарды Жолдауын ауыл, аудан, облыс, респблика көлеміндегі басшыларымыз бір сәттік науқаншылдыққа айналдырмай, Қазақ елінің болашағы үшін қасиетті Жолдаулар екенін ұмытпағаны абзал. Жоғары оқу орындарында, колледждерде, мектептерде жастарға үнемі насихаттап отыру қажет.

Елбасының жолдаулары кімді болса да назар аудартып, жауапкершілігін, отаншылдық санасын оятуға ықпал етері сөзсіз. Қазақ халқы Елбасының осы үндеуін түсініп, қолдау көрсететініне еш күмән жоқ.

«Елбасы еліне ел болатын сөзін айтып, болашақтың жолын бетке алып, елдің «Мәңгілік Ел» сапарын бастады. Жанында қазақтың қаны бар әрбір азамат осыны сезінуі, түйінуі тиіс. Яғни қазақпын деген әрқайсымыз ұлтымыздың, тіліміздің, Отанымыздың, мемлекетіміздің ертеңін, болашағын ойлауға, оның мәңгілік құндылықтарының сақталып қана қоймай, жаһандық өркениетпен қатар дамуына әрекет жасап, қайраткерлік еңбек ету парызымыз екенін түйсінуге, түсінуге міндеттеміз» [7] – дейді Қ.Сұлтанов.

ХХІ ғасырдың бел ортасындағы Тәуелсіз, өркендеген, қуатты, ізгілікті еркін Қазақ мемлекетін көру бәріміздің де арманымыз болса, сол арманға тек қайратты Еңбек, қажымас Сенім мен Бірлік, Ынтымақ арқылы жетуге болатындығын санамызбен түсіну – біздің ұлттық парызымыз.

Елбасының бұл жолғы Жолдауы «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» (Шәкәрім) айтқандай, мазмұны, құрылымы, баяндалуы жағынан да осыған дейінгі Жолдаулардың жылдан-жылға ұласқан жалғасы бола тұра, көптеген күрделі мәселелерге, құбылыстарға, әсіресе, елдің болашағына қарата мүлдем бөлек, тың, ерекше көзқарас ұсынған жаңа жоба болды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабында: «Түркілер әлемнің тап ортасында адам тұрады, олар ең алдымен адамды құрмет тұтты. Адамдар әлемі, адамзат – түркі рухының қасиетті жиынтығы, міне, осылар...

Сонымен түркілер адамзат әлемінің ұстын тірегі деп адамды таныды. Тап осы адамның өмірі, құштарлыққа, арман-мақсатқа, іс-әрекетке және түрлі оқиғаларға толы жеке адамның өмірі мемлекеттің, қоғамның өмірімен етене тұтастықта қарастырылады. Сондықтан да тарихты нақты адамның өмірімен салыстыра отырып түсінді. Ал мұның өзі тарихи болмыстың мән-мағынасын биік деңгейге көтерді.

Түркілер адамға тән қасиетті қатты бағалады, оны бәрінен де жоғары қоя білді» [8] – деп Елбасы өзі жазғандай, арғы түркі бабаларымыздың өсиетін, өнегесін бұлжытпай, бүгінгі таңда орындап, Қазақ елінің «Мәңгілік Ел» болу жолында «адамды құрметтеу» қағидатын басшылыққа алып, қазақ халқымен тең құқықта өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстарды «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолында біріктіріп, «тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу жолында түркі рухының қасиетті жиынтығы «Адамдар Әлемі, адамзатты» қадірлеп, қастерлеу Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ең басты адамгершілік, бұлжымайтын ұлы қасиеті болып табылады. Қазақ елі «Мәңгілік Ел» идеясы жолында түбі бір түркі халықтарымен әрқашанда бір мақсат, бір мүдде жолында бірігу арқылы ғана бүгінгі жаһандану заманында тарихи ақиқатқа айналады.

Білге қаған халқына сүйеніп, сеніп, игілікті істерді атқарғанын, түркі халқының батырлығын, оның өмірді бағалай білетінін және өзінің халқына шексіз сенетіндігін төмендегідей қысқа тұжырымдаған: «Ей, Түрік! Жоғарыдағы аспан құламай, төмендегі жер тесілмей, сенің мемлекетіңді, әдетіңді кім жоя алады?» [9] деген.

Бірлескен, ынтымақта жасаған түрік халқын жеңетін жер бетінде күш жоқ екенін баяндайды. Түріктің күші, олардың бірлігінде екеніне айрықша тоқталған. Егер ынтымақтастықтары бір болса және мемлекеттеріне, жерлеріне ие бола алатын болса, түрік халқының мәңгілік еркін өмір сүретіндігі айтылады.

Білге қаған өсиеті мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек» [2] деген сөзімен сабақтастығы Түркі әлемінің Мәңгілік тарихи құндылығын дәйектей түседі.

Қорыта айтқанда, Қазақ елінің «Мәңгілік Ел» болу жолына нық қадам басуы тарихи қажеттіліктен туындап отырған құнды дүние. Түркі әлемін бірлестіруге барлық күштерін, саналы еңбегін жұмсаған Бумын, Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк бабаларымыздың ел бірлігін сақтауда жүргізген қажырлы еңбектерін ары қарай жалғастырушы, дамытушы Қазақ елінің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың есімімен байланысты айтылуы «Түркі әлемінің көшбасшысы» атағына лайық ұлы тұлға екенін айқындай түседі.



  1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет