Нұртаев Ерден Рамазанұлы «Магистранттардың оқу-зерттеу іс- әрекетіндегі мотивациясының ерекшеліктері» Зерттеудің көкейтестілігі



жүктеу 45.27 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі45.27 Kb.
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады
А Н Н О Т А Ц И Я

Нұртаев Ерден Рамазанұлы


«Магистранттардың оқу-зерттеу іс- әрекетіндегі мотивациясының ерекшеліктері»

Зерттеудің көкейтестілігі. Қазақстанның әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени салаларында соңғы он жылда болған елеулі өзгерістер көптеген әлеуметтік салаларда, оның ішінде жоғары кәсіби білім беру жүйесінде уақытылы жүзеге асатын нақты деректі түзетулер мен өзгертулерді енгізуді талап етеді. Осыған орай, республикамызда жоғары кәсіби білім беру жүйесіне өзгертулерді енгізу жұмыстарын ұйымдастыруда жағымды нәтижелерге жетудің міндеттерін жүзеге асыру болашағы қазіргі таңда үшдеңгейлі оқытуды енгізу салдары болып табылатын жоғары білім берудің еуропалық жүйесі саласында қабылданған реформаларды белсендіру аясында бақыланған объективті, прогрессивті тенденциялармен тікелей байланысты.

Яғни, біздің жоғары мектеп алдында белсенді шығармашылық қызметке қабілеті бар, сонымен қатар әлемнің білім беру кеңістігінде жаңаша, үнемі өзгеріске ұшырайтын өмірлік шындықтың прогрессивті бағыттылығы мен мазмұнына ешбір қиындықсыз жылдам бейімделе алатын жоғары кәсіби кадрларды дайындау мүмкіндігі бар заманауи жағдайдағы білім беру саясатын жүзеге асырудың объективті қажеттілігі туындап отыр. Осыған орай, үшдеңгейлі білім беруді енгізу жағдайында білім беру саясатын егжей-тегжейлі дұрыс құру мүддесі мемлекет пен қоғам өз алдына білім берудің әрбір деңгейінің орны мен ролі оның ішінде жоғары білім берудің екінші сатысына қатысты, яғни магистранттарды кәсіби дайындау туралы айқын түсініктің болуын қажет етеді.

Жоғары білім берудің екінші сатысында, әдетте, білім алушыда кәсіпқойлықтың одан әрі терең және жан-жақты негіздері қаланады; оқу-кәсіби қызметі аумағында үздіксіз өзіндік білім алуға деген табанды сұраныс пен әлеуетті дайындық сияқты қасиеттер қалыптасады. Нақты-әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, білім алу барысында кәсіби қасиеттер мен ерекшеліктерді практикалық меңгеру әрекеті көзделген мақсаттарға жету мүддесінде қарама-қайшылықтарды шешу және түрлі қиындықтарды жеңумен тікелей байланысты. Нақтылай тоқталатын болсақ, диссертациядағы негізгі мәселені зерттеу барасында оның аса өзекті де маңызды қырларын талдау жұмыстары авторды магистранттардың оқу-зерттеу қызметінің уәждеме мәселесін теориялық әзірлеу үрдісін жүзеге асырудағы теория мен практиканың сұраныстарын қанағаттандыру аясында ғылыми түсінік пен екінші деңгейдің жоғары кәсіби мамандарын дайындау мәселесін пратикалық шешу арасындағы пайда болған кейбір қарама-қайшылықтарды объективті егжей-тегжейлі талдап шешуді қажет ететін әділ қорытынды шығаруға жетелейді, яғни аталған салада арнайы зерттеулердің жеткіліксіз деңгейде болу салдарын міндетті түрде толықтыру қажеттілігі туындап отыр.

Сонымен, диссертанттың жоғарыда көрсетілген қарама-қайшылықтары оларды шешудің оңтайлы жолдарын іздестіруге себепші болды және жоо-ның оқу қызметінде магистранттардың оқу-зерттеу қызметінің уәждеме ерекшеліктерін талдап жинақтайтын зерттеудің негізгі мәселесін айқын көрсетуге мүмкіндік берді.

Диссертанттың қарастырылатын мәселенің аса күрделілігіне және көкейтестілігіне, сонымен қатар айқындалған қарама-қайшылықтарды шешу қажеттілігіне деген сеніміне орай, диссертациялық зерттеу жұмысының тақырыбы анықталды: «Магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметінің уәждеме ерекшеліктері».

Зерттеудің мақсаты: магистранттардың оқу-зерттеу қызметінің уәждеме ерекшеліктерін анықтау теориялық негіздеу және эмпирикалық айқындау.

Зерттеудің нысаны: жоо-да магистранттарды дайындау қызметін ұйымдастырудың тұтастай педагогикалық үрдісі.

Зерттеудің пәні: магистранттардың оқу-зерттеу қызметінің саласы.

Зерттеудің міндеттері:

Уәждемені әртүрлі психологиялық бағыттар мен құбылыстардың психологиялық феномені ретінде сипаттау.

Магистранттардың оқу-зерттеу уәждемесінің құрылымын (немесе жүзеге асыру моделін) айқындау.

Магистранттардың оқу-зерттеу уәждемесінің ерекшеліктерін диагностикалаудың әдістемелік кешенін әзірлеу.

Магистранттардың оқу-зерттеу уәждемесінің ерекшеліктерін оңтайландырудың психологиялық-педагогикалық жағдайларын анықтау.

Зерттеу жұмысы барысында мынандай әдістер қолданды: теориялық талдау, жинақтау, нақтылау, синтез, абстракциялау, модельдеу, білім беру үрдісі субъектілерінің қызметі нәтижелерін талдау, бақылау (педагогикалық үрдісте және зерттеу барысында); тестілеу; психологиялық-педагогикалық тәжірибе; контент анализ; зерттеудің нәтижелерін математикалық өңдеу әдістері (Стьюденттің параметрлік критерийі, Пирсонның қос корреляциясы, орташа тенденциясы).

Ғылыми жаңалығы:

Магистранттардың тұлғалық қасиеттерімен, сонымен қатар жоо-дағы оқу-кәсіби қызметімен шарттастырылған оқу-зерттеу уәждемесінің ерекшеліктері анықталып негізделді.

Кәсіби атаққа кіріктірілген оқу-кәсіби бағыттылықты қамтитын магистранттардың оқу әрекеті уәждемесінің құрылымы анықталды; кәсіби еңбекке деген сұраныс; кәсіби міндеттер; құндылық бағдарлау; оқу-кәсіби қызметтің уәждері, нақтылай айтатын болсақ: оқу-танымдық және кәсіби; тұрақты тұлғалық-кәсіби қасиеттер.

Магистранттардың оқу әрекеті уәждемесінің психологиялық-педагогикалық шарттары және құрылымы айқындалды: оқу-зерттеу уәждемесі ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үрдісін ұйымдастыру; магистранттардың кәсіби бағыттылығы мен оқу міндеттеріне дағдылану, оқу әрекетінде олардың тұлғалық және кәсіби қасиеттерін жүзеге асыру, сонымен қатар өзін-өзі реттеу және рефлексия дағдыларын және жоғары білім берудің екінші деңгейінде оқытудың уәждерін қалыптастыру арқылы психологиялық-педагогикалық ілеспелеу; магистранттарға табысқа жетудің уәждемелерін дамыту арқылы, өзіндік актуальдандыруға деген қажеттілік, рефлексия, өзін-өзі баламалы бағалау сияқты тұлғалық-маңызды жағдаяттарды туғызу.

Магистранттардың оқу-ғылыми қызметі уәждемелерінің деңгейлері (төменгі, орташа, жоғары) айқындалды.

Магистранттардың оқу-ғылыми қызметінің ассертивті аумағы қалыптасуының психологиялық механизмдері анықталды: рефлексия, идентификация, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бақылау.



Магистранттардың оқу-ғылыми қызметі уәждемелерінің ерекшеліктерін анықтауға бағытталған «Оқу-кәсіби тренингтің бағдарламасы» әзірленді және жүзеге асырылды.

Зерттеудің теориялық мәні: магистранттардың оқу-ғылыми қызметінің уәждемесі және оның даму жағдайлары туралы жан-жақты түсінік берілді; жоғары білім берудің екінші деңгейінде магистранттарды кәсіби дайындаудың тұжырымдамасы қазіргі таңда әзірлену барысында, яғни диссертациялық зерттеу жұмысының нәтижелері белгілі бір деңгейде аталған тұжырымдамаға өз септігін тигізіп, одан ары жандандыруға мүмкіндік береді

Зерттеудің практикалық мәні: диссертациялық зерттеу жұмысы аясында әзірленген магистранттардың оқу-зерттеу қызметінің уәждемесін анықтау мен ынталандыруға арналған «Оқу-кәсіби тренингтің бағдарламасы» оқу-кәсіби қызметінде жүзеге асырылып, білім беру үрдісінде қолдануға болады



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет