Нұсқаулар Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 356.89 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі356.89 Kb.

Ф. 4 – 38 Курстық жұмыстар орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Рудный индустриалдық институты

Технологиялық машиналар және жабдықтар кафедрасы

«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»

мамандығының студенттері үшін

«Инженерлік графика» пәнінен курстық жұмыстар орындалуы бойынша


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Рудный 2010



ББК 22.151.3.
Құрастырған: Мұрзахметова Г.М. Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығының студенттері үшін «Инженерлік графика» пәнінен курстық жұмыстар орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар, Рудный, РИИ, 2010. 28 б.
Пікір жазғандар: ТМжЖ кафедрасының аға оқытушысы Сысолятина Т.И.

ҚжҚМ кафедрасының аға оқытушысы Сырова Н.Н.


Әдістемелік нұсқау оқу жоспар талаптарына және «Инженерлік графика» пәнінің бағдарламасына сәйкес құрастырылған және «Құрастыру сызба» курстық жұмысты орындауға қажетті мәліметтер кіргізілген.

Әдістемелік нұсқау «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының күндізгі және сырттай оқу нысаны студенттеріне арналған.

14 сурет, 4 кесте, 6 қосымшалар, әдебиеттер тізімі – 9 атау

І

шкі қолданыс үшін

© Рудный индустриалдық институты 2010

МАЗМҰНЫ






Кіріспе ………………………………………………………………………...

4

1

Курстық жұмыстың орындалу реті мен қорғалуы…………………………

5

2

Курстық жұмыстың тақырыбын таңдауға нұсқаулар ……………………..

5

3

Курстық жұмыстың әр тақырыбына тапсырмалар…....................................

6

4

Курстық жұмысқа қойылатын талаптар .........................................................




5

Курстық жұмыс орындалуының күнтізбелік жоспары..................................

6

6

Курстық жұмыс орындалуының материалдарын жинақтау бойынша әдістемелік нұсқаулар………………………………………………………...

7

7

Жұмыстың сызбалық бөлігін орындауға арналған нұсқаулар ....…..………

7

7.1

Бөлшектердің нобайларын орындау ...............................................................

8

7.2

Нобайларда өлшем сандарын түсіру ........................................................................................

11

7.3

Сипаттiзiмді толтыру .......................................................................................

14

7.4

Құрастыру сызба ...............................................................................................

15




Ұсынылатын әдебиеттер тізімі ........................................................................

18




Қосымша А – Негізгі парақ үлгісі …………………………………………...

19




Қосымша Б – Мәтін және сызба парақтарын ресімдеуге қойылатын талаптар .............................................................................................................

20




Қосымша В – Курстық жұмысты орындауға тапсырманың үлгісі .............

24




Қосымша Г – Сипаттізім …………………………………………… ...…….

25




Қосымша Д – Құрастыру сызба ……………………………………………..

26




Қосымша Е – Қысқаша сөздік ………………………………………………

27

КІРІСПЕ
Сызба – техника тілі, бұл әлем халықтарына ортақ интернационалдық тіл. Өйткені сызба салу ережелері барлық елдер үшін ортақ. Сондықтан басқа елде жобаланған машиненің сызбасын тілмәшсіз (сөздіксіз) түсіне беруге болады. Біздің елімізде жобаланған мәшинелердің сызбаларына қарап, басқа елдерде оны жасап шығаруға болады. Сызба адам өмірінің саналы еңбегінің арқасында пайда болды. Адамзат өміріндегі еңбек құралдарының пайда болуы, қарым-қатынастың дамуы ой-пікірді жеткізуге арналған түрлі белгілерді, таңбаларды тудырды. Бізге келіп жеткен еңбектерде кездесетін графикалық кескіндерде заңдылықтар мен ережелердің болғандығы көрінеді. Мысырдағы алып пирамидалар өлшемдері бірдей тастардан қаланған, яғни бұл елде кірпіш, садақ, т.б. бұйымдар үшін стандарт болған. Біздің елімізде де көптеген үлгілерді белгілі бір жүйеге келтіру тиісті дәрежеде дамыған. Киіз үйдің керегелері, уықтары, есіктері бірдей етіп жасалады. Техниканың дамуына байланысты кескіндеуге қойылатын талаптар да артты. Техника жетістіктерін оқып үйренуде сызбаны оқи білу – ең қажетті шарттардың бірі.

Курстық жұмыстың орындалу мақсаттары:

– геометриялық фигуралардың бейнелері бойынша қарапайым және күрделі тетіктердің геометриялық пішіндерін анықтай білу және осы кескіндерді құрама бірліктің өзінен де, сызбасы бойынша да орындай білу керек;

– сызбаны оқу және тетікбөлшектеу барысында студент сызбадан әр түрлі мәлімет ала алатынын және оны қолдана алатынын көрсету керек. Сол себептен, сызбаны оқу және кескінделген бұйымның қалай жұмыс жасайтынын түсіну тиісті;

– тетіктер мен құрама бірліктердің нобайларын орындау; тетіктерді өлшеу, құрама сызбалардағы позициялардың өлшемдері мен нөмірлерін салу; бұйымның құрама сызбасын салу;

– ақпараттық–анықтамалық материалдарды пайдалану;

– бөлшектердің құрастыру сызбаларын оқу, жалпы көрініс сызбасы бойынша бөлшектердің жұмыс сызбаларын орындау;

Курстық жұмыстың мақсаты:

Курстық және дипломдық жобаларды орындағанда, болашақта мамандығы бойынша техникалық сызбаларды оқу, орындау, құрастыру кезінде шығармашылық қызмет істеуге студенттерді үйрету.

1 Курстық жұмыстың орындалу реті МЕН ҚОРҒАЛУЫ
Курстық жұмысты орындау 6 кезеңнен тұрады:

– Теориялық бөлімді зерттеу;

– Құрастыру бірліктің нобайларын орындау;

– Тетікбөлшекті өлшеп, өлшемдерді қою;

– Тетікбөлшектердің сызбаларын орындап ресімдеу, негізгі жазуды толтыру;

– Сипаттізімді құрастыру;

– Құрастыру сызбаны орындау.

Курстық жұмыстың кезендері оқытушыға күнтізбелік кестесінің мезгілдеріне сай, көрсетілуге тиісті.

Студент курстық жұмысты оқытушының жетекшілігі мен орындайды:

– курстық жұмыс тапсырмасын құрастырады және қабылдап алады;

– курстық жұмыстың күнтізбелік кестесін және жұмыстың негізгі кезеңдерін орындаудың ақпараттық тізімін құрайды;

– негізгі және қосымша әдебиеттерді, анықтамалық және басқа да материалдарды ұсынады;

– кеңес беру кестесіне сәйкесті жетісіне екі реттен кем емес түрде курстық жұмыс бойынша кеңес өткізеді.

– Курстық жұмыс жазушы студенттерге қойылатын талаптардың бірі, жұмысты өзіндік орындау.

Орындалған жұмысты тексеруге студент кафедраға тапсырады.

Курстық жұмысты қорғау жұмыстың орындалу сапасын және студенттің білімін тексерудің ерекше нысаны: қорғау аудитория алдында жүзеге асырылады және келесіден тұрады: студенттің баяндамасы, талқылау және коммиссияның бағасы. Баяндамада студент жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін, тақырыптың маңызы мен жұмысқа қосқан өзіндік үлесін, жұмыс бойынша қортындыны баяндайды.

Курстық жұмысты қорғағаннан кейін, жұмыс студентке берілмейді, Технологиялық машиналар және жабдықтар кафедрасында сақталады.
2 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАУҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛАР
Курстық жұмыстың тақырыбы «Құрастыру сызба».

Студент курстық жұмысты орындауға қажетті мәліметтерді, осы арналған әдістемелік нұсқаудан алады. Нақтылы құрастыру бірлікті студент оқытушыдан алады немесе өзі (өндірісте немесе басқа жерде) таңдап алуы мүмкін. Құрастыру бірлігі деп саналады (вентильдер, тығындық крандары, домкрат, қысқыштар, ілмектік қалқан (клапан), форсункалар және басқа да 3-4 бөлшектен тұратын бұйымдар.

3 Курстық жұмыстың ӘР Тақырыбына тапсырмалар
Курстық жұмысқа тапсырма әр студенттің қарастыратын тақырыбын, тақырып шегінде қарастыратын негізгі сұрақтарды анықтайды және жұмысты орындауға берілген тапсырманың мерзімін, жұмысты құжыраға тапсырудың мерзімін көрсетеді. Курстық жұмысты орындауға тапсырманың үлгісі В қосымшасында берілген.
4 Курстық жұмысҚа Қойылатын ТАЛАПТАР
Түсіндірме хат келесі міндетті бөлімдерден тұрады: кіріспе, негізгі мәтін, қорытынды және әдебиет тізімдері.

Курстық жұмыстың жүйеленген элементтері:

– негізгі парақ;

– курстық жұмысқа тапсырма;

– мазмұны;

– кіріспе;

– қүрастыру бірлігінің тағайындалуы;

– құрастыру бірлігіне кіретін барлық бөлшектердің құрылымың түсіндіру;

– қорытынды;

– әдебиеттер тізімі;

Курстық жұмыстың негізгі парағының үлгісі А қосымшасында берілген.

Кіріспеде курстық жұмыстың тақырыбының маңыздылығы, курстық жұмыстың мақсаттары болу керек. Кіріспе қысқа да, нұсқа болуы тиіс (0,5–1 парақ).

Курстық жұмыстың негізгі бөлігі, бұл бөлікті бөлшектің құрылымын зерттеу, бөлшектің аталуын, тағайындалуын, жасалған материалын анықтау ашушы 3-4 сұраққа бөлу ұсынылады. Жұмыстың негізгі бөлімнің көлемі стандартты парақтың 3–4 бетінен аспауы тиіс.

Қорытындыда негізгі анықталған нәтижелер қысқаша баяндалады, курстық жұмысты орындау алдында қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету деңгейі жайында қорытынды беріледі, Қорытынды қысқаша ғана беріледі және 0,5–1 парақтан тұрады.

Курстық жұмыстың соңында, белгілі ретпен жазылған әдебиеттер тізімі орналастырылады. Тізімге курстық жұмысты жазу барысында қолданылған әдебиеттер көзі жайындағы мәліметтерден тұрады. Тізімге жұмысты жазуда қолданылмаған әдебиеттерді енгізуге болмайды.

Графикалық бөлімде, әрбір бөлшектің нобайы (А5, А4, А3) пішімінде орындалған; А2 (420×594) немесе А3 (297×420) пішімінде орындалған құрастыру сызбасы; құрастыру бірлігінің сипаттізімі А4 (210×297) пішімінде орындалған болуы тиісті.


5 Курстық жұмыс орындалуының күнтізбелік жоспары
Курстық жұмысты орындаудың күнтізбелік жоспарын жұмысты орындау кестесіне сәйкесті жұмыстың орындалу барысын бақылаушы жетекші құрастырады (кесте 1).

Кесте 1 – Курстық жұмысты орындау кестесі



№ р/р

Курстық жұмысты орындаудың негізгі кезеңдері


Курстық жұмыстың негізгі кезеңдерін орындаудың мерзімдері мен көлемі

1 жеті

6 жеті

8 жеті

12 жеті

14 жеті

15 жеті

1

Тапсырмалардың берілуі, МЕСТ-ды зерттеу

10 %
















2

Барлық бөлшектердің нобайларын орындау (стандартты бөлшектерден басқа)




55 %













3

Сипаттізімді құрастыру







70 %










4

Құрастыру сызбаны орындау










90 %







5

Құрастыру бірлігінің бөлшектерінің альбомын ресімдеу













95 %




6

Курстық жұмысты қорғау
















100 %

6 Курстық жұмыс орындалуының материалдарын жинақтау бойынша әдістемелік нұсқаулар


Тапсырманы алғаннан кейін, каталог бойынша өзіндігінен қажетті әдебиеттер тізімін құрастырып, оларды қарастырып шығу қажет. Бұл жұмысты оқытушы ұсынған әдебиеттер тізімін зерттеуден бастаңыз. Осы жағдайдағы студенттің басты міндеті – әдебиеттердің үлкен көлемінен өзіңіздің курстық жұмысыңыздың тақырыбына сай келетін материалды таңдай алу.

Курстық жұмысқа кірісуден бұрын алдың ала оқулықтардан төменде берілген тарауларды оқып және мемлекеттік стандарттардың талаптарымен таныс болуларыңыз керек:

– МЕСТ 2.301–68 .... – 2.317–69;

– Бұранда, бұрандалы біріктірулер;

– Ажыратылмайтын біріктірулер;

– Тетікбөлшекті эскиздеу;

Құрастыру сызба;

– Сипаттізім;


7 ЖҰМЫСТЫҢ СЫЗБАЛЫҚ БӨЛІГІН ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛАР
Курстық жұмыстың сызбалық бөлігі келесі ретте орындалады:

1) МЕСТ 2.101–68; 2.102–68; 2.103–68; 2.104–68; 2.108–68; 2.109–73 зерттеу.

2) Бұйыммен танысу: оның тағайындалуы, бұйымның қызметін, жұмыс істеу принципі, бөлшектердің әсерлесуі, жинау, шашу реті аңықталады.

3) Бұйымды қарап шығып құраушы бөліктерге бөліп (1 – сурет), ретімен бөлшектеу қажет. Бөлшектеу кезінде бөлшектердің бір-бірімен байланысы және әсерлесуі анықталады. Бұл үшін біріккен қос бөлшектерді қарастырып, қай бет бойымен бөлшектердің түйіндесуі іске асатыны, бұл байланыс нәтижесінде қандай біріктіру (қозғалмалы немесе қозғалмайтын) түзілетіні және онда қандай стандартты бекітпе бөлшектер қолданылғаны анықталады.

4) Барлық бөлшектердің нобайларын орындау (стандартты бөлшектерден басқа).

5) МЕСТ 2.307–68 бойынша нобайларда қажетті өлшемдер қойылады.

6) «Машиностроительное черчение» анықтама бойынша стандартталған бұйымдардың параметрлерін және МЕСТ – ың анықтау керек.

7) Бөлшектердің аталуын, енетін материалын анықтау керек.

8) Сипаттізім жасалады, бұйымға кірген құрама бөлімдердің тізімдерінен тұратын

9) Құрастыру сызбаны орындауы.

10) Габарит, қондыру және жұмыс өлшемдерін түсіру (5 қаріппен жазу ұсынылады), позиция нөмерлерін түсіру (7 – немесе 10–қаріппен).

11) Құрастырылатын бірлік бөлшектерінің нобайлар альбомың ресімдеу.


1 сурет – Құрастырылатын бірліктің тетіктері


7.1 Бөлшектердің нобайларын орындау
Бөлшек нобайы – бұл оның сызу құралдарын қолданбай көз мөлшерімен орындалған жұмыс сызбасы. Нобайдың жұмыс сызбасынан айырмашылығы оның сызу құралдарды қолданбай, дәл масштабты сақтамай, бөліктерінің пропорционалдығы көз мөлшерімен орналатындығыңда ғана.

Нобайлар кез келген қағазға – миллиметрлік, тор және т.б. ТМ (HB), М (В) немесе 2М жұмсақ таңбалы қарындаштармен орындалуы мүмкін. Табақтардың өлшемдері МЕСТ 2.301–68 пішімдеріне сәйкес болуы керек, яғни А4 (210×297), А3 (297×420).

Оқу практикасында эскизді натураға (дайын тетікбөлшекке) қарап орындайды. Эскиздерді тор көзді қағазға сызу қалыптасқан, себебі мұндай қағаздың сызықтарын өс, шығару, өлшеу және байланыс сызықтары ретінде пайдаланған тиімді болады.

Бөлшектің нобайын жасау реті:

Нобайы жасалатын бірнеше бөлшек берілген болса, жұмысты қарапайым бөлшектен бастап, біртіндеп пішіні күрделірек бөлшектерге ауысу керек.

Осыған орай төменде берілген кезеңдерге ерекше көңіл аудару қажет:

1. Бөлшектің құрылымын зерттеу. Бөлшектің аталуын, тағайындалуын және жасалған материалың анықтау.

2. Бөлшектің басты көрінісің таңдау. Ол бөлшектің пішінін барынша толық айқындау.

3. Негізгі жазу мен пішім жақтаушасын жүргізіп бетті жобалау керек, яғни әр кескіннің орныңда жіңішке сызықтармен сызба өрісін оптималды толтырып, кескіндердің габаритті тіктөртбұрыштарын сызу және осьтік сызықтарды жүргізу керек (2 – сурет).

4. Жіңішке сызықтармен бөлшектің сыртқы және ішкі контурларын сызып бөлшектің әр элементі барлық кескіндерде көрсетілуі керек.

5. МЕСТ 2.305–68-ге сәйкес қажетті тіліктер (3 – сурет), қималар және шығару элементтері орындалады. Симметриялық бөлшектер үшін әдетте көріністің жартысын және тіліктің жартысын бірге орындайды. Жергілікті тіліктер қолданылуы мүмкін.

6. МЕСТ 2.307–68-ге сәйкес шығару және өлшем сызықтарын жүргізу. Әдетте сыртқы элементтердің өлшемдері көрініс жағынан, ал ішкі элементтердің өлшемдері тілік жағынан көрсетіледі.

7. Кедір-бұдырлық шамасын анықтап, оны сызбада белгілеу.

8. Өлшеуіш құралдар көмегімен бөлшекті өлшеу және сызбада сол өлшемдерді көрсету қажет.

9. Барлық қажет жазуларды орындау (сызба өрісінде) және негізгі жазуды толтыру, сызбаны тексеру. Толығымен орындалған бірінші бөлшектің, штуцер эскизі (4– суретте) берілген.


2 сурет – Нобай орындалуының бастапқы кезеңі

3 сурет – Нобай орындалуының келесі кезеңі



4 сурет – Нобай орындалуының аяқталатын кезеңі


7.2 Нобайларда өлшем сандарын түсіру
Өнеркәсіп пен құрылыстың барлық салалары бұйымдарының сызбаларында және басқа техникалық құжаттарында кездесетін өлшемдер мен шекті ауытқуларды түсіру ережелерін МЕСТ 2.307– 68 тағайындайды. Өлшемнің біреуін-ақ көрсетпей қойса немесе қате қойса, сызба пайдалануға жарамай қалады. Сондықтан өлшем түсіру сызба жасау барысында өте жауапты кезеңдердің бірі болып табылады

Өлшемдердің екі түрін ажырату керек – бұйымды жасау және қабылдау (бақылау) кезінде пайдаланатын жұмыс өлшемдері және сызбаны пайдаланудың ыңғайлылығын арттыру үшін көрсетілетін анықтамалық өлшемдер. Анықтамалық өлшемдерді бұйымды жасау кезінде пайдалануға болмайды. Сызбада оларды „* “ таңбасымен белгілейді, ал негізгі жазудың үстінде орналастырылатын техникалық шарттарда былай жазады: *Анықтамалық өлшем.

Өлшем сызықтарын жүргізгенде белгілі реттілікті сақтау керек:

1) Жалпы өлшем сандары сызбада минималды болуы керек, бірақ бұйымды жасау және қабылдау үшін жеткілікті.

2) Өзара параллель өлшем сызықтары арасындағы қашықтық 7 мм -ден, ал өлшем және нұсқа сызықтары арасындағы қашықтық 10 мм -ден кем болмауы керек.

3) Өлшем және шығару сызықтары қиылыспауы керек. Шығару сызықтары нұсқамалардың ұштарынан 1 ... 5 мм – ге шығып тұру керек.

4) Егер симметриялы нәрсенің немесе симметриялы орналасқан элементтің көрінісін не тілігін тек симметрия өсіне дейін кескіндесе, онда осы элементке қатысты өлшем сызықтарын үзеді, ал өлшем сызығының үзілген жерін өстен әрі орналастырады (5 сурет);

5 сурет – Өлшемдерді түсіру үлгісі


5) Тізбектей орналастырылған өлшем сызықтарының нұсқамаларын салуға орын жетпесе, нұсқамаларды өлшем сызықтарына 45º -тық бұрышпен көлбеу сызықшалармен немесе анық көрінетін нүктелермен алмастырады.

6) Өлшем сандарын жазу үшін нұсқа сызықтарын үзуге және өлшем сандарын өлшем сызықтарының өстік немесе центрлік сызықтармен қиылысқан жерінде жазуға рұқсат етілмейді. Өстік, центрлік сызықтарды және сызықтау сызықтарын үзуге болады (6–сурет).



6 сурет – Өлшем сандарын түсіру үлгісі
7) Диаметр өлшемін көрсеткенде, өлшем санының алдына “ Ø “ таңбасын қояды.

8) Квадрат өлшемін көрсеткенде, өлшем санының алдына “ □ “ квадрат белгісінің биіктігі сызбадағы өлшем сандары биіктігіне тең болуы керек.

9) 45º-тық қиықжиектің өлшемдерін 7 – суреттегідей көрсетеді.

7 сурет – 45º -тік қиықжиектің өлшемдері


10) Басқа бұрышпен жасалған қиықжиектің өлшемдерін жалпы ережелер бойынша – сызықтық және бұрыштық өлшемдермен немесе екі сызықтық өлшеммен көрсетеді (8 – сурет).


8 сурет – Қиықжиектің өлшемдері

Өнеркәсіпте өлшемдерді анықтау үшін дәлдігі жоғары аспаптар мен құрылғылар қолданылады. Оқу процесінде тетікбөлшек эскизін онын натурасы бойынша орындау кезінде оның элементтерін өлшеу үшін қарапайым құралдар: темір сызғыш, кронциркуль, ішөлшегіш (нутромер), штангенциркуль, бұрандалық қимаүлгі және басқалар қолданылады.




а)

в)

б)

9 сурет – қарапайым құралдар: а) кронциркуль; б) ішөлшегіш; в) штангенциркуль

Кронциркульмен және ішөлшегішпен жұмыс істеу амалы бірдей. Штангенциркуль ішкі және сыртқы өлшемдерді, тереңдіктерді өлшеуге мүмкіншілік береді. Оның екі шкаласы: біреуі – қозғалмайтын штангада, екіншісі – жылжымалы нониуста болады. Өлшемді анықтау үшін алдымен штанга шкаласы бойынша нониустың нөлдік белгісіне дейінгі толық миллиметрлер санын табады, содан соң нониус шкаласы сызықшаларының қайсысы штанга шкаласы сызықшаларымен дәл келеді, соған қарай миллиметрдің ондық бөліктері санын табады.
7.3 Сипаттiзiмді толтыру
Сипаттiзiм – құрастыру бірлігінің құрамын анықтайтын негiзгi конструкторлық (мәтіндік) кұжат болып табылады. Оны А4 пішімді қағазға сызады. Ол құрастырылған бұйымның, комплекстiң, комплектiнiң кұрамын анықтайды. Оның екі қалпы болады: 1 – қалыпта оның бастапқы парағы Iа-қалыпта оның келесі парақтары орындалады. Бiрiншi жағдайда негiзгi жазуды 2- қалыпта (10– сурет), екiншi жағдайда – 2а-қалыпта (11 – сурет) жасайды.

Бөлiмдер мазмұны мынадай болады:

а) кұжаттама — конструкторлық кұжаттаманың негiзгi жиынтығы (құрастыру сызбасы және бұйымның құрама бөліктерге бөліну сұлбасы);

ә) құрастырылған бұйымдар – берілген бұйымды құрайтын құрастырылған бұйымдар;

б) тетікбөлшектер – берілген бұйымға тікелей енетін, яғни жоғарыда аталған бұйымдар құрамына енбейтін тетікбөлшектер;

в) стандарт бұйымдар – мемлекеттік, салалық және т.б. стандарттар бойынша қолданылған бұйымдар;

г) материалдар – берілген бұйымға тікелей енетін материалдар (яғни, бұйымның құрастырылған бұйымдар құрамына енбейтін).

Сипаттізімнің әр бөлімінің аталуының асты сызылып жазылады; бөлім аталуының алдында және одаң соң бір бос қатар қалдырылады.



10 сурет – Негізгі жазу 2 – қалыпта



11 сурет – Негізгі жазу 2а – қалыпта


Тапсырманың орындалу реті:

– Сипаттізімге (МЕСТ 2.108–68) тізімделетін бұйымға кіретін құрама бөліктері енгізеді;

– Берілген бұйымның құрастыру сызбасың орындау;

– Эскиздерге БЖ-08. ХХХХХХ. 001, БЖ-08. ХХХХХХ. 002 ...; Сипаттізімге БЖ-08. ХХХХХ. 000; Құрастыру сызбаға БЖ-08. ХХХХХХ. 000 СБ белгіленуі беріледі;

Сипаттізімді толтыру үлгісі Г қосымшасында берілген.
7.4 Құрастыру сызба
Құрастыру сызбасы деп (СБ деп белгіленеді) құрастырылған бұйымның кескіндері және құрастыруға (жасауға), бақылауға қажетті мәліметтер келтірілген құжат. Өндірісте ең алдымен, әр бір бөлек бөлшек оның жұмыс сызбасымен әзірленеді. Содаң соң дайын бөлшектерден, құрастыру сызбасымен толық бұйым жинайды. Жұмыс сызбалары жобалау процесі кезінде құрастыру сызбасының, бұйымнан алынған нобайы бойынша орындалады.

Құрастыру сызбасы төмендегідей ретпен орындалады:

– сызба өрісінде кескіндер орны белгіленеді. Сызбаны симметрия өсьтерін салудан бастайды.

– жіңішке сызықтармен басқа бөлшектер (қалқан, өзек, қақпақ және т.б.) құрастыру ретімен жиналатын негізгі бөлшек (тұрқы, мойынтірек негізгі және т.б.) кескіні салынады.

қажетті тіліктер, қималар, жергілікті және қосымша көріністер орындалады.

– құрастыру бірлігіне кіретін барлық бөлшектердің көріністер нөмері қойылады.

– қажетті өлшемдер қойылады.

– сызба бастырылады.

Құрастыру сызбаларын, әдетте, КҚБЖ стандарттары талаптарына сәйкес ықшамдап орындайды. Бас кескінді таңдап алу керек. Бұл кескін бұйым туралы ең толық мәлімет беру керек. Әдетте ол кескін фронталь тілік болады. Құрастыру сызбасын 2 немесе 3 көріністе сызады. Басқа кескіндерді тағайындау. Олардың саны мүмкіндігінше аз, бірақ сызба анықтығына кедергі жасамайтындай болуы керек. Тағайындалған кескіндер бұйымға қандай құрама бөліктер енетінін, олар қалай бір – бірімен біріктірілгенін анықтауға мүмкіндік беруі керек. Құрастыру сызбасында құрастыру бірлігінің жұмысы мен құрылысы, барлық бөлшектердің құрылымдары мен әсерлесуі жайында толық мағлумат болатындай жеткілікті көріністер, тіліктер, қималар саны болуы керек.

Құрастыру сызбасын оңай әрі жылдам сызу, оқу үшін стандартқа сәйкес МЕСТ 2.109–73 шарттылықтарды ескеріп, қолдана білу керек. Қиықжиектерді, бунақтарды, жырашықтарды, тереңдетулерді, бүрлеулерді, бедерлеулерді, шығыңқылықтарды және т.б. майда элементтерді көрсетпеуге болады. Өзек пен тесік арасындағы саңылауды көрсету аса қажет болмаған жағдайда оны көрсетпейді.

Көршілес бөлшектердің сызықшалары әр түрлі бағытта, 45º көлбеулік бұрышпен, сызықшалардың арақашықтығын өзгертіп, олардың ығысуын қолданып орындайды. Қалыңдығы 2 мм –ден жіңішке бөлшектерді қарайтып көрсетуге болады.

Тұтас біліктер, өзектер, айналдырықтар, саптар, шариктер, стандартты бекітпе бұйымдар, кілтектер сияқты бөлшектер ұзынша бойы қималарда МЕСТ 2.305–68**-ге сәйкес қиылмай бейнеленеді.

Серіппелердің барлық түрін жұмыс сызбаларында және нобайларда бос күйінде, сыртқы күштер әсер етпей тұрғанда кескіндейді. Барлық бұрамалы серіппелерді жұмыс сызбаларында осі негізгі жазуға параллель етіп кескіндейді. Әдетте, серіппелердің иірімдерін оң бағытты еіп кескіндеп, нақты бағытын техникалық талаптарда атап өтеді.

Егер серіппенің орам сандары төрттен көп болса, онда оның сызбасында әр ұшында 1–2 орам (сығылу серіппелеріндегі тірек орамдарын, керілу серіппелеріндегі ілмекшелерді есептемегенде) көрсетіледі, ал қалған орамдарды кескіндемей, олардың орнына серіппенің барлық ұзындығына орам қималарының центрлері арқылы өтетін өс сызықтары жүргізеді.

Құрастыру сызбасын орындағанда мынадай негізгі өлшемдерді қояды:

– габаритті, бұйымның ішкі және шеткі шекті кескінін анықтайтын өлшемдер;

– орнату, монтаж орнында бұйымды орналастыру өлшемдері;

– қосқыш, берілген бұйымның басқа бұйымдарымен қосылатын өлшемдер;

– бұранданың өлшемдері;

– қажетті анықтамалық өлшемдер.

Көріністерді (позициялар) нөмірлеу

Құрастыру сызбасында көріністер нөмірлері бұйымның әрбір жеке құрамдас бөлігінен жүргізілетін шығару сызығының сөресінде көрсетіледі. Шығару сызықтары құрамдас бөліктің контурын қиып өтуі мүмкін және нүктемен аяқталады.

Көріністердің шығару сызықтары қиылыспауы керек; сызықтарға параллель болмауы керек; мүмкіндігінше басқа құрамдас бөліктердің кескіндерін, өлшем сызықтарын қиып өтпеу керек.

Көріністер нөмерлері негізгі жазуға параллель орналастырылады және бір бағанда немесе қатарда, яғни вертикаль немесе горизонталь түзу бойында топтастырылады. Көріністер нөмерлері қарап өлшемі өлшем сандарының қаріпінен 1–2 әріп нөміріне артық болуы керек. Бір бекіту орнына қатысты бекітпе бөлшектерінің тобы үшін ортақ шығару сызығын жүргізуге болады. Мұндай жағдайда көріністер нөмірлерінің сөрелері баған болып орналасып, жіңішке сызықпен қосылуы тиіс (12 сурет).




12 сурет – Бекітпе бөлшектерінің тобы

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Государственные стандарты. Единая система конструкторской документации. Общие правила выполнения чертежей.

2. Нәби Ы. Сызба геометрия және инженерлік графика: Техникалық мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2005. – 264, сүретті.

3. Жаңабаев Ж. Инженерлік және компьютерлік графика. Техникалық мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: Мектеп баспасы, 2005. – 304 бет, суретті.

4. Фролов С.А. и др. Машиностроительное черчение. Учебное пособие для вузов/ С.А. Фролов, А.В. Воинов, Е.Д. Феоктистова. ­ М.: Машиностроение, 1981 – 304с.

5. Федоренко В.А., Шошин А.Ш. Справочник по машиностроительному черчению. – 14-е изд., перер. И допол./ под ред. Г.Н. Поповой. – М.: Машиностроение, ленинградское отделение, 1983 – 416 с.

6. Годик Е.И., Хаскин А.М. Справочное руководство по черчению. Издание 4 – с пер. и допол. М.: Машиностроение1974–696 с.

7. Лагерь А.И., Колесникова Э.А. Инженерная графика. Учебник для инж. тех. спец. вузов.– М.: В.Ш., 1985 – 176 с.

8. Левицкий В.С. Машиностроительное черчение и автоматизация выполнения чертежей – М.: В.Ш.,2001

9. Миронова Р.С., Миронов Б.Г. Инженерная графика – М.: В.Ш., 1983

Қосымша А

(міндетті)

Негізгі парақ үлгісі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ




Рудный индустриалдық институты


Технологиялық машиналар және жабдықтар кафедрасы


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: Инженерлік графика
Тақырып: _____________________________________________________________

______________________________________________________________________


________________________ Орындаған: студент



(баға) __________ _______________________

Комиссия мүшелері: (студент қолы) (студенттің аты-жөні)

________________________ «______» ________________ 200____ж. ________________________ Топ: ___________

________________________ Сынық кітабы шифрі: _______________

________________________ Жетекші: оқытушы

____________ ______________________

(оқытушы қолы) (оқытушының аты-жөні)

«______» _______________ 200_____ ж.

Рудный 200__

Қосымша Б

(міндетті)

Мәтін және сызба парақтарын ресімдеуге қойылатын талаптар


Жұмыстың құрамдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Кіріспе», «Қортынды», «Әдебиеттер тізімі» парақтың ортасына, соңында нүкте қойылмай, үлкен әріптермен сызусыз, 14 шрифтпен жазылады немесе басылады.

Мәтіндік құжаттың негізгі бөлімінің бөлімдерінің атауы жаңа беттен басталып, қызыл жол қалдырып, 14 шрифтпен, үлкен әріптермен жазылуы тиіс

Сызбаларды орындау және өндірісте қолдану тәжірибесі техникалық сызбалардағы жазулар үшін арнайы қаріптерді жасауға келтірді.

МЕСТ 2.304-81-ге сәйкес өнеркәсіп пен құрылыстың барлық салаларында орындалатын сызбаларға және басқа техникалық құжаттарға түсірілетін жазулар жол табанына 75º-тық көлбеулікпен немесе көлбеуліксіз жасалады. Қаріптің өлшемі деп үлкен әріптердің жол табанына перпендикуляр бағытта өлшенілетін биіктігін айтады.

Стандарт қаріптердің екі түрін (А және Б) тағайындайды: қаріп сызықтарының жуандығы қаріп өлшемінің А түрінде 1:14 бөлігіне, ал Б түрінде 1:10 бөлігіне тең болады. 13 суретте қаріптің А түрімен жазылған орыс әліпбиінің әріптері көрсетілген

13 сурет – Сызба каріптері
Сызба қарыптарының тағайындалған өлшемдері:

h – Бас әріптің биіктігі миллиметрмен өлшенеді:

2,5 3,5 5 7 10 20 28 40

Кіші әріптердің биіктігі миллиметрмен өлшенеді:

1,8 2,5 3,5 5 7 10 20 28
Негізгі парақ үлгісі А қосымшасында берілген.

МЕСТ 2.301.68* мынадай негізгі пішімдерді және олардың белгілеуін тағайындаған:


2 – кесте МЕСТ 2.301.68* бойынша пішімдер

Пішімнің

белгіленуі



А0

А1

А2

А3

А4

Пішімнің

өлшемдері, мм



841*1189

594*841

420*594

297*420

210*297

Сызбаны пішімнің көлемінде орындайды. Қағазға сызбаны салмай тұрып, сызба өрісін анықтайтын рамка деп аталатын тік төртбұрыш салынады. Рамканы жоғары, оң және төменгі пішім шетінен 5 мм қашықтықта, ал сол жақ шетінен 20 мм қашықтықта жүргізеді. Пішімнің сол жағындағы ені 20 мм болатын жолақ сызбаларды альбом түрінде тігу үшін қалдырады.

Графикалық бөлім А2 (420×594) немесе А3 (297×420) пішімінде жасалынады.

Сызбалар қарандаштың көмегімен орындалады. Сызбада қолданылатын сызықтардың түрлерін және өлшемдерін МЕСТ 2.303–68 тағайындаған. Осы стандартқа сай сызықтар 3 – кестеде сипатталған. Жуан тұтас негізгі сызықтың жуандығы S сызбаның пішіміне, мөлшеріне және кескіннің күрделігіне байланысты 0,8 мм –ден 1,4 мм –ге дейінгі аралықта болады.


3 кесте – Сызба сызықтары

Сызықтың аталуы

Сызықтың сызылуы

Сызықтың жуандығы

Сызықтың негізгі қолданылатын орны

1

2

3

4

Тұтас жуан негізгі сызық




S

Көрінетін нұсқа сызықтары, көрінетін өту сызықтары, оңашаланған қиманың нұсқа сызықтары

Тұтас жіңішке сызық




S/3 ... S/2


Беттестірілген қиманы шектейтін сызық, өлшем және шығару сызықтары, штрихтау сызықтары, шығарма сызық, шығарма сызығының сәкісі және жазудың астын сызу сызықтары, Шығарылған элементті қоршау сызығы, жорамал өту сызығы, жазықтықтың іздері, және көмекші сызықтар

Тұтас ирек сызық




S/3 ... S/2


Ұзу сызығы, көріністі және тілікті шектеу сызығы

3 кестенің жалғасы



Тұтас жіңішке іркісінді сызық


S/3 ... S/2


Ұзын үзу сызығы

Үзілме сызық




S/3 ... S/2


Кескінде көрінбейтін сызық (штрихтың ұзындығы 2 – 8 мм, штрихтың аралары 1 –2 мм)

Үзілме нүктелі жіңішке сызық


S/3 ... S/2


Осьтік және центрлік сызықтар; Шығарылған немесе беттестірілген қима үшін симметрия осі болатын қию сызығы (штрихтың ұзындығы 5 – 30 мм, штрихтың аралары 3– 5 мм).

Үзілме нүктелі жуандатылған сызық





S/3 ... 2/3


Жылумен өндеуге немесе қаптауға жататын беттерді белгілейтін сызықтар (штрихтың ұзындығы 3–8 мм, штрихтың аралары 3 –4 мм)

Үзілме қос нүктелі сызық


S/3 ... S/2


Жазбадағы бүгу сызығы; Бұйымның бөлігін шеткі не аралық жағдайда кескіндеу үшін қолданылатын сызық (штрихтың ұзындығы 5 – 30 мм, аралары 4 –6 мм)

Үзік сызық




S ... 1,5 S

Қима сызығы

Кескіндердін масштабы МЕСТ 2.302.68 ұсынылады.

Нәрсенің сызбадағы кескінінің сызықтық өлшемінің оның нақты сызықтық өлщеміне қатынасын масштаб деп атайды.

МЕСТ 2.302-68* бойынша масштабты кескінделген бұйымның үлкендігіне және күрделілігіне қарай төменгі қатардан алады:


4 – кесте Масштабтар

Кішірейту

масштабтары



1:2; 1:25; 1:4; 1:5; 1:10; 1:15; 1:20; 1:50; 1:75; 1:100; 1:200; 1:400; 1:500; 1:800; 1:1000

Нақты шама

1:1

Үлкейту

масштабтары



2:1; 2,5:1; 4:1; 5:1; 10:1; 20:1; 40:1; 50:1; 100:1

Масштабтарды негізгі жазуда 1:1; 1:2; 2:1; және т.б. үлгіде, ал басқа жағдайларда М(1:1); М(1:2); М(2:1) және т.б. үлгіде белгілейді.

Эскиздерді дәл масштабты сақтамай, бөліктерінің пропорционалдығы көз мөлшерімен орындалады ал құрастыру сызбаға масштабты стандартпен берілген қатардан алады.

Пішімнің оң жақ төменгі бұрышына негізгі жазуды орналастырады. Сызбаларда орындалатын негізгі жазудың үлгісі 14 – суретте көрсетілген.

Негізгі жазудың өлшемдерін және оны толтыру ережелерін МЕСТ 2.104-68 анықтайды. А3 пішімінің ұзын оң жағында негізгі жазу (МЕСТ 2.104–68) орналасқан жағдайда, жоғарғы сол бұрышында бұрыштық жазу (70×14) орналасады (қужаттың белгілеуі) 180º-қа бұрылып жазылады.

Негізгі жазу бағандарының мазмұны:

1 баған – бұйымның аталуы;

2 баған – құжаттың белгілеуі;

3 баған – тетікбөлшектің қандай материалдан жасалғаны көрсетіледі (тетікбөлшектен басқаларда бұл баған толтырылмайды);

4 баған – сызбаны шығарған мекеменің аталуы (оқулық сызбаларында – РИИ ҚМжС кафедрасы).



(4)


14 сурет – Негізгі жазу

Қосымша В



(міндетті)

Курстық жұмысты орындауға тапсырманың үлгісі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Рудный индустриалдық институты

Тау-кен және құрылыс факультеті


Технологиялық машиналар және жабдықтар кафедрасы

БЕКІТЕМІН

ТМжЖ кафедрасының меңгерушісі

___________________ М.Ю. Гуров

«_____»____________ 200____
Студенттің курстық жұмысына

ТАПСЫРМА


Пән___________________________________________________________________
Студент____________________________________Топ________________________
Тақырыбы___________________________________________________________________________________________________________________________________

Бастапқы берілістер: ____________________________________________________

______________________________________________________________________

Тапсырма____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Графикалық бөлім ______________________________________________________

______________________________________________________________________

Ұсынылған әдебиеттер тізімі_____________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________


Тапсырманың берілген күні «_____» _____________200______

Жұмысты қорғауға ұсынған мерзім «____» __________200____

Жетекші__________ ________________________

(қолы) (аты-жөні)

Тапсырманы орындауға қабылдадым «_____» __________200

Студент _____________________________

(қолы) (студенттің аты-жөні)

Қосымша Г



(міндетті)

Сипаттізім




Қосымша Д

(міндетті)

Құрастыру сызба


Қосымша Е



Қысқаша сөздік


Айналдырық

Шпиндель

Аталуы мен тағайындалуы

Название, назначение

Баған

Столбец

Байланысқан қызметтерді атқару

Выполнять взаимосвязанные функции

Байланысы және әсерлесуі

Связь и взаимодействие

Бедер, кертпе

Рельеф, насечка

Бедерлеу(лер)

насекание

Бөлшек, тетік, тетікбөлшек

Деталь

Бөлшектердің жиынтығы

Набор изделий

Бөлшектердің құрылымы

Состав детали (сборочной единицы)

Бунақ жону

Проточка канавки

Бұйым

Изделие

Бұранда

Резьба

Бұрау

Свинчивание

Бұрғылау қондырғысы

Бурильная установка

Бүрлеу(лер)

Накатка (маш.)

Білдек

Станок

Білік

Вал

Вентиль

Вентиль

Дәнекерлеу

Пайка, припаивание

Жабдықтар

Оборудование

Жақтауша

Рамка

Жалпиту

Расплющивать, делать плоским

Желімдеу

Клеить, склеивание

Жұмыс сызбалары

Рабочий чертеж

Кеме

Корабль

Керегелері

Решетка юрты, остов

Кесу

Резание

Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі

Единая система конструкторской документации

Көрініс(тер)

Вид (ы)

Қақпақ

Крышка

Қалау

Класть, обкладывать, складывать

Қалқан

Клапан, щит

Қиықжиек

Фаска

Қосалқы

Вспомогательный

Қосалқы бөлшектердің жиынтығы

Комплекты запасных частей

Қосалқы сиппаттағы жалпы пайдалануға тағайындалған

Общее эксплуатационное назначение вспомогательного характера

Құрастыру амалдары

Сборочные операции

Құрастыру амалымен біріктірілмеген

Не соединенные сборочной операцией

Құрастыру бірлігі

Сборочная единица

Құрастыру жұмыссыз жасалған

Без применения сборочных операций

Құрастыру сызба

Сборочный чертеж

Құю

Литье

Қысқыштар

Тиски

Мағлұмат

Знание, сведение, данные, материалы

МЕСТ (Мемлекеттік стандарт)

Государственный стандарт

Мойынтірек

Подшипник

Нобай

Эскиз, схема

Ортақ көмекші жұмыстарды атқаратын

Для выполнения взаимосвязанных функций

Өзек

Стержень

Преске салу, іскенже, престеу

Прессовка

Пісіру, дәнекерлеу

Сварка

Саймандар

Инструменты

Саңылауды

Зазор

Саңылауларды

Отверстия, щели

Серіппе

Пружина

Сипаттізім

Спецификация

Сомын (түрікше)

Гайка (маш.)

Стандартты бекітпе бөлшектер

Стандартные крепежные изделия

Стандартты бөлшектерден

Стандартные изделия

Су жүргізетін құбыр

Водопроводный кран

Табақ; қаңылтыр

Лист

Тереңдетулер

Углубления

Тесік

Отверстие

Тойтару

Загнуть (конец гвоздя), заклепать, клепка

Төлке

Втулка

Төлке, дөңгелектің төлкесі

Втулка

Тұрқы

корпус

Тұтастыру

Примыкать, прилегать, становиться сплошным

Түйіндесу; жанасу

Сопряжение

Тығындық кран

Пробковый кран

Тігу

Шить

Уықтары

Унина, кривые палочки (унины) на которых поднимается и держится верхний круг юрты для привязывания к решетке

Шегелеу, тойтару, пеш кеспегі

Клепка

Штамптау

Штамповка

Шығыңқылық (тар)

Выступы

Ілмектік клапан (қалқан)

Запорный клапан

Ілмектік құрылғы

Запорное устройство

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Рудный индустриалдық институты

ТМжЖ кафедрасының мәжілісінде қарастырылды

Хаттама № 2 « 02 » 10 2010 ж.

Кафедра меңгерушісі М.Ю. Гуров

ҚБ ФАӘК мәжілісінде мақұлданды

Хаттама № ____ «_____»________2010 ж.

ҚБ ФАӘК төрайымы Э.М. Шайкина

ОӘК –нің мәжілісінде бекітілді

Хаттама № ____ «_____»________2010 ж.

ОӘК төрайымы Б.А. Жаутиков

Технологиялық машиналар және жабдықтар кафедрасы
«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»

мамандығының студенттері үшін

«Инженерлік графика» пәнінен курстық жұмыстар орындалуы бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Рудный 2010

2010-2011 оқу жылының

жоспарымен тексерілген

Гүлнәр Мұхамбетқызы Мұрзахметова

«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының студенттері үшін

«Инженерлік графика» пәнінен курстық жұмыстар орындалуы бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Басылымға ____ _____ 20___ қол қойылды

Таралымы 10 дана. Пішімі 21х30/2. Көшірмелік техникасына арналған даналық қағаз. Көшірмелік баспа. Көлемі 1,8 оқу-баспа табағы. Тапсырыс № ________
Рудный индустриалдық институтының басылымы

РИИ-дің редакциялық-баспа орталығы

Р

удный қаласы, Қазанның 50 жылдығы атындағы көше, 58








©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет