Нұсқаулар мен ұсыныстар Нысан пму ұс н 18. 2/05



жүктеу 330.07 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі330.07 Kb.

Әдістемелік нұсқаулар

мен ұсыныстар






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/05



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Есеп және аудит кафедрасы

«Бухгалтерлік есеп қағидалары» пәні бойынша

050508 Есеп және аудит мамандығының студенттеріне арналған

пәнді зерттеу бойынша



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР

Павлодар



Әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстарды бекіту парағы





Нысан ПМУ ҰС Н

7.18.1/05





БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

______________

Н.Э. Пфейфер

20 ж. «__»___________

Құрастырған: аға оқытушы Темірғалиева А.Б.


Есеп және аудит кафедрасы

«Бухгалтерлік есеп қағидалары» пәні бойынша

050508 Есеп және аудит мамандығының студенттеріне арналған

пәнді зерттеу бойынша



Әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар

Кафедра отырысында ұсынылған 200 ж. «____»________№_____хаттамасы


Кафедра меңгерушісі ________________ Р.И. Смагулова
Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған

200 ж. «_____»______________№_____хаттамасы


ӘК төрайымы______________ Л.А. Сидорова
ЖжОҮӘКБ МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжОҮӘКБ бастығы _____________ Варакута А.А. 20 ж. «____» ________
20_ж. «_____»______________ университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды №____ хаттамасы

Тақырып 1 Ақпараттық жүйесі ретіндегі бухгалтерлік есеп

Бухгалтерлік есептің анықтамасы және оның міндеті. Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау. Экономикалық ақпараттың көзі ретінде бухгалтерлік есеп беру және оны қолданушылардың жіктеленуі. Қазақстанда бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі. Бухгалтерлік есептегі этика.

Бухгалтерлік есеп дегеніміз нақты бір шаруашылық іс-әрекет жүргізетін субъект туралы қаржылық ақпаратты жинап, өндеп, пайдаланушыларға беретін жүйе.

Шаруашылық іс-әрекет жүргізетін субъект – бұл мақсаттардың орындалуына бірігіп жұмыс істейтін адамдар тобынан тұратын ұйым.

Бухгалтерлік ақпарат пайдаланушылары келесідей бөлінеді: бірінші топ топ – ішкі пайдаланушылар (әкімшілік, меншік иесі, директорлар Кеңесі, менеджердер, кәсіпорындардың басшылары т.б.); екінші топ – тікелей қаржылық мүддесі бар сыртқы пайдаланушылар (инвесторлар, несиеберушілер); үшінші топ – тікелей емес қаржылық мүддесі бар сыртқы пайдаланушылар (салық органдары, реттеуші органдар т.б.)

Есеп жүйесінде қалыптасатын ақпарат маңызды басқару шешімдерін қабылдау процесінің негізін құрайды, және келесі функцияларды іске асыру үшін сандық ақпаратты қамтамасыз етеді:

Бухгалтерлік есептің екі негізгі құрылымдық бөлігі бар:


  • қаржылық есебі – бұл кәсіпорынның іс-әрекеті және қаржылық жаағдайы туралы бар есептік ақпаратының бөлігі;

  • басқару есебі - өндіріс процесімен тікелей байланысты және қаржылық есебінің жалғасы. Басқару есеп жүйесінде жинақталған, өндірілген және жүйеге келтірілген ақпарат басқару қызметкерлерінің ішкі қолдануына кәсіпорын іс-әрекетін талдау үшін, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану үшін арналған.

Бухгалтерлік есеп әдісінің келесі негізгі элементтері бар: құжаттау, түгендеу, шоттар мен екі жақты жазу, бағалау, бухгалтерлік баланс, есеп беру.

Бухгалтерлік баланс дегеніміз нақты белгіленген мерзмге қарай мүліктің түрі (құрамы) мен орналасуы және олардың қорлану көздері бойынша экономикалық топтастыру тәсілі. Осы сәтте, баланста мүлік екі жақтан қарастырылады: түрі мен орналасуы және қорлану көздері бойынша.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Бухгалтерлік есеп: анықтамасы, ақпарат пайдаланушылары, түрлері, функциялары және әдісінің элементтері.

2 Бухгалтерлік есептің заңнамасы.

3 Қазақстан Республикасында шаруашылық іс-әрекет жүргізілетін ұйымдар.

Әдебиет


  1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы, 28ақпан 2007 ж. №234-II

  2. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Н. Принципы бухгалтерского учета – М., 1996

  3. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы,2007.-296б.


Тақырып 2 Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары

Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізі. Қаржылық есеп берудің элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері. Шаруашылық субъектінің активтері, міндеттемелері және меншікті капиталы, табыстары және шығындары. Қаржылық есеп берудің элементтерінің бағасы. Бухгалтерлік ақпараттың сапалық сипаттамасы. «Шаруашылық операциялары» жайлы түсінік.

Бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамалары Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі бекіткен концептуалды негізінде қарастырылады.

Бухгалтерлік есептің келесі негізгі қағидалары бар:



  • есептеу қағидасы. Бұл қағида бойынша тауарлар және көрсетілген қызметтер , орныдалған жұмыстар үшін алынған табыстар немесе қойылған талапты айтады. Қойылған талап дегеніміз ақша қаражаты алынуға тиісті берілген шот;

  • дербестік принцип. Меншік иелігіне қарамастан әрбір немесе кез-келген ұйым бухгалтерлік есеп шоттарын қолданып, есепті жүргізуге міндетті;

  • үздіксіз іс-әрекет қағидасы. Өз қызметін атқарып келе жатқан ұйым жақын арада жойылмай белгісіз уақытқа дейін іс-әрекетін жалғастыра бермек;

  • консервативтік принцип.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Қаржылық есеп түсінігі, негізгі элементтері

2 Бағалаудың түрлері (алғашқы, ағымдағы, нарықтық, дисконтталған, сатудағы құны және т.б.)

3 Қаржылық және шаруашылық процестері.

4 Шаруашылық операциялар түсінігі

Әдебиет


  1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы, 28ақпан 2007 ж. №234-II

  2. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Н. Принципы бухгалтерского учета – М., 1996


Тақырып 3 Бухгалтерлік баланс

Бухгалтерлік баланстың ролі мен мағынасы. Бухгалтерлік баланстың түрлері. Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны. Негізгі бухгалтерлік теңдеу. Бухгалтерлік балансқа деген екі көзқарас. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік балансқа әсері.

Баланс дегеніміз–бұл шаруашылық субъектісінің ресурстары мен олардың құралу көздерінің жағдайын ақшалай формада және белгілі бір уақыт сәтінде көрсетіп беруге мүмкіндік жасайтын бухгалтерлік есеп әдістемесі. Баланста бұл екі категория–ресурстар мен көздер, яғни актив пен пассив мейлінше анық ерекшеленеді. Баланстың негізгі бухгалтерлік есептің классикалық:

Актив–пассивке (міндеттемелер+жеке меншік капитал) теңдеуі болып табылады.

Активтер субъектісінің қолында не бар екенін, яғни барлық құны бар мүмкін, мүліктік және мүліктік емес жеке игілігімен құқын көрсетеді.

Міндеттеме дегеніміз–борышкердің несие берушінің пайдасына белгілі бір іс–қимыл жасау немесе одан бастарту міндеті, ал несие беруші борышкерден өз міндетін орындауды талап етуге қақылы.

Жеке меншік капитал дегеніміз–бұл меншік иесінің активінен оның міндеттемелерін ұстағаннан қалған капитал.

Жұмыс істеп тұрған субъектінің балансы белгілі бір мерзімге құрылады. Сонымен қоса баланстардың бірнеше түрлері болады, олар бір–бірінен елеулі айырмашылақтарымен ерекшеленеді.

Баланстың сол жағы (формаға қараңыз)–актив өзіне екі бқлімді қосып алады. І бөлім–« а ғымдағы активтер» ІІ бөлім «ұзақ мерзімді активтер».

Бухгалтерлік баланста субъектінің белгілі бір мерзімдегі ресурстарының мөлшері көрініс береді (есептік мерзімнің соңы). Алайда, шын мәнісінде субъект ресурстары үнемі қозғалыста болады және үздіксіз жүргізілетін шаруашылық операцияларының ықпалымен олардың мөлшері мен құрамы үнемі өзгеріп отырады. Субъектіде өтіп жататын әрбір шаруашылық операциялары оның ресурстарының көлемі мен құрамында, демек балансын да өзгертеді. Сонымен қоса (операция) осы ресурстарда екі жақты өзгеріс тудырады. Мысалы, банктегі есеп айырысу есеп шотынан ақысы тауар–материал игіліктерінің қоймаға түсуі тауар–материал қорының тиісті сомаға ұлғаюына соқтырады және субъектінің банктегі есепайырысу есепшотындағы ақшасын азайтады; шикізаттар мен материалдарды өндіріске беру олардың қоймадағы қорын азайтады және өндіріс шығынын ұлғайтад.

Шаруашылық құралдары мен олардың көзінің өзгеруі баланста соманың баланс статяларына сәйкес ұлғаю немесе азаю түрінде қорытындыланып көрсетіледі.

Шаруашылық операцияларының ықпалымен субъект балансында болатын өзгерістер төрт топқа немесе типке бөлінеді.

Біріншіден типке немесе топқа баланстағы шаруашылық операцияларының ықпалымен болған, шаруашылық ресурстарының бір формадан екіншісіне өзгеруіне байланысты туындаған өзгеріс жатады. Олар тек баланс активіне ғана қатысты, шаруашылық ресурстарының (активтің) құрамын өзгеріту, бірақ баланстың жалпы сомасын өзгертпейді (∑А+О-О=∑П. Мұндағы ∑-сома, А–актив, О–операция, П–пассив) мысалы, материалдарды өндіріске жіберу.

Екінші типке немес топқа баланстағы шаруашылық операцияларының ықпалымен болған, бір ресурстар көзінің екіншісіне ауысуына байланысты (көздерді қайра білу) туындаған өзгерістер жатады. Олар тек баланс пассивіне байланысты, жекелеген көздердің сомасын өзгертеді, бірақ баланстың жалпы сомасын азайтпайды және актив пен пассив жиынтығының теңдігі бұзылмайды. (∑ А=∑ П+О–О). Мысалы, пайданы басқа да резервтік капиталға жіберу.

Үшінші типке немесе топқа баланстағы шаруашылық операцияларының ықпалымен болған, субъектіге жаңа ресурстардың қосылуына байланысты туындаған өзгерістер жатады. Олар баланс активтері мен пассивтеріне қатысты, ресурстардың жекеленген түрлері мен олардың көздерінің сомасы ұлғаюға қарай өзгертеді және баланстың жалпы сомасы осы типтегі жасалған шаруашылық операцияларының сомасына ұлғайтады (∑ А+О=∑ П+О), мысалы, өнім тапсырушылардан материалдардың түсуі.

Өзгерістің төртінші типіне баланстағы шаруашылық операцияларының ықпалымен болған, ресурстардың бірі белгінің шаруашылық жүргізуші субъектіден шығып кетуіне байланысты өзгерістер. Олар баланс активі мен пассивіне қарасты, шаруашылық ресурстарының жекеленген түрелрі мен олардың көздерінің сомасын азайтады және баланстың жалпы сомасын азаю жағына қарай өзгертеді (∑ А-О=∑ П-О). Мысалы, банк несиесін клиенттің банктегі есеп айырысу есепшотынан өтеу.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Баланс түсінігі, түрлері, негізгі элементтері

2 Баланстық тепе-теңдік

3 Балансқа әсер тигізетін шаруашылық операцияылардың түрлері

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет


  1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы, 28ақпан 2007 ж. №234-II

  2. Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары

  3. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы,2007.-296б.

  4. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Н. Принципы бухгалтерского учета – М., 1996


Тақырып 4 Бухгалтерлік шоттар және шаруашылық операцияларының екі жақты жазу әдісімен көрсетілуі

Бухгалтерлік шоттар жайлы түсінік. Бухгалтерлік шоттардың құрылуы мен мазмұны. Бухгалтерлік есеп шоттарының жіктелуі. Екі жақты жазу жүйесі. Шоттар корреспонденциясы.

Шот дегеніміз – бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпаратты сақтау бірлігі. Сондай–ақ, шот ұйымның мүлігі, қаржыландыру көздері және шаруашылық процестермен жүргізілетін операцияларынтіркеу, топтастыру және ағымдағы бақылау жүргізу тәсілі.

Шоттар актвитердің, міндеттемелердің, меншікті капиталдық, сонымен қатар, табыстар мен шығыстардың әрбір түріне ашылады.

Сыртқы түріне қарағанда шот – бұл екі жақты кесте. Шоттың үлгісі суретте көрсетілген.


Дт (Дебет) Шоттың атауы Кт (Кредит)





Құрылысына қарай бухгалтерлік шоттар екі түрлі болады: активтік және пассивтік.

Екі жақты жазу дегеніміз – ол бір шаруашылық операция екі рет көрініс табады, яғни бір шоттың дебеті бойынша, ал екінші шоттың кредит жағында бірдей сомада. Осы сәтте, шоттар арасында өзара байланыс пайда болады. Осындай байланыс шоттар корреспонденциясы деп аталады.

Шоттар корреспонденциясын дұрыс анықтау үшін арнайы кезеңдерді орындау керек. Осы кезеңдердің орындалуын келесі мысалдың негізінде қарастырамыз.

Бухгалтерлік есеп жүйесінде әр түрлі ақпаратты жинақтау үшін және тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін шоттардың екі түрі қолданылады: синтетикалық және аналитикалық.

Синтетикалық шоттар ұйымның шаруашылық құралдары мен қорлану көздері, шаруашылық процестермен шаруашылық нәтижелері туралы жалпыланған көрсеткіштерінен тұрады. Олар тек қана ақша бірліктерінде жүргізіледі.

Бірақ, ұйымның қаржы – шаурашылық іс–әрекетін басқару барысында жалпыланған көрсеткіштер қажетті ақпаратпен қамтамасыз етпейді. Сондықтан, кез-келген өнімбершуі, сатышалушы, ұйым жұмыскері бойынша мәліметтер талданып көрсетілуі тиіс. Осы сәтте, синтетикалық шоттардың дамуына аналитикалық шоттар қолданылады.

Әрбір шот есептің тек қана бір объектісін сипаттайтын, көрсеткіштер көрініс табады. Барлық есеп объектілерін бір жерге жинақтап, жалпы сипаттамасын алу үшін айналым тізімдемесі қолданылады. Бұл тізімдемеде шоттағы қалдықтар және есептің кезеңдегі айналымдар қортындылары көрсетіледі.

Синтетикалық шоттар бойынша айналым тізімдемесін құрастырғанда басты шарт үш теңдеудің пайда болуы.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Бухгалтерлік шоттар: активтік, пассивтік, топтамалық (синтетикалық) және талдамалық (аналитикалық) шоттар мен олардың өзара байланысы

2 Шоттар корреспонденциясы: жай және күрделі

3 Айналым ведомостері, олардың мәні мен оларды құру

4 Шаруашылық субъектілерінің қаржы – шаруашылық қызметінің Үлгі шоттар жоспары

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет


  1. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы,2007.-296б.

  2. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Н. Принципы бухгалтерского учета – М., 1996


Тақырып 5 Есептік кезеңмен қаржылық есеп беруді дайындау

Есептік цикл. Кіріспе бухгалтерлік баланс. Шаруашылық операцияларын тіркеу мен талдау және олардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі. Қорытыңды баланс.

Әрбір жаңа есептік кезеңді шаруашылық етуші субъект кіру балансынан, яғни есептік кезеңнің алғашқы мерзіміне құрылған баланстан басталады. Шаруашылық операцияларды тіркеу және олардың бухгалтерлік шоттарда көрінісі «Шаруашылық операцияларды тіркеу журналында» жүргізіледі. Бухгалтерлік процедуралардың бақылау құралы болып айналым ведомості немесе сынама баланс табылады. Оны айналымды және барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдықтарды бақылау үшін қолданады.

Бухгалтерлік баланста субъектінің белгілі бір мерзімдегі ресурстарының мөлшері көрініс береді (есептік мерзімнің соңы). Алайда, шын мәнісінде субъект ресурстары үнемі қозғалыста болады және үздіксіз жүргізілетін шаруашылық операцияларының ықпалымен олардың мөлшері мен құрамы үнемі өзгеріп отырады. Субъектіде өтіп жататын әрбір шаруашылық операциялары оның ресурстарының көлемі мен құрамында, демек балансын да өзгертеді. Сонымен қоса (операция) осы ресурстарда екі жақты өзгеріс тудырады. Мысалы, банктегі есеп айырысу есеп шотынан ақысы тауар–материал игіліктерінің қоймаға түсуі тауар–материал қорының тиісті сомаға ұлғаюына соқтырады және субъектінің банктегі есепайырысу есепшотындағы ақшасын азайтады; шикізаттар мен материалдарды өндіріске беру олардың қоймадағы қорын азайтады және өндіріс шығынын ұлғайтад.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Есептік циклдың анықтамасы, негізгі кезеңдері

2 Трансформациялық кесте, оны құрастыру тәртібі
Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет


  1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы, 28ақпан 2007 ж. №234-II

  2. Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары

  3. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Н. Принципы бухгалтерского учета – М., 1996


Тақырып 6 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Бухгалтерлік құжаттар, олардың атқаратын қызметі мен жіктелуі. Есеп регистрлері. Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері. Түгендеу. Есеп саясаты.

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке жалпы құқықтық және әдістемелік басшылықты ҚР Қаржы министрлігі жанындағы бухгалтерлік есеп жөніндегі әдістемелік Департамент жүзеге асырады. Соңғы жылдары бухгалтерлік есепті құқықтық және әдістемелік жағынан ретке келтіретің бүкіл жүйесін одан жетілдіру жөніндегі белгілі бір жұмыстар, ол нормантивті құжаттардың төрт деңгейі жүйесін енгізуге көздейді.

Бухгалтерлік есеп сатандарттар–бұл қандай да бір үлгідегі шаруашылық операциясының қалай есепке алынуға тиісті және қаржылық есепке берілген түсіндірме хатта қандай ақпарат ашып көрсетілуі керек екені туралы түсінік беретін ресми ереже.

Есеп саясаты–субъектінің өзі жасап, бекітетін және есеп жүргізу қаржылық есеп дайындау мен тапсыру ережелерді белгіленген ішкі нормантивтік құжат.

Есеп саясатын қалыптастырудың базасы бухгалтерлік есептің стандарттары болып табылады. Бұлар субъектінің шаруашылық операцияларын, активтерін, жеке меншік капиталын, міндеттемелерін, табыстары мен шығындарын көрсетудің баламалы тәсілдерін ұсына алады.

Есеп саясатын қалыптастыру әрбір стандартта ұсынылатын тәсілдердің бірін таңдауда, оларды субъект қызметінің жағдайланына қарай негіздеп, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есеп берудің негізі ретінде қабылдауда маңызды да жауапты іс болып табылады.

Есеп саясатын қалыптастырудың жауапкершілігі субъектінің бірінші басшысының мойнында. Есеп саясатын және ондағы өзгерістерді бекітетін құжат–бірінші басшының бұйрығы.

Субъектінің есеп саясатына мынадай тараулар енуге тиіс:


  • кәсіпорының жалпы сипаттамасы.

  • есеп саясатының жалпы ережелері.

  • бухгалтерлік есеп әдістемесі.

  • бухгалтерлік есеп жүргізу техникасы.

  • бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру.

Есеп саясатының негізгі аспектілері қаржылық есептің түсіндірме хатында ашылып көрсетілуге тиіс, оған үлкен мән беріледі.

Субъектінің есеп саясаты салық пен бухгалтерлік есеп салалындағы заңдар өзгерген жағдайда, сондай–ақ есеп пен бухгалтерлік есеп ақпараттарының анықтығын арттыру мақсатындағы субъектінің өз шешімі бойынша өзгеруі ықтимал.

Егер есепті кезең ішінде нақ осы саясатта өзгеріс бола қалса, онда оның есептері көрсетілуі керек. Егер бұл өзгерістер елеулі қаржылық және материалдық шығын келтірер болса, онда оларды түсіндіру кезінде мұндай өзгерістердің шығынына баға беру қажет.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Бухгалтерлік құжаттар түсінігі, олардың түрлері және толтыру тәртібі

2 Есептік регистрлер

3 Бухгалтерлік есепте қателерді түзету тәсілдері

4 Есептік саясат

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет


  1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы, 28ақпан 2007 ж. №234-II

  2. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы,2007.-296б.

  3. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. Бухгалтерский учет на предприятии. – Алматы, 1998


Тақырып 7 Ағымдағы активтердің есебі: ақша қаражаттары

Ағымдағы активтердің анықтамасы мен олардың жіктелуі. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі. Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары мен олардың сипаттамасы.

Ақша қаражаттарын сақтау , қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.

Кассада материалды жауапты адам – кассир, оны касса операицяларын жүргізу тәртібімен таныстырады және содан кейін онымен материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы шарт жасалынады.

Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі ҚР Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

Кассаға ақшаны қабылдау кассаны кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кіріс ордер екі бөлектен тұрады: ордер және оның қиынды бөлігі (квитанция). Квитанция ақша салған тұлғаға беріледі.

Кассадан ақшаны беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен және басқа да құжаттармен рәсімделеді.

Касса кітабының әрбір парағы мең екі бөліктен тұрады. Оларрдың бірін кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады; екіншісі – көшіргі қағаз арқылы толтырылады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады.

Касса операцияларының синтетикалық есебін жүргізу үшін шоттардың Үлгі жоспарының 1010 активтік шоты арналған, ал есептік регистр ретінде №1 журнал-ордер мен ведомость қолданылады, олар кассир есебі негізінде толтырылады.

Қолма-қол ақшаны сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айрысуларды жүргізу үшін кәсіпорындар банкте ұлттық валютадағы ағымдағы корреспонденттік шотты ашады.

Есеп айрысу шотындағы операциялар келесі құжаттар арқылы рәсімделеді:


  • қолма-қол ақша жарнасына берілетін хабарлама;

  • ақшалай чек;

  • төлем тапсырысы;

  • төлем талап-тапсырысы.

Есеп айрысу шоты бойынша операциялардың есебі 1030 шотында жүргізіледі, ал есептік регистр ретінде №2 журнал-ордер мен ведомосі қолданылады.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Кассалық кіріс және шығыс ордерлері, оларды кұру, толтыру және рәсімдеу тәртібі. Касса кітабы, оның еңгізілуі.

2 Банктердегі есеп айырысу шоты мен арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі.

3 Ақша қаражаттарының синтетикалық есебі

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет


  1. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы,2007.-296б.

  2. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Н. Принципы бухгалтерского учета – М., 1996

  3. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. Бухгалтерский учет на предприятии. – Алматы, 1998


Тақырып 8 Дебиторлық борыштардың есебі

Дебиторлық борыштың танылуы мен бағалануы. Күдікті дебиторлық борыштардың есебі. Басқадай дебиторлық борыштардың есебі. Алынуға тиісті қосылған құн салығы. Қаржылық есеп беруде ашып көрсету.

Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын өз қызметкерлерін қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе тауарларын сатып алады, және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындарды үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп-айрысу жолымен төленуі мүмкін емес. Сондықтан қызметкерлерге қолма-қол ақша беріледі және олар сол алған ақшасына есеп беруі тиіс.

Аванс тек басшының жарлығымен (және нақты қажеттілік жеткен кезде) есеп беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберрілетін тұлғаларға беріледі. Есеп беруге тиісті адамдарға берілетін сомалар оны куәландыратын құжаттарының негізінде жұмсалады және белгіленген мерзімде бухгалтерияға тапсырылады.

Аванс есептерін бухгалтерия тексереді, содан соң оларды субъектінің басшысы бекітеді.

Есеп берруге тиісті адамдар өздеріне берулген аванстарды толық қайтармаса, онда ол сомасы олардың жалақысынан біртіндеп немесе түгелдей ұсталынады. Аванс құжаттары бойынша артық жұмссалған сома еңбекерлерге кассадан беріледі.

Іс-сапар шығыстары деп кәсіпорын басшысының жарлығы бойынша белгілі бір мерзімге қызмет бабаның тапсырмасын орындау үшін қызметкерлердің басқа кәсіпорынға бару үшін алған қаражатын айтады.

ҚР аясында іс-сапарда жүргендерге екі айлық есептік көрсеткіш деңгейінде тәулік ақысы төленеді.

Нақты іс-сапар орнына барған және сол жерден шыққан күндері бойынша іссапар куәлігіне белгі соғады. Іссапарға шаққан және келген күндері куәлікте көрсетілген күнмен сәйкес келуі тиіс. Әдетте, іссапар мерзімі жолда жүрген уақытын есепке алмағанда қырық күннен аспауы керек.

Іссапарға жіберілген қызметкердің үй-жайды жалдауына кеткен шығындары ұсынылған құжаттардың негізінде төленеді. Келгеннен кейін бес күннің ішінде алған аванс бойынша есеп беру керек.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Дебиторлық берешектің түсінігі, оның түрлері

2 Дебиторлық берешектің синтетикалық және аналитикалық есебі

3 Дебиторлық берешекті түгендеу және қаржылық есепте көрсету тәртібі

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет


  1. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы,2007.-296б.

  2. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Н. Принципы бухгалтерского учета – М., 1996


Тақырып 9 Тауарлы-материалдық қорлардың есебі

Тауарлы-материалдық қорлар жайлы түсінік. Тауарлы-материалдық қорлардың жіктелуі. Тауарлы-материалдық қорлар есебінің үзіліссіз және мерзімді жүйелері. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістері. Қорларды есептеудің үзіліссіз және кезендік жүйелерін қолдану. Қаржылық есеп беруді ашып көрсету.

Тауарлы-материалдық босалқылар дегеніміз –


  • әдеттегі іс-әрекет барысында өткізуге арналған немесе;

  • өндірістік процесте сатуға арналған активтер;

  • өндірістік процесте немесе қызметтерді көрсеткенде тұтынатын материалдар немесе жеткізулер түріндегі активтер;

  • қызметтерді көрсету процесінде тұтынатын босалқылар түріндегі активтер.

Тауарлы-материалдық қорлар (ТМҚ) келесі активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар мен материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.

ТМҚ есебі Халықаралық қаржылық есеп берудің 2 «Босалқылар»стандартымен реттеледі.

Өндіріс барысында функционалдық (қызметтік) ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық қорлар негізгі және көмекші болып бөлінеді.

Босалқылардың барлық түрлерін есепке алу үшін бухгалтерлік есептің жұмыс жоспарының 1300 «Босалқылар» бөлімінің негізгі, активті шоттары пайдаланады.

Босалқылардың есебін ұйымдастырудың басты алғы шарты: оларды дұрыс бағалау болып табылады.

Материалдық босалқыларды бағалау өзіндік құнымен және өткізудің таза құнының арасындағы ең төмен құнымен бағаланады.

Шикізат пен материалдар ұйым балансында нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша құныдылықтар синтетикалық есепте де көрсетіледі, ал аналитикалық есепте – тұрақты есеп бағасымен көрсетіледі.

Сатылатын таза құнын да, өнімнің өзіндік құнынан да төмен бағасы бойынша материалдық босалқыларды бағалау үшін келесі әдістерді қолдануға болады: баптық әдіс, негізгі тауарлық топтар әдісі, босалқылардың жалпы деңгейі әдісі.

Материалдық босалқылардың бір түрінің алу бағасы есептік кезең барысында әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дұрыс анықтау үшін келесі үш әдістердің біреуін қолдануға болады:


  • орташа өлшенген құн әдісі;

  • алғашқы сатып алу бағалары бойынша босалқыларды бағалау (ФИФО) әдісі;

  • арнайы (бірыңғай) идентификациялау әдісі.

Тауарлы-материалдық босалқылар есебінің үздіксіз және мерзімді жүйелері бар.

Үздіксіз есеп жүйесінде босалқылардың есебі үздіксіз әрбір сатып алу және өткізулер (сатулар) бойынша жазбаларды жасау жолымен жүргізіледі. Сонымен қатар, мерзімді есеп жүйесі қолданылады.

Босалқылардың синтетикалық есебін ұйымдастыру үшін бухгалтерлік есептің жұмыс жоспарының 1300 «Босалқылар» бөлімінің шоттары пайдаланады.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Тауарлы-материалдық қорлардың түсінігі, жіктелуі

2 ТМҚ бағалау әдістері және оларды салыстыру

3 Кәсіпорындағы тауарлы-материалды қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі.

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет


  1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы, 28ақпан 2007 ж. №234-II

  2. Қаржылық есеп берудің №1 ұлттық стандарты 2007 ж. 21 маусым 218

  3. Қаржылық есеп берудің №2 ұлттық стандарты 2007 ж. 21 маусым 217

  4. Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары

  5. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы,2007.-296б.

  6. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Н. Принципы бухгалтерского учета – М., 1996



Тақырып 10 Ұзақ мерзімді активтердің есебі

Ұзақ мерзімді активтер жайлы түсінік, олардың жіктелуі. Негізгі құралдардың анықтамасы мен сипаттамасы. Негізгі құралдардың жіктелуі. Инвентарлық объект. Негізгі құралдардың бағалануы. Негізгі құралдардың амортизациясы (тозыу). Негізгі құралдардың жойылуы мен басқадай шығыс етілуі.

Негізгі құрал дегеніміз – ұйыммен дайын өніңмді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) өндірру және жеткізу, басқа ұйымдарға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттарында және уақыттың ұзақ мерзімде (бір жылдан аса) пайдаланылатын материалдық активтер.

Негізгі құралдардың жылжуы олардың келіп түсуі, ішкі орын ауыстыру және есептен шығару бойынша шаруашылық операцияларды жүзеге асырумен байланысты. Бухгалтерлік есеп жүйесінде негізгі құралдардың келіп түсуінің есебі қандай жағдайда түскен мен байланысты. Әсіресе, кәсіпорынға негізгі құралдар келесі жағдайларда келіп түседі:


  • басқа ұйымдар мен тұлғалардан ақылы негізінде;

  • жалға алу;

  • ұйымның жарғылықты капиталына жарна ретінде;

  • күрделі қаржы нәтижесінде;

  • түгендеу барысында негізгі құралдардың артықтарын кіріске алу т.б.

Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді: негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (орнын ауыстыру) актісі, негізгі құралдарды есептен шығару актісі және т.б.

Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалды жауапты адамға бекітіп; инвентарлық (мүліктік) каррточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нөмірін беріп, мүлікті “Мүліктік тізімдемеге” алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалады.

Мүліктерді бір ғана карточкада есепке алуға рұқсат етіледі.

Ал тозудың құндық көрінісі амортизация деп аталады.

Амортизация – активтің қызмет еткен мерзім бойына амортизацияланған құнды тарату процесі.

Амортизацияны есептеудің келесі тәсілі бар:



  • құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;

  • құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);

  • жеделдетіп есептен шығару тәсілі: қалдығын азайту жолымен есептен шығару;

Негізгі құралдардың түрлері бойынша амортизацияны есептеудің әр түрлі әдістері пайдаланады. Ұйымдар амортизация әдісін табысты алудың болжамдаған схемасына қарай таңдайды. Компания таңдап алған амортизацияны есептеу әдісі субъектінің есептік саясымен анықталуы тиіс және ол бір есептік кезеңнен екінші есептік кезенге өтуі тиіс.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Активтердің түсінігі, жіктелуі

2 Негізгі құралдардың түсінігі, жіктелуі

3 Негізгі құралдардың синетикалық және аналитикалық есебі

4 Негізгі құралдардың амортизациясы

5 Негізгі құралдарды жөндеуінің есебі

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет


  1. Қаржылық есеп берудің №1 ұлттық стандарты 2007 ж. 21 маусым 218

  2. Қаржылық есеп берудің №2 ұлттық стандарты 2007 ж. 21 маусым 217

  3. Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары

  4. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы,2007.-296б.

  5. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Н. Принципы бухгалтерского учета – М., 1996

Тақырып 11 Ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелер

Міндеттемелердің анықтамасы. Міндеттемелердің жіктелуі. Субъектінің өзінің міндеттемелері бойынша әр-түрлі заңды және жеке тұлғалар мен есеп айырысудың түрлері. Міндеттемелерді есептеу. Бюджет пен есеп айырысу. Еңбек ақы төлеу бойынша жұмысшы қызметкерлер мен есеп айырысу есебі.

ҚР Салық Кодексінің 143-бабынаа сәйкес айқындалатын салық салу объектісі бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады.

ЖТС салынатын объектілер:



  • төлем көзінен салық салынатын табыстар;

  • төлем көзінен салық салынбайтын табыстар.

Жеке тұлғалар табыстарынан мынадай түрлеріне салық салынуға тиіс емес:

  • ҚР заңдарында белгіленген мөлшерде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемдер;

  • балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;

  • жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды ҚР заңдарына сәйкес өтеу (жоғалтқан жалақысына қатысты өтеуден басқа);

  • лотерея бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш шегінде ұтыстар;

  • қызметтік іссапарлар кезінде Салық Кодекстің 93-бабында белгіленген мөлшерде төленетін өтемдер;

  • ізгілік, қайырымдылық көмек түрнде алынған мүліктің құны;

  • он алты жасқа толмаған балалар үшін балалар лагеріне жолдамалардың құны;

  • еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өміріне және денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;

және Салық Кодекстің 144 - бабында ұсынылған басқа да табыстар.

Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына:



  • қызметкердің табысы;

  • біржолғы төлемдерден алынған табыс;

  • жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері;

  • дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар түрінде табыс;

  • стипендиялар;

  • жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.

Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысын анықтау кезінде салық жылы ішінде әрбір ай үшін шегерімге мыналар жатады:

  • ҚР заң актісінде табысты есептеудің тиісті айға белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі (АЕК)сома;

  • асырауындағы адам пайда болған айдан бастап қызметкердің асырауындағы отбасының әрбір мүшесіне АЕК мөлшеріндегі сома. Аталған шегерімдер бір салық төлеушінің табысына – отбасы мүшесіне қолданылады;

  • жинақтаушы зейнетақы қорларына ҚР заңдарында белгіленген мөлшерде төленетін міндетті зейнетақы жарналары;

  • ҚР тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында АЕК-тің 10 еселенген сомасынан аспайтын мөлшерде өз пайдасына енгізген ерікті зейнетақы жарналары;

  • жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығын жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген АЕК-тің 5 еселенген шегінде сақтандыру сыйлықақылары.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Міндеттемелердің баланста орналасуы, анықтамасы, мерзіміне қарай жіктелуі

2 Міндеттемелердің синтеикалық және аналитикалық есебі

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет

1 Қаржылық есеп берудің №1 ұлттық стандарты 2007 ж. 21 маусым 218



2 Қаржылық есеп берудің №2 ұлттық стандарты 2007 ж. 21 маусым 217

3 Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары

4 Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы,2007.-296б.

Тақырып 12 Серіктестердегі капиталдың есебі

Капитал туралы түсінік. Теориялық негіздеме. Серіктестіктердің мәні. Жарғылық капиталдың есебі, оның қалыптасуы мен өзгеру тәртібі. Жарғылық капиталдың қалыптасуы тәртібі мен шаруашылық субъектісінің қызметінің түріне байланысты оның көлемі. Акционерлік қоғам. Төленбеген капиталдың есебі.

Бухгалтерлік есепке жататын заттар мен құбылыстардың жалпы тізіміне сипаттама беру үшін оның теориясында бухгалтерлік есеп объектілері түсінігі қолданылады. Заңды немесе жеке тұлға құқығы бар кәсіпорындар мен барлық шаруашылық субъектілерінде олардың кімге және меншіктің қандай формасына жататына қарамастан бухгалтерлік есеп түрінде ұйымдастырылған бақыланушы зат олардың ресурстарын қозғалысқа келтіретін шаруашылық қызметі болып табылады.

Субъект ресурстары дегенде оның шаруашылық қызметі барысында пайдаланатын түрлі активтерінің, міндеттемелері мен жеке меншік капиталының жиынтық құңы түсініледі.

Субъект міндеттемесі өткен оқиғалардан туындайды, ол бойынша жасалатын есеп ресурстардың кері қайтуымен аяқталады да, олар өзіне экономикалық пайда қамтиды.

Жеке меншік капитал–бұл субъектінің бүкіл міндеттемелерін ұстап қалғаннан кейінгі (немесе субъектінің борыштан тысқары мүлкін) активіндегі қалдық мүдде.

Қазақстан Республикасының экономикасы шаруашылық жүргізуші субъектілердің әралуан түрлерін қамтыған. Субъект қызметінің міндеттерін оның иесі белгілейді. Ол міндеттер: қоғамға қажетті сапалы, рентабельділігі жоғары өнім шығару. Оларды өткізу табысты молайтады, өнім тапсыру келісімшарт орындауға ықпал етеді. Өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге жол ашады, осы негізде бүкіл қаржы–шаруашылық қызметтерінің экономикалық көрсеткіштері жақсарады. Шаруашылық жүргізуші субъект өз қызметін меншік иесі берген өкілеттілік негізінде жүзеге асырады.

Нарықтық экономика жағдайында басқарудың экономикалық әдістері шешуші орын алады, демократиялық негіздер мен өзін-өзі басқару кеңейеді.

Қазақстан Республикасындағы Азаматтық кодекске сәйкес шаруашылық субъектінің мынадай түрлері құрылады:

1 Шаруашылық серіктестіктер:


  • толық серіктестік.

  • коммандитті серіктестік.

  • жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС).

  • қосымша жауапкершілігі бар серіктестік.

  • акционерлік қоғам (ААҚ).

  • еншілес шаруашылық серіктестік.

2 Өндірістік кооператив:

3 Мынадай түрдегі мемлекеттік кәсіпорындар:



  • шаруашылық жүргізу құқына негізделінген мемлекет кәсіпорын.

  • шұғыл басшылық құқына негізделінген мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны, Қазақстан Республикасы үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылады.

  • еншіліс мемлекеттік кәсіпорын тек қана мемлекеттік кәсіпорын арқылы құрылады.

4 Коммерциялық емес ұйымдар

Шаруашылық қызмет дегеніміз шаруашылықпен айналысушы субъектінің өмір сүру формасы; ол оның қаржылық ресурстарының қозғалысы (жағдайының өзгеруі) шаруашылық қызметтің өмір сүруінің экономикалық формасы болып табылады. Сондықтан қаржы ресурстарының қозғалысы мен пайдаланылуын басқарып алмайынша шаруашылық қызметті басқару мүмкін емес.

Ол үшін мыналырды білу қажет:


  • шаруашылық–қаржы ресурстарының мәні болып табылатын құнның бар екенің заттай формасын (құрамын) немесе сол ресурстар немесе салынғанын (инвестицияланған).

  • субъектіде қаржы ресурстарының қайдан және қандай себеппен пайда болғанын (көздері мен олардың пайда болуы) және бұлар кейін тиісті екенін (орналастырылуы).

Субъектілер мейлінше көп заңды қаржылық шектеулер жағдайында жұмыс істейтінін атап өтеміз. Атап айтқанда, соның бірі мынадай: Қаржы ресурстары көзінің пайда болуын көбінесе олардың мақсаты анықтайтын, яғни оларды қалай пайдаланған жөн, қайда жұмасаған дұрыс. Сондықтан да, жаңа ғана айтылған ақпараттың екі түрі қаржы ресурстарының тиісінше салынуын салыстыруға, сөйтіп олардың дұрыс пайдаланылғаны туралы қорытынды жасауға, нормадан ауытқу себептерін анықтап, туындаған қолайсыз фактілерді жоюға мүмкіндік береді.

Субъектінің қаржы ресурстары жағдайының бухгалтерлік, ақпараттық үлгісіне (бухгалтерлік баланс) олардың құрамы мен орналасуы жөніндегі аталған екі белгінің бірі: Салынған қаржының бағыты мен оның пайда болу көзі бойынша цифрлық деректер қосылады

Шаруашылық субъектінің қаржылық ресурстары (активтері) өздерінің сипаты жағынан әртүрлі көптеген көздерден құралады. Алайда оларды басты екі топқа біріктіруге болады.


  1. міндеттеме дегеніміз–контрактының немесе жарғының талаптарының нәтижесі сияқты белгілі бір жоба бойынша іс– қимыл жасау міндеті;

  2. жеке меншік капитал–бұл субъектінің бүкіл міндеттемелерін ұстап қалғаннан кейінгі активі. Бұлар:

Активтер=Міндеттеме+Меншік капитал=түріндегі негізгі баланыстың теңеуден туындайды.

Аталған көздер топтарын былайша түсіндіруге болады: жеке меншік капитал–бұл жеке меншік қаржы ресурстары, ал міндеттеме– бұл бір жақтан жұмылдырылған (қарызға алынған) ресурстар, ол субъектіде уақытша ғана болады, яғни біршама уақыттан соң, алдын ала шарттасқан мерзім өткеннен кейін оларды қайтып беруге тура келеді. Бұлардың жеке меншік ресурстардан айырмашылығы осы, жеке меншік ресурстарды субъект үнемі пайдаланады, оларды қайтарып беремін деп қобылжымайды.

Жеке меншік капиталдың құрылымы былай: жарғылық капитал; өтелмеген (төленбеген) капитал; қайтарылған капитал; қосымша өтелген және қосымша өтелмеген капитал, резервтегі капитал; бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын); басқадай капиталдар.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Шаруашылық іс-әрекет жүргізетін ұйымдардың түрлері

2 Капитал түсінігі, оның түрлері

3 Капиталдың синтетикалық есебі

Әдебиет


  1. Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары

  2. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы,2007.-296б.

  3. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Н. Принципы бухгалтерского учета – М., 1996



Тақырып 13 Қаржылық есеп беруді дайындау

Есеп беру, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесін, оның қаржылық, мүліктік жағдайын анықтайтын көрсеткіштер жүйесі ретінде. Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері жайлы есеп беру. Бухгалтерлік баланс көрсетілуі. Ақша құралдарының қозғалу туралы есеп беру. Тұра әдіс. Түсініктеме жазба. Қаржылық есеп беру туралы мамандық көз-қарас.

Жылдам шешім қабылдаудың негізі–толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі.

Есеп беру дегеніміз–меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы шаруашылық қызметін және ұйымдық– құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.

Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай–ақ министрліктер, ведомостволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.

Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін пайдаланады. Оларға сондай–ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.

Қаржылық есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақыттында аңдап, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай–ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайжы, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі мен қаржылық жағдайының қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорының төлем қабілетіне кепілдік береді.

Алайда, субъектілердің қаржылық есебін пайдаланушылар мүдделерінің айырмашылықтарына қарамастан, субъектінің өмір сүруінің басты шарты–оның қызметіне қажетті капиталдың жеткіліктілігі болып табылады. Сондықтан капитал иелері мен басқа да инвесторлар есептен алатын ақпаратқа қанағаттануға тиісті. Мұндай жағдай ақпарат пайдаланушыларға ортақ сипат. Осы талапқа жауап беретін қаржылық есеп жалпы мақсаты есеп деп аталады, ол барлық тұтынушыларға арналған, бұлар үшін қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъект туралы ақпаратты негізгі көзі қызметін атқарады. Кейбір тұтынушылар, мысалы несие берушілер қосымша ақпарат талап етуі мүмкін. Алайда, тұтастай алғанда, есеп беру тұғырнамасы сыртқы тұтынушылардың жалпы қажетіне қатысты және ол бәрінен бұрын өз капиталын субъектінің қарамағына бергендердің мүдделерін қорғауға бағытталады.

Жылдық есеп мынадай тұтынушыларға беріледі:



  • меншік иелеріне (қатысушыларға, құрылтайшыларға) немесе өкілдікті органдарға немесе құрылтайшылық құжаттарға сәйкесті органдар;

  • кәсіпорының тұрған жеріндегі салық органдарына;

  • жергілікті қаржы органдарына;

  • мемлекеттік статистикалық органдарына;

Заңды тұлғаның қаржылық есебі тұтынушылар үшін ашық болып табылады. Ол қалың көпшілікті субъектінің даму бағыттары туралы және оның аймақтық экономикалық, әлеуметтік ахуалын жақсартуға соңғы жетістікрі туралы ақпаратпен қамтамасыз ете алады.

Қаржылық есепте сондай–ақ түсініктеме хат, қосымша таблицалар мен басқа да ақпараттар болады. Түсініктеме хаттың мазмұны оның қызметін ұйымдастыру мен сипатының ерекшеліктеріне байланысты. Алайда оны құрудың көптеген талаптары артық күйінде қалады. Түсініктеме хатты деректер сыртқы ақпарат тұтынушыларға да және сол кәсіпорын басшыларына да бірдей дәрежеде қажет. Қаржылық есепке түсініктеме хаттың тіркеліп берілуі сол қаржылық есепті тұтынушылардың оны түсініп, деректерін салыстыруға көмектеседі.

Қаржылық есептің алдына қойған мақсатына қол жеткізу үшін ол осы есептің негізінде алынған, бухгалтерлік есеп стандарттарының халықаралық негізі ретінде қабылданған БҰҰ–ның тұғырнамалық ережелерінде көрсетілген белгілер бір принциптері мен талаптарына сәйкес келуі керек.

Қазақстан Республикасында енгізілген қаржылық есеп негізгі параметрлері бойынша халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келеді.

Қазақтсан Республикасының заңдарында бұл тұғырнамалар жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасында есептеу, үздіксіздік, дәлдік, шынайлылық пен кедергісіз берілетіндік, бейтараптық, салыстырмалық, жүйелілік принциптеріне сай жүзеге асырылады.

Есептеу принцпі мынаны білдіреді: табыстар еңбек сіңіріліп табылғаннан кейін аударылады, ал шығындар шығарылған соң есептелінеді, яғни операциялар мен оқыиғалар есептік баланс пен қыржылық–шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есепте олардан түскен несие ақша қаражаты төленген сәтінен бастап емес, пайда болған сәтінен бастап есепке алынады.

Қаржылық есепті жасау үшін есептік уақыт болып есепті кезеңдегі календарлық соңғы күн есептелінеді. Қолданылып жүрген заңға сәйкес жылдық есеп үшін есеп беру кезеңі календарлық жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанға дейін. Есер ҚР заңында басқаша жағдай қаралмаса, есеп әр жылдың 30 сәуірінен кешіктірілмей тапсырылуы керек.

Заңды тұлғалардың қаржылық есебі мүдделі тұтынушылар үшін жариялануға ашық болып таблады. Ондағы ақпараттың анықтығын заңды тұлға белгіленген тәуелсіз аудиторлық қорытынды немесе жеке аудитор дәлелдейді.

Сөйтіп, нарықтық қатынастарға көшу жағдайында қаржылық есептің рөлі елеулі түрде артады екен. Қазіргі заманғы білікті бухгалтер есепті қолданылып жүрген нормантивті ережелер мен талаптарға сәйкес ол өзіне тиістілі рөлін–тұтынушыларды субъектінің мүліктік және қаржылық жағдайы туралы толық та ақпараттпен қамтамасыз етуі ойдағыдай атқаратындай есеп жасауға міндетті.

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.



Әдебиет

  1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы, 28ақпан 2007 ж. №234-II

  2. Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары

  3. Қаржылық есеп берудің №1 ұлттық стандарты 2007 ж. 21 маусым 218

  4. Қаржылық есеп берудің №2 ұлттық стандарты 2007 ж. 21 маусым 217

  5. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы,2007.-296б.

  6. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Н. Принципы бухгалтерского учета – М., 1996


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы, 28ақпан 2007 ж. №234-II

  2. Қаржылық есеп берудің №1 ұлттық стандарты 2007 ж. 21 маусым 218

  3. Қаржылық есеп берудің №2 ұлттық стандарты 2007 ж. 21 маусым 217

  4. Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары

  5. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы,2007.-296б.

  6. Кирьянова Э.К. Теория бухгалтерского учета.- М.: Финансы и статистика, 1994

  7. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Н. Принципы бухгалтерского учета – М., 1996

  8. Хендриксен Э.С., Ван Бреда М.Ф. Теория бухгалтерского учета: пер. с англ. – М.: Финансы и статистика, 2000

  9. Энтони Р., Рис Д.Ж. Учет: ситуации и примеры. – М., 1996


Қосымша

  1. Бабаев Ю.А. Теория бухгалтерского учета.- М.: Аудит, 1999

  2. Качалин В.В. Финансовый учет и отчетность в соответствии со стандартами GAAP.- М., 2000

  3. Мэтьюс М.Р., Перера М.Х., Теория бухгалтерского учета. – М., 1999

  4. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. Бухгалтерский учет на предприятии. – Алматы, 1998




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет