Нұсқаулар (Орындау алгоритмі қолдануымен)



Дата15.10.2019
өлшемі30.21 Kb.
Тәжірибелік дағдылар орталығында клиникалық дағдыларды оқыту бойынша оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқаулар
(Орындау алгоритмі қолдануымен)

Мамандық: 6В10104 "Мейіргер ісі" білім беру бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау бакалавры

Пән:«Жедел және шұғыл медициналық жағдайлардағы мейіргерлік күтім»

Курс:3

Кафедра:Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі

Құрастырушы:Әден Г.Т


Шымкент 2019 ж.
Кафедра мәжілісінде қарастырылған.
Хаттама № _____«____» ______2019 ж.
Қафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент __________________Сейдахметова А.А.

1.Клиникалық дағды аталуы: Тері ішіне инъекция жасау.



2.Оқыту мақсаты: туберкулезге (Манту. Пирке байқауы), бруцеллезге зерттеу үшін, антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін, сыртқы жансыздандыруды жүргізу үшін, аллергиялық байқауларды жүргізу үшін.3.Алдын ала инструктаж бен манекенде дағдыны көрсетуге арналған уақыт: 7 минут

4.Дағдыны игеруге арналаған уақыт: 30 минут

5.Қажетті теориялық білімдер:

-Емдік-дәрілік ерітіндіні тері ішіне енгізуді үйрету.

Қажетті клиникалық дағдылар:
Базисті білімі бойынша


  • Тері ішіне егу жасайтын аймағын анықтау.

  • Антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау.


6.Тренажер, симулятор, манекен, моделдер тізімі: Тәжірибелік дағдыларды машықтануға арналған қол, білек

7. Медициналық құралдар мен жабдықтар тізімі: Залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1 мл шприцті, ұзындығы 15 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндісін, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

8. Дағдыны орындау алгоритмі

-Наукасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Оны жүргізуге келісімін алыңыз.

-Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазарту жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.

-Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз.

-Қажетті мөлшерде дәрілік ерітіндіні (0,2-0,3 мл) шприцке сорып алыңыз, инеден қалпағын алмай, ауаны шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.

-Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, колды білектің ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.

-Инъекция жасайтын жерді спирттелген екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (контейнерге мақта шариктерін салыңыз). Спирттің толық кебуін күтіңіз.

-Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен – иненіңканюлясынан, V саусақпен–шприцтің поршенін, ІІІ, IV, I саусақтармен–цилиндрдің қыр жағынан ұстаңыз.

-Сол қолдың саусактарымен инъекция жасайтын жердің терісін төмен қарай тартыңыз.

- Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (50С бұрышпен) қатарластыра ине қиығының терендігіне (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгізіңіз. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басыңыз.

-ІІІприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың                       ІІ, ІІІ саусактарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

-Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» қабығындай).

-Инені канюлясынан ұстап отырып жылдам қозғалыспен шығарыңыз (спирттелген мақта шаригін тері үстіне баспаңыз).

-Шприцті контейнерге ( қалдықтарға арналған ыдысқа) салыңыз.

-Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

-Қолыңыздыжуып, кептіріңіз.

-Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенің науқасқа түсіндіріңіз.
9. Тапсырмалар

Тест тапсырмалары

1)Тері ішілік және тері астына егуге арналған ине үзындығы:



а)60,80 мм.

б)80, 100 мм.

в)15,20 мм.

г)40,60 мм.

д)20,40 мм.

2)Қандай жағдайда науқаста анафилактикалық шок болуы мүмкін?

а)егер дәрілік заттың сақталу мерзімі өтсе

б)егер дәрілік заттың әсері қатты болса

в)егер дәрі тым ащы болса

г)егер сынақ алынбаса

д)егер дәрілік зат ас акөп қолданылса



3) Спиртке батырылған мақталы шариігі қандай егудің орнына қоймайды?

а)тері астына егу

б)тері ішіне егу

в)бүлшықетке егу

г)көктамырға

4)Қандай жағдайда тері бетінде «лимонды қабық» пайда болады?

а)тері ішлік егуді алдын ала йодтың ерітіндісімен өнделген аймаққа жүргізсе

б)цедраны теріге сівдірсе

в)сары ауру жағдайында

г)акрихинді қолданылғанда

д)лимонды үзақ уақыт бойы қолданылса

5)Қандай жағдайда науқаста анафилактикалық шок болуы мүмкін?

а)егер дәрілік заттың сақталу мерзімі өтсе

б)егер дәрілік заттың әсері қатты болса

в)егер дәрі тым ащы болса

г)егер сынақ алынбаса

д)егер дәрілік зат ас акөп қолданылса



Ситуациялық есеп

  1. Науқасқа тері ішілік егу тағайындалған. Мейірбике егу жасап болған соң егу жасалған жерде лимо тәрізді қабықша пайда болмады. Мейірбикенің іс әрекеті.

10. Сабақ тақырыбы бойынша бағалауға арналған материалдар

Балды – рейтингті әріпті жүйе бойынша баға шкаласы

Әріптік эквивалент

Ұпаймен

Рейтинг ұпайы

Дәстүрлі жүйеде бағалау

A

4,00

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,00

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

C

2,00

65-69

Қанағаттанарлық

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,00

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0,00

0-24

Клиникалық және тәжірибелік дағдыларын бағалауға арналағн оқытушыға арналған чек - лист

11. Орындауды бағалау критериилері

Оқытушыға арналған чек - лист

(клиникалық және тәжірибелік дағдыларын бағалау)

Студенттің аты – жөні ­­­­___________________ Тобы ____________





Қадам

Іс-әрекет алгоритмі

Ия

Жоқ

Комментарий

1

Алғашқы қарым-қатынас орнату

Сәлемдесті, өзін таныстырды, науқастың аты-жөнін сұрады көзбен-көз қарым-қатынас орнатты










2

Қосымша шағымдарын анықтау

Науқасты тағы да не мазалайтынын сұрады










3

Науқасқа жағдайды түсіндіру

Тері ішіне істелінетін іс-шараларды түсіндірді, келісімін алды










4

Іс – әрекетті орындауға қажетті құрал-жабдықтарды дайындау

Залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1 мл шприцті, ұзындығы 15 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндісін, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.











7

Тері ішіне инъекция жасау техникасын көрсету

-Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз.

-Қажетті мөлшерде дәрілік ерітіндіні (0,2-0,3 мл) шприцке сорып алыңыз, инеден қалпағын алмай, ауаны шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.

-Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, колды білектің ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.

-Инъекция жасайтын жерді спирттелген екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (контейнерге мақта шариктерін салыңыз). Спирттің толық кебуін күтіңіз.

-Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен – иненіңканюлясынан, V саусақпен–шприцтің поршенін, ІІІ, IV, I саусақтармен–цилиндрдің қыр жағынан ұстаңыз.

-Сол қолдың саусактарымен инъекция жасайтын жердің терісін төмен қарай тартыңыз.

- Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (50С бұрышпен) қатарластыра ине қиығының терендігіне (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгізіңіз. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басыңыз.

-ІІІприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың                       ІІ, ІІІ саусактарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

-Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» қабығындай).

-Инені канюлясынан ұстап отырып жылдам қозғалыспен шығарыңыз (спирттелген мақта шаригін тері үстіне баспаңыз).

-Шприцті контейнерге ( қалдықтарға арналған ыдысқа) салыңыз.

-Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

-Қолыңыздыжуып, кептіріңіз.

-Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенің науқасқа түсіндіріңіз.













10

Қорытынды бағалау шарасы

Иньекция дұрыс жасалынғанына көз жеткізу.













Жалпы балл






12. Әдебиеттер

Негізгі:

1.Мейірбикелік іс негіздері / Т. П. Обуховец, О. В. Чернова; ред.Б. В. Карабухина. – Изд. 21 - ші, стер. – Ростов н / ж: Феникс, 2016. - 766 Б.: ил. – (Орта медициналық білім). Кулешова Л. И. Пустоветова Е. В. мейірбике ісі Негіздері. Дәріс курсы.

2.Мейірбикелік технологиялар. Изд. – 3-е – Ростов н/Д: Феникс, 2018. – 716 Б. Мухина С. А., Тарновская и. И.

3.Теориялық негіздері мейірбике ісі: Оқулық. – 2-ші басылым., иср. и доп. – Мәскеу Баспа тобы ГЭОТАР-Медиа, 2010. Мухина С. А., Тарновская И. И.

4."Мейірбикелік іс негіздері" пәні бойынша практикалық нұсқаулық Мәскеу ГЭОТАР-Медиа баспа тобы, 2010.

Қосымша:

1.Бейіндік мерзімдік басылымдар (журналдар)):

2."Бас медбике" - "ХҚЭДО" жақ Баспа үйі»

3."Медициналық көмек "ААҚ -" Медицина " баспасы» "Мейірбике" -


13. Бағалауға арналған материалдар бойынша дұрыс жауаптар эталоны.
Тест жауабы:

1

2

3

4

5

д

г

б

а

г


Ситуациялық есеп жауабы: Дәрігерге жіберу

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет