НҰСҚаулар тақырыбы: «ms excel кестелік редакторы. Медико-биологиялық ақпаратты өңдеу үшін ms excel программасын қолдану» Пән: ir1211 «Ақпараттық ресурстар»



жүктеу 213.18 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі213.18 Kb.
түріНұсқаулар
: 1%20kurs
1%20kurs -> Қорытынды бақылауға дайындалуға арналған сұрақтардың мазмұны
1%20kurs -> Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
1%20kurs -> Студенттердің ОҚытушымен бірге атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұСҚау тақырып: «Тура және жанамалап өлшеудегі жіберілетін кездейсоқ қателерді бағалау»
1%20kurs -> Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
1%20kurs -> Тақырыбы: Аралық бақылау Мамандығы
1%20kurs -> Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
1%20kurs -> Казақстан тарихы және әлеуметтік- саяси пәндер кафедрасы
1%20kurs -> Казақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы
1%20kurs -> Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулар тақырыбы: Медициналық ақпараттарды Internet ке енгізу принциптері. Ооdоo5 Inf «Информатика»
ҚММУ Ф 4/3-06/02

2007 ж. 14 маусымдағы №6 НХ


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ


ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


Тақырыбы: «MS Excel кестелік редакторы. Медико-биологиялық ақпаратты өңдеу үшін

MS Excel программасын қолдану»


Пән: IR1211 «Ақпараттық ресурстар»

Мамандықтар: 5В110100 «Медбике ісі»

КУРС: І

Оқу сағатының көлемі: 2 сағат

Құрастырғандар: Абдуллина З.Т.,

Мухаметова Е.Л.

Қарағанды 2014

Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді

___ хаттамасы ___.___. 201__ж.

Кафедра меңгерушісі ___________Б.К.Койчубеков


ТАҚЫРЫБЫ: MS Excel кестелік редакторы. Медико-биологиялық ақпаратты өңдеу үшін MS Excel программасын қолдану.
МАҚСАТЫ: есептеулерді автоматтандыру үшін электронды кестелерді қолдануды білу; кестелерді толтыру, форматтау және баспаға беру бойынша дағдыларын бекіту.
ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:

  • MS Excel статистикалық анализ пакеті интерфейсінің негізгі модульдерін білу

  • Берілгендерді көрсетудің графикалық түрін, бастапқы мәндер кестесін ұйымдастырудың әдістерін білу

  • Бастапқы берілгендер кестесін құруды білу

  • Статистикалық анализ нәтижелерін экранға шығаруды білу, алынған нәтижелерді интерпретациялау.


ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

  • MS Excel статистикалық анализ пакетін іске қосу

  • Бастапқы берілгендер кестесін құру.

  • MS Excel анализ пакетінің негізгі саймандары

  • MS Excel анализ пакетінің Описательная статистика параметрі

  • Генералды жиынтық, таңдау, орташа мән, стандартты қате, дисперсия, медиана, мода түсініктеріне сипаттама.

  • Кіріс және шығыс интервалдар түсінігі

  • Анализ пакетінің Гистограмма негізгі параметрі

  • Қалта және жиілік түсініктері


ОҚЫТУ ӘДІСІ:

  • Сұқбат.

  • Сабақтың тақырыбы бойынша материалдарды талғылау.

  • Бақылау тапсырмасын өз бетінше орындау. (1 қосымша)


ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Биостатистика в примерах и задачах. / Койчубеков Б.К., Сорокина М.А., Букеева А.С., Такуадина А.И. Учебно-методическое пособие Караганда, 2011. – 69 с.

  2. Статистический анализ медицинских данных в программе MS EXCEL / Такуадина А.И., Койчубеков Б.К., Сорокина М.А. Учебно-методическое пособие Караганда, 2012. – 60 с.

  3. Гельман В.Я. Медицинская информатика: практикум (2-е изд.). – СПб: Питер, 2002. – 480 с.

  4. Информатика. Базовый курс / Симонович В.Б. и др. – СПб: Пит2001- 640с.

БАҚЫЛАУ


    1. Білімдердің бастапқы деңгейінің тест-бақылауы

    2. Келесі сұрақтар бойынша сұрау:

  1. Формула түсінігін беру.

  2. Формуланың құрылымы деген не?

  3. Қандай операторлар болады?

  4. Формулаларды қалай құрып, редакторлеуге болады?

  5. Формуланы пернетақтадан қалай енгізуге болады?

  6. Функциялар шебері деген не және ол не үшін қолданылады?

  7. Функциялар шеберінің қадамдарын сипаттап айтыңыз?

  8. Функциялар шеберін қолданып қалай формула құруға болады?

  9. «Сумма» батырмасын қолданып қалай формула құруға болады?.

  10. Формулалардың орнын ауыстыру және көшіру.

  11. Ұяшықтың мазмұнын қалай көшіруге, орнын ауыстыруға, жоюға болады?

  12. Толтыру маркері деген не және оның көмегімен қандай операциялар орындауға болады?

  13. Excel-де формула қандай таңбадан басталады?

  14. Ұяшықтағы формуланы қалай көруге болады?

  15. Ұяшықтағы мәтіннің шрифтін қалай өзгертуге болады?

  16. Кестенің шекарасын қалай қоюға болады?

  17. Кітапты баспаға жібермес бұрын оны алдын-ала қарап шығу үшін қандай команда қолданылады?

  18. Ұяшыққа не енгізілуі мүмкін?

  19. Ұяшықтар блогы қалай белгіленеді?

  20. Автосуммалау қалай жүзеге асырылады?

  21. Ұяшықтың абсолют, аралас және салыстырмалы адрестеріне түсініктеме беріңіз.

  22. Функцияға қалай аргумент қоюға болады?

  23. Excel-де қандай логикалық операторлар бар?

    1. Практикалық тапсырмаларды орындау:

Бақылау тапсырмасын орындау (1 қосымша).

Компьютерде тапсырма орындау (Тапсырманы оқытушы сабақта береді).



    1. Тест-бақылау.

MS Excel жайлы қысқаша ақпарат
Excelдің негізгі терминдері

Excel қосылған кезде құжат терезесінде бос жұмыс кітабы пайда болады. Жұмыс кітабы – Excel-дің мәліметтерді сақтау және өңдеу үшін қолданатын негізгі құжаты. Жұмыс кітабы жеке жұмыс парақтарынан тұрады. Үнсіз келісім бойынша әрбір жаңадан құрылған жұмыс кітабы 3 жұмыс парағынан тұрады, олардың санын өзгертіп отыруға болады.



Excel жаңа кітабы

Парақтар кесте, диаграмма және макростарды құруға және сақтауға арналған. Әр парақта 16 384 баған және 1 048 576 жол (17 179 869 184 ұяшықтар) бар. Әрбір ұяшықтың қиылысқан жолы мен бағанға сәйкес өз белгіленуі болады. Осылайша, әрбір ұяшық латын әрпінен және саннан тұратын адресі болады. Мысалы, C5 – бұл С бағаны мен 5 жолдың қиылысуындағы ұяшық адресі.

Парақтың соңғы бағанына өту үшін: CTRL+

Парақтың бірінші бағанына өту үшін: CTRL+

Парақтың соңғы жолына өту үшін: CTRL+

Парақтың бірінші жолына өту үшін: CTRL+



Ұяшық. Ұяшық адресі

Excel-де ұяшықтардың интервалы деген ұғым бар. Интервал ол кестенің бірнеше ұяшықтарын қамтитын блогы. Мысалы: В7:Е11.

Осылайша бағандардан ғана тұратын интервалды көрсетуге болады, бірінші және соңғы бағандардың аты қос нүкте арқылы беріледі, мысалы – С:F. Осылайша жолдардың да – 11:112.

ҰЯШЫҚҚА МӘНДЕРДІ ЕНГІЗУ ЖӘНЕ РЕДАКТОРЛЕУ

Кестелік курсор

Excelде мәтіндік және қарапайым курсордан басқа 1 суретте көрсетілгендей ұяшықты қоршап қалың сызықтармен көрсетілген кестелік курсор бар. Кестелік курсор мәтіндік және қарапайым курсор сияқты өз қажеттілігі бар, яғни бұл курсор қоршаулы тұрған ұяшыққа белгілі ақпаратты немесе мәндерді енгізеді. Кестелік курсор орналасқан ұяшықты ағымдағы ұяшық деп атайды. Ағымдағы ұяшықтың адресі формула панелінің сол жағында (адрес жолында) орналасады.

frame1
Бос ұяшыққа мән енгізу

Қашанда ұяшыққа мән енгізгенде, енгізіліп жатқан мәтін екі жерден көрінеді: ұяшықтың өзінен және формула жолынан. Мәтінді енгізу барысында жіберілген қателіктерді түзету үшін «Backspace» пернесі қолданылады.

Ұяшыққа мәлімет енгізіп, «Enter» батырмасын басқанда кестелік курсор төменге бір ұяшыққа ауысады, «Таb» пернесін басқанда оң жақтағы ұяшыққа ауысады, ал Енгізу батырмасын басқан жағдайда осы ағымдағы ұяшықта қалады және жан-жақты стрелкаларды басқанда сол стрелка бағыты бойынша көрші ұяшықтарға орын ауыстырады. Ұяшықтарға мәліметтерді енгізуді аяқтау үшін «Shift»+«Enter» батырмаларын да басуымызға болады. Бұл жағдайда кестелік курсор қарама-қарсы бағытқа ауысады, яғни жоғарғы қарай. Егер сізге мәліметтерді енгізу барысында бір ұяшық ішінде бір жолдан келесі жолға ауысу керек болса, «Alt»+ «Enter» пернелерін басу керек.

Ұяшықтарды біріктіру, ұяшықтың ішіндегі ақпаратты бөлу, бөлшек санның разрядын үлкейту/азайту

1 тәсіл:


перенос текста, ұяшықтарды біріктіру, санның разрядын үлкейту, азайту батырмаларын қолдану.

2 тәсіл: Главная/Выравнивание/Формат ячеек

3 тәсіл: Контекстік меню/Формат ячеек

Ұяшықтағы мәтінді көркемдеу.

Excel-де мәтінді көркемдеу үшін Главная/Шрифт командалар тобы немесе Формат ячеек/Шрифт диалогтық терезесі қолданылады.



Ұяшықтағы мәліметтердің мазмұнын өзгерту

Ұяшықтың мазмұнынын редакторлеуді келесі тәсілдердің біреуімен жасауға болады:

  • Кестелік курсторды ұяшыққа орнатып «F2» батырмасын басу.

  • Ұяшыққа апарып тышқанды екі рет шерту.

  • Кестелік курсторды ұяшыққа орнатып тышқанның көмегімен формула жолына басу.

Парақтардың бірінен екіншісіне өтудің екі жолын білеміз:

  • Беттердің жарлықтарынан тышқанмен шерту арқылы;

  • «Ctrl» + «PageUp» және «Ctrl» + «PageDown» батырмаларын басу арқылы.

Және тағы бір жолы, ол осы жұмыс кітабында көп парақтар болып Excel терезесіне сыймаған жағдайда (2) суретте көрсетілгендей жарлықтар жанындағы бағыттаушы стрелкалардың көмегімен ауысуға болады.


Сурет 2. Беттер жарлықтары. Excel жұмыс кітабының парақтары арасында бірінен-біріне өту

Парақтарды қосу және жою

Стандартты түрде Excel жұмыс кітабы 3 парақтан тұрады. Жаңа парақ қосу үшін жарлықтардың соңында орналасқан батырманы басу қажет. Нәтижесінде «Лист 4» атты жаңа парақ қосылады. Егер қандай да бір парақтың алдынан қосу керек болса, онда:

  1. Сол парақты белгілеу.

  2. (3) суретте көрсетілгендей лентаның Главная қаптамасына барып, Ячейки құралдар батырмасынан Вставить және Вставить лист қомандасын басу керек немесе «Shift»+«F11» пернелерін басуыңызға да болады.

Сурет 3. Жұмыс кітабына жаңа парақ қосу



Парақты жою үшін парақтың жарлығын тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп пайда болған контекстік менюден Удалить командасын таңдау немесе Главная қаптамасының Ячейки құралдарынан Удалить немесе Удалить лист командасын таңдауымызға болады.

Парақтың орнын ауыстыру мен көшіру

Тышқанның көмегі арқылы парақтардың орнын ауыстыру өте қолайлы болып келеді. Сізге тек керек парақтың жарлығын тышқанмен ұстап алып, қажетті орынға апарып қою керек.

Егер тасымалдау кезінде «Ctrl» пернесін басып тұрсақ, онда орын ауыстыру емес парақты көшіру болады. Көшірме атауы бастапқы атаумен сәйкес болып келеді, тек оған жақшаның ішінде көшірме нөмірі қосылады.

Автотолтыру

Excel программасында енгізуді автоматтандыратын құралдар бар. Олар: автотолтыру, формулалармен автотолтыру.

Формулаларды алмастыру буфері арқылы, тышқан көмегімен жылжытқанда немесе көшіргенде ұяшықтардың абсолютті және салыстырмалы адрестері әртүрлі әрекет етеді.

Салыстырмалы адрестер формула орналасқан ұяшыққа қатысты орналасуын сақтайтындай етіп өзгереді, ал абсолютті адрестер өзгеріссіз қалады (яғни сол ұяшықтарға сілтейді).

Мәтіндік мәліметтерді автоматтандыру үшін автотолтыру әдісін қолданады. Автотолтыруды нөмірленген тізім құрғанда және ұяшықтағы сөзді бірнеше ұяшықтарға қайталау керек болған кезде қолданады.

Мысалы: Нөмірленген тізімді жасау. А6 ұяшығына 1, ал А7 ұяшығына – 2 санын енгізіңіз. Екі ұяшықты белгілеп, курсорды А7 ұяшығының оң жақ төменгі бұрышына апарыңыз. Тышқан нұсқағышы крест таңбасына ие болғанда тышқанның сол батырмасын басып тұрып курсорды қажет ұяшыққа дейін созыңыз. Бұл автотолтыру деп аталады.



Ж
Сурет 4. Автотолтыру
ол, бағана, ұяшық өлшемдерін автоматты түрде орнату.

Егер енгізілген мәтін ұяшыққа сыймаса, бағанның шекарасын жылжытуға болады. Сонымен қатар баған және жолдардың өлшемін автоматты түрде орнатуға болады. Ол үшін бағандар немесе жолдар шекарасына тышқанды апарып екі рет шерту керек. Бұл баған немесе жолдың өлшемдерін ішіндегі мәліметтерге сәйкес автоматты түрде орнату. Екінші әдісі: Главная – Ячейки – Формат – Автободбор ширины столбца (Автоподбор высоты строки).

Excel жол, баған өлшемдерін автоматты түрде өзгертуге мүмкіндік бере отырып, оларда терілген мәтіндердің өлшемдерін де ұяшық еніне қарай өзгертеді.

Мәтінді ұяшық өлшемімен теңестіру үшін:



  • керекті мәтіні бар ұяшықты белгілеу керек;

  • Формат ячеек диалогтық терезесінің Выравнивание закладкасын таңдап, Автоподбор ширины ауыстырып қосқышын орнатыңыз.

Кестеге шекара қою үшін:

Формат ячеек диалогтық терезесінің Граница закладкасын таңдап, сызықтар тобынан сызық түрін тандау және внешние және внутренние батырмаларын басу.

Егер шекаралары әртүрлі сызықтармен қоршалу керек болса, онда Жоғарыдан, Төменнен, Оңнан, Солдан ауыстырып қосқыштарын таңдау керек.





Формулаларды енгізу. Формулаларды қолдану

Кестелік процессорлар бірінші кезекте формулалар көмегімен есептеулер жүргізуге арналған программа. Парақтың бір ұяшығына формула енгізгеннен кейін ол ұяшықта есептеу нәтижесі көрінеді, ал формуланың өзін формула жолынан көруге болады. Егер ұяшықтағы берілген мәндерді өзгертетін болсақ, онда формуламен есептелген ұяшық нәтижесі автоматты түрде өзгереді.

Формула енгізілетін ұяшықты алдымен белсенді қылу керек. Кез-келген формула тең (=) белгісінен басталады, сондықтан формуланы енгізгенде осы символды енгізуден бастау керек. Егер тең белгісін енгізбесеңіз, онда оны жай мәтін деп қабылдайды. Формула тұрақты саннан, жеке ұяшықтардың немесе ұяшықтар диапазонының адрестеріне сілтемеден, функциялардан, операторлардан, жақшалардан тұруы мүмкін. Формула енгізу барысында ұяшықтар адресіне сілтемені қолдан енгізбей, тышқанмен шерту арқылы енгізілуі керек. Ол формуланы енгізуді тездетеді және ұяшықтар адресін қатесіз енгізуге көмектеседі.

Формула жолы


  • Ұяшыққа мәліметті енгізгеннен кейін формула жолында үш функционалды батырмалар пайда болады:

  • «Қайтару» командасы

  • «Енгізу» командасы

  • формула енгізуге мүмкіндік береді.

Көп жағдайда формулаларда ұяшықтардың салыстырмалы адрестері қолданылады, олар ұяшықтарды формулалармен толтырған кезде автоматты түрде өзгереді.

Бірақ та кейде формулалармен толтырған кезде кейбір ұяшықтардың адрестері өзгеріссіз қалулары қажет. Бұл жағдайда ұяшықтың абсолютті адресі қолданылады. Ұяшық адресі өзгеріссіз қалу үшін оған доллар ($) символын қосып енгізу керек:

$А$11 – абсолютті адрес (толтыру кезінде ол өзгеріссіз қалады);

A11 – салыстырмалы адрес (толтыру кезінде ол өзгереді);

$А11 – аралас адрес (толтыру кезінде баған аты өзгермейді, ал жол аты өзгереді);

А$11 - аралас адрес (толтыру кезінде жол аты өзгермейді, ал баған аты өзгереді).

Абсолютті адресті екі әдіспен көрсетуге болады: доллар символын енгізіп немесе Формулалар жолында қажетті ұяшықтың адресінде шертіп, қажетті нәтиже шықпайынша F4 пернесін бірнеше рет басу. Бір формулада ұяшықтардың салыстырмалы адрестерін де, абсолютті адрестерін де қолдануға болады.
1 кестеде жол немесе баған бойынша автотолтыру кезінде сілтемелерді жаңарту ережелері келтірілген.

Кесте 1. Автотолтыру кезінде сілтемелерді жаңарту ережелері



Бастапқы ұяшықтағы сілтеме

Келесі ұяшықтағы сілтеме

Оң жаққа қарай толтыру

Төменге қарай толтыру

А1 (салыстырмалы)

В1

А2

$A1 (баған бойынша абсолютті)

$А1

$А2

A$1 (жол бойынша абсолютті)

B$1

A$1

$A$1 (абсолютті)

$A$1

$A$1


Excelдегі негізгі қателер

Егер формула енгізу барысында қате кетсе, онда осы ұяшықта қате туралы хабар шығады. Excelдегі негізгі қателер:



##### ұяшыққа мәліметтер сыймаған кезде пайда болады. Бұл жағдайда мәтінді толық көру үшін бағаннын енін өзгертіп үлкейту қажет.

#ДЕЛ/0! формулада санды нөлге бөлу кезінде пайда болады. Көбінесе нөлдік мәнге немесе бос ұяшыққа бөлінген кезде шығады.

#Н/Д! "анықталмаған мәндер" сөзінен қысқартылған. Бұл қате формулада бос ұяшыққа сілтеме жасалғанын көрсетеді.

#ИМЯ? формула қолданылғанда аты жойылып кетсе, не бұрын анықталмаған болса пайда болады. Ол үшін мәндер облысының атын, функцияның және т.б. аттарын дұрыстаңыз.

#ПУСТО! екі ұяшықтар облысының қиылысу берілген болса, ал олардың шын мәнінде ортақ ұяшықтары болмаса пайда болады. Көбінесе бұл қате ұяшықтар диапазонына сілтемеде қате кеткенде шығады.

#ЧИСЛО! функцияда сандық аргументтің орнына басқа форматты мән қолданылса пайда болады. Ол үшін функция аргументі сан болатындай мәндерді қолдану керек.

#ССЫЛКА! формулада ұяшыққа қолдануға болмайтын сілтеме қолданылса пайда болады. Мысалы, егер ұяшықтар жойылған болса немесе бұл ұшықтарға басқа ұяшықтардың мәндері енгізілсе.

#ЗНАЧ! формулада қолданылмайтын аргумент типі немесе операнда қолданылғанда пайда болады. Мысалы, оператор мен функция үшін сандық немесе логикалық мәндердің орнына мәтін енгізілген болса.

Бұл қателерден басқа циклдық сілтеме де болуы мүмкін. Бұл қате формулада ұяшыққа сілтеме жасалғанда сілтеме өз ұяшығына жасалып тұрса пайда болады.



Суммаларды есептеу (автосуммалау)

Кестелерді құрастыру кезінде автосуммалау операциясы жиі қолданылады. Суммалау үшін функциялар мастерін қолдануға болады, басқа да жолы бар: келесі әрекеттер тізбегін орындайды.



  1. Сумма орналасуы қажет ұяшықты белсенді ету

  2. Саймандар панеліндегі Автосумма батырмасын басу.

  3. Тізімнен қажет функцияны таңдау.

  4. Суммалау диапазонына сәйкес келетін ұяшықтар блогын тышқан нұсқағышының көмегімен белгілеу.

  5. Enter пернесін басу.

Нәтижесінде белсенді ұяшықта сумма есептеледі.

Диаграмма құру


MS Excelде диаграмма жұмыс кітабының ұяшықтарындағы мәліметтерді және осы мәліметтердің арасындағы байланысты визуалды көрсететуге арналған. Диаграмманы қолдану үлкен көлемді ақпараттарды талдау процесін жеңілдетеді.

Әр диаграмма көптеген элементтерден тұрады. Оларды орнын ауыстырып, редакторлеп және жоюға болады.

Диаграмманың элементтерін келесі суреттен көруге болады.



Сурет 5. Диаграмма элементтері

Диаграмманы құру диаграммада көрсетілу керек берілгендерді белгілеуден басталады. (Қатар орналаспаған ұяшықтарды белгілеу үшін Ctrl пернесі қолданылады). Берілгендер қатарымен бірге легенда, категориялар осінің жазбалары ретінде көрсетілетін берілгендерді қоса белгілеу керек.

Лентаның Вставка қаптамасындағы Диаграмма құралдарынан диаграмманың қажет типі таңдалып, диаграмма ағымдағы жұмыс парағында пайда болады. Құрылған диаграмманы жұмыс кітабында жылжытуға болады, жоюға және басқа параққа орнын ауыстыруға немесе басқа жұмыс кітабына, не MS Office пакетінің басқа қосымшаларына да көшіруге болады.

Диаграмманың 11 түрі бар. Көп қолданылатын диаграмма типтері: гистограмма, дөңгелек диаграмма, график, нүктелік (точечная) және т.б.



Диаграмманы форматтау және редакторлеу

Диаграмманы құрғаннан соң оны параметрлерін таңдап, форматтау керек. Ол үшін Конструктор, Формат және Макет қаптамалары қолданылады. Бұл қаптамалар диаграмма белсенді болған кезде пайда болады.



Конструктор қаптамасының көмегімен диаграмманың типін, берілгендердің ұяшықтарының диапазонын өзгертуге, диаграммаға берілгендер қатарын қосуға, алып тастауға болады. Ұсынылған үлгідегідей диаграмманың стилін және макетін таңдауға болады. Переместить диаграмму батырмасымен диаграмманың орналасуын таңдауға болады.

Макет қаптамасы арқылы диаграммаға сурет, стандартты фигура және надпись қоюға болады, диаграмма мен координалар осьтерінің аттарын (заголовки) құруға болады. Диаграммада оның жазбаларын немесе берілгендер кестесін орнатып көрсетуге болады. Оси группасының батырмаларымен координаталар осьтерін өзгертуге, вертикаль және горизонталь сеткалардың сызықтарын орнатуға болады.

Формат қаптамасы диаграмманың жеке элементтерін форматтауға арналған.
Тәжірибелік тапсырма

Шаруашылық есептегі аурухананың меңгерушісі штаттық кесте құруы керек, яғни ол қандай лауазымдарға, қанша жалақымен, қанша қызметкер жұмысқа алуы керек екенін анықтауы керек.

Жалпы айлық жалақы қоры $ 10000 құрайды.

Осы есепті шешу моделін құрастыру керек.

Бастапқы берілгендерді анықтап алайық. Аурухана меңгерушісі аурухана жұмысының дұрыс жүруіне қанша қызметкер қажет екенін біледі:

5-7 санитар;

8-10 мейірбике;

10-12 врач;

1 дәріхана меңгерушісі;

1 бас дәрігер;

1 шаруашылық меңгерушісі (завхоз);

1 аурухана меңгерушісі;

Кейбір лауазымдарда кісі саны өзгеруі мүмкін. Мысалы, меңгеруші санитарларды табу қиын болғандықтан олардың әрқайсысының жалақыларын көбейтіп, санитарлар санын азайтуы мүмкін. Сонымен, меңгеруші өзіне келесі модельді қабылдайды. Негізі ретінде санитардың жалақысы алынады, ал қалғандары сол арқылы есептелінеді: неше рет немесе қаншаға көп. Математикалық тілде айтсақ, әр жалақы санитар жалақысынан алынған сызықтық функция болады:

А * С+В,


мұндағы С – санитар жалақысы;

А және В –еңбек ұжымы кеңесінің шешімі бойынша әр лауазымның коэффициенттері.

Мысалға, кеңес келесідей шешім қабылдады делік:

Мейірбике санитарға қарағанда 1,5 есе көп алуы керек А=1,5 В=0

врач санитардан 3 есе көп А=3 В=0

бөлім меңгерушісі – врачқа қарағанда 30 $ артық А=3 В=30

дәріхана меңгерушісі – санитардан 2 есе көп А=2 В=0

завхоз – мейірбикеден 40 $ артық А=1,5 В=40

бас дәрігер – санитардан 4 есе көп А=4 В=0

аурухана меңгерушісі – бас дәрігерден 20 $ артық А=4 В=20

Әр лауазымға адам санын беру арқылы теңдеу құруға болады:

N1*(A1*C+B1)+N2*(A2*C+B2)+.....+N8*(A8*C8+B8)=10000,

мұндағы N1 – санитарлар саны;

N2 – мейірбикелер саны және с.с.

А1...А8 және В1...В8 – әр лауазымның коэффициенттері.

Бұл теңдеуде А1...А8 және В1...В8 белгілі, ал С және N1...N8 белгісіз.

Бұндай теңдеуді белгілі әдістермен шешуге болмайтыны белгілі, және де жалғыз дәл шешімі жоқ. Теңдеуді іріктеп алу арқылы шешу ғана қалды.

Алғашқыда белгісіздерге қолайлы мәндерді қойып қосындысын есептейміз. Егер осы сумма сіздің жалақы қорыңызға тең болса жақсы. Егер жалақы қорынан асып кетсе, онда сатирадың жалақысын азайтуға болады немесе қандай да бір қызметкердің жұмысынан бас тарту керек және т.б. Осындай жұмысты қолмен істеу қиын. Бірақ сізге электрондық кесте көмектеседі (сур.1).

С
ур.1
Жұмыстың барысы

1 ТАПСЫРМА. Кестені толтырыңыз.

1.1. Кестенің шапкасын толтырыңыз.

1.2. Әр лауазымға бір жол арнаңыз және лауазым аттарын С бағанына енгізіңіз.

1.3. А мен В бағандарына әр лауазымға сәйкес А мен В коэффициенттерін толтырыңыз.

1.4. Н3 ұяшығына санитардың жалақысын енгізіңіз және ол ұяшыққа 0,00 – үтірден кейін екі белгі форматын орнатыңыз.

2 ТАПСЫРМА. D бағанында әр лауазым үшін жалақыны есептеңіз.

Ескерту! D бағанындағы формула Н3 ұяшығына абсолютті сілтеме арқылы толтырылады. Н3 ұяшығының мәні өзгерсе, D бағанындағы мәндер де өзгереді. Бұл есепте абсолютті адрестелудің тағы бір түрі атаулы ұяшықты (именованная ячейка) қолдануға болады.



Атаулы ұяшық (Именованная ячейка)

Excel-де кез-келген ұяшыққа немесе облысқа ат беруге болады. Ұяшыққа ат беру үшін белгілеп Формулы – Определенные имена – Присвоить имя командасын орындау керек.

Атау әріптен басталуы керек және бос орын болмауы керек, адрестелумен сәйкес келмеу керек. Мысалы, F12 деп ат қоюға болмайды, F‗12 деп болады. Ат қоюдың екінші әдісі формула жолының сол жағында орналасқан Атау өрісін қолдану. Ол үшін:


  • ұяшықты немесе облысты белгілеу;

  • атау өрісіне бару және тышқанның сол жақ батырмасын шерту;

  • атын енгізіп пернесін басу керек.

Excel атаулары тізімінен ат қойсақ, сол аталған ұяшыққа немесе облысқа барады.

Атаулы ұяшықты формулада қолданған ыңғайлы, себебі ұяшықтың адресін мағынасы бар атпен ауыстыруға болады. Формулада атаулы ұяшыққа сілтеме жасағанда ол абсолютті болады, формуланы көшіргенде қате кетпейді. Сонымен қатар, барлық «маңызды» ұяшықтарға, яғни мәндері жиі өзгертілетін және қорытынды нәтижелерден тұратын ұяшықтарға, атау берген жөн.

2.1. НЗ ұяшығына С атын беріңіз.

2.2. D3 ұяшығына =АЗ*С+ВЗ формуласын енгізіңіз.

Бұл формула =АЗ* $Н$3 +ВЗ формуласымен бірмәнді болса да, С атауы формуланы түсінуді жеңілдетеді.

2.3. D3 ұяшығындағы формуланы D4:D10 ұяшықтарына көшіріңіз.

Көшіргенде санитардың жалақысы бар ұяшық тұрақты (абсолютті) болып қалды, ал A3 және ВЗ адрестері өзгереді (олар салыстырмалы).

3 ТАПСЫРМА. Е бағанында лауазым бойынша қызметкерлер санын енгізіңіз.

ЕЗ:Е5 ұяшықтар мәндері штаттық кесте шегінде өзгеруі мүмкін, басқа лауазымдағы қызметкерлер саны өзгермейді (есептің берілгенін қараңыз).

4 ТАПСЫРМА. F бағанында берілген лауазымдағы барлық қызметкерлердің жалақысын есептеңіз.

4.1. F3 ұяшығына = D3*Е4 формуласын енгізіңіз (зарплата * количество сотрудников).

4.2. F3 ұяшығынан формуланы F4:F10 ұяшықтарына көшіріңіз.

4.3. D және F ұяшықтарына 0,00 - үтірден кейін екі белгі форматын орнатыңыз.

5 ТАПСЫРМА. Айлық жалақы қорының қосындысын анықтаңыз.

5.1. F12 ұяшығына F бағанының қосындысын есептеңіз.

5.2. F12 бағанының алдына АЙЛЫҚ ЖАЛАҚЫ ҚОРЫ сөздерін жазыңыз.

5.3. Штаттық кесте қорыңыз.

Айлық жалақы қорының қосындысы $10000 болғанша, санитардың жалақысын және ЕЗ:Е5 ұяшықтарындағы қызметкерлер санын өзгерте беріңіз. (F12 ұяшығында ≈10000 мән алу керек).

6 ТАПСЫРМА. Есептеулерді автоматтандыру үшін қолданылатын параметрді іріктеу (подбор параметра) функциясын қолданып штаттық кестені құрыңыз.

Параметрді іріктеу – Excel-дің ыңғайлы құралы. Мақсатты ұяшық берілген санға тең болу үшін параметр-ұяшықтардың мәнін өзгертеді.

6.1. Данные – Работа с данными – Анализ «что если» - Подбор параметра командасын таңдаңыз.

6.2. Подбор параметра терезесінде Установить в ячейке өрісінде $F$12 мақсатты ұяшық адресін көрсетіңіз.

6.3. Значение өрісінде 10000 санын енгізіңіз.

6.4. Изменяя значение ячейки өрісінде $Н$3 санитардың жалақысы ұяшығын көрсетіп, <ОК> басыңыз.

Параметрді іріктеу процесі басталады. Егер <ОК> батырмасына бассақ, кестедегі ұяшық мәндері табылған шешімге сәйкес өзгереді.

6.5. «ОК» батырмасын басыңыз.

7 ТАПСЫРМА. Подбор параметра функциясын қолданып штаттық кестенің бірнеше нұсқасын құрастырып, оны кесте түрінде рәсімдеңіз. (сур. 2).

7.1. Санитар, мейірбике және врач лауазымындағы қызметкерлер санын өзгертіңіз.

7.2. Санитардың жаңа шарттар бойынша жалақысын таңдаңыз.

7.3. Штаттық кестенің бірнеше нұсқасы бойынша кесте құрастырыңыз.

С
ур. 2

Excel-де шешімді іздеу нұсқаларын автоматтандырылған құрал - Диспетчер сценариев командасының көмегімен сақтауға болады. Ол команданы қосу үшін: Данные – Работа с данными – Анализ «что если» - Диспетчер сценариев орындаймыз. Онымен қолдануға болады, бірақ оның жұмыс істеу принципін өз бетіңізбен талдауыңыз керек.

8 ТАПСЫРМА. Алынған нұсқаларды талдап, біреуін таңдаңыз және рәсімдеңіз (3 суретте сандық мәндері іріктелмеген аурухананың штаттық кестесі көрсетілген).

Сур.3


8.1. С, D, Е, F бағандарын қалдырыңыз.

Ескерту! А, В, Н бағандарын жоюға болмайды, себебі кестеде оларға сілтемелер бар, бірақ оларды жасырып қоюға болады.



8.2. Кестеге «Шаруашылық есептегі аурухананың штаттық кестесі» деген тақырып және «Аурухана меңгерушісі Петров И.С» деген тақырыпша жазыңыз.

8.3. Автоформатты қолданып кестені безендіріңіз.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет