Нуо казахстанско россиский медицинский



жүктеу 222.67 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі222.67 Kb.
: download -> files
files -> Казақстан республикасы көлік және коммуникация министірлігі
files -> Сагай эрьесэ
files -> Тракторный город выпускает тракторные шины

МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-

РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ




НУО КАЗАХСТАНСКО -

РОССИСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ

УНИВЕРСИТЕТ

КУРС МЕДИЦИНСКОЙ БИОФИЗИКИ И ИНФОРМАТИКИ

________________________________________________________________________________



СИЛЛАБУС



Мамандық

5В110200-«Қоғамдық денсаулық сақтау»


Пән

Математика

Пән коды

Mat 1114

Оқу сағатының көлемі/

кредит

2 кредит (90 сағат)


Курс

1


Семестр

2

Алматы, 2015


Силлабус 2015 ж. Мемлекеттік білім стандарты мен типтік бағдарлама негізінде құрылған ҚР _________5В130100 5В110200-«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша, ҚР-ның денсаулық сақтау министрлігінің ___________________ және ҚР-ның ғылым және білім министрлігінің бұйрықтары бойынша бекітілген _________ (бекітілген мерзім және стандарты код номері), «Математика» пәні бойынша типтік бағдарлама ҚР-ның ғылым және білім министрлігінің бұйрығы №152, №261 бойынша бекітілген.

ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ:

Хамзина Роза – Қазақстан-Ресей Медицина Университетінің медициналық биофизика және информатика курсының аға оқытушысы, дәріс және тәжірибелік сабақтарды қазақ, орыс тілдерінде жүргізеді. 1978-1983 ж.ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың математика факультетін бітірген. 24 ғылыми мақаласы, 3 оқу құралы, 3 СА ОӘК, 10 әдістемелік нұсқаулары бар. Педагогикалық еңбек өтілі – 29 жыл. 13.11.2009 ж. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-дан көп жылғы педагогикалық еңбегі үшін «Алғыс хатпен» марапатталған.

Байланыс ақпараты: E-mail: kh.roza61@mail.ru



БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ:

Кафедраның мекен-жайы: Төрекулов көшесі, 71.

Кабинет нөмірі: 4 қабат, 7, 8 кабинеттер

Телефон нөмірі -

Факс нөмірі -

Кафедраның электрондық адресі: d.medbiophysigcs.krmu@gmail.com


ПӘННІҢ САЯСАТЫ:

- сабақтан себепсіз қалмау және кешікпей келу;

- сабақта белсенді болу;

- сабаққа үнемі дайындалып келу;

- өзіндік жұмыстарды уақытылы кесте бойынша тапсыру;

- сабақ уақытында басқа іспен шұғылданбау, телефонды ағытып қою;

- сабырмен өзін-өзі ұстай білу, оқытушыларды және жолдастарын силау, мейірімді болу;

- кафедраның, дәрісхананың мүліктерін бүлдірмеу;

- себепті жіберген сабақтарды уақытылы тапсыру.

Сабақтан себепсіз қалған және кешіккен студенттерге қосымша тапсырма беріледі.

Сабақта белсенді болған студенттерге балл қосылады.

Сабақта ақ халатпен және қалпақпен отыру талап етіледі.



БАҒДАРЛАМА
1. КІРІСПЕ

Математика курсы студенттердің ғылыми көзқарастарының қалыптасуында үлкен роль атқарады. Математиканың жаратылыс танудағы рөлі мен маңызы зор. Математика барлық салаларда, ғылымның арнайы мәселелерінде зерттеу әдісі ретінде пайдаланылады. Сондықтан математика курсының негізгі ұғымдарын, заңдарын, теорияларын және оларың медицина ғылымы саласында қолданылуын студент меңгеруі керек. Жоғары математиканың жалпы курсы маманның математикалық білімінің іргетасы болып табылады.


2.ПӘН МАҚСАТЫ

Пәннің негізгі мақсаты - студенттерге басқа пәндерді оқу үшін қажет математикалық



білімді үйрету, игерілген математикалық әдістерді өз саласында іскерлікпен қолдануды үйрету. Фармация мамандығының студенттерін математикалық талдаудың, ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың негізгі түсініктерімен таныстырып, оларға математиканы физика, химия, биология және фармацияның қолданбалы есептерін шешу құралы ретінде оқыту.
3. ПӘНДІ ОҚУ МІНДЕТТЕРІ


  • ғылыми көзқарас пен логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру;

  • жоғары математиканың негізгі ұғымдарын, теорияларын, математикалық есептердің шешу әдістерін меңгеру және оның әртүрлі салаларда қолданылуын білу;

  • игерілген математикалық әдістерді іскерлікпен қолдану;

  • математикалық мәдениетті тәрбиелеу;

  • математикалық білімін өз бетімен кеңейту және қолданбалы есептерге математикалық талдау жүргізе білу;

  • медициналық-биологиялық процестердің математикалық модельдеуімен таныстыру;

  • мамандыққа байланысты ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру.


4. ПӘНДІ ОҚЫТУДАҒЫ АҚЫРҒЫ НӘТИЖЕЛЕР
“Математика” курсын меңгеру нәтижесінде

студент білуге тиіс:

  • дифференциальдық және интегралдық есептеулер теориясының негіздерін;

  • қарапайым дифференциальдық теңдеулер теориясын;

  • медициналық, биологиялық, физикалық, химиялық мазмұнды есептерді шешуде дифференциалдық теңдеулер теориясын қолдануды;

  • ықтималдықтар теориясының және математикалық статистика негіздерін;

  • кездейсоқ оқиғалардың ықтималдықтарын есептеу әдістерін;

  • кездейсоқ шамалардың ықтималдықтарын есептеуді;

  • есептерді шешудің математикалық әдістерін және олардың медицинада қолданылуын.

Студент біліктілігі қалыптасуы тиіс

  • функцияларды дифференциалдау мен интегралдау;

  • дифференциалдық теңдеулерді шешуді;

  • медициналық қолданбалы есептерді шешуде дифференциалдық теңдеулер теориясын қолдану;

  • кездейсоқ оқиғалардың ықтималдықтарын есептеу;

  • кездейсоқ шамалар үлестірімдерін, сандық сипаттамаларын анықтау;

  • өлшеулердің нәтижелерін математикалық өңдеу және сараптау;

  • ғылыми әдебиеттермен өздігінен жұмыс жасай білу.



Студент дағдылануы тиіс

  • математикалық білімін өз бетінше кеңейтуге;

  • қолданбалы есептерге математикалық талдау жүргізуге.


5. БАСҚА ПӘНДЕРМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ:
Алдыңғы реквизиттер: орта мектеп бағдарламасындағы математика курсының барлық бөлімдері.

Соңғы реквизиттер: анатомия және физиология, биостатистикаға кіріспе, қоғамдық денсаулық сақтау ісіне кіріспе, экономика және қаржыландыру негіздері.
6. ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Мағынасы. «Математика» пәні «Фармация», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары үшін міндетті пән болып саналады. Мұнда жоғары математиканың төмендегідей бөлімдері оқытылады: Математикалық анализ негіздері. Бір айнымалы функцияның туындысы мен дифференциалы. Көп айнымалы функция. Анықталмаған интеграл. Анықталған интеграл. Анықталған интегралдың қолданылуы. Дифференциалдық теңдеулер. Бірінші ретті жай дифференциалдық теңдеулер. Реті төмендетілетін жоғары ретті дифференциалдық теңдеулер. Геометрия, физика, химия, медицина, биология, фармация ғылымдарының қолданбалы есептері. Ықтималдық теориясы және математикалық статистика элементтері. Кездейсоқ оқиғалар ықтималдығы. Ықтималдықтың негізгі теоремалары. Кездейсоқ шамалар ықтималдығы. Математикалық статистиканың негізгі ұғымдары мен анықтамалары. Математикалық әдістерді фармацияда қолдану.



Оқып-үйрену объектісі – медициналық-биологиялық үрдістерді талдау және модельдеу үшін қолданылатын қажетті математикалық әдістер.
7. ДӘРІСТЕРДІҢ, ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ, СОБЖӨЖ ЖӘНЕ СӨЖ

ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАРЫ


ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ


п.п.

Сабақтардың тақырыбы және мазмұны

Сағат саны

1

Математикалық анализге кіріспе. Бір айнымалы функцияның туындысы, оның геометриялық және физикалық мағыналары.Туындылар кестесі, Дифференциалдаудың негізгі ережелері. Күрделі,кері,айқындалмаған функциялардың туындылары. Логарифмдік дифференциалдау әдісі. Функцияның дифференциалы, оның геометриялық мағынасы,қасиеттері, қолданылуы.

1

2

Жоғары ретті туындылар мен дифференциалдар. Туындының қолданылуы. Функцияны туынды көмегімен зерттеу.

1

3

Көп айнымалы функция. Анықталу облысы. Көп айнымалы функцияның дифференциалдық есептеулері.

1

4

Анықталмаған интеграл, қасиеттері. Интегралдар кестесі. Интегралдау әдістері. Кейбір рационал, иррационал, тригонометриялық функцияларды интегралдау.

1

5

Анықталған интеграл, қасиеттері. Ньютон-Лейбниц формуласы. Анықталған интегралдағы интегралдау әдістері. Анықталған интегралдың геометрияда қолданылуы.

1

6

Дифференциалдық теңдеулер, негізгі ұғымдар. Бірінші ретті жай дифференциалдық теңдеулер: айнымалылары ажыратылатын, біртекті, сызықтық. Коши теоремасы.

1

7

Реті төмендетілетін жоғары ретті дифференциалдық теңдеулер. Жоғары ретті сызықты тұрақты коэффициентті дифференциалдық теңдеулер. Жалпы шешімнің құрылымы. Дифференциалдық теңдеулердің қолданылуы.

1

8

Ықтималдық теориясының негізгі ұғымдары. Комбинаторика элементтері. Ықтималдықтың анықтамалары. Ықтималдықтың қосу, көбейту теоремалары. Толық ықтималдық, Байес формулалары. Қайталанатын тәуелсіз сынақтарда оқиғаның пайда болу ықтималдығы. Бернулли, Муавр-Лаплас теоремалары.

1

9

Кездейсоқ шамалар ықтималдығы. Кездейсоқ шамалар, түрлері, жалпы заңдары. Дискретті кездейсоқ шамалар, үлестірім заңдары, үлестірім функциясы.

1

10

Үзіліссіз кездейсоқ шамалар, үлестірім функциялары, қасиеттері. Кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары,қасиеттері.

1

Барлығы:

10


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ


п.п.

Сабақтардың тақырыбы

Сағат саны

1

Бір айнымалы функцияның туындысы мен дифференциалы.

2

2

Жоғары ретті туындылар мен дифференциалдар.

Туындының қолданылуы.



2

3

Көп айнымалы функцияның дифференциалдық есептеулері.

2

4

Анықталмаған интеграл. Интегралдау әдістері.

2

5

Анықталған интеграл, есептеу ережелері. Анықталған интегралдың геометрияда қолданылуы.

2

6

Бірінші ретті жай дифференциалдық теңдеулер. Коши есебі.

2

7

Реті төмендетілетін жоғары ретті дифференциалдық теңдеулер. Жоғары ретті сызықтық тұрақты коэффициентті дифференциалдық теңдеулер.

2

8

Комбинаторика элементтері. Кезлейсоқ оқиғалар ықтималдығы. Ықтималдықтың негізгі теоремалары.

2

9

Кездейсоқ шамалар ықтималдығы. Дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалар.

2

10

Кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары, қасиеттері.

2

Барлығы:

20

СОБЖӨЖ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ




п.п.

Сабақтардың тақырыбы

Сағат саны

1

Бір айнымалы функцияның туындысы. Күрделі функция туындысы.

2

2

Бір айнымалы функцияның дифференциалы. Туындының қолданылуы.

2

3

Көп айнымалы функцияның дифференциалдық есептеулері.

2

4

Анықталмаған интеграл. Тікелей және бөліктеп интегралдау әдістері.

2

5

Айнымалыны алмастыру арқылы интегралдау әдісі. Кейбір рационал, иррационал, тригонометриялық функцияларды интегралдау.

2

6

Анықталған интеграл, есептеу ережелері. Анықталған интегралдың медицинада, биологияда қолданылуы

2

7

1 аралық бақылау. Бірінші ретті жай дифференциалдық теңдеулер.

2

8

Реті төмендетілетін жоғары ретті дифференциалдық теңдеулер.

2

9

Жоғары ретті сызықтық тұрақты коэффициентті дифференциалдық теңдеулер.

2

10

Дифференциалдық теңдеулердің медицинада, биологияда қолданылуы.

2

11

Кездейсоқ оқиғалар ықтималдығын табу.

2

12

Қайталанатын тәуелсіз тәжірибелерде оқиғаның пайда болу ықтималдығы.

2

13

Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңдары.

2

14

2 аралық бақылау.Үзіліссіз кездейсоқ шамалардың үлестірім функциялары.

2

15

Кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары, қасиеттері. Ықтималдық теориясының медицинада қолданылуы.

2

Барлығы:

30


СӨЖ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ




п.п.

Сабақтардың тақырыбы

Тапсырма/ Жұмыс түрі

Бақылау түрі

Бақы

лау гра

фигі

Бағалау критерииі

1

Бір айнымалы функцияның туындысы мен дифференциалы. Күрделі функция туындысы.

ЖӨЖ-1

Тренинг. Ауызша сұрау.

2-апта

Барлық тапсырмаларды орындау-90-100%; тапсырмаларды орындауда кейбір қателіктер жіберу-75-89%;

тапсырмаларды толық орындамау-60-74%; тапсырмаларды

орындауда өрескел қателіктер жіберу-50-59%;

тапсырмаларды орындамау-0%7



2

Көп айнымалы функцияның дифференциалдық есептеулері.

ЖӨЖ-2

1-типтік есептерді тапсыру және қорғау.

3-апта

-//-//-

3

Анықталмаған интеграл. Интегралдау әдістері.

ЖӨЖ-3

2-типтік есептерді тапсыру және қорғау

4-апта

-//-//-

4

Анықталған интегралдарды есептеу.

ЖӨЖ-4

3-типтік есептерді тапсыру және қорғау.

5-апта

-//-//-

5

Анықталған интегралдың медицинада қолданылуы.

Эссе

Эссе тапсыру, қорғау.

6-апта

-//-//-

6

Бірінші ретті жай дифференциалдық теңдеулер. Коши есебі.

ЖӨЖ-5

4-типтік есептерді тапсыру және қорғау.

7-апта

-//-//-

7

Реті төмендетілетін жоғары ретті дифференциалдық теңдеулер. Жоғары ретті сызықтық тұрақты коэффициентті дифференциалдық теңдеулер.

ЖӨЖ-6

5-типтік есептерді тапсыру және қорғау.

8-апта

-//-//-

8

Дифференциалдық теңдеулердің медицинада қолданылуы.

Реферат

Реферат тапсыру, қорғау.

9-апта

-//-//-

9

Кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын табу.


Эссе

6-типтік есептерді тапсыру және қорғау.

10-апта

-//-//-

10

Дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалардың ықтималдығы мен сандық сипаттамалары. Қолданылуы.

Эссе

Эссе тапсыру, қорғау.

11-апта

-//-//-


8. ОҚЫТУ МЕН БІЛІМДІ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Оқыту әдістері

  • Дәрістер: шолу және мәселелік, интербелсенділік.

  • Тәжірибелік сабақтар: оқулықтармен жұмыс; бақылау сұрақтары; схемалармен жұмыс; есептерді шешу; бақылау жұмыстары; кішкене топтармен жұмыс; ауызша сұрау; қолданбалы есептерді шешу; мәселелік оқыту; аралық бақылауларды жүргізу.

  • Студенттердің оқытушының басқаруымен жасайтын өзіндік жұмысы: кішкене топтармен жұмыс, консультациялар, дискуссиялар, рефераттар презентациясы, жеке және топпен бірге орындалған тапсырмалардың нәтижелерін талқылау; өзіндік жұмыстарды тапсыру.

  • Студенттердің өзіндік жұмысы: әдебиет, деректердің электронды қоры және компьютерлік оқыту бағдарламаларымен жұмыс; глоссарий; қолданбалы есептерді шығару; тестілік тапсырмаларды орындау; типтік есептерді шығару; ғылыми рефераттарды дайындау және қорғау.

Білімді бағалау әдісі

Ағымдық бақылау: ауызша, жазбаша бақылау сұрақтары; бақылау жұмыстары,

тестік тапсырмалар; жеке өзіндік есептер; үй тапсырмалары; сабақтағы белсенділік;

реферат тапсыру; эссе жазу; презентация дайындау.

Аралық бақылау: бақылау жұмыстары; тестік тапсырмалар, коллоквиум.

Қорытынды бақылау: емтихан (тестілеу түрінде).

Пән бойынша қорытынды баға пайыздық үлеспен мына формуламен анықталады:



мұндағы Р1 – 1-рейтингтік бағасының пайыздық үлесі,

Р2 – 2-рейтингтік бағасының пайыздық үлесі,

Е – емтихандағы бағаның сандық эквиваленті.

Рейтингтік баға (рейтингтің пайыздық үлесі) ағымдық, аралық бақылаулардың орташа

арифметикалық қосындысы ретінде анықталады: , мұндағы t – ағымдық бақылау,

r – аралық бақылау.
9. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕР
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Изтлеуов М.К., Беккужина А.И., Жалимбетова Н.К., Ахметова А.Б. Математика: Жоғары

медицина оқу орындарына арналған оқулық. –Алматы.: Полиграфия, 2005.

2. Құдабаев Қ.Ж. Математика: Медициналық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған

оқу құралы. –Алматы: Эвро, 2012.

3. Қазешев А.К., Нұрпейсов С.А. Жоғары математика. Есептер жинағы. –Алматы:

ЭВРО, 2004.

4. Дүйсек А.К., Қасымбеков С.Қ. Жоғары математика. -Алматы: ҚБТУ, 2004.

5. Павлушков И.В. и др. Основы высшей математики и математической статистики (учебник

для медицинских и фармацевтических вузов). - М.: «ГЭОТАР - МЕД», 2003.

6. Баврин И.И. Краткий курс высшей математики для химико-биологических и медицинских

специальностей. М.: Физматлит, 2003.


ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:

7. Морозов Ю.В. Основы высшей математики и статистики. Учебник для студентов

Медицинских вузов. –М.: Медицина, 2008.

8. Лукьянова Е.А. Медицинская статистика. -М.: «РУДН», 2002.

9. Лагутин М.Б. Наглядная математическая статистика. –М.: БИНОМ. Лаборатория знаний,

2009.


10. Юнкеров В.И., Григорьев С.Г. Математико-статистическая обработка данных

медицинских исседований. –СПб.: ВМСДА, 2002.

11. Письменный Д.Т. Конспект лекций по высшей математике (полный курс). -М.: Айрис-

пресс, 2004.

12. Лунгу К.Н., Письменный Д.Т. Сборник задач по высшей математике. Ч.1,2. –М.: Айрис-

пресс, 2009.


10. СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

МЕН КРИТЕРИЙЛЕРІ
Ағымдық бақылау: ауызша, жазбаша бақылау сұрақтары; бақылау жұмыстары, тестік тапсырмалар; жеке өздік есептер; үй тапсырмалары; сабақтағы белсенділік; реферат, эссе тапсыру; презентация дайындау.

Аралық бақылау: бақылау жұмыстары; тестік тапсырмалар, коллоквиум.

Қорытынды бақылау: тестілеу түріндегі немесе билетпен тапсыратын емтихан.

Консультация уақыты: Консультация емтиханға дейін өткізіледі.

Аралық бақылаудың уақыты: 7, 14 апта

Қорытынды бақылау уақыты: семестр соңында оқу бөлімі бекіткен кесте бойынша өткізіледі.

Білімді бақылаудың әр түрлі деңгейлерінде студент білімін бағалау ережелері

1.Ағымдық бақылау кезінде білімді бағалау (t1, t2) тәжірибелік сабақтарда, дәрістерде, СОБЖӨЖ, СӨЖ-ді орындағанда іске асырылады.

t 1= (ТC о.ш. + СОБЖӨЖ о.ш.+СӨЖ о.ш.) / 3

t 2 =(ТС о.ш. + СОБЖӨЖ о.ш. + СӨЖ о.ш.) / 3, мұндағы:

t 1 – 1-ші аралық бақылауға дейін ағымдық бақылау кезінде бағаланған білімінің орташа бағасы (1 кезең).

ТС о.ш. –дәрістер мен тәжірибелік сабақтарда ағымдық бақылау кезінде бағаланған білімінің орташа балы.

СӨЖ о.ш. – СӨЖ-дің орташа балы.

СОБЖӨЖ о.ш. - СОБЖӨЖ-дің орташа балы.

t 2 – 1-ші аралық бақылаудан 2-ші аралық бақылауға дейін жүргізілетін ағымдық бақылау кезінде бағаланған білімінің орташа бағасы (2 кезең)

2. Ағымдық бақылаудың 1-ші және 2-ші кезеңдеріндегі білімнің рейтінгі:

R1 = (t 1+ r1) / 2; R2 = (t 2 + r2) / 2, мұндағы:
R1 – 1-ші кезеңнің рейтингі, R2 – 2-ші кезеңнің рейтингі.

r 1 – 1-ші аралық бақылауда алынған баға, r 2 – 2-ші аралық бақылауда алынған баға,

t 1-, t 2-нің анықтамасы жоғарыда келтірілген.

3. Үшінші кезеңде емтихан тапсыруға жіберілу рейтингі (R жіб.) келесі формула бойынша есептеледі :

R жіб. = (R1 + R2) /2

Емтихан тапсыруға жіберілу рейтингі 50 баллдан ( 50%) аз болмау керек.



4.Төртінші кезеңде ауызша билетпен немесе тестілеу түрінде емтихан (Е) жүргізіледі.

Тестілеу мен ауызша жауапқа 50%-дан бастап беріледі.



Е = (Тестілеу бағасы • 0,5) + (ауызша жауаптың бағасы • 0,5)

5. Қорытынды баға - I - 5 кезеңде келесі формула бойынша анықталады:
I = ( R жіб. • 0,6) + (Е •0,4)

Қорытынды бағаның (I) максималды балы 100-ге тең. R жіб. рейтінгінің максималды шамасы қорытынды бағаның 0,6 (немесе 60 балл) құрайды, ал емтихан бағасының максималды шамасы – 0,4 ( немесе 40 балл) құрайды.



Қорытынды баға студенттің емтихан бағасы және R жіберілуі бойынша алған бағасы 50%-дан кем емес болған жағдайда ғана есептеледі.

Білімді бақылаудың барлық түрінде білімді бағалау 100 балдық - 100%-тік жүйе бойынша жүргізіледі. Тәжірибелік сабақ – ең жоғарғы балл - 100%. СОБЖӨЖ – ең жоғарғы балл - 100%. СӨЖ – ең жоғарғы балл – 100%. Кешенді тестілеу – ең жоғарғы балл - 100%. Тәжірибелік сабақтардың, СОБЖӨЖ және СӨЖ сабақтарының орындалуы мен бағалануы осы жүйеге негізделген нақтыланған критерийлері бойынша, ал бақылаудың қорытынды деңгейінде - белгіленген критерийлері бойынша іске асырылады. Қорытынды баға келесі кесте бойынша қойылады.



Білімді бағалаудың әріптік-баллдық-рейтингтік жүйесі


Бағалардың әріп түрінде белгіленуі

Балдың сандық эквивалентілігі

Пайыз түрінде

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95-100%

өте жақсы

А-

3,67

90-94%

В+

3,33

85-89%

жақсы


В

3,0

80-84%

В-

2,67

75-79%

С+

2,33

70-74%

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69%

С-

1,67

60-64%

Д+

1,33

55-59%

Д

1,0

50-54%

F

0

0-49%

қанағаттанарлықсыз



Білімді бағалаудың критерийлері мен шкалалары

1) Ауызша сұрау

Критерийлер

Пайыздық үлес

Сабаққа қатысу және бақылау сұрақтарына толық жауап

90-100

Сабаққа қатысу және бақылау сұрақтарына толық емес жауап

75-89

Сабаққа қатысу,бақылау сұрақтарына жауап жоқ

50-74

Дәріске қатыспауы

0

Кешігу

Минус 5


2) Тапсырмаларды орындау

Критерийлер

Пайыздық үлес

Барлық тапсырмаларды орындау

90-100

Тапсырмаларды орындауда кейбір қателіктер жіберу

75-89

Тапсырмаларды толық орындамау

50-74

Тапсырмаларды орындамау

0

Кешігу

Минус 5



3) Бақылау жұмысы

Критерийлер

Пайыздық үлес

Барлық тапсырмаларды қатесіз орындау, дұрыс безендіру

100

Барлық тапсырмаларды орындау, дұрыс безендіру, есептеуде аздаған қателіктер жіберу

90


Тапсырманың 75% орындау,безендіруде және есептеуде аздаған қателіктер жіберу

75

Тапсырманың 50% қатесіз орындау

50

Тапсырманың 50% кем орындау немесе есептеуде өрескел қателіктер жіберу

0

Кешігу

Минус 5



4) СӨЖ

Критерийлер

Пайыздық үлес

СӨЖ түріне сәйкес барлық талаптарды толық орындау

90-100

Тапсырманың орындалуы нақты емес, кейбір қателіктер жіберілген

75-89

Тапсырманың орындалуы толық емес, көп қателіктер жіберілген

60-74

Тапсырманың орындалмауы, өрескел қателіктердің жіберілуі, СӨЖ критерийлеріне сәйкес емес

50 – 59

СӨЖ тапсырылмауы

0



5) Жазбаша сұрау

Критерийлер

Пайыздық үлес

Барлық тапсырмаларды қатесіз орындау, дұрыс безендіру

91-100

Барлық тапсырмаларды орындау, дұрыс безендіру, есептеуде аздаған қателіктер жіберу

81-90


Тапсырманың 75% орындау,безендіруде және есептеуде аздаған қателіктер жіберу

75-80

Тапсырманың 50% қатесіз орындау

60-74

Тапсырманың 50% кем орындау немесе есептеуде өрескел қателіктер жіберу

50-59



беттің беті





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет