О. Б. Дубовицкая, А. Авилхан азаматтық ҚҰҚЫҚ



бет1/4
Дата17.04.2016
өлшемі0.72 Mb.
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

О. Б. Дубовицкая, А. Авилхан



АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ


Заңтану мамандығының студенттері үшін

Оқу-әдістемелік құралы

Павлодар


УДК 347(574)(075.8)

ББК 67.404(5Каз)я73

Г72


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінде ұсынылды


Пікір білдіруші:

А. С. Бахралинов – заң ғылымдарының кандидаты, Павлодар ҚазҚХИ филиалының директоры

С. Т. Иксатова – заң ғылымдарының кандидаты, Инновациялық Евразиялық университетінің Құқықтану кафедрасының профессоры

Г. Б. Ахмеджанова – заң ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының меңгерушісі

Г75 Дубовицкая О. Б., Авилхан А.

Азаматтық құқық: оқу-әдістемелік құралы. – Павлодар, 2007. – 51 б.


ISBN 9965-583-17-Х
Аталған оқу-әдістемелік құрал біздің мемлекетімізде шығып жатқан Азаматтық құқығы оқу – әдістемелік әдебиеттерінің ішіндегі оқу-әдістемелік құралдардың бірі болып табылады. Оның құрылымы студенттерге бір жағынан, теориялық білімін арттыруға, екінші жағынан, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы азаматтық заңдылықтарға талдау жасауға, сонымен қатар өмірде кездесетін нақты жағдайларға азаматтық құқық нормаларын дұрыс қолдануының дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

ISBN 9965-583-17-Х УДК 347(574)(075.8)

ББК 67.404(5Каз)я73
© Дубовицкая О. Б., Авилхан А., 2007

© С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2007



Алғы сөз

Қазіргі кездегі жоғарғы оқу орындарында заңгер мамандығы бойынша білім алушы студентерге азаматтардың констиуциялық құқықтарын жүзеге асыруға кепілдік беру, құқық шығарамашылық, құқық қорғаушылық және құқық қолданушылық қызметтің сапасы, халыққа заңгерлік көмек көрсету жағдайлары мен қызметінің мәні, мәселелерін толық түрде меңгеріп шығуына білімді тереңірек беру олардың алдына қойған мақсаты болып табылады.

Азаматтық құқық – бұл Қазақстан Республикасындағы құқық салаларының ішіндегі азаматтар мен заңды тұлғалар, мемлекет және оның әкімшілік бөлінісінің күнделікті өміріндегі қызметімен тікелей біте қайнасқан құқық саласының бірі болып табылады. Азаматтық құқықты оқытудың рөлі мен маңызы нарықты экономикаға өту жолында тауар-ақша қатынастары күннен күнге артуына байланысты оның реттеушісі болуда. Осыған байланысты оқу – әдістемелік жұмысты дайындаған кезде заңгерлерді дайындаудағы барлық жағдайлар назарға алынған.

Аталған оқу-әдістемелік құрал біздің мемлекетімізде шығып жатқан Азаматтық құқығы оқу – әдістемелік әдебиеттерінің ішіндегі оқу-әдістемелік құралдардың бірі болып табылады. Оның құрылымы студенттерге бір жағынан, теориялық білімін арттыруға, екінші жағынан, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы азаматтық заңдылықтарға талдау жасауға, сонымен қатар өмірде кездесетін нақты жағдайларға азаматтық құқық нормаларын дұрыс қолдануының дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бұл заң мамандығы бойынша жоғарғы оқу орны мен факультетінің бітірушілеріне қатысты көп біледі, бірақ білгендері аз дегенге әкеліп соғады.

Оқу – әдістемелік құралдың негізгі мақсаты студенттерге азаматтық-құқықтық институттардың зерттелуін, кешенділігін, жүйесін, азаматтық құқық нормасының аясын, сонынмен қатар азаматтық құқық нормасын тәжірибелік қызметте дұрыс қолдануға үйрету болып табылады.

Аталған оқу – әдістемелік құралының міндеті:

– студенттерге азаматтық-құқықтық қатынастардың мәні мен табиғатын жан-жақты терең түсіндіру;

– қолданыстағы азаматтық заңдылықтарға талдау жасау қабілеттерін дамыту;

– азаматтық заңдылықтарды нақты азаматтық құқықтық қатынастарды шешуге қолдану;

– тәжірибелі жоғарғы білікті цивилист-маманды дайындау;

– болашақ цивилистердің шығармашылықтарын қалыптасытыру.

Оқу – әдістемелік құралдық құрылымы мынадай бөілімдержен тұрады:

1) ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) курсының бағдарламасы – әрбір тақырыптар бойынша мазмұнынан;

2) тәжірибелік және ізденіс тапсырмаларынан – онда студенттерге берілген мәселелерді шешіп, олар бойынша өздерінің көзқарастарын көрсетіп, оларға талдау жасайды.



1 Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (Жалпы бөлім) бағдарламасы
1-тақырып Азаматтық құқық құқық саласы, оқу пәні, ғылым ретінде

Құқықтық салалар жүйесіндегі азаматтық құқық. Азаматтық –құқықтық реттеу пәні. Мүліктік және мүліктік емес қатынастар. Азаматтық құқық және нарықтық қатынастар.

Азаматтық – құқықтық реттеу әдістері.

Азаматтық құқықтың түсінігі, оның анықтамасы мен негізгі бастамалары.

Азаматтық – құқықтың басқа да аралас құқық салаларынан айырмашылығы.

Шет елдік азаматтық құқыққа жалпы сипаттама.


2-тақырып Азаматтық құқықтың қайнар көздері.

Азаматтық құқық және азаматтық заңдылықтар. Қазақстан Республикасы территориясында әрекет ететін негізгі азаматтық заң актілері. Қазақстанның азаматтық заңдылықтары және халықаралық шарттар.

Азаматтық заңдылықтардың уақыт бойынша қолданылуы. Азаматтық заңдылықтардағы ақаулықтарды жою. Азаматтық заңдылықтарды талқылау (түсіндіру).

Азаматтық құқық жүйесіндегі әдет, іскерлік айналым әдеті, халықаралық қолданыстағы актілер.

Өткен ғасырлардағы қазақ азаматтық құқығы.
3-тақырып Азаматтық құқықтық қатынастар

Азаматтық – құқықтық реттеу әдісі мен пәнін қоса азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшелігі мен түсінігі.

Азаматтық құқықтық қатынас элементі: субъектісі, объектісі және оның мазмұны.

Субъективті азаматтық құқық және субъективті міндеттер түсінігі. Азаматтық құқықтық қатынастар мен субъективті азаматтық құқықтың түрлері.

Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі, тоқтатылу негіздері.
4-тақырып Азаматтық құқықты қорғау және жүзеге асыру

Азаматтық құқықты жүзеге асыру қағидалары мен түсінігі. Азаматтық құқықты жүзеге асыру шегі мен бостандығы. Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың еркінділігі.

Азаматтық құқықты қорғау құқығының мазмұны мен түсінігі.

Қорғау тәсілі. Қорғау органы. Азаматтық құқықты өзін – өзі қорғау.

Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқығын қорғау.

5-тақырып Азаматтық құқық объектілері.


Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі мен түрлері. Зат азаматтық құқықтың объектісі ретінде. Жер азаматтық құқықтың объектісі ретінде. Жылжитын және жылжымайтын мүліктер. Заттарды азаматтық құқықтың объектісі ретінде топтастыру.

Қызмет көрсету және басқа да әрекеттер азаматтық құқықтың объектісі ретінде. Шығармашылық қызметтің өнімдері азаматтық құқықтың объектілері ретінде. Ақша, басқа да шет елдік валюта азаматтық құқықтың объектісі ретінде. Бағалы қағаздар оның түрлері мен ерекшеліктері.

Жеке мүліктік емес құндылықтар және оны қорғау. Атақ – абыройды, белелді және іскерлік келбетін қорғау.

6-тақырып Азамат (жеке тұлға) азаматтық құқықтың субъектісі ретінде


«Азамат» және «жеке тұлға» ұғымының ара қатынасы. Азаматтық құқық қабілеттің мазмұны мен түсінігі, оның басталуы мен тоқтатылуы. Азаматтығы жоқ тұлғалар мен шет ел азаматтарының құқық қабілеттілігі.

Құқық қабілеттілікті шектеу.

Азаматтың әрекет қабілеттілігі. Толық және жартылай әрекет қабілеттілік. Әрекет қабілеттілікті шектеу. Әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібі. Қорғаншылық және қамқоршылық.

Азаматтардың мүліктік жауапкершілігі. Кәсіпкер-азаматтардың банкроттығы.

Азаматтардың тұрғылықты жері және оның құқықтық маңызы.

Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе өлді деп жариялаудың құқықтық жағдайлары мен шарттары, тәртібі.



7-тақырып Заңды тұлға азаматтық құқықтың субъектісі ретінде.

Заңды тұлғаның түсінігі мен белгілері. Оның азаматтық айналымдағы рөлі.

Заңды тұлғаның әрекет қабілеттілігі мен құқық қабілеттілігі. Заңды тұлға органдарының құқықтық мәртебесі. Заңды тұлғаның өкілдігі және филиялы. Еншілес заңды тұлға.

Заңды тұлнаны құру және тоқтату. Құрылтай құжаттары. Құрылтай құжаттары мен жарғының өзара қатынасы. Тарату және қайта құру. Заңды тұлғаның мүліктік жауапкершілігін өтеуі. Заңды тұлғаның банкроттығы.

Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан түсуі. Заңды тұлғаның түрлері. Коммерциялық және некоммциялық емес заңды тұлғалар.

Заңды тұлғаның жарғылық қоры және құрылтайшылардың үлесі. Шаруашылық серіктестігінің заңды тұлға ретіндегі ерекшелігі.

Акционерлік қоғамның заңды тұлға ретіндегі ерекшелігі. Өндірістік кооперативтің заңды тұлға ретіндегі ерекшелігі. Мемлекеттік кәсіпорынның ерекшелігі. Мемлекеттік кәсіпорынның түрлері.

Коммерциялық емес заңды тұлғаның құқықтық жағдайы.
8-тақырып Мемлекет және оның әкімшілік-аумақтық бөлінісі азаматтық құқықтың субъектісі ретінде

Мемлекет азаматтық құқықтық қатынастардың ерекше субъектісі ретінде.

Мемлекет және оның әкімшілік – аумақтық бірлігінің азаматтық құқық қабілеттілігі.

Мемлекет меншік иесі ретінде.

Мемлекеттің мәмілеге қатысуы. Мұрагерлік қатынастардағы мемлекет.

Мемлекет жауапкер субъекті ретінде (шарттық және шарттан тыс).


9-тақырып Мәміле

Азаматтық құқықтағы мәміленің түсінігі, белгілері және түрлері. Бір жақты мәміле.

Екі жақты және көп жақты мәміле (шарт). Шартты мәміле.

Мәміленің жарамдылық шарттары. Мәмілеге қатысушылардың әрекет қабілеттілігі. Мәміленің нысанын сақтау. Заңда көрсетілген талаптарға мәміле мазмұнының сәйкестігі.

Жарамсыз мәмілелер. Жарамсыз мәмілелердің түрлері. Мәмілені жарамсыз деп тану жағдайлары. Мәміленің белгілі бір бөлігінің жарамсыздығы. Биржалық мәміленің ерекшелігі.



10-тақырып Өкілдік және сенімхат


Өкілдік түсінігі. Өкілдікті қолдану аясы. Өкілдік түрлері. Құзіреттілік.

Сенімхат. Сенімхаттың нысаны мен әрекет ету мерзімі. Сенімнің ауысуы. Сенімхатты тоқтату.

Коммерциялық өкілдіктің ерекшелігі.
11-тақырып Азаматтық құқықтағы мерзімдер. Талаптың ескіруі

Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі мен мәні. Азаматтық құқықтағы заңды айғақтар жүйесінде мерзімдердің орны. Мерзімдердің түрлері. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері. Субъективті құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері. Кепілдік мерзім. Азаматтық-құқықтық міндетерді орындау мерзімі. Жалпы және ішінара мерзімдер. Мерзімнің өтіп ктеуінің түсінігі.

Азаматтық құқықты қорғау мерзімі. Талаптың ескіру мерзімінің түрлері. Талаптың ескіру мерзімі қолданылмайтын әрекеттерге қойылатын талаптар.

Талап көнелілігінің басталу мерзімі. Талап ескіруін тоқтату және оның үзіліп қалуы. Талап мерзімі өтіп кеткеннен кейін бұзылған құқықтарды қорғау жағдайлары.

Мерзімнің басталуы және аяқталуы. Мерзімінің соңғы күнінде әрекет жасау тәртібі.


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
transactions -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
transactions -> М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Табиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері»
transactions -> МӘШҺҮртану ғылыми-практикалық орталығЫ
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет