Объектiлердi қорғауға арналған өрт техникасының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар



бет1/7
Дата17.04.2016
өлшемі1.19 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
"Объектiлердi қорғауға арналған өрт техникасының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 16 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" газетi 2009 жыл 17 ақпан N 65-66 (25463); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 3-4, 8-құжат

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған "Объектiлердi қорғауға арналған өрт техникасының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң       
2009 жылғы 16 қаңтардағы
N 16 қаулысымен    
бекiтiлген       

"Объектiлердi қорғауға арналған өрт техникасының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi

1. Қолданылу саласы

      1. Осы "Объектiлердi қорғауға арналған өрт техникасының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi (бұдан әрi - Техникалық регламент):


      1) Қазақстан Республикасының " Өрт қауiпсiздiгi туралы " 1996 жылғы 22 қарашадағы, " Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы " 2001 жылғы 16 шiлдедегi, " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңдарын iске асыру;
      2) азаматтар өмiрi мен денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкiн, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiктi өрттен қорғау мақсатында қабылданды.
      2. Техникалық регламент кәсiпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды (бұдан әрi - объектiлердi) қорғауға арналған өрт техникасын орналастыруға және оған қызмет көрсетуге, сондай-ақ оның тiршiлiк циклiнiң процестерiне қойылатын талаптарды белгiлейдi.
      3. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметiнiң тауарлық номенклатурасына (ҚР СЭҚ ТН) сәйкес осы Техникалық регламенттiң талаптары қолданылатын өнiмдердiң тiзбесi осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтiрiлген.

2. Терминдер мен анықтамалар

      4. Осы Техникалық регламентте " Өрт қауiпсiздiгi туралы ", " Техникалық реттеу туралы " Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес негiзгi ұғымдар қолданылады және тиiстi анықтамаларымен мынадай терминдер қосымша пайдаланылады:


      1) өрт сөндiрушiнiң әскери киiмi - өрт сөндiрушiнiң судан және беттiк-белсендi заттардан қорғауға арналған киiмi;
      2) жауынгерлiк есеп - нормативтiк құжаттармен белгiленген мiндеттерi бар өрт машинасындағы жеке құрам;
      3) сорғыш өрт түтiк құбыры (сорғыш түтiк құбыр) - суды өрт сорғысының көмегiмен су көзiнен алуға арналған қатты құрастырмалы өрт түтiк құбыры;
      4) сорғыш өрт торы (сорғыш тор) - сорғыш желiнiң өздiгiнен босауын болдырмайтын және оған бөтен заттардың түсуiн болдырмайтын құрылғы;
      5) жылжымалы өрт сатысы - арқандық тарту әсерiнен бiрнеше телескоптық жылжитын иiндерден тұратын, өрт бөлiмшесiнiң жеке құрамын ғимараттардың екiншi және үшiншi қабаттарына, үй-жайлардың шатыры мен төбесiне көтерiлуi үшiн, өрт кезiнде ғимарат iшiнде (залдарда) жұмыс iстеу үшiн, сондай-ақ оқу-жаттығу жұмыстарына арналған өрт қол сатысы;
      6) орташа еселiктi көбiк генераторы (көбiк генераторы) - көбiк түзгiш су ерiтiндiсiнен орташа еселiктi ауа-механикалық көбiктi алу және оны өрт ошағына беруге арналған құрылғы;
      7) тыныс алу аппараты - тыныс алу және көру органдарын өрт сөндiру және аварияларды жою кезiнде дем алу үшiн зиянды уытты және түтiндеген газ ортасының әсерiнен қорғауға арналған аппарат;
      8) жылулық өрт хабарлағыш - температураның бегiлi бiр маңызына және (немесе) оның өсу жылдамдығына ден қоятын автоматты өрт хабарлағыш;
      9) түтiндiк өрт хабарлағыш - жанудың аэрозольдi өнiмдерiне ден қоятын автоматты өрт хабарлағыш;
      10) оптикалық өрт хабарлағыш - хабарлаушының электромагниттiк сәулеленудi жұлуы немесе таратуына қарай жану өнiмдерiнiң әсерi нәтижесiнде iске қосылатын түтiндiк өрт хабарлағышы;
      11) радиоизотоптық өрт хабарлағышы - хабарлаушының жұмыс камерасының иондаушы тоғына жану өнiмдерiнiң әсерi нәтижесiнде iске қосылатын түтiндiк өрт хабарлағыш;
      12) жалындық өрт хабарлағыш - жалынның электромагниттiк сәулеленуiне ден қоятын автоматты өрт хабарлағышы;
      13) автоматты өрт хабарлағыш - өртке iлесе жүретiн факторларға ден қоятын өрт хабарлағыш;
      14) қол өрт хабарлағышы - қолмен iске қосылатын өрт хабарлағыш;
      15) қорғау-өрт хабарлағыш - қорғау және өрт хабарлау функциясын қоса атқаратын хабарлағыш;
      16) оқшаулаушы газқағар - тыныс алу үшiн жарамсыз атмосферада жұмыс iстеу кезiнде және өрт сөндiру кезiнде пайдаланылатын адамның тыныс алу, көру органдарын қорғауға арналған аппарат;
      17) арқандық-түсiргiш құтқару құрылғысы - адамдар мен материалдық құндылықтарды биiктiктен құтқаруға арналған өрт құтқару құрылғысы;
      18) қосқыш өрт арматураларына кiлттер - арынды және сорғыш өрт түтiк құбырларын, өрт жабдығының қосқыш арматураларына қызмет көрсетуге арналған жабдық
      19) жиынтық лафеттi өрт ұңғысы - өрт сөндiру кезiнде тегiс немесе тегiс және жалынның өзгеретiн бұрышымен тозаңдатылған су ағынын, сондай-ақ төмен еселiктi ауа-механикалық көбiк ағынын қалыптастыруға арналған өрт ұңғысы;
      20) саты-штурмовка (штурмовка) - тiреу бетiне асып қоюға арналған iлмегi бар қол өрт сатысы;
      21) таяқ-саты - басқыштарды бұрау есебiнен адырналарды жылжытып жинақталатын қол өрт сатысы, әскер мен олардың жарақтарын саты биiктiгiнiң деңгейiне көтеруге арналған және өрт ошағымен күресу және құтқару жұмыстарын орындау үшiн пайдаланылады;
      22) желiлiк құрылымдар - белгiлердi хабарлаушылардан қабылдау-бақылау құралына, сондай-ақ қабылдау-бақылау құралынан хабарлау құрылғылары мен өртке қарсы қорғаныс жүйелерiне беруге арналған өрт дабылы қондырғысының бөлiгi;
      23) механикаландырылған қол өрт аспабы - пневмо-, электро- немесе мотожетектi соққылау, басу-айналдыру және (немесе) айналдыру әрекетiнiң қол өрт аспабы;
      24) арынды-сорғыш өрт түтiк құбыры - ашық су көзiнен сондай-ақ қысым астындағы су көзiнен (гидранттан) жұмыс iстеуге арналған өрт түтiк құбыры;
      25) арынды өрт түтiк құбыры (арынды түтiк құбыр) - артық қысым астындағы өрт сөндiргiш заттарды тасымалдауға арналған өрт түтiк құбыры;
      26) n-реттiк түтiк құбырлы тарамдалу - ағынды n-бағыттар бойынша бөлуге арналған түтiк құбырлы тарамдалу;
      27) өрт сөндiргiш - жинақталған өрт сөндiргiш затты шығару есебiнен өрт ошағын сөндiруге арналған тасымалданатын, жылжымалы немесе орнықты құрылғы;
      28) сулы өрт сөндiргiш - су немесе қоспалы су зарядымен өрт сөндiргiш;
      29) ауа-көбiктi өрт сөндiргiш - көбiк түзетiн қоспалардың сулы ерiтiндiсiнiң зарядымен өрт сөндiргiш;
      30) жиынтық өрт сөндiргiш - екi және одан көп өрт сөндiргiш заттар зарядымен өрт сөндiргiш;
      31) жылжымалы өрт сөндiргiш - доңғалақты немесе арбаға салынған өрт сөндiргiш;
      32) тасымалданатын өрт сөндiргiш - құрастырмалық орындалуы мен салмағы адам алып жүруi үшiн қолайлықты қамтамасыз ететiн өрт сөндiргiш;
      33) көмiрқышқылды өрт сөндiргiш - көмiртегiнiң қос тотықты заряды бар құрылғы;
      34) өрт хабарлағыш - адамдарға өрт туралы жаппай хабарлауға арналған құрылғы;
      35) өрт техникасы - өрттiң алдын алу, дамуын шектеу, өшiру, адамдарды және материалдық құндылықтарды өрттен қорғауға арналған техникалық құралдар;
      36) жылжымалы өрт техникасы - автомобиль шассиiне, тiркемеге немесе жартылай тiркемеге орнатылған және өрт сөндiру, адамдар мен материалдық құндылықтарды өрттен қорғауға арналған ықшам техникалық құралдар;
      37) өрт машинасы - өрт сөндiруге пайдалану үшiн арналған жабдықты моторлы құралдар;
      38) өрт жарағы (өрт-техникалық жарық) - өрт жабдығынан, қол өрт аспабынан, өрттен құтқару құрылғыларынан, өрт сөндiрушiлердi жеке қорғау құралдарынан, нақты өрт машиналарының арналуына сәйкес оларға арналған техникалық құрылғылардан тұратын жинақ
      39) өрт жабдығы - өрт сөндiру коммуникациялары құрамына кiретiн жабдық, сондай-ақ техникалық күтiм жасау құралдары мен оларды жинақтаушылар;
      40) өрттен құтқару құрылғысы - адамдарды өрт кезiнде құтқаруға арналған құрылғы;
      41) өрт автомобилi - өрт орнына әскери есептi, өрт-техникалық жарақтарды, өрт сөндiру құралдарын жеткiзуге және оларды өрт ошағына беруге арналған автомобиль;
      42) жалпы қолданылатын өрт автомобильдерi - қала мен тұрғылықты тармақтарда өрт сөндiруге арналған автомобильдер;
      43) алғашқы көмек көрсететiн өрт автомобильдерi - өрт орнына әскери есептi, өрт-техникалық жарақтарды, апаттық-құтқару аспаптары мен өзге арнайы жабдықтарды жеткiзуге, апаттық құтқару жұмыстарын жүргiзуге және негiзгi күштер мен жабдықтарды жеткiзу үшiн өрт сөндiруге арналған автомобиль;
      44) сорғылық-түтiк құбырлы өрт автомобилi (автосорғы) - өрт сорғысымен жабдықталған және өрт орнына әскери есеп пен өрт-техникалық жарақтарды жеткiзуге, арынды магистральдық түтiк құбыр желiлерiн төсеу, өрт ошағына судың немесе ауа-механикалық көбiктiң берiлуiн қамтамасыз етуге арналған автомобиль;
      45) жоғарғы қысымды сорғылы өрт автомобилi - жоғары қысымды өрт сорғысымен жабдықталған және өрт орнына әскери есеп пен өрт-техникалық жарақтарын жеткiзуге арналған автомобиль;
      46) өрт автоцистернасы, (автоцистерна) - өрт сорғысымен, сұйық өрт сөндiретiн заттарға арналған сыйымдылықтармен жабдықталған және өрт орнына жауынгерлiк есеп пен өрт-техникалық жарақтарды жеткiзуге арналған автомобиль;
      47) мақсатты қолданылатын өрт автомобильдерi - мұнай базаларында, ағаш өңдеушi, химиялық, мұнай-химия, мұнай өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарында, әуежайларда және өзге арнайы объектiлерде өрттердi өшiруге арналған автомобильдер;
      48) ауа-көбiктi өрт сөндiруге арналған өрт автомобилi - өрт орнына әскери есептi, көбiк түзгiштi, өрт-техникалық жарақтарды жеткiзуге және өрт ошағына ауа-механикалық көбiктi беруге арналған автомобиль;
      49) ұнтақпен өшiретiн өрт автомобилi - өрт орнына әскери есептi, өрт сөндiрушi ұнтақ қорын жеткiзуге және өрт ошағына ұнтақ беруге арналған автомобиль;
      50) газбен өшiретiн өрт автомобилi - өрт орнына әскери есептi, газды өрт сөндiретiн құрамды жеткiзуге және газды өрт сөндiргiш құрамды өрт ошағына беруге арналған автомобиль;
      51) газ-сумен өшiруге арналған өрт автомобилi - өрт орнына әскери есептi, газ-сулы ортаны құруға арналған құралдарды жеткiзуге, жанып жатқан объектiлердi газ-сулы ағынмен өшiру және салқындатуға арналған автомобиль;
      52) жиынтық өшiретiн өрт автомобилi - өрт орнына әскери есептi, өрт сөндiргiш құралдардың бiрнеше түрлерiн жеткiзуге және оларды өрт ошағына беруге арналған автомобиль;
      53) әуежайлық өрт автомобилi - ұшақтың апат орнына әскери есептi, өрт-техникалық жарақтарды жеткiзуге және өрт ошағына өрт сөндiргiш құралдарды беруге арналған автомобиль;
      54) радиоактивтi сәулелену мен қатты әсер ететiн улы заттардан қорғанысы бар өрт автомобилi - өрт орнына әскери есептi, өрт сөндiру құралдарын және өрт-техникалық жарақтарды жеткiзуге; иондаушы сәулеленулер мен қатты әсер ететiн улы заттардың әсер ету бөлiгiнде жұмыстар орындауға арналған автомобиль;
      55) сорғылық өрт стансасы — автономды қозғалтқышы бар өрт сорғысымен жабдықталған және өрт жабдықтарын жеткiзуге, су көзiнен өрт ошағына су беруге арналған автомобиль;
      56) арнайы өрт автомобильдерi - өрт сөндiру кезiнде арнайы жұмыстар орындауға арналған автомобиль;
      57) түтiк құбырлы өрт автомобилi - түтiк құбыр желiлерiн тасымалдауға және салуға арналған автомобиль;
      58) өрт автосатысы (автосаты) - өрт орнына әскери есептi және өрт-техникалық жарақтарды жеткiзуге, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге және өрт сөндiретiн заттарды биiктiкке беруге арналған орнықты механикаландырылған жылжымалы және бұралма сатысы бар автомобиль;
      59) өрт автокөтергiшi (автокөтергiш) - өрт орнына әскери есептi және өрт-техникалық жарақты жеткiзуге, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргiзу және өрт сөндiретiн заттарды биiктiкке жеткiзуге арналған, соңғы түйiнi платформамен немесе жүкбесiкпен аяқталатын орнықты механикаландырылған бұралма иiндi және (немесе) телескоптық көтергiшпен жабдықталған автомобиль;
      60) өрт авто көбiк көтергiшi - өрт орнына әскери есептi, өрт-техникалық жарақты жеткiзуге және ауа механикалық көбiктi биiктiкке беруге арналған автомобиль;
      61) апаттық-құтқару өрт автомобилi - апаттық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған және өрт орнына әскери есептi, арнайы апаттық-құтқару аспаптары мен жабдықтарын жеткiзуге, жұмысшы алаңға жарық беруге, әскери есептi және апаттық-құтқару жұмыстарының басшысын радиобайланыспен қамтамасыз етуге арналған автомобиль;
      62) байланыс пен жарық беретiн өрт автомобилi - өрт орнына байланыс және жарық беру құралдарымен жабдықталған жеке құрамды жеткiзуге арналған автомобиль;
      63) техникалық қызметтiң өрт автомобилi - өрт (апат) орнына апаттық-құтқару жұмыстарын жүргiзу кезiнде жеке құрамның қалыпты жұмыс жағдайын құру үшiн әскери есептi, өрт-техникалық жарақты жеткiзуге арналған автомобиль;
      64) газ-түтiннен қорғау қызметiнiң өрт автомобилi - өрт орнына әскери есептi және арнайы жабдықты жеткiзуге, тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс iстеу, құтқару жұмыстарын жүргiзу шарттарын қамтамасыз етуге арналған автомобиль;
      65) штабтық өрт автомобилi - өрт сөндiру штабын жеткiзуге және штаб, әскери бөлiмшелерi мен өрт байланысының орталық тармағы арасында байланысты қамтамасыз етуге арналған автомобиль;
      66) түтiн жоятын өрт автомобилi - өрт орнына әскери есептi, түтiн жою құралдарын, ғимараттан және құрылымдардан түтiн жоюдың арнайы жабдықтары мен аспаптарын жеткiзуге, оларда желдетудi қамтамасыз етуге арналған автомобиль;
      67) тiркемелi өрт түтiн сорғышы - өрт орнына түтiн кетiру құралдарын, арнайы жабдық пен аспаптарды жеткiзу, түтiндi ғимараттан және құрылымнан кетiру, оларда желдетудi қамтамасыз етуге арналған автомобиль тiркемесi;
      68) өрт диагностикалық автозертханасы - өрт зерттеуге арналған құралдармен жабдықталған автомобиль;
      69) өрт жедел-қызметтiк автомобилi - өрт орнына жылдам әрекет ету бөлiмшелерiн жеткiзуге, өрт сөндiрудi ұйымдастыру бойынша шұғыл iс-шаралар жүргiзуге арналған автомобиль;
      70) өрт тiркемесi - алып жүретiн өрт мотопомпаларды, өрт-техникалық жарақтарды, өрт сөндiретiн заттар салынған сыйымдылықтарды жер үстiлiк көлiк құралдарымен тасымалдауға арналған тiркеме;
      71) өрт мотопомпасы - сорғылы агрегатты және өрт жабдығы жинағы бар өрт машинасы;
      72) тасымалданатын өрт мотопомпасы - автоцистерналарды және сорғылы-түтiк құбырлы автомобильдердi ұстау мүмкiн емес немесе экономикалық себептермен мақсатқа сай емес ауылдық жерде және шағын өнеркәсiптiк объектiлерде өрт орнына су көзiнен су беруге арналған өрт машинасы;
      73) тiркемелi өрт мотопомпасы - суды су көзiнен беруге, өрт жабдығы жинағын өрт орнына жеткiзуге арналған өрт машинасы;
      74) өрт сорғысы - судың және өрт сөндiретiн ерiтiндiлердiң берiлуiн қамтамасыз ететiн өрт машиналарының сорғылық қондырғы агрегаты;
      75) жиынтықты өрт сорғысы - қалыпты және жоғары қысымды жүйелi қосылған сорғылардан тұратын және бiр жетекке ие сорғы;
      76) вакуумды өрт сорғысы - сорғылық қондырғы қуысында босауды және сорғы желiсiн өрт машиналарының ашық су көздерiнен жұмыс iстегенi жағдайда оларды сумен толтыруға арналған сорғы;
      77) өрт бағанасы - өрт сөндiретiн ағынды қалыптастырып бағыттауға арналған арынды желi шетiнде орнатылатын құрылғы;
      78) қол өрт бағанасы (қол бағанасы) - өрт сөндiргiш зат ағынын қалыптастыру және оны өрт ошағына бағыттауға арналған өрт бағаны;
      79) қол су өрт бағаны (су бағаны) - су бағанын қалыптастыруға және оны өрт ошағына бағыттауға арналған өрт бағаны;
      80) тегiс ағынды қол су өрт бағанасы - судың тегiс ағынын қалыптастыруға және оны өрт ошағына бағыттауға арналған өрт бағанасы;
      81) тегiс және тарама ағынды қол су өрт бағанасы - тегiс немесе тозаңдатылған су ағынын немесе суландырғыш ерiтiндiнi қалыптастырып бағыттауға арналған өрт бағанасы;
      82) көбiктi қол өрт бағанасы (көбiктi бағана) - түрлi еселiктi көбiктер алуға арналған өрт бағанасы;
      83) жиынтық қол өрт бағанасы - тегiс немесе тозаңдатылған су ағынын және төмен еселiктi ауа - механикалық көбiктi қалыптастырып, оны өрт ошағына бағыттауға арналған өрт бағанасы;
      84) өрт түтiк құбыры - өрт сөндiретiн заттарды тасымалдау үшiн қосқыш өрт бастарымен жабдықталған майысқақ құбыр;
      85) қосқыш өрт басы - өрт түтiк құбырларын қосуға оларды өрт жабдығы мен өрт сорғыларына қосуға арналған жылдам қосылатын арқаулық
      86) арындық жалғастырғышты қосқыш өрт басы - су құбырын және түтiк құбыр жабдығын арынды өрт түтiк құбырларымен қосуға арналған қосқыш өрт басы. Iшкi қосқыш ойыққа ие.
      87) сұғындырма мойынды арынды қосқыш өрт басы - су құбырын және түтiк құбыр жабдығын өрт арындық түтiк құбырлармен қосуға арналған қосқыш өрт басы. Сыртқы қосқыш ойығына ие;
      88) өрт гидранты — суды өрт сөндiру үшiн суқұбыры желiсiнен алуға арналған құрылғы;
      89) жерасты өрт гидранты - суды өрт сөндiру қажеттiктерi үшiн өрт бағаналарының көмегiмен су құбыры желiсiнен алуға арналған құрылғы;
      90) өрт төсемi - өрт қондырғысын орнатуға арналған құбыр тетiгi;
      91) өрт гидроэлеваторы - суды су көзiнен сорғылар соруының барынша жоғары биiктiгiнен асатын деңгеймен алуға, сондай-ақ өрт сөндiру кезiнде төгiлген суды үй-жайлардан шығаруға арналған арқаулық
      92) өрт бағаны - су алу үшiн өрт гидрантына орнатылатын алынбалы құрылғы;
      93) өрт көбiк араластырғыш (көбiк араластырғыш) - суға көбiк түзетiн және бүркетiн қоспаларды енгiзуге арналған құрылғы;
      94) түтiктi арындық қосқыш өрт басы - арындық өрт түтiктерiн өзара және өрт жабдығымен қосуға арналған қосқыш өрт басы;
      95) өрт басы-бiтеме (бас-бiтеме) - өрт қосқыш бастарын жабуға арналған арқаулық
      96) өрт қармағы - ғимарат пен үймараттың төбесiн, қалқандарын, қабырғаларын, өзге құрастырым элементтерiн бұзып ашуға арналған аспап;
      97) өрт iлмегi - өртте түрлi құрастырымдарды ажыратуға, ашуға және бұзу жұмыстарын орындауға арналған аспап;
      98) өрт балтасы - ғимарат пен үймараттың жеңiл құрастырым элементтерiн бұзуға, сондай-ақ төбе, есiк және терезелердi ашуға арналған аспап;
      99) өрт сүйменi - төбе, ағаш едендер, есiктер мен терезе жақтауларын ашуға арналған аспап;
      100) өрт дулығасы - өрт сөндiрушiнiң басын, мойны мен бетiн өрт сөндiру кезiнде және онымен байланысты бiрiншi кезектегi апаттық-құтқару жұмыстарын жүргiзумен байланысты жемiрлi орта, судың термикалық және механикалық әсер етулерiнен қорғауға арналған жеке құрал;
      101) өрт белдiгi — өрт сөндiрушiлердi биiктiкте жұмыс iстеу кезiнде өзiн өзi сақтауға және сақтандыруға арналған белдiк;
      102) өрт белдiк карабинi (өрт карабинi) - өрт сөндiрушiнi биiктiкте жұмыс iстеген кезде, сондай-ақ құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн және өрт сөндiру кезiнде өзiн өзi қорғау үшiн бекiту және сақтандыруға арналған құрылғы;
      103) өрт жылудан қорғау костюмi - өрт ошағына жақындаған және қысқа уақыт iшiнде онда болу кезiнде жылу әсерiнен қорғайтын өрт костюмi;
      104) өртке қарсы сумен жабдықтау - суды алу және тасымалдау, оның қорын сақтау және оны өрт сөндiру үшiн пайдалануға арналған инженерлiк-техникалық құрылым жиынтығы;
      105) радиациялық-қорғау костюмi - иондаушы сәулелену жағдайында жұмыстар орындау кезiнде қорғауға арналған костюм;
      106) ауа сүзгiш - адам апаттық-құтқару жұмыстарын жүргiзу кезiнде тыныс алу органдарын қорғауға арналған жеке құрал;
      107) түтiк құбыр өтпесi - түрлi шартты өтпелi немесе түрлi типтi екi өрт қосу бастарын қосуға арналған арқаулық
      108) түтiк құбырлы су алғыш (су жинағыш) - бiрнеше түтiк құбыр желiлерiн бiреуге бiрiктiруге арналған арқаулық
      109) түтiк құбырлық тарамдалу - ағынды бөлуге және арынды өрт түтiк құбырлары арқылы тасымалданып берiлетiн өрт сөндiрушi зат санын реттеуге арналған арқаулық
      110) түтiк құбырды орауыш - алдын ала қосылған арынды өрт түтiк құбырларын орап орналастыруға және салу және (немесе) тасымалдауға арналған құрылғы;
      111) түтiк құбыр көпiрi - өрт түтiк құбырының үстiнен жол көлiгi өткен кезде оны бүлiнуден қорғауға арналған құрылғы;
      112) түтiк құбыр қысқышы - өрт сөндiргiш заттың берiлуiн тоқтатпай арынды өрт түтiк құбырларының жарылуынан ағуды уақытша болдырмауға арналған құрылғы;
      113) түтiк құбырлық шектеу - түтiк құбыр желiсiн биiктiкте бекiтуге арналған құрылғы;
      114) түтiк құбыр кассетасы - "бүрмеленiп" немесе "оралып" салынған арынды өрт түтiк құбырын орналастыруға арналған құрылғы;
      115) түтiк құбыр иiнi - өрт түтiк құбырларын тым бүгiлуден немесе кедергiлер арқылы төсеген кезде бұзылуынан сақтауға арналған құрылғы;
      116) түтiк құбырды бекiткiш құрылғы - өрт түтiк құбырларын түтiк құбырлық қосқыш бастарға бекiтуге арналған құрылғы;
      117) қол өрт сатысы - өрт сөндiру кезiнде жылдам әрекет жасауды қамтамасыз етуге және онымен байланысты биiктiкте бiрiншi кезектi апаттық-құтқару жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз етуге арналған тасымалданатын құрастырым;
      118) қол өрт аспабы - өрт сөндiру кезiнде құрастырымдарды ашуға, бұзуға және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған қол аспабы;
      119) өзiн-өзi құтқарғыш - адамның жанып жатқан ғимарат, үймарат, өндiрiстiк объектiлерден шығуы үшiн қажеттi уақыт iшiнде өрттiң қауiптi факторларынан тыныс алу және көру органдарын жеке қорғауға арналған құрал;
      120) құтқарғыш өрт түтiк құбыр құрылғысы - құтқарылатындардың сырғып түсуi үшiн матадан жасалған және түрлi биiктiк деңгейлерден адамдарды, материалдық құндылықтарды шұғыл көшiруге арналған өрттен құтқару құрылғысы;
      121) өрттен құтқару арқаны - биiктiктен өрт сөндiрушiнiң өзiн құтқаруы және адамдарды құтқару, өрт сөндiру және онымен байланысты бiрiншi кезектегi апаттық-құтқару жұмыстарын жүргiзу кезiнде өрт сөндiрушiлердi сақтандыруға арналған арнайы бау;
      122) жылуға төзiмдi өрттен құтқару бауы - оған ашық жалын мен жоғары температуралар мүмкiн әсер ету аймағында өрт сөндiру кезiнде апаттық-құтқару жұмыстарын орындауға арналған арнайы бау;
      123) секiру құтқару матрацы - құлаған адамның қауiпсiз жерге түсуiне арналған жастық түрiндегi құрылғы;
      124) құтқару трапы (науаша) - құтқарылатындардың көлбеу траектория бойынша сырғып түсуiне арналған өрттен құтқару құрылғысы;
      125) құтқару секiру жаймасы (құтқару жаймасы) - матадан жасалған, құтқарушы адамдар құлаған адамның қауiпсiз жерге түсуi үшiн керiп жаятын құтқару құрылғысы;
      126) өрт сөндiрушiлердiң жеке қорғау құралдары - өрт сөндiрушiлердi өрт кезiнде және апаттарды жоюда жемiрлi және газды орталардың механикалық және жылу әсерiнен қорғауға арналған құралдар;
      127) өрт сөндiру қондырғысы - өрт сөндiретiн затты шығару есебiнен өрт сөндiруге арналған орнықты техникалық құралдар жиынтығы;
      128) жергiлiктi және (немесе) қашықтан iске қосатын өрт сөндiру құрылғысы - iске қол тәсiлiмен қосылатын өрт сөндiру қондырғысы;
      129) көлемдi өрт сөндiру құрылғысы - қорғалған көлемде жануды қолдамайтын орта құруға арналған өрт сөндiру құрылғысы;
      130) беттiк өрт сөндiру қондырғысы — жанып жатқан бетке қорғалған аймақтан әсер ететiн өрт сөндiру құрылғысы;
      131) сумен өрт сөндiру құрылғысы - тозаңдатылған сумен өрт сөндiруге арналған өрт сөндiру қондырғысы;
      132) көбiктi өрт сөндiру құрылғысы - онда өрт сөндiрушi зат ретiнде ауа - механикалық көбiк пайдаланылатын өрт сөндiру қондырғысы;
      133) газды өрт сөндiру қондырғысы - газды өрт сөндiргiш құрамды автоматты түрде шығару есебiнен өрт ошағын сөндiруге арналған орнықты өрт сөндiргiш техникалық құралдар жиынтығы;
      134) азотты өрт сөндiру қондырғысы — онда өрт сөндiрушi зат ретiнде азот пайдаланылатын өрт сөндiру қондырғысы;
      135) булы өрт сөндiру қондырғысы - онда өрт сөндiрушi зат ретiнде су буы пайдаланылатын өрт сөндiру құрылғысы;
      136) ұнтақты өрт сөндiру қондырғысы - онда өрт сөндiрушi зат ретiнде ұнтақ пайдаланылатын өрт сөндiру қондырғысы;
      137) ұнтақты өрт сөндiргiш импульстi қондырғы - онда өрт сөндiргiш ұнтақты сақтау және беру құрылғылары импульстi ұнтақты модульдер (немесе импульстi ұнтақты модуль блоктары) болып табылатын ұнтақты өрт сөндiргiш қондырғы;
      138) модульдiк типтегi ұнтақты өрт сөндiру қондырғысы (ұнтақты импульстi модульдер) - онда сақтау, беру қызметтерi мен 0,2 с артық емес уақыт iшiнде өрт сөндiргiш ұнтақты шығару мен таратуды бақылау құрылғысының командалық импульсi бойынша жүзеге асырылатын бекiту-шығару қызметтерi бiрiктiрiлген ұнтақты өрт сөндiргiштiң импульстi қондырғысының атқарушы құрылғысы;
      139) модульдiк өрт сөндiру қондырғысы - өрт сөндiргiш зат құйылған сыйымдылықты орналастыруды және тiкелей қорғалатын ғимаратта iске қосу құрылғысын қарастыратын құбыржолылық өрт сөндiргiш автомат қондырғы;
      140) хабарлау құрылғысы - қызметкерлер мен мемлекеттiк өртке қарсы қызметтi шақыру туралы оптикалық және акустикалық белгiлердi қалыптастыруға арналған өрт дабылы қондырғысының бөлiгi;
      141) өрт шкафтары - өрт краны мен тасымалданатын өрт сөндiргiш (тер) жиынтығын орналастыруға арналған арнайы шкафтар;
      142) өрт қалқандары (стендтерi) - өрт сөндiрудiң бiрiншi құралдарын, өрт су құбырымен және өрт сөндiру құрылғыларымен қамтамасыз етiлмеген объектiлерде басталу кезеңдегi өрттердi жою үшiн қолданылатын механикалық емес аспаптар мен жарақтарды орналастыру және сақтауға арналған арнайы қалқандар (стендтер).

Каталог: npakz -> postanov -> doc
doc -> Кәсiби авариялық құтқару құралымдарын жарықтандыру және кинологиялық қызметтердi қамтамасыз ету нормаларын бекiту туралы
doc -> Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде мүлкi реквизицияланбайтын ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы
doc -> Қызметiнде төтенше жағдайлар туындау қатерi жоғары ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы
doc -> Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету мұқтажы үшiн, сондай-ақ құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде берiлген реквизицияланған мүлiктi есепке алу қағидасын бекiту
doc -> Ормандағы өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бекiту туралы
doc -> "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндiру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезiнде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптар" техникалық регламентiн бекiту
doc -> Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
doc -> Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы
doc -> Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң
doc -> Казармалық жағдайдағы өрт-техникалық оқу орындары курсанттарын тамақпен қамтамасыз ету жөнiндегi нормаларды бекiту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет