Облыс әкімі Б. М. Сапарбаевтың Шығыс Қазақстан облысы халқы алдында беретін есебінің тезистері



жүктеу 222.04 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі222.04 Kb.


Облыс әкімі

Б.М.Сапарбаевтың

Шығыс Қазақстан облысы

халқы алдында

беретін есебінің тезистері


Құрметті шығысқазақстандықтар!

Мемлекет Басшысының Жарлығын іске асыру мақсатында қаңтар – ақпан айларында аудандар мен қалалар, ауылдық округтар әкімдерінің халық алдында есеп беру кездесулері өткізілді.

Өте маңызды осы науқанды облыс әкімінің есебі аяқтайды.

2009 жыл ішінде облыс әкімі 19 қала мен ауданға 86 рет сапарда болды.

Осы сапарлардың барысында 146 елді мекенде болып, тұрғындармен 126 кездесу өткізілді, оларға 48 мыңнан артық адам қатысты. 590 нысанда, осының ішінде 101 білім беру мекемесінде, 53 емдеу ұйымында, 91 мәдениет нысанында, өнеркәсіп, шағын және орта бизнестің – 149 нысанында, 200-ден артық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да объектілерде болды.

Бұл сапарлар жергілікті жерлердегі нақты жағдаймен танысып, «Жол картасы» бағдарламасын, облыстың дамуының басқа да стратегиялық міндеттерін іске асырудың барысын бақылауға алып қана қоймай, шығысқазақстандықтардың қалай өмір сүріп жатқандығын білуге де мүмкіндік берді.

Біздің барлық жұмыстарымыз ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Дағдарыстан – Дамуға» атты оның Жолдауында қойған міндеттерді, оның 2009 жылғы маусымда біздің облысымызда болған жұмыс сапары барасында, сондай-ақ дағдарысқа қарсы іс-шаралар жөнінде берген тапсырмаларын орындауға бағытталды.

2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік өнімнің жалпы көлемі 894 млрд. теңгені құрады (республика бойынша 6-шы орында), бұл 2008 жылғы деңгейдегіге қарағанда 0,5% артық. Осы көрсеткіштің қалыптасуына өнеркәсіп өндірісі елеулі үлес қосты, оның үлесі 30%-дан артық болды.

Облыс өнеркәсіп кәсіпорындары 482 млрд. теңгеге жуық сомада өнім өндіріп, қызметтер көрсетті, бұл 2008 жылғы деңгейдегіге қарағанда 1,7 млрд. теңгеге көп, осының ішінде тау кенін өндіру өнеркәсібінде - 85,2 млрд. теңге, өңдеу өнеркәсібінде – 349,3 млрд. теңге, электр энергиясын, газ бен су өндіру және таратуда - 47,3 млрд. теңге.

Ақшалай түрдегі өнеркәсіп өнімі көлемінің ұлғаюы негізінде ірі өнеркәсіп кәсіпорындары: «Қазмырыш» ЖШС және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС өнім өндіруді арттыруы арқасында қол жеткізілді.

Бұл кәсіпорындар жалпы алғанда облыстық жалпы көрсеткіш көлемінің 43%-дан артық өнімін өндірді.
Отандық металлургия өнеркәсібі қазір әлемдік нарықтағы қатаң жаһандық бәсекелік жағдайында жұмыс істеуде, оның қызметінің жемістілігі өндірісті әртараптандыруға тікелей байланысты. Бұл тек біздің облыс үшін ғана емес бүкіл еліміз үшін де ерекше өзекті. Бір сөзбен айтқанда, инновациялық технологиялар, энергия үнемдеу, жер қойнауын үнемдеу, кендерді кешенді қайта өңдеу дамудың басымды бағыттары болып табылады.
Бұл тұрғыда өңірдің металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары мынадай жобаларды іске асыруда:

1. «Қазмырыш» ЖШС - «Электролиз цехы бар мыс балқыту зауытының құрылысы және қорғасын өндірісін қайта жаңарту» жобасы;

2. «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ - «Титан құймаларын және қорытпаларын өндіру зауытының құрылысы» жобасы;

3. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС – құны 225 000 млн. теңге құрайтын «Аягөз ауданындағы Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының құрылысы».


Бұл жобаларды іске асыру мейлінше жоғары терең қайта бөлінген өнім шығаруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, экологиялық жағдайды жақсартуға және т.б. мүмкіндік береді.
Өмір көпшілігі қала құраушыға айналған тау-кен металлургия кәсіпорындарының табысты жұмыс істеуі өңірлік экономиканы көтеруге ықпал ететіндігін көрсетеді. Олар бүгінгі күннің өзінде тікелей қаржыландыру (жарғылық капиталға қатысу), қайтару негізінде қаржыландыру (қарыз беру), кепілдікті (қаржы институттарынан қаржы алуға) қамтамасыз ету түрінде жергілікті жерлердегі шағын және орта бизнеспен өзара іскерлік қарым-қатынасты кеңейтуге дайын, бұл өңірлердегі экономиканың орнықтылығын арттырады.
Қазақстандық экспорттың негізгі түрлерінің бағасы мен сұранымының азаюына әсер еткен қаржылық-экономикалық дағдарыс жағдайында отандық өндірістің қолдауының әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін маңызы ерекше болды.
«Ұйымдар мен мемлекеттiк органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу кезiнде қазақстандық қамтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 27 қаңтардағы N 733 Жарлығын орындау үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық қамтуды арттыру, ұлттық өндірушілермен байланысты нығайту жөнінде жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Облыстың өңдеу кәсіпорындарындағы өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің құлдырауына байланысты облыстың 40 кәсіпорнының өнім сату жағдайына талдау жасалынып, олардың тауар өндіру және шығаратын тауарларды жеткізу теңгерімі әзірленді.
Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарына өнім өткізуге байланысты қиындықтарды шешуде көмектесу мақсатында Қазақстан Республикасы ұлттық компанияларының тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алуы кезiнде қазақстандық қамтуды ұлғайту жөнінде үш Форум өткізілді.

Барлық осы іс-шаралардың нәтижесінде жалпы 24,6 млрд. теңге сомадағы 40 меморандумға қол қойылып, 13,2 млрд. теңге сомаға келісім-шарт жасалды.


Облыс кәсіпорындары шығаратын өнімдерді өткізу үшін республиканың 13 облыстық орталығында көшпелі тұсау кесер өткізіліп, олардың барысында 1 млрд. теңгеден артық сомаға 35, осының ішінде облыс кәсіпорындары мен Қазақстан өңірлері арасында 24 меморандумға қол қойылды.
Жыл қорытындысы бойынша 355 кәсіпорын 250,5 млрд. теңге сомаға, олардың ішінде 200,6 млрд. теңгеге немесе 80%, қазақстандық қамтылған тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алды.
Тау-кен металлургия кешені кәсіпорындары өндіретін өнімдердегі қазақстандық қамтуды одан әрі арттыру үшін облыстың бастамасы бойынша «Жоғары технологиялар аймағын» құру мәселесі пысықталып, оған республикалық бюджеттен 1,0 млрд. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі 2010 жылы объектілерді қаржыландыруды жалғастыруды мақұлдады.
2010 жылға арналған міндеттер:

мыналарды қамтамасыз ету:

- ЖӨӨ-нің өсуі - 1,5-2%;

- өнеркәсіп өнімі көлемінің өсуі – кем дегенде 1%, осының ішінде өңдеу өнеркәсібінде - кем дегенде 2,5%.
Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 147 млрд. тенгеге жетіп, табиғи көлем индексі 133% құрады.

Облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға 13 млрд. теңге бағытталды. Салынған инвестициялар есебінен 405 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынып, 12 мал бордақылау алаңы, 2 тауарлы сүт фермасы құрылды. Бұл ет пен сүтті тиісінше 400 және 600 тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік берді. Асыл тұқымды мал шаруашылықтарының саны жыл ішінде 24 бірлікке көбейіп, бүгін 112 шаруашылықты құрайды.


Облыста соңғы 37 жылда бірінші рет дәнді дақылдардардан бұрын болмаған өнім алынды. Бұл облыс тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Бұған ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемін 67 мың гектарға және ылғал сақтайтын технологиялар пайдаланылатын алқаптардың көлемін 38%-ға ұлғайту жөніндегі жұмыс ықпал етті. Осының нәтижесінде тұрғындардың картоппен қамтамасыз етілуі - 156%, көкөніспен қамтамасыз етілуі – 147%, азық-түліктік астықпен қамтамасыз етілуі – 260% құрады.
Мүйізді ірі қара малының саны 2%, қой мен ешкі саны 5%, жылқы саны 6%-ға өсті. Ет өндіру 1%, сүт өндіру 3%-ға ұлғайды.

Жалпы облыс бойынша алынған өнім көлемі өңір тұрғындарының мал шаруашылығы өнімдеріне қажеттілігін толық қаматамасыз етуге мүмкіндік берді.


Облыста Республикадағы бал ара ұяларының 60%-дан артығы, маралдың 95% шоғырландырылған.
Мыналарды қамтамасыз ету қажет:

- ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемін 5% және ылғал сақтайтын технологиялар пайдаланылатын алқаптардың көлемін 27% ұлғайту;

- суарудың тамшылатып суару сияқты озық су сақтайтын тәсілдерін енгізу;

- 12 асыл тұқымды мал шаруашылығын, 20 мал бордақылау алаңын құру;

- өнімін облыстың білім, денсаулық сақтау мекемелерінде, әлеуметтік саласында пайдаланып, марал шаруашылығы мен омарта шаруашылығын дамыту.

Бүгін бірқатар өңірлерде топырақтағы ылғал қорын арттыру, қар тоқтату жөніндегі жұмыстар жүргізіліуде. Бұл жұмысты барлық аудандар жүргізуі қажет, бұған ауа райы жағдайы жақсы мүмкіндік беріп отыр. Осы жылы жақсы өнім алу үшін қазірдің өзінде тұқым қорымен және жанар-жағармаймен айналысу қажет.

Биылғы жылы мал дәрігерлігі саласындағы міндеттер жергілікті деңгейге берілді. Осыған байланысты әкімдер жергілікті жерлерде малдардың аса қауіпті ауруларының алдын алу мен диагностика жасау және оларды уақытында анықтау мен мал дәрігерлік-санитарлық шаралар қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі шараларды жүргізуді ұйымдастыруы қажет.
Шағын бизнес облыс экономикасының аса маңызды құрауыш бөлігі және оның басты резервтерінің бірі болып табылады.

Бүгінгі таңда бұл салада белсенді өңір тұрғындарының төрттен бір бөлігі жұмыс істейді, олар жергілікті бюджетке салық түсімдерінің 18%-ға жуығын қамтамасыз етеді. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4,7% өсіп, 71604 бірлікті құрайды. Бір жылда олар 139,3 млрд. теңгенің тауарларын өндіріп, жұмыстары мен қызметтерін атқарды, бұл 2008 жылғы деңгейдегіге қарағанда 10,1% артық, республика бойынша 4,5% өсімде республика өңірлері арасында 6 орынды алып отыр. Онда жұмыспен қамтылғандардың саны 177208 адамды құрап, 9686 жаңа жұмыс орны ашылды.

Шағын бизнес субъектілерінен тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алу мақсатында олардың облыста мемлекеттік сатып алулар бойынша өткізілетін конкурстарға қатысуы қамтамасыз етілуде, осындай сатып алулардың көлемі 45,3% немесе 18,9 млрд. теңгені құрады.
2010 жылға арналған міндеттер:

мыналарды қамтамасыз ету қажет:

- тіркелген кәсіпорындар санындағы жұмыс істейтін кәсіпорындар санын 65%-ға дейін ұлғайту;

- шағын кредит беру ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, қорлар жүйесін кеңейту;

- шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау жөніндегі жұмысты жалғастыру.

Тұтыну бағалары индексі облыс бойынша 2009 жылы 105,7% құрады, бұл 2008 жылғы осындай көрсеткіштен 4,8 пайыздық тармаққа төмен және орташа республикалық деңгейдегіге қарағанда 0,5 пайыздық тармаққа төмен.

Сауда объектілерімен негізгі азық-түлік тауарларын 10%-дан артпайтын баға үстемесімен сату туралы 5 мыңнан артық меморандум, қайта өңдеу кәсіпорындары және азық-түлік өнімдерін негізгі жеткізушілермен меморандумдар жасалды, 720 азық-түлік жәрмеңкесі өткізілді, күн сайын облыстың барлық өңірлеріндегі бағаға мониторинг жүргізілді. Осының нәтижесінде, бағасы импортталатын тауарларға өткізу бағасының артуымен шартталған, немесе маусымдық өндірістік сипаты бар жекелеген тауарларды қоспағанда, бағаны тұрақтандыру қамтамасыз етілді.


2010 жылға арналған міндеттер:

- тұтыну тауарларына сауда баға үстемелерінің 10%-дан артуына жол бермеу;

- меморандумдар жасауды жалғастыру;

- демалыс күні жәрмеңкелерін өткізуді жалғастыру;

- халыққа арналған қызметтер тарифтерінің өсуін ерекше бақылауға алу;

- құнсыздануға қарсы күрестен бөлек, көше саудасымен күрес жүргізуге де назар аудару, базарлардың аумақтарында тәртіп орнату қажет.


Инвестициялар. Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы шеңберінде 2009 жылы кәсіпорындар мен ұйымдардың қарыз қаражаттары және меншік қаражаттары есебінен облыста жалпы құны 6646,1 млн.теңгелік 32 инвестициялық жоба іске асырылды. Іске қосылған өндірістерде 500 жаңа жұмыс жұмыс орны құрылды.

2009 жылы облыс экономикасына инвестиция тарту мақсатында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі, ұлттық холдингтер мен компаниялардың бірінші басшыларының қатысуымен Өңіраралық инвестициялық форум өткізіліп, оның қорытындысы бойынша бизнес құрылымдар арасында келісім-шарттар мен меморандумдарға қол қойылды.

Мемлекеттік жеке меншік әріптестік шеңберінде облыс әкімдігі мен бизнес қауымдастық арасында 4 әлеуметтік объекті салуға өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалынды.

Шығыс Қазақстан облысының үдерлете индустриялық-инновациялық дамуы шеңберінде 2009 жылы Өңірлік Индустриаландыру картасы жасалды. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 60180 млн. теңге сомадағы 40 жобаны мақұлдады, бұл жобалар жуық болашақта іске асырылатын болады.

2009 жылы бюджеттік қаражаттар есебінен 12 әлеуметтік сала объектісі, осының ішінде 3 спорт объектісі, 1 мәдениет объектісі, 1 құқық қорғау органдарының объектісі, 2 табиғат қорғау объектісі салынып, іске қосылды.

Өткен жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі Өскемен қаласының бас жоспарын бекітті, облыстық мәслихаттың сессиясында Семей қаласының бас жоспары мақұлданды, тиісті мәслихаттар Глубокое кенті, Бесқарағай ауылы, Үржар ауылы мен Алакөл көлі демалыс аймағының бас жоспарларын бекітті.



Тұрғын үй құрылысы. 2009 жылы тұрғын үйді іске қосу 207,7 мың шаршы метр жалпы аумақты құрады. 2009 жылы Өңірлік тұрғын үй құрылысы шеңберінде мынадай 22 нысан пайдалануға берілді:

- Өскемен және Семей қалаларында 6 көпқабатты кредиттік тұрғын үй;

- Өскемен, Семей, Зайсан қалаларында және Ұлан ауданының Молодежный кентінде 6 көпқабатты жалға берілетін тұрғын үй;

- Бородулиха ауданында 1 төрт пәтерлі жалға берілетін үй;

- Тарбағатай ауданында 8 бір пәтерлі жалға берілетін үй;

- Үржар ауданында 1 екі пәтерлі жалға берілетін үй.

Мұнан бөлек Семей қаласында республикалық бюджеттің кредиттік қаражаттарынан 40 пәтер сатып алынды.

Барлығы 691 пәтер салынды және сатып алынды, осының ішінде 312 жалға берілетін (коммуналдық) пәтер және 379 кредиттік (ипотекалық) тұрғын үй пәтері, бұл 2008 жылдағыдан 178 пәтер артық, осының нәтижесінде халықтың бірқатар бөлігін қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.

«Нұрлы көш» Өңірлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Курчатов қаласында 200 оралман отбасыны қоныстандыру үшін 4 көпқабатты үйді қайта жаңарту аяқталуда. Тұрғын үйлерді және квартал ішіндегі инженерлік коммуникацияларды 2010 жылдың бірінші тоқсанында іске қосу көзделуде.

2010 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МІНДЕТТЕР:

1. Металлургия секторын одан әрі дамыту үшін «Металлургия орталығын» және «Конструкторлық бюро» құруды қамтамасыз ету.

2. Кәсіпкерлердің басымды жобаларын кредиттеу бағдарламасын іске асыру жұмысын жалғастыру.

3. Бюджет қаражаттары есебінен қаржыландырылған 6 мектеп пен 1 бала бақша, 2 аурухана, 1 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды аяқтау.

4. «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде Өскемен қаласының Ново-Явленка ауылында 600 орынға арналған мектеп пен 280 орындық бала бақша құрылысын қамтамасыз ету.

5. Семей қаласы бас жоспарының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу.

6. Мемлекеттік тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруды аяқтауды қамтамасыз ету.

Инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген мемлекеттік қаражаттарды белгіленген мерзімде және сапаға сай мақсатты және тиімді пайдалану.
2009 жылы электроэнергиясын өндіру 7 млрд. кВт сағатты құрады. 901 млн. кВтсағ құраған электр энергиясы тапшылығын азайту үшін жаңа энергетика қуаттарын іске қосу жөнінде басымды инвестициялық жобалар әзірленді.

«Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде осы күнге дейін иесіз деп есептелген және нашар жағдайдағы 200 км электр желісі қалпына келтірілді.


Жылыту маусымының басталуына облыстың барлық жылу көздерінде қажетті отын қоры қамтамасыз етілді, 328 қазандыққа толық көлемде күрделі жөндеу жүргізілді, 66 км жылу құбыры, 60 км су құбыры және 6 мың км электр желісі ауыстырылды.

Бірақ, жылумен қамтамасыз ету саласындағы бірқатар мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардағы бекітілген тарифтердің нақты шығындарға сәйкес келмеуінен ауыр қаржы жағдайы қалыптасты, бұл барлық жылыту кезеңін қалыпты өткізу үшін қажетті отын көлемін өз қаражаттарына сатып алуға мүмкіндік бермеді.

Қалыптасқан жағдайды тұрақтандыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінде Семей («Жылукоммунэнерго» МКК) және Курчатов («КМЭП» МКК) қалаларының жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен тиісінше 328,0 млн. теңге и 15,6 млн. теңге қаражат бөлу туралы келісімге қол жеткізілді.
104 сумен қамтамасыз ету объектісінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, 551 км су құбыры салынып, қалпына келтірілді. 264 мың адамның сумен қамтамасыз етілу жағдайы жақсарды.
Облыстың барлық елді мекендерінде аумақтарды абаттандыру және тазалау жөніндегі айлықтар өткізілді. 121 балалар ойнайтын алаң жайластырылып, 583 шағын сәулет түрлері орнатылды, 25 спорт құрылғы салынды, 230 мың көшет отырғызылды, 60 мың шаршы метр гүл алаңдары жасалды, қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған 572 орын қанағаттанарлықтай жағдайға келтірілді, 649 рұқсат етілмеген қоқыс төгілген жерлер жойылды, 132 мың тонна қоқыс тасымалданып шығарылды.

Жол жөндеу жұмыстарын қаржыландыру көлемі облыс бойынша 12,5 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғыдан 28% артық, 393 км автомобиль жолдары жөнделді.


Дағдарысқа төтеп беру үшін облыста 17,3 млрд. теңге сомасына «Жол картасы» іске асырылды, оның 37 % - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін жөндеуге, 29 % - автомобиль жолдарын жөндеуге, 34% - денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау объектілерін жөндеуге бағытталды.

Жұмыстарды атқаруға 270 бас мердігер тартылды, оның ішінде 105 – ірі және орта, 165 шағын, барлығы 32 872 адам тартылды.

Құрылыс индустриясының 400 кәсіпорны мен ұйымдары қайта жандандырылып, 134,9 км су құбыры және канализация желілері, 105 км иесіз тұрған электр желілері, 120 км автомобиль жолдары, 517 білім, мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау салаларының объектілері жөндеуден өтті, 146 елді мекен жайластырылды.

Жалпы сомасы 6,8 млрд.теңге құрайтын 50 астам материалдық-техникалық қор атаулары пайдаланылды, оның 99,8% қазақстанның үлесіне келеді.

Жол картасы бойынша орташа еңбек ақы 28,2 мың теңге құрады, ал облыстың өңірлері кесінінде 19 –дан 41 мың теңгеге дейін құрады.

Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 281,6 млн.теңге және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейтуге 221,7 млн.теңге бағытталды.

Ағымдағы жылы Жол картасын жалғастыруға облыс бюджетінде 10,7 млрд.теңге көзделіп отыр, оның ішінде республикалық бюджеттен 7,1 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 3,6 млрд.теңге. Оның үстіне қосымша 11 611 жұмыс орны құрылатын болады.

Кадрларды даярлау және қайта даярлауға 602 млн.теңге көзделіп отыр, әлеуметтік жұмыс орындары бағдарламасын кеңейтуге және жастар іс-тәжірибесіне 468 млн. теңге көзделіп отыр.



Денсаулық сақтау

Барлығы денсаулық сақтау ісіне 2008 жылға қарағанда 23% өсіммен, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 24,2% өсімімен 33,7 млрд. теңге бөлінді.


1,5 млрд. теңгеге жабдықтар сатып алынды.
«Жол картасы» шеңберінде 2,6 млрд. теңгеге 88 объекті жөнделді.
Республикалық бюджет есебінен 6 объектінің құрылысы жалғастырылды: Өскемен қаласындағы қан орталығы, Семей қаласындағы өңірлік онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығы; Көкпекті, Катонқарағай, Тарбағатай аудандарында 3 орталық аудандық аурухана, Тарбағатай ауданындағы туберкулезге қарсы аурухана.

Семей қаласындағы өңірлік онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығының базасында радиологиялық кластер құру бойынша жұмыс басталды.


Денсаулық сақтаудың мемлекеттік ұйымдарының тегін медициналық көмектің кепілді көлемінен тыс көрсететін қызметтерінің тарифі 2006 жылдың деңгейінде сақталды.
Семей қаласында, Шемонаиха, Бородулиха және Катонқарағай аудандарында «әлеуметтік» дәріханалар және Өскемен қаласының дәріханаларында 6 «әлеуметтік» бөлімдер ашылды.
Қамтамасыз етілсін:

- денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмектің сапасын басқарудың Бірыңғай ұлттық жүйесін енгізу;

- облыстың емдеу-алдын алу ұйымдары үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жергілікті өндірушілерден сатып алу;

- облыс тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, оның ішінде саланы ақпараттандыру, кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту, телемедицинаны дамыту бойынша.



Білім
Білім беру жүйесін дамытуға 2008 жылға қарағанда 12,6% өсіммен 40,7 млрд. тенге бағытталды.
5 мектеп пен бала бақша пайдалануға берілді, ғимаратты кері қайтару және оны тағайындалуы бойынша пайдалану жолымен қосымша 7 бала бақша ашылды.
Аталған жобаларды іске асыру өз тиімділігін көрсетті.

Облыс еншісіне мектептерде жаңа 2000 орын мен мектеп алды мекемелерінде 2300 астам орын келді.


Жол картасын іске асыру шеңберінде 2 млрд.теңге сомасына 344 білім беру объектісіне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыстың білім беру объектілері жаңа оқу жылына даярланып, мектептердің, бала бақшалардың, балалар үйлері мен интернаттардың сыртқы және ішкі келбеттері өзгерді.

Оған қоса, жергілікті бюджеттердің есебінен 76 білім мекемесіне күрделі жөндеу жүргізу үшін 330,1 млн.теңге іздестірілді.

Жалпы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуды қаржыландыруда оң серпін сақталды. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджетен 742,4 млн.теңге бағытталса, одан басқа республикалық бюджеттен 722,5 млн.теңге бөлінді.

2009 жылы мектептерді пәндік және мультимедиалық кабинеттермен жарақтауға басымдық берілді. Облыстың 66 мектебіне 55 мультимедиалық кабинет, 81 пәндік кабинет, интерактивті жабдықтар сатып алынды.

Білім беру – бұл тек қана инфрақұрылымды дамыту ғана емес, ол, ең алдымен, зияткерлік әлеуетті дамыту болып табылады. Бірыңғай ұлттық тестілеудің нәтижесі бойынша орташа бал облыс бойынша 74,8 құрады, бұл өткен жылдың нәтижесінен 4,4 балға жоғары, облыстың 14 мектебі республиканың 100 үздік мектебінің санына кірді, 2008 жылы ондай 3 мектеп болған.
Мектептер мен кәсіптік мектептердің барлығы дерлік компьютерлік техникамен жарақталған. Мультимедиалық кабинеттер мен виртуалды зерхтаналар жұмыс істейді.
Жазғы мезгілде қаладан тыс орналасқан 28 лагерь жұмыс істеді, ал жазғы еңбек пен демалыстың барлық түрлерімен 149 мың бала мен жасөспірім қамтылды, бұл балалардың жалпы санының 85% құрайды.
Облыстың техникалық және кәсіби білім беру жүйесіне 43 кәсіби лицейлер мен 53 колледждер кіреді, онда 50 мыңнан астам адам оқиды. Абай ауданының Кеңгірбай би ауылында кәсіптік лицей, Аягөз ауданының Аягөз қаласында политехникалық колледж ашылды. Қазіргі таңда облыстың барлық аудандары кәсіптік оқытумен қамтылған, яғни жастар үшін техникалық және кәсіптік білім алуға қол жетімділік толығымен шешілген.
Міндеттер:

- жаңа құрылыс жүргізу жолымен мектеп алды ұйымдар желісін кеңейту бойынша шаралар қабылдау, бала бақшалар ғимараттарын кері қайтару бойынша жұмысты жандандыру;

- қысқа және орта- жақын болашаққа оқушылардың күтілетін контингентін есепке ала, білім беру ұйымдарын негізді және ұтымды оңтайландыру жүргізу, алаңдардың ұтымды пайдаланылуын қайта қарау;

- оқытудың ақпараттық –коммуникативтік технологияларын енгізу үшін жағдайлар жасау бойынша жұмысты жандандыру, мектеп аралық сымсыз желі және білім жүйесінің мониторингі автоматтандырылған бағдарламасын енгізу;

- Алакөл көлінде, Зайсан көлінде қаладан тыс 17 лагерь ашу, мектептен тыс ұйымдар желісін көбейту.

Мәдениет саласына 2009 жылы 2008 жылға қарағанда 19,2%-ға өсіммен 3,4 млрд.теңге бөлінді.

Облыста «халық» және «үлгілі» атақтарына ие 151 көркемөнерпаздар ұжымдары жұмыс істейді.
«Туған ел – алтын бесігім» облыстық акциясы өңірдің қалалары мен ауылдары арасында шығармашылықтық өзара алмасуға, жаңа дарындар ашуға жаңа серпін берді. Акция бүгінгі күні адамдар өз өмірлеріне жаңа көзбен қарап, мүмкіндіктеріне баға беріп, өзара көмек пен серіктестіктің болашағын аңғарды. Акция қорытындысы өңір мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге негіз болмақ.
Өскемен қаласында Абай мен Пушкиннің, Тагордың, Семей қаласында Әміре Қашаубаевтың, Жарма ауданының Орта-Бұлақ ауылында Ер-Жәнібек ескерткіштерінің, Курчатов қаласындағы мемориалдық сынтас, Шемонаиха қаласында А.Ивановтың бюстінің ашылуы облыс өміріндегі елеулі оқиға болды.
Жалпы сомасы 970 млн.теңгеге 92 мәдениет мекемесі жөнделді.
Астана күніне, белорус халқының Қазақстанда тұрғанына 100 жыл толуына байланысты, Прииртыш бөлімшесінің 30 жылдыған және Қазақстан композиторлары Одағының 70 жылдығына арналған мәдени бағдарламалар, КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың мерейтойлық концерті және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Татьяна Бурмистрованың концерттері есте қаларлық оқиғалар болды.
Мәлениет саласында қамтамасыз ету қажет:

- тек қана қала тұрғындары ғана емес ауыл тұрғындары да өзара шығармашылық алмасу аясында өнерден сусындап, рухани ләззат алулары үшін өңірлер арасында шығармашылық көркемөнерпаздар концерттерін өткізу,

- Қазақстан халықтары бірлігі күніне халықтар достығы фестивалін өткізу;

- Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында іс-шаралар өткізу;

- ҚР Конституциясы Күнінің 15 жылдығына іс-шаралар өткізу; ;

- дене шынықтыру және спортпен ұдайы айналысатын тұрғындарды, ең алдымен балаларды қамтуды ұлғайту бойынша жұмысты ұйымдастыру. Спортпен айналысуға арналған спорттық қондырғылар мен алаңдарды 100 % іске қосу.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында барлық өңірлерде ҰОС қатысушылары мен мүгедектерін, қаза болған жауынгерлердің отбасыларын, халықтың әлеуметтік қамтылмаған санатын қамқорлыққа алуды жалғастыру қажет.
Спорт

Қазіргі таңда облыста 3 мыңға жуық спорттық құрылғылар бар. 2008 жылмен салыстырғанда ол 16 бірлікке артқан.

2009 жылы халықаралық дәрежедегі 11спорт шебері, Қазақстан Республикасының 79 спорт шебері, Қазақстан Республикасының спорт шеберіне 350 кандидат, 449 адам жаппай разрядтағы спортшылар даярланып шығарылды.

Спорт түрлерін дамытуға облыс әкімінің жүлдесіне халық спортының дәстүрлі ойындарын өткізу ықпал етеді, ойындар бағдарламасына 20 спорт түрі бойынша жарыстар кіреді.

Республикалық және халықаралық жарыстарда облыстың 2,5 мыңнан астам спортшысы күш сынасты.

Жыл сайын мемлекеттік қызметшілердің 70 спорт түрі бойынша облыстық спартакиадасы өткізіліп тұрады, оған облыстық және аумақтық басқармалардың, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің 40 –тан 50 дейін командалары қатысады.

Қазіргі уақытта Ванкувер (Канада) қаласында өтетін 21-ші қысқы Олимпиада ойындарына және 2011 жылы Алматы және Астана қалаларында өтетін 7-ші Қысқы Азия ойындарына дайындық жүргізіліп жатыр. Біздің облысымыздың 16 спортшысы 4 спорт түрінен қысқы Олимпиада ойынына қатысу үшін лицензия жеңіп алды.

Жазғы спорт түрлерінің өкілдері Жазғы Азия ойындарына және Лондондағы 30-шы Жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасында қатысу үшін лицензиялар жеңіп алу үшін даярлық жүргізіп жатыр.


Облыстық әкімдік пен «Казцинк» ЖШС арасында Ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды, оның аясында 2010 жылы Өскемен қаласында теннис орталығының құрылысы көзделіп отыр.
Спорт саласында қамтамасыз ету қажет:
- дене шынықтыру және спортпен ұдайы айналысатын тұрғындарды, ең алдымен, балаларды қамтуды ұлғайту бойынша жұмысты ұйымдастыру. Спортпен айналысуға арналған спорттық қондырғылар мен алаңдарды 100 % іске қосу.

Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізілуде. Облыста мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындардың өзге санаттарын мемлекеттік тілге оқытудың бірыңғай жүйесі қызмет етеді. Бүгінгі күні 30 мыңнан астам ересек тұрғындар мемлекеттік тілді оқыту үйірмелерінің тұрақты тыңдаушылары болып табылады. Одан басқа, этномәдени бірлестіктердің жанындағы демалыс мектептерінің үйірмелерінде 15 ұлттың 2 мыңнан астам тыңдаушылары ана тілдерін оқуда.


Өткен жылы өткізілген іс-шаралар кешені қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға ықпалын тигізді. Дағдарыс жағдайына қарамастан, наразылық білдіру акциялары өткен жылдың деңгейінде қалып отыр, этносаралық және конфессияаралық қарсы тұру оқиғалары тіркелген жоқ.
Жастарды қолдауға ерекше көңіл аударылды. 169,1 млн. теңге сомасына облыс әкімінің 600 гранты бөлінді, олар бойынша қазіргі уақытта 560 студент оқып жатыр.

Жастарды еңбекпен қамту және жұмыс орындарын іздестіру үшін Өскемен және Семей қалаларында «Жастарды еңбек нарығына бейімдеу орталығы», «Жұмыс іздеу клубтары» құрылған.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша облыс оқу орындарының 2600 түлегі жұмысқа орналастырылды.
Студенттік құрылыс отрядтары мен жастар еңбек отрядтары және «Жасыл Ел» отрядтары үшін облыс бюджетінен 5 млн. теңге бөлінді. 2009 жылдың еңбек маусымында 2591 адам жұмысқа орналастырылды. Орындалған жұмыстардың көлемі 100 млн. теңгеге жуық құрады.

СҚЖЕО Шығыс Қазақстан облыстық штабының жұмысы Республикалық деңгейде аталып өтті. Штабқа 2009 жылдың «Жол картасы бағдарламасын іске асыру бойынша СҚЖЕО үздік штабы» номинациясында жеңімпаз атағы берілді.


Облыстың ақпараттық кеңістігін кеңейту бойынша шаралар қабылданды. Глубокое ауданында «Ақ бұлақ», Шемонаиха ауданында «Шемонаиха шұғыласы», Зырян ауданында «Таң нұры», Өскемен қаласында «Өскемен», Риддер қаласында «Жерұйық», Курчатов қаласында «Курчатов көкжиегі» атты мемлекеттік тілдерде газеттер шыға бастады.

2009 жылы «Хабар» және «Қазақстан» мемлекеттік телеарналарының хабарлауын ұйымдастыру үшін жаңа 14 телехабарлаушы станциялар орнатылды, телехабарлаумен қосымша 13 мың адам қамтылды.

Сондай-ақ, жыл басынан бастап «Ел арна», «Хабар», «Қазақстан» телеарналарының және «Шалқар» радиоарнасының хабарлауы үшін бұрыннан қолда бар станцияларға қосымша 26 таратқыш орнатылды.
Міндеттер: :

Өткен жылы атқарылған оңды істерге қарамастан, жаңа жағдай алдымызға жаңа да күрделі міндеттер қойып отыр. Оның ішіндегі ең маңыздысы - өңірдегі тұрақтылықты сақтау.


Этносаралық салада диаспораларға тән проблемаларды шешу мен олардың мүдделерін қорғауға, этномәдени бірлестіктердің өңірдің даму процесіне неғұрлым кең ат салысуына ерекше назар аудару қажет.
Этномәдени бірлестіктерді әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысуын ынталандыру.
Барлық мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының конфессияралық қарым-қатынасты нығайту жолында діни бірлестіктермен өзара іс-әрекеттерін одан әрі күшейту қажет.
2010 жылғы жұмыста Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын атап өтуге даярлық іс-шараларына басымдық беру қажет.
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға 2009 жылы облыс бюджетінен 5,2 млрд. теңге бөлінді.
Сонымен бірге, ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша шаралар қабылдануда. 2009 жылы 36 бірлік автомобиль, оның ішінде патрульдік-пост қызметтеріне – 9, жол полициясы үшін -10 көлік сатып алынды. Байланыс құралдары, мобильдік жылдамдық өлшеуіштер, ұйымдастыру техникалары сатып алынды.

Жедел басқару орталығы арнайы техникалық құралдармен жарақталып, одан әрі дами түсуде.


Аталған шаралардың нәтижесінде оң беталыстар байқалып отыр. Тіркелген қылмыстар санының 8,1%-ға, жалпы қылмыстар саны 4,6 %-ға төмендеуі байқалып отыр.

Қылмыстың қайта қайталануын ескерту бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Бұрын сотталғандар жасаған қылмыстар саны 9%- ға қысқарды.

Облыс аумағында жол-көлік оқиғалары саны 9,7% -ға азайды, қаза болғандар саны 11,9% -ға және жарақаттанғандар саны 9,4%-ға төмендеді.

Есірткі пайдаланатындар, әсіресе, жасөспірімдер мен жастар арасындағы адамдар саны ұлғайып отыр. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты есірткі қылмыстары 62%-ға өскен.


Алғашқы рет 2008 жылдан бастап облыс бюджетінен облыс жолдарын әуеден патрульдеуге 32,5 млн. теңге, 2009 жылы 32,5 млн. теңге бөліне бастады.

2005-2009 жылдары кезеңінде ШҚО ІІД әкімшілік полициясының штат санының лимиті 554 бірлікке артты, оның ішінде 266 бірлік 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап. Оларды ұстауға 200 млн. теңге бөлінді.


Міндеттер:
- Құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін, әсіресе, қылмыстардың алдын -алу бөлігінде арттыру;

- Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және жолын кесу бойынша полицияның учаскелік инспекторларының жұмысын жандандыру шараларын қабылдау;



- Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген іс-шаралардың тиімділігін арттыру


: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет